• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ФИЛОСОФИЯ

In document ХАБАРШЫСЫ ВЕСТНИК (бет 125-149)

ƏОЖ 1:316 (410.1) «16»

Д.К.Құсбеков

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ДЖ. ЛОККТЫҢ САЯСИ-ƏЛЕУМЕТТІК

КӨЗҚАРАСТАРЫНДАҒЫ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТАР

В данной статье рассматривается формирование социально-политических взглядов выдающегося английского философа XVII в. Дж. Локка. Автор подробно анализирует такие понятия, как право, мораль, свобода, труд, равенство и пытается раскрыть противоречия в социально-политических взглядах мыслителя. Подчеркивается, что не только свобода явля- ется фундаментом всех прав, но и труд играет немаловажную роль в формировании полити- ческого общества.

In the article given the author considers the Forming of social and political views remarkable English philosopher of the 17th century Jh. Lokk. The author considers such concepts like Right, morality, freedom, labor, equality and tries to throw light on contradictions in social and political views of a thinker. The author accentuates that not only freedom occurs to be the base or right and so labor is not of little importance in forming the political society.

Қазіргі Дүниежүзілік қаржы дағдарысынан кейінгі болып жатқан өзгерістер əлемнің экономикасын қайта қарап шығуды талап етеді. Бұл заңды процесс. Бірақ экономика халықпен тығыз байланысты болғандықтан, оның рухани дүниесін қайта сараптап шыққан дұрыс деген көзқарастамыз.

Экономика жəне саясат — өзара тығыз дүние. Экономикадағы болып жатқан өзгерістер саясатқа, ал саясатта болып жатқан өзгерістер экономикаға өз əсерін тигізбей кетпейтіндігі белгілі дүние.

Сондықтан өткен ойшылдарға қайта оралу немесе оларға бет бұру, олардың еңбектерін сараптау арқылы жіберген қателіктердің бетін ашып, сол арқылы ақиқатқа жетсек, көптеген мəселелерді шешуге мүмкіндік алар едік.

Қазіргі заман философиясы бірлікте болғанымен, əр түрлі ағымдарды қамтиды. Солардың ішіндегі аналитикалық философия логика жəне жасанды тілді пайдалану арқылы ақиқатқа жетуге болады деген көзқарасты ұстанады. Оның өзінде тікелей бірнеше себептері бар. Солардың бірі XX ғасырдың басында жəне аяғында ғылымдардың ішінде нақты ғылым болып саналатын математиканың өзі қиындықтарға жəне қарама-қайшылықтарға тап болды. Қарапайым əдістермен оларды шешуге мүмкіндік болмады. Сондықтан барлық проблемалардың түптамыры математиканың негізінде жатыр деген пікір күшейе түсті. Ал математиканың негізіне не жатады? Логика, жасанды тіл жəне философия. Сол арқылы олар өз проблемаларын шешудің жолын тапты. Бізде қазіргі қоғамда болып жатқан қаржы дағдарысымен қатар рухани дағдарыстың себептерін анықтап, оның жолын қазіргі заманнан өткенге қарай бет бұру арқылы шешу керек деген бағдарды ұстандық.

XVII ғасырда Еуропа елдерінде, соның ішінде Ұлыбритания жерінде дүниеге келген Дж.

Локктың философиялық көзқарастары Батыс елдеріне өзіндік болмысы бар ерекше дүние алып келді.

Дж. Локктың замандастары Г.Галилей, И.Ньютон, Р.Декарт, Т.Гоббс, Б.Спиноза, тағы басқа ойшылдар болды.

Адамзат тарихының рухани дүниесінде Дж. Локк қандай орынға ие болды деген сауалдар əлі күнге дейін өзінің мəнін жоймаған мəселе. Үш жүзден аса ғасыр уақыт өтседе, ойшылдың философиялық еңбектері ғалымдардың назарында жəне де көптеген пікірталастар туғызуда. Дж. Локк өз замандастарының арасында қандай адам болды? Оның əлеуметтік-философиялық көзқарастары

əлеуметтік прогреске қалай əсер етті? Бұл сұрақтар əлі күнге дейін өзінің гносеологиялық маңызын жоғалтпаған.

Дж. Локк теориялық деңгейде еркін ойлау рухына өз үлесін қосты. Ойшылдың өмір сүрген уақыты діни инквизицияның шарықтау шегі болмаса да, бірақ қоғамда өзіндік болмысын жоймаған құбылыс болатын. Дж. Локк абсолюттік монархия билігіне қарсы болған отбасында тəрбиеленгендіктен, оның болашақ көзқарастары осындай еркін бағытта қалыптасты.

Ағылшын революциясы кезінде мемлекеттің пайда болуы жəне мəні, жеке меншік, мораль, құқық, еркіндік жəне т.б. мəселелер өзекті бола бастады. Патша билігі мен феодалдардың жеке меншігі құдайдан берілген деген көзқарасқа күмəндана бастаған адамдар саны арта түсті. Т.Гоббстың келісім-шарт теориясы патшалық билік пен феодалдық жеке меншікке қарсы тұрса да, жалпы қоғамдық идеяға айнала қойған жоқ. Өйткені Т.Гоббстың саяси-əлеуметтік көзқарастары еркіндік болмысын жақтағанымен, абсолюттік монархияны жоққа шығарған жоқ, керісінше, оған қолдау көрсетіп отырды.

Ал Дж. Локктың мемлекет, қоғам, жеке меншік жəне бостандық туралы идеялары, сол кездегі ағылшын қоғамының буржуазиялық тап өкілдерінің ойларымен сай келді. Сондықтан Дж. Локк ағылшын буржуазиялық тап өкілдерінің арасынан қолдау тапты.

Дж. Локктың саяси-əлеуметтік көзқарастары, оның таным теориясымен тығыз байланыста дамыды. Оның «Адамның ақыл-ойы туралы тəжірибе» атты еңбегі мораль, қоғам, дін, мемлекет, құқық т.б. сұрақтарға ізденіс ретінде жазылған алғашқы еңбектерінің бірі болатын. Ойшылдың көзқарастарының ішіндегі ерекше орынға ие болатыны — табиғи құқық теориясы. Сондықтан оның мемлекет жəне қоғам, табиғи құқық, жалпы философиялық жəне таным туралы ілімдерінен жеке қарастаруға болмайды. Себебі философиялық жəне таным туралы көзқарастарының негізінде ғана оның саяси-əлеуметтік көзқарастарын толық меңгеруге мүмкін болады. Олар өзара диалектикалық байланыста.

Дж. Локк физика жəне семиотикамен қатар, адамның іс-əрекетін зерттейтін жəне жақсылық пен зұлымдықтың шекарасын анықтайтын этиканы зерттеу қажеттігіне баса назар аударады. Этиканы Дж. Локк математика сияқты нақты ғылымдар қатарына жатқызады. Яғни, математикалық теңдеулерді шешу арқылы біз нақты шешімге келетін болсақ, сол сияқты этиканы мораль туралы ілім ретінде, онда қойылған проблемаларды талқылау арқылы дұрыс жəне нақты шешімге келе аламыз деген ой қорытады. Осылай ойшыл таным теориясы арқылы этикаға, ал этика арқылы мемлекет жəне қоғам туралы ілімге жол ашты. Сондықтан Дж. Локк қоғамдағы өмірді моральдық қағидаға негізделген өмір ретінде сипаттайды.

Ойшылдың саяси-əлеуметтік жəне философиялық көзқарастарының қалыптасуы күрделі рухани процестерден өтті. Оған тікелей себеп болатын, оның табиғат заңдарына деген көзқарас. Табиғат заңдарын талқылай келе, Дж. Локк заңдардың өзін: мəңгі, табиғи, адам жəне құдай заңдары деп бөлді.

Осы заңдарға түсінік беру барысынды философтың, əліде болса орта ғасырлық түсініктерден арыла қоймағандығын байқаймыз. Мəңгі заңдарға ол, əмбебаптың жалпы заңдарын жатқызады, сондықтан бұл əмбебаптың жалпы заңдары қалған барлық заңдардың қайнар көзі болып табылады. Дж. Локк мəңгі жəне құдайдың заңдарын қарастыра келе, табиғат заңдарына бет бұрады. Антик дəуіріндегі стоиктер мен Аристотельдің көзқарастары сияқты, Дж. Локк табиғат заңдарына анықтама бере келе, осы заңдардың алдында барлық адамдар тең деген қорытынды жасайды.

Дж. Локк Жаңа дəуірдің ойшылы болғандықтан, феодалдық қоғамдағы əлеуметтік теңсіздік теориясына қарсы тұрды. Орта ғасыр ойшылдары, соның ішінде, Фома Аквинскийдің саяси- əлеуметтік көзқарасы бойынша, феодалдық қатынастар, əсіресе əлеуметтік қатынастар арасындағы өз ара теңсіздік, туа біткен теңсіздік деген теорияны дамытты. Дж. Локк осы теорияға қарсы тұрып, табиғат заңдарын тек санамыз арқылы тани аламыз, сондықтан біз қандай да бір құбылысты немесе процестерді санамыз арқылы танып-түйсінетін болсақ, ол құдайдан берілген қасиет емес, тек табиғаттың өзінен берілген қасиет деп тануымыз қажет деген пікір айтады.

Дж. Локк — табиғи құқық теориясын қайтадан сараптап шыққан философ. Жəне де Антик дəуірі мен Орта ғысыр ойшылдарының көзқарастарынан өзгеше жаңа дəуір адамының табиғатына тəн табиғи құқық теориясын жазып шығарды.

Философтың табиғат заңдары теориясы жақсылық пен зұлымдық категориясымен байланысты.

Жақсылық, Дж. Локктың түсінігі бойынша, біздің өміріміздегі қайғылы, қасіретті жағдайларды азайтып, бақытқа, лəззатқа толы жақтарын арттыратын кездер. Ал зұлымдық, ойшылдың пікірінше, бақытсыздыққа алып баратын жағдайлар.

Дж. Локктың табиғи құқық теориясының мəні неде жəне оның қоғамның саяси өміріне қатынасы қандай? Қандай да теория болмасын, оны дұрыс түсіну үшін, ол туралы жан-жақты ой түсінік қалыптастыру үшін, оның пайда болу себептеріне баса назар аудару қажет.

Жаңа дəуірге дейін құқық туралы түсінік екі жақты мағынада болды. Бір жағынан, оны жер бетіндегі құдайдың əмірі, қасиеті ретінде қабылданса, яғни оның өзгермейтін абсолюттік мəні бар (Орта ғасыр ойшылдарына тəн), екінші жағынан, келісім-шарт ретінде дүниеге келген (Антик дəуірінің ойшылдары, соның ішінде стоиктерге тəн). Жаңа дəуірде құқық туралы түсініктің үшінші анықтамасы қалыптасты. Ол құқықтың адамзатқа тəн, яғни кісілік қасиеті бар деген пікір. Құдайдың немесе қандай да бір абсолюттік санаға байланысты пайда болған құбылыс емес, тарихи процесс кезінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеу үшін пайда болған адамзаттың жетістігі.

Табиғи құқық теориясының мəнін түсіну үшін, Дж. Локк адамдардың табиғи жағдайы немесе жаратылыстық ахуал жағдайын түсінуіміз қажет дейді. Табиғи жағдайы қалпында, адамдар арасындағы қатынастардың қандай да түрлері болмасын, толық бостандыққа негізделген қатынастар болып есептеледі. Т.Гоббстың түсінігі бойынша, табиғи жағдайы кезінде бəрінің барлығына қарсы соғысы болатындай жағдайы туындайды, яғни «адам адамға қасқыр» деген қағида бірінші орынға тұрады. Бұл жерде толық бостандық деген түсінік соғыс деген түсінікпен пара-пар. Ал Т.Гоббстан Дж. Локктың жаратылыстық ахуал теориясының ерекшелігі, табиғи жағдайы кезінде барлығы табиғат заңдарына бағынышты. Табиғат заңдары ол — ақыл. Сондықтан адамдар ақыл-парасатқа сəйкес іс-əрекет жасаулары керек. Осыған байланысты Дж. Локк табиғи жағдайы кезінде қоғамның саяси өміріндегі жағдайлар арасында, Т.Гоббс сияқты радикалды айырмашылық жүргізбейді.

Дж. Локк көптеген қоғамдық институттарды табиғи жағдайы қалпына жатқызады. Сот билігі болсын, атқарушы биліктің өзі болсын табиғи жағдайы кезінде, табиғаттың заңдылықтары арқылы іске асырылады деген пікір айтады.

Дж. Локк индивидті басты құрал деп жəне мемлекетті қоғамдық келісімнің негізінде пайда болған жетістік ретінде қарастырады. Т.Гоббстың шығармаларында да осындай көзқарастарды кездестіреміз. Дж. Локктың жаратылыстық ахуал туралы ілімін, мемлекетті басқару туралы ілім ретінде қарастырмау керек, ол тек мемлекеттің пайда болу туралы идеялардың бірі ғана.

Дж. Локк үшін қоғамның саяси тұрақтылығы ол абсолюттік монархтың немесе деспоттың жетістігі емес, ол көпшіліктің қандай да бір ережеге бағынуының арқасындағы жетістік деп тануымыз керек. Осылай əр индивидтің өзіндік туа біткен құқықтары пайда болады. Осыдан келіп туындайтыны қоғамның конституциялық формасы. Қоғамның конституциялық формасы кезінде Дж. Локк үшін басты мақсат — адам өмірі, оның бостандықтары ғана емес, сонымен қатар жеке меншікті сақтап қалу жəне қорғау. Т.Гоббс үшін ол — бейбітшілікті сақтау жəне адамдардың қоғамда өмір сүруін қамтамасыз ету.

Дж. Локк, Т.Гоббсқа қарағанда, мемлекет оның экономикасының тұрақты дамуының қайнар көзі жеке меншікте екендігін жақсы аңғарғандығын байқауға болады. Дж. Локктың жеке меншік туралы көзқарасы, Антик дəуірі жəне Орта ғасыр ойшылдарынан əлдеқайда ерекше көзқарас. Олар мемлекеттің мəнін жəне мақсатын этикалық тұрғыдан алып қарастырады, яғни қауымдастықтың мəні моральдық нормаларға негізделіп өмір сүру деп біледі. Дж. Локктың еңбектерінде біз ұқсас көзқарастарды кездестіреміз, бірақ ол бақытты өмірдің мəнін, этикалық нормаларда ғана емес деген шешімге келеді. Жалпы қоғамдық сананың формаларын қондырғы ретінде қабылдау қажет. Əрине, қоғамдық сананың формалары болсын, қандай да бір рухани құндылықтар болсын, олар қоғамдық қатынастарды реттеуші, қозғаушы күштері екендігіне кұманданбаймыз. Бірақ осы қоғамдық қондырманың өзінің қозғаушы күші болуы керек, қоғамдық құндылықтарға толық мəн жəне сипат беретін архи қажетті себептер болуы тиіс. Дж. Локк қоғамға бірігудің себебін «кім-кімнің де өзінің жеке бостандығынан бастартып, азаматтық қоғамның қамытына мойынсұнатын жалғыз жол — өз меншігін алаңсыз пайдаланып, қоғам мүшесі емес əлдекімге қарағанда неғұрлым қауіпсіздікте тұрып, ыңғайлап, аман-есен жəне тыныштықта бірлесе өмір сүру үшін қоғамдастыққа бірігу туралы басқа адамдармен жасалған келісім» деп сипаттайды [1, 162]. Яғни Дж. Локк қауымдастыққа бірігудің жəне келісімге отырудың мəні тек этикалық нормаларда ғана емес, өз жеке меншігін алаңсыз пайдалануда деп біледі. Философтың бұл көзқарастары, өзіне дейінгі дəстүрлі түрде қалыптасқан көзқарастардан ерекшеленеді.

Дж. Локк — еңбек пен жеке меншік туралы ілімдерді дамытқан ойшылдардың бірі.

Жаратылыстық ахуал жағдайында адамдар қоршаған ортадағы заттарды пайдаланудың арқасында өмір сүреді. Бірақ индивид табиғаттың заттарын тікелей пайдаланудың негізінде ғана одан шыққан нақты объект жеке меншіктің көзіне айналады. Енді ол объект (жеке меншік) индивидтің

қарамағында болғандықтан, оған индивидтің тарапынан қызығушылық арта түседі. Өйткені объектті жасау барысында, адам оған тек көңіл бөліп қоймай, сонымен қатар оған барлық рационалдық күш- жігерін жұмсайды. Өзінің болмысынан туған жаңа дүние пайда болады. Келесі кезекте жаратылыстық ахуал жағдайынан шыққан адам келісім-шарт арқылы саяси қауымдастыққа көшеді, ендігі жерде индивидтің жасанды объектісі (жеке меншік) тек сол индивидтің ғана қорғауында емес, жалпы саяси қауымдастықтың қорғауында болады. Сонда жеке меншік жеке тұлғаның мəнділігіне ғана сипат беріп қоймай, қоғамның мəнділігін, оның ерекше екендігін, басқа индивидтердің алдында рөлі жоғары екендігін көрсетеді. Жеке меншік болмаса, адам өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыра алмас еді. Жеке меншік пен еңбектің арқасында адамдардың қауымдастыққа бірігу құштарлығы арта түседі. Ал жеке меншіктің өзі еңбектің арқасында болмақ. Сондықтан, қоғамда еңбек мəселесіне көбірек көңіл бөлу керек.

Дж. Локктың шығармашылығында еңбек мəселесі тыс қалмайды. Бірақ Дж. Локк К.Маркс сияқты еңбекті жалпы жəне абстрактілі деп қарастырмайды. Жаңа дəуірде қозғалыс түсінігі механикалық қозғалыс, яғни дененің бір жерден екінші жерге ауысуы деп қарастырған. Сол сияқты еңбектің өзі жалпы еңбек ретінде қарастырылды.

Дж. Локктың еңбек туралы мəселесіндегі жетістіктерінің бірі еңбекті қоғамдық қатынастардың ішіндегі негізгі атрибуттардың бірі деп, мемлекет құру процесінде ерекше рөлге ие болатындығын аңғарған. Субъективтік факторлар объективтік шындықтың негізіне айналады. Жаратылыстық ахуалдан саяси қауымдастыққа бірігудің өзі жеке меншік пен еркіндікте жатқанымен, оның барлығын айналдырып келгенде еңбектің нəтижесінен шығарғандығын байқауға болады.

Дж. Локк теңдік мəселесіне арнайы тоқталмасада, жаратылыстық ахуал жағдайында теңдік мəселесі сырт қалмайды. Философтың айтуынша, жаратылыстық ахуал кезінде билік пен құқықтың рөлі тең. Дж. Локкты түсінуге болады, ол өзінің көзқарасы бойынша, əлеуметтік бітістіруші- (компромисс) идеолог. Табиғи жағдай немесе жаратылыстық ахуал жағдайында теңдік туралы айту қарама-қайшылыққа толы мəселе. Бірақ бақытқа жетудің бірден-бір қайнар көзі теңдік екендігін ұмытпаған жөн. «Бостандық» деген түсініктің өзі «теңдік» деген мағынаға сай келеді. Т.Гоббс «адам адамға қасқыр», «бəрінің барлығына қарсы соғысы» деп отырғаны индивидтер арасындағы теңдік құқына ие болу үшін күрес екендігін білдіріп отыр. Жаратылыстық ахуал жағдайындағы соғыс жағдайы бəріне де құқылы болу — ешнəрсеге де құқылы болмауды білдіреді. Яғни индивидтердің теңсіздік немесе ешнəрсеге құқылы болмау жағдайы қауымдастыққа бірігіп өмір сүруге итермелейді.

Сондықтан теңдік мəселесі қандай да жағдай болмасын өзекті проблемалардың бірі болып қалмақ.

Теңдік проблемасы еңбек мəселесіне алып келіп тірейді немесе еңбек мəселесі теңдікті қарастыруға шақырады. Бұл жерде осы екі түсінік өзара байланыста.

Еңбектің өзінде теңдік болмаса, онда оны бағалау қиынға түседі. Саяси қауымдастықтың индивидтерге пайдалы жері — жасаған еңбегіне баға беру арқылы өзіне тиісті жеке меншікке құқықтарын жүргізу. Эмиль Дюркгейм «Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы» атты шығармасында еңбек бөлінісі, қоғамның пайда болуы жəне əрі қарай дамуына көңіл бөледі. Э.Дюркгейм: «Біз бұл қоғамда еңбек бөлінісінен туындайтын əлеуметтік ынтымақ бар-жоғын ғана зерттемеуге тиіспіз. Бұл анық ақиқат, олардағы еңбек бөлінісі аса дамыған жəне ынтымақ туғызады. Бірақ ең бастысы, ол тудыратын ынтымақ қоғамның жалпы бірігуіне қандай шамада жəрдемдесетінін анықтау керек, өйткені сонда ғана біз оның қандай дəрежеге дейін қажет екендігін, ол əлеуметтік байланыстың маңызды факторы ма, əлде, керісінше, оның жанама əрі тума шарты болып табыла ма, соны білетін боламыз», — дейді [1, 27]. Яғни əлеуметтік қауымдастықтың пайда болуын қарастырғанда еңбек бөлінісіне мəн берген дұрыс болар.

Қандай да дəуір немесе мемлекеттің басқару формасы болмасын, еңбек бөлінісіне ерекше мəн беріп отырған. Оның себебі еңбек мемлекеттегі экономиканы дамытушы фактор болып есептеледі.

Бірақ еңбектің түрлері көп. Қазіргі таңда постиндустриалдық қоғамның өзінде еңбекке, оның мəніне айрықша көңіл бөледі. Еңбек қоғамдағы жеке тұлғаның əлеуметтік орнын анықтайды. Еңбекке баға беру арқылы, мемлекеттің экономикасы қандай дəрежеде дамығандығын айқындап отыруға болады.

Бұл жерде мораль шешуші фактор емес. Таза моральдық құбылыс қоғамға дейін болған, бірақ айқын көрінісі тек қоғамдағы саяси, əлеуметтік, мəдени, құқықтық қатынастарда байқала бастады.

Сондықтан еңбек бөлінісінің ең бірінші құқықтық жағын қарастыру керек, содан кейін ғана оған моральдық сипат беруге болады. Бұл айтылғанның бəрі моральдің беделін түсірмейді, керісінше, ерекше мəн жəне қызметтің ерекше рөлін береді.

Кейбір əдебиеттерде құқықтық мемлекет туралы айтқан кезде, моральдық нормаларға аса көп көңіл бөлмей, оның рөлін төмендетуге тырысады. Неміс классикалық философиясының негізін

қалаушы жəне сонымен қатар құқықтық мемлекет идеясының атасы болып саналатын И.Канттың өзі құқықтық мемлекет туралы айта келе, құқықтық мемлекет категориялық императивке негізделуі тиіс деген болатын.

Жаратылыстық ахуал жағдайында жəне де содан кейін де мораль жəне моральдық қатынастар қоғамдық сананың айқындаушы факторы болмасада, ерекше формасы болып қалады.

Моральдық қағидат, адамды бостандық жəне жауапкершілік мəселесіне көңіл бөлуді талап етеді.

Дж. Локк — либерализмнің жəне саяси-құқықтық ілімнің классигі ретінде бостандық идеясына көңіл бөлген ойшылдардың бірі. Т.Гоббсқа қарағанда, Дж. Локктың бостандық туралы идеясы тек адамға ғана негізделген жəне ол іштен əсер ететін фактор ретінде қарастырады. Профессор Б.С.Қабыкенованың айтуы бойынша, «Дж. Локктың саяси-құқықтық ілімге енгізген жаңалығы:

«бостандық» жəне «бостандығы жоқ» деген түсініктер адамның табиғатынан тыс қолданылмайды»

[2]. Яғни «бостандық» түсінігі тек адамның табиғатына ғана тəн құбылыс. Бостандық арқылы Локк адамның объективтік құқықтарына негізделген субъективтік құқықтарын шығарады. Философ үшін бостандық дегеніміз, жаратылыстық ахуал жағдайындағы жағдай. Бірақ жоғарыда айтып кеткендей, жартылыстық ахуал немесе табиғи жағдайы адамдарды толық бостандыққа алып келеді. Осындай қалыпты жағдай бəрінің барлығына құқығы бар, ештеңеге құқығы жоқ жағдай адамның жоғарғы рухани құндылықтарына қол сұғуға, сол арқылы адамның табиғи заңдарын бұзуға дейін алып барады.

Сондықтан осындай құқық бұзушылықты, оның ішінде табиғи құқықтарды бұзуды болдырмау үшін сырттан əсер ететін күш қажет. Ондай күш, ойшылдың пікірінше, мемлекет болып табылады.

Жаратылыстық ахуал жағдайында адамдар моральдық қағидаға негізделе отырып, өмір сүреді, бірақ моральдық нормалар адамдарға толық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, қандайда адам болмасын, ол өзінің табиғатынан өзін ғана ойлайтын пенде. Өз пайдасын іздеудің арқасында, ол басқа адамдардың қызығушылықтарына қарамастан, оның құндылықтарын жерге басып, алға қойған мақсатына жетуге тырысады. Мемлекетке көшу деген — жеке тұлғаның табиғи жəне жасанды құқықтарын қорғайтын жоғарғы институтқа көшу. Мемлекет жаратылыстық ахуал кезіндегі қоғамға қарағанда, тұрақты жəне болашағы айқындалған қауымдастық болып есептеледі. Мемлекет жеке тұлғаның болмысын анықтайды. Осыдан келіп табиғи құқықтардың орнын азаматтық құқықтар мен бостандықтар басады. Ал азаматтық құқықтар мен бостандықтарды қорғау жəне толық қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың құзырында болады.

Бірақ Дж. Локк мемлекеттің абсолюттік билігіне қарсы тұрады. Оның ойынша, мемлекеттік билік халыққа толық тұрақтылық бере алмайды. Бір адамның қолында шоғырланған билік деспотизмге, ал ол өз алдына əлеуметтік шиеленіске алып келеді. Соғыс жағдайы осы əлеуметтік шиеленістен келіп туындайды. Сондықтан тұрақсыздық жағдайынан шығатын жолды халық белгілеуі қажет. Бірақ ол процесс қалай жүру керектігі анықталмаған. Бұл жерде бізге анығы — халық саяси қауымдастыққа біріксе де, мемлекет алдында өзінің жаратылыстық құқықтарын жоғалтпайтындығы.

Ойшылдың пікірінше, мемлекеттік билік тек заңдар мен құқықтарға негізделіп жүргізілуі қажет.

Ал мемлекет халықпен жасалған келісім-шарт бойынша ғана билігін іске асыруы тиіс. Сондықтан Дж. Локк үшін бостандық мəселесі оның саяси-құқықтық ілімінде ерекше орынға ие. Жеке тұлғаның бостандығы қоғамдағы барлық құндылықтардың түрлерін анықтайтын фактор. Жалпы бостандық индивид, қоғам жəне мемлекет үшін өзін-өзі айқындайтын құндылық болып табылады. Дж. Локк үшін бостандық — барлық құқықтардың негізі. Сондықтан ол іске асырылуы тиіс. Адам өмір сүруге құқылы, бірақ бостандық құқысы болмаса оны іске асыру мүмкін емес. Локк үшін бостандық жай ғана өмір сүру мүмкіндігі емес, қандай да болсын зорлық-зомбылыққа тыйым салу, оған жол бермеу болып саналады. Мемлекеттегі құлдықтың өзін жаратылыстық ахуал жағдайындағы соғыстың жалғасы ретінде қарастыруға тиіспіз. Сол себептен ойшыл мемлекеттегі құлдыққа сын көзбен қарайды.

Өмір сүру құқығын іске асыру арқылы адам бостандыққа ие болады. Құлдық қоғамдық тəртіптің негізін жоққа шығарады. Сондықтан адамдар өздері құл болуға немесе басқаларды құлдыққа алуға құқықтары жоқ. Егерде адам таңдауға ерікті болса, онда ол өзінің іс-əрекетінде де ерікті болуы тиіс.

Академик Ғ.Есім «Бостандықтың бағасы» деген мақаласында «Бостандық деген əркімнің бет-бетімен босып кетуі емес, бостандық деген əрбір азаматтың өз еліне деген тəуелділік санасы болса керек.

Халқын құрметтеген адам ғана бостандық идеясын қабылдап, оны өзінің өмір салтына айналдыра алады. Бостандық деген — туған елмен, жұртымен қандай жағдайда болмасын бірге болу» [3]. Яғни туған елімен бірге болу, оның бостандығы үшін күресу нағыз бостандықтың түрі болып саналады.

Қандай да халық, ұлт болмасын өзінің бостандығы үшін, əрқашанда күрес жүргізіп жүргені бізге тарихтан белгілі.

Жалпы бостандық адам болмысының қарама-қайшылығы ретінде қарастырылады. Бостандық дегеніміз — адамның саналы түрдегі ерікті таңдауы. Таңдаудың ең басты мақсаты — қажеттілік шекарасынан шыға білу. Адамның іс-əрекеті жəне бостандығы қажеттіліктер шекарасынан шықпаса, онда таза бостандық бар деп айта алмаймыз. Ал қажеттіліктер дүниесі болса индивидті жан-жақты қыспаққа алып отырады, қажеттіліктер шекарасынан шығу мүмкіндігі азаяды. Сондықтан адамның ішкі рухани болмысында шиеленіс туындайды. Дж. Локк осындай қарама-қайшылықтарды болдырмауға тырысады. Бірақ XVII ғасырда адам туралы түсінік əліде болса, көптеген ізденістерді талап етіп отырды. Ол бостандықты барлық құқықтардың фундаменті деп қарастырғанымен, бостандықтың өзіндік негізін қарастырмады. Сондықтан Дж. Локктың бостандық туралы көзқарастарында қарама-қайшылықтар кездестіреміз.

Адамзат тарыхында жеке тұлғаның туа біткен құқықтары туралы идея, бостандық идеясы саяси- құқықтық ойдың шарықтау шегі болып саналады. Ағылшын философы Дж. Локк өзінен кейінгі ұрпақтарға өшпес мұра қалдырып кеткені анық. Одан кейінгі ұрпақтар ойшылдың қалдырып кеткен еңбектеріне сүйене отырып, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет идеяларын идея ретінде, одан кейін іс жүзінде іске асыра бастағандығының куəгері болып отырмыз.

Əдебиеттер тізімі

1. Əлемдік саясаттану антологиясы. — Алматы: Қазақстан, 2005. — 2-т. — 427-б.

2. Кабыкенова Б.С. Идея свободы в истории философии права. — Алматы: Қазақ ун-ті, 2004. — С. 79.

3. Есім Ғ. Саяси философия. — Алматы: Ел шежіресі, 2006. — 97-б.

УДК 342.533. (574)

К.Т.Мамирова, К.К.Бекишева

Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова

К НЕКОТОРЫМ ПРОБЛЕМАМ СТАНОВЛЕНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИЯ ДВУХПАЛАТНОГО ПАРЛАМЕНТА КАК ВЫСШЕГО ПРЕДСТАВИТЕЛЬНОГО

И ЗАКОНОДАТЕЛЬНОГО ОРГАНА В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН

Мақалада Қазақстан Республикасы Парламентінің құрылу деңгейлері, екі палаталық Парламенттің құрылу себептері, Сенаттың жəне Мəжілістің негізгі атқаратын функциялары мəлімденген. Ұлттық дəстүрлердің ҚР негізгі институттардың құрылуына əсері жəне басқа құқықтық заңдар қарастырылған. Негізгі назар 1995 жылы қабылданған, Парламенттің жоғарғы заң шығарушы орган ретінде құзыретін анықтаған реформаға, сондай-ақ бір палаталық жүйеден екі палаталыққа ауыстыру мəселелеріне аударылған.

The article contains detailed description of the reformation stages in the parliament of Republic of Kazakhstan, fundamental reason that caused creating bicameral parliamentary system. The article also describes basic functions of Senate and Majilis and their strong and weak sides of work, it also includes national traditions of Kazakhstan political institute formation, as well as international ju- ridicial standards. Special attention is payed constitutional reform of 1995, which has determined the status of the Parliament of Republic of Kazakhstan as highest representative and legislative institu- tion of the country.

С распадом Советского Союза во всех бывших союзных республиках стали осуществляться большие преобразования. Новые суверенные государства встали на путь изменения политической системы. Это предполагало изменения во всех сферах жизнедеятельности общества, в том числе и в совершенствовании парламентской системы.

При этом следует заметить, что реформы в этом важнейшем политическом институте, как пра- вило, осуществляются не только с учетом особенностей национального общественно-политического развития на основе собственного опыта, богатейшего политического и культурного наследия, ценно- стей и традиций народа Казахстана, но и международных правовых стандартов.

In document ХАБАРШЫСЫ ВЕСТНИК (бет 125-149)

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР