• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ЭКОНОМИКА И МЕНЕДЖМЕНТ

МРНТИ 06.61.53 УДК 332.1

АҚТӨБЕ АҚЫЛДЫ ҚАЛА ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ Р.Ә.Есберген*1, М.Д.Сайымова2

1Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы, Ақтөбе қ., Қазақстан

2Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қ, Қазақстан.

e-mail: [email protected]

Аңдатпа. Ғылыми мақалада Қазақстан Республикасында цифрлық мемлекеттік басқару жүйесін дамыту аясында ақылды қалалар тұжырымдамасын жүзеге асыру басымдықтары Ақтөбе қаласы мысалында қарастырылады. Ғылыми мақаланың негізгі мақсаты «ақылды қала» құрудың ұлттық стандарттарын енгізу бойынша негізгі бағыттарға талдау жасай отырып, «Ақтөбе қауіпсіз қала» жүйесін құрудың жолдары анықталады.

Ақылды қала құрудың әлемдік тәжірибесіне шолу жасалады. Әлем бойынша ақылды қала жасаудың және дамытудың үлгілері талданады. Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері Ақтөбе ақылды қаласын құру мәселелерімен ұштастырылады. Мақаланы жазу барысында ғылыми зерттеудің талдау және салыстыру әдістері қолданылды. Ғылыми мақаладағы негізгі қорытындылар мен ұсыныстар Қазақстан Республикасының өңірлік саясат, цифрландыру саясатына қатысты мемлекеттік бағдарламаларына, Елбасының Жыл сайынғы Жолдауларына негізделген.

Түйінді сөздер: урбандалу, агломерация, ақылды қала, «смарт сити Ақтөбе» жобасы, цифрлы мемлекет, Ақтөбе агломерациясы, қауіпсіз қала.

Кіріспе. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» аттаы Жолдауында Қазақстанның жаңа әлемнің көшбасшысы қатарына енуі үшін қажет барлық жағдайы бар екендігін атап өтті [1]. Ол үшін төмендегідей міндеттердің бірі

«ақылды ұлт» үшін «Ақылды қала» міндетін шешу мәселесі айқындалды. Ел Президенті Астана қаласының мысалында «Смарт Сити» «эталондық» стандартын қалыптастырып және ең жақсы тәжірибе тарату, оны Қазақстанның қалалары арасында тәжірибе алмасу үшін қолдануды ұсынды. «Ақылды қалалар» аймақтық дамудың, ел аумағының барлығында инновацияны тарату және өмір сапасын арттырудың қозғаушы күші болуы керек.

Ақпараттық мемлекет және электронды үкімет тұжырымдамасы мен цифрлы үкіметке біртіндеп өтуге сәйкес «ақылды» қала стратегиясын енгізу және оны жүзеге асыру қажеттілігі туындайды. Өз кезегінде, «ақылды» қала қаланы дамытуға инновациялық тәсіл және бір уақытта технологиялық инновацияның жиынтығы болып табылады [2].

"Smart city" бастамасы – оның инфрақұрылымын жетілдіру есебінен азаматтары үшін қолайлы қалалар құру үшін жағдайларды іске асыру болып табылады. Бұл бастаманың стратегиялық бағыты урбандалған аумақ құру, бұл аумақтың қала қызметі ресурстары мен жеке бастамалар қаланың тұрақты дамуын және енгізілетін технологиялар көмегімен және нақты уақыт режимінде ақпаратты талдау арқылы тұрғындар мен қала қонақтары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін өзара әрекеттеседі және ынтымақтасады. Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін сервистік интегратормен жергілікті атқару органының типтік архитектурасы жасақталады, бұл кезде IoT, Open API, жасанды интеллект және басқа да технологиялар қолданылады. Бұл кезде басты назарға тұрғын және оның көлік инфрақұрылымы, қауіпсіздік, әлеуметтік, денсаулық сақтау, т.б. салалардағы күнделікті қажеттіліктері қойылады.

Әдістер. "Smart city" жобасын жүзеге асыру үшін бенчмаркинг әдісі, яғни әлемдік үздік тәжірибе басшылыққа алынады, индекстер, бенчмарктер мен салыстырмалы рейтингтер қолданылады. Ғылыми зерттеудің талдау және салыстыру әдістері қолданылды.

Талқылау. Қала ауқымының кеңеюіне байланысты қала шаруашылығының барлық қызметінің салаларының жұмысын қарапайымдату керек және жаңа технологиялар қолдану есебінен ірі қаланы басқарудағы жетіспеушілік мәселесін шешу және оны тиімді басқаруға өту керек [3].

Ақылды қалалар құрудың негізгі миссиясы – қаланың мемлекеттік басқару, көлік мобильділігі, коммуналдық жүйелер, денсаулық сақтау, білім беру, қоғамдық қауіпсіздік, қаржы, сауда, өндіріс және тұрғын үй ортасын құру сияқты барлық өмір қызметіндегі тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Ақылды қала тұжырымдамасының маңызды элементі ақпараттық технологиялар және мәліметтерді талдауға негізделген зияткерлік инновацияны пайдалануға негізделген. Оларды тарату тез дамушы жаңа салаларды дамытады немесе әрекет етуші салаларды мәнді өзгертеді[4].

Шығыстың ұлы ғалымы әл Фараби айтқандай, «ізгі қала дені сау тән сияқты, оның барлық мүшелері тірі ағзаның өмірін сақтау үшін бір-біріне көмектесуі керек» деген [5]. Қазіргі жағдайда ізгі қаланы Smart City тұжырымдамасын жүзеге асыру есебінен қалыптастыруға болады. Қазіргі заманғы қалалар тек қала құрылысының негізгі функцияларын автоматтандыру жолымен ғана емес, қала билігі өз тұрғындарының өмір сапасын арттыру үшін қала өмірін бақылай алатын, түсінетін, талдайтын және жоспарлай білуі керек.

Smart City жобаларының мақсаты экономикалық өсу, жаңа жұмыс орындарын құруды арттыру және жаңа технологиялар мен сервистер енгізу арқыды халықтың өмір сүру сапасын арттыру болып табылады. Мұндай қалаларда ыңғайлы, қауіпсіз, үнемді, экологиялы болуы керек.

Қазіргі заманғы жағдайда Smart City ұлттық бағдарламалары көптеген мемлекеттерде қарқынды дамып келеді. Аталмыш бағыт бойынша 2015 жылы Қытайда енгізілген бағдарламада 2020 жылға дейін 200 ақылды қалалар пайда болуы керек. Мұндай бағдарлама 2015 жылы Үндістанда ашылды, ол бойынша 2022 жылға дейін 100 ақылды қалалар әрекет етеді. Аустралия Smart Cities and Suburbs Program бағдарламасын жүзеге асыру үшін өңірлік үкіметтерге және үкіметтік емес ұйымдарға 50 млн. АҚШ долларын бөлді.

Әлемдік ақылды қалалар нарығы IBM есебі бойынша 2017 жылы 424,7 млрд. АҚШ доллары деп бағаланды. McKinsey сарапшыларының есептеулері бойынша, әлемде 2020 жылы 600 ақылды қалалар әрекет ететін болады. Осы ақылды қалалар әлемдік ЖІӨ үштен екі бөлігін қамтамасыз ететін болады деп болжамданады. Arup консалтингтік компаниясының бағалаулары бойынша 2020 жылы әлемдік ақылды қалалар қызметтері нарығы жылына 400 млрд. доллар құрайды.

2016 жылы АҚШ-тағы ақылды қалалар технологиясына инвестициялардың жалпы көлемі 118,5 млрд. АҚШ долларын құрады, 2021 жылы болжамданатын инвестициялар бағалауы 244,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Сингапур Smart Nation тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін осы саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына жылына ЖІӨ 1%-нан кем емес бөлігін жұмсайды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекет ақылды қалалар саласында бастамашы және негізгі интегратор болуы керек. Бұл салымдардан қайтарым ресурстар үнемдеу және қауіпсіздік болып табылады. Ұзақ мерзімді перспективада қалалық инновациялар тұрақты экономикалық дамуды және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз етеді. Бұл жобаның өзге мүдделі тұлғаларына ғаламдық технологиялық корпорациялар мен телекоммуникациялық операторлар болып табылады.

«Ақылды қалаларды» дамытудың әлемдік тәжірибесі оны құрудың төмендегідей жолдары бар екендігін көрсетеді:

«нөлден» жаңа орындағы «ақылды қала», бұл кезде «ақылды қаланың» барлық негізгі шешімдері қаланы жобалау және құрылысы кезеңінде қарастырылады (Масдар сити – Біріккен араб әмірлектері, Нью Сонгдо – Оңтүстік Корея, Тяньцзинь – Қытай Халық Республикасы);

қалыптасқан қала жүйесін «ақылды қалаға» біртіндеп өзгерту немесе қайта жасақтау (Амстердам – Нидерланды, Лондон – Ұлыбритания, Стокгольм – Швеция, Фуджисава – Жапония).

Бірінші үлгінің кемшілігі халықтың «ақылды қалаларға» миграциясы мұндай қалалардың тартымдылығы мен қоныстану ыңғайлылығына қарамастан күтілетін нәтижеге сәйкес келмей жатады. «Нөлден» жаңа орында құрылған «ақылды қалалар» онша жоғары емес динамикасын көрсетеді, дегенмен ұзақ мерзімді кезеңде әрекет етуі перспективалы болып табылады (20-30 жыл) [6].

«Ақылды қала» құрудың екінші жолының қиындығы қала объектілерінің тарихи құндылығын сақтай отырып өзгерістер енгізу және қала инфрақұрылымын түбегейлі өзгерту

мүмкіндіктерінің болмауы болып табылады. Ақтөбе қаласын «ақылды қалаға» айналдырудағы негізгі кедергілер осы мәселелер болып табылады.

SmartCity дамыту үшін қажет инновациялық технологияларды енгізу және дамытудың негізгі құралдарының бірі стандарттау болып табылады. Стандарттау «ақылды қала» құрудың барлық кезеңін - ғимараттар, инфрақұрылым құрылысы, көлікті басқарудан бастап қаланы басқарудың басқа элементтерінен аяқтап қамтиды.

Machina Research әдіснамасына сәйкес бұл салада екі негізгі тәсіл бар. Біріншісі –

«жоғарыдан-төмен» тәсілі бойынша Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымы (International Organization for Standardization), АҚШ Ұлттық стандарттар және технологиялар институты (The National Institute of Standards and Technology), Телекоммуникация саласындағы стандарттау жөніндегі Еуропа институты (European Telecommunications Standards Institute) және басқа да халықаралық стандарттау ұйымдары әлемнің әртүрлі елдерінде оны одан әрі енгізу үшін жалпы жүйе үлгісін құрады.

Екінші тәсілге «төменнен-жоғары» бойынша стандарттау жатады, бұл кезде стандарттар жергілікті деңгейде жасалады (ашық платформа құру есебінен, мысалы one M2M, API бағдарламалық интерфейстер және т.б.), кейін ғаламдық деңгейге өтеді. Мысалы, мұндай тәсіл Британдық стандарттар институтымен (British Standards Institution) қолданылады, көптеген өңдемелер британдық үкіметтің қолдауымен және өзіндік қуатты индустрияның көмегімен әлемдік тәжірибеде қолданылады.

Әлемдік тәжірибеде төмен және орта табыс деңгейі бар елдердің көптеген қалаларында мемлекеттік қызметке, сумен қамтуға, санитария, электр қуаты және медициналық қызметке қол жетімділік төмен болып отыр. Ал табыс деңгейі орташадан жоғары елдерде, мысалы Қазақстанның қалалық орталықтары негізгі мемлекеттік қызметке қол жеткізе алады, бірақ энергия мен суды тиімді пайдалану, қалдықтар түзуді азайту және рециркуляция жүйесін жетілдіру қажеттіліктерін сезінеді.

Бар әлемде, оның ішінде Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка, Орта Азия аймағында қала халқының саны артып отыр, ол өз кезегінде көлік мәселесімен, қауіпсіздік, ластану және әлеуметтік ауыз біршілік мәселелерімен ұштасады. Осыған орай аймақтағы қала басшыларының мемлекеттік бюджетке одан әрі күш салмай жоғарыда аталған және басқа да мәселелерді шешуді қарастыратын ұзақ мерзімді перспективаға стратегиялар жасақтауға тура келеді. Смарт-сити тұжырымдамасы қаланың тартымдылығын арттырады, оның неғұрлым бәсекеге қабілетті етеді және тұрғындар мен кәсіпкерлердің қанағаттану деңгейін арттырады. Әрбір аймақтың өзінің ерекшелігі, айрықша белгісі болады, оны «ақылды қала» құру жоспарын жасағанда ескеру керек[7].

Әлемдік тәжірибеде қала билігі қала ортасына жаңашыл шешімдерді енгізе алатын кәсіпкерлерді белсенді тартады, олардың өзара әрекеті адам үшін қолайлы әрі тиімді болады[8].

«Смарт Сити Актобе» жобасын жүзеге асыру барысында да мемлекеттік-жеке меншік әріптестік элементтері белсенді қолданылуы керек.

Нәтижелер. Ақтөбе қаласы әкімдігіне «Смарт Сити Актобе» жобасын талқылау барысында ұсыныстар берілді. Ұсыныстар төмендегідей сипатта болды.

Ақтөбе қаласы Ақтөбе облысының және Ақтөбе агломерациясының орталығы ретінде экономикалық дамуының басты міндеті етіп жаңа кәсіпорындардың жобалық қуаттылығын алға шығару және жұмыс істейтін өндірістерді жаңғырту, сапасы әлемдік стандарттарға сай шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейтуді қояды. Ақтөбе қаласы тұрғындарының жобалық саны 2030 жылға - 625,0 мың адамды құрайды деп болжанады[9].

Сондықтан Ақтөбе қаласының қала құрылысын дамытудың басты мақсаты – бұл жайлы және эстетикалық тұрғыдан тартымды тіршілік ортасын құруды қамтамасыз ететін қаланы тұрақты түрде дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.

«Смарт Сити Актобе» жобасы негізгі 7 бағытты қамтиды. «Ақылды қала»

тұжырымдамасы аясында Ақтөбе қаласында бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Мысалы,қала мектептеріне «Білім ал» білім беру ақпараттық жүйесі енгізіліп, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты басқару орталығы құрылуда, барлық көшелерді жарықтандыру жүйесінің энергетикалық аудиті жүргізілуде, қалалық автобустар «AktobeBus» мобильді қосымшасын іске қосуға мүмкіндік беретін GPS-трекерлермен жабдықталған. Аталмыш қондырғы арқылы жолаушылар қоғамдық көліктерді бақылап, өз уақытын үнемдейтін ыңғайлы бағыттарды таңдай алады.

Сонымен қатар қоғамдық көліктерді электрондық терминалдармен жабдықтау, коммуналдық қызметтер үшін барлық түбіртектерді төлем құжатына біріктіру, диспетчерлік қызметтің бірыңғай орталығына жинақталған «қауіпсіз автобустар мен таксилер», «ақылды аялдама», «ақылды көлік тұрағы», «ақылды бағдаршамы» бар интеллектуалды көлік жүйесін құру және Ақтөбе қаласы тұрғынының әлеуметтік картасын жасау жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда Ақтөбенің барлық қоғамдық және көлік құралдары GPS-трекерлермен қамтылған. Автобустар қозғалысын қадағалау үшін AktobeBus мобильді қосымша енгізілді.

Медицина саласында қала тұрғындарының бірыңғай медициналық картасын құру, дәрігерге электронды тіркеу, т.б. жоспарланып отыр. «Қауіпсіз қала» бағыты бойынша 700 бейне камералар, 30 зияткерлік қиылыстар, 15 желілік учаскені фото тіркеу жүйесін енгізу жоспарланады. Нұр Ақтөбе шағын ауданында халыққа қызмет көрсету орталығында орналасатын қаланың өмір сүруін қамтамасыз ету және инженерлік ін мониторингтеуде энергия тиімділік Орталығын, облыстың Ішкі істер департаментінің резервтік жедел басқару Орталықтарын пайдалануға беру жоспарланады.

Ақтөбе қаласында қаланың әрбір ғимаратының жеке сайттарын құру бойынша жоба енгізілді, QR-кодтар арқылы сайтқа шығуға болады. Дамыған елдерде QR-кодтар пайдалану күнделікті тәжірибе болып табылады. Жаңашылдық енгізудің мәні әрбір ғимаратқа жеке QR-код –смартфон камерасымен танылатын екі өлшемді штрих-код беріледі. QR-кодтар орнату пошта қызметкеріне, полицейлерге, коммуналдық қызметке, жедел медициналық көмек қызметіне, қала тұрғындары мен қонақтарына көмегін тигізеді.

«Ақтөбе қауіпсіз қала» - бұл «Смарт Сити Ақтөбе» Жобасының бірінші бағыты болып табылады. «Ақтөбе қауіпсіз қала» бағыты бейнеталдауы бар бейне бақылау жүйесін, қиылыстарда жол жүру ережелерін бұзуды фото және бейне тіркеу жүйесін, желілік жол учаскелерінде жол жүру ережелерін бұзуды фото тіркеу жүйесін, бірыңғай жағдайлық мониторинг орталығын, мәліметтер өңдеу орталығын, мектептер үшін ақпараттық-білім беру жүйесін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқару жүйесін, еАкимат автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін және талдау платформасын құруды қарастырады [10].

«Смарт Сити Ақтөбе» Жобасы бойынша «Ақтөбе қауіпсіз қала» бағытының мақсаты болып табылады:

• адам көп жиналатын орындарда жағдайды бақылауды арттыру;

• қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру;

• қоғамдық орындарда қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау, ашу тиімділігін арттыру;

• іздеуде тұрған көлік құралдарын анықтау тіимділігін арттыру;

• көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауына бақылауды күшейту;

• жол-көлік оқиғаларының санын және олардың запдаптарының ауырлығын төмендету;

• төтенше жағдайларда әрекет ету уақытын қысқарту.

«Ақтөбе қауіпсіз қала» жүйесі кешенін енгізу нәтижесінде төмендегідей инновация түрлері қарастырылады:

- Ақтөбе қаласында бұрын жүзеге асырылмаған технологиялық өзекті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуді қарастыратын өнімдік инновациялар;

- Автоматтандыру арқылы әдістерді жетілдірумен ерекшеленетін қала ұйымы қызметкерлерінің немесе қала тұрғындарының қызметінің технологиялық жаңа үрдісін игеруді қарастыратын процестік инновациялар.

Жоба бойынша Ақтөбе қаласында «SmartCityАктобе» мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін қолдана отырып, аппаратты-бағдарламалық кешен құру қарастырылады, ол мемлекеттік және жеке меншік сектор арасындағы тәуекелдерді ұтымды бөлуге және мемлекет үшін әлеуметтік-экономикалық және бюджеттік тиімділік көрсеткіштеріне, сонымен қатар жеке инвестор үшін қаржылық тиімділіктің қажет көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Аталмыш жобаның нәтижесі қылмыстардан, құқық бұзушылықтан және жол-көлік оқиғаларынан әлеуметтік-экономикалық зиянды төмендету, жаңа жұмыс орындарын құру,

әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдардан түсімдер есебінен облыстық бюджеттің табыс бөлігін арттыру болып табылады.

Жобаның бұл бағытын жүзеге асырудың қосымша табыстылығы автоматтандырылған жүйе енгізу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, салықтық түсімдердің артуы, энергия ресурстарын және мамандандырылған құрал-жабдықтарды бақылау жүйесін пайдалану арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергия үнемдеу саласында мемлекеттік- жеке меншік әріптестік жобасын жүзеге асырудан оң нәтиже болудан көрінеді.

Қорытынды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев республиканың барлық қалаларында «Смарт сити» жүйесін енгізу қажеттілігі туралы айтты. Елбасы Астана смарт қаласының тәжірибесі негізінде эталондық стандарт құру қажет және Қазақстан қалалары арасында ең үздік тәжірибені және тәжірибе алмасуды таратуды бастау қажет деп санайды.

Оның пікірінше, ақылды қалалар өңірлік дамудың, инновация таратудың және ел аумағында халықтың өмір сүру сапасын арттырудың өзегі болады.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарындағы 7\7 саясат\реформаның «Мықты өңірлер және урбандалу» 5-реформасының мәні бүкіл ел бойынша өмірдің базалық сапасын қамтамасыз еткен кезде қолда бар жергілікті әлеуетті (экономикалық резервтерді) тиімді пайдаланумен қамтамасыз етілетін өңірлердің экономикалық өсуі есебінен елдің ЖІӨ-ін арттыруға бағытталған [11]. Бұл реформадағы «Smart City» тұжырымдамасын іске асыру» бастамасы бойынша Қазақстанның барлық қалаларында Астананың және басқа елді мекендердің тәжірибесін ескеретін «эталонды» стандарт «Smart City» негізінде тұжырымдамасы іске асырылатын болады делінген.

Smart Сity тұжырымдамасы қала шаруашылығының барлық қызметі жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылады. Smart Сity миссиясының орталығында адам және оның қажеттіліктері болады. Ақылды қаланың өзекті сипаттамалары ыңғайлық, қауіпсіздік, тиімділік және экологиялық болып табылады.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі көрсеткіштерінің бірі елдің бес ірі қаласында Smart Сity дамыту болып табылады - Smart Astana, Smart Karaganda, Smart Ontystuk, Smart Almaty, Smart Aktobe.

Мемлекеттік бағдарлама аясында «ақылды қалалардың» типтік тұжырымдамасы әзірленген. Онда Интернет, жасанды интеллект, т.б. алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланатын жобалар тізімі келтірілген. Бұл құжат сонымен қатар Smart Сity технологиясын іске асырудың негіз салушы қағидаларын, тәсілдерін, мақсаттарын, басымдықтары мен міндеттерін анықтады.

Жобалар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында, бюджеттік қаржыландыру және жеке инвестициялар шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Бұл кезде жобаларды жүзеге асыру ең үздік әлемдік және отандық тәжірибелерге бағдарлану, яғни бенчмаркингті қолдана отырып жүргізіледі деп жоспарланады.

Қазақстан Республикасында халықаралық стандарттар негізінде Smart City саласында өзіндік ұлттық стандарттар әзірленіп бекітілді. Ұлттық стандарттар қалалық процестерді орталықтандырылған басқарудың түбегейлі жаңа мүмкіндіктеріне бірыңғай талаптар бекітеді, бұл талаптар энергия үнемдеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, экология және ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялық міндеттерді шешу есебінен жоғары қауіпсіздік және сервис деңгейін де қамтиды.

Ақтөбе облысындағы Smart City жобасы облыс әкімдігімен ғаламдану және урбандалу үрдістеріне жауап ретінде ұсынылды. Ақтөбе Smart City жобасы тартымды сервис құру және халық, бизнес, денсаулық сақтау, білім беру және ғылым үшін шешім қабылдау үшін «ақылды қала» тұжырымдамасын кешенді жүзеге асыру мақсатын көздейді. «Ақылды қала» жаңа ортақ құндылықтар, «жасыл экономика» және жоғары технологиялар құру үшін бизнес пен билікті, жеке компанияларды, білім беру мекемелерін жұмылдырады. Мұндай ынтымақтастық бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру және дербес шаралардан тұтас тәсілге көшуді мақсат етеді.

Жобаның өзекті мақсаттары халықтың өмір сүру сапасын, бәсекеге қабілеттілікті және басқару тиімділігін арттыру, қала халқының күнделікті сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Әдебиеттер тізімі:

1 "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

2018 жылғы 10 қаңтар

2 "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы

3 Batty, M., Axhausen, K.W., Giannotti, F. et al. «Smart cities of the future» // The European Physical Journal Special Topics. (2012) 214: 481. https://doi.org/10.1140/epjst/e2012- 01703-3

4 Deakin, M. «Smart cities: the state-of-the-art and governance challenge»// Triple Helix. (2014) 1: 7. https://doi.org/10.1186/s40604-014-0007-9

5 Степанянц М.Т. Добродетельный человек добродетельного города./История философии. Запад-Россия-Восток. Книга первая. Философия древности и средневековья.- М.:Греко-латинский кабинет, 1995 - с.413-421

6 Есаулов Г. В. Умный город как модель урбанизации ХХІ века / Г. В. Есаулов, Л. Г.

Есаулова // Градостроительство. — 2013. — № 4 (26). — С. 27−31.

7 Чекалин, В. С. Экономика городского хозяйства [Электронный ресурс] : Учебник / В. С. Чекалин. - СПб. : СПбГИЭУ, 2010

8 Визгалов Д.В. Брендинг города. - М., Фонд "Институт экономики города", 2011 9 «Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бас жоспары» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 қазандағы №643 қаулысы //http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1600000643

10 Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы (Ақтөбе облыстық маслихатының №82 сессиясының шешімі 12.12.2016 ж.)

11 Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы №636 Жарлығы ОСНОВНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ РЕАЛИЗАЦИИ ПРОЕКТА УМНЫЙ

ГОРОД АКТОБЕ Р.А.Есберген*1, М.Д.Сайымова2

1Филиал Академии государственного управления при Президенте РК по Актюбинской области, г.Актобе, Казахстан

2Актюбинский региональный государственный университет им. К.Жубанова, г.Актобе, Казахстан

e-mail: [email protected]

Резюме. В научной статье рассмотрены приоритеты реализации концепции умного города в рамках развития системы цифрового государственного управления в Республике Казахстан на примере города Актобе. Основная цель статьи – определение путе й

создания системы «Актобе безопасный город» путем анализа основных направлений по внедрению национальных стандартов построения «умных городов». Сделан обзор мирового опыта создания умных городов. Анализированы основные модели формирования и развития умных городов в мире. Проблемы создания умного города Актобе переплетены основными целями и задачами Программы развития территорий по Актюбинской области на 2016-2020 годы. При написании статьи использованы научные методы анализа и сравнения. Основные выводы и предложения в научной статье основаны на государственных программах региональной политики, политики цифровизации в РК, ежегодных Посланиях Президента РК.

Ключевые слова: урбанизация, агломерация, умный город, проект «смарт сити Актобе», цифровое государство, агломерация Актобе, безопасный город.

MAIN DIRECTIONS OF IMPLEMENTATION OF THE PROJECT SMART CITY OF AKTOBE

R.A.Esbergen*1, Saiymova M.D.2

Branch of the Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhsta of Aktobe region, Aktobe, Kazakhstan

Aktobe regional state University named after K. Zhubanov, Aktobe, Kazakhstan e-mail: [email protected]

Summary. In this article priorities of implementation of the concept of the smart city within development of system of digital public administration in the Republic of Kazakhstan on the example of the city of Aktobe are considered. Main objective of article – definition of ways of creation of the Aktobe Safe City system by the analysis of the main directions on introduction of national standards of creation of "the smart cities". The review of international experience of creation of the smart cities is made. The main models of formation and development of the smart cities in the world are analyzed.

Problems of creation of the smart city of Aktobe are bound by main objectives and tasks of the Program of development of territories of the Aktobe region for 2016-2020. When writing article scientific methods of the analysis and comparison are used. Basic results and proposals in the field of state policy in the field of regional politics, digitalization of policy in the Republic of Kazakhstan, the President Decree of the Republic of Kazakhstan.

Key words: urbanization, agglomeration, smart city, "smart of city of Aktobe" project, digital state, agglomeration of Aktobe, safe city.

МРНТИ 06.71.07 УДК 338.43

ОЦЕНКА ЭКОНОМИЧЕСКОЙ УСТОЙЧИВОСТИ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ ПРЕДПРИЯТИЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Р.Н. Жангирова

Казахский национальный аграрный университет, г. Алматы, Казахстан e-mail: [email protected]

Аннотация. В статье исследованы вопросы экономической устойчивости аграрного производства. Показана современная ситуация в сельском хозяйстве Республики Казахстан. Основное внимание акцентируется на аспектах реализации экономических интересов в аграрном секторе. Анализируются сложившиеся тенденции и проблемы устойчивого развития сельскохозяйственных предприятий Республики Казахстан. Изучены основные показатели реализации ведущих культур в сельскохозяйственных предприятиях Республики Казахстан. Рассчитаны показатели минимальной прибыли с одного гектара ведущих культур, обеспечивающие ведение простого и расширенного воспроизводства, для сельскохозяйственных предприятий Республики Казахстан. Составлена модель прогноза реализации продукции растениеводства, использован метод экстраполяции динамического ряда. Произведены расчеты тренда прогнозных показателей реализации ведущих культур растениеводства сельскохозяйственных предприятий Казахстана. Сформулированы пути по повышению экономической устойчивости агропредприятий Казахстана. Определены основные перспективы развития, которые влияют на динамику показателей сельскохозяйственных предприятий Казахстана.

Ключевые слова: экономическая устойчивость, сельскохозяйственные предприятия, эффективность, рентабельность, воспроизводство сельскохозяйственного производства, прогноз развития растениеводства.

Введение. Проблема определения уровня экономической устойчивости еще недостаточно изучена. Устойчивость сельскохозяйственного производства как комплексное понятие характеризуется совокупностью показателей. Однако до последнего времени среди экономистов отсутствует единое мнение по поводу того, какие конкретные показатели следует использовать при оценке устойчивости производства. Вместе с тем, все показатели, которые