• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Шағын кәсіпкерлік

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 100-103)

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ МЕН НЫСАНДАРЫ

7.8. Шағын кәсіпкерлік

Қазіргі кезеңдегі нарықтық экономикада шағын кәсіпорындар шаруашылық жүйенің маңызды элементін құрайды. Кәсіпорындардың осы түрі саны бойынша кӛп те (70%-дан астам), сонымен бірге қоғамның экономикалық ӛміріне айтарлықтай ықпал етеді. Шағын кәсіпорындар жұмыспен қамтуды сақтауға ықпал етеді (жаңа жұмыс орындарының үштен екісін шағын кәсіпорындар құрады) олар инновациялық процесте де елеулі рӛл атқарады. Шағын кәсіпкерлік нарықтық шаруашылық пайда болғаннан бастап жұмыс істейді, алайда соңғы 40 жылда оған жіті назар аударыла бастады. Жағдайың ӛзгеруіне ғылыми-техникалық прогрестің ӛрістеп дамуы мен нарықтық сұраныстың ӛзгеруіне орай шағын бизнестің экономикалық жүйедегі рӛлінің ӛзгеруі ӛте әсер етті.

Біріншіден, шағын кәсіпорындарға ішкі кооперациясы күрделі ӛндіріске енуге мүмкіндік берген капиталды кӛп қажет етпейтін технологиялар пайда болды.

Екіншіден, ақпараттық технологиялардың пайда болуы басқару жүйесін күрделендірмей ӛндірісті басқаруды жақсартуға мүмкіндік берді.

101

Үшіншіден, ҒТП жағдайында технологиялар мен нарықтың жағдаятында орын алған ӛзгерістерге оралымды ден қою ең басты бәсекелік артықшылыққа айналды.

Тӛртіншіден, шағын кәсіпорындардың тәуекелге бейім болуы мен оларға тән ұжымдылық ҒТП жағдайында табысқа жету факторына айналған кәсіпкерлік мінез-құлықтың инновациялық тұрпатымен үйлесті.

Бесіншіден, белсенді табиғат қорғау қызметіне кӛшу шағын кәсіпорындарға атап айтқанда, ірі ӛндірістің қалдықтарын жою мен ӛңдеу саласында жаңа шаруашылық кәсібін тауып берді.

Алтыншыдан, халықтың әл-ауқатының ӛсуіне байланысты тауарды шағын топпен шығаратын кәсіпорындарға қолайлы болатындай адамдардың жеке сұранысы артты.

Қаржы ресурстарына қажеттілікті қаржылық емес сектордың есебінен шешуге болатындықтан (туыстар мен таныстардың ақшасының есебінен) Халық-тың жинақ ақшасының ұлғаюына байланысты шағын бизнес банк капиталынан тәуелділігі тӛмендеді.

Жоғарыда аталған факторлардың қолданылуынан:

ірі кәсіпорындар ауқымының арқасында жеткен артықшылығын едәуір жоғалтты, ал шағын бизнес ӛндіріске жұмсалатын шығын бойынша біршама бәсекеге қабілетті болды;

шағын кәсіпорындар ӛндіріске икемденіп, нарықтағы ӛзгерістерге оралымды ден қоюдың арқасында қосымша бәсекелік артықшылыққа ие болды;

шағын кәсіпорындар жаңа әлеуметтік мәртебеге ие болып, мемлекет пен қоғам тарапынан жақсы қолдауға ие болды.

Жоғарыда айтылғанның барлығы шағын кәсіпкерліктің экономикада атқа-ратын рӛлінің сапасы айтарлықтай жақсарғанын растайды. Қазіргі кезеңдегі шағын кәсіпкерлік жағдаяттың ӛзгерістеріне жылдам ден қойып, іскерлік циклдің ауытқуын тегістеуге ықпал етеді. Ол инновациялық процеске, демек техникалық-экономикалық прогреске ойдағыдай қатысады, сонымен бірге ол кәсіпкерлікті әлеуметтік те, сондай-ақ экономикалық жағынан дамытудың негізін қа-лайды.

«Шағын кәсіпорын» және «шағын кәсіпкерлік» деген терминдер кең таралғанымен, оларға нақты анықтама берілмеген. «Шағын кәсіпорын» ұғымына берілген бір анықтамада меншік пен бақылаудың жеке болмауы, сондай-ақ фирманы басқару жүйесі қарапайым және оның ішіндегі қатынастар да ресми емес түрде жасалатыны ескеріліп, ұйымның осы ерекшелегіне ерекше назар аударылады. Екінші анықтамада шағын кәсіпорынның анықтаушы белгісі оның функционалдық сипаттамаларына, яғни нарықтың шағын бӛлігін бақылау мен бәсекелік іс-әрекетке назар аудартады. Алайда іс жүзінде шағын кәсіпорынның күрделі басқару жүйесі, ал ірі кәсіпорынның меншігі мен бақылауы біртұтас болуы мүмкін. Шағын кәсіпорындар нарықты басқарып, бәсекелік іс-әрекет жасамауы да мүмкін.

Шаруашылық практикада кәсіпорындардың осы тұрпатын диагностикалаудың статикалық қағидасы пайдаланылады. Осы орайда жұмыспен қамтылғандардың саны, шаруашылық айналымның кӛлемі, активтердің құны ӛлшемді белгі ретінде қолдануға болады. Осы тәсілдеме статистикалық есеп тұрғысынан қолайлы, ӛлшемдер жиынтығы мен олардың сандық параметрлері ұлттық ерекшелігі болуына байланысты онда осы құбылыстың маңызы кӛрсетілмейді. Кейбір елдерде ӛлшем ретінде жұмыс істейтіндердің саны, ал басқа елдерде – шаруашылық айналымның кӛлемі және т.б. алынады. АҚШ-та шағын кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің саны 500-ге дейін, Жапонияда – 300-ге дейін, Скандинавия елдерінде – 100 адамға дейін болуы тиіс. Іс жүзінде пайдалану тұрғысынан алып қарағанда қолайлы статистикалық тәсілдеменің де кемшілігі жоқ емес. Біріншіден, онда ӛлшем білгіленбеген, сондықтан ӛлшемнің таңдалуына орай кәсіпорын әр түрлі жіктелуі мүмкін. Екіншіден, ол шағын кәсіпорынды маңызынан айырады, сол себептен кӛлемі бойынша үлкен нарықтың құрылымында ол «шағын», ал кӛлемі бойынша шағын нарық үшін – ірі болды.

«Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шағын бизнес субъектісіне заң-ды тұлға құрмаған жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) және қызметкерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және жыл ішіндегі активінің жалпы құны алпыс бес мың айлық есептік кӛрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар жатады. Сонымен бірге заңнамада шағын кәсіпкерліктің құрамына жеке кәсіпкерлер мен қызметкерлердің орташа жылдық саны 10 адамға дейінгі заңды тұлғалар жатқызылады.

Бірінші – кәсіпорынның жарғылық капиталында шағын кәсіпкерлік субъектісі емес заңды тұлғалардың үлесі 25%-дан аспауға тиіс. Екінші – қызмет саласы бойынша сарапталған жұмыс істейтіндердің саны. Соңғы ӛлшемге сәйкес шағын кәсіпорынға қызметкерлерінің шекті саны:

102

ӛнеркәсіпте, құрылыс пен кӛлікте 100 адамнан, ауыл шаруашылығы мен ғылым саласында – 60 адамнан, кӛтерме сау-дада – 50 адамнан, бӛлшек сауда мен тұрмыстық қызмет кӛрсетуде – 30 адамнан аспайтын коммерциялық ұйымдар, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық субъектілер жатады.

Шағын кәсіпорынның сан алуан түрінің болуына орай оған әмбебап анықтама беру қиын.

Сӛйтсе де шағын бизнестің маңызын анықтау үшін оның белгілері емес оның экономикада алатын орнын анықтау маңызды. Осыны ең соңында қарастыра отырып, шағын кәсіпорындар жататын ауқымның ішінде шағын кәсіпорындардың бір-бірінен жеке екі тұрпаты бар екенін аңғаруға болады.

Қарапайым кооперацияға негізделген, сондай-ақ функциялар кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бӛлінген шағын кәсіпорындар. Еңбекті қоғамдық бӛлудің қарапайым осы буыны сауда, қызмет кӛрсету мен делдалдық қызмет саласында кең таралған. Шағын кәсіпорынның қызметі қоғамдық ұдайы ӛндірістің барысына ықпал етпейді, ӛйткені оның кез келгенін нарықтық механизм арқылы басқа шағын кәсіпорын ӛзінен-ӛзі басады, демек олар белгісіз жоқ болып, босаған орында оңай пайда болады.

Шағын кәсіпорын – кӛлемі бойынша шағын, алайда ұйымдастырылған кезде қызмет түрі емес еңбек құралынан басталатын күрделі кооперациялану базасында жұмыс істейтін кәсіпорын.

Осындай кәсіпорындар қоғамдық ӛндірістің басқа буындарымен тығыз кооперациялық байланыс жасайды және іс жүзінде біртұтас ӛндірістік циклдің бӛлектенген буыны болып табылады.

Кӛбінесе оған жоғары технологиялық, терең арнайы мамандандырылған ӛндірістер жатады.

Экономикалық дербестігін сақтай отырып, ол іс жүзінде жекелеген бӛлшектер мен тораптарды жасап, ғылыми және конструкторлық жұмыс жүргізіп, бірыңғай ӛндірістік желіге енгізілген.

Шағын кәсіпорын – қызметінің сипаты қалыптасатын нарық жағдайына тәуелді, ӛндірісі оқшауланған, кәсіпкерлік функциялар меншік иесінде шоғырланған ұсақ ӛндіріс емес. Керісінше, бұл экономиканың басқа салаларымен тығыз кооперацияланған, қызметі қоғамдық ұдайы ӛндірістің барысына ықпал етеін ӛндірістік буын болғандықтан қоғам кәсіпорынның осы түріне ерекше кӛңіл бӛледі.

Шағын кәсіпкерлік шын мәнінде ерекше рӛл атқарады. Біріншіден, ӛнімдер мен технологиялар саласында жаңа әзірлемелерді жүзеге асыра отырып, нарыққа жекелеген қатысушылардың ӛз жетістіктеріне тең қол жеткізуіне қамтамасыз етеуде нарықтағы билігін тӛмендететін факторға айналып отырғаны рас. Екіншіден, озық технологияларды игеру арқылы олар осы технологиялардың таралуына ықпал етеді, сонымен бірге бәсекелік артықшылыққа жетудің жаңа тәсілдерін іздестіруге итермелейді, сӛйтіп бәсекелестіктің жаңа нысанының дамуына түрткі болады. Үшіншіден, ол саланы ұйымдастыруды біріктіретін әлеует ретінде ол бәсекелік ӛрістің тұтастығын қамтамасыз етіп қана қоймай, салада бәсекеге қабілеттілік элементтерінің жылдам жинақталуын қамтамасыз етеді. Тӛртіншіден, инновациялық кәсіпорындар әзірлемелерді бірлесіп қаржыландыру және саланың нарығына қатысушылардың кӛбімен ӛзара ықпалдаса отырып, ірі ӛнді-рушілердің жекелеген проблемаларын шешуге жұмсайтын күш-жігерін кооперациялайтын жақсы нысан ретінде олардың арасындағы коммуникативтік байланыстардың дамуына, сол арқылы бәсекелік күрестің ӛркениетті нысандарын ойластыруға ықпал етеді.

Ұсақ және шағын кәсіпкерлікті олардың мәніне қарай да, сонымен бірге олардың әрқайсысына экономикалық саясат таңдау қажет болуына байланысты ажырату қажет.

Ұсақ кәсіпорындарға ең бастысы шаруашылық жүргізу үшін тең жағдайды қамтамасыз ету, қайсыбір әкімшілік органдарының кәсіпорындардың қыз-метіне негізсіз араласуынан заңмен қорғау, сонымен бірге үй-жай бӛлу және консультациялық қызмет кӛрсету сияқты ұйымдастырушылық кӛмек кӛрсету, шағын кәсіпкерлікке тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру арқылы кӛмек кӛрсету, сондай-ақ кәсіби мамандар даярлау және оларды қайта даярлауға кӛмектесетін нормативтік-әкімшілік қолдау кӛрсету.

Шағын кәсіпкерлікке аталғаннан күрделі қолдау жүйесін, яғни шағын кәсіпорындардың басымды бағыттарын анықтап, дамыту, шағын кәсіпорындардың ірі ӛндірістік кешендерімен кооперациялық байланыстарын дамыту бағдарламаларын әзірлеу, ақпарат тарату және лицензия беру арқылы ғылыми-техникалық жетістіктерге қол жеткізу үшін жағдай жасау, ғалымды кӛп қажетсінетін, қарқынды дамып келе жатқан ӛндірістерде жұмыс істейтін кәсіп-орындар үшін жеделдетілген амортизация саясатын жүргізу, сондай-ақ жаңа технология, ӛнім мен қызмет әзірлеумен айналысатын кәсіпорындарға салықтық жеңілдікті негіздеп беру, ғылыми-техникалық жетістіктерді игеру үшін мемлекет тарапынан қаржылық және инвестициялық қолдау кӛрсету қажет.

103

Осы талаптарды мемлекет іске асыруға тиіс. Қазақстан экономикасы үшін ұсақ және шағын кәсіпкерлікті дамуына кӛмек кӛрсетудің маңызы артып отыр. Ӛткен кезеңде ұсақ кәсіпкерлікке кӛмек ретінде кәсіпкерлер санатын құрып, тұтынушылық нарықтың тапшылығын әлсірету, ал шағын кәсіпкерлікке қолда бар ғылыми-техникалық әзірлемелерді даяр ӛнімге айналдыруға кӛмек кӛрсету қажет болды.

Бүгінгі күні Қазақстанда бизнес-қауымдастық жылы қабылдаған тіркеу жүйесінің заңнамасы енгізілген. Кӛптеген елдерде, мысалы, Францияда 2,4 млн шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар орта кәсіпкерліктің қызметін қолдау үшін «бір терезе» қағидасы бойынша қайта тіркеу мен қайта тіркеудің оңайлатылған ережесі енгізілген. Осының арқасында орта кәсіпкерлікті тіркеу процесі 24 сағатқа дейін қысқарған, ал барлық қалған заңды тұлғалар 10 күн ішінде тіркеледі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 44 бизнес-инкубатор мен инновациялық орталық жұмыс істейді.

Олардың барлығы дерлік жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша құрылған және қалыптасу кезеңінде жұмыс істейді.

Бизнес-инкубаторлар ӛзінің алаңдарында арнайы іріктелген шағын кәсіпорындарды жеңілдікпен орналастырып, оларға консалтингтік, бухгалтерлік және кеңсе қызметтер, сондай-ақ оқыту жӛніндегі қызметтерді кӛрсететін құрылымдар. Бизнес-инкубаторлар ӛзінің аумағында орналасқан шағын кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін құрылады.

Негізінде жоғары оқу орындарының немесе ғылыми-зерттеу институттарының базасында, осы жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін пайдалану жәнетехнопарк аумағында орналасқан шағын инновациялық кәсіпорындар құрып, оларды дамыту арқылы әзірленген технологияларды коммерцияландыру мақсатында технопарктер құрылады.

Сонымен бірге қазіргі жағдайда қазақстандық экономикада жергілікті кәсіпорындардың әлеуеті жеткіліксіз пайдаланатынын атап ӛту қажет. Кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін мемлекет ӛз тарапынан қолайлы жағдай жасап, бәсекеге қабілетті әрі еліміздің ғылыми- технологиялық әлеуетін арттыру үшін зор әлеуеті бар шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарына кӛмек кӛрсетуге тиіс. Қазақстандық экономикада шағын кәсіпорындардың экономикалық рӛлі соншалықты жоғары болмаса да кәсіпорындардың жалпы санында олардың 93,9%-ға жетіп отыр. Қазақстанда бүкіл шағын бизнес секторы ЖІӚ-нің 16,2%-ын береді және жалданып жұмыс істейтіндердің жалпы санының 17,6%-ын, яғни 553731 адамды құрайды.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуында мынадай проблемалар қордаланған:

экономикада кәсіпкерліктің аз нысаны жұмыс істейді. Егер Батыс Еуропа елдерінде мың тұрғынға шаққанда 70 шағын кәсіпорын, АҚШ-та олардың саны 75-ке жуық, Ресейде – 6-7, ал Қазақстанда 11 жұмыс істейді екен, сондай-ақ осы шағын кәсіпорындар Қазақстан аумағында біркелкі орналаспаған. Шағын кәсіпорындардың 45%-дан астамы еліміздің ең ірі қалаларында, яғни Алматыда – 35,3%, Астанада – 10%-ы орналасқан;

қазақстандық ұсақ кәсіпкерліктің түрлері нашар әртараптандырылған және олар технологиялық жағынан артта қалған, сонымен бірге ӛнеркәсіпте шағын кәсіпорынның ӛте аз саны жұмыс істейді. Шағын кәсіпорындардың басым кӛпшілігі ұсқа құрылымдардан (шағын кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің орташа саны 10 адамға жуық) құралады.

Қазіргі кезеңдегі шағын кәсіпкерліктің даму тенденциясына әр алуан факторлар ықпал етеді.

Бір жағынан, ұсақ кәсіпкерлік секторының дамуы үшін жағдай жасалуда. Алайда, екінші жағынан, нарықтарда бәсекелестік қарқынының ӛршу салдарынан шаруашылық тәуекелдің дәрежесі артқанымен тиісті сыйақы алу мүмкіндігі тӛмендеп барады. Қалыптасқан жағдайда инновациялық тұрпаттағы шағын кәсіпорындарды дамыту қажет. Осы орайда, кӛптеген елдердің тәжірибесі кӛрсеткендей шағын кәсіпкерліктің инновациялық әлеуеті шағын кәсіпорындардың ғылыми- техникалық кооперациясы, патенттік құқықтарды заңмен қорғау және қаржылай қолдау, жеңілдетілген салық салу кіретін ӛнеркәсіптік саясаттың тиісті түрі жүргізілген жағдайда ғана байқалады екен. Қазіргі уақытта қазақстандық экономикада инновациялық шағын кәсіпорындардың қарқынды дамуы үшін жағдай жасалмаған.

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 100-103)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР