Аңдатпа. Қазақ журналистикасының қара нары, белгілі жазушы, публицист, журна- лист Шерхан Мұртазаның шығармашылығын қай қырынан алып қарасаңыз да, шебер- лікке бағытталғанын аңғару қиын емес. Әсіресе, публицистикасындағы мәселе көте- руін, тілдік, стильдік ерекшелігін ғылыми тұрғыда әлі де болса терең қаузап, зерттеп жүрген ғалымдар өте аз.
Ғылыми мақалада Шерханның ұлтқа, тілге, жерге, елге қатысты жазылған публици- стикалық туындыларын бүгінгі көзқараста пайымдалып, шынайы бағасы беріледі. Ха- лықтық, рухтық мүддені қозғайтын материалдары талданып, фактіні, шындықты дәл айтатын журналистік шеберлігі сарапқа салынады. Публицистикалық толғаны- стары мен мақалаларының ерекшелік сипаттарына публицистік қызметінің қалып- тасу жолы арқылы баға беріледі.
Мақалада сондай-ақ, Шерханның журналистік шеберлік бағытындағы заман үрдісін, қоғамның көкейкесті мәселелерін айтудағы пайым-парасаты ғылыми тұжырымға не- гізделе отырып, салмақты түйін жасалады. Саяси, мәдени, әлеуметтік, ғылыми-публи- цистикалық толғамды мақалалары арқылы терең білімді, саяси сауатты, шебер журна- листік қыры айқындалады.
Түйін сөздер: публицист, редактор, қаламгер, мақала, очерк, дәйек, журналистік ше- берлік.
DOI: https://doi org/10.32523/2616-7174-2022-140-3-36-43
Кіріспе
Шерхан Мұртаза есімі – көзі қарақты кез- келген қазақ оқырманына жақсы таныс.
Шерханның қазақ журналистикасындағы шығармашылық әдіс-тәсілдерін зерделеп, байыптап қарайтын болсақ, оқырман ой-са-
насына жетерлік бай тәжірибесін, көркемдік ой шеберлігін, тақырыптық проблемалары- ның молдығын байқар едік.
Ш.Мұртаза көптеген жауапты қызметтер- де, атап айтқанда, «Лениншіл жас» газетінің,
«Жалын» альманағының, «Жұлдыз» жур- налының, «Қазақ әдебиеті», «Социалистік
Қазақстан» газеттерінің бас редакторы, Қа- зақстан Жазушылар Одағының екінші хатшы- сы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан»
телерадио корпорациясының төрағасы, Қа- зақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
Журналистикада да, әдебиетте де осылайша өз орнын белгілеп алу – көп адамның қолынан келе бермейтін дүние. Шерханның көп айты- ла бермейтін «Не жетпейді?» жинағындағы публицистикалық жазбалары, кезінде Аме- рика, Пәкістан, Үндістан сапарларынан туған жаңа үлгідегі жолжазба очерктері ақмылтық журналист екендігін танытты. Шерхан Мұр- таза – қаламгерлік өнер саласын жыға та- нып, жадына мықтап түйіп, игеруге тас-түйін бекініп келген суреткер.
Өмір ақиқатына барласақ, бойындағы қа- білеті мен алғырлығы, табандылығы, қайсар- лығы арқылы шығармашылық шеберлікке, көздеген мақсатқа жету жолында қажыр- лы еңбекқорлықты үйлестіре білгендер ғана жеңіске жетеді. Шерханның шығармашылық жолы – осындай азаматтық, рухани әділ жеңістің айқын дәлелі. Өйткені, мұның өзі кімге болсын оңайлықпен келмейтіні белгілі.
Зерттеу әдістері
Белгілі бір ұлттың, халықтың тағдыры, ба- сынан өткерген тарихи кезеңі ең алдымен, сол ұлттың әдебиетіне, өнеріне, журналистикасы- на із тастайды. Ұлттың рухы көтеріліп, еңсесі биіктегенде оның журналистикасы да, әдеби- еті де, өнері де түлеп, толысып, болашаққа көз тігеді. Уақыт өткен сайын бұрынғыны бағамдап, жаңаны саралап отыру – өмір тала- бы. Бұл әсіресе, публицистика секілді шығар- машылық салаға қатысты жайт.
Қазақ журналистерінің рухани әлеміміз- де публицистиканы қалыптастыруға тигіз- ген әсері аз емес. Публицистиканың ішкі сы- рын, сипат-қасиетін, әдіс-тәсілін, көркемдік ізденісін саралау – кезек күттірметін мәселе.
Мұның өзі сайып келгенде, бүгінге дейінгі журналистикасының даму деңгейін көрсетеді.
Демек, қазақ публицистиканың өсіп-өркен-
деуі бұрынғының бүгінге негіз болуынан деп қарау керек. Дәстүрлі шығармашылықты қа- лыптастырушылар санатында журналисте- мен бірге, классик жазушылардың да публи- цистиканы өркендетуге қосатынын білгеніміз жөн. Журналист өмірі – шығармашылық ше- берліктен тұратын күрделі жүйе. Сондықтан, ол қайталанбаушылыққа жолықпай, үнемі жаңа идея, зерттелмеген жаңа дүниелерді ашып, халыққа таратуды талап етеді. Жалпы, шығармашылық шеберлікте табиғи дарын- ның, қарым-қабілеттің, білім мен ізденістің ауадай қажет екені айналып келгенде, шебер- лікті бастау саласына айналары сөзсіз. Алдағы мақсаттарды айқындап, халықты дұрыс жолға сала білетін, ел қамын ойлайтын журналист – ол нағыз публицист. Заман ағымына ілесіп қана қоймай, заман ағымына сыни көзбен қа- рай білген журналист қана мықты публицист бола алады.
Журналистің қоғам алдындағы жауап- кершілігі алып отырған тақырыбына да ті- келей байланысты. Зерттеуші В.М. Горохов:
«Публицистің баспасөздегі шығармашылық тақырыбы әлеуметтік қажеттіліктен туында- уы қажет. Ол тұста журналистің талдауы мен көзқарасынан білім, парасаты көрініс таба- ды»,-десе [1], ғалым С.С. Распопова: «Әрбір публицистикалық мәтін кез келген қоғамдағы мәселеден туындауы мүмкін. Журналист оң шешімін табатын әлеуметтік тақырыпта аса қырағы, нақты жағдайға байланысты қоғам- дық резонанс емес, шешім табатындай мүд- дені көздеуі керек»,-деген пайымды тұжырым жасайды [2]. Ал теоретик ғалым М.Н. Кимнің пікірінше: «Публицистикалық тақырыптың тууы қашанда қызықты объектіні іздеуімен байланысты. Бұл ұғымға әркім өзінше мән береді. Біреулер үшін бұл қызықты тақырып пен оқиға болса, кейбіріне ешкім қалам тер- бемеген белгісіз сала болуы мүмкін. Ал басқа- ларға өмірдегі қызықты, шытырман оқиға да болуы ғажап емес» [3]. Қалай десек те, Шерхан публицистикасындағы ұлттық мүд- де тақырыбы 1957 жылы «Лениншіл жас»
(қазіргі «Жас Алаш») газетінің Қарағандыдағы меншікті тілшілігінен басталды. Қарағанды Металлургия алыбы құрылысындағы жаңа-
Шерхан Мұртаза публицистикасында ұлттық мүдде мәселелері
лықтарды, ерен еңбек үстіндегі ерлерді көріп, Қазақстан Магниткасындағы жетпіс метрлік домнаның ұшар басына темір сатымен кө- теріліп, талай мәрте мартен пешінің алқымы- на үңіліп, отты болат тасқынын тамашалаған сәттері болды. Шерханның өзі: «Теміртаудағы металлургия алыбының іргетасы қаланғанын өз көзіммен көрдім. Талай-талай шахталар- дың астына түстім...», - деуі [4], мақалаларын жазбастан бұрын өмір құбылысын көзімен көріп, електен өткізіп барып, көңілі қаныққан дүниелерін ғана жариялап отырғандығын аңғартады.
Орыс баспасөзін зерттеуші Е.П. Прохоров:
«Журналист қашанда өмірге деген көзқара- сын басшылыққа ала отырып, соған қатысты фактілерді жинақтап, ең қажеттісін бөліп қа- растырады. Мақаласына осындай топтасты- рылған, жинақталған, нақты фактіні көрсете алады. Басқаша айтсақ, газеттегі «қарапайым»
хабардың өзінен журналистің үлкен ой еңбе- гін көреміз, сондықтан да, әрбір хабардағы жаңалық – журналистің түсінік, тұжырымы әрі фактіге берген бағасындағы ой қорытын- дысы», - деген пікірімен келісуімізге болады [5]. Шерхан Мұртаза сүбелі шығармалар жа- зып, әдебиет пен қазақ журналистикасының дамуына өзіндік үлес қосқан жазушы-журна- лист ретінде кез келген жанрда еркін көсіліп жаза алатын шеберлігін, өзіндік өрнегін айқындап берді. Суреткер Ш.Мұртазаның публицистикасын жанрлық тұрғыда қара- стырғанда онда қарапайым заметкадан, ре- портаж, корреспонденция, мақала, рецензия, очерк, фельетон сынды публицистиканың алуан жанрын байқауға болады. Бұл Шер- ханның баспасөздің кез-келген жанрына қа- лам тартып, мәселені сан қырынан шебер әрі ұтымды жеткізе білген шығармашылық мүм- кіндігінің мол екендігін аңғартса керек.
Талқылау
Шеберлік ұғымның ауқымы – кең. Ол талмай талаптану, іздену, шығармашылық тәжірибе байлығының молдығымен жетіліп, қалыптасады. Яғни, шеберлік – өз ісіне иелік ету, ол публицистің шығармашылық қабілеті
мен тәжірибесінен көрінеді. Ш.Мұртазаның алғашқы 1956-1969 жылдардағы жазбагер- лік мұрасын жинақтап, топтастырып, тақы- рыптық, жанрлық жағынан жүйегенде, 50-ге жуық заметкасын, 62-корреспонденциясын, 5- фельетонын, 8-сын рецензиясын, 47-очеркін, 50-ден аса публицистикалық мақаласын бай- қадық.
Жазушы өміріндегі ең елеулі кезең 1956- 1969 жылдар аралығында әсіресе, 1963-1970 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің бас редакторы қызметін атқара жүріп, еңбек адамдарының өмірінен көптеген әлеуметтік, портрет очерктерін, өн- діріс тақырыбындағы проблемалық мақала- ларын жазды, сөйтіп, болашақ көркем шығар- маларының материалын да жинақтай жүрді.
Нәтижесінде, ең алғашқы «Құрылысшы Дәку» (1958) очерктер жинағы, ең алғашқы
«Табылған теңіз» (1964) повесі, ізінше «Бұлт- сыз күнгі найзағай» (1965), «Белгісіз солдаттың баласы» (1966), «Мылтықсыз майдан» (1969) шығармалары жарық көрді. Бұл журнали- стика – күллі шығармашылық қабілетті та- нытатын сала, ол үшін өнімді, нәтижелі еңбек пен өнімсіз, қажырсыз еңбекті ажырата білу қажет, екеуінің аражігі журналист шығар- машылығынан айқын көрініп тұратындығын көрсетеді.
1970-1989 жылдар аралығындағы Ш.Мұрта- за шығармаларына тән ерекшелік – тақырып ауқымдылығының кеңдігі, кәнігі журналистік пайыммен қоғамның мәдениетінен, өнері- нен, ғылымынан, білімінен, экономикасынан мақала, очерк жазып отырды. Мәселен, «Абай сәулесі», «Алтын күрек», «Таушымылдық»,
«Өскелең мәдениет жаршысы», «Жасампаз- дық жолымен», «Отан даңқын асырайық»,
«Адал еңбек», «Не жетпейді?», «Жат жұрттан іздемейік пайғамбарды», т.б. публицистика- лық мақалалары жарық дүниеге келді.
Шерхан мақаларында көбінесе, адамгер- шілік, парасаттылық, тәрбие, өнер мәселелері жиі қозғалды. Қаламгердің «Жат жұрттан із- демейік пайғамбарды» атты проблемалық мақаласында өткір, ойлы, жұртты ойлан- дырар мәселелерді жаны ауыра отырып су- реттейді. Тарихтың терең астарына үңіліп,
көкірек көзі сүзбесінен өткерген Шерхан мақаласында осы уақытқа дейін халықтардың өткен жолына көз жұмып қарап келгенімізді, Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты халқы- мыздың тең жарымынан астамын аштықтың құрбаны етсе, Хрущевтің, «Тыңды бағынды- руы» қазаққа соққы болып тигендігін: «Тың- ды, яғни Қазақстанды, «бағындырмақ» пиғыл әріден, біздер біле бермейтін әр алуан пат- шалар, заманынан басталса керек, Сібірді, Қазақстанның Сібір жақ пұшпағын «бағын- дырғандардың» басы Ермак шығар. Ермак- ты «ұлттық батыр» дейтіндер бар. Әйтпесе Ертістің бойында, Павлодар облысында тұтас бір аудан Ермак атымен аталып, сол аттас қа- лада Ермакқа орасан ескерткіш орнатылар ма еді? Және оның тұғырына: «Ермакқа дән риза ұрпақтарынан!» деп тасқа қашап жазылар ма еді? Ал «ұрпақтары» – кешегі тың игерушілер ғой. Бірақ олардың ұраны: «Тыңды игерейік!»
емес, «Тынды бағындырайық!» болды. Тың дегеніміз– жер. Жер дегеніміз – Ана. Ал ана- сын бағындыратын адам бола ма екен?!», - деп шындықты жайып салады.
«Тыңды бағындыру» кезінде мыңдаған қазақ ауылдарының шаңырағы шайқалып, қазақ мектептерінің жабылғандығын: «Сол
«тың эпопеясы» тұсында қазақ мектептері жабылғаны туралы, жергілікті халықтың мың жылдық тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, халықтың ұлттық қасиеті топы- рақпен бірге қақырап бара жатқаны туралы поэмалар жазылған жоқ... Мектеп жабылған соң – тіл кетті. Ал ана тілінен айрылған халық – о да опат болған халық. Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айрылған ұлт – тарихынан, тұп-тамырынан айрылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге де келмейді. Тілінен айрылған халық – ата-бабасының, туған әкесі мен туған анасы- ның атын ұмытқан халық...», - деп ашына жа- зады [6]. Шерханның «Жат жұрттан іздемейік пайғамбарды» проблемалық мақаласы – бір ғана тарих мәселесін ғана емес, жер, тіл тәрізді келелі мәселелерді де қамтып, ұлт туралы өзекті ой айта білгендігімен құнды.
Публицистика дәуір тарихын жасай оты- рып, тіршіліктің сан-қилы оқиғаларын бей- нелеп, өткенді бүгінгімен, бүгінді келешекпен
байланыстыра отырып, бұқара алдына жай- ып салады. Үнемі дамуда, ілгерілеуде, іздені- сте болады. Журналист заман ағымына сай оқиға мен құбылысты беруде мазмұн мен түр ерекшелігін үнемі жетілдіріп отырады.
1990 жылдары жазылған публицистика- сында саясат, экономика, қаражат, жұмыс- сыздық, жекешелендіру, ел байлығы, қазақ журналистикасы мәселесін т.б. қаузап, қоғам қайшылықтарын саралап, зерделей жазды.
Ұлтжанды Шерханның айбарлы мінезі мен азулы пікірі жүрегін сыздататын мәселелер- ден туындап, парламенттік бас қосуларда, баспасөз беттерінде халық көкейінен шығып, оқырман көңілін толқытты. Соның ең басты- сы, Шерхан Мұртаза үшін – ұлт мүддесі, жер мәселесі. «Ақ жарылқап заман үшін», «Қи- налғанда шыққан сөз», «Тәуелсіздік толғағы»,
«Бөліп ал да, билей бер!», «Тәуелсіздік ешқа- шан сатылмайды», «Анасын сатқан бар ма екен?», «Сатылмаған не қалды?», «Алтын сандықтың кілті кімде?» т.с.с. проблемалық мақала, хаттарында әркімді ойландырып, толғандырып отырған өмірдің өзекті мәселе- лер қозғалды. Еліміздің тағдыры, жеріміздің жайы үлкен мәселе екендігі айтылады.
Мәселен, Шерхан Мұртаза: «Империяның өзі қандай алып болса, араны да сонша көп ашылмақ. Ол үшін жер бетінде, айталық, қа- зақ деген халықтың болу-болмауының құны көк тиын. Ол үшін қазақтың халқы емес, бай жері керек. Жерді босатып, имендену керек.
Бұл салада империя көп жеңіске жетті. Сана уланды, тілі өлімсіреді, ұлттық рухани әлем күйреу халіне жетті. Осының салдарынан кей- бір пақырлар өзін «қазақпын» деп қасқайып айтуға ұялып, намыстанатын ауруға ұшыра- ды. Бұлар, амал жоқ, ұлттық нигилистерге ай- налды. Өз ұлтын жек көретіндерді, өз ұлтын өзгелерден кем санайтындарды осылай деп атайды.
Ал, енді қоғамның біздегі тағы бір қасіреті:
осы нигилистер өзі қазақ бола тұра қазақ тілін үйренуге құлықсыз. Өйткені, қазақ тілі ол үшін артық бейнет, ауыр жүк. Орысша білме- сең, басың алтын болса да іске алғыссыз күн болған.
Тәуелсіздік таңы атты. Қазақ тілінің күні туды дедік.
Шерхан Мұртаза публицистикасында ұлттық мүдде мәселелері
Қазақ тілі жеке дара мемлекеттік тіл дәре- жесіне көтерілді дедік.
Тақиямызды аспанға лақтырдық. Асығы- стық болды. Өйткені сол тақия қайтіп жер- ге түспей, бой жетпес бір ағаштың бұтағына ілініп қалған сыңайлы» [7].
Тілсіз қоғам, қоғамнан тыс тіл болмайты- нын ескерсек, Шерханның жан шырылын те- рең ұғынуға болады. Мемлекет тарапынан да тілге қамқорлық, қолдау керектігін әр мақа- ласында тілге тиек етіп, ел назарына ұсынып отырды.
Нәтижелер
Шерхан Мұртаза Қазақстан Республика- сы Жоғарғы Кеңесінің депутаты (№ 52 Меркі сайлау округі бойынша 1994 жылдың 14 ақпа- нында сайланды), Парламент Мәжілісінің де- путаты (12 қазан 1999) болды. Дәл сол тұста жазылған проблемалық мақалаларында ана тіл, жер мәселелеріне қатысты ойлары ащы шындыққа негізделді, қоғам ойын дөп ба- сты. «Егемен Қазақстан» газетінде «Анасын сатқан бар ма екен?» (27.07.1999), «Бірікпесек бөрі жейді» (01.10.1999), «Сайлаудан соңғы ой- лар» (19.11.1999), «Кездесуден кейінгі ойлар»
(28.04.2000) т.б. проблемалық мақалаларында мемлекеттің, ел мен жердің тағдырына қаты- сты кез-келген мәселеге ең бірінші болып үн қоса отырып, ашынып, ашығын айтты.
Айталық, «Шынымды айтсам, мен сол Парламентте отырғанда Ресейдің Тамбов, не Новгород губерниясының жиналысында оты- рғандай боламын. Адасып келген адамдай, қа- зақша сөйлеген боламын. Оным орысшадан құралақан қалғандығым емес, тым құрыса титтей де болса қазақ исі білінсінші дегенім.
Онымды көбісі басқаша бағалап, «ұлтшыл»
дейді. Құқай еткісі келеді.
Ендігі шиеленіскен түйін – жер мәселесі.
Депутат В. Михайлов және оның жақтастары жер жеке меншікке берілсін, сатылсын дейді.
Мәлімдеме, үндеу таратқан бизнесмендердің де талабы сол. Сонда жерді кім сатып ала ала- ды? Дәл қазір сол бизнесмендер оңай кредит- пен, оңай несиемен, оңай байығандар ғана ала алады. Шетелдік байлар алады. Ал, жалпы ха- лық, қалың қазақ бұл үлестен құралақан қала-
ды. Өйткені барлығының дерлік шама-шарқы белгілі.
Жер жеке меншікке берілсін. Бірақ жалға, белгілі бір жалға, арендаға берілсін. Ал, түп- кілікті сатып жіберу – әбестік.
Жақында Қазақстан Президенті мен Ресей Президенті азаматтық туралы «жеңілдетіл- ген» жол тауып, келісім-шартқа қол қойды.
Менің бұған да күмәнім бар. Кімге «жеңіл», кімге «ауыр» екені беймәлімдеу құжат. Қа- зақстандық орыстардың Ресейде тұратын туыстары бізге емін-еркін келіп, тұрақтап қа- луына да болатын көрінеді. Ресейдегі жақын- дарына бару үшін, айталық, қазақтарға да сондай мүмкіндік беріліпті дейік. Бірақ қазе- кемдердің Ресейде тұратын туған-туысқаны, құда-құдағиы сан-жағынан орыстадікімен салыстыруға келе ме екен. Кім ұтылды, кім ұтты? Үлкен сұрақ [8].
«Мемлекет қазанының қақпағы жоқ. Қа- заннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді. Байлық ұстағанның қолында, тістегеннің аузында жүр.
Парламент жұмысы бастан-аяқ тек орыс тілінде жүреді. Қазақшаға тыйым салған еш- кім жоқ. Бірақ көп қазақтар орысшаға оры- старда да жүйрік. Бағынышты құлдық психо- логия сүйекке сіңіп қалған. Батпандап кірген дерт мысқалдап қана шығуы мүмкін» [9].
Қазақстан Президентіне ашық хаты бас- пасөзде жарияланды [10]. Шерхан жер мәсе- лесіне келгенде: «Жер – Алланың адамзатқа бұйыртқан баға жетпес байлығы. «Жерді сату деген идея тек отансыздардың ғана ойына ке- леді», - деп жазды [11].
«Публицистика – өмірдің әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, ғылыми және басқа да рухани құбылыстарын, өмір фактілерін өзіне арқау ететін жанр» екендігін ескерсек, Осындай публицистикалық толғамдарынан оның батылдығын, ақиқатты, шындықты дер кезінде оқырманға дәл, нақты жеткізетін журналистік шеберлігін байқаймыз. Журна- лист А.Сәрсенбаевтың: «Маған Шерағаңның Шерхан Мұртазаның бітім-болмысы қатты ұнайды, әрі таңқалдырады. Үлкен суреткер, халық жазушысы бола жүріп бүгінгі күннің өзекті мәселесін жан-тәнімен сезініп, шағын мақалаларының өзінен-ақ журналистиканың классикалық үлгілерін көрсетуі қолына қалам
ұстаған әрбір азаматқа өнеге болмақ», - деген пайымды ойымен толық келісуге болады [12].
Шерхан Мұртазаның публицист Камал Смайыловпен «Егемен Қазақстан» газеті арқылы жарты жыл бойы (1996. 12.07-1997.
26.12) жазысқан публицистикалық хаттары- ның да әлеуметтік маңызы зор болды. Шер- ханның Камалға жазған «Алтын сандықтың үстінде отырып» («Егемен Қазақстан». 1996.
12 қыркүйек), «Кедеймін деп қорланба» («Еге- мен Қазақстан». 1996. 7 желтоқсан), «Әкім- дер ойланар ма екен?» («Егемен Қазақстан».
1997. 28 тамыз), «Жемқорлық, ұрлық-қар- лық, парақорлық» («Егемен Қазақстан». 1997.
1 қазан), «Адам құны» («Егемен Қазақстан».
1997. 26 желтоқсан), «Кірлеген дүрбіні кім та- зартады?» («Егемен Қазақстан». 1997. 26 мау- сым) т.б. хаттарында елдегі жұмыссыздықтың ауылдағы жастарға тигізіп отырған зардабын, ұрлық-қарлық, жемқорлық, парақорлықтың көбейгендігін қаузап, қоғамда кездесіп оты- рған келеңсіздіктерге батыл баруы, әділетті үн көтеруі уақыт, дәуір алдындағы шамадан тыс жауапкершілікті сезінетіндігін аңғарта- ды. Қоғамдағы келеңсіздікті батыл, шапшаң, ашық жазып, оқырманнан жоғары бағасын алды.
Қорытынды
Шерханның алғаш «Лениншіл жас» «Со- циалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қа- зақстан») газеттерінде жарияланған мақала- ларынан, өмірінің соңына дейінгі жазылған дүниелерін саралап қарасақ, ұдайы шындық, ақиқат тұрғысында пікір айтып отырған- дығын байқауымызға болады. Мәселен, қа- ламгердің: «Шындық анасы – өмір. Ал өмір өнердің жан-жақты өсіп, қанат жая беретінін, адамның рухани байлығын молайтатын асыл құрал екенін танытты. Эстетикалық тәрбие адам бойында жақсыны, әдеміні тани білу қасиетін сіңіреді. Табиғаттағы, қоғамдағы, өмірдегі, еңбектегі, өнердегі сұлулықты дұрыс түсініп, дұрыс бағалай білу үлкен байлық», - деуі рухани болмысын, жан тазалығын айқын- дай түседі [13].
Зерттеуші М.Көпбаева: «Ш. Мұpтaзaның шығapмaшылық лaбоpaтоpияcын зepттey
бapыcындa жaзyшының қaлaмгepлiк өнep тypaлы жaзғaн өз eңбeктepi, ecтeлiктepi epeк- шe бaғaлы дepeк көзi болып тaбылaды. Өмip шындығының бәpi қaлaмгepдiң көз aлдын- дa болғaнымeн, cолapдың бәpiнiң cypeткep көңiлiн қозғaп, тepбeлтe бepмeйтiнi pac.
Қaлaмгepдiң дapaлығы мәнciздeн мән тaбyдa eмec, көңiлiн тepбeгeн өмipдiң қapaпaйым құбылыcтapының нeгiзiндe өмipлiк мaңы- зы жоғapы көpкeм ой түйiндeй бiлyiндe.
Бұл дa оңaй eмec. Өмip құбылыcтapының көңiлгe тұpaқтayы, тaқыpыптың тyyы нeмece шығapмaшылық ой өзeгiнiң aнықтaлyы бip бacқa дa, оның көpкeм шығapмaғa aйнaлy пpоцeci бip бacқa. Бұлapдың apacындa жaтқaн шығapмaшылық caтылapдың әpқaйcыcының өз cыpлapы, бұpaлaңдapы тepeңдepi мeн биiк- тiктepi болaды. Олapдың бәpiн көзбeн көp- гeндeй бaяндaп шығy мүмкiн eмec» - деп, [14]
шығapмaшылық зepтxaнасының ерекшелігін, жaзyшының өзіндік тәжipибeciн атап өтеді.
«Журналистика – қашанда журналистика.
Заман өзгерсе де журналистік міндет мүд- делері тұрақтылығын сақтайды» [15]. Шер- хан Мұртаза шығармаларының басты көркі – шыншылдығында. Шыншылдық – өмірдің қат-қабат сырларын оқырманға дәл, әрі көр- кем жеткізе білу деп түсінсек, идея айқын- дығы, ар тазалығы, халық алдындағы жауап- кершілік – журналист шеберлігін асырып, мәртебесін көтеретін асыл қасиеттер екендігі даусыз. Шындыққа, өмірлік ақиқатқа жүгін- сек, өзінің бойындағы қабілет-қарымы мен соған лайық қайсарлығы, алғырлығы, табан- дылығы артып, шығармашылық шеберлікке жету жолында жылдар бойына созылатын ұзақ шабыстарда, күн-түн демей, көздеген идеялық мақсатына жету жолында қажыр- лы еңбекқорлықты үйлестіре білгендер ғана шығармашылық жеңіске жетеді. Шерханның суреткерлік жолы – осындай азаматтық, руха- ни әділ жеңістің айқын куәсі. Өмірдің қат-қа- бат ыстық-суығын, құдірет-қасіретін бала кезінен-ақ бойына молынан сіңірді. Өмір мен өнердің өзектестігін үнемі естен шығармай жүрген суреткерге оның ең әуелі журналистік тәжірибесі мол пайдасын тигізгендігін айқын аңғарамыз.
Шерхан Мұртаза публицистикасында ұлттық мүдде мәселелері Әдебиеттер
1. Горохов В.М. Закономерности публицистического творчества. – Москва, 1975. – С. 63.
2. Распопова С.С. Основы журналистской деятельности: учебник для бакалавров. – Москва: Аспект Пресс, 2018. – С. 109.
3. Мұртаза Ш. Ақ жолмен өткен азамат //Егемен Қазақстан. -1999. -20 қаңтар.
4. Ким М.Н. Технология создания журналистского произведения. – Санкт Петербург: Изд-во Ми- хайлова В.А., 2001. –С. 67.
5. Прохоров Е.П. Публицист и действительность. -М:, МГУ, -1973. С.135.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. 884 - қор, 1-тізбе, 20 «а» -іс, 9-парақ.
7. Мұртаза Ш. Империяның улы жемісі //Егемен Қазақстан, -1994. -10 маусым.
8. Мұртаза Ш. Бөліп ал да, билей бер!. //Егемен Қазақстан, -1995. -26 қаңтар.
9. Мұртаза Ш. Ақындар мен әкімдер. –Астана: Елорда. -2002. 637 б.
10. Жерді саттық дегеніміз – елді сату. Қазақстан қаламгерлері мен зиялы қауым өкілдерінің Қа- зақстан Президентіне ашық хаты //Заман-Қазақстан. -1998. -14 шілде.
11. Мұртаза Ш. Анасын сатқан бар ма екен? //Егемен Қазақстан, -1999. -27 шілде.
12. Сәрсенбаев А. Озық ойдың көшін бастаған // Егемен Қазақстан, -1997. -28 маусым.
13. Мұртаза Ш. Әдемілік туралы әңгіме //Социалистік Қазақстан. -1968. -1 қаңтар.
14. Көпбаева М. Cуpeткepлiк өнepдiң эcтeтикaлық әлeмi //Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. – 2016. – №5 (114). – Астана: ЕҰУ. – 90-91 бб.
15. Артемова Ю.В. Основы журналисткой деятельности. Елец: ЕГУ. -2020. - С.81.
R. Zhaxylykbayeva, А.Akynbekova, R. Bakenova Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan
National issues in Sherkhan Murtaza journalism
Abstract. No matter how you look at the work of the famous writer, publicist, journalist Sherkhan Murtaza, it is easy to see that the work of Kazakh journalism is aimed at excellence. There are very few scientists who still study the problem-raising, linguistic, stylistic features of journalism in scientific terms.
In the scientific article, Sherkhan’s journalistic works related to the nation, language, land and country are presented in today’s view. The article analyzes materials affecting folk and spiritual interests, and juristic skills that accurately tell the fact and truth. The distinctive characteristics of journalistic reflections and articles are assessed by the way of formation of publicistic activity.
In the article, Sherkhan’s vision of modern trends in the direction of journalistic excellence, the current problems of society is based on a scientific conclusion. Political, cultural, social, scientific and journalistic articles reveal a deeply educated, politically literate, skillful journalistic side.
Keywords: publicist, editor, writer, article, essay, argument, journalistic skill.
Р. Жаксылыкбаева, А. Ақынбекова, Р.Бакенова
Казахский национальный университет им.аль-Фараби, Алматы, Казахстан Национальные вопросы в публицистике Шерхана Муртазы
Аннотация. Нетрудно понять, что творчество Шерхана Муртазы, известного писателя, публициста, журналиста, нацелено на совершенство. В частности, очень мало ученых, которые все еще глубоко ин- тересуются и исследуют проблемные, лингвистические и стилистические особенности журналистики.
В научной статье с позиций сегодняшнего дня оцениваются публицистические произведения Шерха- на, связанные с нацией, языком, землей, страной. Анализируются материалы, затрагивающие народные