Қазақстан Республикасының жеке және заңды тҧлғаларының қатысуымен болатын кәсіпкерлік қызметтің ҧйымдық – қҧқықтық нысандарының бірі Қазақстан резиденттерінің жеке және заңды тҧлғаларының кәсіпкерлік бизнестің шетелдік субъектілерінің қызметіне қатысу мҥмкіндігі.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тҧлғалардың және қазақстанда мемлекеттік тіркеуден ӛткен заңды тҧлғалардың шарттарының кейбір жағдайларын ҧстану барысында шетелде кәсіпкерлік қызметті ҧйымдастыруға қатысу қҧқығы бар. Мҧндай қатысудың кез-келген нысаны міндетті тҥрде мемлекеттік басқарудың қҧзіретті органдарымен сәйкестендірілуі керек және инвестиция тарту қазақстандық заңнамаға сәйкес жҥзеге асырылуы керек. Ӛйткені мҧндай қатысу заңмен шетелге отандық капиталдың экспорты ретінде тҥсіндіріледі. Кәсіпкерлік табыс табудың немесе қаражаттарды салудың кез-келген нысаны, немесе жылжымалы немесе жылжымайтын мҥлікті салудың, коммерциялық банктердің депозиттік шоттарында орналастыру мемлекеттік органдардың келісімімен ғана жҥзеге асырылады. Мҧндай іс-әрекеттер туралы ақпарат міндетті тҥрде Қазақстан Республикасының салықтық органдарына хабарлануы керек. Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс орналасқан акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу немесе халықаралық қорлар мен қоғамдық ҧйымдарға
толық мҥше немесе қатысушы ретінде тіркелуі сияқты қарапайым іс- әрекеттерде Қазақстаннан шетелдерге капитал экспорты ретінде тҥсіндірілуі мҥмкін.
Кәсіпкерлік бизнестің шетелдік субъектілерінің қызметінде қазақстандық заңды және жеке тҧлғалардың заңды қатысудың қарама-қайшылықтары болмаған жағдайда, аталған субъектілер таңдалған мемлекеттерде орнатылған, атап айтқанда сәйкес ел ҥшін заңмен қарастырылған кәсіпкерліктің ҧйымдық – қҧқықтық нысандарына қатысуы қажет болады. Мҧндай іс – әрекеттер кәсіби дайын болуы ҥшін, ең алдымен әртҥрлі шетелдік мемлекеттерде қолданылатын кәсіпкерлік заңнаманы зерттеу және кәсіпкерлік компанияларды тіркеу мен қатар олардың жҧмысын жҥргізу бойынша мамандар, білікті кеңес берушілердің қызметіне жҥгіну керек.
Кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының территориясында тіркелген кәсіпкерлік бизнес субъектілерімен және шетелдік капиталмен ӛзара әрекеттесу мҥмкіндігі мен жолдары:
тауарлар мен қызметтер, несиелер, инвестициялар, ақпараттық ресурстар мен басқа да нарықтарда шетелде тіркелген кәсіпорындардың Қазақстанда тіркелген кәсіпкерлік бизнес субъектілермен мәміле жасасудың алуан тҥрлі жолдары;
Қазақстанда тіркелген және Қазақстан территориясындағы шетелдік капиталдың жҥз пайыздық қатысуы бар кәсіпорындардың қызметі;
Қазақстан шекарасынан тыс орналасқан, бірақ Қазақстан территориясында кәсіпкерлік қызметпен айналысу қҧқығына ие (лицензиялар, арнайы рҧқсаттар және т.б.) шетелдік капиталдың жҥз пайыздық қатысуы бар Қазақстан территориясында жҧмыс істейтін кәсіпорындардың қызметі;
Қазақстанда тіркелген заңды тҧлға қҧқығы жоқ, ӛз филиалдары арқылы қызмет жҥргізетін Қазақстан шекарасынан тыс тіркелген кәсіпорындардың қызметі;
отандық және шетелдік қҧрылтайшыларының аралас қатысуымен, Қазақстан территориясында тіркелген кәсіпорындардың қызметі.
Қазақстан территориясында шетелде тіркелген компаниялар да кәсіпкерлік бизнесін жҥзеге асыра алады. Мҧндай компаниялардың ҥш тобын бӛліп кӛрсетуге болады, атап айтқанда:
әр тҥрлі шетелдік мемлекеттерде қарапайым әдіспен қҧрылған кәсіпорындар;
оффшорлы экономикалық аймақтарда қҧрылған кәсіпорындар;
Қазақстанда тіркелген филиалдар арқылы әрекет ететін трансҧлттық компаниялар.
Жалпы, шетелде тіркелген кәсіпорындар, міндетті лицензиялауды талап ететін кәсіпкерлік қызмет тҥрлерін орындау ҥшін алынған лицензиялар мен басқа да рҧқсатты қҧжаттар негізінде Қазақстан территориясында ӛз қызметін жҥзеге асыруға қҧқықтары бар.
Мҧндай кәсіпорындар Қазақстанда ӛз ӛкілдіктерін қҧра алады, олар қазақстандық заңнамаға сәйкес бизнес субъектілерінің мҥдделерін кӛздеп,
оларды қорғауға қҧқықтары бар. Қаржылық операцияларды ӛткізу мен салықтарды тӛлеуді қосқандағы барлық кәсіпкерлік функцияларды мҧндай фирмалар Қазақстаннан тыс жерде жҥзеге асырады. Тікелей Қазақстан территориясында кәсіпкерлік бизнестің аталған субъектілері тек контрагенттерді іздеумен, Интернет арқылы қызмет кӛрсетумен және жалғыз клиенттердің бір реттік тапсырыстарын (мысалға, сараптаманы ӛткізу немесе оның ӛткізу бойынша кеңес беру аясында) орындаумен айналысады.
Қазақстан территориясында шетел капиталының жҥз пайыздық және аралас қатысуы бар Қазақстанда тіркелген кәсіпорындар әрекет етуге қҧқылы. Белгілі нысандарда Қазақстан территориясында кәсіпкерлік қызметке қатысуға қалауы болған жағдайда шетелдік жеке және заңды тҧлғалар, Қазақстанның мемлекеттік қҧзіреттік басқару органдарында шетелдік инвестор ретінде тіркеуден ӛтуге міндетті. Шетелдік қатысушылары бар қазақстандық компанияларға, тек отандық қатысушыларды қосатын кәсіпорындарға қарағанда, статистикалық кодтар беріледі. Қазақстанда қабылданған кәсіпкерліктің ҧйымдық – қҧқықтық нысандарынан таңдау және салықтарды тӛлеу тәртібі, кәсіпкерлік бизнестің мҧндай субъектілерінің таза отандық фирмалардан басқа ерекшелігі жоқ.
Қазақстан территориясындағы шетелдік инвесторлар деп Қазақстан экономикасына инвестицияларды жҥзеге асыратын кәсіпкерлік бизнес тҥрлерінің бірі – инвестициялық бизнестің субъектілері танылады. Шетелдік инвестициялар деп ең алдымен инвесторлармен ӛз іскерлік мҥдделерінен пайда алуды жҥзеге асыру мақсатында, экономикаға салынатын мҥліктік және интеллектуалдық қҧндылықтардың барлық тҥрлерін айтады. Қазақстандық экономикаға шетелдік инвестициялар екі тҥрде тартылуы мҥмкін. Атап айтқанда:
- жоба қатысушыларының барлығының арасындағы инвестициялық келісімшарттар негізінде жҥзеге асырылатын инвестициялық жобаларға салынатын ресурстар ретінде;
- кез – келген жобаларды, оның ішінде инвестициялық жобаларды жҥзеге асыру қҧқығы бар кәсіпкерлік бизнестің субъектілеріне ресурстарды салу ретінде.
Шетелдік инвесторлардың мемлекеттік корпорациялардан басқа, қазақстандық кәсіпкерліктің кез-келген нысандарында іскерлік қатысуды жҥзеге асыруға қҧқығы бар. Олар заңды тҧлғалармен және қазақстандық азаматтармен біріге отырып және оларсыз кез-келген кәсіпкерлік фирмаларды қҧра алады. Олар ӛз кезегінде толығымен немесе жартылай солардың иелігінде болады. Шетелдік капиталдың қатысуымен кәсіпорындарды қҧру нәтижесінде әр тҥрлі ҧйымдық – қҧқықтық нысандары бар отандық кәсіпкерлік бизнес субъектілері қызметінің халықаралық деңгейге шығуына болады.
Шетелдік капиталдың қатысуымен қызмет ететін кәсіпорындарды екі тҥрде бӛледі – шетелдік капитал жҥз пайыз қатысатын кәсіпорындар және бірлескен кәсіпкерлік фирмалар (бірлескен кәсіпорындар).
Шетелдік капитал жҥз пайыз қатысатын кәсіпорындар отандық нарықта әр тҥрлі тҥрлі себептер бойынша пайда болады. Мҧндай іс-әрекеттердің жалпы
себептері болып әдетте ӛнімді ӛткізудің кеңейтілген нарықтарына қызығушылық тудыру және жалдамалы қызметкерлердің жҧмыс кҥшін қосқандағы ӛндірістік ресурстардың арзан тҥрлерін тарту болып табылады.
Мҧндай компаниялар отандық нарықта әртҥрлі себептермен пайда болуы мҥмкін. Олардың қатарына кәсіпкерліктің келесідей нысандары жатады:
отандық коммерциялық емес ҧйымдарға ресурстарды инвестициялау;
отандық инвесторларды тартпай-ақ, Қазақстан территориясында жаңа еншілес және тәуелді кәсіпкерлік фирмаларды қҧру;
қатысушылар қҧрамында отандық инвесторлар болмайтын Қазақстан территориясында жҧмыс істеп тҧрған кәсіпкерлік фирмалардың акцияларының бақылау пакеттерін және қатысудың басым ҥлесін иемдену.
Бірлескен кәсіпорын (БК) деп әр тҥрлі резиденттері болып табылатын, қатысушылары қҧрамына жеке және заңды тҧлғалар кіргізу нәтижесінде пайда болған кәсіпкерлік фирманы айтады. БК екі және одан да кӛп шетелдік заңды және жеке тҧлғалармен қҧрыла алады. Бірақ, қатысушыларының бірі ретінде міндетті тҥрде – жеке немесе заңды тҧлға болуы керек.
Бірлескен кәсіпорын – бҧл Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің ерекше ҧйымдық – қҧқықтық нысаны емес. Бҧл қатысушылардың қҧрылымының ҧлттық ерекшелігі және аталған фирманың жарғылық капиталы туралы сипаттама беретін кәсіпорынның ерекшелігі. Бірлескен кәсіпорын мемлекеттік корпорациялардан басқа Қазақстанда танылған кәсіпкерліктің ҧйымдық – қҧқықтық нысаны қҧрамында қалыптасуы мҥмкін. Ал егерде ол акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында қҧрылса – жарғылық капиталға БК қатысушылары салымдарының кез-келген комбинациясында болуы мҥмкін.
Бірлескен кәсіпкерлік, кӛпҧлттық компаниялар деп аталатын кәсіпкерлік бизнестің отандық алуан тҥрлілігі ретінде шығады. Кӛпҧлтты компаниялар (ағылшын термині multinational company) деп ӛз жарғылық капиталдарының ҧлттық негізге жатқызылуы мен қатысушыларының қҧрамы бойынша халықаралық болып табылатын кәсіпкерлік фирмаларды айтады. Кӛпҧлтты болып, мҧндай компаниялардың қҧрамына алуан тҥрлі мемлекеттердің азаматтары кіретін кәсіпкерлік фирмаларды басқару органдары болып табылады. Сонымен қатар, кӛпҧлтты компанияның кәсіпкерлік қызметі тек бір мемлекеттің шекарасында ғана жҥзеге асырылады және халықаралық сипатқа ие болмайды.
Кӛпҧлтты компаниялардың қҧрылуы әдетте әртҥрлі итермелеуші мотивтер әсерінен болады және бір – бірінің кәсіпкерлік мҥмкіндіктерін пайдалануда, алуан тҥрлі мемлекеттердің резиденттерінің ӛзара қызығушылығына негізделеді. Қазақстан территориясында бірлескен кәсіпкерлік келесідей себептердің әсерінен болады:
шетелдік мемлекеттердің жеке және заңды тҧлғалары тек бірлескен кәсіпкерлік нысанында ӛзара әрекеттесуге сәйкестірілген, аталған нарықты білетін отандық әріптестер арқылы ӛз тауарлары мен қызметтерін жылжытуға мҥдделі;
шетелдік мемлекеттердің жеке және заңды тҧлғалары орналасқан елдегі алуан тҥрлі ҥкіметтік, қоғамдық немесе қаржылық мекемелермен, бірлескен кәсіпорынды қҧруды талап ететін халықаралық ҧйымдармен мақсатты жобаларды жҥзеге асыруға, қаржылық және несиелік ресурстарды пайдалануға мҥдделі;
шетелдік мемлекеттердің жеке және заңды тҧлғалары бірлескен кәсіпорын арқылы – қолайлы имидж, қоғамдық коммуникацияларды, маркетингті, басқаруды, инновацияларды жасап шығаруға, технологиялық дамуға, кәсіпкерлік қызметті ҧйымдастыру аясындағы отандық әріптестің мҥмкіндіктерін пайдалануға мҥдделі;
БК отандық қатысушылары жоғарыда аталған мҥмкіндіктерді пайдалануға және шетелдік әріптестің қолайлы имиджін пайдалануға мҥдделі;
БК отандық катысушылары кӛпҧлтты кәсіпкерлік бизнестің қатысушысы ретінде, ӛз бәсекелік позицияларын қҧрастыру мен кҥшейту арқылы халықыралық нарыққа ӛз қызметін шығаруға мҥдделі;
БК отандық қатысушылары әлеуетті клиенттер мен контрагенттер халықаралық бизнестің субъектісі ретінде ӛз мәнінің дәрежесі туралы немесе ҧлттық нарықтарда және жергілікті нарықтарда қосымша беделге ие болу ҥшін – ӛте әдемі және жақсы сипатталатын халықаралық кеңістікті қҧруға мҥдделі.
Бірлескен кәсіпкерлік әлемнің алуан тҥрлі елдерінде экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетті пайдаланудың нақты бағыты болып табылады.