• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ФРАНЧАЙЗИНГ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК

In document кәсіпкерлік (бет 47-53)

 бастапқы капиталды қалыптастыру ҥшін мҥліктің болуы;

 жарғылық (қоймалық) капиталдың минималды мӛлшерін қалыптастыру ҥшін қажетті қаржылық ресурстардың болуы;

 болашақ кәсіпорынның кеңсесін орналастыру және міндеттемелерін қызмет тҥрлерін жҥзеге асыру ҥшін қажетті тҧрғын ҥй емес ғимараттардың болуы;

 кәсіпкер ӛз тауарларын (қызметтерін, жҧмыстарын) ҧсынатын нарықтың жағдайын зерттеу;

 қызығушылық тудыратын саладағы, аймақтағы тауарларға деген сҧраныс;

 қҧрылтайшылар (серіктестер) қҧрамын анықтау;

 кәсіпорынды қҧру туралы қҧрылтай келісімшартын жасау.

Болашақ кәсіпкер:

 тәуекелден болатын залалдарды шамалап есептей алуы;

 кәсіпкерлік қҧпияны сақтай алуы;

 ӛз кәсіпорнының қызметі, ӛнім тҧтынушылары, клиенттері, жабдықтаушылары, бәсекелестері және т.б. туралы барлық ақпаратты білуі;

 ӛз ісін қҧрғысы келетін қызмет аясында қҧзіретті болуы;

 ӛз ісін ҧйымдастыруда шағын кәсіпкерлік ғана мемлекет тарапынан белгілі бір қолдауға ие болатындықтан, ӛз кҥшіне ғана сену керектігін естен шығармауы керек.

жҧмысқа қажетті нҧсқауларды беру, франчайзиге жҧмыс істеу әдістеріне оқыту мен кеңес берушілік қызметтерді ары қарай жалғастыру.

Шағын кәсіпорын франчайзер кӛмегін пайдалана отырып, салыстырмалы қысқа мерзімде ӛз ісін бастай алады, және де мҧнда бас кәсіпорын тарапынан тҧрақты қолдау, қиындықтарды (әсіресе бастапқы қызмет ету барысында) жеңуге мҥмкіндік береді. Франчайзер тарапынан кӛмек пен қолдау ақылы болады (роялти) және жеткілікті тҥрде жоғары болады.

Франчайзинг пен франчайзингтік қҧрылымдарды бірнеше типтер мен тҥрлерге бӛлінеді (9-сурет). Франчайзингтің негізгі типтері болып тауарлық, ӛндірістік, іскерлік, еншілес және конвенсиялық франчайзинг табылады.

Тауарлық франчайзинг бизнесті жҥргізу тәсілін сипаттайды, онда франчайзи жетекші компаниядан тауарларды, оның тауарлы маркасымен бірге сату қҧқығын сатып алады.

Ӛндірістік франчайзинг кезінде ірі компаниялар басқа компанияларға ӛнім ӛндіру мақсатында патенттелген ҥрдіс арқылы ӛзінің сауда белгісін немесе сауда маркасын пайдалануға лицензиялар береді.

Іскерлік франчайзинг франчайзердің «басшылығымен» тәуелсіз бизнесті ҧйымдастыруды қарастырады.

Конверсиялық франчайзинг ӛнім франчайзинг жҥйесі бойынша жҧмыс істейтін кӛтерме немесе бӛлшек сауда кәсіпорындары арқылы сатылатындығымен сипатталады.

Франчайзингтің негізгі тҥрлері дара немесе аймақтық (территориялық) болып екіге бӛлінеді.

Кең таралған тҥрі болып табылатын дара франчайзинг кезінде лицензия (франшиза) ӛнімнің қандай да бір белгілі тҥріне сатылады.

Аймақтық франчайзинг кезінде бірегей бас кәсіпорны (бірегей франчайзинг) бар, белгілі бір аймақта (территорияда) қызмет ететін екі және ҥш деңгейлі франчайзингтік қҧрылымдар қҧрылады.

Аймақтық франчайзинг келесідей қосалқы тҥрлерге бӛлінеді:

кӛптеген кәсіпорындарды иеленетін франчайзинг дара франчайзинг негізінде дамиды. Бҧл жағдайда франчайзер мен франчайзи бизнесті аймақта дамыту ҥшін келісім шарт жасайды. Соның негізінде франчайзидің белгілі бір ауданда ӛз кәсіпорындардын ашу қҧқығы пайда болады;

субфранчайзинг жағдайында бас кәсіпорын франчайзимен келісім шарт жасап, әрі бір мезгілде субфранчайзер ретінде болады. Соңғысы басқа франчайзиларда келісім шарттық қарым-қатынастар негізінде басқа франчайзиларды тартады;

дамушы франчайзингтің субфранчайзингтан ерекшелігі, тӛменгі франчайзи субфранчайзермен және франчайзермен де келісім шарттық қарым- қатынастармен байланысты болады. Келісім шарттың талабына сәйкес субфранчайзер дара франчайзиді ӛзі таңдайды және оны оқытуға, оларға тәжірибелік, әдістемелік кӛмек кӛрсетуге, олардың қызметін бақылауды жҥзеге асыруға міндеттенеді. Сонымен қатар франчайзер дара франчайзиге тікелей лицензия (франшиза) береді және онымен тікелей келісім шарттық қатынастарға тҥседі.

9-сурет.Франчайзинг жҥйесі

Франчайзинг жҥйесі барлық қатысушылармен табысқа бірдей қол жеткізуге бағытталған. Франчайзердің артықшылықтары:

 ҥлкен қаржылық шығынсыз бизнесті аз уақыт аралығында кеңейту тиімділігі;

 ӛз ӛнімдері мен қызметтерін ӛткізу кезінде тиімді бақылауды жҥзеге асыру мҥмкіндігі;

 роялти тҥрінде табыс алу;

 ӛндіріс масштабтарын кеңейту нәтижесінде ӛз ӛнімінің немесе қызметінің шығындарын тӛмендету есебінен қосымша пайдаға қол жеткізу.

Франчайзинг жҥйесіне қатысу франчайзиға келесідей артықшыықтар береді:

ФРАНЧАЙЗИНГ

тауарлық ӛндірістік іскерлік еншілес конверсиялық ФРАНЧАЙЗИНГ ТИПТЕР І

дара

ФРАНЧАЙЗИНГ ТҤРЛЕРІ

аумақтық

кӛптеген кәсіпорындарды

иеленетін

субфран- чайзинг

дамушы франчайзинг

Франчайзе

р Франчайзер Франчайзер Франчайзер Франчайзи Франчайзи Субфранчайзер

р Субфранчайзе

р р Кәсіпорын

Предприятие Кәсіпорын

Франчайзи Франчайзи

Франчайзи Франчайзи

ФРАНЧАЙЗИНГТІК ҚҰРЫЛЫМДАР

 тәуелсіз бизнесмен болу мҥмкіндігі;

 нарықта жақсы беделі бар сауда маркасы атынан ӛз бизнесін жҥргізу қҧқығы;

 бизнес пен маркетингтің бейімделген тҧжырымдамасын қолдану;

 сәйкес аядағы сарапшылардан басқарушылық кеңес алу мҥмкіндігі;

 бірлескен қызметті жҥзеге асыру есебінен жарнамаға деген шығындарды азайту;

 бастапқы оқу және білімін жетілдіру барысында бас фирманың қызметтерін пайдалана алу мҥмкіндігі;

 бизнес мектебінде оқымай-ақ немесе осы салада ӛз бизнесін жҥргізбай- ақ, ӛз ісін бастау мҥмкіндігі;

 франчайзердің қолдауы арқасында қателерді болдырмау.

Бірақ, бҧл артықшылықтарды жҥзеге асыру мҥмкіндіктері кӛптеген жағдайларға байланысты болады. Мысалы, ең алдымен нарықтағы франчайзердің имиджіне, франчайзиге берілетін технологияның ғылыми- техникалық деңгейінен, ӛндірілетін тауарлардың (жҧмыстарын, қызметтің) сапасынан, осы тауарларға деген сҧраныс сипатына және бәсекелік ортаның жағдайына тәуелді. Барлық жағдайларда франчайзинг жҥйесіне қатысу немесе оның қандай да бір нарықтарға немесе кәсіпкерлік аяларына тарату туралы шешім қабылдау ҥшін ҧсынылатын қызметтің бизнес-жоспары қажет.

Сонымен қатар, франчайзингте белгілі бір кемшіліктер бар, кемшілікті есепке алу франчайзер ҥшін де, франчайзи ҥшін де маңызды. Франчайзингтік келісімшарт франчайзер мен франчайзидің қарым-қатынастарын анықтайды, және франчайзиді қорғайтын бірқатар ережелерді қамтиды. Бҧл ережелер франчайзерге франчайзимен келісім шартты ҥзіп жіберуді қиындатады.

Франчайзи франчайзердің қызметкерлерді болып табылмайды. Олар бизнестің тәуелсіз иелері болып табылады. Франчайзингтік келісімшарттың болуы жағдайында да, франчайзимен ӛз бизнесінде жҥзеге асырылатын мәмілелерді бақылауда белгілі бір қиындықтар туындауы мҥмкін.

Кӛптеген тҧтынушылар әрбір франчайзингтік кәсіпорынды ортақ тауарлық белгімен жҧмыс жасайтын кәсіпорындардың бірегей желісінің бӛлігі ретінде қабылдайды. Егерде қандай да бір франчайзи ӛз бизнесін нашар жҥргізсе, ол барлық франчайзингтік жҥйеге әсерін тигізеді. Франчайзи франчайзерға жалпы сатылымдар сомасы туралы есеп беріп отыруға міндетті.

Кез-келген франчайзингтік жҥйенің жҧмысы франчайзердің интеллектуалды меншігі болып табылатын қағидалар мен стандарттарға негізделеді. Бизнестің мҧндай қағидалары коммерциялық қҧпияны сипаттайды және франчайзингтік жҥйенің негізгі табысы болып табылады. Франчайзи франчайзинг бағдарламасы бойынша оқу барысында, кейбір коммерциялық қҧпияларға қол жеткізеді. Франчайзингтік келісімшарт франчайзиге мҧндай ақпаратты таратуға тыйым салғанымен, іс – әрекет барысында ондай жағдай жиі кездеседі.

Франчайзи есебі бойынша франчайзингтік қатынастар оған ҥлкен шектеулер қояды деп есептегендіктен, ӛз бизнесін ашу ҥшін франчайзермен

келісім шартын бҧзғысы келеді, ал ӛз кезегінде франчайзерге тікелей бәсекелес болады.

Франчайзи франчайзингтік жҥйенің ережелерін қатал ҧстануы тиіс. Олар ҧсыныс енгізе алады, бірақ бизнесті ҧйымдастыру әдісін ӛзгерте алмайды.

Франчайзингтік келісімшартқа сәйкес франчайзи франшизаның тауарлық белгісін пайдалану мен кҥнделікті операцияларға қатысты арнайы ережелерді ҧстануы тиіс. Мҧндай шектеулер тҧтынушыға ҧсынылатын ӛнім ассортиментіне, жҧмыс уақытының ҧзақтығына қызмет кӛрсету ерекшеліктеріне қатысты болуы мҥмкін. Франчайзи, осы шектеулерге франчайзилік келісімшартқа байланысты іс-әрекеттер басталмай тҧрып келісім шарт болу керек.

Франчайзи ӛз бизнесінің тәуелсіз иелері ретінде сипатталғанымен, ол франшиза иелерінің желісінде маңызды буын болып табылады. Әрбір жеке франчайзи басқалары ҥшін бизнесте тең қҧқылы әріптес болуы қажет.

Потенциалды франчайзи франчайзер ҧсынатын қолдау мәндерін анықтау ҥшін, франчайзингтік жҥйенің жҧмысымен мҧқият танысып алуы керек.

Франчайзер тарапынан жеткіліксіз қолдау болған жағдайда, франчайзингтік жҥйенің кҥші әлсірейді.

Франчайзи франчайзердің қаржылық жағдайы туралы толық мәліметпен танысуы керек. Себебі, франчайзер ӛзін банкрот деп жариялаған жағдайда, франшизаны сатып жіберуі мҥмкін немесе басқа да қолайсыз салдар туындауы мҥмкін.

Ӛзін – ӛзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Кәсіпкерліктің ҧйымдастырушылық-қҧқықтық нысандары қандай?

2. Жарғылық капиталдың қҧрылымы мен қалыптасу тәртібі қандай?

3. Шаруашылық серіктестіктің белгілерін атап ӛтіңіз.

4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің негізгі ерекшелік белгілерін ашып кӛрсетіңіз.

5. Кәсіпкерліктің негізгі жіктемелік белгілері қандай?

6. Кәсіпкерліктің негізгі тҥрлері мен нысандарып атап ӛтіңіз.

7. Ӛндірістік кәсіпкерліктің мәні неде? Неліктен оны кәсіпкерліктің жетекші тҥріне жатқызады?

8. Коммерциялық кәсіпкерліктің мәні неде және оның қызмет ету аясы болып не табылады?

9. Қаржылық кәсіпкерліктің қызмет ету сферасына не жатады?

10. Кеңес берушілік қызмет сияқты кәсіпкерлік тҥрлері неліктен бӛліп кӛрсетілді? Оның ары қарай даму болашағы қандай?

11. Дара кәсіпкерліктің негізгі сипаттамалары, артықшылықтары мен кемшіліктері.

?

12. Азаматтардың қандай категориялары ҥшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шектеулер қойылған?

13. Франчайзинг тҥсінігін сипаттап беріңіз.

14. Франчайзингтің артықшылықтары мен кемшіліктері неде?

15. Франчайзер мен франчайзидің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

3 - тақырып:

In document кәсіпкерлік (бет 47-53)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР