• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Қазақстанның кино өнімдерін қоғамның қабылдауы

Кино әлеуметтік-коммуникативті құрал ретінде құндылықтар жүйесіне, халықтың қалың топтарына әсер етуде маңызды рөл атқарады. Оның қоғамдық сананы қалыптастыруға әсер ету қабілеті өзекті. Кинопроцесс жүйесінде тиімді кері байланыстың болғаны жөн. Қоғамның кинематографқа қажеттілігін, кино мен әлеуметтің өзара байланысын талдау маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Киноиндустрия саласындағы қоғамдық мәселелерге әлеуметтік инжиниринг, мониторинг, рефлексия жасау қазіргі жаңғыру жағдайында тиімді мемлекеттік басқарудың маңызды компоненттерінің бірі. Сол себепті біз отандық киноиндустрияға әлеуметтік рефлексия жасауда ұлттық фильмдерді азаматтардың қабылдауы мен сарапшылық көзқарастың талдауын ұсынуға тырыстық.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерінде сарапшылық қауымдастық арасында фильмдердің контентіне, шығармашылық берілуі және көркемдік деңгейіне қатысты, одан бөлек, киноиндустрия саласының негізгі проблемалары мен даму келешегі туралы пікір-таластарды байқауға болады.

Бұл ретте, қарапайым халық пен сарапшылық қауымдастықтың пікірлері қандай? Қазақстандық кино саласындағы басқарушылық шешімдерді азаматтар қалай қабылдады? Отандық киноға деген көзқарасы мен қабылдауы қандай?

деген сұрақтар туындайды. Аталған сұрақтарға жауап алу үшін бұқаралық сұрау әдісі арқылы әлеуметтанулық зерттеу жүргізген жөн. Әлеуметтанулық диагностика арқылы киноиндустрияны мемлекеттік басқару саласындағы тәуекелдер мен мүмкіндіктерді анықтауға көмектеседі.

Диссертациялық жұмыс барысында қазіргі қазақстандық кино, соның ішінде ұлттық фильмдердің мәртебесі мен кино саласындағы басқарушылық шешімдерге қоғамдастықтың араласуы туралы сапалы мәліметтер алу үшін азаматтардан әлеуметтанулық сұрау жүргізілді (Қосымша Б). Сұрау нәтижелерін Қазақстанның бүкіл халқына репрезентациялау көзделмеген.

Себебі бұл сұрау республика бойынша массивті сандық мәліметтер алу, болжамдау үшін емес, авторлық зерттеу аясында ұлттық фильмдерге қатысты сапалық қосымша мәліметтер жинақтау, осы аядағы проблемалық мәселені сипаттау мақсатында жүзеге асырылды. Сұрауға 222 респондент қатысты.

Оның ішінде әйелдер – 59,9%, ерлер – 40,1%. Респонденттердің айтарлықтай үлесін 30-39 жас аралығындағылар – 52,7%, 33,8%-ы – 18-29 жас, 10,9%-ы – 40- 49 жас, 2,6%-ы – 50 жастан асқандар құрайды.

Зерттеу мақсатына жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

– азаматтардың қазақстандық киноны, ұлттық фильмдерді қабылдауын айқындау;

– қазіргі заманғы фильмдердің сапасын бағалау;

60

– қоғамдық көзқараспен отандық киноиндустрияның жетістіктері мен кемшіліктерін айқындау;

– киноиндустрия саласындағы басқарушылық шешімдерге халықтың қатысу ықтималдығын анықтау.

Бұл сұраудың тұжырымдамалық бағдарламасын әзірлеу барысында алдын ала мынадай жұмыс гипотезалары ұсынылған болатын:

1. Жұртшылықтың киноиндустрия саласындағы басқарушылық процестерге қатысуы төменгі деңгейде деген болжам жасалады. Мұндай болжам саланың жабық, жеткілікті түрде ашық болмауымен негізделеді.

Халықтың қызығушылығы бір ғана – фильмдерді көру функциясымен шектеледі. Азаматтардың кинопроцесске қатысуының болжамды формасы – әлеуметтік желілерде репост жасап, бөлісу.

2. Халықтың көпшілігі мемлекет қаржыландыратын киножобалар мен олардың тақырыптарын анықтауда азаматтардың пікірін ескеру қажет деген пікірді ұстанады, себебі фильмдерді шығару үшін бөлінген мемлекеттік қаражат әдетте салық төлеушілердің ақшасы, сол себепті халық пікірін ескеру жөн деген болжам жасалады.

3. Халықтың басым бөлігі қазіргі заманғы қазақстандық фильмдердің сапасын орташа деңгейде бағалайды (5-баллдық шкала негізінде 3 немесе 4 баллдан жоғары емес).

4. Азаматтардың арасында қазақстандық ұлттық фильмдерді ұнатпайтындар басым. Бұған көбінесе сюжеттің қызық емес болуы, монотондылық және актерлер құрамының өзгеріссіздігі себеп болуы ықтимал.

5. Азаматтар ұлттық фильмдерден көбінесе елімізді таныту, әлемдік кинонарыққа шығу мүмкіндігі сияқты нәтижелілікті күтеді. Ал олардың прокаттан түсетін қаржылық қайтарымдығының ықтималдылығы төмен.

Бұл болжамдардың дұрыстығын сипаттамас бұрын сұраудың негізгі нәтижелерін ұсыну қажет. Алдымен сұрауға қатысқан азаматтардың қандай отандық фильмдерді ұнататынын және не себепті екенін білуден бастадық.

Сауалнамаға қатысқан халықтың фильмдер (жанрлар) бойынша қалаулары мынадай. Көп ұнайтын үш жанрдың ішінде комедиялық фильмдер басым – 52,7%, одан кейін тарихи фильмдер – 42,8%, драма (мелодрама) – 25,7%. Боевик жанрындағы фильмдерді аз ұнатады – 6,8% (12-сурет).

«Қазақстандық фильмдер не себепті ұнайды?» деген сұраққа респонденттер мынадай жауаптарды белгіледі:

– қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның көрінісін сипаттауы (47,4%);

– мазмұны, мәні (34,4%);

– қызықты оқиғаның арқау болуы (28,6%);

– әдемі локациялар, декорациялар (28,6%);

– актерлердің, режиссерлердің, продюссерлердің кәсіби шеберлігі (20,3%).

61

Сурет 12 – Қандай қазақстандық фильмдер (жанрлар) ұнайды?

Ескерту – Суретті сұрау нәтижелерінің негізінде автор әзірлеген

Бұл ретте, қазіргі қазақстандық фильмдерді ұнатпайтын азаматтар бар, оның түрлі себептері ретінде мыналар атап өтілді: бір актерлердің бірнеше фильмдерге қайта-қайта түсе беруі (54%), кейбір актерлердің қабілеттілігінің төмендігі, нашар ойнауы (48,8%), қызықсыз сюжеттер (38,1%), түсірілген фильмдер сапасы (36,7%), мазмұндық мағынаның жоқтығы (26,5%), тұрмыстық сөздер мен жаргондардың көп қолданылуы (13,5%) (13-сурет).

Сурет 13 – Қазақстандық фильмдер не себепті ұнамайды?

Ескерту – Суретті сұрау нәтижелерінің негізінде автор әзірлеген

Бұдан бөлек, кейбір респонденттер тарапынан «фильмдерде жаңашылдық жоқ», «қызықты оригиналды сценарий қажет», «бәрі қайталана береді», «той туралы немесе қазақтардың тұрмысы туралы фильмдер көп», «жасанды ойнайды», «қазақ тілді контент өте аз» деген сияқты жауаптар көрсетілді.

52,7%

42,8%

25,7%

13,1% 17,6%

6,8%

13,5%

4,5%

0,0%

10,0%

20,0%

30,0%

40,0%

50,0%

60,0%

Комедиялық Тарихи Драма Патриоттық Деректі Боевик Ұнамайды Жауап беруге

қиналамын

38,1%

29,8%

26,5%

48,8%

54,0%

28,8%

1,9%

13,5%

36,7%

0,0% 10,0% 20,0% 30,0% 40,0% 50,0% 60,0%

Қызық емес сюжет Монотондылық Мағыналық контенттің жоқтығы Актерлердің нашар ойыны Фильмдерде актерлердің қайталана беруі

Режиссерлердің, продюсерлердің кәсіби … Қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністері Жаргондар мен тұрмыстық сөздерді жиі қолдану Фильмдердің сапасы

62

Қазіргі заманғы қазақстандық киноиндустрия саласындағы кемшіліктерді айқындауда респонденттер мына нұсқаларды ұсынды:

– прокаттағы отандық фильмдердің үлесінің төмендігі (39,2%);

– ұлттық фильмдердің қаржылық қайтарымының жоқтығы (47,3%);

– фильмдер сапасының төмен деңгейі (66,7%);

– кинотеатрлар мен кинозалдардың жетіспеушілігі (11,3%).

Бұдан бөлек, «дарынды дебютанттармен жұмыс істегісі келмеу»,

«жағдайлар жасалмаған», «бәсекелестіктің төменгі деңгейі», «индустрияның монополизациясы», «кинодағы мемлекеттік капиталдың басымдығы»,

«мамандардың жоқтығы» деген сияқты қосымша нұсқалар ұсынылды. Бұл нұсқалар да мемлекеттік және қоғамдық назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелер.

Қазіргі кезеңде түсіріліп жатқан фильмдердің сапасының төмен болуы да назардан тыс қалған жоқ. Сұрау барысында респонденттерге қазіргі заманғы қазақстандық фильмдердің сапасын 5-баллдық шкаламен бағалау ұсынылды.

Бағалауда 1-балл ең төменгі, ал 5-балл ең жоғары шаманы білдірді (14-сурет).

Сурет 14 – Қазақстандық фильмдердің сапасын бағалау

Ескерту – Суретті сұрау нәтижелерінің негізінде автор әзірлеген

Азаматтардың субъективті бағалауы нәтижесінде тарихи және комедиялық фильмдер ғана 5-баллға ие болды. Дегенмен де олардың үлес салмағы көп емес – 33 және 35 бірлік шамасында ғана. Жалпы, барлық жанрлар бойынша фильмдердің сапасы «орташа» (3-балл) деген бағаға иеленді. Сапасы жағынан төменгі баға боевик жанрындағы отандық фильмдерге берілді.

Фильмнің сапасын бағалауды кәсіби қоғамдастық тарапынан да, көрерменнің, аудиторияның бағалауы тұрғысынан да қарастрыруға болады.

Кәсіби кинематографистік қоғамдастықтың бағасы фестивальдер және кино саласындағы сыйлықтар арқылы беріледі. Кәсіби бағалауға келетін болсақ,

1

2

3 4

5

Комедиялық Тарихи Драма Патриоттық Деректі Боевик

63

марапаттардың объективтілік дәрежесі, сынның біржақтылығы және басқа да келіспеушіліктер әрқашан болады, сондықтан фильмнің сапасын аудитория бағалауының тұжырымдамасын егжей-тегжейлі қарастырған жөн. Фильмге көп көрермен келуі мүмкін, бірақ көргеннен кейін олар жұмсаған ақшасы мен уақытына өкініп қалатын жағдайлар болады. Фильмнің сапасы деп оның кең аудиторияны тарту қабілеті емес, көрерменнің көңілінен шығу мүмкіндігі болуы ықтимал [111].

Сонымен қоса, сұрау барысында халықтың ұлттық фильмдерге деген көзқарасы айқындалып, мемлекеттің ұлттық кинематографияны дамытудағы жұмысының тиімділігіне, сондай-ақ заманауи қазақстандық фильмдерді қабылдауға баға берілді.

Бұған дейін атап өтілгендей, Қазақстанда ұлттық фильмдер мемлекет қаражаты есебінен түсірілуде басымдыққа ие. Респонденттердің 69,8%-ы мемлекет ұлттық кинематографияны қаржыландыру қажет екенін атап өтті. Ал респонденттердің 19,4%-ы мұндай қаржыландыруға қарсы болса, 10,8%-ы жауап беруге қиналған (15-сурет).

Сурет 15 – Ұлттық фильмдерді мемлекет қаржыландыруы қажет пе?

Ескерту – Суретті сұрау нәтижелерінің негізінде автор әзірлеген

Азаматтардың 55,9%-ы атап өткендей, мемлекет қаржыландыратын әлеуметтік маңызы бар фильмдер халықтың қызығушылығын тудырмайды, олардың бюджеті іс жүзінде өзін ақтамайды. «Ұлттық фильмдер жоғары көркемдік деңгейде жасалып, халықтың рухани сұранысын қанағаттандырады, мемлекеттік мүддеге, елдің танылуына қызмет етеді» деген пікірді халықтың 12,6% ғана қолдаған.

Ұлттық кинематографияны дамытудағы мемлекет жұмысының тиімділігіне келсек, 5 балдық жүйемен бағалаған респонденттер жұмыстың тиімділігін «орташа» (45,5%) деп бағалады. 10,9% жоғары тиімді деп санаса, 18% төмен баға берді (16-сурет).

69,8%

19,4%

10,8%

Иә Жоқ Жауап беруге қиналамын

64

Сурет 16 – Мемлекеттің ұлттық киноны дамыту қызметінің тиімділігін қалай бағалайсыз?

Ескерту – Суретті сұрау нәтижелерінің негізінде автор әзірлеген

Сұрауға қатысқан азаматтардың пікірінше, мемлекет қаржыландыратын ұлттық фильмдер түсіру мынадай нәтижелер беруі тиіс:

– азаматтардың мәдени және зияткерлік әлеуетінің артуы (69,8%);

– елдің әлемдік аренадағы имиджі, танылуы (56,8%);

– кірісті ұлғайту мақсатында әлемдік кино нарығына шығу (53,6%);

– фильмдердің өзін-өзі ақтауы, ел бюджетіне қаржының қайтарымдылығы (41,4%).

Азаматтардың пікірінше, ұлттық киноның тартымдылығын арттырудың қажетті шаралары мынадай:

– жасалып жатқан фильмдердің сапасы бойынша жұмысты күшейту (81,5%),

– фильмдерде заманауи шындықтың өзекті мәселелерін көрсету (58,6%), – қаржыландыруды арттыру (35,6%),

– шетелдік әртістерді актерлік құрамға тарту (18,5%) (17-кесте).

Сурет 17 – Қазақстандық (ұлттық) киноның тартымдылығын арттыру үшін қандай шаралар қажет?

Ескерту – Суретті сұрау нәтижелерінің негізінде автор әзірлеген

18,0%

25,7%

45,5%

8,6%

2,3%

0,0% 5,0% 10,0% 15,0% 20,0% 25,0% 30,0% 35,0% 40,0% 45,0% 50,0%

1-өте төмен 2-төмен 3-орташа 4-орташадан жоғары 5-өте жоғары

81,5%

58,6%

35,6%

18,5%

0,0%

10,0%

20,0%

30,0%

40,0%

50,0%

60,0%

70,0%

80,0%

90,0%

фильмдердің сапасын арттыру жұмыстарын

күшейту

фильмдерде заманауи шындықтың өзекті мәселелерін көрсету

қаржыландыруды

арттыру шетелдік әртістерді актерлік құрамға тарту

65

Қоғамдастықтың басқарушылық шешімдер қабылдауға белсенді қатысуы киноиндустрия саласына да тән құбылыс. Мемлекеттің бюджетіне түсірілетін фильмдердің сапасы, қаржысы, тиімділігі, әсері сияқты негізгі критерийлер бойынша қоғамдық талқылау саланың дамуына ықпал ете алады.

Мемлекет қаржыландыратын киножобаларды жоспарлауда немесе іріктеуде сұраулар, фокус-топтар, экзит-пул сияқты әдістер арқылы халықтың пікірін біліп отыру қажетті жұмыс деп есептейміз. Бұл – әлеуметтік аудит жүргізудегі басты құралдардың бірі. Мұны біздің сұрауға қатысқан респонденттер де растады (18-сурет).

Сурет 18 – Мемлекет қаржыландыратын киножобаларды жоспарлауда немесе іріктеуде халықтың пікірін біліп отыру қажет пе?

Ескерту – Суретті сұрау нәтижелерінің негізінде автор әзірлеген

18-суреттен байқағанымыздай, сұралған халықтың жартысынан көбі (63,5%) фильмдерді түсіру үшін мемлекеттен бөлінетін қаражат салық төлеушілердің, яғни қарапайым халықтың ақшасы болғандықтан азаматтардың пікірі ескерілуі тиіс деп санайды. Бұл ретте, назар аударатын тағы бір өзекті мәселе – сарапшылық қауымдастықтың белсенділігі. Сұрауға қатысқандардың бір ширек бөлігі (32,9%) кәсіби мамандармен, сарапшылармен талқылаудың жеткілікті екенін білдірді. Бұл мәселе қоғамдастықпен бірге сарапшылардың да елеулі рөлі мен ұлттық фильмдердің тақырыптарын, мазмұндық, идеологиялық әсерін, қаржылық әлеуетін, тартымдылық мүмкіндіктерін жоспарлаудағы маңызды қызметінің қажеттілігін негіздейді.

Халықтың кинопроцесске араласуы таңғаларлық құбылыс емес.

Мемлекеттік бюджетке түсірілетін ұлттық фильмдердің жасалу барысы азаматтарды мүлде алаңдатпайды деп айта алмаймыз. Мұны сұрау нәтижелерінен байқадық (19-сурет).

63,5%

32,9%

0,9% 2,7%

Иа, халықтың пікірі ескерілуі тиіс

Кәсіби қауымдастықпен, сарапшылармен

талқылау жеткілікті Жоқ, мемлекет өзі шешуі тиіс

Басқа жауаптар

66

Сурет 19 – Мемлекет бюджеті есебінен түсірілетін фильмнің өндірісіне қатысқыңыз келе ме?

Ескерту – Суретті сұрау нәтижелерінің негізінде автор әзірлеген

Киноөндіріске қатысуға ниет білдірген азаматтардан бұл қатысу қандай сипатта іске асатынын білуді жөн көрдік (20-сурет).

Сурет 20 – Ұлттық киноның өндірісіне қалай атсалысатын едіңіз?

Ескерту – Суретті сұрау нәтижелерінің негізінде автор әзірлеген

Мүдделі халық кино процеске жалпы қалай қатыса алады? Біздің пікірімізше, кино саласына халықтың қызығушылық білдіруіне, қатыстырылуына ықпал етуші тетіктер ретінде мыналар көзделеді: кастингке қатысу, фильмдердің идеялары мен проблемалық мәселелерін талқылауға қатысу, түсірілім үшін локация ұсыну, фильмдерді ілгерілетуге атсалысу, әлеуметтік желілерде фильмдер туралы ақпаратты репост жасау, киноны түсіру үшін қаражат жинауға қатысу (краудфандинг), жаңа тұсаукесерлерді қарап отыру, бюджеттік қаражаттың тиімді игерілуіне мүдделі болу, фильмге рецензия жазу, фан-клубтарға мүше болу және басқалар.

53,2%

29,7%

17,1%

Иә Жоқ Жауап беруге қиналамын

45,0%

23,4%

19,8%

31,5%

9,0%

8,6%

28,8%

15,8%

0,0% 5,0% 10,0% 15,0% 20,0% 25,0% 30,0% 35,0% 40,0% 45,0% 50,0%

Фильмнің сценарийін, идеяларын талқылауға қатысу

Қаржыландыру бойынша дауыс беруге қатысу Фильмдерді ілгерілету (промоушн) Әлеуметтік желілерде репост жасау Краудфандинг Фан клубтарға мүше болу, қатысу Билет сатып алу Қатыспаймын, маған қызық емес

67

Бұдан бөлек, диссертациялық зерттеу жұмысының барысында киноиндустрия саласындағы отандық сарапшылардың сұхбаттары мен пікірлерінің мазмұнына талдау жасау арқылы кабинеттік зерттеу жүргізілді.

Оның мақсаты отандық бұқаралық ақпарат беттерінде, әлеуметтік желілерде жарияланған қолда бар мәліметтер мен әдебиеттерге шолу жасау және теориялық білімдер мен практикалық қолданудағы кейбір олқылықтарды айқындау арқылы отандық киноиндустриямен байланысты мәселелерді зерттеу болып табылды. Мұндай контент-талдау екінші реттік деректерді зерттеу негізінде қазақстандық фильмдерін қабылдаудың қоғамдық маңыздылық дәрежесін анықтауға мүмкіндік берді.

Бұл ретте, отандық киноиндустрия туралы дискурс сандық және сапалық әдістерді қолдану арқылы жинақталды. Ақпарат көзі ретінде You Tube онлайн- платформасында қолжетімді сарапшылық сұхбат түріндегі видео мен оның астында жазылған қазақстандық киноиндустрия мәселелеріне қатысты қазақстандық азаматтардың 800-ден астам пікірі (комментарийлері) талданды [93].

Видео деректі фильм (сұхбат) форматында әзірленген, онда сарапшылар қазақстандық киноиндустрия, мемлекеттік фильмдер, жекеменшік фильмдер, қаржыландыру, рентабельділік және басқа да өзекті мәселелер туралы өз пікірлерін білдіреді. Сарапшы-информаторлар ретінде Қазақстандағы белгілі режиссерлер, актерлер, продюсерлер, дистрибьюторлар, сондай-ақ ірі институционалдық құрылымдардың басшылары, кинотанушылар, сыншылар қамтылды.

Бұл бақылау сипатындағы (обсервациялық) зерттеу болып табылады.

Оның барысында біз әлеуметтік желілерде ашық қолжетімді дайын материалдарға екінші реттік талдау жүргіздік, сондықтан респонденттердің келісімі сұралмады.

Қазақстандық кино туралы дискурсты талдау барысында қазақстандықтардың киноға деген қажеттіліктері мен қабылдау ерекшеліктері айқындалды. Бұл рефлексияны интернеттегі комментарийлер мен сұхбаттар арқылы жасадық. Жалпы комментарийлердің бірегейлігі – көтерілген мәселені қолдауға немесе қарсы ой білдіруге қатысты жеке пікірлерін білдіре отырып, тұрғындар белсенділігінің көрінісін көрсетеді. Әлеуметтік желілерде мазмұнға, тілге және ауқымға шектеулер болмағандықтан мұндай пікірлер жұртшылық үшін ыңғайлы және қолжетімді болуымен ерекшеленеді.

Сонымен, азаматтардың 800-ге жуық комментарийлеріне контент-талдау жүргізу нәтижесінде келесі мәліметтер алынды. Комментарийлерде ең жиі кездескен сөздер мыналар болып табылады: фильм – 475 рет кездеседі, кино – 296, комедия – 138, көрермен – 59, киноиндустрия – 18, қазақ киносы – 18.

Қазақстандық көрерменнің назарын аударған және талқылауына түрткі болған негізгі мәселелер келесі тезистерде байқалады:

– елде комедиялық жанрдың басымдығы (комедия сөзі 138 рет қолданылған, ал драма – 22, боевик – 6, фэнтези және деректі фильм 1 реттен);

68

– «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының негізгі рөлі (57 рет атап өтілген);

– мағыналық контенттің маңыздылығы және фильм жасаудағы көрерменнің мүдделері (42 және 60);

– фильмдердің бюджеті мен кассалық жинақты жария ету (ақша – 63, бюджет – 32, касса – 32);

– кинотеатрларға балама сервистердің қолжетімділігі туралы көрерменнің хабардар болуы (қолжетімділік – 10, Netflix – 10, You Tube – 6).

Сонымен қатар, қолданушылар соңғы 10 жылда түсірілген 25 қазақстандық фильмнің атауларын айтып өтті. Оның ішінде 10-ы мемлекеттік бюджет есебінен, 15-і жеке қаражатқа түсірілген фильмдер.

Мемлекеттік фильмдердің жартысынан көбі – тарихи фильмдер (мысалы,

«Томирис», «Қазақ хандығы» және басқалар).

Сарапшы мамандардың пікірінше, мемлекеттік бюджеттен кино өндірісіне қаражат бөлінуі – елдегі басым артықшылықтардың бірі, себебі кейбір елдерде кино мемлекеттен қаржыландырылмайды. Басымдықтың тағы бірі – қазақстандық киноның халықаралық беделді кинофестивальдерге қатысу тәжірибесі, алайда кемшілік тұсы – әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын

«ақылды» кино жергілікті көрермен, прокат үшін емес, фестивальдер үшін ғана өтімді болғаны [112].

Негізгі бірліктерді талдау барысында қазіргі таңда Қазақстанның киноиндустриясында шоу-бизнес, әзіл шоу саласының өкілдерінің бастамасымен, қатысуымен жасалған комедиялық фильмдердің көбею үрдісі байқалды. Мұны сарапшылық пікір бір жақты қолдап отырған жоқ, қарсы пікірлер де бар. Бұл мәселе сарапшылар арасында екі жақты қабылданады, белгілі бір ортақ келісімді позиция жоқ.

Бірінші пікір – жағымсыз, қолдамайтын пікір. Кино саласында арнайы білімі және көп жылдық тәжірибесі бар танымал кейбір режиссерлер, сценаристер, продюсерлер бұл жағдайды теріс бағалап отыр. Олар мұндай фильмдерді нағыз киноөнім деп санамайды [93]. Олардың пікірінше, мұндай комедия жанрындағы «жеңіл» фильмдер киноөнімді жасау қағидаттары мен ережелеріне сай келеді және сұраныстың болуына байланысты кино нарығында болуға құқылы, алайда сапа мен мағыналық контент жағынан сарапшылардың жоғары бағасына ие болмайды.

Екінші пікір – жағымды, қолдайтын пікір. Басқа сарапшылардың пікірінше, бұл – қолайлы үрдіс. Олар мұны коммерциялық фильмдердің таңдауда көп болуы кинематографистер арасында бәсекелестікті қамтамасыз етеді, ал бұрын іс жүзінде мемлекеттік қаржыландырусыз жекеменшік фильмдер түсірілмегенімен негіздейді. Қазір нарықта бәсекелестік бар, бұл кинематографистерді дамытуға, сол арқылы сұранысты қамтамасыз етуге итермелейді [93].

Мұндай екі жақты қабылдау мен бағалау көрермен халықтың арасында да байқалады. Мұны контент-талдау аясында зерделенген азаматтардың оптимистік және негативті пікірлері дәлелдейді.

69

Пікірлердің бірінші тобында қазақстандық кино оң қабылданады:

«Білесіздер ме, мен біздің кино дамып жатқанына өте қуаныштымын»

(Информант 1).

«Қазақ киносына бара алатыныма мен қуаныштымын, таңдау бар.

Комедиялар, мелодрамалар, сапалы, сапасыз маңызды емес, 10 жыл бұрын мұндай болған жоқ еді. Бәсекелестік, пікір, тәжірибе бар. Әрі қарай тек жақсы болады деп ойлаймын» (Информант 2).

«Біздің киноға аталар, апалар немерелерімен баратынын әрқашан байқаймын, олар риза болып күледі. Ал шетелдік фильмдерде оларды көрмеймін. Иә, біздің кино мінсіз емес, бірақ соншалықты жаман емес»

(Информант 3).

«Мен қарапайым көрерменмін, біздің кино қызық болғанына қуанамын, оған адамдар қуана-қуана барады, билет алу үшін кезекте тұрады»

(Информант 4).

«Отандық киноиндустрияны өте қатты жақсы көремін, әртүрлі қолдауға тырысамын: кинотеатрға барамын және шетелдік емес, пікірлер жақсы емес болса да отандық киноны таңдаймын, ютубта көремін, комментарийлер қалдырамын, достарыммен бөлісемін» (Информант 5).

«Қазақ киносы жанданып, қызық бола бастады. Қазір қазақ комедияларын кешке көру ең сүйікті уақыт өткізудің бірі» (Информант 6) [93].

Екінші топтағы шолуларда қазақстандық көрермендердің біраз бөлігі негізінен отандық фильмдерді әдейі көрмейтінін, шетелдік фильмдерге басымдық беретінін атап өтеді. Көрермен мұны қазақстандық киноөнімнің сапасының төмендігімен, мазмұнының қызықсыздығымен түсіндіреді.

Азаматтар тарапынан қазақстандық киноға теріс көзқарас танытатын кейбір жауаптар берілген:

«Бізде кинематография мектебі жоқ, «мектеп» дегенде мен институт сияқты емес, мәдени-тарихи қабат ретінде айтып отырмын» (Информант 7).

«Қазақстанда қазіргі кезеңде бәріне ұнайтын кәсіби кино жоқ. Біз үздік туынды көргіміз келеді! Олар өкінішке орай, жоқ» (Информант 8).

«Қазір экранда көрсетілетін нәрсені «кино» деп айту қиын, мұнда кәсіби мамандар жоқ. Бұл күлкілі сәттері бар бейне оқиға» (Информант 9).

«Жеке мен үшін біздің фильмдер қызығушылық тудырмайды, не десек те, кәсібилік жоқ» (Информант 10) [93].

Осылайша, азаматтардың жауаптары мен сарапшылардың берген бағасын нақтылай келе, Қазақстандағы көрермендер қоғамы үш пікір лагеріне бөлінген деген қорытынды жасауға болады. Бірінші топ Қазақстандағы комедия жанрының құрылуы мен дамуының қазіргі ағымының өкілдерін қорғайды.

Екінші топ байыпты, мағыналы, оның ішінде авторлық көркем киноны қалайды. Үшінші топ – екі тарапты да қолдайтындар мен бейтараптар.

Жоғарыда айтылған қазақстандық киноиндустрияның ағымдағы жағдайы мен ерекшеліктерін сыни талдаудың нәтижелерін тұжырымдайтын болсақ, соңғы кездері сарапшылар мен жергілікті киноны тұтынушылар арасында фильмдердің мағыналық мазмұны, шығармашылық ұсынуы мен көркемдік

70

деңгейі бойынша қызу талқылаулар жүруде. Сонымен бірге, оларды қаржыландыру көздері аясындағы мәселелер де өзекті болып табылады. Осы ретте, қазақстандық киноиндустрияның дискурсын дамытуға азаматтардың қатысуын көздейтін әлеуметтік аудит ұғымын қолданған жөн.

Қоғамдық және сарапшылық пікірлерді саралай келе, қазақстандық киноиндустрия жоғары сапалы көркемдік киноның, сонымен қатар «арзан»

комедиялық өнімнің болуымен сипатталатынын атап өтеміз. Бұл ретте, сарапшылар комедиялық киноларды «кино» деп атауға бейім емес. Дегенмен де, коммерциялық кино өзінің «жеделдетілген» даму жолынан өтуде, оның нарықтағы пропорционалды үлесі артып келеді. Мұндай жеке фильмдер, көбінесе комедиялар мемлекеттік бюджетке түсірілген фильмдерге қарағанда танымал және коммерциялық жағынан табысты. Бұл бір жағынан қазақ киноиндустриясының бәсекеге қабілеттілігін дамытатын оң үрдіс. Алайда, екінші жағынан, бұл жағдай қоғамдық фильмдерді сценарий жазудан бастап фильмді нарыққа жылжытуға дейінгі фильм өндірісінің жүйесін, сондай-ақ мемлекеттік және жеке қаражатты бөлу мен игерудің тиімділігін қайта қарауды талап етеді.

Жоғарыда ұсынылған болжамдар бойынша келесі тұжырымдарды байқадық. Қазіргі кезеңде кино саласындағы басқарушылық процестерге қарапайым азаматтар қатысу тәжірибесі әлі қалыптаспаған. Бұл азаматтардың кино саласының қоғамдық аспектісіне мүлде қызығушылық танытпайды деген сөз емес. Әртүрлі формаларда ұлттық киноның өндірісіне атсалысуға ниетті азаматтардың бар екені сұрау барысында және комментарийлерге контент- талдау жүргізу кезінде айқындалды. Қазақстанда шығарылған фильмдерді қолдауға барынша үлес қосып жүрген азаматтар бар.

Сонымен қоса, мемлекет қаржыландыратын киножобалар мен олардың тақырыптарын анықтауда азаматтардың пікірін ескеру қажет деген ойды ұстану халықтың белсенділігін растайды. Себебі фильмдерді шығару үшін бөлінген мемлекеттік қаражат әдетте салық төлеушілердің ақшасы, сол себепті халық пен кәсіби сарапшылық қоғамдастықтың пікірі ескерілгені жөн.

Соңғы 5-10 жылдарда елде өндірілген отандық фильмдерді халықтың ұнатпауының себебі бір жағынан сапасы болса, екінші жағынан актерлік құрамның қайталануы мен олардың кәсіби біліктілігінің төмендігі болып табылды. Қазіргі заманғы қазақстандық фильмдердің сапасы жоғары емес, орташа деңгейде бағаланады деген болжам да расталды. Ұсынылған 5-баллдық шкала негізінде 3 немесе 4 баллдан жоғары емес. Бұл нәтиже отандық фильмдердің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін көрсетеді. Осы орайда, шетелдік тәжірибені ескере отырып, отандық фильмдердің сапасын айқындаудың әдіснамалық негіздерін, соның ішінде отандық фильмдердің сапасын арттыру үшін нақты параметрлерді айқындау ұсынылады.

Сұрау нәтижесінде респонденттердің ұлттық фильмдер туралы ой-пікірі біздің болжамнан алшақ болған жоқ, дегенмен де біршама өзгешелік болды.

Біздің болжамымызда ұлттық фильмдер арқылы елді таныту, әлемдік

71

кинонарыққа шығу мүмкіндігін басымдық етіп алсақ, ал респонденттер ұлттық фильмдер арқылы азаматтардың мәдени және зияткерлік әлеуеті артады деген ұстанымды көбірек таңдады. Ал ұлттық фильмдердің прокаттан түсетін қаржылық қайтарымының төмендігі қоғамдық пікірмен де расталды.

Сонымен, қазақстандық киноның рухани-өнегелік әлеуетін әлеуметтанулық бағыт арқылы зерделеу қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік шындықты талдауға мүмкіндік берді. Зерттеу барысында қазақстандық киноиндустрия өнімдерінің бүгінгі жай-күйі туралы төл деректерге қол жеткіздік. Қазақстандық қоғамда отандық кино өніміне сұраныс артып келеді.

Әлеуметтік зерттеу аясында халықтың ұлттық кинематографияны дамытуға, фильмдердің сапасын арттыруға мүдделі екені анықталды. Қазақстандықтар басқарушылық шешімдер қабылдауға азаматтық белсенділік пен қырағылық танытуда. Сарапшылардың кейбіреуі комедия жанрындағы фильмдерді бәсекелестікті арттырудағы фактор деп қабылдаса, екіншілері оның сапасына алаңдауда. Идеологиялық фильмдердің қаржылық қайтарымынан бөлек, мәдени құндылық, мұра ретіндегі рөлі де маңызды.

2.3 Қазақстандық фильмдерде мемлекеттік саясаттың көрініс табуы