• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Қазақстандық киноиндустрияның қазіргі жай-күйін талдау

44

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ

КИНОИНДУСТРИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

45

шоғырланған (10-кесте). Бұл Қазақстанның өзге қалаларында, жергілікті орындарда кино өндіру мен оны прокатқа жіберу процестері бойынша әлеуеттің жоғары болмауын көрсетеді. Өңірлерде кино жасау, кино көрсету бойынша жұмысты алға қою қажеттігін негіздейді.

Кесте 10 – 2021 жылы қызмет еткен кино көрсететін ұйымдардың саны, өңірлік бөліністе

Облыстар

Кино көрсететін ұйымдардың

саны, бірлік

Соның ішінде кинотеатр-

лар саны, бірлік

Жабық кинотеатр

лардағы кинозалдар

дың саны, бірлік

Кинофильмдер өндірісін

жүзеге асыратын ұйымдар саны,

бірлік Қазақстан

Республикасы 119 104 394 71

Ақмола обл. 2 2 2 1

Ақтөбе обл. 4 2 8 -

Алматы обл. 2 2 7 4

Атырау обл. 4 4 4 1

Батыс

Қазақстан обл. 11 8 14 -

Жамблы обл. 16 6 17 2

Қарағанды обл. 10 10 17 -

Қостанай обл. 6 6 16 -

Қызылорда

обл. 3 2 11 -

Маңғыстау обл. 8 8 11 3

Павлодар обл. 4 4 12 1

Солтүстік

Қазақстан обл. 4 4 13 5

Түркістан обл. 6 3 9 -

Шығыс

Қазақстан обл. 6 6 25 1

Астана қ. 8 10 63 15

Алматы қ. 21 22 140 34

Шымкент қ. 4 5 25 4

Ескерту – Әдебиет негізінде құралған [94]

Республикадағы кинофильмдердің көрсетілімін іске асыратын 119 ұйымның меншік формасы бойынша: 25 – мемлекеттік, 91 – жеке меншік, 3 – шетелдік ұйым [95].

Кино саласындағы статистикалық деректерден 2019 жылға дейін біркелкі өсу динамикасы болғаны байқалады. Мәселен, 2015-2019 жылдар аралығында

46

кинотеатрлар желісінде көрсетілген киносеанстардың саны мен оған келушілердің саны да қатар өскен (10-сурет).

Сурет 10 – Киносеанстар мен оларға келушілердің саны

Ескерту – Әдебиет негізінде құралған [94]

Ал 2020 жылы бұл көрсеткіштер жоғарыда аталған пандемиялық шаралардың салдарынан 3-4 есе төмендеген. 2019 жылы кинотеатрларға фильм көруге келген халықтың саны 19 млн. адам болса, 2020 жылы – 4 млн. адамды құрады (11-кесте). Жалпы, 2020 жылғы кино саласындағы кейбір көрсеткіштер 2019 жылғы және одан алдыңғы жылдардағы көрсеткіштерден төмендеу болу себебі – 2020 жылы басталған пандемиялық жағдайдың салдары, кинотеатрлар желісінің карантиндік шараларға байланысты бірнеше айларға жабылуы.

Кесте 11 – Кино саласындағы көрсетілген қызметтер бойынша ақпарат Жылдар

Көрсетілген киносеанстардың

саны, бірлік

Киносеанстарға келушілердің

саны, адам

Көрсетілген қызмет терден түскен табыс көлемі, мың теңге

1 2 3 4

2011 360 441 10 933 421 8 480 032

2012 420 135 13 410 104 10 031 247

2013 441 745 13 201 461 11 588 027

2014 537 819 12 795 466 12 339 480

2015 519 960 11 300 539 10 426 924

2016 579 882 14 474 924 14 117 640

47

11-кестенің жалғасы

1 2 3 4

2017 695 582 17 606 749 18 522 240

2018 746 228 17 840 690 18 428 830

2019 962 294 19 880 485 21 239 675

2020 292 351 4 781 191 5 869 513

2021 691 509 8 453 153 13 598 456

Ескерту – Әдебиет негізінде құралған [94]

Дәл осындай төмендеу үрдісі кино көрсету қызметтерінен түскен табыс көлемінен де байқалады. 2019 жылы ең биік дәрежеге – 21,2 млрд. теңге көлеміне жетіп, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 5,8 млрд. теңге жинақталған. 2021 жылы бұл көрсеткіш 2,3 есе көбейіп, 13,5 млрд. теңгені құрады (11-кесте).

Пандемия салдарынан болған карантиндік шаралар кинотеатрлардың жұмыссыз халде болуына түрткі болып, табыстың азайғанын көрсетті. Табыс көлемін өткен жылдармен салыстырғанда 2020 жылы 3-4 есе азайғанын байқаймыз. Бұл Қазақстанға ғана тән жағдай емес. Тұтастай алғанда әлемдік киноиндустрия пандемия салдарынан 7 миллиард доллар жоғалтты [96].

2021 жылы жинақталған 13,5 млрд. теңге көлеміндегі табыстың құрамы бойынша басым бөлігін (10 770 068,8 мың теңге, яғни 79,2%) шет елдердің фильмдері құрайды. Одан кейін 1 498 789,8 мың теңге көлемінде (11,0%) ұлттық фильмдер иеленді. Бірлескен фильмдерді көрсетуден 1 329 597,9 мың теңге (9,8%) табыс түскен [95] (11-сурет).

Сурет 11 – Кино көрсететін қызметтерден түскен табыстың құрамы

Ескерту – Әдебиет негізінде құралған [95]

Қазақстанның кинотеатрларында көрсетілген фильмдердің шығарған елдері бойынша бөліністе 2021 жылы АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Германия мемлекеттерінің фильмдеріне келушілер көп болған. АҚШ түсірген фильмдерге

79,2%

11,0%

9,8%

Шетелдік фильмдер Ұлттық фильмдер

Бірлескен фильмдер (копродукция)

48

келушілер басқа елдердің фильмдеріне қарағанда көбірек – 4 583 028 адам. Бұл ретте, айта кететін мәселе, көптеген шетелдік, әсіресе танымал киностудиялар түсірген фильмдердің әлемдік премьералары тоқталуына немесе кейінге шегерілуіне байланысты 2020 жылы Қазақстанның кинотеатрларында отандық фильмдер көп көрсетілді. Бұл өз кезегінде 1 597 523 келушілерді қамтамасыз еткен еді. Алайда 2021 жылы бұл көрсеткіш төмендеп, АҚШ фильмдеріне келушілердің саны қайта көбейіп, отандық фильмді көруге келгендер саны азая бастады: 824 725 адамды құрады. Одан кейінгі орында Ресей – 455 511, Ұлыбритания – 332 679, Германия – 15 569 бірлік [95].

Бұл көрсеткіштерден мынадай үрдісті байқауға болады. Қазақстандық көрерменнің басым көпшілігі әлі де америкалық фильмдерді көргісі келеді.

Отандық фильмдердің прокаттағы үлесінің аздығы, америкалық фильмдермен салыстырғандағы сапасының төмендігі сияқты себептер отандық фильмдерге деген қызығушылықтың төмендігін білдіреді. Алайда Ресей, Ұлыбритания, Германия сияқты елдердің фильмдеріне қарағанда қазақстандық фильмдерге келушілердің саны көп болуы отандық фильмдердің Қазақстанның кинонарығында бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Бұл ретте, отандық фильмдердің үлесі мен сапасын одан әрі арттыру қажеттігі туындайды.

Қазақстандық киноның бюджеті жанры мен қаржыландыру көздеріне байланысты әртүрлі. «Кинопоиск» сайтындағы қазақстандық фильмдердің бюджетін қарастыра келе, келесі мәліметтерді байқадық. Мемлекеттік қаржыға түсірілген фильмдердің бюджеті кино өндірушілердің жеке меншік қаражатына қарағанда айтарлықтай көп. Фильмдердің мемлекеттік бюджеті (мәселен,

«Шал», «Кұнанбай», «Томирис») 800 000 доллардан 10 000 000 долларға дейінгі аралықта. Ал жеке меншік киностудиялардың шығындары («Америкадағы қазақша бизнес», «Тараз») 250 000 доллардан 400 000 долларға дейін [97]. Алайда бұл көрсетілген бюджет шамасы Қазақстанның киноөндірісінің барлық бюджеттік бөлігін көрсетпейді, себебі ашық қолжетімді интернет-ресурстарда қаржыландыру көздері туралы мәліметтер жоқ.

Бұл орайда, отандық фильмдердің бюджетіне қатысты ақпаратты толықтыру мақсатында қазақстандық ғалымдардың ұжымдық зерттеу нәтижелері мен сарапшылық пікірлерге жүгіндік. Аталған зерттеуге сәйкес, отандық фильмдердің бюджетінің медианасы – 586 мың долларды құраса, жинақ медианасы – 483 мың доллар. Комедия жанрындағы картиналар басқаларына қарағанда арзандау – 327 мың доллар [67, с. 10].

Тағы бір сарапшылық пікірге (А. Сатаев) сәйкес, қазақстандық картинаның қаржылық табыстылығы орташа есеппен 1 млн. долларды құрайды.

Алайда ескере кететін мәселе – бұл соманың жартысы кинотеатрмен бөлісіп, 5-7% дистрибьюторларға беріледі. Ал түсірілім тобының табатын нақты сомасы – 500 мың доллар. Бұл шама фильм түсірудің бюджетін жоспарлауға негіз болуы тиіс [98].

Кинематографиялық көрсеткіштердің тағы бір маңызды құрамдас бөлігі – бір жылда өндірілген фильмдердің саны. Жалпы, Қазақстанның тәуелсіздік алған жылынан бастап есептейтін болсақ, жылына өндірілетін фильмдердің

49

саны 2010 жылдардан бастап көбейе бастады. Оған дейін, әсіресе 90 жылдары киноөндірістің төмендеуі болғаны байқалады. 1993 жылы 11 толықметражды фильм, 1994 жылы – 4, 1995 жылы – 5, 1996 жылы – 7, 1997 жылы – 3, 1998 жылы – 5, 1999 жылы – 10 [99].

2019 жылы ең жоғары көрсеткіш – 480 фильмді құраса, 2020 жылы – 242, 2021 жылы – 340 фильмді құрады (12-кесте).

Кесте 12 – Қазақстанда өндірілген фильмдердің саны Жылдар Толықметражды

фильмдер

Қысқаметражды

фильмдер Барлығы

2011 105 186 291

2012 30 198 228

2013 35 242 277

2014 78 269 347

2015 134 130 264

2016 29 227 256

2017 х х 348

2018 х х 271

2019 91 389 480

2020 24 218 242

2021 31 309 340

Ескерту – Әдебиет негізінде құралған [94]

Отандық киносыншы Г. Әбікееваның пікірінше, қазақстандық киноиндустрияның даму ерекшелігі – соңғы бірнеше жылда мемлекеттің үлесі бойынша жағдай керісінше өзгеруінде. Егер 2005 жылдары Қазақстандағы киноөнімдердің 80% – мемлекеттік «Қазақфильм» киностудиясы, 20% – жекеменшік киностудиялар шығарған болса, қазір жағдайда керісінше: 80%-ы жекеменшік киностудиялар (бұл тек коммерциялық емес, арт-хаус фильмдер де), ал 20%-ы ғана мемлекеттік сектор. Киносыншының пайымдауынша, елдегі киноиндустрияның коммерциялық және авторлық кино бағытын дамытуда жастардың алар үлесі жоғары [100].

Жастар өкілдерінің өзіндік жұмысының мысалы ретінде қазақстандық көрермендер арасында елеулі орын алған «Бизнес по-казахски» фильмдер сериясын айтуға болады. Картина қазіргі нарықтық қоғамдағы отбасылық, рухани-адамгершілік құрамдастардың маңыздылығын көрсетуге бағытталған.

Оның ерекшелігі – 2019 жылы Қазақстан тарихында алғаш рет «Кореядағы қазақ бизнесі» фильмі 1 миллиард 107 миллион теңге (2 миллион 631 328 АҚШ доллары) жинап, «Мстители» фильмінің 1 млрд. 103 млн теңге (2 621 820 доллар) жинаған рекордын жаңартып, Қазақстандағы ең көп табыс әкелген фильмге айналды [101].

Қазақстандағы ұлттық фильмдердің өндірісі бойынша статистикалық деректерді келтіру үшін қазақстандық кинематографияның институционалдық

50

құрылымындағы басты өндіруші «Қазақфильмнің» деректеріне жүгіндік1. Соңғы 10 жылда (2010 жылдан 2021 жылға дейін) «Қазақфильм» киностудиясы барлығы 352 ұлттық фильмдерді шығарды. Оның ішінде көркемдік фильмдер – 87, деректі – 162, анимациялық – 35 және қысқаметражды – 68. Копродукция Франция, Германия, Ресей, Қытай елдерімен бірлесе шығарылған.

Ал, жалпы тәуелсіздік жылдарында (1991 жылдан бастап) киностудия барлығы 600-дан астам кинотаспа шығарды. Оның 149 – толықметражды көркемдік фильмдер, 91 қысқаметражды фильмдер, 287 деректі фильмдер, 75 анимациялық фильмдер.

Соңғы 30 жылда 200-ден астам «Қазақфильм» киностудиясының картиналары әлемнің 60 елінде 220-дан астам халықаралық фестивальдер мен көрсетілімдерге қатысып, 300-ден астам әртүрлі сыйлықтарға, соның ішінде 51 Гран-приге ие болды.

2020 жыл пандемия салдарынан әлемдік киноиндустрия саласы үшін күрделі кезең болса да, 2020-2021 жылдары «Қазақфильм» АҚ-ның 27 кинотуындысы 65 халықаралық кинофестивальдерге қатысып, 32 жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар, Қазақстан кинематографистері және

«Қазақфильм» кинотуындылары «Сыншылар таңдауы 2020» жыл сайынғы қазақстандық кинопремияға ұсынылып, 5 номинация бойынша жүлделі орындарға қол жеткізді.

Жоғарыда көрсетілген статистикалық деректер кино нарығының инфрақұрылымдық жағдайын, табыс деңгейін, кино көрсету қызметіне сұраныстың бар-жоғын көрсетті. Нәтижесінде кинонарық көлемінің жеткіліксіздігі проблемасы айқындалды. Қазақстанның аймақтарында кинотеатрлардың, кинозалдардың аздығы, кассалық соманың аз жиналуы салдарынан қазақстандық кинотуындылардың қаржылық қайтарымы көп жағдайда қамтамасыз етілмейді [102]. Аталған мәселелерді шешу үшін Қазақстанның өңірлерінде, тек ірі қалалар ғана емес, шағын моноқалалар мен аудандарда, сондай-ақ ауылдарда кинотеатрлар немесе кинозалдар ашу мәселесін жандандыру қажет.

Сонымен қатар, Қазақстанда өндірілген фильмдердің ішінде идеологиялық жағынан маңызды санаттарының бірі – балалар мен жастарға арналған фильмдер. Киноиндустрия өнімдері арқылы қазіргі заманғы өскелең ұрпаққа отбасылық, өнегелік-рухани құндылықтарды қалыптастыру маңызды.

Кино көру үшін кинотеатрларға балалар да келетінін ескерсек, оларға арналған арнайы киносеанстардың болғаны жағымды үрдіс. Мәселен, 2021 жылы 153,5 мың балаларға арналған киносеанстар өткізілген, оған 2 208 833 балалар келген [103].

Балалар киносы – өскелең ұрпақты дамыту үшін маңызды факторлардың бірі, балалармен қарым-қатынас орнатудың кілті. Бұл индустрия Қазақстанда 55 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. Балаларға арналған көркемдік фильмдер мен анимациялық фильмдерді шығару тәжірибесі жеткілікті. Ендігі

1Ізденушінің 2021 жылы 31 мамыр-19 маусым аралығында академиялық күнтізбеге сәйкес

«Қазақфильм» АҚ-да өндірістік практикадан өту барысында жұмыс тәртібінде алынған мәліметтер

51

кезекте оның алдағы дамуын қолға алу, жаңа деңгейге көтеру мәселесі тұр. Бұл – мемлекет пен қоғам алдында тұрған басты міндет.

Анимациялық кино – балалар мен жасөспірімдердің көрермендік санасына әсер етуші, дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырушы құралдардың бірі. Мемлекет бұл идеологиялық маңызды мәселеге жіті назар аударуда. Қазіргі кезеңде отандық анимациялық фильмдердің 80% мемлекеттік қаражатқа түсіріледі [104].

Жыл сайын өткізілетін мемлекеттік қаржыландыруға үміткер жобалардың конкурсында міндетті түрде «анимациялық фильмдер» санаты қарастырылады.

Мәселен, «Алтын адам», «Кенже қыз», «Еркетай» сияқты жобалар мемлекеттен қаржыландыру үшін қолдау тапты.

Кино саласындағы мамандардың пікірінше, отандық анимация көп жылдар бойы шетелдік өнімдердің көлеңкесінде қалып келді. Отандық мультипликация соңғы кездері телевизиялық форматқа көшіп кетті, үлкен экранға шығу мүмкіндігі болмады [104]. Осы саладағы мамандардың жетіспеушілігі, қомақты мөлшердегі бөлек қаражаттың бөлінбеуі, өнімдердің сапасының жоғары деңгейде болмауы – анимация саласының қарқынды дамымауын тежеп отырған факторлар.

Қазақстанда анимацияны өндіретін ірі орталық «Қазақфильм»

киностудиясының жанындағы «Анимациялық кино» орталығы болып табылады. «Қазақфильм» 1991 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі уақытта 75 анимациялық фильм жасаған [105]. Солардың қатарында мына жобаларды атап өтуге болады: «Ер Төстік және Айдаһар», «Күлтегін», «Мұзбалақ», «Қазақ елі».

Бұл ретте, қазіргі кезеңде ақпараттық алаңда шетелдік фильмдер балалар үшін қолжетімді болып қалғаны белгілі. Теріс пиғылды, жаман әрекеттерді көрсететін фильмдер балалардың психикасына кері әсер беруі мүмкін. Мұндай жаман сипаттағы фильмдерді көру баламалы сапалы, тәрбиелі отандық фильмдердің аздығымен байланысты болуы да ықтимал. Бұл ретте, деструктивті сипаттағы өнімдердің әсерінен балаларды қорғау үшін әлеуметтік бақылау тетіктерін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып табылады [106].

Бала тәрбиесіндегі әлеуметтік-мәдени фактор ретінде маңызды рөл атқаратын балалар киносының, отандық анимациялық фильмдердің маңызы мемлекеттік деңгейде көтеріліп, қазіргі таңда балаларға арналған жаңа фильмдер өндірісінің қажеттігі барлық диалогтық алаңдарда айтылып жүр.

Осылайша, балалар киносының маңыздығын белгілі қазақстандық режиссер Т. Теменовтің сөзімен келтіруге болады: «Балалар киносы – ешбір қоғамдық формацияға, саяси идеологияға бағынбайтын ерекше өнер. Өнердің ішіндегі баланың санасына шуақ болып төгілетін, жанын әсемдікке, ізгілікке баулитын ең рухани өнер» [107].

Бұдан бөлек, көркемдік, анимациялық, деректі фильмдердің өндірісін қамтамасыз ететін киноиндустрия саласының күрделі мәселелері мен даму мүмкіндіктерін айқындау, отандық киноиндустрия саласындағы жағдайды толығырақ талдау үшін SWOT-талдау құралы қолданылды. Бұл әдіс арқылы киноиндустрия саласының дамуындағы мықты жақтары мен әлсіз тұстары,

52

сонымен бірге мүмкіндіктері мен тәуекелдер талданды. Саланың дамуындағы ішкі әсерлер мен саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени және технологиялық жағдайлардың жиынтығы тәрізді сыртқы әсер етуші факторлар да қарастырылды (13-кесте).

Кесте 13 – Отандық киноиндустрия саласындағы ағымдағы жағдайдың SWOT-талдауы

Мықты жақтары Мүмкіндіктер

- кинематография саласындағы мемлекеттік қолдаудың болуы;

- құқықтық-институционалдық негіздің қалыптасуы;

- салықтық жеңілдіктердің ұсынылуы;

- кинематографистерді даярлайтын отандық оқу орындарының болуы;

- географиялық табиғи әсем жерлердің (локацияның) болуы;

- рибейт жүйесінің іске қосылуы

- фильмдердің мониторингін жүргізу үшін бірыңғай автоматтандырылған ақпараттың жүйені іске қосу;

- шетелдік кинематографистермен тәжірибе алмасуды кеңейту;

- кино саласындағы қоғамдық ұйымдардың жұмысын жұмылдыру;

- киноиндустрия саласында әлеуметтік аудит жүргізу

Әлсіз жақтары Тәуекелдер

- отандық фильмдердің инвестициялық тартымдылығының төмендігі;

- кинопрокатта отандық фильмдердің үлесінің аздығы;

- комедиялық жанрдағы отандық фильмдердің сапасының төмендігі;

- өңірлік деңгейде кинотеатрлардың аздығы;

- көрермен тарапынан кері байланыстың болмауы

- отандық фильмдерге деген қызығушылықтың болмауы;

- мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділіктің артуы;

- кассалық жинақтың аз деңгейде қалуы;

- тұрақсыз экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайлардың әсері

Ескерту – Әдебиет негізінде құралған [108]

Осылайша, қазақстандық киноиндустрияның қазіргі жай-күйінің күшті жақтарының бірі қолданыстағы салалық заң болып табылады. Заңда кинематографияны мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелері: мемлекеттік саясат қағидаттары, ұлттық фильмдер, мемлекеттік қолдау және қаржыландыру тетіктері қамтылған. Заңның қабылдануымен мемлекеттік қолдау, ілгерілету, субсидиялау жөніндегі жұмыс күшейтілді. Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қолдау орталығы құрылды. Тұтастай алғанда, Қазақстан кинематографиясын мемлекеттік басқару жүйесінде саланы жаңа деңгейге шығаруға және әлемдік кинода үлкен серпіліс жасауға мүмкіндік беретін елеулі оң өзгерістер болды.

53

Қазіргі кезеңде Қазақстанда кино түсіру үшін барынша жағдайлар жасалуда. Материалдық-техникалық, инфрақұрылымдық жағынан қарайтын болсақ, елде «Қазақфильм» ұлттық кинокомпаниясы киноөндіріс үшін ауқымды қызметтер ұсынады. Арнайы локациялар мен түсірілім декорациялары бар, қазіргі заманғы технологиялар жабдықталған. Бұдан бөлек, кино түсіруге Қазақстанның географиялық-ландшафттық мүмкіндіктері де жетерлік.

Алайда саланы жетілдіруді қажет ететін өзекті проблемалық мәселелер де қалуда. Мәселен, кинопрокатта отандық ұлттық фильмдердің шетелдік фильмдерден басымдығын қамтамасыз ету мәселесі әлі де ашық күйінде қалып отыр. Отандық сарапшы мамандардың пікірінше, қазақстандық фильмдердің прокаттағы сәтті нәтиже көрсетуі 2000 жылдардың аяғынан басталды.

«Қазақфильм» түсірген «Сказ о розовом зайце», «Ирония судьбы», «Жау жүрек мың бала» сияқты фильмдер халықтың көңілінен шығып, прокатта нәтижелі болды. 2010 жылдардан бастап жылына орташа есеппен жеті картина шығарыла бастады, оның кем дегенде екеуі прокатта сәтті болды. Ал жекеменшік кинокомпаниялар шығарған коммерциялық фильмдердің кассалық жинақтан сәтті болуы 2007 жылы Ақан Сатаевтың еңбегінен бастау алды. «Рэкетир»

фильмі қоғамда отандық фильмді көруге деген ұмтылысты тудырды.

2010 жылы мемлекеттік қаражатқа түсірілген «Сказ о розовом зайце» фильмі де ұлттық прокатқа шығып, қаржылық қайтарымға ие болды. Осылайша, отандық картиналар көрерменнің оң бағасына ие болып, Н. Қоянбаев, Н. Адамбай, А. Садвокасова сияқты азаматтардың коммерциялық фильмдер түсіріп, олардың табысты болу фактілері байқалды. «Ирония судьбы» фильмі 70 миллион теңге,

«Сказ о розовом зайце» 100 миллион теңге, «Жау жүрек мың бала» 300 миллион теңге жинаса, «Бизнес по-казахски» миллиард теңге көлемінде табыс тауып, қазақстандық кино нарықтың мүмкіндіктерін көрсетті [109].

Алайда мұндай сәтті болған жағдайлар бірен-саран ғана. Қазақстандық фильмдердің барлығы қаржылық табыс табудан бұрын прокатқа да шыға алмай отырған фактілері кездеседі. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде «Қазақфильм»

түсірген 600 фильмнің 52-сі (8%) ғана прокатқа шыққаны Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде айтылды [110]. Бұл проблема басқарушылық шешуін табуы тиіс жүйелі мәселе болып қалуда.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта кинонарық алаңында Қазақстан өңірлеріндегі кинотеатрлардың теңгерімсіздігі сезілуде. Кинотеатрлар адамдардың мәдени және ойын-сауық түріндегі қажеттіліктерін қанағаттандыратын қызмет түрі. Елде бүкіл республика бойынша барлығы 104 кинотеатр бар [94]. Алайда бұлардың барлығы облыстардағы ірі қалаларға ғана тән. Ауылдық жерлерде мүлде жоқ деуге болады. Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, ауылдық жерлерде кинотеатр тек Батыс Қазақстан облысында (3), Жамбыл облысында (1) бар. Ал Түркістан облысында 1 тұрақты (стационарлы) киноқондырғы бар. Елдегі кинотеатрлардың жетіспеушілігі – киноиндустриядағы жүйелі проблемалардың бірі. Осыған байланысты, өңірлерде кинотеатрлар мен кинозалдардың санын ұлғайту

54

мәселесі өткір тұр. Мұндай шаралар бокс-офистердің одан әрі өсуіне және қазақстандық фильмдерге деген сұраныстың артуына алып келеді.

Жалпы, Қазақстанда киноиндустрия саласы бірқалыпты дамудың сатысына жеткенімен, әлі де проблемалық мәселелердің көптігі айқындалды.

Солардың қатарында мемлекеттің кинематография саласында жүргізіп отырған саясатының тиімділігінің жоғары болмауы; кинематография субъектілерінің инвестициялық тартымдылығының төмендігі; жеке меншік кинокомпаниялардың нарықта бәсекелестігінің төмендігі; кейбір кинематографиялық ұйымдардың табысының болмауы; саладағы өндірістік және материалдық базаның жетіспеушілігі; кино саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясының жоғары деңгейде болмауы және басқалар.

Бұдан бөлек, өзге де зерттеу жұмыстарында Қазақстандағы киноиндустрия саласында мынадай проблемалардың бар екені атап өтіледі:

– фильмдерді қаржыландыру бойынша шешім қабылдаудың ашық сипатта болмауы;

– мемлекеттік қолдау бағдарламасында кино жобаларды әзірлеуге арналған қаржыландырудың болмауы;

– кино саласындағы қоғамдық бірлестіктерге арналған гранттық жүйенің жоқтығы;

– өңірлік кинокомиссиялардың құрылуы мен жұмыс істеу қажеттігі;

– кино саласындағы кәсіби мамандардың аздығы;

– елдегі кинокомпаниялар мен киностудиялардың бірыңғай деректер базасының жоқтығы [99].

Ендігі кезекте осы олқылықтарды жою үшін, Қазақстандағы киноиндустрия саласын дамытудың мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында зерттеу жұмысымызда PEST-талдау әдісін қолдандық. Саланы жетілдіруге саяси, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық факторлардың әсер етуі тұрғысынан талдау жасалынды (14-кесте).

PEST-талдау әдісін қолдануда сарапшылар ретінде «Қазақфильм» ұлттық кинокомпаниясының, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қызметкерлері жұмылдырылды. Факторлардың әсер ету дәрежесі мен ықпалы бағаланды (Қосымша Ә).

PEST-талдау құралының негізіндегі факторларды түйіндей келе, сарапшылардың пікірінше, саланың дамуына «кино саласындағы заңнаманы жетілдіру» және «кинематографистерді мемлекеттік қолдау» саяси факторлары мен «киноөндіріске жаңа технологиялардың қажеттігі», «ақпараттық жүйенің іске қосылуы» сияқты технологиялық факторлар барынша көп әсер ететіні айқындалды (Қосымша Ә). Қосымшада саяси, әлеуметтік, экономикалық және технологиялық факторлардың сарапшылық пікір бойынша көбірек немесе азырақ әсер ету дәрежесі орташа есеппен айқындалған. Бұл өлшем факторлардың әсер ету рангін айқындауға, алдағы уақытта саланы дамытуға ықпал ететін ұсынымдарды әзірлеуге бағытталған.

55

Кесте 14 – Отандық киноиндустрияның дамуына әсер етуші факторларды PEST-талдау

Саяси факторлар Экономикалық факторлар - нормативтік құқықтық актілерді

жетілдіру;

- салық саясаты (жеңілдіктер, субсидия);

- кинематографистерді мемлекеттік қолдау;

- бюрократия, сыбайлас жемқорлық деңгейі;

- шетелдік тәжірибенің, сыртқы саясаттың әсері;

- жаңа стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеу.

- халықтың табыс деңгейі;

- экономикалық дағдарыс, жаһандық пандемия, эпидемиялық жағдай;

- жұмыссыздық деңгейі;

- тауарлар мен қызметтер бағасының өсуі;

- кино өндірушілер, дистрибьюторлар арасындағы бәсеке;

- киножобаларды жекеменшік қаржыландыру (демеушілік, инвестиция, жеке капитал).

Әлеуметтік факторлар Технологиялық факторлар - халықтың демографиялық және

жыныстық, жастық, аумақтық құрылымы;

- халықтың өмір сүру сапасының деңгейі (білім беру, денсаулық сақтау);

- киноиндустрия саласындағы мамандардың құзыреттілік деңгейі;

- киноиндустрия саласындағы қоғам дық ұйымдардың (шығармашылық одақтар, қауымдастықтар, универси теттер) жұмысын жандандыру;

- халықтың отандық фильмдерге деген көзқарасы (қалауы, талғамы, ұнатпауы)

- интернет жылдамдығының деңгейі;

- кино түсірудің жаңа техноло гиялары;

- фильмдер мониторингі үшін Бірыңғай автоматтандырылған ақпа раттық жүйесін іске қосу;

- қазақ киносының (ескі фильмдер) қорын цифрландыру;

- кино саласында жаңа стартап жобаларды әзірлеу

Ескерту – Кестені автор әзірлеген

Қазақстанда киноөндірушілердің көпшілігі мемлекеттік қолдауды қажет етеді. Осыған байланысты, 2019 жылдан бастап мемлекеттік қаржыландыруға үміткер болу үшін конкурс (ашық питчингтер) негізінде киножобаларды іріктеу тәжірибесі енгізілді. Жыл сайын 200-ден астам өтінім қабылданады, бұл жеке киностудиялардың өз қаражатынан басқа қосымша қаражат көздерін іздейтінін, оның ішінде мемлекеттік қолдауды қажет ететінін көрсетеді.

Мемлекеттік қолдаудың өзекті бағытының бірі кинематография саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру болып табылады. Бұл фактор да саланың дамуына ықпал етуші факторлардың қатарынан орын алады.

56

Киножобаларды жекеменшік қаражатқа қаржыландыру мүмкіндіктерін күшейту де (демеушілік, инвестициялар, жеке капитал) Қазақстанның киноиндустриясын дамытуға ықпалды фактор болып табылады. Мемлекеттік қолдауды күтпей-ақ (АҚШ мысалы бойынша) жеке қаржыландыруды дамыту осы саладағы патерналистік және масылдық қатынастарды жоюға мүмкіндік береді.

Кинематографияны тиімді мемлекеттік басқаруға қатысты киноиндустрияны мемлекеттік қолдау жүйесі мәдени мемлекеттік саясаттағы басымдық болып табылатыны айқын. Мемлекет ұлттық кинематографияны дамытуды, оны жаңа деңгейге шығаруды өз алдына міндет етіп қойып отыр.

Мемлекет ұлттық фильмдер шығаруға бюджеттен қаражат бөледі.

Ұлттық фильмдер елдің рухани қажеттіліктеріне, мемлекеттің мүдделеріне сай келетін және жоғары көркемдік деңгейі бар фильмдер. Олар кино өнері арқылы елдің танымалдығы мен жағымды имиджін қалыптастырады. Ұлттық фильмдердің сапасының, мағынасының жоғары деңгейде болуы оның аудиториясын кеңейтеді. Бұған әлеуметтік-мәдени факторлар ықпал етеді.

Технологиялық факторлар арасында қазақ киносы (бұрын түсірілген фильмдер) қорын онлайн көру үшін цифрландыру өзектілігі жоғалған жоқ.

Отандық кино өнімдерге қол жетімділікті қамтамасыз ету маңызды. Бұл мәселе Қазақстанда толық шешілген жоқ. Халықтың мемлекеттік ақшаға түсірілген барлық фильмдерді еркін түрде көруге мүмкіндігі жоқ. Мемлекеттік ақшаға түсірілген фильмдерден кинотеатрда көрсеткеннен кейін халық арқылы ақша табуға тырысу орынды емес. Сол себепті «Қазақфильм» АҚ бірнеше жыл бойы қазақ киносы қорын цифрландыру жұмыстарын жүргізіп келеді. Онлайн форматта көруге болатын бірқатар фильмдер біртіндеп толықтырылуда.

Кинонарықтың қол жетімділігі мен ашықтығы – отандық киноиндустрияның дамуындағы басты жетістіктердің бірі.

Жоғарыда көрсетілген жағдайларды ескере отырып, Қазақстандағы киноиндустрия саласындағы кемшіліктерді жою үшін факторларды бағыттарға топтастырып, бірқатар шаралар кешені ұсынылады (15-кесте).

Осылайша, Қазақстанның киноиндустриясындағы қазіргі хал-ахуал инфрақұрылымдық жағынан өңірлердегі кино көрсету қызметтерінің ұйымдарын арттыру қажеттігін көрсетеді. 2020 жылға дейін, яғни әлемдік пандемиялық жағдайға дейін отандық кино индустриясының көрсеткіштері оң динамиканы көрсеткен болатын: жыл сайын шығарылатын фильмдердің саны артты, бірлескен фильмдер көбейді, кинотеатрлар саны аздап көбейді, киносеанстар мен оларға келушілердің саны артты, кино көрсету қызметінен түсетін табыс көлемі ұлғайды. Алайда пандемиялық жағдайдың салаға әсер етуі кинотеатрларға келушілердің саны мен кинокөрсетілімнен түсетін табыстың көлемін 3-4 есе азайтты. Бұл жағдай кинематографистер үшін оңай тимеген сыртқы фактор болды.

57

Кесте 15 – Киноиндустрия саласын дамыту үшін ұсынымдар Бағыттар,

қолдану аясы

Іс-әрекеттер, ұсынымдар Құралдар Әсер

1 2 3 4

Кадрлық әлеует

Мемлекет тарапынан материалдық және өзге де ынталандыру шараларын көбейту. Жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының

халықаралық тәжірибеге бейімделуі.

конкурстар, премия, марапат;

халықаралық стандарттар

кәсіби біліктілігі

жоғары мамандар

Өңірлік әлеует

Өңірлік

«кинематографиялық»

дамуды қолға алу қажет.

Арнайы өңірлік

бағдарламаларды әзірлеудің, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің негізінде елдің аймақтарында кинотеатрлар мен кинозалдардың санын арттыру керек. Мұндай шаралар кассалардың одан әрі өсуіне және қазақ фильмдеріне сұраныстың артуына әкеледі.

өңірлік бағдарлама, мемлекеттік- жекеменшік әріптестік

кинофикация деңгейінің

артуы

Отандық кино туындыларын дамыту

Қазақстандық фильмдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды. Ол ең алдымен мағыналық мазмұны мен сапаның жақсаруы жағдайында мүмкін болып табылады. Жас мамандарды сценарий жазу және сапалы фильм түсіру дағдыларына оқыту, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу.

сценарий мен сапалы

мазмұн

отандық фильмдерге сұраныстың

артуы

58

15-кестенің жалғасы

1 2 3 4

Ақпараттық қамтамасыз ету

Киноиндустрия саласында бірыңғай біріктірілген

деректер базасын

қалыптастыру, стартап жобалар әзірлеу мүмкіндігін

қарастыру. Ресми

статистикалық деректердің қатарын саладағы адами капитал көрсеткіштері, мемлекеттік немесе жекеменшік қаражат көзі, фильмдердің

кинофестивальдерге қатысуы, награда алу фактілері сияқты деректермен толықтыруға болар еді. Ашықтық, толыққанды және өзекті ақпарат саланың тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.

ақпараттық жүйе

кино

индустриясы саласындағы мәліметтердің жеңіл

қолжетімдігі

Мемлекеттік тілді қолдану

Қазақ тілді аудиторияның қызығушылығын арттыру мақсатында мемлекеттік тілге сапалы аудару мәселесін қолға алу керек. Фильмдердің қазақ тіліне аударуда филолог, аудармашы мамандарды жұмылдыру, аударманы асықпай тексеру, сапалы болуын қамтамасыз ету жұмыстарын күшейту қажет.

аударма дағдыларын

оқыту

қазақ тіліндегі сапалы кино туындылар- дың болуы

Ескерту – Кестені автор әзірлеген

Ендігі кезекте мемлекеттік қолдаудың және кинематографистердің бастамашылығының арқасында корпоративтік сипатта киноиндустрия саласын әрі қарай дамыту міндеті тұр. Қазіргі кезеңде бұған дейін жүйелі сипатта болған проблемаларды шешу қажеттігі туындайды. Фильмдердің сапалы, бәсекеге қабілетті болуы, кинематографистердің біліктілігін арттыруы, отандық фильмдердің кинопрокаттағы үлесін арттыруы, олардың шетелдік нарыққа шығуы сияқты мәселелер бар. Сонымен бірге әлеуметтік мәселелер де назар аударуды қажет етеді. Бұл ретте, кинематография саласындағы қоғамдық