Аңдатпа. Қазір Қазақстанда азаматтардың кез-келген іске белсенді араласуы бұдан бұрынғы жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда анағұрлым ілгері. Билік тарапынан да азаматтық қоғамның үніне құлақ асуға деген талпынысы оң бағыт алып келеді.
Мемлекет басшысы өзі бастама көтеріп азаматтық қоғамды қолдауды, олардың та- лап-тілектерін орындап, мемлекеттің болашақ стратегиясын бірлесе түзуді үнемі алға тартып отыр. Қоғам қайраткерлері, азаматтық қоғам белсенділері және билік өкіл- дерінің басын бір үстелде біріктіретін «Ұлттық кеңестің» пайда болуы – бұған айқын дәлел. Сонымен қатар алдағы уақытта қоғам белсенділерімен бірге мемлекеттің маңы- зды мәселесін бірлесіп талқылауға арналған «Ұлы құрылтайдың» құрылуы Қазақстан- да азаматтық қоғамның қанат жаюына жасалған жақсы қадам деп түсінуге болады.
Азаматтық қоғамның үнін билікке жеткізетін бірден бір құрал – әлеуметтік желі, азаматтық журналистика күші. Біз бұл мақалада Қазақстандағы азаматтық журна- листика қуаты мен белсенділігін және ел тұрғындарының әлеуметтік желіні тұтыну деңгейін саралап көрмекпіз.
Кілт сөздер: әлеуметтік желі, жаңа медиа, азаматтық журналистика, дәстүрлі БАҚ, блогерлік.
DOI: 10.32523/2616-7174-2022-139-2-79-87
Кіріспе
Саяси коммуникацияның қоғамдағы маңы- зды бақылауының бірі – билік өкілдерінің өзін- дік пікірі бар қоғам белсендісімен, азаматтық журналистика өкілімен, блогермен бірлесіп жұмыс істеуге деген қарқынының артуын ата- уға болады. Соңғы жылдары кез келген әлеу- меттік даулы тақырыпты бұқараға жеткізуде, саяси пиар акцияларды ұтымды пайдалануда және ішкі туризмді ілгерілету саласындағы бірлескен жұмыс бойынша танымал блогер- лерге ұсыныстар айтылатын болды [1]. Тәуел- сіз блогерлердің саясаткерлермен және ком- мерциялық құрылымдармен өзара бірлесіп жұмыс істеуі интернет белсенділерінің жеке
әлеуметтік жауапкершілігін корпорациялар- дың әлеуметтік жауапкершілік саясатымен тұтасуына бағытталған маңызды өзгеріс деп санауға болады. Азаматтардың әлеуметтік-са- яси процестерге белсенді қатысуы қазіргі са- яси жүйенің маңызды құрамдас бөлігі. Бұл әрекет қазіргі саяси процестің институцио- налды және ұйымдастырушылық компонент- терін қамтиды. Азаматтық қоғамның белсенді жұмыс істей бастауы билік пен қоғам ара- сындағы байланысты қамтамасыз ететін жаңа ұйымдастырушылық формалардың пайда болуына ықпал етеді. Кез келген қоғамда әле- уметтік маңызы бар мәселені азаматтардың белсенділігін пайдалана отырып жүзеге асы- ру тиімді жол болмақ.
Қазақстандағы азаматтық журналистиканың әлеуметтік желідегі пәрменділігі Біз осы орайда ең әуелі қазақстандықтар-
дың әлеуметтік желідегі белсенділігін, оны тұтыну мәдениетін сараптап көрсек. Қазір қазақстандықтар бірнеше әлеуметтік желі аккаунттарын пайдаланады. Сонымен қатар олар әлеуемттік желіні бірден-бір ақпарат көзі ретінде санайды. Қазақстанда әлемдік әлеуметтік желі компанияларының жұмыс істей бастағанына 10-15 жылдай мезгіл болды.
Осы уақыт аралығына адамдар әртүрлі әлеу- меттік желі тораптарынан өздерінің жеке па- рақшаларын ашып, оның коммуникациялық мүмкіндігін сан түрлі қырынан игеріп отыр.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл парақ- шаларын өздерінің жеке қызығушылықтары немесе қандай да бір топтық мүдде мақсатын- да пайдалануы мүмкін. Біз әлеуеметтік желі қолданушылары арасында шағын сауалнама жүргізіп, олардың әлеуметтік желіні қандай мақсатта пайдаланатынын білген едік. Сауал- намаға барлығы 250-ден артық адам қатысты.
Сауалнамаға қатысушылардың ең көп бөлігі яғни 45,8 пайызы – 19 бен 25 жас аралығындағы жастар. Демек жастарды әлеуметтік желінің ең көп тұтынушысы немесе азаматтық қоғам- ның негізгі мақсатты аудиториясы деп алып қарауға да болады. Сауалнамаға қатысушы- лардың 24,9 пайызы –12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер. Қазіргі жас буын жаңа техно- логияның негізгі тұтынушысы екендігін осы көрсеткіштерден бағамдай беруге мүмкіндік бар. Жаңа технология көмегімен қаншама идеология, таным, мәдени ағымдардың келіп жатқандығын ешкім де жоққа шығара алмай- ды. Осылайша әлеуметтік желі арқылы жүр- гізген сауалнамаға қатысушылардың 70 пай- ызы 12-ден 25 жас арасындағы жастар болып шықты. Осы көрсеткіштің өзі көп мәселеден хабар береді. Сауалнамаға қатысушылардың не бары 8 пайыздайы – жасы 40-тан асқан аза- маттар.
Зерттеу өзектілігі
Әлеуметтік желінің негізгі аудитория- сы мен құраушысы жастар екендігі белгілі болғандықтан, оларға қатысты желіде қан- дай негізгі мәселе бар екендігіне зер салсақ.
Уақытының көбін смартфондар мен гаджет-
терге үңілумен өткізіп жатқан жастар ара- сында проблеманың жаңа түрлері пайда бола бастады. Оның бірі – кибербуллинг мәселесі.
Яғни интернет арқылы, әсіресе, әлеуметтік желі арқылы балалар мен жасөспірімдерге қысым жасау. Мәселен рұқсатсыз түсірілген балалардың фото немесе видеосын интерне- тке жүктеу. Адамдардың жеке басына бай- ланысты ақпараттарды жариялау. Кейбір ыңғайсыз әрекеттерін келеке ету және тағы басқа. Не болмаса жасөспірімдер қандай да бір ерсі қылық білдіретін фото-видео матери- алдарды интернетте жариялап, ел алдында масқара етемін деп бопсалау деректерінің бар екендігін естіп, көріп отырмыз. Бұл еш таңқа- луға болмайтын қалыпты жағдай сияқты. Қа- зақстанда жастар мен мен жасөспірімдерге байланысты болған бірнеше қайғылы оқиғаға осы кибербуллинг мәселесі себепші болды деген болжамдар да айтылды. Мұндай шулы оқиғалардың ақпараттық алаңы негізінен әлеуметтік желі. Әлеуметтік желінің әсері жөніндегі әлемдік сарапшылардың да пікірі бір арнада емес. «Кейбіреулер цифрлық және әлеуметтік медиа бұқаралық ақпарат құрал- дарын демократияландырып, белсенділігін арттырады десе, ал екінші тарап медианың са- пасын төмендетеді деп есептейді» [2].
Осы мысалдарды есепке ала отырып біздің елде қандай жұмыстар атқарылып жатқан- дығына зер салсақ. Қазір Қазақстанда әлеу- меттік желі жұмысын реттейтін заң Парла- ментте қаралып жатыр. Заңдағы ең негізгі мәселенің бірі интернет арқылы жасалатын кибербулингтен жасөспірімдерді қорғау делінген. Әлеуметтік желідегі кибербуллингті ретке келтіру мәселесі 2019 жылдан бері қа- рай Парламент мінберінде бірнеше рет кө- терілді. БАҚ пен әлеуметтік желі бетінде де интернеттегі заңсыздық, адамның жеке басы- на тиісіп, құқына қол сұғуға байланысты қан- шама рет айтылды, жазылды. Тіпті бірнеше рет адамдардың өз-өзіне қол жұмсауына осы кибербуллинг мәселесі себепші болды де- ген болжамдар айтылды. Демек әлеуметтік желінің адам құқын бұзбай заң аясында жұ- мыс істеуі үшін қандай да бір реттіліктің қа- жет екендігі айтпаса да түсінікті болды. Дәл қазіргі қаралып жатқан заң жобасы бойын-
Б. Тоқтарбай, А. Жақсылық ша әлеуметтік желі тұтынушысына емес әле-
уметтік желіге иелік ететін компанияларға шектеулер жасалмақ. Мәселен кез келген ше- телдік әлеуметтік желі компаниясы өздерінің өкілдіктерін Қазақстанда ашуға міндетті. Со- нымен қатар ол өкіл Қазақстан азаматы болуы шарт. Сосын әлеуметтік желіде қандай да бір азаматтың жеке басына, ар намысына тиетін жазбалар жарияланса немесе жеке тұлғаның басына қауіп төнетін материалдар пайда бол- са, компания өкілі мұндай жазбаны әлеумет- тік желі бетінен өшіруге міндетті. Егер заңда көрсетілген мәселе уақытында орындалма- са, компанияға қомақты айыппұл салынады.
Дәл осы қаралып жатқан заң жобасы жайлы әлеуметтік желі бетінде «үлкен шу» болды.
Көптеген белсенділер бұл заң әлеуметтік желі қызметін шектеп, сөз бостандығына кедер- гі болады деп санайды. Тіпті кейбір азамат- тар заң күшіне енген соң әлеуметтік желілер бұғатталады деген де болжамдар жасады. Бұл жөнінде Ақпарат және қоғамдық даму ми- нистрі Асқар Умаров «Әлеуметтік желілерді бірден бұғаттайды деген ақпарат жалған. Егер НҚА сайтын ашып қараса, балаларды ки- бербуллингтен қорғау туралы заң Сенаттан өткеннен кейін қабылдануы мүмкін екенін көруге болады. Олар Сенаттан өте ме, жоқ па белгісіз. Себебі қазір қызу талқылаулар жүріп жатыр. Біз тыңдаушы мемлекетте тұрамыз, сондықтан бірінші талқылауға саламыз. Заң қабылданған күннің өзінде әлеуметтік желі әкімшіліктері біз ұсынған талаптарды орын- дағысы келмесе ғана шектеу туралы мәселе туындайды» [3], – деді Үкімет отырысы аясын- да. Иә, біз неге министр сөзін келтіріп отыр- мыз, себебі соңғы кездері осы заң төңірегінде пікір қайшылығы күшейіп кетті. Ал мини- стрдің сөзіне қарағанда бұл заң қабылданбас бұрын қоғам пікіріне құлақ асатындығы ай- тылған. Негізінен бұл талқыға түсіп жатқан заң балалар құқын қорғауға байланысты туындаған заң болатын. Қазақстанда ақпарат саласына байланысты заң болғанымен әлеу- меттік желі жұмысын реттейтін нақты тетік- тер қарастырылмаған. Соның ішінде қазіргі уақыттағы ерекше назар аударылып тұрған кибербулинг тақырыбы нақтыланбай қалған.
Соңғы кездегі балалар құқына нұқсан келетін,
интернетте тарайтын әртүрлі видео мен де- ректердің кейбірі жасөспірімдердің өміріне қысым келтіретіні жайлы жиі айтылып жүр.
Осы жиында министр Асқар Умаров «Негізі, әлеуметтік желілер өкіл жіберсе олармен байланысу оңайырақ болатын еді. Балаларды қорлайтын контент анықталса бірден хабар- ласып шешетіндей. Лос-Анджелеске немесе Майамиге сұрау жіберіп, оны айлап, жылдап күтіп отырмайтындай» – деп толықтырған болатын өз сөзін. Негізінен бұл құжат «Қа- зақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқығын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселе- лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы деп аталады.
Жоғарыда әлеуметтік желіге байланысты сауалнаманың негізгі қатысушылары жастар мен балалар екендігін ескерсек, қазіргі талқы- ланып жатқан заң жобасы бізге ерекше қа- жетті сияқты. Себебі әлеуметтік желі дәл қазіргі уақытта ақпаратты жылдам таратушы көздің бірі болғанымен ондағы ақпараттар мен деректердің барлығы сауатты әрі этика- лық нормаларды толық сақтаған деп айтуға келмейді. Осы арада тағы да сол сауалнамаға қатысушылардың жауабынан мысалдар кел- тірсек. Сауалнамаға қатысушылар «Әлеумет- тік желідегі сауаттылық пен этика мәселесіне көңіліңіз тола ма?» деген сауалға 50 пайызы
«орташа» деген баға берген. Ал 37,5 пайызы әлеуметтік желідегі сауаттылық пен этика мәселесіне көңілі толмайтындығын жеткіз- ген. Қалған 12 пайызы ғана мұндағы ақпарат- тың сауаттылығына шағымдары жоқ екенді- гін белгілеген. Демек бұл мысалдарға қарай отырып біздің елдегі әлеуметтік желі этика- сы мен ондағы тәртіп, құқықтық сауаттылық мәселесі өзекті екендігін бағамдауға болады.
Жалпы әлеуметтік желі ақпаратты жеткізудің ең тиімді әрі жылдам түрі болғанымен, бір өкініштісі мұндағы таралатын жаңалықтар- дың көбісі шындыққа жанаспайтын, нақты- ланбаған ақпарат болуы әбден мүмкін. Себебі әлеуметтік желі мүшелері ресми анықталған ақпараттан тысқары ешқандай негізсіз жаңа- лықтарды да бөлісуіне ешкім кедергі емес.
Оның дұрыс бұрысын анықтауға дәл қазіргі таңдағы әлеуметтік ортаның медиа сауаты
жеткілікті деп айтуға әлі ерте. Біз жүргізген сауалнамада «Әлеуметтік желідегі ақпарат- тың растығына сенесіз бе?» деген сауалға жа- уап берушілердің 65,6 пайызы жартылай ғана сенетінін, ал 20,6 пайызы сенбейтіндігін белгі- леген. Қалған 13 пайызы әлеуметтік желідегі ақпараттардың растығына сеніп отыр. Олар мұндай ақпараттардың әрі қарай таралуына да өзіндік үлес қоса бермек.
Талқылау
Жаңа медиа зерттеушілері әлеуметтік желі аудиториясы мен белсенділерін әртүрлі то- пқа бөліп қарастырады. Жалпы аудитория дегеніміз – БАҚ-тың хабарламасын алатын барлық мүшелер жиынтығы. Ал әлеуметтік желі аудиториясы – бұл өзара қарым-қаты- нас жасау, ақпарат іздеу, ойын-сауық, өзін-өзі тану мақсатында әлеуметтік медианы пай- даланушылардың жиынтығы. Әлеуметтік желілер қазіргі адам өмірінің маңызды бөлі- гін иеленеді. Comcon мәліметтері бойынша, интернетті тұрақты пайдаланушылардың 95 пайызы әлеуметтік желіні қолданады. Қа- зақстандықтардың да әлеуметтік желідегі белсенділігі жоғары. Зерттеушілер әлеумет- тік желі әлеміндегі адамдарды бірнеше топқа жіктейтін болса, солардың ең негізгісі – ауди- тория. Әлеуметтік желідегі «аудитория» өзіне қажетті ақпарат пен жан қалауын тапқан кез- де «тұтынушы» ролінен бас тартуға асықпа- уы мүмкін. Бұлай қорытынды жасауымызға біз жүргізген шағын сауалнаманың нәтиже- сі жақсы мысал бола алады. Сауалнамадағы
«Болашақта әлеуметтік желі ақылы болса пайдаланар ма едіңіз?» деген сауалға 54,2 пай- ызы «Бәрі бір пайдалана беремін» деп жауап берген. Демек біздің қоғамда әлеуметтік желі- ге ақы төлеп қосылуға да пейілді адамдардың көп екендігін осы көрсеткіштен байқай ала- сыз. Бұл әлеуметтік желілер ақпарат алмасу үшін қарапайым құралдардың шекарасынан өтіп, ұқсас мүдделерге сәйкес адамдардың қа- уымдастығына айналғанын көрсетеді. Жалпы әлеуметтік медиа ортасы адамды және оның қызметінің алуан түрлерін кәсіби зерттейтін барлық мамандар үшін үлкен қызығушылық
тудырады. Виртуалды ортадағы адам қыз- меті әлеуметтанушыларды, психологтарды, маркетологтарды, саясаттанушыларды және басқа мамандар зерттеуінің негізі бола алады.
Әлеуметтік желіде пайдаланушылар көбінесе өз бетінше шешім қабылдау үшін жеткілік- ті ақпаратқа ие емес, сондықтан олардың шешімдері басқа виртуалды орта агенттерінің бақылауындағы идеяларға негізделуі мүмкін.
Байланыс арқылы ол белгілі бір идеялар мен көзқарастарға ортақтаса алады. Өзін басқалар- мен жақын қарым-қатынаста ұстай отырып, пайдаланушы жаңа нормаларды қабылдай- ды. Бір сөзбен айтқанда әлеуметтік желі ауди- ториясы – ортақ қызығушылығы мен мүддесі бар топтардың жиынтығы. Оларды өздеріне қажетті ақпарат легі мен ортақ көзқарас, ор- тақ пікір топтастырып отыр. Ондай ортаны қалыптастырушы әлеуметтік желідегі кез келген белсенді немесе блогер болуы мүмкін.
Әрі бұл бір жағынан алып қарағанда біздің ортадағы азаматтық қоғамға деген ұмтылыс, әлеуметтк ортаның бір бөлшегі. Бұл ортаны қандай тақырып, қандай мәселе топтастырып отырғандығын зерттеп, одан қандай нәтиже шығаруға болатындығын айшықтау әлеумет- танушылардың жұмысы.
Әлеуметтік желі бірден бір ақпарат көзі екендігі белгілі болды. Көптеген жастар мен жасөспірімдер көп уақытын әлеуметтік желі- де өткізетіні де анықталды. Тіпті бұл саланы ақылы түрде тұтыну қажет болса да бас тарт- пайтындар бар екенін де сауалнамаға жауап берушілер айғақтады. Демек біз әлеуметтік медианың не жазып жатқандығын, ол алдағы уақытта қалай дамуы мүмкін екендігін бол- жап отыруға тиістіміз. Қазақстандықтарға ең танымал блогерлер мен әлеуметтік желі бел- сенділері кімдер, олар қандай тақырыптарда материалдар ұсынып, аудиториясын ұйытып отыр. Жалпы біздің әлеуметтік желі әлемі са- лалық немесе кәсіби бағытта өз жолын тап- ты ма? Бұл сұрақтардың жауабы әрқашанда маңызды.
Жалпы блогерлік пен әлеуметтік желіде- гі белсенділік соңғы 5-10 жылдың көлемінде жақсы қарқын алғаны белгілі. Қазақстан- да әлеуметтік желі мен блогерлікті тек қана Қазақстандағы азаматтық журналистиканың әлеуметтік желідегі пәрменділігі
азаматтық қоғам өкілдері дамытып отыр де- сек мұнымыз ұшқары пікір болады. Билік те қазір әлеуметтік желі арқылы аудиториямен кері байланыс орнатуға ерекше екпін берді.
Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі жүргізіп отырған телеграмдағы «БОРТ№1»
парақшасы мемлекет басшысының сәт сай- ынғы қызметін аудиторияға ұсынып отыр. Бұл парақшада Президенттің жұмыс барысынан фото, видео, ықшам әрі анық-қанық жазылған ақпараттық мәтіндер жарияланады. Сонымен қатар әртүрлі жиындар мен кездесулерде Президент сөйлеген сөздерінің ең ұтымды тұстарын да үзінді ретінде береді. Қазір Қа- зақстан президентінің ақпараттық қызметіне мобилограф маман да араласып жүр. 2022 жылғы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға іссапары кезінде ақпараттық топ құрамында мобилограф болды. Сол жолғы мобилограф- тың түсірген фотолары мен видеолары ауди- торияның ықыласына бөленді. «БОРТ№1»
парақшасы Президенттің бір ғана әлеуметтік желідегі парақшасы. Мемлекет басшысының жұмысын аудиторияға тиянақты әрі егжей-те- гжейлі жеткізіп отырған басқа да әлеуметтік желілерде парақшалары бар.
Әлеуметтік желіде парақшасын әрлендіріп отырған Президент қана емес. Бұл үрдісті Үкімет басшысы, Парламент спикерлері, әкімдер, мемлекеттік қызметкерлер, депутат- тар да ұтымды пайдаланып отыр. 2019 жылы Президент болып сайланған соң Қасым-Жо- март Тоқаев барлық шенеуніктер мен лауа- зымды тұлғаларға әлеуметтік желіде парақша ашып, халықпен кері байланысты жақсарту- ды тапсырған болатын. Содан бері бұл мәселе жақсы қарқын алып келеді. Әлеуметтік желі аудиториямен кері байланыс орнатудың ең тиімді түрі болғандықтан билік өкілдерінің бұл алаңда белсенділік танытуы азаматтық қоғам құрудың ұтымды үлгісі деп қарасты- руға болады.
Біз әлеуметтік желі контентін саралаған кезде мыңдаған, миллиондаған оқырманға өнім ұсынып отырған блогерлердің аудитория санына емес контент сапасына көбірек көңіл аудардық. Себебі желідегі контенттің әлеу- меттік маңызынан бұрын медиа саласындағы маңызына басымдық беруге тура келді. Мақа-
ламыздың өзі де әлеуметтік желінің медиа өнім ұсынудағы ролі мен аудитория игерудегі маңызына негізделген. Қазақ блогерлерінің болашағы туралы айтқанда осы сапа мәселесі туындайды. Бір ескеретіні, арнайы ізденіспен жұмыс істеп жатқан блогерлерден гөрі күн- делікті іс-әрекеті, ішкен асы, киген киімін көрсете беретіндердің оқырманы көп болаты- ны және бар. Бұл жерде әрине, блогерлерге сын айтуға болады. Бірақ осындай контентке назар көп бөлетін оқырмандар да сыналу ке- рек. Яғни сұраныс бар да ұсыныс бар. Тұты- нушы көп нәрсені сараптағысы келмейді. Сон- дықтан қазақ блогерлерінің болашағы белгілі бір деңгейде оқырманға да байланысты. Бірақ блогер медианың ақпараттық-ағартушылық міндетін естен шығарып алса, ол құптарлық әрекет емес.
Қазақстандағы әлеуметтік желі парақша- лары мен блогерлер кеңістігін қарастырғанда тақырыптық, функциялық, мультимедиалық мүмкіндік жөнінен бірнеше топқа бөлуге болатындығын түсіндік. Аудитория ауқы- мы әртүрлі болғанына қарамастан блогерлік тақырыбы да тарамдалып, әр саланы қамту мүмкіндігі кеңейе түскен. Дәл қазіргі таңда күнделік түріндегі, мемуар үлгісіндегі, ақпа- раттық-танымдық, ойын-сауық, көңіл көтеру, өзін-өзі дамыту, психологиялық дәріс, бизнес, имидж қалыптастыру, ағартушылық тағы да басқа тақырыптар негізінде постлар жазылып жатыр. Көптеген адамдардың әлеуметтік па- рақшасы белгілі бір салаға бағытталмаған, әм- бебап жазбалар. Ал мультимедиалық құрал- дар мүмкіндігін пайдаланып графикалық блогтар, фото-видео парақшалар және соңғы кездегі трендке ене бастаған подкаст түрінде- гі өнім ұсынушылар да кездеседі. Әлеумет- тік желі аудиториясы мен оны ұсынушылар талғамы мен мүддесі алуан түрлі. Біз жоға- рыда атап өткен сауалнамада «Әлеуметтік желіні қандай мақсатта пайдаланасыз?» деген сұрақ бар еді. Бұған жауап берушілердің 48,2 пайызы күнделікті қызығушылықтарын қа- нағаттандыру мақсатында енетінін айтқан. Ал 37,2 пайызы білім алу мақсатында әлеуметтік желіге кіретіндігін белгілеген. Одан кейін- гі орындарда уақыт өткізу үшін немесе биз- несін жүргізу үшін әлеуметтік желіге уақыт
Б. Тоқтарбай, А. Жақсылық
бөлетіндігін айтқан. Бұл сауалнама жауабына қарай отырып-ақ біздің әлеуметтік желі тұты- нушыларын алуан түрлі мүдде біріктіріп оты- рғандығын аңғаруға болады.
Енді сапалы контент үшін жұмыс істеп жатқан блогтарға тоқталсақ. Мұндай блогтар бар және олар әжептәуір аудитория қалыпта- стырып, өзіндік даму жолына түскен. Мыса- лы телеграмда «Калькасыз қазақ тілі» [4] деп аталатын канал бар. Оның жүргізушісі – тіл маманы әрі аудармашы Назгүл Қожабек. Бұл каналда қазіргі таңдағы қазақ тіліндегі калька аударма мен қолданыстағы сөздердің қате ай- тылуы мен жазылуының дұрыс нұсқасы көр- сетіледі. Не себебепті қате жазылып тұрған- дығы талданып, түсіндіріледі. Көп жылдардан бері кеңсе тілі ретінде орыс тілі қолданылып келгендіктен оны қазақшаға тікелей аудару үрдісі қалыптасқандығы баршаға мәлім. Со- ның салдарынан тілдің өзіне тән сипаты мен заңдылықтары бұзылып, сөз бен сөйлем қа- зақша құрастырылғанымен оның ішкі мазмұ- ны өзге тілдің заңдылығына сай құрылған.
Мұндай олқылықтың орнын толтыру үшін тіл маманының әлеуметтік желіден парақша ашып, ешкімнің нұсқауынсыз тұрақты жүр- гізіп келе жатқандығы нағыз ағартушыға тән қасиет деп бағамдауға болады. Әрі бұл ка- налға жазылушылар мен қызығушылық та- нытушылар өте көп. Себебі көптеген медиа мамандарының өзі калька аударманың шыла- уынан шыға алмай әуре сарсаңға түседі. Сон- дай жағдайда «Калькасыз қазақ тілі» медиа мамандар мен жалпы тұтынушыларға тапты- рмас тіл құралы болмақ.
Халыққа танымал блогер ретінде Тимур Бектұрды мысал ретінде атап өтуге болады.
Тимур Бектұрдың қазіргі уақытта Instagram желісінде 27 мың оқырманы бар. Ол өз жа- рияланымдарында IT-технология және оның маңызы, тарих, дін сияқты мәселелерді сауат- ты әрі қызықты қозғайды. Сондай-ақ, басынан өткен қызықты оқиғаларды, күнделікті өмір- дегі мәселелерін әңгімелеп, оқырмандары- на жеткізеді. Тимур сонымен қатар YouTube желісіндегі өз арнасын белсенді түрде жүргі- зеді. Қазақстан журналистикасындағы эконо- мика, заң, интернет-маркетолог әрі техника- лық ғылым саласында жазатын журналистер
жетіспейтіндігін ескерсек, Тимур Бектұр си- яқты маркетинг саласында жазатын блогер- лердің халық үшін маңызы зор. Сол сияқты
«Қадам Азия», «Тармақтар», «Қазақграммар»
блогтары мен Дәулет Мұқаев, Динара Болат, Өркен Кенжебек, Перизат Мырзахмет парақ- шаларын атауға болады. Осы сапалы, пайда- лы парақшалар болашақ қазақ қоғамындағы рухани қозғалыстың негізі болуы да мүмкін екендігін жоққа шығара алмаймыз. Себебі осындай блогерлер өзінің сауатты идеясын, өмір сүру салтын, білімін насихаттап көп адамдарға әсер ете алды. Оқырманның тұлға- лық болмысын қалыптастырып, сауаттылық деңгейін өсіреді. Осы тұрғыдан қарастыра- тын болсақ, қазақ блогерлерінің болашағына сенім білдіре аламыз.
Жалпы алып қарағанда әлеуметтік желі ақпаратты бірінші болып таратуымен ерек- шеленеді. «Біраз уақыт өткен соң газет пен телеарна редакциясындағы мониторларда пайда болатын ақпаратты әуесқойлар бірін- ші түсіреді, суреттейді және желіде жария- лайды» [5]. Әлеуметтік желінің қарқынды да- муына бірден бір әсер етуші фактор ол жаңа технология. Смартфондар мен гаджеттердегі алуан түрлі функциялар ақпарат майданын қыздырып, ақпарат алмасудың жаңа сатысын айқындады. Сондықтан да әлеуметтік желі ар- налары мультимедиалық құралдардың игілі- гін барынша тиімді пайдаланып отырған сала.
Цифрлық технология мүмкіндігі әлеуметтік желі мен азаматтық журналистика жұмысын жылдам қанат жаюына себепші болып отыр.
Қазір әлеуметтік желіде фотографтар мен мобилографтар ең ауқымда аудиторияға ие.
Олардың қаралымы мен таралымы мыңдап саналады.
Әлеуметтік желідегі фотографтар: Олар- дың басты контенті – фотолары. Табиғат көріністерінен бастап, қарапайым адам өмірі- не дейінгі әрбір сәт фотографтар назарынан тыс қалмайды. Мәселен, инстаграмдағы jambay.kz, Владислав Воднев, Сұлтан Карма- нов, Нұрасыл Ержанов сияқты парақшалар- ды атауға болады. Сапалы әрі ерекше тәсіл- дермен түсірілген бейнелерде белгілі бір идея бар.
Қазақстандағы азаматтық журналистиканың әлеуметтік желідегі пәрменділігі
Видео блогерлер сапалы контент жаса- ушылардың алдыңғы қатарында. Себебі, олардың видеоларын халық жоғары бағалап, саралауда. Әсіресе бұл блогты видео жаса- ушылар Instagram әлеуметтік желісінде дамы- тып отыр. Олардың видеолары жаңа техноло- гия көмегімен түрлендіріп жасалғаны көрініп тұр. Өзінің білімі мен тәжірибесін көрермен- деріне ұсыну мақсатында түрлі курстарда ұйымдастыратын блогерлер де бар. Мәселен Қазақстандағы мобилографияның негізін салушының бірі Қыран Талапбектің инста- грамдағы парақшасы ерекше сұрасқа ие.
Сол сияқты музыкаға арналған парақ- шалар да көптеген жастардың сүйіктісі. Әр түрлі аспаптармен сүйемелдеп, каверлер жа- сайды. Осылайша олар жүз мыңнан астам қа- ралыммен өз блогтарын жүргізіп отыр. Олар кез келген әлеуметтік желілерде танымал.
Instagram, Ютуб, Tik Tok секілді желілерде парақшалары бар. Музыкалық туындыларды жанды дауыста айтып қана қоймай, әр түрлі идеяларды қосады. Тіпті, миллиондаған қара- лым жинап, танымал болып кеткен музыкант блогерлер көп. Жалпы әлеуметтік желі – өнер адамдары үшін жарнама мен пиардың нағыз таптырмас мінбері. Әлеуметтік желідегі ең көп қаралым жинайтын өнімдердің бірі – әзіл ретінде түсірілген видеолар. Мұндай өнім- дер адамдарды ойландырып, шаршатпайтын болғандықтан аудитория талғамастан тез та- ралады.
Әлеуметтік желі шығармашылық тұрғы- дан жақсы ізденіс үстінде. Өнер мен мәдени- етті, кейбір жаңа бағыттарды насихаттауда да таптырмас құрал. Қазіргі таңда әлеуметтік желідегі жақсы бір бағыт графикалық кескін- дермен безендірілген парақшалар. Бәрімізге белгілі пост жазу кезінде мәтінімен қоса оның әртүрлі жолдармен безендірілуі де маңызды.
Себебі бұл оқырманның оқуға деген ынтасын арттырып, қызығушылығын жоғарылатады.
Әлеуметтік желі контенті 3 типтік ақпараттан тұратын болса, соның бір бөлігі анимация, сурет, фото, карикатура т.б. бағытымен са- бақтас графикалық типі. Графикалық әдіспен блог жүргізу бүгінгі таңда жақсы қарқын алып келеді. Өз парақшаларын графикалық
безендіру жолдарымен әрлендіріп отырған Ғалым Смағұл, Әйгерім Кәрібаева, Нұрдәу- лет Шәріпханов бастаған графика дизайнер- лерін атауға болады. Ғалым Смағұл – кари- катура мен шарж салудың шебері. Ол кісінің қоғамдағы өзекті мәселеге қатысты салған графикасы аудитория тарапынан үнемі жоға- ры сұранысқа ие. Ал Әйгерім Кәрібаева бол- са, әлеуметтік желідегі парақшасын ұлттың болмысына сай стилде безендіреді. Халықтың салт дәстүрі болсын, жаңа технология болсын барлығын ұлттық болмысқа сай өрнектеп, әрлейді. Ал Нұрдәулет Шәріпханов бұрынғы өткен ұлт зиялыларының фотоларын қазір- гі заман талабына сай безендіреді. Мәселен өткен ғасыр басында өмір сүрген қайраткер- лердің жұмыс кабинетін, тұтыну бұйымда- рын, киімін барлығын да бүгінгі күн стилі- не сай әрлейді. Мұның барлығы әлеуметтік желінің өзіндік ізденісі, жаңаша бағыт алуы деп түсінуге болады.
Қорытынды
Біз бұл мақалада әлеуметтік желі мен аза- маттық журналистика саласын саралаған- да олардың ұсынып отырған өнімін медиа тұрғысынан бағалап, мән бергенімізді сөз ба- сында атап өткенбіз. Дегенмен де осы орайда атап өтетін бір мәселе әлеуеметтік желінің әлеуметтік мәні мен салмағы ерекше екенді- гін естен шығаруға болмайды. Мәселен пси- хология тақырыбындағы постлар ең жақсы қаралым жинайды. Ол постлар мен виде- одәрістердің көрермендері мен пікір жазушы- ларының саны көп. Олардың көбісі өздерінің жеке басына байланысты сауалдарға жауап іздейді. Психологтар мен психотерапевтің не- гізгі аудиториясы – әйелдер қауымы. Біз жүр- гізген сауалнамада әлеуметтік желідегілердің 55,6 пайызы әйел адамдар екені анықтал- ды. Мұндай дәрістер мен жазбалар көбінде бақытты болудың сыры, отбасы тұрақтылығы, тұрмысқа шығу, бала тәрбиесі, жетістікке тез жетудің амалы сияқты қазіргі қоғамның ең нәзік тақырыптарын қамтиды.
Қазір Қазақстанда әлеуметтік желі шығар- машылығы жан-жақты ізденіс үстінде. Мұн- дағы аудитория талғамы да күн сайын өсіп,
Б. Тоқтарбай, А. Жақсылық