• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ЭКОНОМИКА И МЕНЕДЖМЕНТ

МРНТИ 06.61.33 УДК 312.13

Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 юююююю 159 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/

STATE POLICY IN THE SPHERE OF CORPORATE SOCIAL RESPONSIBILITY N. N. Parasotskaya

Financial University under the Government of the Russian Federation, Moscow, Russian Federation e-mail: [email protected]

Summary: This article discusses the problems arising from corporate social responsibility and their solutions. Corporate Social Responsibility (CSR) is a voluntary decision of firms to take part in improving the quality of life of the society, as well as in protecting the environment. The value of the movement of organizations towards society is that this desire is a manifestation of goodwill. The implementation of the policy of improving CSR states receive significant benefits. At present, organizations are striving to conform, as far as possible, to trends in global development, to be in the trend of the opinions of society and government bodies. The external social responsibility of the government is manifested in the allocation of resources, the formation of the state budget, the information and methodological support of CSR, as well as in the implementation of a system of international standards.

Key words: Corporate social responsibility, firm, state, policy, goal.

МРНТИ 06.61.33

160 Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/

тұрғындарын жұмыспен толық қамтамасыз еткен өндiрiс ошақтары тоқырау заманында тоқтап, кейбiрi тiптi қиратылып, моноқалалардың жағдайын төмендетiп жiбердi. Олардың әлеуметтік-экономикалық ахуалын дамыту мәселелеріне назар аудару 2011 жылдан басталды. Дәл осы кезеңде Жаңаөзен қаласында еңбек қатынастарының конфликті жалпы наразылықтарға айналған соң, Үкімет Қазақстан аймақтары мен монопрофильді қалаларының мәселелерін шешу мақсатында арнайы министрлік – Аймақтарды дамыту министрлігін құрды. Арнайы «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданып, моноқалалардың тізімі бекітілді. Тізімге ресми түрде 27 моноқала енді, олардың 11-і әкімшілік орталықтары болып табылады. Моноқалаларға қаланың негізін құрайтын кәсіпорындардың өнеркәсіптік көлемі жалпы қала бойынша өнеркәсіп көлемінің 20%-нан артық болып, ал сол кәсіпорында жалпы қаланың жұмысбасты адамдарының 20%-нан артығы жұмыс істейтін қалалар жатқызылды. Моноқалалардың көбісінде халық саны 50 мың адамға жетпейді, тек Теміртау, Рудный, Жаңаөзен және Екібастұз қалаларында ғана тұрғындар саны 100 мың адамнан асады.

Моноқалалар даму деңгейі бойынша да үш түрлі санатқа топтастырылған:

− төмен даму әлеуеті бар моноқалалар: Арқалық, Жаңатас;

− жоғары даму әлеуеті бар моноқалалар: Жаңаөзен, Жезқазған, Балқаш, Ақсай, Хромтау, Теміртау;

− орташа даму әлеуеті бар моноқалалар: қалған 19 моноқала.

Моноқалаларды салалық бағыттылығы бойынша төмендегідей топтастыруға болады:

−өңдеу-химиялық - Серебрянск және т.б.;

− металлургиялық - Ақсу;

− көмір өндіру - Екібастұз, Абай, Шахтинск, Сарань;

−мұнай және газ өндіру - Жаңаөзен, Құлсары, Ақсай;

−металлургиялық рудаларды өндіру - Арқалық, Балқаш, Зыряновск, Қаражал, Кентау, Лисаковск, Риддер, Рудный, Текелі, Хромтау;

−басқа шикізат түрлерін өндіру - Жаңатас, Жетіқара, Қаратау және Степногорск;

−ғылыми-эксперименталдық орталық -Курчатов [2].

Қабылданған бағдарламаға сәйкес, іс-шаралардың сипаты стандартты болды:

инфрақұрылымды дамыту, несиелерді субсидиялау арқылы шағын және орта бизнесті дамыту, экономикалық өсу орталықтарына адамдардың көшуін ынталандыру. Бағдарламаны іске асыруға бөлінген қаржы моноқалалардағы тұрғындар санына байланысты бөлістірілді. Бастапқы уақытта бұл қалалардың өндірістік инфрақұрылымы ескі болған, сол себепті алғашқы міндеттердің бірі ретінде елді мекендерді абаттандыру, өткір мәселелерді шешу болатын.

Бағдарламаның индикаторлары ретінде әрбір моноқаладағы өнеркәсіптік өндірісті 2011 жылмен салыстырғанда 20 %-дан кем емес өсіру; белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар санын 2011 жылмен салыстырғанда 2 есе ұлғайту; жұмыссыздық деңгейін – 5,5 %-дан аспайтындай етіндей төмендету қабылданған болатын. Ендігі кезекте даму әлеуеті әр түрлі моноқалалардағы мақсатты индикаторлардың орындалуын талдап көрейік. Зерттеу объектісі ретінде Қарағанды облысының Балқаш қаласы (даму әлеуеті орташа), Қостанай облысының Арқалық қаласы (даму әлеуеті төмен) және Ақтөбе облысының Хромтау қаласы (даму әлеуеті жоғары) таңдап алынды (кесте 1).

1-кесте мәліметтеріне сәйкес, Балқаш қаласында өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша 2015 жылға жоспарланған көрсеткіш 381350,4 млн. теңге болса, іс жүзінде 252 246,6 млн. теңгеге ғана өнім өнідірілген. Әйтсе де, осы уақытқа жоспарланған өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2017 жылы ғана артық орындалған. Арқалық және Хромтау қалаларында да жоспарлық өнім көрсеткішіне бір жылға кешігіп қол жеткізілген. Белсенді шағын кәсіпорындар саны бойынша Балқаш және Хромтау қалаларында 2015 жылға қойылған жоспар орындалған. Тек Арқалық қаласында ғана жағдай мүшкіл: 2011 жылы 237 белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істесе, 2016 жылы 252 бірлікке жеткен, алайда 2017 жылы небәрі 239 белсенді шағын кәсіпорындар ғана қалған. Яғни, 6 жыл ішінде көрсеткіш тек 2 кәсіпорынға ғана артқан. Осы орайда, шағын кәсіпорындардың қызметін ынталандырумен байланысты іс-шаралар жүйесін ыңғайластыру қажет.

Алайда, Арқалық қаласының өнеркәсіптік өндірісінің 68%-ын құрайтын ENRC компаниясы қаладағы боксит қорының 2022 жылға дейін таусылатынына байланысты қызметін тоқтады. Компания өкілдерінің ресми түсініктемесіне сәйкес, мұнда жұмыс істейтін 1,5 мың адамға олар Қостанай облысындағы кәсіпорындарында жұмыс ұсынбақ. Оған қоса, оларға жұмыс жасаудың вахталық әдісі, сондай ақ тұрғын жеңілдікпен тұрғын үй несиесін беру арқылы көшіру ұсынылды [3]. Тұрақты табысы бар тұрғындардың көшуі қаланың экономикасына теріс әсерін тигізетіні анық. Арқалық бүкіл Торғай аймағының денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің орталығы екендігін ескерсек, бұл жағдай

Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 юююююю 161 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/

бүкіл Торғай ауданының ахуалын нашарлатуы мүмкін. Сонда шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында берілетін жеңілдікті несие де, оқыту курстары бекер. Өйткені негізгі кәсіпорын жабылса, шағын кәсіпорындардың өнімдері мен қызметтерін тұтынатын төлемқабілетті халық болмайды.

Кесте 1

Моноқалалардың дамуының негізгі көрсеткіштері 2011 ж.

факт 2015 ж.

жоспар 2015 ж.

факт 2016 ж. 2017 ж.

Балқаш Өнеркәсіп өнім өндірісінің көлемі,

млн. теңге 317 792,0 381350,4 252 246,6 374 344,8 408 229,6 Белсенді шағын кәсіпкерлік

субъектілерінің саны 158 316 479 394 382

Жұмыссыздық деңгейі, %-бен 5,2 5,5 5,0 5,0 5,0

Арқалық Өнеркәсіп өнім өндірісінің көлемі,

млн. теңге 5 998 7197,6 6 360 7 490 9 422

Белсенді шағын кәсіпкерлік

субъектілерінің саны 237 474 243 252 239

Жұмыссыздық деңгейі, %-бен 6,4 5,5 5,4 4,7 5,2

Хромтау Өнеркәсіп өнім өндірісінің көлемі,

млн. теңге 178 919 214702,8 207 492 220 755 261 620,6

Белсенді шағын кәсіпкерлік

субъектілерінің саны 1078 2156 2 210 2 257 2 315

Жұмыссыздық деңгейі, %-бен 4,4 5,5 4,9 4,3 4,3

Ескерту – ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтерімен құрастырылған.

Сондықтан Арқалық қаласы үшін жаңа экономикалық база құру қажет. Біздің ұсынысымыз – мұнда еркін экономикалық аймақ құрып, өндіріс құрушы инвесторларды 10 жылға дейін салықтан түгелдей босату. Тек осындай радикалды шаралар ғана Арқалық қаласының экономикасының қайта жандануына ықпалын тигізбек. Жаңа өндіріс орны ашылып, жергілікті халық жұмыспен қамтылған жағдайда ғана ішкі нарықта шағын кәсіпкерлікті дамуына ыңғайлы жағдайлар қалыптасады.

Моноқалалардағы халық санына келер болсақ, Статистика комитетінің деректері бойынша, Хромтау мен Арқалық қалаларының әрқайсысындағы тұрғындар саны Моноқалаларды дамыту бағдарламасы іске асырылмас бұрын, 2011 жылы 40,5 мың адамды құраған, бірақ Хромтау қаласы бойынша өсу қарқыны сәл жоғарырақ: 2017 жылы мұнда 42,4 мың тұрғын саналса, Арқалықта одан 1,1 мың адамға азырақ болған. Осы екі моноқаладағы еңбекақы деңгейін қарастырайық (1-сурет).

Дерекнама: [4,5].

Сурет 1 – Арқалық пен Хромтау қалаларындағы орташа айлық еңбекақы мөлшері 1-суретте көрсетілгендей, Хромтау қаласындағы орташа еңбекақы көлемі 2017 ж. 160998 теңгені құраған, бұл республикалық деңгейден (150 827 теңге) 6,7%-ға артық. Арқалық қаласындағы орташа еңбекақы көлемі 2017 ж. 2011 ж. салыстырғанда 71,6%-ға өскен, алайда оның көлемі республикалық деңгейден 37%-ға төмен.

55 398 95 204 60 269 110 950 69 086 121 024 73 910 129 730 76 729 135 265 88 809 148 794 95 080 160 998 0

50 000 100 000 150 000 200 000

2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017

Арқалық Хромтау

162 Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/

Жүргізілген талдау Хромтау қаласының даму әлеуетінің жоғары екендігін көрсетті. Алайда, бір саланың айналасында дамитын қалада шағын және орта бизнестің дамуын тежейтін мәселелер бар. Оның негізгісі – бәсекелестіктің жоқтығы. Мысалы, негізгі өндіріске қажетті қызметті атқаратын немесе бөлшек бұйымдар жасайтын шағын кәсіпорын құрылып, негізгі кәсіпорынмен келісім-шарт жасалатын болса, тап осындай қызмет көрсететін басқа кәсіпорын ашылмайды. Өйткені оның өнім өткізу (қызмет көрсету) арнасы бос емес. Мұндай жағдай барлық моноқалаларға тән. Сондықтан Хромтау сияқты экономикалық даму әлеуеті жоғары моноқалаларда басқа саладағы өндірістер ашу қажет.

Аймақтарды дамытудың кешендік бағдарламасына сәйкес, Хромтауда «Макарон фабрикасын құру және кеңейту», «Көмірді брикеттеу бойынша зауытты салу», «Кәсіпорындағы санфаянсалық бұйымдарды өндіру бойынша зауыт салу» жобалары жүзеге асырылуы тиіс болатын. Алайда, бюджет аударымдарының қысқаруы, инвесторлардың өздерінің қаражаттың жетіспеушілігі салдарынан бұл жобалар әзірге тоқтап тұр. Бұл жобаларды жандандыру үшін стратегиялық инвесторлар тарту қажет.

Біздің ойымызша, Хромтауда да негізгі саладан өзге салаларда ашылып, жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін арнайы салық режимін әзірлеу қажет. Ол үшін Аймақтың инвестициялық бағдарламасы бекітіліп, арнайы экономикалық аймаққа енетін басым бағытты салалар анықталуы тиіс.

Ендігі кезекте моноқалаларды дамыту бағдарламасының нақты нәтижелерін қарастырайық.

Ұлттық экономика министрлігінің ақпараты бойынша, 2017 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша барлық моноқалаларда 64 «зәкірлі» жоба іске асырылған, оның 36-сы ғана эксплуатацияға ендіріліп, 6,3 мың тұрақты жұмыс орны ашылған. Ал жоспар бойынша 26 мың жұмыс орнын ашу көзделген болатын. Эксплуатацияланған 36 жобаның 12-сінің қуаттылығының жүктелуі 50%-ға да жетпейді. Оған қоса, Хромтау, Зыряновск, Риддер, Рудный, Серебрянск, Балқаш, Жаңаөзен, Құлсары қалаларында өнімге сұраныстың болмауы және қаражаттың болмауы, оның ішінде банк алдындағы борыштарын өтемегендігі себептерінен 12 «зәкірлік» жоба іске асырылмай, тоқтап тұр [6].

Жалпы алғанда, тез арада қабылданған Монақалаларды дамыту бағдарламасы олқылықтарға толы болды, оның ішінде үш мәселені бөліп көрсеткіміз келеді:

1) Мемлекетпен қабылданған моноқалаларды дамыту бағдарламасы бағыттарының бірі – еңбек ресурстарының мобильділігін жоғарылату және жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуді ынталандыру болып табылады. Бұл нені білдіреді? Моноқалаларда тек шағын және орта кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер және мемлекет жұмыспен қамтыған адамдар ғана қалады, ал қалғандары қарқынды дамыған басқа қалаларға, яғни өсу нүктелеріне көшеді. Біздің ойымызша, бұл мәселені осындай жолмен шешу дұрыс емес. Өйткені, ондаған мың адамдарды қабылдауға Қазақстанның қалаларының мұршасы жетпейді. Өз тұрғындарын жұмыспен, үй-жаймен қамтамасыз етуге шамасы жетпей отырған қалалардың мүшкілін бұл адамдар одан сайын азғыра түспек. Мысалы, Алматы қазірдің өзінде орасан зор миграциялық қысым шегуде және жұмыссыздар ағымын жұтуға дәрменсіз. Ішкі мигранттардың ондаған мың саны, үй-жайсыз, жұмыссыз Алматы көшелерін толтыруда, мұның барлығы криминалды жағдайлардың орын алуына әкелуде. Әлбетте, моноқалалардан жұмыссыздарды басқа қалаларға көшіргенше осы орындарда индустриялық алаңдар құру мақсатын көздеген дұрыс болар еді.

2) Екінші мәселе – моноқалалар жанындағы ауылдық жерлер. Моноқалалар өркендеуімен бірге, оларға жақын маңдағы елді мекендерден жұмыс іздеген адамдардың ағылуы – әдеттегі құбылыс.

Моноқалаларды дамытуға қыруар қаржы бөлген күнде де, олардың барлығын депрессивті деп саналған елді мекендерден келген адамдар ағымымен жұтыла береді. Сонда онсыз да жағдайы мәз емес ауылдың жағдайын одан сайын құрдымға кетіріп алу қаупі бар. Сол себепті сенімді түрде айтуға болады:

моноқалалар мәселесі жоқ, шынтуайтқа келгенде тек жалпы аймақтық даму мәселесі ғана бар. Аймақтық дамудың шешуші мәні барлық бағдарламалардың қазіргідей жоғарыдан төменге емес, керісінше, төменнен жоғары бағытта іске асуында болуы тиіс. Бағдарламаны әзірлеу барысында барлық елдердің тәжірибесі ескерілмеген сияқты. Мысалы, Ресейде ең бірінші кезекте әрбір қалаға өзінің кешендік инвестициялық жоспарын жасау бұйырылды. Солардың негізінде бірақ моноқалаларды дамыту бағдарламасы жасалды. Маңызды мәселе – аумақтық даму стратегиясын моноқалалармен байланыстыру.

3) Үшінші мәселе – бағдарламаның орындалуын бақылау деңгейі. Бағдарламаның орындалу барысын тексеру ақырғы нәтижемен емес, керісінше, бөлінген қаражаттың игерілу деңгейімен анықталды. Моноқалалардағы жергілікті билік органдарын қаржының толық игермегендері үшін сөгіс жариялаумен шектелді. Оның себептерін білуге ешкім талпынбады. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюррократияның қаржының меңзеген жеріне дәл уақытында жетуіне кедергі болуын айтайық. Мысалы, жобаларды мемлекеттік сараптаудан өткізу керек, содан соң олар бойынша мемлекеттік сатып алулар жүргізу қажет. Тендерлер, қаражатты облыстардан қалаларға аудару мәселесі – өз алдындағы мәселе.

Көбінесе бұл қаражат кешігіп түседі, не болмаса толық көлемде түспейді. Осыдан келіп, неге қаражат

Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 юююююю 163 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/

бөлінеді, ал қалалар оларды игермейді деген сұрақтар туындайды. Егер әрбір ауданда немесе қалада өз бюджеті мен салықты бөлістіруі болмаса, барлық аймақтар күйрейді. Сондықтан бұл мәселені шешуде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізудің маңызы зор деп ойлаймыз.

2014 жылы ҚР Аймақтарды дамыту министрлігі жойылған соң, моноқалаларды дамыту бағдарламасын Аймақтарды дамыту бағдарламасына ықпалдастыруға шешім шығарылды. Сөйтіп, жаңа «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бірыңғай бағдарламасы» қабылданды. Бұл бағдарламада моноқалалар шағын қалалармен бірге «үшінші деңгейдегі қалалар» топтарына қосылған. Моноқалаларда инфрақұрылымды жақсарту, көліктік тығырықтан шығаруды жалғастыру, сондай ақ бұл қалаларда «Самұрық-Қазына» ҰБҚ және «КазАгро» ҰБХ компаниялары үшін тапсырыстар орналастыру жоспарланған болатын. Оған қоса, әрбір моно- және шағын қала брендтеу процедурасын өтуі, өз қаржысына дамудың кешендік жоспарын әзірлеу тұспалданған болатын [7]. Қазіргі уақытта моноқалалардың даму жағдайы туралы есептілікті ҚР Ұлттық экономика министрлігі жариялайды, алайда онда тек бюджет қаражатын игеру деңгейі ғана көрсетіледі. Соңғы есептілікке сәйкес, моноқалалардағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 2016 жыл ішінде 3 760,8 млн. теңге бөлініп, оның 99,6%-ы игерілген. Бұл қаржы 6 моноқаладағы инженерлік-байланыс инфрақұрылымы саласындағы 11 жобаны іске асыруға жұмсалған. Одан басқа, алғашқы кезде жоспарланған моноқалаларды жайластыру бойынша шараларды іске асыруға қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты, 2015 жылдан бастап 2018 жылдың аяғына дейін мораторий жарияланған [6].

Біздің ойымызша, Аймақтарды дамыту бағдарламасында негізгі екпінді инфрақұрылым жөндеуге қойып, оған қыруар қаржы бөлуі, оның есесіне, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына аз назар аударуы моноқалаларды дамытудың бірінші бағдарламасында жіберген қателікті қайталау болып табылады. Моноқалалардың жағдайын түзеу және миграцияны тоқтатудың ең күшті амалы – халықты жұмыспен қамту болып табылады. Ол осы жерлерде жаңа өндіріс орнын ашу үшін инвесторлардың қызығушылықтарын тудыратын тетіктерді әзірлеуді қажет етеді.

Қорытынды. Жүргізілген зерттеуді қорытындылай келе, төмендегілерді айтуға болады:

1. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы өз тиімсіздігін көрсетті. Ол моноқалалардың айналасындағы ауылдардың жағдайын есепке алмады, ал бөлінген бюджет қаржысының көп бөлігі инфрақұрылымды түзетуге жұмсалып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту іс-шараларына аз көңіл бөлінді. Бағдарламаның төртінші бағыты (жұмыссыз халықты өсу нүктелеріне) көшіру Қазақстандағы урбанизациялану ерекшеліктерін ескермеді. Оған қоса, бағдарламаның кейбір мақсатты индикаторлары орындалмады. Оның үстіне қаржыландырылған жобалардың жүзеге асуы нәтижесіз болды. Сұраныстың болмауынан, бюджеттік қаржыландырудың тоқтатылуына көп жоба аяқтаусыз қалды. Көптеген моноқалалардағы өнеркәсіптік өндіріс деңгейі төмендеп, жұмысбастылық мәселесі толыққанды шешілмеді.

2. Аймақтарды дамыту бағдарламасында моноқалалардың дамуына аз көңіл аударылған. Ал бағдарламаның орындалу индикаторларында тек бюджеттің орындалуы ғана көрсетіледі.

Жұмыссыздық деңгейі, өндіріс көлемі, жан басына шаққандағы табыс сияқты көрсеткіштер тыс қалған.

Одан басқа, моноқалаларда инфрақұрылым жасауға баса назар аударылып, шағын кәсіпкерлікті ынталандыру шаралары еленбеген.

3. Қазақстанның моноқалалары үшін қолдаудың түрлі нысандары мен әдістері қолданылуы тиіс, бірақ, мемлекеттің қолдаудың ең тиімді құралы уақытша қаржыландыру емес, олардың аумақтарында ерекше бюджет режимдерін орнату болып табылады. Мысалы, жаңа өндіріс орнын ашып, жергілікті халықты жұмыспен қамтыған кәсіпкер-инвестор үшін 10 жылға дейінгі мерзімге заңды тұлғаға салынатын барлық салық түрлерінен босату ұсынылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1 Нұрланова Н.Қ., Гайсина С.Н., Мелдеханова М.Қ., Берішев С.Х., Бірімбетова Н.Ж., Киреева А.А. Қазақстандағы моноқалаларды әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі мәселелері. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Экономика институты, 2012. – 156 б.

2 Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысы (күші жойылған) URL:

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000683/info (қарау уақыты: 22.11.2018)

3 Жителям Аркалыка предложат стать вахтовиками после 2022 года URL:

http://kstnews.kz/news/society?node=18766 (қарау уақыты: 04.12.2018)

4 Статистические показатели социально-экономического развития Костанайской области и ее регионов. Бюллетень. Департамент статистики Костанайской области КС

МНЭ РК. Выпуски: 2011-2017 гг.

164 Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/

5 Ақтөбе облысының аудандары 2017 жылы. Статистикалық жылнамалығы. Ақтөбе облысының Статистика департаменті, 2018. – 130 б.

6 Информация о ходе реализации мероприятий по развитию моногородов Программы развития регионов до 2020 года по итогам І полугодия 2017 года. МНЭ РК. URL:

economy.gov.kz/sites/default/files/pages/otchet_po_monogorodam_rus_0.docx (қарау уақыты: 21.01.2019) 7 Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысы (күші жойылған). URL:

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000728/info (қарау уақыты: 21.01.2019)

ПРОБЛЕМЫ РАЗВИТИЯ МОНОГОРОДОВ КАЗАХСТАНА М.Д.Сайымова1, Б.Б. Дуйсенбаева2 Демеуова Г.К.3

1,3Актюбинский региональный государственный университет им.К.Жубанова, Актобе, Казахстан

2Казаxско-Русский международный университет, Актобе, Казахстан e-mail: [email protected]

Резюме. Целью статьи является исследование проблем развития моногородов Казахстана. В статье дана оценка результатам реализации Программы развития моногородов РК, выявлены причины её неэффективности, выделены упущения в процессе её разработки. Показано, что в обновленной Программе развития регионов проблемы моногородов затрагиваются не полностью, а отчетность по исполнению мер по реализации программы характеризуется только уровнем освоения выделенных бюджетных средств. В статье особое внимание уделено проблемам развития таких моногородов как Аркалык и Хромтау. Определены системные проблемы их развития и предложены пути их решения. В качестве радикальных мер предлагается создание специальных экономических зон для этих городов с выработкой инвестиционных планов.

Ключевые слова: моногород, промышленность, производство, безработица, «якорные»

проекты.

PROBLEMS OF DEVELOPMENT OF KAZAKHSTAN MONODIES М.D.Sayimovа¹, B.B. Duisenbaeva ², Demeuova G.K.3

1,3Aktobe Regional State University named after K.Zhubanov, Aktobe, Kazakhstan

2 Kazakh-Russian international University, Aktobe, Kazakhstan e-mail: [email protected]

Summary. The purpose of the article is to study the problems of the development of single-industry cities of Kazakhstan. The article assesses the results of the implementation of the Program for the Development of Monotowns of the Republic of Kazakhstan, identifies the reasons for its inefficiency, highlights omissions in the process of its development. It is shown that in the updated Regional Development Program, the problems of single-industry towns are not fully addressed, and reporting on the implementation of measures to implement the program is characterized only by the level of development of allocated budgetary funds. The article focuses on the development problems of such towns as Arkalyk and Khromtau. The system problems of their development are defined and the ways of their solution are proposed. The creation of special economic zones for these cities with the development of investment plans is proposed as radical measures.

Key words: single-industry city, industry, production, unemployment, “anchor” projects.

МРНТИ 06.77.67