BULLETIN OF NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
ISSN 1991-3494
Volume 6, Number 364 (2016), 126 – 131
Z. K. Ayupova1, D. U. Kussainov2
1Kazakh national agrarian university, Almaty, Kazakhstan,
2Kazakh national pedagogical university named after Abai, Almaty, Kazakhstan.
E-mail: [email protected]
TO THE PROBLEM OF THE SPIRITUAL BEGINNINGS,
лық бағыттары мəселесіне тоқталған. XX ғасыр ішінде қазақстан қоғамы бірнеше дəуірлерді басынан өткізіп, əлеуметтік-мəдени, саяси, экономикалық катаклизмаларға тап болды. Олар қоғамның жəне жеке адамның сана сезіміне түбегейлі өзгерістер əкелді. Қоғамдық өмірдің бардық деңгейлерінде болған өзгерістердің əсе- рінен қоғам өмірінде жаңа рухани құндылықтар жүйесі қалыптасып, адамдардың іс-əрекеттері өзгерді, осы- лардың барлығы білім жүйесінде де, оның мəнімен мазмұнында да өзгерістер жасау қажеттіктерін туындат- ты. Дегенмен де адамдар өміріндегі өзгерістер, олардың мүдделері қанша өзгерсе де, қоғамда дəстүрлі өзгер- мейтін құндылықтар да сақталды – ол білім алуға талпыну. Бұл құндылықтар қоғамдағы тұрақты құнды- лықтарға айналып, қанша өзгерістер болса да, халық үшін өз қажеттігін жоймаған, қоғамдағы ғылым мен техниканың жетістігі не деген талпыныс ретінде сақталды. Сондықтан да қоғамдағы көптеген теориялар, ғылыми бағыттар өз жетістіктерін білім философиясын дамытуға тікелей əсерледі. Бұл белгілі бір адамзат қоғамының даму кезеңіңде жинақталған тəжірибе мен білім өз жемісін педагогикалық процессті одан əрі қарай жұмсауға колданылды. Əрбір қоғамның материалдық жəне рухани мəдениетінің бастауларының жеміс ретінде осы жинақталған білім қазіргі қоғам үшін эвристикалық маңызға ие. Қазақстан Республикасының педагогикалық мұралары зазіргі қазақстан ғылымда қоғамыдық сананың құрамдас бөлігі ретінде қарастыры- лып қазақ халқының əлеуметтік құндылықтар жүйесін құрайды.
Түйін сөздер: білім жүйесі, діни мектептер, медресе, білім-байлық, білім беру жүйесіндегі басымдық- тар, «Болашак» бағдарламасы, қашықтықта оқыту, біліктілікті қалыптастыру, педагогикалық білім беру жүйесі, «Білім туралы» заң.
Қазақстан республикасындағы білім жүйесін одан əрі қарай жетілдіру мен қалыптастыру, еліміздің стратегиялық мəселелерінің біріне айналып отыр. Сондықтан да мемлекетімізді нығайту ісі білім беруді дұрыс бағытқа қоюмен тікелей байланысты. Бұл бағытта халқымыздың білімді азаматтары өз ойларын ашық айтуда «анахарсистен Абайға дейін шамамен екі мың бес жүз жыл...
Осы уақыт аралығы, - дейді академик Ғ. Есім, - ... халқымыздың мəдениетінің тарихи кеңістігі.
Жиырма бес ғасыр ішінде бірнеше ренессанстық жағдай міндетті түрде екі компоненттен тұрады.
Бірі - жаңа өркениеттік сапалық өзгеріске ұмтылу, екіншісі - алдағы өткен мəдени дəстүрді жаңар- ту, жаңалау. Демек, ренессанстық жағдайларда алдыңғы мəдени дəстүр мүлдем жойылмай, даму эволюциялық жолмен жүреді. Ренессанс дегеніміз мəдениеттің өзін-өзі өз ішкі даму заңдылық- тарына сəйкес жаңарып, жаңғырып отыруы. Ренессанс əлемде өтпелі дəуірлерде көрінеді. Ондай дəуірлер Ренессанстық тұлғаларды туғызады» [1].
М. Дулатовтың өзі айтқандай: «Басқа жұрттың алдында біз мақтанарлық артықшылығымыз бар десек, ол ескілікті халық əдебиетіміздің байлығы. Кемеңгер билер, кең ойлы ерлер, топ жарған шешен, ақын бізде болған. Тақпақсыз бізде сөз сөйленбеген. Өзге қара халықтардай біздің қазақ
«Ертеңні күннің қамы» үшін ер қашты болып қажымай, кең дүниеде қызық дəурен, ұлы дүбір, шаршы топта сөз бəйгесіне қогсылып, жүлде алған жұрт» [2].
Біздің ежелгі замандағы ата-бабаларымыз ұрпағына білім беру негізін бесікте жатқан кезінен бастап қалаған. Баласын өлең-жыр мен əңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы ұлттық тəлім-тəр- биенің негізімен сусындатқан. Оларға да сол кездерге сай табиғатқа табыну, ата-бабалардың əруа- ғына сыйыну тəн еді. Табиғат күштерін киелі рух деп ұғып, оларға құрнбан шалатын. Сондай-ақ күнге, отқа, айға, жұлдыздарға табынатын. Аспан шырақтары жыл қайырудың негізі саналды. Мал баққан көшпенділер көшіп-қону кезінде аспан денелерінің қозғалысын бақылай жүріп, ондағы белгілі заңдылықтарды өмірде пайдалана біліп, соларға қарап жолдарды, егін салу мерзімін бел- гіледі, əдіт-ғұрыптарды реттеп отырды. Сол кезде негізі қаланған салт-дəстүрлердің қанша ғасыр өтсе де өзгеріске түспей бізге де жеткенінің куəсіміз.
Көптеген діни мектептер (мұсылманық бастауыш орны) мен медреселер (діни жоғары оқу орындары) жұмыс істей бастағаны белгілі. Қазақстанда қанша мектеп пен медресе болғандығы туралы нақты мəлімет жоқ. Əйтсе де, Исфиджаб, Тараз, Отырар, түркістан, т.б. қалаларда ірі мед- реселердің болғаны мəлім. Мұсылманша сауат ашу ауыл-ауылдың бəрінде, елді мекендердің көпшілігінде болды. Ауыл мектептерінде молдалар ұстаздық еткен. Олардың еңбек ақысы халық- тан жиналды. Балалар оқуға 7 жастан бастап қабылданды. Оқу мерзімі - 4 жыл болды. Оқу ақысы заттай төленді. Жыл аяғында емтихан тапсырып, мектеп бітіргені үшін куəлік берілді. Сауат ашу жолы араб əріптері мен сөздерін жаттауға негізделген еді, Араб тілінде Құранның мəтіні жатқа оқытылатын. Медреселер (көбіне қалаларда болған) шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды дін қызметкерлері даярланған. Бұлар мұсылман рəсімін тарататын арнаулы оқу орны ғана емес мəдениет ошағы ретінде де қызмет атқарды. Талай атақты ақындар мен ағартушы-
демократтар осындай медреселерден білім алып шықты. Бұо оқу орындарында құдай жолын үйрететін пəндерден басқа заң, тарих, логика, риорика, география, философия, математика, астро- номия, медицина, т.б. пəндерді өтетін. Медресе жанында оқу залдары, кітапханалары болды, шəкірттер шығыс ойшылдарының туындыларымен танысты.
Халқымыздың «Оқу - оқу түбі тоқу», «Білімнен асар байлық жоқ», т.б. мақалдарынан табанды еңбекпен маңдай терді төгумен ғана миға қонатынын жақсы түсінгенін көреміз. «Оқу инемен құдық қазғандай», «Оқығаныңа мəз болма, тақығаныңа мəз бол», «Ғалым боп ешкім тумайды, жетіледі оқумен». Яғни оқу - адамның аса күрделі əрекетінің бірі, көп еңбектену арқылығана жан- жақты білімді адам бола алады дейді.
Қазақ халқында оқымыстылықтың пайдасы мен қуатының түсінікті болғандығысондай, олар мұғалім ұстап, хандардың өзі білім алуды жолға қойған. Жəңгір ханның басшылығымен Бөкей ханның ордасында мектеп ашылғанын тарихтан білеміз. Сабақ мектептерде əр жылдың күзінің (қазан айында) басында басталып, келесі жылдың маыр айында аяқталған. Əр жылдың желтоқсан айында мектепте емтиханға оқушылардың ата-аналары да қатыстырылған. Сол күні хан жəне басқа ақсүйектер мектепке жиналып, əртүрлі қызықты шаралар өткізген. Бұл - сол заманның өзінде біз- дің бабаларымыз ұрпағының білімді болуына атсалысқанының айғағаы. Бұдан отбас мен мектептің бірлікте балаға білім беру жолдарын пайдалана білгенін көреміз.
Қазақтың жас ұрпаққа білім беру мектебі ақын-жазушылар мен билердің өсиеттері, ғибрат- тары жəне халық мақал-мəтелдері, тыйым сөздері мен ұлттық салт-дəстүрлері, əдет-ғұрпы десек артық болмайды. Халықтың осы қағидалары шын мəнісінде жас ұрпақ түгіл ересек адамдарға да үлкен əсерін тигізіп, ұлттық сана-сезімін ояттып, тəлім-тəрбиелік, танымдық мектебіне айналды [2].
Дін дегеніміз – көзқарастар жүйесі мен іс-əрекеттер тізбегі жəне Алланың адамзат баласына салып берген қасиетті жолы. Діннің арқасында көкірегі ояуадамдардың баршасы да көздеген мақсаттарына жетуге мүмкіндік алады.
Дін негізінен екі бөлімнен тұрады. Олар: көзқарастарды қалыптастыру жəне адам қылықтарын айқындау. Қалыптасқан көзқарастардың алғашқы түрі дінге екіге бөлінеді. Оның алғашқысының көмегімен діннің мəн-мағынасын білдіру мен дəлелдеуге қол жеткізсек, ал екіншісінің көмегімен дін жолын қуушылардың қылықтарын айұындауға мүмкіндік аламыз.Ізгілікті дін арқылы айқын- далған көзқарастар ақиқат тəрізді немесе нағыз ақиқат екендігі даусыз. Ал ақиқат дегеніміздің өзі əр адамның білімділігі мен табиғи қасиеттерінің арқасында көз жеткізген өмір шындықтары болып табылады. Шын мəнісіндегі табиғи қасиеттеріне де, өмірден алған біліміне де сенімсіздік таныту- шылық жағдайына түсіп, көзқарастардың алғашқы түрімен қаруланбаған кез келген дін сияқты, көзқарастардың дəл осы сипатындағы екі түріндегі қасиеттерден алшақтық танытқан дін де адасу- шылық пен қателіктерге бой ұрады. Ізгілікті дін философия тəрізді теориялық жəне тəжірибелеік болып екіге бөлінеді.
Ойшылдық теориялық философия дегеніміз - адамның танып білген, бірақ толық жүзеге асыра алмағандары болып табылады.
Ал тəжірибелік философияны адамның танып-білуі арқылы ойдағыдай жүзеге асырған игі мұраттары.
Діннің тəжірибелік бөлімі толығымен тəжірибелік философияның құрамына кіреді. Осыдан дін саласында тəжірибелік сипат туындайды. Оның басты қасиеті - тəжірибе арқылы айқындалып, белгілі бір тұрпатқа ие болған тұтастық болып саналады. Алдын ала болжанған істерге басшылық жасау айқындалмаған істерге қарағанда, мағыналы болғандығы ақиқат. Бұл жағдай «жай адамға»
қарағанда білімді «жазғаш адамның» мəндірек болатыны сияқты. Демек, ізгілікті шариғаттар (қағидалар) тəжірибелік философияның құрамына кіріп, оның тұтастығын ойдағыдай қамтамасыз етіп отырады.
Демек дінде құрайтын екі бөлім де философиядан алынған. Олай болса,ғылымның саласы немесе ғылымнан алынған белгілі бір нəрсе жайында сөз болғанда, оның екі түрінің қалыптас- қандығын аңғарамыз.
Діннің қағидаларын танып-біле отырып, оны жан-дүниесімен қабылдаған адамдардың көп- шілігі өзінің дінге берілгендігі мен табиғи көңіл-күй жағдайына сай діни ұстанымдар ұсынып, белгілеген қағидаларды мүлтіксіз орындайды жəне өз жағдайына байланысты атақ-даңқ пен мол- шылықтың қадір-қасиетін білетіндер де осы көшке қосылады.
Ізгілікті діннің көзқарастарын анықтап жəне оларды тексеруге болмайды, өйткені ізгілікті діннің өзі де табиғатына сай ізгілікті қағидаларды өз бойына сіңіре де біледі. Дəл осылай ойлаған əрбір адам заңдардың тамаша білгірі болып саналады.
Жоғары білімді дамыту стратегиясының міндеттері мен мақсаттарына Республика Президенті Н. Ə. Назарбаев отандастарына арнаған Үндеуінде Қазақстанның жоғары мектебі жоғары білімнің алғашқы ұлттық моделін құру мақсатында ауқымды реформалауды жүзеге асырған жағдайлардың төтенше күрделілігін атап көрсетті: «Білім жүйесі бүнінде орасан зор қиындықтарды жеңе отырып, жұмыс істеуде. Ашық айтайын: Президент, Үкімет, барлық деңгейдегі білім басқару органдары қол қусырып отырған жоқ, білімнің Стратегия арнасында дамуына қуатты серпін беру үшін қолдан келгеннің бəрін істеуде» [3].
Республика басшылығының Қазақстан Республикасы Конституциясының аса маңызды қағидаларын жүзеге асыру жолдарын іздестіруінің дəлелі - «Мемлекет білім жүйесінің басым дамуына кепілдік береді» – еліміз егемендік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» (1993 ж.), «Жоғары білім туралы» (1995 ж.) алғашқы Заңдары, одан кейінгі 1997- 2002 жылдарға арналған Орта білім жүйесін мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім бағдарламасы (1995 ж.), Парламентте қабылдау үшін кеңінен талқыланған «Білім туралы» жаңа Заң жобасы - жəне, ең ақырында, «Білім туралы» Заң Жобасының актуальдығы жөнінен теңдесі жоқ 51-баптың мазмұны («Сапасыз білімнің келтірген зиянын өтеу»). Бұл бап бірінші рет оқу орындарына білімнің сапасы үшін жауаптылықты норма- тивтік түрде бекітуді мақсат етеді. Дүниежүзілік білім жүйесін қамтыған ғаламдық дағдарыс Қазақстанға да əсер етпей қоған жоқ. Қазір ХХ ғасырдың мəресіндегі геосаяси болмыстар негізінде білімді реформалау қажеттігі алға қойылуда. Мəселен, БҰҰ-ның мағлұматтары бойынша, Қазақ- стан Республикасы 1997 жылы адамзат дамуының индексі жөнінен 93-орын алды, ал 1991 жылы БҰҰ-ның 148 мүшесі арасында 61 орында болатын.
Қазақстанның жоғары білім жүйесі үшін мынадай айқындық енгізу керек: Батыс пен Шығыс- тың барынша дамыған елдеріндегі білім дағдарысы тез өзгеріп жатқан технология саласындағы бəсекемен байланысты болса - ол «ақпараттық артық өндіріс» деп аталған, - онда Қазақстан үшін білім дағдарысы индустриялық дəуірге дейінгі кезеңге мəжбүрлі шегіну қаупін немесе шикізат өндіруші, нашар дамыған қоғамның мəңгі мəртебесін иеленуді білдіреді.
Бүгінде Қазақстандағы жоғары білім елдің Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030»
Стратегиясында анықтап бергендей, басты ұлттық басымдықтардың бірі ретінде жауапты міндет атқарады. Нақ жоғары білім ғана мəдениет түзуші, интеграциялаушы міндеті арқылы, білімнің сапасы, аумақтығы мен гумандығы арқылы Қазақстанның өмір сүруын, ұлттық қауіпсіздігі мен гүлденуін қамтамасық етуі тиіс.
Қазақстанда жоғары білімді дамыту стратегиясы оны орнықты дамыту, білімді аумақтандыру, үздіксіз білім беру, реформалар процесінің үздіксіздігі, əлеуметтік даму барысын болжау мүмкін- діктері, мəдениетті, тұрмыс салтының өзгешеліктері мен құндылықтарды сақтау, бейбітшілік ісіне, аданың бостандығына, құқығына үлес қосу, əлеуметтік жəне этикалық ынтымақтастық концепция- лары негізінде құрылады. Мұнда теңдікке, əділеттікке, ынтымақтастық пен еркіндікке негізделген бейбітшілікті нығайтуға, дамытуға басты назар аударылады.
Біздің мемлекетіміз болашақ ұрпақты дүние жүзінің таңдаулы университеттерінде даярлау ісіне зор көңіл бөлуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаев студенттерді АҚШ-та, Англия, Германия мен Францияда оқыту үшін əрқайсысына стипендия тағайындады.
Шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілген алғашқы студенттің бəрі бірдей жоғары сенімді ақтамаса да, өзге де ұйымдастыру кемшіліктері кездесті. ТМД мемлекеттерінің бірде біреуі өз аза- маттарының шетелдерде оқуына мұндай көп қаржы босатпағаны айқын факт. «Болашақ» бағдар- ламасын жүзеге асырудың нормативтік-құқықтық базасы жетілдірілуде. 1997 жылы жаңа ереже бойынша 88 степендиат іріктеліп алынды.
Коммуникациялар мен байланыс жүйелерінің дамуына қарай дистанциялық оқыту формасы барған сайын зор маңызға ие болып, халықтың қалың бұқарасының жоғары білім алу мүмкіндігін кеңейтеді. Бұған қоса, дистанциялық оқыту формасы білім қызметін пайдаланушылардың, сондай- ақ оны ұстанушылардың дүниежүзілік білім кеңістігіне шығуының нақты жолдарының бірі болып табыларды. Сондықтан дистанциялық оқытудың тамаша болашағы бар, қазірдің өзінде Білім, мəдениет жəне денсаулық сақтай министрлігі оқытудың бұл формасын дамыту шараларын қол- дануда.
Қазақстандық білім жүйесінінң жүниежүзілік білім беру рыногына шыға бастауы білім туралы біздің құжаттарымызды шетелдерде жəне шетелдік осындай құжаттарды біздің елімізде тану жөніндегі жұмыстарды өрістетуді актуальды ете түседі. Қазақстан Республикасы өкілдерінің Лис- сабон Конференциясына қатысуы жəне ресми емес жағдайда «Лиссабон тану конференциясы» деп аталатын «Еуропа аймағында жоғары білім саласындағы біліктілікті тану туралы» Конвенцияға қол қоюы осы əрекеттің жүзеге асуына жəрдемдесуі тиіс. Бұл жағдайда атаудағы «біліктілік» тер- мині жоғары білім арқылы алынған біліктілікті жəне жоғары білім алуға жол ашатын біліктілікті білдіреді.
Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы Республика Конституциясы- ның қағидаларына, ел Президентінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» Жолдауына, ЮНЕСКО- ның, ОЭСР-дің халықаралық білім саясатының материалдарына жəне т.с.с. негізделеді.Аталған құжаттарға сəйкес Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мемлекеттің ұзақ мерзімдік ба- сымдықтары арасында ерекше орын алады жəне ол шын мəнінде ұлттық қауіпсіздік проблемасы болып табылады.
Жоғары білім мемлекет қызметінің барлық жақтарына - экономикалық, əскери, экологиялық, технологиялық, мəдение, басқару жəне басқа салаларына түгел дерлік ықпал етеді.
Рухани өндірістің аса маңызды бұл саласы қоғамның қызмет етуінің интеллектуалдық жəне экономикалық базасын құрайды. Ол мəдениетті сақтаудың жəне оны болашақ ұрпаққа жеткізудің басты құралы болып табылады.
Н. Ə. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мың- жылдыққа, қашық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айтты: «Біз өзіміздің болашағымызды жəне балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетінөз дамуы- мыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге жəне ұғынуға тиіспіз [4].
Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң-бұры- лысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды зая кетіруден сақ- тандырамыз».
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырым- дамасы мен Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында айқындалған еліміздегі білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттары бүгінгі күні əлем- дік бəсекеге қабілетті жас ұрпақты қалыптастыруға бағытталған. Педагогикалық білім беру жүйе- сінің сапалы болуы оның ХХІ ғасырдағы жедел жаңғырулар талаптарына сай басқару əдістерінің тиімділігіне тікелей байланысты.Бүгінгі білім беру үрдісі қарыштап дамуда, оның жылдан-жылға үдеп, басқару үрдісінің алдында келе жатқанын да мойындап отырмыз.
Бүгінгі тəуелсіз мемлекетіміздегі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойын- да ұлттық сана мен халықтың психологиясы қалыптасқан ұрпақ тəрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, орта жəне жоғарғы білім беру ошақтары мен барша халықтың міндеті. Бұл процес- тің стратегиялық негіздері Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың халықтық жол- дауындағы «Қазақстан-2030» стратегиясында; (1997 ж.) Қазақстан Республикасының «Білім ту- ралы» заңында (1999 ж.): - Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық мəдениетіміз бен халық педагогикасының негіздерінде, əрбір жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау, - деп көрсетілген. Осы тұжырымдарды Білім жəне Ғылым қызметкерлерінің ІІ-ші съезіне (2001 ж.) қатысушылар алдында сөйлеген Президент: - «Білім беру ісіндегі рухани дəстүрлерді сақтап, жаңаша жетілдіріп дамыта беру керек. Бұл жүйедегі оқыту мен тəрбиелеудің бірлігі үзіліп қалды.
Сіздер мен біздер тек болашақ буындарды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мəне мен маңызын түсінетін, жаны да, тəні де таза білімді азаматтар тəрбиелеуге міндеттіміз. Олардың отаншылдық сезімдерін тəрбиелеуге, білім берудің мектепке дейінгі жүйесі мен жоғарғы оқу аралықтарын үндестіре ұйымдастыру көкейтесті мəселе болып табылады», - деп атап көрсеткен еді. Қазақстанның ХХІ ғасырдағы болашағы көп жағдайда оның құрамдас бөлшектерінің дұрыс тепе-теңдікті ұстап, тұрақты, ілгері дамып отыруына байланысты болады.
Қорыта айтқанда, соңғы жылдары елдің рухани өмірін зерттеуге ерекше ден қойыла бастады, себебі оның тіршілік ету ортасында мəдени кескіндердің сан алуан белгілерін, дəстүршілдік пен
жаңашылдықтың өзара əсерінен туған жаңа дүниелерді кездестіруге болады. Қоғамдық сана-сезім мен қоғамдық тіршілікте үнемі қайта туып, жалғасын тауып отыратын мəдениеттің осы бір бөлігін дəстүр деп түсінеміз, ал жаңашылдық деп мəдениеттің жаңа түрлері мен əлемдік мəдениет қорынан алынған жеке, əлде дайын кешенді дəстүрлерді айтамыз. Сондықтан да, білім беру саясатында, қазіргі Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған сабақтастық мəселелері басты рөль атқа- рады, себебі қазақ елінде білім беру бағытында жиналған бай тəжірибе қазіргі индустриалды инновациялық экономиканы қалыптастыруға тікелей қызмет етуі тиіс.
ƏДЕБИЕТ [1] Есімов Ғ. Хакім Абай. – Алматы, 1994. – 2004 б.
[2] Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жиынтығы. – ІІІ т. – Алматы: Мектеп, 2003. – 400 б.
[3] Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы». – 27 шілде 2007. – Алматы, ЮРИСТ, 2008.
[4] Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. – 15 қараша 2015 http://www.akorda.kz/
REFERENCES [1] Esimov G. Аbai Khakim. Аlmaty, 1994. 31 p. (in Kaz.).
[2] Dulatuly М. Compositions in V volumes. Vol. ІІІ. Аlmaty: Меktep, 2003. 400 p. (in Kaz.).
[3] Law of the Republic of Kazakhstan “About education”. 27 July 2007. Аlmaty: JURIST, 2008 (in Kaz.).
[4] «Kazakhstan in new global reality: growth, reforms, development». Message of the Psresident of the Republic of Kazakhstan to the people of Kazakhstan. November 15, 2015 http://www.akorda.kz/ (in Kaz.).
З. К. Аюпова1, Д. У. Кусаинов2
1КазНАУ, кафедра права, Алматы, Казахстан,
2КазНПУ им.Абая, общеуниверситетская кафедра политологии и социально-философских дисциплин, Алматы, Казахстан
К ПРОБЛЕМЕ ДУХОВНЫХ НАЧАЛ И СОЦИАЛЬНО-ФИЛОСОФСКИХ НАПРАВЛЕНИЯХ КАЗАХСТАНСКОЙ СИСТЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ
Аннотация. Проведение социально-философского анализа приоритетов развития философии образова- ния, прежде всего, нуждается в изучении проблемы духовных начал и социально-философских направлениях казахстанской системы образования. Поэтому авторы изучают основную тенденцию истории развития и формирования политики государства в области образования. Для полного и всестороннего раскрытия данной проблемы они глубоко исследовали законодательные основы реформы в системе образования. Казахстанское общество пережило за период XX века три эпохи социально-культурных, политических, экономических ка- таклизмов, сопровождавшихся переломом общественных форм организации, кардинальными изменениями в личном и коллективном сознании. Вследствие социальных изменений всех уровней общественных связей произошло формирование новых систем ценностей и форм поведения, которое коренным образом повлияло на сущность и содержание процесса образования. Несмотря на столь разительные перемены в образе жизни людей, их интересов, ожиданий и установок, существует категория понятий традиционного характера.
Элементы устойчивых, стереотипных, повторяющихся связей и отношений формируют уникальность каж- дого общества, каждой социальной единицы. Существует множество теорий, объясняющих те или иные про- цессы в жизни общества с точки зрения той или иной науки, которые непосредственно относятся и к филосо- фии образования. Эти знания складываются из опыта, накопленного в определенный период развития че- ловеческого общества, а затем науки и педагогического процесса. Отражаясь в источниках материальной и духовной культуры каждого общества, эти знания порой имеют эвристическое значение для современной эпохи. Формирование и развитие педагогической мысли Казахстана рассматривалось в казахстанской науке в контексте со специфическими формами общественного и социального бытия, мировоззрения, систем со- циальных ценностей казахского народа.
Ключевые слова: система образования, религиозные школы, медресе, знания-богатство, приоритеты в системе образования, программа «Болашак», дистанционное обучение, формирование компетентности, сис- тема педагогического образования, закон «Об образовании».
Сведения об авторах:
Ayupova Z.K. – Doctor of juridical sciences, professor, chair of law, Kazakh national agrarian university, Almaty, Kazakhstan
Kussainov D.U. – Doctor of philosophy sciences, professor, interuniversity chair of politology and socio-philo- sophy disciplines, Kazakh national pedagogical university named after Abai, Kazakhstan, Almaty
BULLETIN OF NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
ISSN 1991-3494
Volume 6, Number 364 (2016), 132 – 144
O. V. Zhirnova, B. T. Imanbek, A. Zh. Toigozhinova, A. E. Ikhsan, T. S. Turikanov, A. Orazalin Kazakh National Research Technical University after named K. I. Satpaev, Almaty, Kazakhstan.
E-mail: [email protected]