• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Экологиялық мәдениет ұлттық сананы қалыптастырушы факторы ретінде

Аңдатпа. Адам баласының тіршілікте өмір сүруі үшін жасаған әрекеті қоршаған орта- мен тікелей байланысты болды. Мақала әлемді алаңдатып отырған қоршаған орта ту- ралы мәселені қозғайды. Экологияның адам тағдырына әсері және оның баспасөз бетінде жариялануы туралы қысқаша шолу жасалады. Басылым бетінде көтерілген ортақ эко- логия мәселелері топтастырыла жүйеленіп, өзара қазіргі мерзімді баспасөзбен салысты- рыла сараланады.

Соның нәтижесінде баспасөз материалдарының қоршаған ортаны жақсартудағы ықпа- лы қарастырылады. ХХ ғасырдың басындағы мерзімді баспасөз бен қазіргі баспасөздің қозғаған ортақ экология мәселесі және ол тақырыптың әлі де маңызын жоймағандығы туралы жан-жақты зерттеу жасалды.

Кілт сөздер: Баспасөз, Алаш, экология, өркениет, мәдениет, ұлт, ұлттық сана.

DOI: 10.32523/2616-7174-2022-139-2-62-70

Кіріспе

Ұсынылып отырған мақалада қазіргі әлемді алаңдатып отырған экология мәселесі қозға- лады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қа- зақстан халқына Жолдауында «Қоршаған ор- таны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды. Бірқатар қордаланған проблемаларды шешуге жол ашатын жаңа Экологиялық кодекстің жобасы әзірленді»

[1] - деп экологиялық мәселелерді шешудің маңыздылығына баса назар аударды.

Бұл жерде Елбасының қоршаған ортаны қорғау тақырыбының қозғап отыруы қазіргі қоғамдағы болып жатқан жағымсыз жағдай- дың алдын алу бағытында жасалған қадам. Қа-

зақ халқы әр қашан табиғатпен үйлесімді өмір сүрген. Қазақ халқы өз жерінде малын бағып малдың ыңғайына қарап, қоныс аударып, өз жағдайын жасаған. Осындай үйлесімнің арқа- сында «қаны таза» иммунитеті жоғары ұлтқа айналдық. Соңғы кездегі әлемді дүр сілкіндір- ген пандемияның таралу жағдайы да ұлт им- мунитетінің төмендеуіне жол ашты. Өйткені біз әрқашан экологияны соңғы жоспарға қой- дық. Сонымен қатар, атмосферадағы зиянды қалдықтар өкпеге түсіп, оларды әлсіретіп, им- мунитетті төмендетіп отыр.

Мақалада баспасөз бетінде жарияланған экология тақырыбы өзара талданып, салысты- рылады. Қоршаған ортаны қорғау тақырыбы кеше немесе бүгін пайда болған тақырып емес бұрыннан қозғалып келе жатқан мәсе- ле. Экология тақырыбын әлеуметтік ортада ғана емес ХХ ғасырда пайда болған мерзімді баспасөз «Ақ жол» газетінде жарияланған

мақала арқылы зерделедік. Сонымен қатар бүгінгі қордаланған экологиялық мәселелерді қамтыған жарияланымдар жинақталып, эко- логиялық зардаптардың туындау себебі ай- қындалды.

Мерзімді баспасөз материалдарының эко- логиялық жағдайды жақсартудағы ықпалы бағамдалады, қоғамдық көзқарасты қалыпта- стырудағы, экологиялық тәрбие мен мәдени- етті игерудегі орыны ашып көрсетіледі.

Осындай жаңа деңгейдегі ізденістердің қа- тарынан орын алып отырған экология тақы- рыбы ауқымы кең, әрі күрделі құрылым ретінде қарастырылды. Сондай-ақ мерзімді баспасөз бетіндегі жарияланымдардың же- келеген ерекшеліктерін тануда публицисти- калық дискурс қолданысы зерттеу нысанына алынды.

Бұқаралық ақпарат құралы, оның ішіндегі баспасөз бетіндегі публицистикаға теориялық әрі тәжірибелік негізде қарастырылуы мен қа- жеттілігіне назар аударылды.

Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдар- ламасында «Біз экологиялыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына – экологи- ялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ой- ыншы болу міндетін қоямын» [2], - деп атап айтқаны бар. Демек, экологияға назар ауда- рып, қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдірмеуге көңіл бөлеміз және ұлттық сананы жаңғыртамыз.

Қоршаған ортаға көңіл бөлу арқылы ұлт- тың басты міндеті табиғатпен үндесе өмір сүруі қағиданың алғашқысы болды. Бұл сөздің ауқымды мағынасы қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғатпен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мем- лекеттік және әлеуметтік шара.

Экология - бүкіл адамзат баласының ша- лыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне тікелей атса- лысатын ғылымның жаңа саласы. Экология терминін ғылымға енгізген адам Эрнст Гек- кель болып саналады (1866 ж) [3].

Адам баласы өз ақыл-ойымен дүние- ге әкелген техникалық, технологиялық өз- герістің негізінде талай апаттың келгені және оның адам баласына тигізген кері әсерін соңғы жылдары бәріміз де байқап келеміз. Әлемдегі экологиялық жағдайдың төмендеп кету мәсе- лесі туралы ғалымдар дабыл қағуда. Экология – табиғатты қорғау және табиғатқа зиян кел- тірмейтін ұлттық салт-дәстүрді сақтау [4].

Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында ғалымдар негізі- нен жекелеген факторлардың, әсіресе климат- тық факторлардың, организмдердің таралуы мен осы өзгерістің ұлттың өсу динамикасына әсерін зерттеді.

Қай кезеңде болмасын қоршаған ортаны қорғау проблемасы әр кезеңде де өткір қой- ылып отырды. Тірі табиғатты күйзелтпеу, оны асқындырмау, су көзін ластамау, жер байлығын орнымен пайдалану көшпелі өр- кениеттің тұрмысы мен тіршілігінің жоғары деңгейде қалыптасуына әсер етті.

Мәселенің талқылануы

Түркі жұрты табиғатпен тікелей қарым-қа- тынаста өмір сүргендіктен, табиғатқа деген қамқорлыққа үлкен жауапкершілікпен қа- раса, ұлы ақын Абай табиғаттың ерекше құ- былыстарын өз туындыларын арқау ете оты- рып, ұлттық экологиялық мәдениеттің негізін қалады. Мысалы:

Жетілтіп жаз жайлауға қона алмай жүр, Күз күзеу де жанжалсыз бола алмай жүр.

Қыс қыстауың-қып-қызыл ол бір пәле, Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр [5,9].

Қазақ халқы мал шаруашылығымен ай- налыса жүріп, жазда-жайлауын, қыста-қы- стауын дайындаған. Табиғаттың баурайында жүріп, табиғатпен үндесе тірлік жасаған. Қа- зақтың экологиялық білімі және мәдениеті сол кезеңде қалыптасқан. Аң аулауды қазақ халқы аса жоғары бағалаған. Ататын аңын таңдайтын болған. «Қасқырды атпау, киікті атпау» киесі ұрады деген діни ұғыммен аста- сып келіп отырған.

Экологиялық білімнің бастауы обал, адал, арам, сауап деген сөздермен беріліп отыр-

Қ.Ө. Сақ, З.Ж. Койгельдиева

Экологиялық мәдениет ұлттық сананы қалыптастырушы факторы ретінде ды. Яғни табиғатқа қамқорлықпен қарау,

әр заттың өз бағасы, құны бар екенін біліп, баға беріп отырған. Міне, осы ұғымдар қазақ халқын қасиетті болуға әкелді.

Ал ұлттық білімнің негізін салушылар А.

Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Ай- мауытов және тағы басқалар қоршаған ортаны аялау, салауатты өмір сүру салтын құрудың ғылыми алғы шарттарын жасады. Алғышарт- тарын жасап қана қоймай, мерзімді баспасөз- де жариялап отырған.

Ұлттың саналы қоғам, жаңа мемлекет дәре- жесіне көтерілу үшін мәдениет, әдебиет, оқу ісінің өркендеуіне жол ашатын - баспасөздің дамуы керек дегенді алаш зиялылары айтты.

ХХ ғасырдың басында ұлттық мерзімді баспасөз дамыды. Мерзімді баспасөзге қазақ қоғамының нағыз жанашырлары сол кезеңде болып жатқан өзекті оқиғаны жариялап оты- рды. Ұлт зиялылары ұлт болашағына алыстан қарап, сенім білдірді.

Жазылған мақалаларынан ұлтқа деген жанашырлық, отансүйгіштік, ұлт мүддесін жоғары қойғандығын көреміз. Алаш қай- раткерлерінің көмегімен дүниеге келген «Ақ жол» басылымы ұлт мүддесін қозғаған мақа- лаларды жариялап отырған. Сөзімізге дәлел болуы үшін, мысал келтірейік: «Ақ жол»

№20 Жексенбі, 30 январь, 1921 жылғы санын- да «Қазақ-қырғыз сиезі жер мәселесі туралы Асфендияров баяндамасы бойынша сиезде қабыл алынған қарарлар» бұл мақала жанры жағынан үндеу мақалаға жатады. Жер мәсе- лесін көтеріп, шешу жолдарын қарастырған.

Үзіндісін алайық «Еңбек мөлшерінен артық иемденіп отырған, келген қара шекпенділер- дегі һәм қазақ-орыстардағы жерлерді алып, қазақ-қырғыз кедейлеріне еңбек мөлшерімен үлестіртур керек. Келген қара шекпенділер һәм қазақ-орыстар зорлықпен орнап, пай- даланып отырған жерлер қазақ-қырғыздың өзіне қайтарылсын! Сумен пайдалану жөні реттелсін! Қазақ-қырғызбен келгендер су мен «әділ» тең пайдалансын! Шөлейт жер- лер суарылсын! Жаңадан арықтар қазылсын!

Бұрынғы мемлекет һәм қазына жерлер қазір- гі Кеңесшіл мемлекет мүлкі санап, бұл жер- лерге қазақ-қырғыздар орналастырылсын!»

Бұл жерде қара шекпендіден жерді алып, қазақ-қырғызға беру, суды орнымен игеру, жерді игеру, экологиялық апат шөлейт жер- лерді суғару мәселесі көтерілген.

Ұлттың басты байлығы – жер болса, сол жерді қазақ-қырғызға беру мәселесін «Ақ жол» газеті жиі көтерген. Жерді игеру арқылы ұлттық мүдде мәселесі оңынан шешілетін- дігін атап көрсетеді. Сонымен қатар бұл ба- сылымда сол кезеңнің ұлттық экологиялық мәдениетін көтеретін тақырыптар да жария- ланып отырған. Экологиялық қауіпті ескертіп, оны үнемі назарда ұстау керектігі айтылады.

Ұлттық психологияның ерекшелігі сол өз ор- тасында болып отырған жағымсыз жағдайды әлеуметтің назарын аулару үшін ортаға та- стаған. Мысалы, «Ақ жол» №20 Жексенбі, 30 январь, 1921 жыл «Сексеуіл қоры құриды»

атты проблемалық очерк жарияланды.

Проблемалық очерк деу себебіміз әлеумет- тік маңызы бар мәселелер қарастырылады.

Сөзіміздің дәлелі ретінде мысал келтірейік.

Очерк былай басталады:«Темір жол үстін- дегі сексеуіл қоры, 3 жылдың ішінде 10 рет, 1миллион пұт келген. Бұл қалыпта болған- да,1922-ші жылға қарсы үй салуға жарай- тын ағаш қалмас керек. Ағаштың қоры түгел тұқымы құрып, өзендерді құм басып қалуға мүмкін» [6.16]. Бұл жерде автор сексеуіл қо- рының біту қаупі бар проблемасын көтеріп отыр. Темір жолдың бойындағы сексеуіл қо- рының азаюы, ағаштың өспей қалуы мүмкін- дігімен қатар, «өзендерді құм басу» бағытын болжап отыр. Сексеуiл – діңі мен бұтақтары бұраң-бұраң боп келетін, құмды жерлерде өсетін, шөлге төзімді, морт сынатын жапы- рақсыз қатты ағаш тұқымдас өсiмдiк [7]. Сол кезеңдегі 100 жыл бұрынғы айтылған жағдай қазіргі таңда маңызы арта түспесе кеміген жоқ.

Шымкент қаласының бұқаралық ақпарат құралы «Otyrar» сайтында Ақмарал Айтба- еваның «1 сексеуіл 4 тонна құмды ұстайды»

сюжетінде БҰҰ даму бағдарламасының био- алуантүрлілік жөніндегі жобалар менеджері Талғат Кертешев: «Ағашты кесеміз, малды шектен тыс көп жаямыз сол жерде, ол жер тозаңданады да, құм көше бастайды. Құмдар

Қ.Ө. Сақ, З.Ж. Койгельдиева көшеді да ол ауылды басады. Экологиялық

жаман жағдайға әкеп соқтырады. Сол себепті мына 1 сексеуіл ғалымдардың зерттеуінше 5-6 жастағы сексеуіл шамамен 4 тонна құмды ұстап тұра алады. Сексеуілді қорғау мәселесі қазіргі таңда өте маңызды» [8], - деп жауап берді.

Қазақстан жері – сексеуіл өсу аймағы бой- ынша әлемде бірінші орын алады екен. Ау- мағы шамамен 6,7 млн гектарда сексеуіл өседі.

Бұл республика эко жүйесін сақтайды. Сексе- уіл ормандарын жоғалту қайтымсыз салдарға алып келеді. Ең басты қауіп – жердің құнар- сызданып, шөлейттенуі. Ал арт-объект сексе- уілді заңсыз кесуден қорғап қана қоймай, оны сақтаудың маңыздылығынан хабардар етеді.

«Қазақ әдебиеті» 2021 жылғы №36 санын- да Нұрсерік Тілеуқабыл «Ұлттық код неме- се діл дағдарысы» атты мақаласынан үзінді

«Көшпенділер үшін уақыт бен кеңістік ұғымы ерекше мәнге ие. Мұндай ойлау негізіне та- биғаттың циклдық дамуы, адам мен табиғат арасындағы байланысты тұтас деп қарауы жатты. Өйткені, адам белгілі бір уақытта бел- гілі бір кеңістікте өмір сүреді. Қазақ халқы да көшпенді өмір сүргендіктен табиғаттың ішік сырына үңіліп, уақыт пен кеңістікті сезіну мен түйсіну жағынан алға шықты деп сеніммен айта аламыз. Қазақ халқында өзіндік жыл са- нау күнтізбесі болатынын естіген шығарсыз?!

28 күннен тұратын «тоғыс» деп аталатын айла- ры бар. Әр айдың ерекшелігіне сай өз атауы болады. Ал 13 ай бір жыл болып есептеледі.

Бұл күнтізбені жетік білген адам алдағы ауа райын анық болжап, тап басып айта алатын болған» [9], - міне осы жерден қазақ халқы- ның көшпенді бола жүріп, табиғатпен жақын болғандығын көре аламыз.

Күнтізбені жақсы білген адамның ауа рай- ын да болжай алатындығын дөп басып айтқан.

Бұл деген сөз адамдардың қоршаған ортаны, табиғатты қабылдаудағы өзіндік ұстанымы бар екенін білдіреді. Тіпті күнтізбеге «Халықа- ралық орман күні» деген атаулы күнді 2012 жылы енгізіп, бекітті. 2013 жылдан бастап жыл сайын 21 наурызда тойланады. Қазіргі кезеңде тұқымы құрып бара жатқан сексеуіл- дің туған күнін де атап қойды. Қазақстан бой- ынша 21-наурызды «Сексеуіл күні» деп белгі-

леген, себебі күн мен түннің теңелген мезгілі наурыз айы сексеуіл тұқымын егуге ыңғайлы мезгіл [10].

Атақты қазақ ақыны Сырбай Мәуленовтің

«Сексеуіл» атты ғажап жырына арқау болған;

«Тілсіз жауға жаланған, төтеп беріп кеште бұл.

Жолды сақтап бораннан, қалды қалың сексеуіл Еккен оны түркімен, Қоймаған соң құм қаптап, Жолды апат-бүліктен.

Сексеуілдер тұр сақтап», - деген сексеуіл қазіргі таңда «Қызыл кітапқа» аты енгізілді [11]. Сексеуіл о бастан құм суырған даладағы жолдың сорабын сақтауға қызмет етіп келе жатқан қайсар өсімдік. Келесі бір экология тақырыбын қозғайтын саны «Ақ жол» №21 Сәрсенбі, 2 февраль, 1921жыл. Мақала аты

«Тазарту керек» былай басталады: «Сала- маттығы дұрыс емес қаланың ластығын еске алып, қала исполкомы Ташкентті тазалауға қаулы қылды. Бұл қаулыны орындауға қала халқы, өздері атқаруға үй комитеті жауапты.

Ташкент дұрыс тазартылмағанда, жазға қар- сы жұқпалы аурулар көбеюі мүмкін»[12.32].

«Экология» туралы ұғым сол кезеңде болмаса да табиғатты ауаны, қаланы таза ұстау қағида- сы байқаймыз сол кезде қаланған секілді. Қа- ланың тазалығын сақтау проблемасы көтеріл- гендіктен проблемалық очеркке жатқыздық.

Ал енді қазіргі таңдағы мерзімді баспасөз- ге тоқталайық. «Еqemen Qazakstan» жал- пыұлттық республикалық басылымының 2020 жылғы №249 санына Гүләйім Дәуітбайдың

«Ақтауда ауа неден бүлінді?» мақаласы жа- рияланды. Мәселе Ақтауда ауадан жағымсыз иістің шығуынан басталады. Проблемалық мақала мерзімді басылымда ауқымды тақы- рыпты көтереді. Нәтижесінде экологтардың араласуымен зерттеу жасалынады. Зерттеу нәтижесі Ақтауда азот диоксидінің шекті рұқ- сат етілген концентрациясы 1,5 есе болса, ме- тан 1,8 есе артқанын білген. Ауаны ластаушы- лар жергілікті кәсіпорындар екені анықталды.

Экология кодексінің 117, 118-баптарын бас- шылыққа ала отырып, облыстық экология департаменті жоспардан тексеру жұмысын жүргізді. Қала тұрғындарының ауаның ла-

стану мәселесі басылым бетіне жарияланып және жауабы берілді [13].

Тазалық сақталмаған жағдайда, жұқпалы аурудың көбею мүмкіндігін алға тартады. Та- биғатпен сырлас болу, қайырымдылық пен зұлымдықты ажырата отырып, адамға пай- далысын ойлау, ұлт саулығын ойлаудағы ба- сты міндет болды. Табиғат құбылыстарының алуан түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі адаммен өзара байланыста, қарым-қатынаста, яғни біртұтас бірлікте болды. Соңғы жылда- ры қоғам мен өндіргіш күштердің дамуына байланысты адам мен табиғат арасында ал- шақтық пайда бола бастады. Бүгінгі қоғамда адам араласуынан болған экологиялық жағдайдан шығу жолы қарастырылған.

«Ақ жол» №22 Жұма, 4 февраль, 1921жыл.

«Қазақстанда. Қостанай үйезі. Қостанай үй- езінің шаруасы күйзеліп, құрғақшылық бо- лып, егін шөп кем шықты. Оның үстіне қыс қатты болып, мал қолға қарап жұтына баста- ды. Бұл ретке қарағанда, қар, жер басатын мал аз қалса керек. Шаруа кедейлігіне қарамастан, халық азық-түлік салығын беріп жатыр»

[14.51]. Бұл мақаланы да проблемалық очерк қатарына қостық. Очерк Қостанай үйезінде болып жатқан жағдайдан хабар береді. Елде қыстың қатты болып, шөптің аз болғандығы, малдың қырылуы басты мәселе болғанына қарамастан, халықтың салықтан жалтармай беріп жатуы сол кездің үлкен ерлігі еді. Бұл ақпарат мерзімді баспасөзде ХХ ғасырдың 1921 жылы жарияланған.

Арада 100 жыл өтті. Келесі жағдай ХХІ ға- сырдың 21 жылы шыққан мерзімді баспасөзге тоқталайық. 2021 жыл 13 маусымдағы «Еге- мен Қазақстан» газетінде Абай Отардың «Қу- аңшылық әлемді алаңдатуда» деген мақаласы шықты. Мақалада «Әлемнің түкпір-түкпірін- де құрғақшылық белең алып, көптеген су қой- ма тартылып, ауыл шаруашылығына орасан зиян келіп отыр. Мұның басты себебі – кли- маттың өзгеруі. Ғалымдардың пайымдауын- ша, жаһандық жылыну осы қарқынмен жалға- са берсе, ғасыр соңында тамақ тапшылығы туындауы мүмкін. McKinsey-дің деректеріне сүйенсек, 2030 жылы әлемдегі өзен бассейн- дерінің көлемі 10 пайызға, 2050 жылы 25 пай-

ызға тартылуы ықтимал. БҰҰ есептеуі бойын- ша әлем халқының төрттен бірі 2050 жылға қарай су тапшылығын сезінуі мүмкін. Ал Әлемдік банк «тіршілік нәрінің» тапшылығы 2050 жылға қарай әлем экономикасының ішкі жалпы өнім өсімін 6 пайызға азайтады деп болжайды»,-деген болжам айтылады.

Автор климаттың өзгеру барысындағы та- биғаттың зардап шегіп отырғандығы айта келе ойын ары қарай жалғастырады: «Су мәселесі Орталық Азияны да айналып өтпей- ді. Өйткені аймақтағы ірі өзендердің барлығы трансшекаралық болып есептеледі. Ондаған жылдан бері сол трансшекаралық су ресур- старын бірлесіп пайдалану жайы Орталық Азия елдері үшін күрделі проблеманың бірі- не айналды. Әсіресе Сырдария мен Әмуда- рия өзендерін бірлесе пайдалану өте өзекті.

Сырдария өз бастауын Қырғызстаннан, Әму- дария Тәжікстаннан алады. Сондықтан Орта- лық Азиядағы өзге мемлекеттер қырғыз бен тәжік ағайындардың «жомарттығына» тәуел- ді. Дәлірек айтқанда, су ағынын реттеу тетігі солардың қолында.

Қазақстан мен Қытай арасында шекараны кесіп өтетін үлкенді-кішілі 25 өзен бар. 2001 жылы қос тараптың үкіметтері трансшекара- лық өзендерді пайдалану туралы келісім жа- сасқан. Бірақ Ертіс пен Іленің тағдыры толық шешілген жоқ. Екі өзеннің тағдыры Қазақстан үшін аса маңызды. Себебі, Ертіс пен Іленің суының 70 пайызы Қытай аумағынан бастау алады. Оған қоса, Бейжің билігі өз аумағында өзен суын қолдану көлемін арттырып келеді.

Қорыта айтқанда, климат өзгеруі салда- рынан әлемдегі су көздері құнды байлыққа айналатын түрі бар. Өзендердің тартылуы мұхиттың арғы бетін де, бергі бетін де әбі- герге түсіретіні анық», – деп сөзін қорытады [15]. Жанры жағынан проблемалық очеркке жатқыздық. Себебі, қоғамдағы судың маңызы, климаттың қатты жылынуы, қуаңшылыққа әкелу бағытын болжап, сол нәрсені болдыр- мау жағын қарастырады.

«Су-табиғи байлығымыз»,- деп атам қазақ суды ерекше бағалаған. Судың адам өміріндегі маңызына ерекше мән берген. Су тақырыбын қозғаған «Ақ жол» № 32 Жұма, 4 наурыз, 1928 Экологиялық мәдениет ұлттық сананы қалыптастырушы факторы ретінде

жылғы саны. Мақалаға көз жүгіртсек тақы- рыбы «Су керек». Су туралы мақала былай басталады «Осы жазға салым бізге қайткенде де, 2 миллион десятина суғарылуға тиіс жер су һәм 4 миллион шөл жер суару керек. Ре- спубликада суаруға тиіс жердің барлық саны 4 миллион 25 мың 825 десятина. 1915 жылда су- арылған жердің саны - 2 миллион 42 мың 531 десятина еді. 1920 жылда суарылған жердің саны, 1 миллион 614 мың 914 десятинаға шей- ін кеміген. Бұл цифрларға қарағанда, барлық ынтаны жер суаруға керек екендігі шығады»

[16.231]. Бұл мақаланы сараптай отырып, очеркке жатқыздық, оның ішінде үлкен келелі мәселені көтеріп отырғандықтан, проблема- лық очеркке қостық. Автор республикадағы суғарылған жердің көлемін санмен нақтылап айтады және жыл өткен сайын суғарылатын жер көлемінің азайып келе жатқандығын ескертеді. Су - болашақтың ең қымбат тауары ретінде және бар ынтаны жер суғаруға аудару керектігін нақтылайды.

Экология тақырыбын қозғаған мақалалар

«Ақ жол» басылымында жеткілікті, біз со- ның ішінде аса құнды, қазір де маңызын жой- мағандарын іріктеп алдық. Тағы бір мақала

«Ақ жол» № 302 бейсенбі, 10 май, 1923 жылғы санында «Су мекемелерінің ескеретін ісі» атты мақала жарияланды. Мақала былай бастала- ды «Түркістан үйезі, Созақ ауданы, Көкшеқұм болысы 3-ші ауылына қарасты Күмісті дейтін өзенде саңғыл руынан 150-дей үй болатын»

дей келе «Халықтың кәсібі диханшылық еді, ілгері шаруашылық жоқ, диханшылық істеу- ге су жоқ есебінде. Сондықтан, өткен жылғы азық салығы да ауыр түсіп, осы көктемде көп кедейлері тұқым тауып сала алмай отыр»,- деп аяқталады [17.21]. Судың жоқтығынан қарапайым халықтың жағдайының төмендеп кеткенін баяндап отыр.

Болып жатқан жағдай сол кезеңдегі жа- рияланған мақаланың көтерген экология тақырыбы әлі де маңызын жоймағандығын байқаймыз. Су – бүкіл Қазақстанның дамуы үшін табиғи шектеу белгілейтін ресурс болып саналады. Адамның тіршілік көзіне айналған судың қазіргі таңда сұранысы аса жоғары бо- лып тұр. Қоршаған ортаны қорғау тақырыбы

бүкіл адамзатты алаңдатып, оны шешу жол- дарын әлемдік деңгейдегі концепция ретінде аяқтау керек.

Қорытынды

Жалпы бүгінгі қоғамда адам баласы өзі ойлап тапқан техникалық дүниенің өзімізге қарсы қызмет жасап жатқаны бәрімізге аян.

Сол технологияның әкелген зардаптары ауаға, өсімдікке, топыраққа, қазба байлықтарына да зиянын тигізуде. Зерттеуші ғалымдар бұл зар- даптың астарын адам баласының табиғатқа салғырт қарауынан деген тұжырымға келді.

Экологиялық мәселенің сонау ықылым заман- нан келе жатқан тақырып екенін біз мақала- ның жазылу барысында атап кеттік.

Сонымен экологиялық тақырыпты көтер- ген қазақ газеттері беттеріндегі материал- дарға салыстырмалы түрде сараптама жасай отырып, түйген ойымыз журналистика сала- сында экологиялық бағытта жұмыс жасайтын мамандардың санын көбейту.

Экологиялық білімді қалыптастыру – әр азаматтың парызы. Азамат туған жеріне, қор- шаған ортасына деген қамқорлығын аямау ке- рек.

Ата-бабамыздан қалған ұлан байтақ жерді сақтау аялау бәріміздің азаматтық парызы- мыз. Өмір сүріп жатқан айналамыздың, ау- амыздың, суымыздың таза болуы өзімізге керек. Бұқаралық ақпарат құралдарында эко- логия тақырыптарын қозғай отырып, азамат- тарды туған жеріне құрметпен қарауға, жер ресурстарын, су, орман және жайылым жер- лерін тұрақты пайдалануға бағыттаймыз.

Біз экологиялық білімді қоршаған ортадан алдық. Дала тіршілігінің тамыры болып табы- латын экология туралы мәселе қозғауды бұқа- ралық ақпарат құралы үздіксіз жариялап ке- леді. Нәтижесін де көріп келеміз.

Ұлы даланың халқы табиғи ортамен тығыз байланыста, табиғаты мен ауа-райы әртүрлі жерде жүріп, салт-дәстүрімізді сақтай оты- рып, өзіміздің ұлттық рухымызды жоғары ұстаған халықпыз.

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралы оның ішінде мерзімді баспасөздерінде ұлттың Қ.Ө. Сақ, З.Ж. Койгельдиева

Пайдаланған әдебиеттер

1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыр- күйек

2. Н.Ә. Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы

3. Тасжарғанова Г. (Қазақстан, Қызылорда) Экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық- пе- дагогикалық негіздері.//Конференціі. Наукові конференціі conferences.neasmo.org.ua //

4. Уикипедия (ашық энциклопедия) 17.09.2021. уақыты 8.07

5. Каримова Б.Ж. Ақпараттық кеңістіктегі экологиялық мәдениет қалыптастыру жолдары: шетел- дік тәжірибе және ұлттық үлгі. Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссерта- ция 2019

6. Абай «Сен де бір кірпіш дүниеге» Алматы «Атамұра» 2020 9-бет

7. Ақ жол (газеті) Көптомдық. 2 том./ Құрастырған Х.Есенқарақызы. –Нұр-Сұлтан: «Алашорда»

қоғамдық қоры, 2020. 16-бет

8. Уикипедия (ашық энциклопедия) 18.09.2021 уақыты 13.05

9. Айтбаева А. «1 сексеуіл 4 тонна құмды ұстайды» Otyrar сайты 03.06.2021. кірген уақыты 22.09.2021.

уақыты 8.47

10. Тілеуқабыл Н.«Қазақ әдебиеті» газеті 2021 жылғы №36 саны «Ұлттық код немесе діл дағдарысы»

11. inform.kz https://www.inform.kz/kz/21-nauryz-kazakparat-kuntizbesi-atauly-kunder-okigalar- esimder

12. «www.bilim-all.kz_Білім алл» - ақпараттық агентігі С.Мәуленовтің өлеңдер жинағы

13. Ақ жол (газеті) Көптомдық. 2 том./ Құрастырған Х.Есенқарақызы. –Нұр-Сұлтан: «Алашорда»

қоғамдық қоры, 2020. 32-бет

14. Дәуітбай Г. «Еqemen Qazakstan» газеті 2020 жылғы № 249 саны «Ақтауда ауа неден бүлінді?»

15. Ақ жол (газеті) Көптомдық. 2 том. / Құрастырған Х.Есенқарақызы. –Нұр-Сұлтан: «Алашорда»

қоғамдық қоры, 2020. 51- бет

16. Отар А. www.egemen.kz 2021 жыл 13 маусым «Қуаңшылық әлемді алаңдатуда»

17. Ақ жол (газеті) Көптомдық. 2 том./ Құрастырған Х.Есенқарақызы. –Нұр-Сұлтан: «Алашорда»

қоғамдық қоры, 2020. 231-бет

18. Ақ жол (газеті) Көптомдық. 11 том./ Құрастырған Х.Есенқарақызы. –Нұр-Сұлтан: «Алашорда»

қоғамдық қоры, 2020. 21-бет.

К.О. Сак, З.Ж. Койгельдиева

Евразийский национальный университет имени Л. Н. Гумилева, Нур-Султан, Казахстан

Экологическая культура как фактор формирования национального сознания

Аннотация. Усилия человека по выживанию были напрямую связаны с окружающей средой. В ста- тье затрагивается проблема окружающей среды, которая волнует мир. Краткий обзор влияния эколо- дамуына оң ықпал жасап отырған экология

тақырыбы туралы жарияланымына зерттеу жасап зерделедік.

ХХ ғасырдың басында жарық көрген ба- сылым «Ақ жол» газетіндегі экологиялық тақырыпта жарияланған мақалалардың ба- сым көпшілігі жер, су көздеріне, ауа райына, тұқымы жоғалып бара жатқан өсімдіктерге арналған.

Қазақ халқының экологиялық мәдени та- нымын, тәрбиесінің негізін ұлттық болмыс, ұлттық дүниетаным және ұлттық дәстүр құрайды. Олай болса, әлеуметтік мемлекеттік құрылым идеологиялық ағымдар, халықтың мәдени дәстүрі мен салтын сақтай отырып, экологиялық мәдениетті және ұлттық сананы бұқаралық ақпарат құралы арқылы қалыпта- стырайық.

Экологиялық мәдениет ұлттық сананы қалыптастырушы факторы ретінде