КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ МЕН НЫСАНДАРЫ
7.10. Қазақстанда кәсіпкерлік қызметке қатысушылар
107
нысандарынан ӛте ерекшеленеді әрі оның экономикада жетекші рӛл атқаратын артықшылықтарды қамтамасыз етеді. Біріншіден, мүлік жауапкершілігін шектеу халықтың кең топтарын инвестициялауға тартуға, қомақты капиталды жылдам орталықтандыруға мүмкіндік берді.
Сонымен бірге тәуекелдің тӛмендеуі кәсіпкерліктің жаңашылдық функциясының жандануына ықпал етті. Екіншіден, басқарудың меншіктен жеке бӛлектенуі корпорацияның құрылтайшылар мен қатысушылардан тәуелсіз тіршілік ететін шаруашылық құрылым ретінде орнығуын қамтамасыз етті. Үшіншіден, бағалы қағаздардың дамыған нарығы жағдайында акцияларды сату- сатып алу арқылы үлестік қатысудың кедергісіз жылжуы тағы да бір айта кетерлік артықшылықты – жоғары ӛтімділікті, яғни инвестицияланған қаражатты инвесторлар үшін тартымды болып табылатын ақшалай нысанға жылдам айналдыру мүмкіндігін береді.
Кез келген басқа нысан сияқты корпорацияның да кемшілігі жоқ емес. Осы орайда кәсіпкерліктің осы нысанын ресімдеп, тіркеуде туындайтын әрі едәуір күш-жігер мен қаражатты қажет ететін ұйымдастыру қиындықтары туралы айтпай кетпей болмайды. Сонымен бірге корпорация құрудың тәртібі қатаң реттеледі және оған белгіленген шектеулер қосылған.
Корпоративтік ұйым нысанының елеулі кемшілігі ретінде алдымен корпорацияның пайдасына, содан кейін акционерлердің дивидендіне қосарланған салық салумен байланысты туындайтын артық салық ауыртпалығын атауға болады. Ашықтықты талап етіп, қаржылық жай-күй туралы жыл сайынғы есепті міндетті түрде жариялаудың салдарынан корпорациялар бәсекелестер үшін оңай олжаға айналады, сонымен бірге акционерлердің талаптарын қанағаттандырып, сондай-ақ басқарушыларды инвесторларды тарту үшін қысқа мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге ынталандырады.
Алайда корпоративтік кәсіпкерлік нысаны үшін ең ӛткір проблеманың бірі – акционерлер мен басқарушылардың ӛзара қарым-қатынас жасауының қиындығы.
Корпорацияның акционерлері ӛздеріне заң жүзінде тиесілі оларды ӛте сирек басқарады. Әдетте олардың басқарушылық ықпалы басқарушы органдарды сайлаумен және экономикалық стратегияны әзірлеуге қатысуымен шектеледі. Алайда іс жүзінде акцияларды ұстаушылардың басқарушыларға ықпал етуге ықтимал мүмкіндіктері ақпараттың, сондай-ақ біліктіліктің жетіспеуімен шектеледі. Сондықтан акционерлер басшылықтың ұсыныстарын қолдауға бейім болады, сол себептен нақты билік корпорацияны күнделікті басқару тізгіні басқарушылардың қолында болады.
Корпоратитік бірлестіктер әр түрлі нысанда болады. Олардың ішінен акция мен облигация сияқты бағалы қағаздарды шығару арқылы капиталды жұмылдыратын акционерлік қоғам нысаны кӛп тараған. Акцияларды ұстаушылар ортақ иеленуші болып табылады және табысқа қатысты ешқандай кепілдігі болмаса да басқаруға құқығы болады. Облигацияларды ұстаушылар белгіленген табыс ала отырып, кредитордың рӛлін атқарады және басқаруға қатыспайды.
Акционерлік қоғамның бағалы қағаздары ашық нарықта еркін айналыста болуы оның басты ерекшелігі болып табылады.
Корпоративтік ұйымның екінші түріне корпорация мен әріптестіктің белгілері үйлескен S- корпорациялар жатады. Акционерлік қоғамда сияқты S-корпорацияның акцияларын ұстаушыларының да жауапкершілігі шектеулі болады. Алайда акционерлік қоғаммен салыстырғанда S-корпорацияға қатысушылардың саны заңмен шектеледі, ал ұйымның ерекшеліктіріне байланысты қосарланған салық салынбайды. Сондай-ақ кәсіби белгі бойынша біріккен заңгерлердің, медицина қызметкерлерінің және т.б. жабық үлгідегі акционерлік қоғамның ерекше түрі ретінде жұмыс істейтін бірлестіктер ретіндегі кәсіби корпорациялар кең тарады. Бүкіл корпорацияланған қауымдастықты реттейтін нысан ретінде жұмыс істейтін әрі басқа корпорациялардың акцияларын ұстаушы холдингтер корпоративтік ұйымның жоғары деңгейіне жатады.
108
ерекшеліктерін білдіретін нақты шаруашылық-құқықтық нысандар жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында шаруашылық-құқықтық нысандардың құрылымы ҚР Аза-маттық кодексінде белгіленген. Онда кәсіпкерлік қызметке барлық қатысушылар мәртебесі бойынша – жеке және заңды тұлғаларға, қызметінің мақсаты бойынша – коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға бӛлінген.
Жеке және заңды тҧлғалар. Жеке тұлғаларға заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, ӛзінің мүлкімен жауап беретін азаматтар жатады. Оларға жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жатады.
Заңды тұлғаларға жеке мүлкі, дербес балансы бар, мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алатын және ӛздерінің міндеттемелеріне қатысты ӛзінің мүлкімен жауап беретін жеке азаматтар құратын да ұйымдар жатады.
Заңды тұлғалар біріншіден, қызмет мақсаты бойынша коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға бӛлінеді. Екіншіден, олар құрылтайшылардың заңды тұлғаның мүлкіне қатысты ӛкілеттігінің сипаты бойынша сараланады. Бір топқа заңды тұлға болып табылатын, оларға қатысушылардың заңда және құрылтай шартында белгіленген міндетті құқықтары бар шаруашылық бірлестіктер мен қоғамдар, ӛндірістік және тұтынушылар кооперативтері кіреді.
Заңды тұлғалардың екінші тобына қатысушылар оның мүлкіне меншік құқығы бар біртұтас кәсіпорындар мен мекеменің меншік иесі қаржыландыратын кәсіпорындар кіреді. Үшінші топқа (қоғамдық және діни ұйымдар, қайырымдылық қорлары, заңды тұлғалардың одақтары мен қауымдастықтары) қатысушылар мүліктік құқықтары мен міндеттемелері жоқ ұйымдарды құрайды. Үшіншіден, заңды тұлғалар ұйымның ерекшелігіне байланысты бірқатар түр нысандарына бӛлінеді.
Коммерциялық ҧйымдар. Коммерциялық ұйым деп ӛзінің қызметінде пайда алу негізгі мақсат ретінде қоятын кәсіпкерлік құрылым аталады. Коммерциялық ұйымға шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар, біртұтас кәсіпорындар мен ӛндірістік кооперативтер жатады.
Коммерциялық ұйымдар ҚР Азаматтық кодексінде кӛзделген құқықтық нысанда ғана құрылуы мүмкін.
Шаруашылық серіктестіктері мен қоғамдар коммерциялық құрылымның ең кӛп тараған нысаны болып табылады. Оларды азаматтар, заңды тұлғалар мен мекемелер ӛздерінің меншік иесінің рұқсатымен құра алады. Заңнамада тек мемлекеттік және муниципалдық органдарға шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдарға қатысуға тыйым салынады. Коммерциялық ұйымдардың басты ерекшелігі ретінде капиталға үлестік қатысу мен құрылтайшылардың қаражатының есебінен құрылған және қызмет процесінде сатып алынған бүкіл мүлік қа-тысушыларға меншік құқығымен тиесілі болуын атауға болады. Коммерциялық ұйымның қатысушылардың жиналысының айрықша құқығы бар жоғарғы басқару органы болып табылады.
Осы нысандар салымшылар біріктірілген нысан бойынша ерекшеленеді. Серіктестік деп мүше болу және капиталды біріктіру негізінде құрылған құрылым аталады, ал қоғам тек капиталды біріктіру негізінде құрылады. Осы ресми емес айырмашылық бір жағынан, құрылтайшылардың шаруашылық жауапкершілігінің дәрежесіне, ал екінші жағынан – құрылған кәсіпкерлік құрылыммен жасалатын ӛзара қатынастардың сипатына байланысты. Серіктестіктің құрылтайшылары оның міндеттемелері бойынша толық бірлескен жауапкершілікте болады, ал қоғамға қатысушылардың шаруашылық тәуекелі олардың салымымен шектеледі. Серіктестікте құрылтайшылар оның қызметі мен басқаруға тікелей қатысады, ал қоғам мен оның құрылтайшыларының ӛзара қарым-қатынастары азаматтық құқықтық қатынастардың, яғни азаматтық шарттың негізінде құрылады.
Шаруашылық серіктестіктер толымды шаруашылық серіктестіктер мен сенімге негізделген серіктестік нысанында құрылады.
Толымды шаруашылық серіктестік (ТШС) – серіктестіктің міндеттемелері бойынша бүкіл ӛзінің мүлкімен толық жауап беретін қатысушылардың шектеулі саны бар, үлестік меншікке негізделген жабық үлгідегі бірлестік. ТШС-ті кем дегенде екі адам құра алады; жұмыс істейтін серіктестікте бір ғана қатысушы қалғанда ол таратылуы немесе басқа нысан болып қайта құрылуы тиіс.
Серіктестіктің қызметі, сондай-ақ оған әрбір қатысушының ӛкілеттігі құрылтай шартында реттеледі. ТШС қызметі ортақ келісім бойынша басқарылады. Мұның ӛзінде қатысушылар істі бірлесіп, жалпы дауыс беру арқылы шешім қабылдап, сондай-ақ істі оған жекелеген қатысушыларға жүктеу арқылы жүргізуі мүмкін. Серіктестіктің пайдасы мен залалы оған қатысушылардың арасында қойма капиталындағы олардың үлесіне барабар бӛлінеді, ал ТШС-ке
109
қатысушылардың шаруашылық жауапкершілігі ӛте жоғары дәрежеде болады. Олар толық субсидиарлық, яғни бүкіл ӛзінің мүлкімен ӛзара жауап береді.
Сенімге негізделген серіктестік (коммандиттік) – серіктестіктің міндеттемелері бойынша толық мүліктік жауап беретін қатысушылар, сондай-ақ жауапкершілігі енгізілген салымының мӛлшерімен анықталатын салымшылар кіретін жабық үлгідегі бірлестік.
Сенімге негізделген серіктестіктің айта кетерлік айырмашылығы құрылтайшылар-толымды жолдастар мен салымшылардың арасындағы шаруашылық жауапкершілік дәрежесімен, сондай-ақ осы айырмашылықтан туындайтын олардың құқыққа қабілеттілігімен анықталады. Толымды жолдаспен салыстырғанда салымшылар серіктестікті білдіре алмайды, олар серіктестіктің қызметін басқаруға қатыспайды, тіпті толымды жолдастардың істі жүргізу жӛніндегі іс- қи-мылымен келіспеуге құқықсыз. Алайда серіктестік таратылған жағдайда салымшылар толымды жолдастарға қарағанда серіктестік мүлкінен ӛз салымдарын қайтаруға артық құқығы болады.
Шаруашылық серіктестіктер «жауапкершілігі шектеулі қоғам», «қосымша жауапкершілігі бар қоғам» және «акционерлік қоғам» түрінде құрылуы мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі қоғам – қоғамның міндеттемелері бойынша мүлікпен жауап бермейтін қатысушылардың шектеулі санының капиталын біріктіруге негізделген кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысаны.
Жауапкершілігі шектеулі қоғамды бір немесе бірнеше қатысушы құра алады, олардың саны заңда белгіленген шектен аспауға тиіс. Осы үлгідегі қоғам ӛз қызметінде қоғамды ұйымдастыру мен басқарудың негізгі ережелері жазылған және құрылтайшылар қол қойған Құрылтай шарты мен олар бекіткен Жарғыны басшылыққа алады. Қоғамның активтері құрылтайшылардың салымының есебінен қалыптастырылады.
Қоғамды құрылтайшылар жалпы жиналыс пен ӛздері құратын атқарушы орган арқылы басқарады. Жалпы жиналыстың Жарғыны, жарғылық қордың мӛлшерін ӛзгерту мен қаржылық есептілікті бекітуге қатысты айрықша ӛкілеттігі болады. Қоғамның қызметін ағымдағы басшылықты атқарушы орган арқылы құрылтайшылардың жалпы жиналысында қабылданған шешімге байланысты алқа арқылы немесе жеке адам жүзеге асырады. Атқарушы орган ӛз қызметінде Жарғының және шаруашылық заңнамасының ережелерін басшылыққа алады.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғам – ӛздеріне қоғамның міндеттемелері бойынша ӛздері белгілеген қосымша мүліктік жауапкершілік қабылдайтын қатысушылардың шектеулі санының капиталын біріктіруге негізделген кәсіп-керлікті ұйымдастыру нысаны.
Жауапкершілігі шектеулі қоғам қатысында берілген барлық сипаттамаларды қосымша жауапкершілігі бар қоғамға қатысты толық шамада қолдануға болады. Тек қатысушылардың мүліктік жауапкершілігінің мӛлшері қатысында олардың тәуекелі енгізілген салымның мӛлшерімен шектелмейді және қоғамның қаражаты кредиторлар алдындағы оның міндеттемелерін орындау үшін жетіспеген жағдайда, жетіспейтін қаражатты қатысушылар ӛздері салған салымның есесіне тең мӛлшерде енгізеді.
Акционерлік қоғам (АҚ) – акциялар эмиссиясы арқылы капиталды біріктіру негізінде құрылатын құрылым. АҚ-ға қатысушылар ӛздері сатып алған қоғамның бағалы қағазының құнының мӛлшерін қоспағанда оның міндеттемелері бойынша мүліктік жауапкершілікте болмайды.
Акционерлік қоғам құру үшін оның құрылтайшылары арасында шарт жасалады, ал АҚ құру процесі акционерлік қоғамдар туралы заңда реттеледі. Акционерлік қоғам жекешелендірілетін кәсіпорындардың негізінде құрылғанда оны құру тәртібі жекешелендіру туралы заңнамада реттеледі.
АҚ-ның айта кетерлік ерекшелігі оның капиталының қатысушылардың арасында бӛлінетін белгіленген акциялар санына бӛлінеді, сӛйтсе де АҚ-ды оның бүкіл акциялар пакетін ұстайтын бір адам құра алады.
АҚ тіркелгенге дейін оның міндеттемелері бойынша құрылтайшылар жауап береді, алайда кейін АҚ заңды тұлғаның құқықтарын алғаннан кейін ӛзінің құрылтайшыларынан толық тәуелсіз шаруашылық субъектісі және бүкіл ӛзінің мүлкінің жеке-дара меншік иесіне айналады. Осы тұрғыдан алып қарағанда АҚ үлестік меншік нысаны емес, ал оның акционерлері АҚ мүлкінің меншік иелері болмайды. Акционерлер басқаруға қатысып, белгіленген табысты алуға ғана құқылы болады.
АҚ айрықша ӛкілеттігі бар акционерлердің жалпы жиналысы және ағымдағы басшылықты жүзеге асыратын тікелей басқарушы орган да, сондай-ақ Директорлар кеңесі немесе акционерлердің саны елуден асса, онда Қадағалау кеңесі сияқты атқарушы органдары арқылы
110
басқарылады. Мұның ӛзінде АҚ атқарушы органдарының ӛкілеттігі мен шешім қабылдау тәртібі қоғамның жарғысында ғана емес, сонымен бірге акционерлік қоғамдар туралы заңнамада реттеледі.
АҚ акциялары айналысының ерекшелігіне байланысты олар ашық және жабық үлгідегі АҚ-ға бӛлінеді. Қатысушылары ӛздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз шеттете алатын акционерлік қоғам ашық АҚ болып саналады және оның акциялары еркін саудаға түсіп, бағалы қағаздар нарығында айналады; жабық үлгідегі акционерлік қоғамның акциялары қоғам- ның құрылтайшыларының арасында ғана таратылады және оларды шеттету тәртібі АҚ жарғысының ережелерінде реттеледі. Ашық АҚ-дай емес жабық АҚ қатысушылар саны заңнамамен шектеледі.
АҚ жалпы жиналыстың шешімі бойынша ерікті негізде немесе заңнамада белгіленген тәртіппен таратылуы мүмкін. АҚ-ды жауапкершілігі шектеулі қоғам немесе ӛндірістік кооператив ретінде қайта құруға болады.
Ӛндірістік кооператив (артель) – жеке қатысу арқылы шаруашылық қызметті бірлесіп жүргізу үшін құрылған азаматтардың мүшелігіне негізделген ерікті бірлестік.
Артельді бес адамнан кем емес азаматтар құра алады, мұның ӛзінде олардың ешқайсысы да басқа осындай кооперативке қатыса алмайды. Артельге жеке тұлғалар қатысуға тиіс болса да, кооперативтің Жарғысында кӛрсетілген жағдайда оған заңды тұлғалардың қатысуына жол беріледі.
Кооперативтің активтері қатысушылардың ақшалай және мүліктік жарна-ларының есебінен құрылады. Кооперативтің үлестерге бӛлінген меншігі үлестік меншік болып табылады және артельдің әрбір мүшесі ӛзіне тиесілі ақшалай нысандағы үлесті, сонымен бірге кооператив мүлкінің бӛлігін алуға құқылы.
Кооперативтік нысанда барлық мүшелердің басқаруға қатысуы қарастырылады. Артельдің әрбір мүшесінің үлестің мӛлшеріне қарамастан бір ғана дауысы болады. Ӛндірістік кооперативті оның мүшелері тікелей басқарады және Басқарма немесе Кеңес солардың қатарынан құрылады.
Біртҧтас кәсіпорын – заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін коммерциялық ұйым, оның мүлкіне меншік құқығы кәсіпорын құрылтайшысының атына бекітіледі.
Біртұтас кәсіпорынның меншігі бір адамның атына жазылады. Біртұтас кәсіпорынның мүлкі үлеске, пайға бӛлінбейді немесе акцияға айналдырылмайды. Біртұтас кәсіпорын ӛзінің атындағы мүліктің меншік иесі болмайды, ӛйткені мүлік құрылтайшыға тиесілі болады.
Заңнамада біртұтас кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығына және жедел басқару құқығына негізделген екі түрінің болатыны қарастырылады. Біртұтас кәсіпорынның осы екі түрінің арасында меншік иесінен ӛздеріне бекітілген мүлікті басқаруға алатын ӛкілеттіктің мәні мен мӛлшерінде ғана айырмашылық болады. Шаруашылық жүргізу құқығында кәсіпорын бекітілген мүлікті меншік иесі анықтаған шектерде дербес басқарғаннан кейін оның құқығы кӛбірек болады, ал жедел басқару құқығында мүлікті тек меншік иесінің тапсырмасына сәйкес ғана пайдалануға және мүлікті меншік иесінің келісімі бойынша ғана басқаруға жол беріледі.
Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген біртұтас кәсіпорындардың Қазақстан Республикасы мен облыстар құратын мемлекеттік және муниципалдық органдар (қалалар, аудандар және т.б.) құратын муниципалдық деп аталатын екі түрі болады. Мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды осыған ӛкілеттік берілген тиісті деңгейдегі органдар құрады. Осы кәсіпорындардың капиталы тиісінше мемлекеттік және муниципалдық меншіктен қалыптастырылады.
Біртұтас кәсіпорында меншік иесі тағайындайтын және кәсіпорынның жарғысымен меншік иесінің ӛкімдеріне сәйкес жұмыс істейтін бір басшы басқарады. Кәсіпорын қызметінің мәнін, оның мақсаттары мен басқару механизмін меншік иесі белгілейді. Меншік иесі кәсіпорын мүлкін меншігі ретінде сақтай отырып, кәсіпорын алған пайданың бӛлігін алуға құқылы. Меншік иесі кәсіпорынды қайта ұйымдастыру мен тарату мәселелерін ӛзі шешеді.
Жедел басқару құқығына негізделген кәсіпорынның тағы бір атап ӛтілген ерекшелігіне осы кәсіпорындарды ҚР Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар құруы мүмкін екені, сондықтан олар «қазыналық кәсіпорындар» деп аталады.
Қазыналық кәсіпорын – бұл мемлекет меншігінің жеке бӛлігін жедел басқару құқығына негізделген және кәсіпорынның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауапкершілікте болатын кәсіпорын. Қазыналық кәсіпорын мемлекеттің қатаң бақылауында болады. Мұның ӛзінде ол жылжитын, кейде тіпті ӛнімді және жылжымайтын мүлікті меншік иесінің келісімі бойынша ғана басқара алады. Керісінше, меншік иесі ӛзінің қалауы бойынша кәсіпорынның мүлкінің бӛлігін
111
алып, оны үшінші тұлғаларға бере алады. Екінші жағынан, мемлекет пайда болатын залалды бюджет қаражатынан жауып, қазыналық кәсіпорынның мүліктік және басқа да міндеттемелері бойынша жауап береді. Қазыналық кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ғана таратылады.
Коммерциялық емес ҧйымдар. Коммерциялық ұйым деп ӛзінің қызметінде пайда алуды мақсат қоймайтын және алынған пайданы қатысушылардың арасында бӛлмейтін құрылым аталады.
Ӛнеркәсібі дамыған елдерде коммерциялық емес ұйымдар ӛте қарқынды дамып келеді және олардың рӛлі де артып Коммерциялық емес ұйымдар халықтың әр түрлі топтарының іс-әрекетін үйлестіріп, олардың мүдделерін қорғайды. Осы ұйымдар ғылым және білім беру саласында, сондай-ақ жобаларды іріктеп, сараптау, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында зерттеу жүргізіп, қор портфельдерін қалыптастырумен айналысатын инвестициялық делдалдық саласында ойдағыдай жұмыс істейді.
Қазақстанда коммерциялық емес ұйымдардың қызметі тиісінше дамымаған, қазіргі кезде олардың жылдам қалыптасып келе жатқанымен, шаруашылық жүйедегі рӛлі алатын орны мардымсыз.
Коммерциялық емес ұйымның мәртебесі аталмыш кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметпен айналысып, пайда алуға құқықсыз екенін білдірмейді. Ең бастысы ұйым пайда алу мақсатын қоя алмайды, ал алынған табыс қатысушылардың арасында бӛлінбейді, тек жарғылық міндеттерге жету үшін пайдаланылады.
Коммерциялық емес ұйымдарға тұтынушылар кооперативтері, қоғамдық және діни ұйымдар, қайырымдылық қорлары, мекемелер, заңды тұлғалардың одақтары мен қауымдастықтары жатады.
Тұтынушылар кооперативі – қатысушылардың материалдық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылатын, азаматтар мен заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі.
Осы шаруашылық-құқықтық нысанға қатысушылардың үлестік жарналарын біріктіру арқылы құрылатын әр түрлі тұтынушылар одақтары мен қоғамдар кіреді. Тұтынушылар кооперативтері коммерциялық емес ұйымдардың арасында ерекше рӛл атқарады. Басқа коммерциялық емес ұйымдар сияқты емес заңды тұлға ретіндегі кооперативке қатысты олардың мүліктік құқықтары мен міндеттемелері сақталады. Бір жағынан, олар кооперативтің міндеттемелері бойынша біріккен және субсидиарлық мүліктік жауапкершілікте болып, пайда болатын залалды қосымша жарналардың есебінен жабуға тиіс, ал екінші жағынан, кооператив қызметінен алынған пайданы ӛзінің мүшелері арасында бӛлуге құқылы.
Қоғамдық және діни ұйым – материалдық емес қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында азаматтардың мүдделерін біріктіру негізінде құрылатын ерікті бірлестік.
Осы ұйымдардың меншігі ӛзіне қатысушылар беретін мүлік пен солардың жарналарының есебінен құралады. Ұйым мүшелерінің «ұйымның» міндеттемелері бойынша ешқандай мүліктік міндеттемесі, ал ұйым ӛзінің мүшелерінің міндеттемесі бойынша жауапкершілігі болмайды.
Қор – мүшелері болмайтын, азаматтар мен заңды тұлғалардың ерікті мүліктік жарнасының негізінде құрылған және ӛз қызметінде қоғамға пайдалы істерді іске асыратын ұйым.
Қорлар қайырымдылық, мәдени-ағарту, әлеуметтік, білім беру және ӛзге де қызметті жүзеге асыру үшін құрылады. Белгіленген тәртіппен құрылғаннан кейін қор ӛзіне берілген мүліктің жеке- дара меншік иесіне айналады, ал оның құрылтайшылары құрылған ұйым қатысында кез келген мүліктік құқықтары мен міндеттемелерін жоғалтады. Қор таратылған жағдайда оның мүлкі жарғылық мақсаттарды орындауға жұмсалады. Қордың ӛзіне кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады, алайда олар шаруашылық қоғамдарын құрып, соларға қатысуға құқылы.
Қорды құрылтайшылар бекіткен жарғыға сәйкес құрылатын басшы органдар басқарады.
Мұның ӛзінде қордың қызметін қадағалайтын Қамқоршылық кеңесі тағайындалуы тиіс. Қор Жарғысының ережелерін ӛзгертуге Жарғыда жол берілсе ғана ӛзгертуге жол беріледі, кері жағдайда Жарғыға ӛзгерісті тек сот органдары енгізуге құқылы. Қор тек соттың шешімімен ғана таратылады.
Мекеме – меншік иесі коммерциялық емес функцияларды орындау үшін құратын және ӛзі толықтай немесе ішанара қаржыландыратын мекеме. Қормен салыстырғанда мекеме ӛзіне берілген меншіктің меншік иесі болмайды, ол тек осы меншікті жедел басқару құқығымен басқарады. Меншік иесі мекеме мүлкі қатысында ӛзінің барлық құқығын сақтайды және мекеменің міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауапкершілікте болады. Мекеме меншік иесінің шешімі бойынша таратылуы мүмкін.
112
Заңды тұлғалардың бірлестігі – заңды тұлғалардің қызметін үйлестіру немесе оған қатысушылардың ортақ мүддесін қорғау мақсатында құратын шартты бірлестік. Заңды тұлғалардың бірлестігі әдетте «қауымдастық» немесе «одақ» деп аталады, олардың мүлкі
«бірлестіктің» міндеттемелері бойынша жарғыда белгіленген тәртіп пен шарттарда мүліктік жауапкершілікте болатын мүшелердің жарналарының есебінен қалыптасады. «Бірлестіктерге»
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады, онымен айналысу үшін арнайы шаруашылық қоғамдар құрылады немесе бірлестік соған қатысады.
«Бірлестіктің» құрамы еркі бойынша шыққандардың немесе шығарылған мүшелердің есебінен жаңа мүшелермен толығып, ӛзгеруі мүмкін. Мұның ӛзінде шығатын қатысушы мүшеліктен шыққанан кейін екі жыл бойы «бірлестік» қатысында субсидиарлық жауапкершілікте болады.
НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР
Мемлекеттік кәсіпкерлік Жеке кәсіпкер
Ұжымдық кәсіпкерлік Құрамдастыру
Коммерциялық ұйымдар Коммерциялық тәуекел Корпорация
Шағын кәсіпкерлік
Коммерциялық емес ұйымдар Жаңашылдық
Серіктестік
Қайта құру функциясы Ден қою функциясы Шаруашылық бастама Шаруашылық жауапкершілік Жеке меншік кәсіпкерлік