ЭКОНОМИКА И МЕНЕДЖМЕНТ
МРНТИ 06.51.25 УДК 339.9
Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 юююююю 81 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ПРОКЬЮРЕМЕНТІ МЫСАЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
Д.А. Айтжанова1, Ғ.М. Дүйсен*2, М.Д. Уалтаев3
1Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты,
2Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы, Қазақстан
3әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан e-mail: [email protected]
Түйін. Мақалада мемлекеттік сатып алу саласындағы шетел мемлекеттерінің тәжірибесі мен практикасына негізделген ұлттық экономиканы цифрландыруды дамытуға байланысты мәселелер қаралды. Авторлар біздің республикамыздағы мемлекеттік сатып алу жүйесінің қалыптасуының жалпы жағдайын сипаттап, қазіргі кездегі кемшіліктері мен мәселелерін атап өткен. Мемлекеттік сатып алу жүйесінде Еуропа елдерінің, Жапония, Үндістанның индустрияландырылған озық тәжірибелеріне талдау жүргізілді. Авторлар ұлттық экономиканы дамытудың нақты жағдайларын ескере отырып, Қазақстандағы мемлекеттік сатып алулар саласындағы озық әлемдік тәжірибені пайдаланудың негізгі шарттары мен мүмкіндіктерін негіздеген.
Түйінді сөздер: мемлекеттік сатып алу, прокьюремент, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, цифрландыру, цифрлы технологиялар, қызметі мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік сатып алу жүйесі.
DIGITALIZATION OF THE KAZAKHSTAN’S ECONOMY ON THE EXAMPLE OF STATE PROCUREMENT OF FOREIGN COUNTRIES
D.A. Aitzhanova1, G.M. Duisen*2, M.D. Ualtayev3
1R.B. Suleimenov Institute of Oriental Studies,
2 Almaty academy of economy and statistics, Almaty, Kazakhstan
3al-Farabi Kazakh National University, e-mail: [email protected]
Summary. This paper examines issues related to the development of digitalization in the national economy based on the experience and practice of foreign countries in the field of public procurement. The authors described the general situation of the formation of the public procurement system in our republic, noted the shortcomings and problems of its development at the present time. The analysis of best practices of industrialized countries of Europe, Japan, India in the public procurement system has been carried out. The authors substantiated the basic conditions and possibilities of using advanced world experience in the field of public procurement in Kazakhstan, taking into account the real conditions of the development of the national economy.
Key words: state procurement, procurement, information and communication technologies, digitalization, digital technologies, state procurement service, state procurement system, state services.
МРНТИ 06.51.25
82 Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
Кіріспе. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жыл сайынғы Жолдауы мемлекет және билік пен қоғам арасындағы коммуникацияны стратегиялық жоспарлаудың дәстүрлі құралына айналды. 2017 жылғы 31 қаңтардағы Елбасы Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыртуы:
жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталды. Сәйкесінше, экономикалық қайта құрулар осы маңызды құжаттың өзегі болып табылады. Жаһандық бәсекелестіктің күшеюін, әлемдік экономикадағы дағдарыс пен оның Қазақстан экономикасына әсерін, атап айтқанда, шикізат бағасының жоғарлауын есепке алғанда, бұған негіз бар. Отандық экономиканы әртараптандыру, елдің шикізаттық емес саласын дамыту мәселелері қарастырылуда. Сондықтан да, экономикалық қайта құрулар, қаржы және табиғи ресурстарды пайдаланудың тиміділігін арттыру аса маңызды болып табылады.
Ел экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі, технологиялық жаңғырту мақсаттарына қол жеткізу әлеуметтік-мәдени саланың дамуымен ұштасуы қажет. Осы ретте, маңызды бір мәселе - Қазақстандағы білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру. Бұл адами капиталды дамытумен тығыз байланысты [1].
Адами капитал – білім саласын дамыту негізі. «Білім экономикасын» қалыптастыру мен дамытудың басты факторы креативтік және инновациялық адами капитал болып табылады. Адами капиталды таңдау еңбек өнімділігін, өмір сүру деңгейін, білім беру сапасын, денсаулық сақтауды, демалу саласы мен мәдениетті арттыруға негізделген ұлттық саясаттың жаңа принциптерін құру қажеттілігін айқындайды.
2018 жылдың 10 қаңтарында Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында ел дамуының 10 басым бағытын айқындап, оларды жүзеге асырудың тетіктерін нақты көрсетіп берді. Осы Жолдауда аталған 10 басым бағытта маңызды және бағыттардың барлығы жаңа заман талабына сай, елді дамытуға бағытталған қадамдар.
Жолдаудағы басымдық берілген міндеттердің бірі де осы адами капитал болып отыр.
Сонымен қатар, барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы – өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту.
Біз үшін, яғни білім саласының мамандары үшін ең маңыздысы адами капиталына инвестиция салу, адами капиталын дамыту екені белгілі [2].
Әдістері. Адами капиталын инвестициялауда білімнің рөлі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен механизацияланған және автоматтандырылған еңбек үлесінің ұлғаюына қарай жоғарылайды. Қазақстанда объективтік жағдайларға байланысты адами капиталының тапшылығы тұр, сол себепті саны жағынан жетіспеушілікті толтыру үшін сапасына ерекше талаптар қойылуда.
Қоғамның жаңғыртылуының негізгі шарты болып, жаңа әлеуметтік біліктілік пен рөлдерді адамдардың игеруі, қоғамның ашықтығын есепке ала отырып, адамдардың әлеуметтік әрекетінің мәдени дамуы, олардың жедел ақпараттануы, өзгерістердің динамикасының өсуі болып табылады.
Нәтижелер және талқылау. Қазіргі таңда қоғамдық дамудың басты факторы ғылыми- техникалық прогресс емес, адам сапасы болып отыр. Қазақстандық жаңа менталитеттiң құрылуы мен экономикалық қайта өңдеудiң, шаруашылық субъектiлердiң ойлауы мен әрекетiнiң идеологиялық негiзiнiң бiрi, адами капиталы теориясы болу керек, ол қазiргi күндегi нарықтық экономика жағдайын есептеп, ондағы ғылым мен бiлiм орнын анықтау арқылы, халықтың әлеуметтiк қарым-қатынасын құрудағы тұрақты теориялық базасын қарастыра білуі керек. Қазақстандағы адами капиталының болашақтағы орны мен рөлі жұмсалған инвестициялардың сапасына байланысты. Өтпелі кезеңде әсіресе адами капиталының дамуы мәселесі кең өріс алуда. Адами капиталы мәнінің өсу концепциясы адамды басты мақсат ретінде қарайды, мұның мәні қоғамдағы позитивтік өзгерістер мен экономикалық көрсеткіштердің өсуі адамдардың негізгі қажеттіктерін қамтамасыз етуге әсер етуі керек және еркіндік беріп, ерікті таңдауға мүмкіндік ашуы керек. Адам да өз әлемін басқаруда өзін-өзі басқару мүмкіндігі мен ынта жігерін дамытуға негізгі күштің бәрін бағыттау тиіс.
Капиталдың өзге әр түрлі нысандарына жасалатын инвестициялармен салыстырғанда адами капиталына жұмсалатын инвестициялар жеке дара тұрғысынан да анағұрлым пайдалы. Адами капиталын инвестициялауда білімнің рөлі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен механизацияланған және автоматтандырылған еңбек үлесінің ұлғаюына қарай жоғарылайды.
Қазақстанда объективтік жағдайларға байланысты адами капиталының жетіспеушілігі бар, оны саны жағынан толтыру үшін сапасына ерекше талаптар қойылуда. Қоғамды жаңғыртудың негізгі шарты, жаңа әлеуметтік біліктілік пен рөлдерді адамдардың игеруі, қоғамның ашықтығын есепке ала отырып, адамдардың әлеуметтік әрекетінің мәдени дамуы, олардың жедел ақпараттануы, өзгерістердің динамикасының өсуі болып табылады.
Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 юююююю 83 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
Білім беруді қоса алғанда, елдің экономикасының әртүрлі салаларының өсу қарқынын және дамуын бағалайтын баламалы құрал – жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің IMD (Халықаралық менеджментті дамыту институты) рейтингісі болып табылады. Ең толық аналитикалық зерттеулердің біріне IMD-нің елдердің төрт факторға негізделген бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері жатады (1- кесте).
Кесте 1
Бәсекеге қабілеттілі елдердің факторлары, IMD
Экономикалық қызмет Үкіметтің тиімділігі Бизнес тиімділігі Инфрақұрылым Ішкі экономика Мемлекеттік қаржы Өнімділік және
тиімділік Базалық
инфрақұрылым Халықаралық сауда Қазыналық саясат Еңбек нарығы Технологиялық инфрақұрылым Сыртқы инвестициялар Институционалдық орта Қаржы Ғылыми
инфрақұрылым Жұмыспен қамтылу Бизнесті реттейтін
заңдылық Менеджмент
тәжірибесі Денсаулық сақтау және қоршаған орта
Бағалар Қоғамдық орта Қатынас және
құндылық Білім беру
Ескертпе:Факторы обеспечения конкурентоспособности и динамики развития национальной экономики Казахстана: Оқулық/ Иманбердиев Б.Д.- Алматы:2010. - 395б.[2]
Әлеуметтік прогрестің деңгейі экономикалық көрсеткіштердің өсуімен ғана өлшенбейді. 25 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) адамның дамуы туралы алғашқы баяндаманы жариялады. Ол «қарапайым ойдан басталды: даму – бұл адам таңдауы мүмкіндіктерінің кеңеюі және тар мағынада экономиканың байлығына емес, кең мағынада адамдардың өмірінің байлығына арналған».
Қазақстан ширек ғасыр, БҰҰДБ адам дамуы индексі бойынша дамыған елдердің қатарына кіреді. Осыған байланысты, еліміздің жетістіктерін айқындайтын және тұрғындардың әлеуметтік- экономикалық дамуын сипаттайтын үш аспектісі: денсаулық сақтау; білім беру және азаматтардың материалдық әл-ауқаты жағдайы құралады.
Жастар саясаты саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар Қазақстанға 183 ел бағаланған Global Youth Development Index 2016 - Жаһандық жастарды дамыту индексінде 61 позицияны иеленуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жастарды мемлекеттік қолдау бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Әлемдік экономика және саясат институтымен әзірленген жастарды дамыту индексі бұл салаға инвестицияның тиімділігін бағалайтындығын көрсетеді.
Жастарды дамыту индексі 170 елді қамтиды, демек 15 жастан 29 жасқа дейінгі жас ұрпақтың адами дамуының деңгейі 5 негізгі субсидиялар (білім беру, денсаулық және әл-ауқат, жастарды жұмыспен қамту, жастардың саяси өмірге араласуы және оның азаматтық белсенділігі) негізінде есептеледі (1-сызба).
Адами даму капиталының жиынтығы 0 мен 1 арасындағы шкала бойынша оның құрамдас бөліктерінің барлық индикаторларының орташа мәні ретінде есептеледі, мұнда 1 - дамудың ең жоғары деңгейі. Осы индексті есептеу кезінде Ұлттық статистикалық агенттіктер мен Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік банктің деректер базасынан мәліметтер пайдаланылады.
Әлемдік қауымдастық бірнеше онжылдықтар бойы әр мемлекеттердегі адами даму деңгейін, негізгі өткір үрдістерін талдап келеді, осы сараптамалар негізінде Адами Даму Индексінің ғылыми есептеулері дайындалады.
Қазақстан әлем елдері бойынша Адами Даму Индексінің рейтингісінде 2015 жылы 56 орынды иеленген. Көшбасшы елдер ретінде алғашы ондығын келесі мемлекеттер бастап отыр: Норвегия, Австралия, Швейцария, Дания, Нидерланды, Германия, Ирландия, Америка Құрама Штаттары, Канада, Жаңа Зеландия. Сонымен қатар, ТМД елдерінің арасында Қазақстан (56-орын), Ресей (50-орын), Әзірбайжан (78-орын), Украина (81-орын), Армения (85-орын), Қырғызстан (120-орын) және Тәжікістан (129-орын) орынды иеленді.
84 Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
Сызба 1 Жастарды дамыту индексінің субиндекстері мен олардың көрсеткіштері
Ескертпе: The Global Competitiveness Repost 2016-2017 http://www3. weforum. ord/docs/GCR 2016-2017/05 FullReport [3]
ТМД елдерінің арасында Қазақстан Ресейден кейінгі 2-ші орынды алып отырғандығын төмендегі 2-кестеден көреміз.
Кесте 2 Әлемнің және ТМД елдерінің адами капиталының даму индексі
№ Елдер 2015 ж. 2016 ж. 2017 ж. АДИ-дегі 2017 жылғы орны
1 Норвегия 0,949 0.944 0,953 1
2 Австралия 0,939 0.935 0,939 3
3 Швейцария 0,939 0.930 0,944 2
4 Дания 0,925 0.923 0,929 10
5 Нидерланды 0,924 0.922 0,931 9
6 Германия 0,926 0.916 0,936 5
7 Ирландия 0,923 0.916 0,938 4
8 Америка құрама штаттары 0,920 0.915 0,924 12
9 Канада 0,920 0.913 0,926 11
10 Жаңа Зеландия 0,915 0.913 0,917 15
ТМД елдері
50 Ресей 0.798 0.798 0,816 43
56 Қазақстан 0.788 0.788 0,800 52
78 Азербайджан 0.751 0.751 0,757 71
81 Украина 0.747 0.747 0,751 75
85 Армения 0.733 0.733 0,755 72
120 Қырғызстан 0.655 0.655 0,672 100
129 Тәжікістан 0.624 0.624 0,65 107
Ескертпе: The Global Competitiveness Repost 2016-2017 http://www3. weforum. ord/docs/GCR 2016- 2017/05 FullReport [4].
Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 юююююю 85 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
Қазақстан Әлем елдерінің рейтінгісі бойынша, 2017 жылы 52 орынды иеленді, ал сәйкесінше 2015 жылмен салыстырғанда 4 орынға алға жылжып отыр. Осы орайда, көшбасшы елдерінің алғашы ондығын: Норвегия, Австралия, Швейцария, Дания, Нидерланды, Германия, Ирландия, Америка Құрама Штаттары, Канада, Жаңа Зеландия сақтап қалып отыр.
Қазақстанның болашағы экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруына, бизнес- ортаны түбегейлі жақсартуға және кеңейтуге, макроэкономикалық тұрақтылығына байланысты, алайда, бұл жетістікке білімсіз, жоғары білікті мамандарсыз қолжеткізу мүмкін емес. «Адамзат дамуының бірден бір жолы – білім, ал барлық кедергілерді жеңудің жалғыз жолы – интеллект», деп бекер айтылмаған. Білім және интеллект – Қазақстан экономикасына қажет білім беру өнімдері.
Қазіргі кезеңде білім беру экономикалық өсу стратегиясының элементі болып табылады, оны қолдау және болжау әлемнің барлық дамыған елдерінің мемлекеттік реттеу тәжірибесінің бір бөлігі.
Білім беруді дамытудың маңызды ынталандырушыларының бірі оның адами капиталды өндіруші және әлеуметтік-экономикалық өсу факторы ретінде қалыптасады. Сондықтан барлық дамыған елдерде, өткен ғасырдан бастап, ұлттық басымдықтар жүйесінде білім берудегі кәсіби дайындықтың рөлі мен маңызы өсті. Бұл мақсатқа жетуге соңғы 40-50 жылдарда елеулі экономикалық өсімге қол жеткізген бірқатар елдердің ұлттық табысындағы білім беруге жұмсалатын шығындардың үлесі себеп болды .
Қорытынды. Қазақстан 2050 жылы халқының табысы мен өмір сүру сапасы жоғары, әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына кіруі керек. Бүгінде аталған жетістікке қол жеткізу үшін, мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған мемлекеттік бағдарламаларда адами капиталды дамыту қолға алынуда.
Білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың қамтамасыз етілу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарда жетерлік. Дегенмен, адами капитал сапасының жоғары деңгейін бірінші кезекте жақсы білім қамтамасыз етеді. Сондықтан да, біз адами капиталын дамытудың білім берумен қатысты мәселелеріне назар аудардық. Адам капиталына инвестиция салудың өзіндік ерекшеліктері бар, яғни оның басқа салалардан айырмашылығы бірден пайда түсірмейтіндігінде. Жоғары деңгейлі мамандар дайындау көп уақыт пен күш-жігер жұмсауды талап етеді. Бірақ, нәтижесі өзін-өзі ақтайтыны ақиқат. Білікті мамандардың арқасында ел экономикасы тұрақты өсу траекториясына шығып, дағдарыс жағдайында да сындарға төтеп берері анық. Адамды дамыту мен қоғамның өркендеуі бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, бұл бағыттағы жұмыс ешқашан бәсеңдемеуі тиіс.
Әдебиеттер тізімі:
1 Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғырылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауы. Казахстанская правда 31.01.2017ж. №20.
2 http:// www.google. Маралдым Маханова «Білім саласын дамыту адами капитал сапасын арттырады» 03.02.2018 ж.
3 Факторы обеспечения конкурентоспособности и динамики развития национальной экономики Казахстана: Оқулық/ Иманбердиев Б.Д. - Алматы: 2010. - 395б.
4 The Global Competitiveness Repost 2016-2017 http://www3. weforum. ord/docs/GCR 2016- 2017/05 FullReport.
ЧЕЛОВЕЧЕСКИЙ КАПИТАЛ - ОСНОВА ТЕХНОЛОГИЧЕСКОЙ МОДЕРНИЗАЦИИ З.Н. Абиева* 1, Л.К. Маткаримова 2
Казахский национальный педагогический университет имени Абая, г. Алматы, Казахстан
e-mail: [email protected]1
Резюме. В статье рассматривается проблемы человеческого капитала Республики Казахстан, а также был проведен анализ факторам конкурентоспособности страны, индексы развития молодежи IMD, субиндексы и их показатели на 2015-2017 года, индексы разития человеческого капитала стран СНГ и мира.
В Послании Лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» развитие человеческого капитала определено как седьмое приоритетное направление развития страны. Н.А.Назарбаев, говоря о модернизации страны, делает ставку на развитие «умной экономики», что, в свою очередь, требует новых знаний, компетенций, навыков.
Ключевые слова: человеческий капитал, конкурентоспособность, технология, модернизация, индекс, образование, инвестиция, революция, наука, интеллект, здравоохранение.
86 Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
ASSESSMENT OF FOOD SECURITY IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN S.N.Abieva* 1, L.K. Matkarimova2
Kazakh national pedagogical university named after Abai Almaty, Kazakhstan
E-mail: [email protected]1
Summary. The article deals with the problems of human capital of the Republic of Kazakhstan, and also analyzed the factors of the country's competitiveness, youth development indices IMD, sub-indices and their indicators for 2015-2017, indices of human capital development in the CIS countries and the world.
In the Message of the Leader of the Nation N.A. Nazarbayev to the people of Kazakhstan “New development opportunities in the conditions of the fourth industrial revolution” development of human capital is defined as the seventh priority direction of development of the country. N.Nazarbayev, speaking of the modernization of the country, relies on the development of a “smart economy”, which, in turn, requires new knowledge, competencies and skills.
Key words: human capital, competitiveness, technology, modernization, index, education, investment, revolution, science, intelligence, healthcare.
МРНТИ 06.51.77