• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Түркиядағы фактчек платформалардың жұмыс істеу тәжірибесі

Аңдатпа. Биыл құрылғанына 13 жыл болатын Түркиядағы фактчекинг платформа- лардың жұмыс істеу тәжірибесі және олардың ерекшелігі - цифрлық технология дамып, әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат жиі таралған заманда назар аударуды қажет ететін тақырып. Мақалада фактчек ұйымдардың құрылымы және жалған ақпаратпен күресу ерекшеліктері, сондай-ақ оның негізгі мәселелері сала сарапшылары берген экс- перттік сұхбат негізінде қарастырылады.

Кілт сөздер: Түркиядағы фактчекинг ұйымдары, қаржы көзі, тиімділігі, жалған ақпа- ратқа қарсы күрес.

DOI: 10.32523/2616-7174-2022-139-2-117-128 ЖАҢА МЕДИА / NEW MEDIA / НОВЫЕ МЕДИА

Кіріспе

Жаңа медианың дамуы журналистика саласында жаңа форматтардың пайда бо- лып, жетіле түсуіне жол ашты. Солардың бірі – фактчекинг. Түркі елдері өзара ынты- мақтастықты күшейткен заманда Қазақстан медиа зерттеушілері үшін Түркиядағы фак- тчекингтің тарихы мен даму ерекшеліктерін білу маңызды. Тілі, діні және ділі ұқсас мемле- кеттегі қоғам айнасы болып табылатын жур- налистиканың да жаңа форматтарын қалып- тастыру тәжірибесі зерттеу нысанына алынуы тиіс. Себебі Қазақстанда ашылғанына небәрі 6 жыл болған фактчек ресурстар үшін бауырлас елдің тәжірибесі жаңа бағыттарды анықтауда ой салары анық.

Зерттеу әдісі

Мақаланы жазу барысында сала сарапшы- ларынан сұхбат алынып, Түркиядағы фактчек платформалары жұмысының ерекшеліктері мен ұқсастықтары және ортақ мәселелерін анықтау мақсатында жергілікті медиа зертте- ушілер жүргізген еңбектерді пайдалана оты- рып, салыстырмалы талдау әдісі қолданылды.

Талқылаулар мен нәтижелер

Reporters Without Borders (Шекарасыз журналистер) ұйымы ұсынған мәлімет бой- ынша сөз бостандығы рейтингінде Түркия 2021 жылдың қорытындысы бойынша 180 мемлекет ішінде 153-ші орында. Салыстыру

үшін мәлімет келтірсек, Қазақстан бұл тізім- де 155-ші орын иеленген. Демек, біздің елмен салыстырғанда айырмашылық айтарлықтай алшақ емес. [1]

Сөз бостандығы өз алдына, жалған ақпарат желі арқылы желдей тараған заманда жур- налистердің де кәсіби біліктілігі сын тезіне алынатыны сөзсіз. Ақпарат барынша жедел, елді адастырмайтындай, дерегі нақты, тек- серілген болса ғана қоғамның ақпарат құрал- дарына деген сенімі артады. Өкінішке қарай, Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған айтқандай, «бастапқыда бостандық символы болған әлеуметтік желілер бүгінде демокра- тияға қауіп төндіруге айналды. Виртуалды фашизм мен жалған ақпараттар легі көбейген заманда Түркия сынды демократиялық мем- лекеттер қырағылық танытуы керек. Себебі жалған ақпарат мәселелері жекелеген мем- лекеттердің ұлттық қауіпсіздігінің аясынан шығып, жаһандық қауіпсіздікке қатер төн- діретін деңгейге жетті. Сондықтан Түркия ақпараттық кеңістік пен қарым-қатынас плат- формаларындағы ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету үшін күрес жүргізуді жалға- стырады».

Түркия Президенті бұл пікірді 2021 жыл- дың 11 желтоқсанында Стамбулда өткен Стра- тегиялық байланыстарға арналған Халықара- лық саммитте айтқан еді. Ол фейк пен жалған ақпараттар үшін жазаны күшейту жөн деп санайды. Қазір Түркияның Үкіметі фейк пен жалған ақпарат таратқандарды қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң қабылдау- ды жоспарлауда. Сонымен қатар әлеуметтік желілердің жұмысын реттейтін арнайы орган ашу мәселесі де талқылануда. [2]

Түркия Республикасындағы Анкара Хаджы Байрам Вели университеті Коммуникация факультетінің профессоры Мехмет Топлу- дың да пікірі Түркия Президентінікіне ұқсас.

Ол «егер әлеуметтік желі арқылы таратылған материалда жалған ақпарат, сурет болса, оны бұғаттауды цензура деп қарастыру – қисын- сыз» деп санайды. «Себебі жалған ақпараттың ел арасында таралып кетуі қоғам үшін үлкен қатер төндіруі мүмкін».

Аталған оқу орнының оқытушысы Фейяз Фират болса, жалған ақпараттың таралуын

тежеуге заманауи коммуникация құралда- рының көмегі жеткіліксіз деп санайды. Оның пікірінше, құқықтық реттеуді күшейткеннен, медиасауатты дамытып, жаңа медиа туралы білімді жетілдірген жөн. Цензураны күшейту арқылы жалған ақпаратпен күресу – тиімсіз.

Бүгінде үнемі тренинг, бұқаралық кездесу өткізетін “Yalansavar”, “Dogruluk Payi” атты Түркиядағы фактчекинг ұйымдарының қыз- меткерлері Түркияда қарапайым ақпараттық гигиена сақталмайтынын айтады. Елде сөз бостандығы шектеулі. Оппозициялық жур- налистердің көпшілігі түрмеде. Осыған қара- мастан, Түркияда фактчекинг жобалары жұ- мыс істейді және даму үстінде. [3]

Freedom House-тың хабарлауынша, Түрки- яда сөз бостандығы жоқ дегенмен, қазір бұл елде фактчекингпен айналысатын екі ұйым жұмыс істейді. Олар негізінен билік жасаған мәлімдемелерді тексереді. Осы елде жұмыс істеп, бүгінде Халықаралық фактчек ұйымын басқарып отырған Байбарс Орсектің айтуын- ша, Түркия ешқашан журналистер үшін қо- лайлы мемлекет болған емес. [4]

Америкалық Chrest Foundation-ның қаржыландыруымен зерттеу жүргізген Акин Үнвер «Түркиядағы цифрлық медианың экожүйесі: қызметі, маңызы және саяса- ты» атты жоба аясында «Фактчекерлер және Түркиядағы фактчекинг» атты мақала жа- риялаған. Онда автор кемі соңғы он жылда фактчекинг барлық әлемде өзіндік әлеумет- тік және саяси институттарын құра отырып, жаңа демократиялық практикаға айналды деп жазады. [5] Әдетте фактчекинг жалған ақпаратқа қарсы күрес құралы ретінде қара- стырылғанмен, [6] ол күтпеген нәтижеге алып келуі мүмкін. Фактчекинг жалған ақпараттың бастапқы әсерін күшейтіп жіберуі де мүмкін деген зерттеу бар. [7] Оның үстіне, фактчекинг пен жалған ақпарат арасындағы өзара байла- ныс әр елдің медиажүйесіндегі саяси мәдени- етте әр түрлі нәтиже береді. [8] Сондықтан әр елдегі тәжірибені барынша назар аударып, жан-жақты зерттеу қажет деп жазады автор.

Ол өзі ақпараты шектеулі елдердің санатына қосатын Түркиядағы жалған ақпараттар мен фактчекингті зерттеуге ерекше назар аудару қажет деп санайды.

Түркиядағы фактчек платформалардың жұмыс істеу тәжірибесі

Ә.М. Текенова, С.Ш. Тахан Ғаламтор, әлеуметтік желі қолданушыла-

рының көбейе түсуі онлайн форумдар мен әлеуметтік желідегі топтарға мүше адамдар- дың санын арттырды, оның соңы жалған ақпараттардың да кеңінен таралуына түрткі болды. Онда негізінен 2009 жылдан бастап белгілі бір мәселелерге қатысты бұрмаланған мәлімдемелер, қоғамдық денсаулық сақтау, H1N1 доңыз тымауы туралы фейк ньюс, вак- цинация, азық-түлік қауіпсіздігі, фармацев- тикалық компаниялар туралы қастандық теориясы немесе конспирология тарады. Ол арнайы зертханада жасалып, қасақана биоло- гиялық қару ретінде таралды, фармацевтика- лық компаниялар оны вакциналарын өткізу үшін арнайы жасап шығарған деген ақпарат танымалдылыққа ие болды. Осындай жалған ақпарат түріктердің фактчекинг платформа- сын ашуына алып келді, ең алғашқысы (күні бүгінге дейін қызмет етеді) - YalanSavar.org.

(қазақша мағынасы жалған ақпаратты жо- юшы дегенге келеді) 2009 жылы ғалымдар және ерікті азаматтардың ұйымдастыруымен жұмысын бастаған. Олар бастапқыда ғылым саласындағы жалған ақпараттарды жоққа шығарумен айналысты. Уақыт өте келе бала- ларға екпе салуға қатысты жалған ақпараттар, антибиотиктерді пайдалану, азық-түліктен болатын аллергия, обыр дертіне, ұялы те- лефонды пайдалануға қатысты тараған қау- есеттерді жоққа шығарды. Оның жетекшісі Калифорниядағы амбулатоиялық қызмет бас- шысы доктор Ишил Арыджан, Басқарма мү- шелері қатарында компьютер ғалымы доктор Каан Өзтүрік, эмбриолог доктор Айсу Уйгур, доктор Чагры Ялгин бар. [9] Бұл платфор- ма барынша тәуелсіз болуды көздегендіктен, қазір өзін-өзі қаржыландырумен айналысады.

Веб-сайтта жарнама жарияламайды, сырттан қаржы тартады. Осы топтың мүшелері ТВ арқылы халық алдына жиі шығып, қоғамдық дебаттарға қатысып, денсаулық, ғылымға қа- тысты даулардың шешімін көрсетіп, халыққа түсіндірумен белсенді түрде араласады.

Түркиядағы алғашқы фактчек платформа- ларының бірі – «Muhtesip» (мағынасы - жат- сыну). 2009 жылы негізі қаланып, бір жылдан соң танымалдыққа ие болған. Ол бастапқыда баспа БАҚ-тың шолуларындағы фактілерді

тексерумен айналысқан. Нәтижесінде еш дәлелсіз, мәселенің мәнін түсінбей, еш зерттеу жүргізбестен мақала жазатындар әшкерелен- ген. [10]

Muhtesip 2015 жылы Түркиядағы саяси қуғынға байланысты жабылды, кейін оның негізін салушылар «Malumatfuruş» (мағы- насы - білгіш) деген атпен оның жұмысын қайта жандандырды. Басты мақсаты газетте жұмыс істейтін шолушылардың материал- дарына фактчек жасау болды. Осы кезеңде басылымдарда қызмет ететін танымал жур- налистердің мақалаларында тексерілмеген деректер жарияланатын. Malumatfuruş ав- торлары жасырынып, материалдарын лақап атпен жариялады. Сондықтан олардың нақты кім екені көпшілік үшін беймәлім. Дегенмен, команда мүшелері - мемлекеттік қызмет өкіл- дері, заңгерлер, ақпараттық технология және баспа секторының мамандары. Әр саладағы өз ісінің мамандары болып табылатын азаматта- рыдың ашық дереккөздер, газет мұрағаты, жарияланған есептер және мемлекеттік стати- стикаға сүйене отырып, құпия түрде кездей- соқ материалдарды таңдап алып фактчекинг жасап, қосымша қызмет істеуі осы платфор- маның басты ерекшелігі болып саналды. Олар барлығы 670 басылымдағы (газеттер, жаңалық сайттары мен жаңалықтар блогында жария- ланған) 6800 редактор бағанына фактчек жа- саған. Олардың тағы бір ерекшелігі ешқан- дай краудфандингтен, жарнамадан, гранттан ақша алмайды, объективтілікті сақтау үшін өзін-өзі қаржыландырады. [11]

Еvrimagaci.org атты фактчек платформа 2010 жылдың 5 қарашасында Анкарадағы студент одағының ұйымдастыруымен құрыл- ды. Таяу Шығыстағы Техникалық универси- тетте (ODTÜ) білім алатын жастар цифрлық кеңістікте креационистерге (діни және фи- лософиялық концепцияны ұстанатындар, псевдо ғылым, демагогия) қарсы күресті. 2011 жылдың қаңтарында топ Фейсбукте аккаунт ашты. Онда негізінен эволюциялық биология және генетикаға қатысты зерттеулер жари- яланды[12]. Бірнеше жылдар бойы Фейсбук оның негізгі бұқаралық интерфейсіне ай- налды. Біраз уақыт бой тек осы платформа арқылы байланыс орнатқан Еvrimagaci (мағы-

платформасыURL

Негізі ланған қа-

уақыт

Мекемесі орна- ласқан жер

Фактче-

кинг ролі Жетек- шісі

Ұжым- дағы адам саны

Қаржыландыру

(2019) ХФЧЖ

мүшелігі YalanSavar.org 2009 Сан-Фран-

циско (Ка- лифорния)

Ғ ы л ы м и ф а к т ч е - кинг, псев- доғылым, дебанкинг

И ш и л

Арикан 11 Өзін-өзі қаржы- ландырады, жар- нама жасамайды

жоқ

Malumatfurus.

org 2009 Стамбул Газет, ко-

л у м н и с т фактчек,

белгісіз 6 Өзін-өзі қаржы- ландырады, жар- нама жасамайды

жоқ

EvrimAgaci.org 2010 Лаббок

(Техас) Ғ ы л ы м и ф а к т ч е - кинг, псев- доғылым, дебанкинг

Ч а р и МертБакирши - Тайлор

32 К р а у д ф а н д и н г (Patreon), өнім сату, гугл жар- нама, деме- ушілердің кон- тенті

жоқ

DogrulukPayi.

com 2014 Стамбул С а я с и

мәлімдеме, верифика- ция,

Б а т у х а н

Ерсун 11 Жеке қайырым-

дылық қорлар, Демократия ұлт- тық қоры, Пой- нтер институты, Швеция, Стамбул Бас консулдығы.

Германия, Анкара елшілігі, бұрынғы инвестициялар мүддесі, крауд- фандинг (Patreon)

иә

Teyit.org 2015 Стамбул Н ь ю с - д е -

банкинг А т а к а н

Фоча 28 Heinrich Böell

Stiftung - Анка- радағы АҚШ ел- шілігі

- Facebook

- Еуропалық кли- мат қоры

- Демократияға арналған медиа - Краудфандинг (Patreon)

иә

gununyalanlari.

com 2015 Стамбул Н ь ю с - д е -

банкинг белгісіз белгісіз - Bosphorus Center for Global Affairs/

Жаһандық қа- рым-қатынасқа арналған Босфор орталығы (Үкімет қаржыландыра- ды)

жоқ

FactCheck.TR 2015 Стамбул Н ь ю с - д е -

банкинг белгісіз белгісіз - Bosphorus Center for Global Affairs/

Жаһандық қа- рым-қатынасқа арналған Босфор орталығы (Үкімет қаржыландыра- ды)

жоқ

Doğrula.org 2017 белгісіз Н ь ю с - д е -

банкинг белгісіз белгісіз белгісіз жоқ

Түркиядағы негізгі фактчек платформалар туралы ақпарат Түркиядағы фактчек платформалардың жұмыс істеу тәжірибесі

насы эволюция діңгегі) эволюция теориясына қатысты жалған ақпараттарды жоққа шығару- мен айналысты. Оқырман тарапынан келген сауалдарға жауап беріп отырды. Фейсбуктегі мақалалар саны мен оқырман сауалдарына берілген жауап көбейгендіктен, 2012 жылдың сәуірінде Еуропаның эволюциялық биология қоғамынан қаржы алып, желтоқсан айында evrimagaci.org сайтын ашып, өз алдына жеке, өз-өзін қаржыландыратын платформа ретін- де жұмыс істей бастады. Нәтижесінде штаты көбейіп, контент көлемі өсті, азық-түлік тура- лы ғылыми материалдар, вирусология, астро- номия, физика, философия және психология туралы материалдар пайда болды.

Уақыт өте келе платформа қоғам назарын аудару үшін қосымша жобалар ұсына баста- ды Олардың қатарында «Ғылыми сөздік»

(түрік тілінде жарық көрген пәнаралық ғылы- ми сөздік) [13], «Диагноз каталогы» (әлемде- гі барлық диагнозы анықталған аурулардың мәліметтер базасы, блогта олардың негізгі си- паттамасы жазылған хабарлама) [14], «Нақыл сөздер» [15] (адамзат тарихындағы жетекші ғалымдардың әйгілі нақыл сөздерінің мұраға- ты) «Мейірім» [16] (Дарвиннің генетикалық алгоритімінің интерактивті көрсетілімі) және Agora (Түркия тарихындағы алғашқы құралдар мен жабдықтар туралы кітаптар- дың «ғылыми нарығы»)[17] Осы жобалардың арқасында платформа кірісі көбейген, бірақ бұл платформа коммерциялық ұйым деген сөз емес. Топ Богазичи университетімен де байланыс орнатқан, сонда тұрақты түрде кез- десулер мен семинарлар өткізіп тұрады. 2019 жылы Еvrimagaci «EA Akademi» атты жаңа бастаманы жүзеге асырды. Соның арқасын- да оқырмандар таңдап алған тақырыбы бой- ынша білімін тереңдету мүмкіндігін иелен- ді. Түрік тілінде жасалған оқу бағдарламасы барлық деңгейдегі оқырман үшін қолжетімді болды. Онда жалпы биохимия, астрономия, молекулярлық биология, ойындар теориясы туралы көптеген тақырыптар қамтылды. [18]

Осы платформа аясында эволюциялық био- логия туралы 3 қоғамдық және ғылыми-та- нымдық кітап және бірнеше ғылыми-танымал журналдар мен газеттерде мақалалар жария- ланды.

Бастамашыл топтың негізгі мақсаты фак- тіні тексеру және ғылым эволюциясы туралы жалған ақпараттарды жоққа шығару болған- дықтан, олар креационистер мен консерва- тивті діни сенімдегі пайдаланушылар тара- пынан атеистік және дінге қарсы үгіт-насихат жүргізушілер деп айыпталды. [19] Оның үсті- не оларға консервативті БАҚ пен үкімет те секуляризм (Түркиядағы ең басты саяси тақы- рып), яғни үкімет пен дін бөлек болуы тиіс деген тұжырымдама, вегетариан-вегандық, гендік модификацияланған ағза және ЛГБТ құқықтары туралы тақырыптарды көтергені үшін қысым көрсетті. Еvrimagaci жетекшісі - оның негізін салушы Чагры Мерт Бакырджи, ол әлі күнге дейін ресурсты басқарады және Бас редактор қызметін атқарады. Оның жұ- байы Эшли Лейн Бакырджи-Тейлор ғылыми мәселелер бойынша бас кеңесшісі, 30 адам- нан тұратын ұжым штатында 19 мамандан- дырылған редактордан (мысалы, астрономия, философия, антропология сияқты салалар- дың мамандары) бөлек 80-нен астам тұрақты авторлары мен аудармашылары қосымша жұмыс істейді. Платформа Еуропалық эво- люциялық биология қоғамынан қаржылай қолдау алғанымен, күні бүгінге дейін өз-өзін қаржыландыратын ұжым деп саналады.

Patreon арқылы краудфандингке де тіркелген.

Қысқа уақыт аралығында веб-сайтта жарнама жариялағанмен, кейін Ресейдің Росатом атом энергия институты ұсынған жарнамаларды жариялаудан бас тартты.

Doğruluk Payı (мағынасы шындықтың бөлі- гі) 2014 жылдың маусымында «Излемедейиз»

қорының қолдауымен, саясаттану және ха- лықаралық қатынастар мамандарының ұй- ымдастыруымен ашылды. Тамыз айында бо- латын Президент сайлауы қарсаңында жаңа платформаға қарсы қысым күшейді. Себебі мамандар өзара бәсекеге түскен барлық сая- саткерлер мен партиялардың мәлімдемелерін тексерумен айналысты. Бұл бір қарағанда ірі медиа компанияға арналған сыртқы фактче- кинг, кеңес беру сияқты көрінгенмен, шын мәнінде олар коммерциялық емес ұйым бола- тын [20]. Екі жылдан астам уақыт жұмыс істе- геннен соң, аталған топ Ұлттық демократия қоры, Стамбулдағы Швеция қоры, Пойнтер Ә.М. Текенова, С.Ш. Тахан

институты сияқты ұйымдардан ірі көлемде қаржы тартатын деңгейге жетті. Соның не- гізінде қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, уақыт өте келе оппозициялық пар- тия, Парламент депутаттары, мемлекеттік қы- зметкерлер, жалпы барлық саясаткерлердің мәлімдемелерін тексере алатын ықпалды платформаға айналды. Doğruluk Payı - құра- мында 11 қызметкері бар ұжым. Қазір оған бастапқыда оның негізін қалаған Батухан Эр- сун жетекшілік етеді.

Команда тікелей эфир арқылы күнделік- ті саяси мәлімдемелерді бақылап, тексеріп отырады. Олар тексеретін материалдардың 30 пайызы оқырман сұрауы бойынша таңда- лады. Редакторлар ашық дереккөздер не- гізінде ресми есептер мен сарапшылардың есебін тексереді. Егер одан нәтиже шықпаса, басқа да сарапшылардың, сала бойынша ма- манданған зерттеушілерге мәселені тексе- ру туралы өтініш жасайды. Соңынан саяси мәлімдемелер «дұрыс», «шындыққа жақын»,

«аралас», «шындықтан алыс» және «дұрыс емес» деген баға беріліп, мәлімдемеде беріл- ген сандар мен деректерге толыққанды талдау жасалып, эксперттік баға беріліп, веб-сайт- та жарияланады. Тексеріс жүргізумен айна- лысқан редакторларға саяси мәлімдеме ав- торлары байланысқа шығып, дау немесе сын айта алады. Оның нәтижесі Twitter, Facebook, Instagram және YouTube-та жарияланады[21].

2019 жылы Doğruluk Payı Түркияның ұлттық деңгейде күн тәртібіне шығарылған негізгі мәселелер бойынша сарапшылар мен қоғам белсенділерінің қатысуымен сұхбат, пікірта- лас өткізе бастады. Олардың қатарында сири- ялық босқындар мәселесі, цифрлық бақылау, өз-өзіне қол жұмсау және Түркиядағы діни мектептер сияқты тақырыптар болды [22].

Оған қоса, платформа

«Hükümetre» (үкімет есептегіші) атты ар- найы айдар жүргізеді. Онда билік берген уә- денің қаншалықты орындалған-орындалмаға- ны туралы материалдар жарияланады.

Teyit.org - Түркияның фактчекинг ұйымда- ры арасындағы ерекше бағыт ұстанғанымен ерекшеленген платформа. Оның ашылуына түрткі болған оқиға – 2015 жылдың 10 қаза- нында Анкарадағы вокзалда ДАИШ ұйымда-

стырған жарылыс. Осы кезеңде Түркияда ұй- ымдастырылған түрде, қасақана таратылатын жалған ақпарат легі көбейіп кетті. Мемлекет- тің үгіт-насихатына қарсы шыққан оппозици- ялық партиялар мен қозғалыстар елдің ақпа- раттық экожүйесіне залалын тигізіп, елде аласапыран орнаған уақытта Teyit.org (мағы- насы - растау) негізін салушы Мехмет Атакан Фоча ғаламтор арқылы таратылған жалған ақпаратқа қарсы күреске қарсы шықты.

Платформа бірден танымалдылыққа ие бол- ды. Түркиядағы басқа да фактчек ұйымдар сияқты ол да көшбасшылардың мәлімдеме- лерін, ғылымға қатысты жалған ақпараттар мен шолушылардың материалдарын тексеру- мен айналысты. Тақырып ауқымы кең болған- дықтан, оның оқырмандарының да саны кө- бейе түсті. Себебі әлеуметтік желі арқылы таралған ақпараттың қаншалықты шындыққа сай келетінін тексеруді өтініп, олардың жари- яланымына сенім артқандар қатары көп бол- ды[23].

Нәтижесінде фактчекерлер жұмыс про- цесін автоматтандыру қажеттілігін түсініп, басқа да журналистер жалпы оқырман қа- уымға арналған Крейг Сильверманның «Фак- тчекингке арналған анықтамасын» аударып жариялады[24].

Teyit.org бастапқыда 4 сарапшыны қыз- метке алды. Кейін қаржыландыру жақсарған соң, олардың саны 23-ке дейін көбейді. Қазір онда 5 стажер, заңгер, қаржы аудиторы және 30-дан астам ерікті жұмыс істейді. Бүгінде осы ұйым Түркиядағы ең ірі фактчек платфор- ма болып саналады. Басты ерекшеліктерінің бірі Teyit.org веб-сайтында фактчек жасаудың әдістемесі жарияланған, сонымен қатар онда жарияланым жазудың тәртібі де бар [25]. Топ біртіндеп өзінің қаржылық инфрақұрылы- мын жетілдірді. 2015 жылдан бастап өзін-өзі қаржыландыратын механизмді жасады. Нәти- жесінде мына ұйымдар оның қаржы көзіне айналды: Heinrich Böell Stiftung, Анкарадағы АҚШ елшілігі, Facebook, Еуропалық климат қоры, Демократияға арналған медиа, Крау- дфандинг (Patreon). Бастаманың қаржы мәсе- лесіне қатысты негізгі мақсаты – Түркиядағы барлық фактчек желілері үшін олардың сы- ртқы қаржыландырудан тәуелсіз болатындай Түркиядағы фактчек платформалардың жұмыс істеу тәжірибесі

үлгісін құру. Барынша объективті фактчек жасау үшін краудфандинг есебінен қызмет ету[26].

Автоматтандырылған фактчекинг жаса- умен ерекшеленген Teyit.org жалпыға қол- жетімді курстар ұйымдастырып, цифрлық ве- рификацияның ерекшеліктерін түсіндірумен де айналысады. Осы мақсатта «редактордың жұмыс үстелі» деген арнайы бет ашып қой- ған[27].

Teyit.org 2018 жылдың 1 желтоқсанын- да Үкіметпен ресми келісім жасай отырып, Стамбул әкімшілігіне қарасты экрандардың барлығында фактчекинг туралы қысқаша ви- деоларды жариялады. Алайда оның ұзақтығы 4 күнге ғана созылды. Платформа пайдала- нушыларына оның билікпен қарым-қаты- нас жасауы ұнамады. Олар фактчекерлерді Үкіметтің құпия тендерін ұтып алып, объек- тивтілікті жоғалтты деп айыптады. Дегенмен, осы келісім белгілі бір дәрежеде фактчекерлер үшін билік пен халық арасында байланыс ор- натудың қаншалықты қажет екенін аңғартты.

Сонымен қатар платформа Түркияда бірінші болып 2018 жылдың мамырында Facebook- пен келісім орната отырып, әлеуметтік желіге шыққан жалған түрік жаңалықтарын анықта- уға кірісті[28].

Ондағы материалдар:

а) сайлау нәтижесіне әсер ету мүмкіндігі;

б) нақты қауіп пен зорлық;

c) Facebook қауымдастығының стандартта- рын бұзуға қатысты болса, желіден автоматты түрде алынып тасталды.

Түрлі саяси фактчекинг жасайтын плат- формалар дамыған сайын олардың арасын- дағы бәсеке де қыза түсті. Зерттеуші Үнвердің пікірінше, ең алғашқы фактчек платформа- лардың бірі Doğrula.org үкіметті жақтайтын ұстанымда, себебі үнемі оппозициялық пар- тиялар мен топтардың мәлімдемелерін жоққа шығарумен айналысады деп жазды. Веб-сайт- тың редакция ұжымы, қаржы көзі туралы ешқандай ақпарат ұсынбауы да күдік туғыз- ды.

Дәл осындай ұстанымдағы тағы бір факт- чекинг платформасы бар, ол - 2019 жылдың қазанынан бастап, Түркияның ресми пози- циясын «қорғау» мақсатында ағылшын тілін-

де фактчек жасауға кіріскен Anadolu Ajansı атты мемлекеттік ақпарат агенттігі. Басты ай- ырмашылығы ол халықаралық жаңалықтар агенттігінде шыққан Түркия мен Сирия ара- сындағы қарым-қатынасқа қатысты жаңа- лықтарды нысанаға алды[29]. Оның бұқараға ұсынатын өнімі аз, әрі шектеулі аудиторияға арналғандықтан, зерттеуші оны өз алдына жеке фактчек платформасы ретінде қарасты- рмайды.

Doğrula.org. сайтымен қатар Үкімет қаржыландыратын Günün Yalanları (түрікше -gununyalanlari.com/ - Күннің өтірікшілері) және Fact-Checking Turkey (factcheckingturkey.

com/ - ағылшын тілінде), екі сайт ашылды. Еке- уі де Bosphorus Center for Global Affairs неме- се Bosphorus Global (bosphorusglobal.org/en/

activities) атты мемлекеттің қоғаммен байла- нысына жауапты мекеме тарапынан қаржы- ландырады. Олар негізінен оппозициялық партия және топтар тарапынан таратылған жалған ақпараттарды жоққа шығарумен ай- налысады.

Басқа фактчекинг платформалардан басты ерекшелігі аталған екі ұйым да тек жалған мәлімдемелерді жоққа шығарумен айналы- сты, олардың сайтында команда мүшелері туралы ақпарат жоқ. Фактчекинг хаттама- сы талаптарын сақтай қоймайды. Дегенмен, олардың «Utanç Günlüğü» (Ұят хроникасы - utancgunlugu.com) атты жобасы да болды. Ол негізінен әлемдегі исламофобия туралы ағыл- шын тілінде материалдар жариялады.

Bosphorus Global жобаларының арасында Фетуллах Гюлен мен оның желілері туралы тек отандық қана емес, шетелдік жалған ақпарат- тарды жоққа шығарумен айналысатын - FETO Facts (fetofacts.com), АҚШ және Еуропалық одақтағы адам құқын бұзумен айналысатын- дар туралы жазатын Crackdown Chronicles (crackdownchronicles.com) атты платформа болды. Түрік теле-радиосының (TRT) тапсы- рысымен жасалған 5 минуттық «Фактілер»

атты бағдарлама дебанкинг жасаумен айна- лысты. Прайм-таймда көрсетілген «Нағыз экономика» (realeconomytr.com) атты хабар Түркиядағы экономикалық дағдарыс тура- лы, «Түркияның деректері» (factsofturkey.org) тек қана деректерді тексеріп қоймай, жалған Ә.М. Текенова, С.Ш. Тахан

ақпараттарды жоққа шығарумен, сонымен қатар елеусіз болып қалған жағымды жаңа- лықтарды таратумен айналысты. Аталған платформалар да Günün Yalanları мен Fact- Checking.TR. сияқты қаржыландыру жағы ту- ралы ашық ақпарат ұсынған жоқ. Тиісінше, олардың әлеуметтік желіде оқырмандары да аз. Фактчек платформаларының тиімділігін бағалау:

• Олардың танымалдығы;

• Фактчекинг жасау нәтижесі;

• Жалған ақпарат легін азайту мүмкінді- гі арқылы жүзеге асырылады [30].

Түркиядағы фактчекингке байланысты тағы бір мәселе – төтенше жағдай. Жергілік- ті үкімет осындай кездерде ғаламторды үнемі бұғаттап тастайды. Егер қандай да бір плат- формада саясатқа қайшы келетін контент жарияланса, оны өшіріп тастауды немесе дағдарыс, төтенше жағдайлар кезінде пайда- ланушыларды блоктап тастауды талап етеді.

Осындай аяқ астынан жасалатын шектеулер фактчекингпен айналысатындардың жұмы- сын тежейді.

Қорытынды

Түрлі мәселелерге қарамастан, Түркия- дағы фактчекерлер:

- шектеулі ақпарат;

- қысым көрсететін билік;

- цензураға қарамастан өз-өзін ұзақ мерзім- де қаржыландыра алатын бизнес-модель ретінде өз қызметтерін жетілдіріп жатыр.

Түркиядағы медиазерттеушілердің пікірін- ше, қазір бұл елдегі жалған ақпараттардың дені мазмұны жағынан саясат, қаржы және экономика тақырыбына қатысты. Сондықтан олар фактчекингпен журналистерден гөрі аталған салалар бойынша кәсіби білім алған мамандардың айналысқаны жөн. Фактчекер- лерге журналистика бойынша базалық білім алған артық етпес деп санайды.

Анкара Хаджы Байрам Вели университеті Коммуникация факультетінің профессоры Мехмет Топлу Түркиядағы фактчек плат- формалардың дамуына және санының аза- юына қаржылай және құқықтық жағынан

қолдаудың аз болуы себеп деп санайды. Се- бебі жергілікті халық үшін БАҚ саласындағы краудфандинг таңсық, ақпарат алу үшін ақы төлеу дәстүрі кең таралмаған. Айлық дамыған елдердегідей емес, төмен. Сондықтан фактче- кингпен кәсіби түрде айналысқысы келетін- дер шамалы.

Бүгінде Түркияда екі фактчек платформа ғана жұмыс істейді. Олар - Doğruluk Payı мен Teyit.org.

Екеуі де IFCN мүшелері, ұйым талаптарын қатаң сақтайды. Тұрақты түрде сыртқы аудит жүргізіледі. Халықаралық талаптарға сай жұ- мыс істейтін Evrim Aacı мен Yalan Savar да бар, бірақ олар әлі IFCN мүшелігіне өткен жоқ.

Кәсіби платформалар үшін

• Елшілік;

• Әлеуметтік желі платформалары;

• ҮЕҰ қаржыландыруы кірістің басты көзі болып саналады.

Қорыта келе, олардың даму бағытына қа- рай отырып, жетістігі мен сәтсіздіктерін салы- стырмалы саяси коммуникация, әлеуметтік ғылым және коммуникация, ақпараттық тех- нологиялар тұрғысынан жан-жақты зерттеу қажет деген ой түюге болады. Қазақстандағы ұйымдардың жұмысымен салыстыра келе, Түркиядағы фактчекинг платформалардың артықшылығы ретінде:

- Салада тек журналистердің ғана емес, тақырыптық ерекшелікке байланысты зерт- теу жүргізетін ғалымдардың, тәжірибелі, кәсі- би мамандардың жұмыс істеуі;

- Қаржы көздерін әртараптандыруы;

- Фактчекерлердің ағымдағы жалған ақпараттарды жоққа шығарумен ғана шектел- мей, ағарту жұмыстарына баса мән беруі;

- Белгілі бір әлеуметтік топтардың ара- сында фактчекингпен айналысатын ұйымдар- дың құрылуы;

- Оқырмандардың сауатын жетілдіру үшін түрлі қосымша жобалармен айналысуы;

- Платформа негізінде фактчекингпен айналысқысы келетіндер үшін білім жетіл- діруге арналған академия ашу;

- Аудиториямен кері байланыс орна- тып, оқырман сұрауы бойынша арнайы тақы- рыптар тізбесін дайындап, фактчекинг жүр- гізуін атап өтуге болады.

Түркиядағы фактчек платформалардың жұмыс істеу тәжірибесі