164 N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 5, Number 309 (2016), 164 – 168
A. Zholmakhanova
Kyzalordа State University named after Korkyt Ata [email protected]
мəдениет əлемдік əдебиетті зерттеуде ұлттық əдебиеттер қатарында еленбей келді» [1], - деген сөз бүгінгі əдебиеттану ғылымының алдында тұрған бір мақсатты айқындайтыны сөзсіз. Сондықтан диаспоралық əдебиетті жанрлық, тақырыптық, стильдік, көркемдік тұрғыдан қарастыру арқылы біз көркем əдебиетке баға беріп қана қоймай, шетелдердегі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінен тұтас хабардар боламыз.
Ю.Б.Борев «Эмиграция жəне əдебиет» деген еңбегінде эмигранттық əдебиеттің басты ерекшеліктері ретінде үш қасиетін атап көрсетеді. Олар: 1) сағыныш, бұл тақырып пен идея барлық эмигранттық əдебиеттің өзегі; 2) тарихи Отанымның жағдайы қалай? Өз Отаным үшін мен не істей аламын? Үнемі ойша өз еліне сапарлау; 3) еліме қашан ораламын? (Аударма: А.Ж.) [2].
Орыс ғалымының пайымы əсіресе, эмигранттардың мемуарлық шығармаларында анық көрінеді. Өйткені естелік – шыншыл жанр. Əдебиетте қаламгер өзінің өмір жолын, көзімен көріп, көңілге тоқыған қоғамдағы өзгерістер мен оқиғаларды, ақиқат өмірді естелік ретінде кейінгі ұрпаққа қалдыру қалыптасқан үрдіс.
Зерттеуші-ғалым И.О.Шайтанов: «Кез келген мемуарлық шығармада жазылған оқиғаның шынайылығы автордың есте сақтауы мен көзқарасы тұрғысынан бағаланады» [3],-десе, Л.Я.Гаранин: «Мемуарлық шығарманың құндылығы қаламгердің өзі туралы естелік қалдыру, жинақталған тəжірибесін келер ұрпаққа аманат ету, өткенді жаңаша бағалау мақсатында жатыр»
[4], - дейді. Ендеше, мемуарға, соның ішінде естелікке тəн ең басты қасиет сол қоғамның тұтас оқиғаларын баяндап қана қоймай, замана ағымы мен өмір шындығынан сыр шертуінде, сол кезеңде өмір сүрген белгілі тұлғалардың шынайы бейнелерін жасауында.
Халқымыздың басында сан қилы замандар өткені тарихтан мəлім. Соның бірі – ХХ ғасырдың 40-жылдары Қытайдағы қазақтардың жер-суын тастап, белгісіз бағытқа үдере көшуі болды. Осы қатерлі де азапты көш туралы бүгінде бірнеше кітап жазылды. Дегенмен, қилы-қилы тарихымызды түгендеп, өткенімізді тануда шоқтығы биік көрінетіні – Халифа Алтайдың «Алтайдан аудан елі».
Халифа Алтай 1917 жылы Шығыс Түркістанда дүниеге келген. 1933-1938 жылдар- дағы Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты Шығыс Түркістанды мекендеген қазақтар Қытайдың Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударады. 1940 жылы Халифа Алтай жəне Елісхан, Зайып сияқты баскөтерер қытай қазақтарының бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 жылы Кашмир өлкесінде тұрақтап қалады.
Халифа Алтай Үндістан мен Пəкістанда арабша, урдуша білім алады. 1951 жылы Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылғанда, сонда жауапты хатшы болады.
Түркияға қоныс аударғаннан кейін шығармашылықпен айналысып, Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы өмірбаяндық бірнеше кітаптар жазған. Өзінің шығармашылық жолға түсуіне байланысты «Естеліктерім» атты кітабында: «... Сондықтан бұл тарихи өмір шындығын бір дастан етіп жырлауды, келешек ұрпаққа қалдыруды қасиетті бір азамат борышы, елеулі бір күрделі міндет деп бағалағандығым үшін осы (Естеліктерімді) жазып шықтым. Бұл дастанның əдеби көркемдігі оншалық қызықтырмаса да болмыстардың шиеленісе елестетілген мəні, маңызы жағынан дерліктей көңіл аударып, тамсандыра таңырқатумен қатар, кей жерде қынжылта күрсіндіріп, кей жерде көңіл босатып, көзге жас келтірмей қоймайды. Өйткені бұл бір жай ғана роман немесе бір ертегі емес. Нағыз аянышты өмір шындығы ғой» [5. 5-б.], - дейді.
Шынында, естелік-дастандағы басты ерекшелік тарихи оқиғаны баяндау кезінде халықтың, автордың ішкі көңіл-күйі мен ой-сезімінің қосыла беріліп, өріліп отыруы.
Сағындым, қайран Алтай, өскен жерім, Кіндігімді кір жуып, кескен жерім.
Дүниенің қай бұрышында жүрсем дағы, Естен кетпей көкейді тескен жерім. [5. 18-б.]
Өлең жолдарында автордың ой ағысы сағыныш, мұң, туған жердің қадір-қасиеті түрінде берілген. Дəстүрлі ақындық поэзияға тəн қасиетті дастан бойына мол сіңіре алған автор, эпикалық жанрдағы өзінің қалам қарымын көрсете алған. Құр оқиғаны баяндау ғана емес, көңіл-күй сезімін араластыра, астастыра беруі шығарманың құндылығын арттырып тұрғандығын айтуымыз керек.
166
Шығыс Түркістаннан Гансу, Шинхай аймағына қоныс аударғаннан кейінгі ауыр жағдай да өлең өрімінде əсерлі суреттелген. Жергілікті билік тарапынан болған қысым, зорлық-зомбылық дастан сюжетінің шынайылығын арттырумен қатар, көркемдік кестеге де қызмет етіп тұр:
Бұл жердің өкіметі жергілікті, Біз көрдік содан тағы көргілікті.
Зорлықпен ауған елден ат жинап ап, Істеді содан жаман бір қылықты.
Біреудің жалғыз аты жанға өлшеген, Біреудің жүйрік аты əлпештеген.
Не түрлі сəйгүліктің бəрі кетті,
Жорғалар, жортақылар секектеген. [5.38-б.]
Ата жұртынан ауған қазақтың көрген теперіші, қуғын-сүргін суреттелген өлең жолдарын тебіренбей оқу мүмкін емес. Осы оқиға Х.Алтайдың «Алтайдан ауған ел» атты естеліктер кітабында: «Тағдырдан қай қылығымызға бола қарғыс алғанымызды кім білсін, жергілікті үкімет бізге тағы қырын қарады. Жөн-жоба көрсетіп, қол ұшін берер бір пенде болсайшы. Елінен, жерінен ауып берекесі қашқан қазақтардың аттарын дүнгендер зорлықпен жинауға кірісті. Ең таңдаулы сəйгүліктерді іріктеп, таңбалап алды. Маңдайға басқан жорға, жүйріктерімізден айрылып, күлбеттеніп қала бердік» [6. 27-28-б.], - деп жазады.
Х.Алтай Шығыс Түркістан аймағынан ауған қазақтардың басынан өткізген оқиғаларын естелік түрінде беруде шығармашылық тұрғыдан жанрлық ізденістерге барғандығы да байқалады. Біз сөз етіп отырған «Естеліктер» атты дастан мен «Алтайдан ауған ел» атты естелік кітапта суреттелетін оқиға өзегі бір. Мұндай көркемдік ізденістер əдебиет тарихында бұрыннан бар үрдіс.
Əдебиеттану ғылымында: «Мемуар - (фран. Memiores – еске алу) автордың өз көзімен көрген, қатысып, араласқан оқиғалар жайындағы жазбалары өмірбаян түрінде, күнделік түрінде, жолжазбалар түрінде кездеседі. Қандай үлгіде жазылса да, əдеби шығарма жай естелік болып қалмайды. Естелік немесе өмірбаян, күнделік түрлерін пайдалану көркемдік тəсіл ретінде қолданылады, шығарманың өмірдегі болған оқиғаларға, нақтылы деректерге сүйеніп жазылғанын көрсетеді. Бірақ жазушының сол өткен шындықты еске алып, қорытып, өзінше бағалап бейнелеуіне шығарманы жазған кездегі уақыт тынысының да ықпалы болмай қалмайды. Мемуарлық шығарма автордың өзі көріп, білген жайларды, əр түрлі адамдардың əрекетін анықтап, айғақтап айтатыны – бұл жанрдың өзгешелігі жəне артықшылығы»,-деп анықтама берілген [7].
Естеліктің осы қасиетінің əдебиеттану ғылымы үшін құндылығы жоғары. Мемуарлық жанрдың тағы бір ерекшелігі шынайы өмірді бейнелей отырып, ұлттық тарихымыз бен жүріп- өткен жолымыздан сыр шертуінде. Осы ретте Х.Алтай естеліктерінің тарихи маңыздылығын да айта кетуіміз керек.
ХІХ ғасырдың соңғы кезінде Алтай, Тарбағатай аймақтарының қазақтары бытырап, Құмыл, Баркөл, Мори жаққа қоныс аудара бастайды. Мұның бірнеше себептері болды: халық өкіметке шамадан тыс, өте көп алым-салық төлеп, əл-ауқаты барған сайын төмендейді. Екіншіден, Алтай, тарбағатай билеушілерінің əділетсіз биліктері мен олардың шаш ал десе бас алатын жандайшап, атарман-шабармандарының оспадар іс-əрекеттері де қалың қауымның жүйкесін тоздырды. Осы секілді себептер түрткі болып, тыныш тіршілікті арман еткен халық басқа жақтарға ауыл-ауыл болып көшіп кетіп жатты[6].
Атажұрттан жырақта өмір сүруге себеп болған тек бұл бір саяси жағдай емес. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы «Столыпин саясаты», 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс пен 1931-1932 жылғы жаппай ашаршылық, 1937 жылғы қуғын-сүргін, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы қазақ шашырандыларының санын ұлғайта түсті.
«Алтайдан ауған ел» естелік кітабының «Алтайдан көш қалай басталды?», «Үндістанға кіру»,
«Көштен бөлініп қалғандар», «Түркияға көшу əрекеті», «Түркия қазақтары», «Саяхаттарым»,
«Атажұртпен қауышу» тарауларының өзі біздің сан қатпарлы тарихымызды парақтап бергендей.
1932-1933 жылдары Қытай билігінің қыспағына байланысты көптеген ауылдар Алтайды тастап Құмыл аймағы Баркөл ауданына қоныс аударады. Атамекенінен ауып Баркөлге бет алғандар 1933 жылдың күзінде жетіп, бес жыл осы жерді мекен еткен. Кейін Гансу өлкесіне өтеді.
Елісхан бастаған екінші көш жеңіске жетіп халыққа үлкен үміт сыйлайды. Елдің амандығы мен бірлігін ойлаған Зайып Ақыпұлы үшінші көшпен шекарадан өтіп, Елісханға барып қосылады.
Қожамберген бастаған төртінші көштің сəтсіздікке ұшырауы 500 үйдің кері қайтуына себеп болады.
Профессор Б.Кенжебаевтың пікіріне сүйексек: «Мемуарлық шығарма тарих ізімен, тарихи шындыққа сай жазылады. Оның авторы, өзіне үлкен талаптар қоя отырып, басынан өткендерін, көрген-білгендерін, əр кездегі ойларын бүркемей, боямай, бұрмаламай, ашық, дəл, нақты жазады»
[8. 259-б.], - деп тұжырымдайды. Осы тұрғыдан алғанда бұл шығарма сол заманның
ауыртпашылығын, қандастарымыздың атажұртқа деген сағынышын, көзбен көрген қиыншылықтарын бүркеме-бояусыз жеткізе білгендігімен құнды дүние жəне сан қатпарлы тарихымыздың ашық көрінісі деп бағалауымызға болады. Х.Алтай кітабындағы мына бір оқиға сол кезеңдегі Кеңес Одағының қазақтарға деген саяси көзқарасын анықтауға себепші болады. «...
Алайда осы бір момын ауылдың шырқы бұзылып, Кенжебек дегеннің лаңына ұшырайды.
Кенжебек кеңестік Қазақстаннан келген қандыбалақ коммунистердің бірі еді. Шекарадан емін- еркін асып, көшіп-қонып жүрген ауылдарға күдіктене қараған ол 500 үйді Монғолияның шығысына қарай айдай бастайды. Бұл өктемдікке қарсылық білдіргендерге күш қолданады. Жол жөнекей қазақтарды екінші бір монғол генералға табыс етпек болады»,-дейді [6.11-б].
Мемуар жанрының туу тарихы ерте дəуірлерден басталды десек те, оның шын мəніндегі жетілу, қалыптасу кезеңдері - XVIII-XX ғасырлар. Бұл жанрдың үздік классикалық үлгілеріне К.Гольдонидің «Мемуарлары», А.Герценнің «Көргендер мен ойлары», М.Горькийдің «Менің университеттерім», С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуі», С.Айнидің «Бұқарасы», С.Мұқановтың «Өмір мектебі» т.б. жатады. [9. 473-б.]
Бұл қатар еліміз тəуелсіздік алғаннан бері Ə.Нұршайықовтың «Мен жəне менің замандастарым», Х.Əдібаевтың «Өмір дария», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», Қ.Жұмаділовтың
«Таңғажайып дүние», Қ.Ысқақтың «Келмес күндер елесі», М.Мағауиннің «Мен» мемуарларымен толықты. Сондай-ақ Ə.Тəжібаевтың «Жылдар ойлар», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» жəне тағы басұа кейбір туындылар – өздерінің ғұмырбаяндық нышандарының көзге ұрып тұруымен мемуар жанрының табиғатын айқын білдіре алатын шығармалар [10].
Жалпы, естелік жазуға кез келген қаламгер баруы мүмкін. Дегенмен, ондай туындылардың барлығын мемуарға жатқыза алмаймыз. Өзі өмір сүрген қоғамды, тарихи, саяси-экономикалық жағдайды шынайылықпен жаза білу ол жазушының шеберлілігін көрсетеді.
Осы ретте қоғам қайраткері, жазушы Халифа Алтайдың «Алтайдан ауған ел», «Естеліктерім»
атты туындылары əдебиетте ғана емес, əлеуметтану, тарих ғылымы үшін де құнды, тарихи дерек көзі ретінде бағалауымыз қажет.
ƏДЕБИЕТ [1] Қорабай С. // www.qazaq-alemi.kz
[2] http://www.independent-academy.net/science/library/borev_emigrazija.html [3] Шайтанов И.О. // Как было и как вспомнилось. – М.: Знание, 1981,164 с.
[4] Гаранин Л.Я. // Мемуарной жанр советской литературы. – М.: Наука и техника, 1986, 246-с.
[5] Алтай Х. // Естеліктерім. Алматы, 2014.
[6] Алтай Х. // Алтайдан ауған ел. Алматы, 2014, 271-б.
[7] Əдебиеттану. // Алматы, 1998, 384-б.
[8] Кенжебаев Б. // Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары. Алматы, Қазақ мемлекеттік көркем əдебиет баспасы, 1958 ж. 308 б.
[9] Қазақ əдебиеті. // Алматы, Қазақстан даму институты, 1999. 750 б.
[10] Ақыш Н.Б. // Қазақ мемуарлық романы. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2009. 329-б.
168 REFERENCES [1] Korabaj S. // www.qazaq-alemi.kz
[2] http://www.independent-academy.net/science/library/borev_emigrazija.html [3] Shajtanov I.O. // Kak bylo i kak vspomnilos'. – M.: Znanie, 1981,164 s.
[4] Garanin L.Ja. // Memuarnoj zhanr sovetskoj literatury. – M.: Nauka i tehnika, 1986, 246-s.
[5] Altaj H. // Estelіkterіm. Almaty, 2014.
[6] Altaj H. // Altajdan augan el. Almaty, 2014, 271-b.
[7] Adebiettanu. // Almaty, 1998, 384-b.
[8] Kenzhebaev B. // Kazar halkynyn XX gasyr basyndagy demokrat zhazushylary. Almaty, Kazak memlekettіk korkem adebiet baspasy, 1958 zh. 308 b.
[9] Kazak adebietі. // Almaty, Kazakstan damu instituty, 1999. 750 b.
[10] Akysh N.B. // Kazak memuarlyk romany. Filologija gylymdarynyn doktory gylymi darezhesіn alu үshіn dajyndalgan dissertacija. Almaty, 2009. 329-b.
А.Б. Жолмаханова
Кызалординский Государственный университет имени Қорқыт Ата, ИСТОРИЧЕСКАЯ РОЛЬ ВОСПОМИНАНИЙ ХАЛИФЫ АЛТАЙ
В статье рассматривается одна из проблем – литература диаспор, в том числе исследуется жанр воспоминаний. В национальной отечественной литературе только после получения независимости началось исследование литературы диаспор, как неотъемлемой части литературного процесса. Эта проблема подробно описывается автором в данной статье.
В работе освещаются вопросы о литературе диаспор, мемуарах, воспоминаниях эмигрантов, дается анализ различным точкам зрения казахстанских и зарубежных исследователей. Автор в статье анализирует мемуары эмигранта- казаха Халифы Алтай «Алтайдан ауған ел», «Естеліктерім» в которых описывается тяжелая судьба наших соотечественников.
Выдвинутые в статье автором гипотезы имеют важное значение не только для литературоведения, но и для исторической науки.
Ключевые слова: литература, литературы диаспор, жанр, эмигрант, мемуары, воспоминания.
Сведения об авторе:
Жолмаханова А.Б. – докторантка 2 курса по специальности 6D011700 – казахский язык и литература, [email protected]
N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 5, Number 309 (2016), 169 – 175 UDC 338.244
R.K. Karabaev1, A.E. Zhansagimova2, N.B. Shamuratova 3 университет «Астана»