• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Управление репутацией НПО

In document №1 (44) (бет 109-132)

Əлеуметтану Социология Sociology

Схема 4. Управление репутацией НПО

ния НПО; процессы внутренней интеграции и по- строение сетей НПО; наиболее влиятельные сете- вые организации и их вклад в развитие третьего сектора, взаимодействие с бизнес-структурами и органами власти; ресурсные центры НПО и их ус- луги);

7. Public Image – Репутация (вопросы освеще- ния деятельности НПО в СМИ, аспекты восприя- тия организаций третьего сектора органами власти, коммерческими структурами, населением).

В организациях трех секторов складываются различные организационные культуры, что также не способствует взаимопониманию между ними.

Так в большинстве коммерческих организаций складывается культура, ориентированная вовне и стремящаяся к максимизации коммерческой выго- ды. В большинстве властных структур господству- ет бюрократическая культура, для которой стабиль- ность и постоянство важнее сиюминутной выгоды.

Выделить какую-либо организационную куль- туру, свойственную неправительственным органи- зациям, чрезвычайно сложно. Отдельные НПО в ходе развития приобретают черты коммерческой организации – чаще это происходит с проектно- ориентированными НПО. Другие становятся похо- жи на государственное учреждение, что наиболее естественно для организаций, ориентированных на властные структуры и бюджетные источники

ресурсов. Третьи становятся исследовательскими структурами и разрабатывают интеллектуально ем- кие продукты и услуги, а достижение прикладных результатов становится менее значимым.

Поэтому устойчивые и результативные межсек- торные взаимодействия происходят только в том случае, если при их планировании и осуществле- нии учитываются индивидуальные и секторальные особенности и интересы организаций-участников.

Таким образом, интегральным показателем раз- вития сектора неправительственных организаций является уровень межсекторного взаимодействия, определяемый следующими основными показате- лями:

• Организационный потенциал (количество и состав НПО, динамика и предпосылки изменения количества организаций, активность и устойчи- вость отдельных организаций);

• Направления деятельности НПО. Взаимодей- ствие с целевыми группами (направления деятель- ности организаций, спектр предоставляемых услуг, степень охвата целевых групп);

• Финансовая стабильность (структура и объем доходов, взаимодействие с донорами);

• Репутация (имидж НПО в СМИ, восприятие органами власти, коммерческими организациями, населением, внутри третьего сектора);

• Инфраструктура сектора. Внутрисекторное ɍɩɪɚɜɥɟɧɢɟ

ɪɟɩɭɬɚɰɢɟɣ ɇɉɈ

¾ Ɏɨɪɦɢɪɨɜɚɧɢɟɪɟɩɭɬɚɰɢɢ

¾ ɉɨɞɞɟɪɠɚɧɢɟ ɪɟɩɭɬɚɰɢɢ

¾ Ɂɚɳɢɬɚ ɪɟɩɭɬɚɰɢɢ

ɍɩɪɚɜɥɟɧɢɟ ɪɟɩɭɬɚɰɢɟɣɜɧɭɬɪɢɇɉɈ

¾ ɋɨɡɞɚɧɢɟ ɤɨɦɚɧɞɧɨɝɨ ɤɨɞɟɤɫɚ ɩɨɜɟɞɟɧɢɹ

¾ ɪɚɡɪɚɛɨɬɤɚ

ɮɢɥɨɫɨɮɢɢ ɨɪɝɚɧɢɡɚɰɢɢ

ɍɩɪɚɜɥɟɧɢɟ ɪɟɩɭɬɚɰɢɟɣ ɇɉɈ ɜɨɜɧɟɲɧɟɣɫɪɟɞɟ

¾ ɪɟɚɥɢɡɚɰɢɹ ɫɨɰɢɚɥɶɧɨ- ɡɧɚɱɢɦɵɯ ɩɪɨɟɤɬɨɜ

¾ ɩɨɫɬɪɨɟɧɢɟ

ɜɡɚɢɦɨɨɬɧɨɲɟɧɢɣɫ

ɩɚɪɬɧɟɪɚɦɢ (ɤɨɚɥɢɰɢɢ, ɫɟɬɢ)

¾ ɪɟɚɥɢɡɚɰɢɹ ɩɚɪɬɧɟɪɫɤɢɯ ɨɬɧɨɲɟɧɢɣɫɝɨɫɭɞɚɪɫɬɜɨɦɢ ɛɢɡɧɟɫɨɦ

взаимо дей ствие НПО (центры поддержки НПО, координация деятель ности третьего сектора, внут- рисекторное сотрудничество);

• Межсекторное взаимодействие НПО. Вли- яние на решение властей (взаимодействие с вла- стью и бизнесом, значимость роли неправитель- ственных организаций в при нят ии решений орга- нами влас ти).

Тематическими сферами перспективного взаимо- дей ствия НПО Республики Казахстан являются:

1) экология, защита окружающей среды (сов- местный мони торинг состояния окружающей сре- ды, проекты в области экологического образования, повышения значимости экологической проблема- тики в глазах населения, содействие устойчивому развитию территорий);

2) права человека (общественный мониторинг соблю дения прав человека, сотрудничество с меж- дународными инсти тутами защиты прав человека);

3) государственное управление и местное само управление;

4) содействие повышению качества менед- жмента в орга нах власти;

5) повышение прозрачности деятельности власти (разра бот ка и внедрение действенных ме- ханизмов обще ственного контроля, обеспечение доступа граждан к инфор мации о работе органов власти);

6) расширение практики и развитие меха- низмов общественного участия (на национальном и региональном уровнях государственной власти, в деятельности местного самоуправления);

7) содействие экономическому развитию (развитие малого предпринимательства, преодоле- ние экономической отсталости сельских районов, сниж ение административных барьеров, налажива- ние экономических связей, развитие инфраструк- туры экономической деятельности, в частности, туризма);

8) социальная защита населения (содействие более справедливому распределению и эффек- тивному исполь зованию общественных ресурсов, преж де всего, социальных расходов местных и ре- гиональных бюджетов);

9) развитие культуры (сохранение культурно- го раз но образия, содействие культурному обмену, совместные проек ты в области современного ис- кусства);

10) развитие сферы образования (повышение дос туп ности и качества образования, распростра- нение перспек тивных форм образовательной де- ятельности, формирование единого европейского образовательного пространства);

11) информационная сфера (повышение независи мости средств массовой информации, повышение профессио нализма и защищенности журналистов, информационный обмен, создание с овместных информационных продуктов);

12) научно-исследовательская деятельность (содей ствие академическому обмену, проведение совместных кон ферен ций, симпозиумов, повыше- ние степени научного осмысления текущих общес- твенных процессов).

Неправительственные организации ЮКО уже вносят существенный вклад в устойчивое развитие региона, в частности, путем повышения инфор- мированности общества и активизации участия граждан в общественной жизни, реинтеграции сла- бозащищенных категорий населения, сохранения и приумножения культурного и природного досто- яния области. Вклад неправительственных органи- заций республики осуществляется через комплекс чрезвычайно разнообразных видов деятельности, от выполнения роли связующего звена между раз- личными сегментами общества и органами госу- дарственной власти до оказания адресной помощи нуждающимся и организации досуга населения.

Литература

1 Якимец В. Некоммерческий сектор в России: анализ современной ситуации. // Социальное партнерство: НПО, бизнес, СМИ.

– АСИ. – М., 2001.

2 Conner D.R. Managing at the speed of change. – N.Y.: Villard Books, 1999. – Р. 8-11.

3 Сатыбекова Э.С. Социальные механизмы реализации гендерных подходов в деятельности женских НПО РК: автореф. дисс. к.

социол.н. – Алматы, 2004.

4 Либоракин М., Флямер М., Якимец В. Социальное партнерство: заметки о формировании гражданского общества в России.

- М.: Школа культурной политики, 1996.

References

1 Ykimez V. Nekkomercheskii sector v Rossii, analiz sovremennoi situazii.// Socialinoe partnerstvo: NPO, hiznes, SMI. – ASI. – М., 2001.

2 D.R.Conner. Managing at the speed of change. – N.Y.: Villard Books, 1999. – Р. 8-11.

3 Satybekova E.S. Socialnie mehanizmi realizazii gendernih podhodov v deytelnosti zhenskih NPO RK. Аvtoref diss. k.sociol.n. – Аlmati, 2004.

4. Liborakin M., Flymer М., Ykimez V, Socialnoe partnerstvo: zametki o formirovanii grazhdanskogo obzhestva v Rossii. - М.: Shkola kulturnoi politiki, 1996.

ƏОЖ 316.61

Г.О. Əбдікерова*, М.К. Шынарбекова

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

*E-mail: a.gulnapis@mail.ru

Қазіргі тұлғаның əлеуметтену ерекшеліктері

Қазақстан қоғамының барлық салаларындағы прогрессивтік əлеуметтік өзгерістер басқа да факторлар- мен қатар, модернизация ұғымымен байланысты. Модернизация Қазақстанды социумды басқарудың командалық-əкімшілік əдістерінен барлық өркениетті елдерде қолданылып отырған индустриалды- инновациялық əдістерге бағыттау мақсатын көздейтін түбегейлі саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени өзгерістер жүргізумен байланысты. Жаңарудың басты ерекшелігі – мемлекеттің ұлттық мүддесіне негізделген өзіндік стратегиясы мен тактикасының болуы.

Қазіргі тұлғаға қоғам тарапынан ұлттық мақсаттарға сапалық жағынан сай келетін қабілеттіліктер мен дағдыларды қалыптастыру секілді үлкен міндет жүктелген. Тұлғаның дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Қоғамның жаңа өркениетті сатыға көтерілуі өз кезегінде тұлғада жалпыадамзаттық, гуманистік үлгілерге сəйкес сапалық қасиеттердің қалыптасуын əкеледі.

Тұлғаның дамуындағы басты тенденция оның əлеуметтік құбылыстардың объектісінен субъектісіне айналуы. Қоғамның инновациялық мүмкіншіліктерін ескере отырып, тұлғаны дамытуда ұлттық құндылықтардың да рөлін атап өту керек.

Мақалада бірқатар əлеуметтанушылардың көзқарастары мен теориялары талданған.

Түйін сөздер: əлеуметтік өзгерістер, тұлға əлеуметтенуі, əлеуметтену агенттері, əлеуметтік факторлар, əлеуметтік рөл, əлеуметтену үрдісінің механизмдері.

G.O.Abdikerova, M.K. Shnarbekova Features of nationalization of the modern person

Progressive social changes which going on in all spheres of life of Kazakhstan`s society and other social factors associated with concept of modernization. Modernization engulfs all complex of political, economic, social and cultural transformations, which going with the purpose of pereorientacii of Kazakhstan from the command-administrative methods of management society to the in-use in the entire civilized countries indus- trial-innovative methods.

Keywords: social changes, socialization of the person, agents of socialization, social factors, mechanisms of socialization of the person.

Г.О. Абдикерова, М.К. Шнарбекова Особенности социализации современной личности

Прогрессивные социальные изменения, происходящие во всех сферах жизни казахстанского общества, наряду с другими факторами, связаны и с понятием модернизации. Модернизация охватывает весь комплекс политических, экономических, социальных и культурных трансформаций, происходящих с целью переориентации Казахстана от командно-административных методов управления социумом к используемым во всех цивилизованных странах индустриально-инновационным методам.

Ключевые слова: социальные изменения, социализация личности, агенты социализации, социаль- ные факторы, механизмы социализации личности.

«Əлеуметтену» ұғымы қазіргі кезең де кеңінен таралып, тек қана əлеуметтану ғылы м- ында емес, сонымен бірге психология, педагогика, этнология, криминалистика, əлеуметтік жұмыс, дінтану жəне басқа да қоғамдық ғылымдар са- ла сында қолданылады. Тұлғаның түрлі теория- ларының негізін құрайтын əлеуметтену процесінің көптеген парадигмалары қатар өмір сүріп келеді. Əлеуметтену процесін зерттеуге қатысты тəсілдердің көптігі бұл əлеуметтік құбылыстың күрделі жəне қарама-қайшылықты екендігін жəне топтастыру мен жүйелеудің əрқилы түрлерінің мүмкін екендігін көрсетеді.

Философиялық еңбектерде əлеуметтенуді адам ның əлеуметтік сапаларды игеру, «био-дан»

«социо-ға» өту процесі деп, қарайтын кең, аб- страк ті түрде түсіну орын алады. «Əлеумет- тену» ұғымымен қатар индивидтің əлеуметтік сапаларды қалыптастырғандығын көрсететін «тұл - ғаның əлеуметтік қалыптасуы» деген ұғым ның қолданылуы осының мысалы.

Этнографиялық зерттеулердің көптеген түр- лері əлеуметтенуді инкультурация (немесе эн куль- турация) ретінде қарастыруға мүмкіндік бере ді.

Мұнда əлеуметтену ұрпақтар аралығында мəде- ниетті жеткізіп отырудың механизмі рөлін ат- қарады.

Əлеуметтенудің социологиялық анықта ма- ла рында тұлғаның қалыптасуына тигізетін əлеу- меттік факторлардың (рөлдер жəне мəр те белер, құндылықтар, талаптар, əлеуметтік инсти туттар, т.б.) əсеріне ерекше көңіл бөлінеді. Психологиялық анықтамаларда дербестіктің қалып тасуына жəне адамдардың жекелік айыр машылықтарына ак- цент жасалынса, педагогикалық анықтамаларда əлеу меттену процесіндегі тəрбиенің рөлі қарас- тырылады.

Тұлғаның əлеуметтенуі деп оның қоғамға енуі арқылы сыртқы орта мен жекелік сапаларының əсерлерінің негізінде өзінің жекелік жəне əлеу- меттік мəнін көрсетуін айтады. Осылайша, əлеу- меттену процесінде тұлғаның əлеуметтік тұрғыдан дамуы ғана емес, сонымен қатар оның жекелік ерекшеліктерінің қалыптасуы да жүзеге асады.

Тұлға əлеуметтену процесінде қоғамдық қаты настардың субъектісі жəне объектісі ретінде қалыптасады.

Əлеуметтенудің мүдделер немесе бағыну прин- ципіне негізделген механизмдерінің ерекшеліктеріне байланысты оның құралдарының қандай да бір түріне артықшылық беріледі. Тоталитарлық қоғам жағдайында бағыну принципіне негізделген əлеу- меттенудің ақпараттық-білімдік құралдары идео-

логиялық, бір жақтылық сипатымен ерекшеленді.

Ұйымдастыру-реттеу құралдары мемлекеттік тап сырыстың негізінде мемлекетке қажет адам- дарды қалыптастырды. Сондықтан да өзін-өзі ұйымдастырушы жүйелердің орнына сыртқы фак- торлардың əсерімен қалыптасқан жүйелер орын алды. Барлық аталған құралдардың ішінде бақылау құралдары негізгі орында болды. Ал стимул беруші (ынталандырушы) құралдар көбінесе қоғам алдында шексіз қарыздарлық пен борыштарын сезінген адамдардың энтузиазмдерін көтеру мақсатын орындады. «Адам мақсат ретінде» – бұл əлеуметтенудің қазіргі үлгісінің түрі.

Қазіргі уақытта əлеуметтенудің бағыну үлгісімен қатар мүдделер принципіне қызығушылықпен қа- рау орын алуда. Өзін-өзі ұйымдастыра, бақылай, жетілдіре білетін тұлғаны қалыптастыру өзекті болып отыр. Ақпараттық-білімдік құралдар енді тұлғаның жан-жақты қалыптасуына қызмет етуге бағытталуда. Бақылау құралдарының көмегімен тыңдай білетін адамды ғана емес, өзін-өзі бақылай білетін жауапкершілігі бар адамды қалыптастыру да маңызды. Ынталандыру құралдары, негі зі нен алғанда, адамдардың белсенділіктерін, инициа- тивасын көтеруге бағытталады.

Қазіргі кезеңде тұлғаның əлеуметтену про- цесінің əдістемелік негізі ретінде өзекті болып отырған концепциялардың қатарына виталистік, универсумдық концепцияларды жатқызуға болады.

Виталистік концепция бірінші орынға жекелік жəне əлеуметтік тұрғыдан қарастырғандағы тұл- ғаның субъектілік сапасын қояды. «Адамның өмірлік күші» жəне «өмірлік кеңістік» деген категорияларды басшылыққа ала отырып, бұл концепцияның жақтастары тұлғаның белгілі бір əлеуметтік кеңістікте жəне уақыт аралығында өмір сүру жағдайларына талдау жүргізеді. Бұл концепцияның түсіндіруі бойынша, тұлға əлеу- меттенудің жеке жəне əлеуметтік субъектісі ретінде табиғи-биологиялық, психологиялық жəне əлеуметтік факторлардың нəтижесі болып табы латын өмірлік күші арқылы өзінің өмір сүріп отырған əлеуметтік ортасына, яғни өмірлік кеңіс- тігіне сөзсіз əсерін тигізеді.

Универсумдық парадигма тұлғаның био- психоəлеуметтік мəнінің негізінде оның рухани жақ тарына ерекше мəн беруімен сипатталады.

Минималдық универсумға негізделген универ- сумдық парадигма əрбір дамып келе жатқан ма те риал дық жүйені (оның ішінде тұлғаны да) бейнелеуге қажетті сипаттамалардың аз көлемін – екі элемент, үш деңгей, бес күй, жеті қабатты ұсынады. Универсумдық парадигманың

негізгі тұжырымдамаларына сəйкес, тұлғаның əлеуметтенуін адамның табиғи, əлеуметтік жəне рухани байланыстардың біртұтастығы ретінде əлеуметтік ортамен өзін белсенділікпен теңдестіруі жəне екі элементтің: сана мен санасыздықтың;

үш деңгейдің: физикалық, астральдық (жан, эмо- ция сферасы) жəне менталдық (рух, ойлау сфе- ра сы) денелердің; бес кезеңнің: ертеректегі əлеу меттенудің, жалпы оқудың, кəсіби оқудың, əлеу- меттік кемелденудің, өмірлік циклдің бі туі нің; жеті қабатты (өзін) теңдестірудің: əлеу меттік-кəсіби, отбасылық-қауымдық, ұлт тық-территориялық, діни-идеологиялық, эволю ция лық-түрлік, жыныстық жəне рухани түрлерінің қатар лас жүруінің логикалық процесі ретінде анық тауға болады [1].

Универсумдық теорияның дамуына ерекше үлес қосқан В.Г. Немировский, минималдық уни- версум принципін «архетип», зерттеу объектісінің толықтырылған үлгісі, əрбір жүйенің даму процесінің жүзеге асырылу матрицасы ретінде қарастырады. Оның көзқарасы бойынша тұлғаның мəнін рационалдықпен қатар саналы түрде жасалынбайтын эмоционалдық мінез-құлық та сипаттайды.

Əлеуметтену процесінің мазмұны мен сипаты əлеуметтік-мəдени ортамен жəне тұлғаның жеке белсенділігімен тікелей байланысты. Бұл өзара байланыс үш деңгейде (қоғам, микроорта жəне жеке өмірлік тəжірибе) көрінеді. Əлеуметтену процесінде тұлға қоғамдық маңызды əлеуметтік-мəдени ақпараттарды, ал микроортада жақын топтардың құндылықтары мен талаптарын қабылдап, үшінші деңгейде бұл қабылданған құндылықтарды өзінің ішкі дүниесіне өткізуді жүзеге асырады.

Тұлғаның əлеуметтенуі қоғам мен жеке адам- ның əлеуметтенуінің бірігуінен құралады. Яғни, қоғам адамды қалыптастыратын болса, онда адам да қоғамды қалыптастырады. Тұлға қоғамға сөзсіз тəуелді. Ол қоғамсыз өмір сүре алмайды.

Бірақ,оның өзіндік тəуелсіздігі бар ма? Керісінше əсердің болуы мүмкін бе? Əлеуметтену процесінің осы принципті, негізгі сұрағына жауап беруде əлеуметтанудың классиктері Э. Дюркгейм мен М.

Вебер қарама-қарсы көзқарастарды жақтайды.

Дюркгейм əлеуметтік шындықты жеке шындықтан жоғары тұратын автономды шындық ретінде қарастырады. Ол «жеке деректерге» «əлеуметтік деректерді», «жеке санаға», «ұжымдық сананы»

қарсы қояды. «Ұжымдық түсініктерді жеке түсініктерден шығаруға болмайтындығы сияқты, қоғамды да жеке адамдардан, тұтасты бөліктерден, қиынды-қарапайымнан шығаруға болмайды»,

– деп есептейді [2]. Осы сұраққа байланысты М. Вебердің көзқарасы тікелей қарама-қарсы бағыт ты бейнелейді. Ол қоғамның дамуында жеке адамдардың іс-əрекеттеріне маңызды орын бере тіндердің қатарында. М. Вебер əлеуметтік іс-əрекеттің субъектісі ретінде қоғамды немесе ұжымдықтың басқа да түрлерін қарастырған Дюркгеймнен айрықша, субъект ретінде жеке адамның саналы түрде алдына қойған мақсатына жетуге бағытталған іс-əрекетін айтады.

Тұлғаның əлеуметтену процесінің механизм- де ріне танымдық, бейімделу, интеграциялық меха- низм дерді жатқызуға болады.

Т. Парсонс əлеуметтенудің маңызды меха низ- міне тұлғаның өзін үлкендермен теңдестіре қарауын жатқызады. Осы мағынасында əлеуметтенудің та ным дық механизмі ретінде еліктеу мен тең- дестіруді қарастыруға болады. Əлеуметтенуді тұлғаның əлеуметтік жүйеге бейімделу процесі ретінде қарастыра отырып, Т. Парсонс бейімделу механизміне де басты назар аударады. Бейімделу Парсонс бойынша институционализацияланған құндылықтарды қоғамның күтіліміне сай қабылдау ретінде түсіндіріледі. Ол конформизмді индивидтің табиғатының, оның бейімделу мүмкіндігінің көрінісі ретінде қарастыра отырып, оны əлеуметтік жүйенің қалыптасу заңдылығы ретінде түсіндіреді.

Əлеуметтенудің интеграциялық механизмдері оның көзқарасы бойынша, ынтымақтастықтың белгілі бір деңгейіне жетудің тəсілі ретінде қарастырылады.

Қазіргі уақытта тұлғаның субъектілік сапа- ларының өзектендірілуіне байланысты əлеу- меттенудің бейімделу механизмдерінің қатарына инициативаны да жатқызған жөн. Мұның себебі бейімделуді əлеуметтенудің белсенді механизмі ретінде қарастырумен тығыз байланысты.

Синергетиканың əдіснамалық рөлінің күшеюі əлеуметтенудің интеграциялық механизмдері ре тінде қолдау үлгісімен қатар қақтығысты қарас тыруды талап етеді. Яғни бұл жерде қо- ғам дағы ынтымақтастықты қалыптастыруда қақ- ты ғыстардың да жағымды жақтарын, қызметтерін ес к еру қажет. Тұлға қоғамға қақтығыстарға ұшырай отырып та ене алады.

Жоғарыда аталған əлеуметтенудің меха- низмдерінің мағынасын ашып көрсететін болсақ, онда олар төмендегідей ерекшеліктермен сипат- талады.

Еліктеу – индивидтің өзі еліктеп отырған объектінің ерекшеліктері мен мінез-құлық үлгілерін айнытпай салуы.

Теңдестіру – теңдестіріп отырған топтың құндылықтарын саналы түрде қабылдау;

Бейімделу – пассивті бейімделу қылығын таңдау.

Адаптация – белсенді бейімделу позициясын таңдау.

Конформизм (конформдық мінез-құлық) – келісімге келу, субъектілік позициядан бас тарту.

Қолдау үлгісі – қалыптасқан əлеуметтік тəртіптерді қолдаудың əрқилы түрлері.

Қақтығыс – субъектінің өзінің позициясының қарама-қарсы тұрған жақпен сəйкессіздігін сезінуі.

Əлеуметтенуге «оқу» деген терминнен гөрі

«игеру» деген термин көбірек сəйкес келеді. Өзінің мазмұны жағынан бұл термин кеңірек жəне оқуды өзінің бір бөлігі ретінде қамтиды. Əлеуметтену адамның биологиялық түрден əлеуметтік түрге айналуын түсіндіреді. Бұл жерде əлеуметтік орта шешуші рөлге ие болады. Əлеуметтену процесі екі кезеңнен тұрады: біріншісі, адамның қоғамдық өмірге араласуы арқылы жеке əлеуметтік рөлдерді орындауы. Т. Парсонстың көзқарасы бойынша, жаңадан дүниеге келудің өзі белгілі бір əлеуметтік рөлді орындауға жатады. Екіншісі, адамның туғанынан бастап өлгеніне дейін созылатын əлеуметтік бақылау. Бұл – қоғамда тепе-теңдікті қамтамасыз ететін құрал.

Енді бірқатар ұғымдарды «əлеуметтену» ұғы- мымен салыстыра қарастырайық. «Əлеуметтену»,

«тұлғаның дамуы» деген ұғымдарды қарастырсақ, бұлар жеке адам мен ортаның белсенді түрде өзара байланысуын жəне адамның дамуының бір ғана кезеңін емес, бүкіл өмірін қамтитын, əлеуметтік сапаларды қалыптастыру процесі, – деген анықтама берсек те, бұл ұғымдарды теңдес деп есептей алмаймыз. «Əлеуметтену» ұғымы

«тұлғаның дамуы» ұғымымен салыстырғанда нақ тырақ, өйткені ол адамның бойында сол өзі өмір сүріп отырған əлеуметтік жүйенің тари- хи типіне сай қасиеттердің қалыптасуын бейне- лейді. «Əлеуметтену» жəне «тұлғаның дамуы»

ұғым дарының айырмашылығы, біріншісі, адам- ның əлеуметтік жақтарын, ал екіншісі, əлеу- меттік, сонымен қатар биологиялық жақтарын да бейнелейтіндігінде емес. «Əлеуметтену» ұғымы

«тұлғаның дамуы» ұғымынан көлемі арқылы емес аспектісі арқылы ерекшеленеді. Атап айтқанда, адамның белгілі бір нақты қоғамда дами отырып, нақты сипаттамалар арқылы ерекшеленуін көрсетеді. Сонымен қатар «тұлғаның қалыптасуы»

жəне «тұлғаның əлеуметтенуі» деген ұғымдарды да ажырата білген жөн. В.В. Москаленконың түсіндіруі бойынша, «тұлғаның қалыптасуы» ұғымы оның қалыптасуының жəне дамуының аяқталғандығын, кемелденгендігін бейнелейтін болса, онда «əлеу-

меттену» ұғымы адамдағы əлеуметтік сапалардың кемелденгендігін, жетілгендігін ғана емес, жаңа байланыстар жүйесіне тұлғаның енуімен олардың əрі қарай да өзгерістерге ұшырап отыратындығын бейнелейді. «Əлеуметтену» ұғымы «қалыптасу»

ұғымымен салыстырғанда тұлғаның дамуының неғұрлым жалпы процесін қамтиды. Тағы да бір тоқталатын мəселе – бұл «əлеуметтену» жəне

«тəрбие» ұғымдарының арақатынасы. Соңғысы алдыңғысымен салыстырғанда мағынасы жағынан тарлау, өйткені мұнда тұлғаға сыртқы əсерлердің тигізетін рөлін анықтауға, берілген процестің мақсатты түрде бағытталғандығын көрсетуге көп мəн беріледі. Бірақ бұл ұғымдар мағынасы жағынан бірін-бірі толықтырып тұрады. Əлеуметтену өзіне əлеуметтік тұрғыдан бақыланатын мақсатты бағытталған процестерді (тəрбие) де, сонымен қатар тұлғаның қалыптасуына əсер ететін стихиялық, спонтанды процестерді де қамтиды. Осыған байланысты ғылыми əдебиеттерде əлеуметтенудің бағытталған жəне бағытталмаған түрлерін ажыратады. Бірінші түрге, қоғамның мақсатына, оның «əлеуметтік тапсырысына» сəйкес тұлғаны қалыптастыру үшін арнайы түрде жасалған əсер ету құралдарының жүйесін жатқызуға болады.

Əлеуметтенудің бағытталмаған түрі қоғамдық қатынастардың сипатына байланысты келеді.

Стихиялық əлеуметтену – жеке адамның тікелей өмір сүріп отырған ортасына сəйкес келетін əлеуметтік дағдылардың белгілі бір түрлерінің

«автоматты» түрде қалыптасуы.

Қазіргі тұлғаның əлеуметтенуі түрлі өлшемдер:

əлеуметтік қатынастар жүйесіне кіру деңгейі арқылы, тұлғалық жəне əлеуметтік мүмкіндіктерін жүзеге асыру деңгейі арқылы жəне өз өмірін жетілдіру жағдайларына байланысты бағаланады.

Аталған өлшемдер бойынша əлеуметтену көрсеткіштері тұлғаның қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесінде алатын орны, жекелік сапасы мен əлеуметтік мəртебесі, қоғамдық-саяси іс-əрекетке қатысуы, отбасылық-тұрмыстық сферадағы жағдайы арқылы көрінетін əлеуметтік қасиеттері болып табылады.

Нақтырақ тұрғыдан қарастырғанда тұлғаның əлеуметтену өлшемдерінің танымдық, мінез- құлықтық, мотивациялық жəне рефлексивті түрлерін бөліп көрсетуге болады.

Танымдық өлшем тұлғаның əлеуметтік өзара қарым-қатынастар құндылығы туралы жəне өзіндік құндылықтар жүйесінің қалыптасу дəрежесі тура- лы білу деңгейін сипаттайды.

Мінез-құлықтық өлшем тұлғаның басқа адам- дармен қарым-қатынас жасай білу қабілетін, қа-

рым-қатынас тəсілін сипаттайды.

Мотивациялық өлшем тұлғаның өзінің дамуына саналы тұрғыдан келуін көрсететін негізгі мотивтер жүйесі арқылы айқындалады.

Рефлексивті өлшем əлеуметтену процесінде тұлғаның өзіндік шығармашылық дамуын сипат- тайды.

Əлеуметтенудің мазмұны, негізгі бағыттары жəне механизмдері қоғамның дамуының эконо- ми калық, əлеуметтік-саяси жəне мəдени фактор- ларымен, отбасының өмір тіршілігімен, мектептің мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады.

Қоғамда өзінің сипаты мен мазмұны жағынан əрқилы болып келетін қоғамдық əрекеттердің түрлері жүзеге асырылады. Бұларға өндірістік- экономикалық, əлеуметтік-тұрмыстық, саяси, діни, эстетикалық, т.б. жатады. Бұлардың əрқайсысының өзінің əлеуметтік кеңістігі бар. Қоғамдық іс- əрекеттердің негізінде қоғамдық өмірдің түрлі сфералары қалыптасады. Қоғамдық өмірдің негізгі сфераларына экономикалық, саяси, əлеуметтік жəне басқаларын жатқызады.

Қоғамдық өмірдің негізгі салалары əлеу- меттенудің экономикалық, саяси, құқықтық, рухани жəне əлеуметтік сияқты түрлі типтерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Тұлға əлеуметтену про- цесінде əлеуметтенудің бүкіл типтерінің диалек- тикалық біртұтастығын айқындайтын, өмір сүрудің негізгі бағыттарын бейнелейтін əлеуметтенудің комплексті жүйесіне енеді. Соңғы уақыттарда тұлғаның əлеуметтену процесін зерттеудің сферасы едəуір кеңейтіліп келеді. Сондықтан да бізге танымал əрі дағдылы болып қалған əлеуметтенудің дəстүрлі мəселелері ретіндегі саяси əлеуметтену, отбасындағы əлеуметтену, діни əлеуметтену жəне əлеуметтенудің басқа да түрлерімен бірге тұлғаның жаңа экономикалық үлгісінің қалыптасуын айқындайтын экономикалық əлеуметтену өзекті болып отыр.

«Экономикалық əлеуметтену» термині Қазақ- станда нарық қоғамының басталуы жағдайында, яғни ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында пайда болды. Экономикалық əлеу мет- тену қоғамның экономикалық өміріне қаты су мақсатымен экономикалық білімдерді, құнды- лық тар мен мінез-құлық үлгілерін қабылдау, тұлғаның экономикалық ойлауын, мінез-құлқын жəне мəдениетін қалыптастыру процесі ретінде қарастырылады.

Тұлғаның экономикалық əлеуметтенуінің қа- зір гі мəселелері өзінің сипаты мен мəні, мазмұны жағынан алыс емес өткен шақта орын алған эко- номикалық əлеуметтену процестерімен ерек -

шеленеді. Қазіргі нарықтық қатынастар жағ дай- ында тұлғаның экономикалық тұрғыдан əлеу- меттенуі, негізінен алғанда, экономикалық инсти- туттардың мүмкіншіліктеріне ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның қабілеті мен еркіне, жалпы мəдениетіне де байланысты болады. Ескі əлеуметтік институттардың жойылуына байланысты тұлға- ның, топтардың, қоғамның қажеттіліктерін қана- ғаттандырып отыратын əлеуметтенудің жаңа технологияларын ендіріп отыру өзекті болып отыр.

Бұл технологиялар əлеуметтік институттардың іс- əрекетін жаңа заманның талаптарына сай өзгертуге, тұлғаның жаңа экономикалық үлгілерінің қалып- тасуына алғы шарттардың жасалуына мүмкіндік береді.

Қазіргі кезеңде бүкіл əлемнің жаңа, сапалы технологиялар сатысына көтерілуі адамдық капи- талды бағалап, дамытып отыруға мүмкіндік бере- тін елдердің ғана жоғары дамығандар қатарына кіретіндігін көрсетеді. Нарықтық қатынастар жағ дайында қоғамдағы барлық экономикалық жəне саяси процестер тұлғаның мүддесі мен қа жеттіліктері, мотивтері жəне іс-əрекеттері, сезімдері, қабілеті мен мүмкіншіліктері тұрғысынан қарастырылуы тиіс.

Əрбір қоғам нарықтық қатынастар жағдайында қоғамға қарсы бағытталған күштер тарапынан болатын үстемдік пен алдап-арбау сияқты əрекеттер жазықтығына айналудан өзін қауіпсіздендіріп отыруы тиіс. Бəрінен бұрын экономикалық мі- нез-құлық əділеттілік өлшеміне негізделіп, адам- гершілік-этикалық талаптарға сай жүзеге асырылуы тиіс.

Француз социологы Э. Дюркгейм өзінің «Қо- ғам дық еңбек бөлінісі» деген еңбегінде экономика саласындағы процестердің адамгершілік прин- циптермен, моральмен байланыстылығы мəселесіне зор мəн беріп, «егер де біз бүкіл уақытымызды алатын іс-əрекетпен айналысу барысында, тек қана өз пайдамыздан басқа еш нəрсені ойламасақ, онда пайдакүнемдікке салынбаушылық, өз ісіңе жан- тəнімен берілгендік сияқты қасиеттер қалай пайда болады? – деп сұрақ қояды.

Тұлғаның экономикалық əлеуметтенуіндегі ең маңызды мəселелердің бірі – тұлғаның еңбекке деген жаңаша көзқарастарын, құндылықтарын, мотивациясын қалыптастыру. Еңбекті биологиялық өмір сүру құралынан қоғамдық қажеттілік үшін жүзеге асырылатын дəрежеге жеткізу қажет.

Қазіргі кезеңде еңбектің қоғамдық сипатының əлі де дұрыс дамымағандығы оны тауарлық-ақшалық қарым-қатынастар деңгейінде қалдырып отыр.

Тоталитаризм практикасы қоғамдық өмірдегі

In document №1 (44) (бет 109-132)