• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ХАНАФИ ФИҚҺЫНЫҢ ТАРАЛУЫ

In document Х А Б А Р Ш Ы С Ы (бет 144-149)

BULLETIN OF NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

ISSN 1991-3494

Volume 2, Number 366 (2017), 144 – 148

Sh. Adilbayeva

PhD, Egyptian University of Islamic Culture of Nour Mubarak, Almaty, Kazakhstan.

E-mail: shamshat.nmu@mail.ru THE SPREAD OF HANAFIC LAW

Abstract. Hanafi mazhab is one of the most popular mazhabs in the Muslim world. The Kazakh people were taught Islam and adopted Islam on the basis of Hanafi mazhab. One of the reasons for the wide spread of the mazhab was the presence of the religious council for sentencing. The disciples of Abu Hanifa spread the developed legal principles engaging in propaganda of knowledge of Islamic law school of Imam Abu Hanifa and they opened the way for the recognition of the mazhab. As a result, the books written by them helped to spread Hanafi mazhab.

Therefore, the majority of the population was ready to adopt the decisions reached in accordance with the Hanafi law. Thus, the number of followers of the mazhab increased. This article discusses the main causes of the spread of Hanafi mazhab.

Keywords: mazhab, Hanafic mazhab, Hanafic law, ictihad, law court.

ƏОЖ 233.5

Ш. Əділбаева

Нұр-Мүбарак Египет ислам мəдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

туындаған болатын. Əсіресе, басқа мəдениеттердің ықпалы күштірек сезілген Ирак аймағында осындай қауіптің белең алуы табиғи құбылыс еді. Міне, осы кезеңде Əбу Ханифа мен шəкірт- терінің аят-хадиске сүйенген дəстүрлі діни түсінікті көңілге қонымды етіп түсіндіруі, насс (аят- хадис) пен ақылдың арасында тепе-теңдік орната отырып фиқһ əдіснамасын дамытуы нəтижесінде жүйесіз ойлауға негізделген түсінік тізгінделді. Осындай ерекшелігінің арқасында көпшілік ға- лымдар фиқһтың осы бағытта дамығанын құп көрді.

Ислам дінінің алғашқы кезеңдерінде əр аймаққа мүжтəхид (шариғи дəлелдерден діни үкім шығара алатын ғалым) деңгейіндегі қазылар (сот, жоғарғы сот) жіберіліп, олар сол аймақтың діни мəселелерін шешіп отырды. Алайда уақыт өте келе шекараның ұлғаюына байланысты барлық жерге мұндай мүжтəхид-имам жіберу мүмкіншілігі азайды. Қоғамдағы бірлік пен тұтастықтың сақталуы үшін ел билеушілеріне бұның бір амалын ойластыруы қажет еді. Аббаси билеушісі Харун əр-Рашидтің кезеңінен бастап, мемлекет осы бағытта тиісті шараларды қарастыра бастады. Осы- лайша Əбу Ханифа мен шəкірттері дамытқан ирак фиқһының кең қанат жаюына маңызды бір мүм- кіндік туды. Осы кезеңде көп жерлерге ханафи мəзһабының ғалымдары қазы ретінде тағайын- далды. Осы тұста имам Əбу Ханифаның шəкірттерінің қажырлы еңбектері мен атқарған қызмет- терінің де рөлі ерекше еді. Имам Əбу Ханифа өзінің ерекше дəріс беру жүйесі арқылы көзі тірісінің өзінде қырыққа жуық мүжтəхид ғалым əрі төрт мыңға жуық шəкірт тəрбиелегендігі тарихи кітаптарда айтылған. Имам Ағзам мен оның Əбу Юсуф, Имам Мұхаммед, Зуфар, Хасан ибн Зияд секілді мүжтəхид шəкірттерінің жетілдірген түлектерінің Хорезм, Батыс Түркістан, Хорасан мен Мəуараннахр секілді жаңадан мұсылман болған аймақтарда белсенді қызмет атқаруы да ханафи фиқһының ел арасында тарауына үлкен ықпалын тигізді. Мысалы мұсылман ғалымы Бəззəзи

«Мəнəқибу Əби Ханифа» атты еңбегінде Əбу Ханифаның 800-ге жуық шəкіртінің аты-жөнін жəне қай жерден екендіктерін де атап өткен [1; 491-518 б.].

Оның шəкірттерінің көпшілігі Ирактың Куфа, Басра, Бағдат секілді орталықтарынан, қалған көпшілігінің Ахуаз, Исфахан, Хамадан, Мəру, Бұқара, Самарқанд, Балх, Хорезм секілді Ирактың шығысындағы қалалардан екендігі байқалады. Сонымен қатар, аз да болса Мысыр, Сирия, Мекке, Мəдина, Йемен, Бахрейн, Мусул секілді қаладан келгендері де бар еді. Осы шəкірттері өз елдерінде дəріс алқасын құрып, шəкірт тəрбиелеген немесе қазы қызметіне тағайындалу арқылы ханафи фиқһын сол аймақтарға жайған. Мысалы, Абдулазиз ибн Халид – Термезде, Мұхаммед ибн Халид əл-Ханзалидың – Əстарабадта, Хұсайн ибн Хафс əл-Хамаданидың – Исфаханда, Исмаил ибн Əлиаса əл-Киндидің – Мысырда, Абдуллаһ ибн Фəррухтың – Мысыр мен Солтүстік Африкада ұстаздарының көзқарасы мен Ирак фиқһын насихаттап, кең таратқандықтары тарих кітаптарында айтылған [2; 3-б.].

Аббастықтар əулетінің халифасы Харун əр-Рəшидтің Əбу Юсуфты қадиул-қудат (қазылардың қазысы, жоғарғы сот) міндетіне тағайындауы жəне барлық қазыларды тағайындау ісін соған тапсыруы да ханафи мəзһабының кең қанат жаюына өз əсерін тигізді. Бұл тағайындау əрі бір жағы- нан халифаттықта сот істерінде жүйе мен біркелкіліктің болуы, ел аумағында құқықтық тұрақты- лықтың қалыптасуы жолында жасалған маңызды қадам болды. Сондай-ақ мұсылман билігінің қол астына жаңадан өткен елдерде ханафи мəзһабының танылуы мен таралуына елеулі ықпал етті.

Ресми тағайындаулармен қатар, басқа аймақтарға жіберілген қазының білімділігі мен білік- тілігінің де ханафи фиқһының таралуы жолында ерекше рөл ойнағаны анық. Баста Əбу Юсуфпен қатар Əбу Ханифаның шəкірттерінің көпшілігі қазылық міндетін атқарған. Олардың көпшілігі фиқһты ижтихад жасайтындай дəрежеде игеруіне байланысты Ирак, Иран, Хорасан, Батыс Түркіс- тан аймақтарында Ирак (ханафи) фиқһы аясындағы құқықтық дəстүрдің қалыптасуына, халықтың сүйіспеншілігіне бөленуіне үлес қосты. Ханафи ғалымдарының белсенді түрде қызмет етуінің арқасында мемлекеттің қолдауы азайған кезде де ханафи мəзһабының ықпалы жалғаса берді. Ал ғалымдар əлсіз болған аймақтарда мəзһаб кең тарай алмады [3; 402-408 б.].

Ханафиліктің таралуының тағы бір негізгі себептерінің бірі – ханафи фиқһ кітаптарының Əбу Ханифа мен шəкірттерінің кезінде жазыла бастауында. Ханафи мəзһабында қалыптасқан дəстүр бойынша фиқһтық мəселелер əуелі қырық кісілік арнайы алқада əбден талқыланып, ой сүзгісінен өткеннен кейін Зуфəр ибн Хузəйл, Əбу Юсуф, Дəуіт ат-Таий, Əсəд ибн Амр əл-Бəжəли, Юсуф ибн Халид əс-Сəмти, Əбу Мутғи əл-Балхи, Нұх ибн Əбу Мəриям, Мұхаммед ибн Уəхб, Аия ибн Язид секілді фақиһтар оларды жинап, жүйелеп хатқа түсірген [4; 107-б.]. Бұлардың арасынды Əсəд ибн

Амр əл-Бəжəли, Нұх ибн Əбу Мəриям, Əбу Юсуф пен қатар Имам Ағзамның дəріс алқасына отыз жыл қатысқан Яхия ибн Зəкəрияның ханафи фиқһының жазылып, жинақталуында белсенді түрде атсалысқандықтары айтылады [5; 3-б.].

Əбу Юсуфтың біздің заманымызға дейін келіп жеткен төрт шығармасы, Имам Мұхаммедтің

«Захирур-риуая» кітаптары тобының арасындағы алты кітабы мен «Надирур-риуая» кітаптары сол кездегі Ирак фиқһын танытатын негізгі əрі сенімді қайнаркөз кітаптар болып табылады.

Əбу Ханифаның алғашқы шəкірттерінің шəкірттері саналған Исмаил ибн Хаммад, Əбу Сүлей- мен əл-Жузжани (Журжəни), Əбул Хафс əл-Кəбир, Бишр ибн Ғияс, əл-Мəриси, Иса ибн Əбан, Ибн Сəмаа, Бишр ибн Уəлид əл-Кинди, Яхия ибн Əксам, Хилəлуррай секілді ғалымдар да фиқһтың əр- түрлі салаларында еңбек жазу арқылы ханафи фиқһының кең тарап, күшеюіне маңызды үлес қосқан.

Сонымен қатар, ханафи фиқһының жинастырылып-жазылуына халифа Мəмун кезеңінде қағаз- дың ойлап табылып, кең қолданыла бастауының да өзіндік ықпалы болды.

Алғашқы бір-екі ғасырдағы ханафи фиқһының жинастырылып-жазылуы мəзһабтың құрылуы мен танылуына жол ашса, кейінгі кезеңдерде һижра жыл санауы бойынша IV, біздің жыл санауы- мыз бойынша Х ғасырдан басталған кітаптарды жинастырып жазу ісі мəзһабтың қалыптасуы мен дəстүрлі түсінігінің орнығуына жағдай жасады.

Жалпылай алғанда, ханафи мəзһабы Ирак пен оның шығысындағы аймақтарда, мəлики мəзһабы Хижазда, шафиғилік Мысырда, ханбəли мəзһабы бертін келе Бағдат пен Хижазда тарал- ған. Əртүрлі тарихи кезеңдерде Андалуссиядан бастап, Үндістанға дейінгі аймақтарда əрбір мəзһаб кейде жақсы дамыса, кейде олардың ықпалы бəсеңдеген. Осыған орай, қалалар мен аймақтарға əртүрлі мəзһабты ұстанушы қазылар тағайындалған. Мысалы, Мəдинаға алғашында шафиғи мəзһабы қазылары жіберілсе, кейіндері мəлики мен ханафи қазылары тағайындалған. Тарихшы Мақдисидің мəліметі бойынша һижра жыл санауы бойынша III (милади ІХ) жəне IV (милади Х) ғасырда Нишапур, Шаш, Тус, Нəсə, Бұхара, Исфəрəйн секілді кейбір қалаларда шафиғилардың көбеюі салдарынан, ол жерлерге шафиғи қазылардың тағайындалғандығы, кей жағдайларда ханафи əрі шафиғи екі қазының бір уақытта қызмет атқарғандықтары да айтылады.

Аббасидтер əулеті кезеңінде Мысыр елінде ханафилер болғанымен, ол жерде шафиғи жəне мəлики мəзһабының ықпалы күшті еді. Өйткені, имам Шафиғидің өзі Мысыр елінде болатын.

Сонымен қатар, имам Мəліктің Ибн Уəһб жəне Ибн Хакам секілді шəкірттері де Мысырда болған- дықтан, осы екі мəзһаб кең тарады.

Фатимидтер əулеті Мысырды басып алғаннан кейін ресми мəзһаб ретінде шииттердің исмаи- лия мəзһабын жариялады. Бірақ, бұл шара төрт мəзһабты жоя алмады. Халық ғибадаттарын өз мəзһабтарына қарай орындауын жалғастыра берді. Осы Фатимидтер кезеңінде ханафи мəзһабы қатты қысым көрді. Өйткені, Фатимидтер Аббаситтерге қас болатын. Ал ханафи мəзһабы Аббасид- тердің ресми мəзһабы еді.

Мысырда Əйюбидтер мемлекеті құрылғаннан кейін Сирия мен Мысырда шафиғилер мен ханбəлилердің ықпалы қайтадан күшейді. Осы екі мəзһабтың ғалымдарына арнайы медреселер салынды. Өйткені, Салахаддин Əйюби өзі шафиғи мəзһабын ұстанатын. Бірақ, Сирияда Нуреддин Шəһид Зəнги (XII ғасыр) билік басына келгенде бұл жағдай өзгерді. Өйткені, ол ханафилікті ұста- натын. Осылайша, ханафи мəзһабы Сирияда кең тарап, артынан Мысыр еліне де бірте-бірте жайы- ла бастады. Осы кезден бастап ханафи мəзһабы Аббасидтер кезеңіндегі секілді тек қана үкіметтік ресми мақамдарда қалмай, халық арасында кең тарады [6; 15-б.].

Халық арасында ханафилер көбейгеннен кейін Салахаддин Əйюби Каир қаласында хана- филарға арнап «Суюфия» медресесін салғызды. Мұның нəтижесінде ханафи мəзһабы ел арасында кеңінен жайылды.

Мəмлуктар кезеңінде əуелі Каир қаласында 659 жылы (1261) шафиғи ғалымдарынан Тəжуд- дин Абдулуаһһаб ибн Бинтил-иаз қадиул-қудат ретінде тағайындалды. Бірақ, бұл жердегі халық- тың арасында түрлі мəзһаб өкілдері өмір сүргендіктен, халықтың арасында наразылық туып, басқа үш мəзһабтан қазылар тағайындалды. Тарихшы Мақризидің мəліметі бойынша атамыз Сұлтан Бейбарыстың Мысыр елінде шафиғи, мəліки, ханафи жəне ханбəли мəзһабтарынан төрт қазы тағайындауынан кейін (1266 ж.) мұсылман елдерінде осы төрт мəзһаб бойынша білім беріліп, сот істері жүргізілген. Яғни, оның айтуы бойынша осы кезден бастап, Ислам əлемінде төрт мəзһаб

бойынша амал ету мəселесінде үмбет арасында ижма (бір ауыздан келісім) болған. Алайда, оныншы ғасырда өмір сүрген Мақдиси шығармасында өз кезеңінде Ислам əлемінде фиқһ сала- сында ханафи, мəлики, шафиғи мен дəуіди (захирилер) секілді төрт мəзһабтың болғанын айтқан.

Сунниттер арасында захирилердің шафиғи мəзһабының бауырында бірте-бірте еріп жойылуы мен ханбəли мəзһабының шығуынан кейін XI ғасырда осы төрт сунни мəзһаб қалыптасқан. Ал Аббаси халифаларынан Насыр Лидиниллахтың қазы тағайындаған кезде төрт мəзһабпен шектелуі осы төрт мəзһаб бойынша амал етудің жоғарыда аталған кезеңнен (1266 ж.) бұрын басталғанын көрсетеді.

Фиқһ мəзһабтарының дамуы мен таралуы қарсаңында ханафи мəзһабы ең аз таралған аймақ Солтүстік Африка мен Андалусия болды.

Мысыр Османлы мемлекетінің билігіне өткеннен кейін, қазылық ханафи мəзһабы бойынша жүргізілді. Ғылым үйренушілердің арасында ханафи фиқһын оқып-үйренуге деген қызығушылық артты. Нəтижесінде, ханафиліктің беделі күшейіп, Аббасидтер кезеңіндегі секілді ресми мəзһабқа айналды.

Мехмет Али паша (1849 қ.) Мысырды өзіне қаратқан кезде жалғыз ханафи мəзһабын ресми етіп жариялаған. Бұл 20-ғасырдың басына дейін жалғасты. Ханафи мəзһабы Мысырдан əрі қарай батысқа (Мағрибке) тарала қоймады. Тек қана Əсад ибн əл-Фурат (қ. 213 һ) кезеңінде мағриб еліне өткенімен, ұзаққа созылмаған. Өйткені, ол жерде мəлики мəзһабын ұстанған Ағлабилер əулетінің беделі күшті еді. Міне, сондықтан Мағриб пен Андалуссида жалғыз мəлики мəзһабы кең тараған.

Сирия мен оның аймағында да ханафи мəзһабының таралғанын көреміз. Сирия мен Мысыр- дағы кейбір басшылар ханафи мəзһабының беделін азайтқысы келгенімен, халық арасында кең жайылғандықтан, мақсаттарына жете алмады [3; 406-б.].

Ханафи мəзһабыны кең таралуында Сəлжұқтар мен Осман мемлекетінің рөлі ерекше. Сəлжұқ билеушісі Тұғрыл бей Нишапур, Исфахан, Хамадан секілді ханафилік аз таралған жерлерге ханафилерден қазылар мен имамдар тағайындауының нəтижесінде ханафилік күшейді.

Османлы мемлекеті кезеңінде 16-ғасырдан кейін құқықтық мəселелердің ханафи мəзһабы бойынша жүргізілетіндігі ресми түрде жарияланған. Анадолы мен Румелиде ықпалы артса, Мекке, Мəдина, Халеп, Қудыс, Каир секілді елді-мекендерде халықтың көпшілігінің басқа мəзһабты ұста- нуына байланысты бас қазының көмекшілері өзге мəзһабтан тағайындалып, мəселелерді өз мəз- һабтарына қарай шешуіне жағдай жасалған.

Негізінде, мемлекеттердің ресми мəзһаб ұстанымдары құқықтық бірлік пен тəртіпті қамтама- сыз етуге бағытталған шара еді əрі өзіндік пайдасын да тигізді. Бұл өз кезегінде мəзһабтардың бір елде тарауының сырт көзбен қарағандағы негізгі себептері секілді көрінгенімен, сол аймақтардың ерекшеліктеріне сай келгенін де есепке алған жөн. Мəселен, қоғамда қалыптасқан əдет-ғұрыптар- дың белгілі бір мəзһабты қабылдауда жағымды немесе жағымсыз рөл ойнағандығы белгілі. Мұсыл- ман арабтардың қол астына өткен парсылар өздерінің қарсылықтарын ақида жəне фиқһ алаңында имамия, жағфария, зəйдия түрінде білдірсе, Солтүстік Африкалықтар Хижаз фиқһын өз ортала- рына сай келгендіктен жылдам қабылдаған болатын. Мəуараннахр, Хорасан, Үндістан, Батыс Түркістан жəне Ислам мемлекетінің қол астына өткен араб емес өзге ұлттардың ханафи мəзһабы- нының өздерінің əдет-ғұрыптары мен қоғамдық өмірлеріне сай келгендіктен қабылдағандықтары да əбден мүмкін. Ханафи мəзһабының шариғатқа қайшы келмеген жағдайда, жергілікті əдет- ғұрыпты дəлел ретінде санауының бұған тигізген ықпалы мол. Өз кезегінде ханафи мəзһабы өмір- салты, мəдени-саяси жағдайы хижаз аймағынан мүлде бөлек аймақта туып, кең етек жайған-ды.

Шариғаттың кең өлшемдерін бір ғана аймақтың ерекшелігімен шектемей, хадистердің сыртқы мағынасына ғана қарамай, мəселелерді кең түрде талқылап, негізгі мақсатты басты назарға алуы- ның өзге ұлт өкілдерінің де Исламды қабылдауын жеңілдеткені анық.

Орталығы Куфада болған Ирак фиқһының таралуында Əбу Ханифаның тұлғалық қасиетінің де рөлі ерекше. Сондықтан, бұл мəзһаб ханафи мəзһабы деп аталды. Терең ілімі, зеректігімен ерекше- ленген жəне діннің шынайы рухын жақсы меңгерген Əбу Ханифаның мəзһабы арабтардың ты- сындағы түркі жəне парсы халықтарының арасында кең жайылды.

Ақылға негіздеп қисынмен ойлау əрі Исламның негізіне сай жеңілдік дəстүрін ұстануы бұл мəзһабтың кең тарауына жол ашқан себептердің бірі.

Осы ұзын-сонар тарихи кезеңдердің нəтижесінде, ханафи мəзһабы Түркия, Балқан елдері, Бос- ния-Герцоговиня, Украина, Қырым, Əзірбайжан, Кавказ, Орал, Сібір жəне Орталық Азия, Қытай,

Манчжурия, Жапония, Ауғаныстан, Хорасан, Тайланд, Үндістан, Пəкістан секілді елдерде кең тарады. Йемен, Хижаз, Мысыр, Палестина, Алжир мен Туниста ханафилар аз, ал Эфиопия, Сирия мен Иракта айтарлықтай күшке ие.

ƏДЕБИЕТ [1] Бəззəзи, Мəнəқибу Əби Ханифа. Бейрут, 1981.

[2] Өзел А., Ханефи фықых алимлери. Анкара: Түркия Диянет Вакфы баспасы, 2006.

[3] М. Əбу Захра, Əбу Ханифа, хаятуһу уə асруһу, арауһу уə фиқһуһу, Дарул-фикрил-араби. – Каир, 1997.

[4] Əс-Сəймиəри Əбу Абдуллаһ Хусəйн б. Али, Ахбару Əби Ханифа уə асхабихи. – Бейрут, 1985.

[5] А. Бардакоглы, Ханефи мезхеби, Ислам Ансиклопедиси, ТДУ, 16-т. Стамбул, 2006.

[6] А. Тəймур Паша. Назар тарихия фи худусил-мəзəхибил арбаа. Каир, 1351.

REFERENCES [1] Bəzzəzi, Mənəқibu Əbi Hanifa. Bejrut, 1981.

[2] Өzel A., Hanefi fyқyh alimleri. Ankara: Tүrkija Dijanet Vakfy baspasy, 2006.

[3] M. Əbu Zahra, Əbu Hanifa, hajatuһu uə asruһu, arauһu uə fiқһuһu, Darul-fikril-arabi. Kair, 1997.

[4] əs-Səjmiəri Əbu Abdullaһ Husəjn b. Ali, Ahbaru Əbi Hanifa uə ashabihi. Bejrut, 1985.

[5] A. Bardakogly, Hanefi mezhebi, Islam Ansiklopedisi, TDU, 16-t. Stambul, 2006.

[6] A. Təjmur Pasha, Nazar tarihija fi hudusil-məzəhibil arbaa. Kair, 1351.

Ш. Əділбаева

PhD доктор, Нұр-Мүбарак Египет ислам мəдениеті университеті, Алматы, Қазақстан РАСПРОСТРАНЕНИЕ ХАНАФИТСКОГО ПРАВА

Аннотация. Ханафитский мазхаб – один из самых распространенных мазхабов в мусульманском мире.

Казахский народ обучался религии Ислам и принял его именно по основам ханафитского мазхаба. Одной из причин широкого распространения этого мазхаба было наличие религиозного совета по вынесению судебно- го решения, приговора. Ученики Абу Ханифы распространили разработанные этим советом правовые прин- ципы, занимаясь пропагандой знаний мусульманского права школы Имама Абу Ханифы и открыли дорогу для признания данного мазхаба. Впоследствии книги, написанные ими, послужили распространению этого мазхаба. В результате, большинство населения стало придерживаться решений, вынесенных в согласии с ха- нафитским правом. Таким образом, количество последователей мазхаба увеличивалось. В статье рассмат- риваются основные причины распространения ханафитского мазхаба.

Ключевые слова: мазхаб, ханафитский мазхаб, ханафитское право, иджтихад, суд.

BULLETIN OF NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

ISSN 1991-3494

Volume 2, Number 366 (2017), 149 – 153

Z. K. Ayupova1, D. U. Kussainov2

1Kazakh national agrarian university, Almaty, Kazakhstan,

2Kazakh national pedagogical university named after Abai, Almaty, Kazakhstan.

E-mail: zaure567@yandex.ru

TO THE QUESTION OF IMPROVEMENT

In document Х А Б А Р Ш Ы С Ы (бет 144-149)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР