• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Қазақстандық фильмдерде мемлекеттік саясаттың көрініс табуы

71

кинонарыққа шығу мүмкіндігін басымдық етіп алсақ, ал респонденттер ұлттық фильмдер арқылы азаматтардың мәдени және зияткерлік әлеуеті артады деген ұстанымды көбірек таңдады. Ал ұлттық фильмдердің прокаттан түсетін қаржылық қайтарымының төмендігі қоғамдық пікірмен де расталды.

Сонымен, қазақстандық киноның рухани-өнегелік әлеуетін әлеуметтанулық бағыт арқылы зерделеу қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік шындықты талдауға мүмкіндік берді. Зерттеу барысында қазақстандық киноиндустрия өнімдерінің бүгінгі жай-күйі туралы төл деректерге қол жеткіздік. Қазақстандық қоғамда отандық кино өніміне сұраныс артып келеді.

Әлеуметтік зерттеу аясында халықтың ұлттық кинематографияны дамытуға, фильмдердің сапасын арттыруға мүдделі екені анықталды. Қазақстандықтар басқарушылық шешімдер қабылдауға азаматтық белсенділік пен қырағылық танытуда. Сарапшылардың кейбіреуі комедия жанрындағы фильмдерді бәсекелестікті арттырудағы фактор деп қабылдаса, екіншілері оның сапасына алаңдауда. Идеологиялық фильмдердің қаржылық қайтарымынан бөлек, мәдени құндылық, мұра ретіндегі рөлі де маңызды.

2.3 Қазақстандық фильмдерде мемлекеттік саясаттың көрініс табуы

72

тарихи-революциялық, музыкалық комедия және әскери-патриоттық жанрдағы фильмдер деп бөлген [114].

Екінші бағыт интертейменттің әртүрлі тақырыптарын қамтиды, бұл – жекеменшік қаражатқа шоу-бизнес өкілдерінің, эстрада әртістерінің жасап жатқан комедиялары. Негізінен мұндай коммерциялық фильмдер қала мен ауыл, бизнесті жүргізу, ойын-сауықтан құралған өмір салты, отбасылық және тұрмыстық қатынастар, жаман әдеттер сияқты тақырыптарды қамтиды.

Үшінші бағыт өздерінің жеке қаражатына түсірілген жас кинематографистердің жұмыстары. Олардың мағыналық хабары – құндылықтар мен ойлар туралы радикалды мәселелер, әлеуметтік әділеттік, сыбайлас жемқорлық, дәстүрлі және заманауи ойлау мәселелері (21-сурет).

Сурет 21 – Қазіргі заманғы қазақстандық кинода ұсынылатын трендтер

Ескерту – Әдебиет негізінде құралған [64], [114]

Осылайша, мемлекеттік секторда идеологиялық сипаттағы мемлекеттік қолдауға ие болған фильмдер түсірілсе, бизнес-секторда коммерциялық табыс табу, кинопрокатқа шығу үшін, ал жекеменшік секторда көбінесе табыс әкелмейтін, алайда кинофестивальдерге қатысуға арналған фильмдер түсірілуде [113].

Кез келген ел үшін кино – қоғамдағы әлеуметтік шындықты бейнелейтін құрал. Адамдар арасындағы әлеуметтік өзара әрекеттестікті, теңсіздікті, әлеуметтік процестерді және әлеуметтік институттар қызметін сипаттау қабілетіне ие. Жоғарыда атап өткеніміздей, кино – қазіргі заманды сипаттау, тарихтың бейнесі және болашақтың болжамы. Кино – бір жағынан қарағанда шындық, екінші тарапынан – ойдан құрастырылған әлем. Кино – өнер мен бизнестің комбинациясы.

Осылайша, кинематографияның мұндай сипаттамалары мен алуан түрлі аспектілері зерттеушілерге оны әртүрлі ғылыми таным позицияларынан зерттеуге мүмкіндік береді.

73

Мемлекеттік басқару тарапынан киноиндустрияға көзқарас оның мемлекеттік саясат тұжырымдары мен идеологияны көрсете алуын айқындаумен негізделеді. Кино қандай да бір мемлекеттің, өңірдің саяси, әлеуметтік және мәдени-құндылықтық негіздерін «жұмсақ күш» ретінде өзге елдерге трансляциялау мүмкіндігін ұсынады. Сондықтан да кино бүгінде ұлттық идеологияның құрамдас бөлігі, халықтың рухани дамуының ең мықты қаруы саналады. Ал ұлттық қасиет сезімін отандық киноөндіріс арқылы биік деңгейге көтеруге ұмтылатын болсақ, мұндай фильмдерді шынымен де кинематографиямыздың басты жетістіктерінің бірі деуге болады. Кино ең алдымен өз халқына арналуы керек. Сонда ғана ұлттық нақышпен сусындап, жетістіктері де биік болмақ [115].

Бұл бөлімдегі зерттеу негізгі мемлекеттік бағдарламалық құжаттар мен даму тұжырымдамаларының мазмұнын жаппай прокатқа шыққан отандық фильмдердің идеологиялық хабарламаларымен салыстыра отырып талдау арқылы жүзеге асырылды. Талдау мерзімі (хронометражы) 1992 жылдан басталып, 2021 жылдың соңында аяқталады. Бұл уақыт кезеңін қоғамдық дамудың бірнеше кезеңдеріне бөлуге болады. Олардың әрқайсысы белгілі бір салалардағы жаңғыру процестерімен сипатталады:

1) 1992 жылдан 1990 жылдардың аяғына дейін: институционалдық жаңғыру;

2) 1990-жылдардың аяғынан 2012 жылға дейін: экономикалық жаңғыру;

3) 2012-2016 жылдар аралығында: әлеуметтік жаңғыру;

4) 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін: қоғамдық сананы жаңғырту.

Бұл кезеңдерге бөлу шартты түрде екенін айта кеткен жөн. Әр уақыт кезеңінде қоғам өмірінің барлық аспектілеріне әсер ететін күрделі жаңғыру процестері жүреді. Белгілі бір кезеңдерді бөлу кез келген құрамдас бөліктің басым болуына байланысты, алайда басқа факторлардың әсерінің жоқтығын білдірмейді [116].

Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған кезеңде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданды. Қоғамдық дамудың әртүрлі кезеңдерінде белгілі бір басымдықтар белгіленді, ал тұтастай алғанда, көпшіліктің назарында тұрған негізгі мәселелер кешені ескерілді. Олардың ішінде ең маңыздылары: ұлттық бірегейлік, экономикалық, өндірістік, технологиялық даму, сыртқы саясат, білім беру, отбасы саясаты, этникалық-діни келісім, әлеуметтік қамтамасыз ету, халықтың еңбекке көзқарасы мәселелері. Кейіннен жастар саясаты жаңа бағыт ретінде пайда болды. Одан бөлек, қазіргі заманның талаптарына сай жаһандық үрдістердің әсерінен цифрландыру, ақпараттық технологияларды әртүрлі салаларда қолдану, электронды коммерция сияқты процестер мен бағыттар қолға алына бастады.

Аталған аспектілердің бәрі, әртүрлі сипатта кинематографта көрініс тапты. Өнер әрқашан әлеуметтік контекстке және оның өзгерістеріне ден қояды, кино да осының дәлелі болып табылады.

74

Кино қоғам мен оның құрылымын сақтауды қолдайтын құндылық көзқарастардың қалыптасуына әсер етеді [117]. Қазіргі уақытта мемлекеттік идеология тікелей немесе жанама түрде мемлекеттік тапсырыс бойынша түсірілген немесе Ұлттық кинематографияны қолдау жөніндегі мемлекеттік орталық түсірген фильмдерде ғана емес, сонымен қатар киностудиялар мен авторлық жобаларды шығаруда да жиі көрініс тауып отыр деген гипотеза қалыптастыруға болады. Бұл ойды Мишель Фуконың билік дискурсының теориясы тұрғысынан түсіндіруге болады. Дискурс – билікті жүзеге асыру құралы. Бұл субъектілер белгілі бір дискурс шеңберінде ғана толық өзара әрекеттесе алатындай ұйымдастырылған «сөйлеу, мәтіндер және тәжірибелер»

желісі [118]. Білімді өндіруді, келіспеушілік пен айырмашылықты шектейтін, ал кейбіреулері жаңа білім мен айырмашылыққа «рұқсат ететін» дискурстар бар.

Бұл құрылымның ішінде туындайтын сұрақтар кейбір дискурстардың өз беделін қалай сақтайтынына, кейбір «дауыстардың» қалай естілетініне, ал басқаларының үнсіз қалуына байланысты.

Зерттеу дискурстық талдау элементтерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының негізгі идеологиялық-бағдарламалық құжаттары мен қазақстандық аудитория арасында кең танымал болған фильмдердің мазмұнын талдауға негізделген.

Талдау барысында тәуелсіздік алған жылдардан бері елдің даму жолында елеулі рөл атқарған және қазіргі кезеңде де қолданыста жүрген ресми бағдарламалық сипаттағы құжаттардың негізгі ой-тұжырымдары қазіргі заманғы кинода арқау табуы тұрғысынан қарастырылды. Солардың қатарынан мыналарды атап өтуге болады: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бірегейлік тұжырымдамасы; «Қазақстан-2030» даму стратегиясы; «Қазақстан 2050» стратегиясы; «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам»; Өңірлерді дамыту бағдарламасы, «Цифрлық Қазақстан»

мемлекеттік бағдарламасы, «Ұлттық рухани жаңғыру»; «Ұлы даланың жеті қыры», «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мемлекеттік бағдарламалық мақалалар және басқалар.

Аталған бағдарламалық құжаттар мен тұжырымдамалардың әрқайсысы отандық кинематографияда көрініс тапқан әртүрлі құнды құрамдастарды қамтиды (16-кесте).

Тарихи дамудың әртүрлі кезеңдерінде белгілі бір идеологиялық хабарлар басым болды. Олар тек ресми деңгейде ғана емес, сонымен бірге өнер мен шығармашылық арқылы да берілді. Бұл саланың халыққа әсер ету мүмкіндігі жоғары, өйткені ол, әдетте, әсер ету объектісі үшін байқалмайды және мәжбүрлеу сипатында емес.

75

Кесте 16 - Қазақстандық фильмдердегі мемлекеттік саясаттың көрінісі

№ Жаңғыру түрі Кезеңдер Негізгі сипаттамалар

Фильмдер

1 2 3 4 5

1. Институционалдық жаңғыру

1992 жылдан

бастап 90-жылдар

дың соңына

дейін

Идеологиялық

вакуум кезеңі. Ескі тәжірибенің тоқтап қалып, ал жаңасы әлі орнатылмаған жағдайлар. Бұл белгісіздік

кинематографияда көрініс тапты: өзін- өзі тану және анықтау мәселелері болды.

«Сергелдең»

(«Сон во сне»),

«Место на серой треуголке»,

«Стрейнджер»,

«Голубиный звонарь»,

«Жизнеописание юного

аккордиониста»,

«Станция любви»

фильмдері 2. Экономикалық

жаңғыру

1990- жылдар

дың аяғынан

2012 жылға

дейін

Дағдарыс

төмендеген кезде рефлексия дәуірі.

Кең тараған тақырыптардың бірі 90-шы жылдары өршіп тұрған қылмыс тақырыбы болды. 2000 жыл 2-жартысында

тарихи оқиғалар рефлексия

тақырыбына айналды.

«Фара», «Киллер»,

«Рекетир»,

«Сталинге сыйлық»,

«Көшпенді»,

«Моңғол»,

«Алашорда»,

«Мұстафа Шоқай»

фильмдері

3. Әлеуметтік жаңғыру

2012-2016 жылдар

Мотивация кезеңі.

Мемлекеттік

идеологияда және кинода

меритократиялық көзқарастар мен еңбек пен білімге деген ынталандыру басым.

«Препод», «Дорога домой»

(«Қарашаңырақ»),

«Көшбасшы жолы»,

«Армандастар/Ради будущего»,

«Девушка и море»

76

16-кестенің жалғасы

1 2 3 4 5

4. Қоғамдық сананы жаңғырту (рухани жаңғыру)

2017 жылдан

қазіргі уақытқа

дейін

Құндылықтарды қайта бағалау кезеңі.

Идеологиялық

тұрғыдан құндылық бағдарларын

жаңарту бағыты жарияланды, бұл киноөндірісте де көрініс тапты.

«Каникулы off- line», «Аким»,

«Брат или брак»,

«Келинка тоже человек», «My love is Aisulu», «Қазақша бизнес»

Ескерту – Кестені автор әзірлеген

Әрі қарай мемлекеттік бағдарламалық құжаттарда айтылған ой-пікірді қазақстандық кинода қалай берілгені ұсынылады. Елдің даму кезеңіндегі басым бағыттарды, жаңғыру процестерін ескере отырып, институционалдық, экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық сананы жаңғырту тұрғысынан сипатталады.

Институционалдық жаңғыру

Институционалдық жаңғыру кезеңі дамудың жаңа жолын таңдаумен, мемлекеттік басқару жүйесінің өзгеруімен, әлеуметтік институттардың қайта құрылуымен және әміршілдік-әкімшіліктен нарықтық экономикаға көшудің басталуымен сипатталады.

Мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуының бастапқы кезеңі 1990-1993 жылдарға тура келді және елдің дербес дамуға көшуінің, дербес мемлекеттік-басқару жүйесінің негіздерінің қалыптасуының белгісімен өтті. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі өзгерістердің көпшілігі жаңа жүйені құруға емес, ескісін жоюға бағытталған болатын. Басқаша айтқанда, бұрынғы тоталитарлық жүйенің ыдырауы және қоғамдық-саяси қатынастар жүйесін түбегейлі реформалау болды [119].

Мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның алдында нарықтық, әлеуметтік бағдарланған экономикаға көшу міндеті тұрды. Алайда 1990-шы жылдардың басында «саясат экономикадан озып кетті», бұл экономикалық байланыстардың үзілуіне ықпал етті және егемендіктің алғашқы жылдарында теріс тізбекті реакцияға әкелді: зауыттар мен фабрикалар тоқтады, ондаған мың жұмысшылар жұмыссыз қалды, тіршілік көзі болмады. Көптеген ауыл шаруашылығы субъектілері субсидиялар мен дотациялардың тоқтатылуына байланысты кедейлікке ұшырады, нәтижесінде совхоздар мен колхоздар банкротқа ұшырады. Сондықтан бұрынғы Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстанның экономикалық жағдайы айтарлықтай нашарлады [120].

77

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруінің алғашқы кезеңдерінде кеңестік социалистік жүйе ыдырағаннан кейін пайда болған идеологиялық вакуумды толтыру қажет болды. Белгілі бір аномия жағдайы пайда болды – заттардың ескі тәртібі өмір сүруін тоқтатты, ал жаңасы әлі орнаған жоқ еді. Бұл белгісіздік кинода көрініс тапты. Мәселен,

«Сергелдең» («Сон во сне») фильмінде кейіпкер қандай да бір түрде бірнеше өлшемде өмір сүреді: өз жұмысында, шынайы өмірде және түсінде. «Место на серой треуголке» картинасы бос өмір салтын ұстанатын, оның ішінде алкогольді, есірткіні және бос әңгімені негіз тұтатын жас жігіттің өмірінің бірнеше күндерін көрсетеді. Оның өмірі бір мағынада бос және белгісіздікке толы. «Стрейнджер» фильмінің тұжырымдамасы – салыстырмалылық, адамдар мен адам болмысының өзі арасындағы байланыстың бекем болмауы, өмірдің әрбір келесі сәтін болжау мүмкін еместігі. «Голубиный звонарь» - кейіпкердің өміріндегі қайғылы оқиғалар тізбегі. «Жизнеописание юного аккордиониста» - қиын өмірлік жағдайға тап болған бала туралы әңгіме. «Станция любви»

кейіпкерлердің жолдары бір-бірінен алшақтап, тек көп жылдардан кейін, сәттілікпен қайта қосылады [121].

Бұл кезеңде түсірілген фильмдер кейіпкерлердің өміріндегі оқиғалардың көпшілігі олардың іс-әрекетінің нәтижесінде емес, кездейсоқ болатындығымен ерекшеленеді. Кейіпкерлер тағдырдың алдында біраз адасқан және дәрменсіз болып келеді. Бұл маргиналды киноның уақыты, онда кейіпкерлер өз өміріне қатысты шешім қабылдамаған, олардың әрекеттері оқиғалардың нәтижесіне аз әсер етеді.

1996 жылы мамырда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бірегейлігін қалыптастыру тұжырымдамасы» қабылданды. Оған сәйкес «Этнос эволюциясы қисынының өзі ұлттың өмір сүруі мен дамуының материалдық және рухани жағдайларын қамтамасыз ететін құрал ретінде мемлекеттің пайда болу қажеттілігін айқындап береді» деп айтылған [122].

90-жылдары түсірілген тарихи фильмдер негізінен шығармашылық тұлғаларға арналған: ақындарға, жазушыларға, композиторларға («Юность Жамбыла/Жамбыл», «Абай», «Шәкәрімнің соңғы күзі»). Осы кезеңде мемлекеттің көшбасшылары, жаулап алушылар және саяси қайраткерлер туралы фильмдер іс жүзінде жоқ, кинематограф «өткір бұрыштарды», әлеуметтік-экономикалық проблемаларды айналып өтуге тырысады.

Кейіпкерлердің өзін-өзі анықтауы мен өзін-өзі тануы туралы сұрақтар көп болды, өмірдің алдын-ала болжанбауы және тағдырдың адамның еркінен басым болуы туралы сюжеттік желілер танымал болды.

Экономикалық жаңғыру

Институционалдық және экономикалық реформалар кезеңінен кейін 2000 жылдардағы «тез ақшаға мас болу» және халықтың тұтынушылық қабілетінің артуымен шикізат бумы кезеңі басталды [123]. 1997 жылы «Қазақстан-2030»

даму стратегиясы қабылданып, ол таяудағы 10 жылдықтың даму басымдықтарын айқындады. Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейі бар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу

78

стратегияның маңызды басымдығы деп аталды [124]. «Қазақстан-2030»

стратегиясына дамумен байланысты девелопменталистік көзқарас тән болды.

Басты мақсат Қазақстанды «Азия жолбарыстары» болып табылатын Сингапур мен Малайзияның даму деңгейіне қол жеткізуге қабілетті экономикалық және саяси жағынан жоғары дамыған мемлекетке айналдыру болды. Ұлттық идеяның бұл құрамдас бөлігі этностық қатыстылығына және өзге де әлеуметтік- демографиялық белгілеріне қарамастан, барлық қазақстандықтарды біріктіруге арналған.

1990-жылдардың аяғында – 2000 жылдардың басында дағдарыс төмендеген кезде рефлексия дәуірі келді. Содан кейін рефлексияға арналған кең тараған тақырыптардың бірі 90-шы жылдары өршіп тұрған қылмыс тақырыбы болды («Фара», «Киллер», «Рекетир» фильмдері). 2000 жылдардың екінші жартысында тарихи оқиғалар («Сталинге сыйлық», «Көшпенді», «Моңғол»,

«Алашорда», «Мұстафа Шоқай» фильмдері) рефлексия тақырыбына айналды.

Тоқсаныншы жылдардағы шығармашылық тұлғаларға арналған тарихи таспалардан айырмашылығы 2000 жылдардағы фильмдер саясат, шайқастар және ұлттық бірегейлікті қалыптастыру тақырыптарын қамтыды. Бұл орайда,

«Көшпенді» фильмінің Қазақстан киноиндустриясына қосқан үлесін айта кеткен жөн. Бұл фильмді қабылдау әртүрлі болды: біреулер оны блокбастер деп атап, ауқымды жоба болғанын айтса, кейбіреулер басты рөлді шетелдік әртістердің сомдағанына наразы болды. Дегенмен де аталған фильмнің отандық киноиндустрияның дамуына үлес қосқанын мойындаған жөн. Тарихи декорациялар жасалынды, тақырыптық костюмдер тігілді, шетелдік әріптестермен жұмыс істеу тәжірибесі қалыптасты, арнайы технологиялар сатып алынды, елдің тарихына арналған фильмді шетелге ұсынуға мүмкіндік туды.

Қазақстанның экономикалық дамуында астананың алар орны ерекше болғаны белгілі. Қаланың инфрақұрылымдық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуы кейбір фильмдер мен теледидар өнімдерінде арқау болды.

Мәселен, «Астанаға көктем кеш келеді» фильмі адамдардың тағдырын сипаттай келе, елдің астанасын жаңадан салуда болып жатқан тарихи кезеңдерді көрсетеді. «Байтерек» ауылда тұратын балалардың елордаға келуін баяндайды.

«Астана – махаббатым менің» сериалы қаланың құрылысы, компаниялар арасындағы бәсекелестік, халықаралық іскери байланыстар, этносаралық қарым-қатынастар, отбасылық құндылықтар, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі сияқты әлеуметтік маңызы бар кешенді тақырыптарды ұсынады.

Әлеуметтік жаңғыру

2012 жылы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Ол экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы теңгерімге қол жеткізу және сындарлы әлеуметтік саясат бағытын жариялады. Жаһандық бәсекелестік жағдайында әлеуметтік жаңғыру саясатының негізінде шынайы өнімді еңбек жатыр. Елдің әлеуметтік жаңғыру тұжырымдамасы ең алдымен азаматтардың санасын – масылдық көңіл-күйден

79

белсенді өмірлік ұстанымға нақты трансформациялауды, қайта құруды тұспалдады. Негізінде «аз жұмыс істеу – көбірек алу» деген ұстанымға негізделген әлеуметтік инфантилизм құбылысы қазақстандық қоғам үшін орынсыз құбылыс ретінде айқындалды [125].

Осы кезеңде түсірілген ойын-сауық фильмдері мемлекеттік идеология аясында тікелей емес, сонымен қатар айқын емес, жанама хабарларды да жеткізді. Мәселен, «Келинка Сабина» комедиясында Өңірлерді дамыту бағдарламасының идеялары көрініс табады (ауылдық жерлерде инфрақұрылымды дамыту қажеттілігі). 2012 жылғы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында әлеуметтік жаңғыруға кедергі ретінде белгіленген әлеуметтік инфантилизм проблемасы өзекті бола түсуде.

Бұл бағдарламалық мақаланың мағыналық идеялары мен хабарлары басқа да отандық фильмдерде кездеседі: «Препод» фильмі – жоғары білім берудің өзекті мәселелері, жоғары білікті мамандарға сұраныс; «Дорога домой»

(«Қарашаңырақ») картинасы – дәстүрлі құндылықтар мен заманауи білім берудің үйлесімі, жастардың шетелде жұмыс істеуі; «Көшбасшы жолы» – металлургтен мемлекет басшысына дейінгі жолдан өткен Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы фильм Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының меритократиялық идеяларын қамтиды. «Армандастар/Ради будущего» фильмі Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленген студенттердің өміріндегі нақты оқиғаларға негізделген, жас мемлекеттің қалыптасу фонында қаһармандардың жеке тұлғалық қалыптасуы, алға қойған мақсаттары мен өмірлік жоспарлары орын алады. Осы кезеңнің фильмдеріне мынадай идея тән: тек қажырлы еңбегімен, өмірлік қиындықтар мен бөгеттерге мойымай, табысқа қол жеткізуге болады.

Сонымен қоса, көптеген отандық фильмдерде әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары да репрезентацияланған. Мысалы, «Девушка и море», «Әкеге қоңырау шалу» фильмдері мүмкіндігі шектеулі адамдардың, айрықша жағдайдағы адамдардың қоғамдағы орны, өмір үшін күресі мәселесін қозғайды.

«Оралман» фильмі – шетелдегі этникалық қазақтар, репатрианттардың әлеуметтік бейімделуі.

Қоғамдық сананы жаңғырту (рухани жаңғыру)

2017 жылдың сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қоғамдық сананы жаңғыртудың бастауын көрсетті [126]. Мынадай негізгі бағыттар анықталды: білімнің салтанат құруы, жеке тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі, прагматизм, эволюциялық даму, ұлттық бірегейлікті сақтау және сананың ашықтығы. Мақалада айтылғандай, халықтың санасында осы қасиеттер мен құндылықтарды тәрбиелеу және нығайту маңызды. Рухани-адамгершілік тәрбие өзінің оң көрінісінде консерватизм элементтерін ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақтың интеллектуалдық дамуы саласындағы модернистік бағыттарды да қамтуы керек.

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңыздылығы атап өтілді. Бүгінгі таңда ұлттық бірегейлікті

80

қалыптастыру қоғамда ғана емес, сонымен қатар сыртқы факторлардың ықпалымен жүріп жатқан кезде жастардың санасында ұлттық құндылықтарды - тілді, мәдениетті, салт-дәстүрді (мәдени кодты) сақтауды нығайту маңызды.

Мәдени кодты сақтау мәселелері «Каникулы off-line» комедиялық фильмінде ашылған. Мұнда салт-дәстүрдің маңыздылығы, тарихи тамырлармен байланысын сақтау, урбанизацияның күшеюі және ауылды қолдаудың қажеттілігі туралы ойлар қызыл жіптей өрбиді.

Мәдени кодты сақтау (ұлттық бірегейлік, тілді білу, ұлтжандылық) мәселелері «Аким» фильмінде жаңартылған, онда қалада мансаптық өсу идеясына бой алдырған басты кейіпкер ақырында бұл туралы ойлана бастайды, ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге күш салады. Сонымен қоса, бұл картинада мемлекеттік басқару жүйесінде болып жатқан кемшіліктер, оның ішінде шенеуніктердің сыбайлас жемқорлыққа бет бұруы, цифрландыру бағдарламасының толық іске аспауы, Интернеттің жоқтығы, мемлекеттік тілді жеткілікті меңгермеу, шалғай аймақтардың экономикалық жағдайының нашарлығы, сумен қамтамасыз етілмеуі көрсетілген. Кинода осындай әлеуметтік мәселелерді ұсыну арқылы кино жасаушылар елдегі өзекті мәселелерді шешудің маңыздылығын жеткізуге тырысты. Сонымен қоса, бұл фильм қала мен ауыл өмірінің қарама-қайшылығы көрсете отырып, қазіргі қазақстандық жастардың ауылда тұрғысы келмейтінін, барынша қалалық өмірге ұмтылысын көрсетеді. Бұл ауылда жастардың дамуына мүмкіндіктің аздығынан болатынын білдіреді.

Мәдени код отбасылық құндылықтарды да қамтиды. Отбасы негізгі әлеуметтік институт болып табылады, сондықтан отбасылық құндылықтарды қалыптастыру рухани-адамгершілік тәрбиенің басымдығы болып табылады.

Үйлесімді отбасы негіздерін сақтау – қазақстандық социумның қалыпты және толыққанды жұмыс істеуінің кепілі. «Келинка тоже человек», «Брат или брак»

фильмдерінде отбасылық құндылықтар мен отбасылық өзара түсіністік мәселелері көтеріледі.

Тәуелсіздік жылдарында гендерлік саясат айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Бірқатар прогрессивті үрдістер белгіленді: гендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталған құжаттарды қабылдау, партиялық тізімдер үшін гендерлік квоталарды енгізу, әйелдер кәсіпкерлігіне жеңілдікпен несие беру, гендерлік бағдарланған бюджеттеуді енгізу туралы мәселені қарау [127].

Соңғы бес жылда күшті, ақылды, тәуелсіз, өзін-өзі қамтамасыз ететін әйелдердің бейнелерін көрсететін фильмдер саны айтарлықтай өсті. 2019 жылы массагет патшайымына арналған «Томирис» фильмі жарық көрді, ол жауынгер және билеуші рөлдерін біріктірді. Бұрын, егер отандық өндірістің тарихи фильмдерінде көшбасшылар мен билеушілердің бейнелері пайда болса, онда бұл, әдетте, ер адамдар болатын. Әйелдердің тарихи тұрғыда басты қаһарман болуы өте сирек еді.

Ойын-сауық киносы сонымен қатар гендерлік рөлдерді қайта қарастыруды көрсетеді: «Каникулы off-line» фильмінде «қыз сияқты істеу»

деген сөз қыздарды ренжітуі ықтимал және қыздардың ұлдар сияқты

81

қиындықтарды жеңе алатынын және одан кем емес жетістікке жете алатынын атап өтуге болады. «Келинка тоже человек 2» комедиясында ерлі-зайыптылар арасындағы гендерлік рөлдермен алмасу көрсетілген, ерлер мен әйелдердің гендерлік әлеуметтену мәселелері күлкіге негізделген түрде ашылған.

Осы кезеңдегі фильмдерде дәстүрлі және заманауи, қалалық және ауылдық өмір салтының өзара іс-қимылы «Каникулы off-line», «Әкім»

фильмдерінде көрсетілген; жаһандану және ұлттық сәйкестілік – «My love is Aisulu», «Қазақша бизнес» фильмдер топтамасында көрсетілген. Кейіпкерлер көбінесе ағылшын тілін біледі және шетелдік білімі бар. Түрлі мәдениеттер мен өмір салттарының өзара әрекеттестігі қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі компоненттерінің бірі – «сананың ашықтығы» көрсеткіші болып табылады.

Сананың ашықтығы өзгенің тәжірибесін алу, басқалардан үйрену қабілетін қамтиды [126].

Соңғы онжылдықта қазақстандық кинематограф бұрын көп жарияланбаған және белгілі бір дәрежеде өткір әлеуметтік мәселелерді қозғай бастады. Олардың қатарына: сыбайлас жемқорлық мәселелері, педофилия –

«Черный, черный человек», еңбек көші-қоны және мигранттарды қанау –

«Айка», әлеуметтік жетімдік, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі – «Я не вернусь», мектептердегі буллинг және оның салдары – «Уроки гармонии»

фильмдерінде көрініс тапты.

Егер 2000 жылдарды кинематографта өткенге рефлексия деп атауға болатын болса, онда қазіргі заманғы кино ағымдағы мәселелерді байыпты немесе күлкілі түрде көрсетеді, көрерменнің өзгеруге деген ұмтылысын тудырады және ойлануға мәжбүр етеді. Құндылықтарды қайта бағалаудың өзіндік түрі бар: материалдық құндылықтар (байлық, экономикалық мәртебе) білімнің табынуымен, прагматизммен, мәдени кодты сақтау идеясымен және өзгеруге дайындықпен алмастырылады.

Бұдан бөлек атап өтетін мәселе – тарихи жады. «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», «Төле би», «Әміре», «Томирис», «Балуан шолақ» сияқты тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалардың өмірін, мәдени мұрасын сипаттауға, дәріптеуге бағытталған тарихи фильмдердің орны бір бөлек. Бұл тарихи фильмдер – Қазақстан үшін әлемдік киноиндустрияға енуге бірегей мүмкіндік.

ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырларда өмір сүрген тұлғалар мен қазіргі заманның батыры болып саналатын тұлғаларға арналған фильмдер де мемлекеттік тапсырыстың басты бағыттарының бірі. Мәселен, «Қаныш. Қазына»,

«Мұқағали», «Ақын», «Дос-Мұқасан» фильмдері. Сонымен бірге, соңғы жылдары спорт, дене тәрбиесі арқылы тұлғаның қалыптасуы, жетістіктерге жетуі, ер-жігітке тән қасиеттерді қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстану тақырыптары көркемдік және деректі фильмдерге арқау болып жүр («Жақсылық», «Боксшы» фильмдері).

Демек, мемлекеттік идеология кинода көрініс тауып, бұқаралық санаға әсер етуін жалғастыруда. Әрбір кино айқын немесе жасырын түрде белгілі бір мән-мағына беруге тырысады (22-сурет). Сол себепті киноны әсер ету құралы

82

ретінде ұтымды пайдаланған жағдайда оның әлеуметтік тиімділігі жоғары болады.

Сурет 22 – Кинодағы мемлекеттік саясаттың негізгі идеяларының көрініс табуы

Ескерту – Суретті автор әзірлеген

Фильмдердің көрнекі күші мен олардың баяндаулары адамдардың күтуін бейсаналық түрде қалыптастырады. Тұлғаның қалыптасу процесінде адамның отбасы, қоршаған ортасы, сонымен бірге кино да елеулі рөл атқарады. Бұл әсіресе балаларды тәрбиелеу кезінде маңызды. Бала өмірден немесе фильмдерден көргендерінің үзінділерін, әртүрлі таныс белгілерді пайдаланып, қайталауға бейім. Сондықтан фильмдердің мағыналық жүктемесіне мән беру маңызды.

Әдетте фильмдер барлық елде өзекті өмірлік және әлеуметтік мәселелерді көтереді. Фильмдердегі ортақ мотивтер: ата-ана мен бала арасындағы қарым- қатынас, махаббат пен келісім, бәсекелестік, мансап құру, жақсы өмір табуға тырысу, әлеуметтік теңсіздік, кедейлік, патриотизм және басқалар (17-кесте).

Кесте 17 – Шетелдік фильмдердегі мағыналық хабарламалар Фильмдердің

атауы Жылы Шығарған елі Кинода көтерілген тақырыптар, негізгі мағына

1 2 3 4

Холоп 2019 Ресей тәрбиелік мән, жастардың өнегелік құндылықтары