• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Қазақстанның ҧлттық экономикасындағы бюджет жҥйесі

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 169-172)

ЖӘНЕ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

12.2. Қазақстанның ҧлттық экономикасындағы бюджет жҥйесі

Ұлттық экономиканың нарықтық негізге кӛшу процесінде мемлекеттің, кәсіпорындар мен халықтың ӛзара қаржы қарым-қатынасының жаңа түрі – бюджет жүйесінің жаңа тұрпаты қалыптасуда. Бюджет-салық саясаты экономиканы макроэкономикалық реттеудің негізгі механизмі болып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асыратын маңызды тұтқаға айналып келеді. Мұның ӛзінде бюджет және салық жүйесі бүкіл ұлттық ұдайы ӛндірісті ұйымдастыруда, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде айрықша маңызды рӛл атқарады.

Қазақстанның ұлттық экономикасында экономиканың нарықтық негізінің қалыптасуының нәтижесінде жоспарлық орталықтандырылған экономикадағы-дай емес бюджет пен бюджет жүйесінің басқа тұрпаты қалыптасуда.

Орталықтандырылған экономикада мемлекеттік бюджет бүкіл халық шаруашылығының бюджеті болды.

Бюджет жүйесін ұйымдастырудың осы тұжырымдамасы ұдайы ӛндіріс процесінің мемлекеттендірілгенін, ӛндірістің орталықтандырылғанын, ұлттық табыстың, сонымен бірге мемлекет ауқымында жинақталып, ӛтелген ресурстардың айтарлықтай бӛлігінің бӛлінетінін, қайта бӛлінетінін және пайдаланылатынын кӛрсететін. Халық шаруашылығының ақшалай табысының басым бӛлігі мемлекеттік бюджет арқылы қайта бӛлінетін. Мемлекеттік бюджет ресми түрдегі шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен халық шаруашылығы салаларының кеңейтілген ұдайы ӛндірісінің қаржы кӛзі мен бүкіл қоғамның, оның барлық бӛліктерінің, ұлттық-мемлекеттік құрылымдардың табысы мен шығысының ортақ «қазаны» болды.

Бюджет жүйесінің жаңа тұрпаты бюджет оның ішінде мемлекет бірлескен қажеттілікті (құқық қорғау мен қорғаныс сипатындағы, инфрақұрылым, ғылымның, мәдениеттің, денсаулық сақтау мен білім берудің игіліктері, мемлекеттік басқару жӛніндегі қызметтер) қанағаттандыруға тиіс қоғамдық игіліктердің ӛндірісін қамтамасыз ететін нарықтық экономика институты ретінде қарастырылатын кӛзқарасқа негізделеді. Мұның ӛзінде мемлекеттік қаржының нарықтық экономикадағы шаруашылық субъектісі ретіндегі қаржының жаңа тұрпаты қалыптастырылады.

Бұл бюджет жүйесі мен экономикалық тыныс-тіршіліктегіоның функцияларына қатысты қазіргі заманғы кӛзқарасты кӛрсетеді. Бюджет бүкіл халық шаруашылығының бюджеті болмайды, енді ол мемлекеттің қоғамдық тауарлар мен қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін жинақталған ақшалай ресурстарды пайдаланатын қаржы қоры болады. Бюджеттің экономикағамемлекеттік ықпал ететін бүкіл құралдар жүйесін реттеуші рӛлі артады.

170

Республикалық бюджеттің экономикалық саясат пен бюджет жүйесіндегі алатын жаңа орны, маңызы мен рӛлі анықталып, оның жергілікті бюджеттермен жасалатын қатынастарының сипаты ӛзгереді. Дегенмен, қазіргі кездегі бюджет және салық жүйесін, мемлекеттік меншік пен қаржы ресурстарын жекелеу тенденциясында нарықтың дамуымен байланысты экономикалық және әлеуметтік процестерде мемлекеттің бірқатар, оның ішінде реттеуші және әлеуметтік функцияларын орталықтандыру қарастырылады. Бұл үшін мықты біріктірілген бюджет қалыптастыру керек. Жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдары бюджеттерінің табыс базасын нығайтып дамытумен және олардың бюджеттің ӛзін-ӛзі қамтамасыз ету проблемасын шешумен қатар, республикада республикалық бюджеттегі ЖІӚ-нің елеулі бӛлігін орталықтандыру қажет болып отыр. Республикалық бюджет нарықтық процестерді мемлекеттік реттеу жүйесіндегі, ӛңірлік саясат жүргізудегі, экономикалық даму стратегиясын қамтамасыз ететін, ӛңірлердің қаржы тұрақтылығын тегістейтін, бірыңғай экономикалық және әлеуметтік кеңістікті сақтайтын басты тұтқаның бірі болуы тиіс.

Экономикадағы бюджет жүйесінің негізгі функциясына жалпы мемлекет пен қоғамның қажетіне қаржы ресурстарын жинақтау; әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу; қаржы ресурстарын қайта бӛлу (аумақтық-ӛңірлік, салааралық, ведомствоаралық, әлеуметтік);

кәсіпкерлік қызметті қолдау және кӛтермелеу; инвестициялық функция; әлеуметтік қорғаудың функциясы; мемлекет пен онымен байланысты құрылымдардың қаржы табысы мен шығысын бақылау функциялары жататын болады.

Бюджет жүйесінің функциялары ӛзара байланысты және бірін-бірі ӛзара толықтырады.

Кәсіпкерлік қызметті кӛтермелеу функциясы мен орталықтандырылған қаржы ресурстарын салық салу арқылы жинақтаудың арасындағы байланыс неғұрлым күрделі болып табылады. Қысқаша айтқанда, мемлекеттік бюджетте қаражат неғұрлым аз жинақталса, кәсіпкерлік қызмет, нарықтық қатынастардың дамуы соғұрлым жақсы кӛтермеленеді. Осыған байланысты ресурстарды бюджет арқылы қайта бӛлуді барынша азайту, кәсіпкерлік қызметке салық салуды айтарлықтай тӛмендету, ақша ресурстарының қозғалысын әкімшілік, қаржылық, салық, валюталық бақылаудың дәрежесін тӛмендетуге қатысты ұсыныс жасалуда.

Алайда салықты тӛмендету жӛніндегі әділ ұсыныс бюджет жүйесінің басқа функцияларының, яғни халық шаруашылығының басымды салаларының дамуын кӛтермелеудің, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің, ӛңірлерді тегістеудің және т.б. маңызын тӛмендетуге болады дегенді білдірмейді. Мемлекет әлеуметтік шығыстардың ауыртпалығын ӛзіне алып, кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге ӛндірістің шығыны мен әлеуметтік мақсаттарға жұмсалатын шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Мемлекеттің білім беру мен денсаулық сақтауға, ӛнер мен мәдениетке, әлеуметтік қолдау мақсаттарына жұмсалатын шығыны (шын мәнінде

«адамикапиталға» салым-инвестиция салу) нарықтық экономикаға әлеуметтік нышан беріп, оны адамдарға жақындатады. Бұл да болса кәсіпкерлікті стратегиялық қорғау бағытының белгісі болып табылады.

Бюджет – мемлекеттің табысы мен шығысы кӛрсетілген қаржы жоспары. Бюджеттің ең маңызды белгісі – бюджеттік бағдарламаларды бюджет процесі кезеңдерінде қалыптастыру, қарау мен бекіту нәтижесін заңмен бекіту.

Бюджет ӛзінің экономикалық мәні бойынша жасалған ӛнім мен табысты қайта бӛлу процесінде қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын қалыптастырып, пайдалануға қатысты мемлекеттің және басқа да субъектілердің арасындағы қатынастардың күрделі жүйесін білдіреді.

Бюджеттегі экономикалық қатынастардың қиындығы оның мемлекеттің, кәсіпорындардың, азаматтардың, сондай-ақ әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік биліктің қоғамдық тұтынуды қанағаттандыруға арналған ақша қорын қалыптастырып, оны пайдалануға қатысты қарама-қайшы экономикалық мүдделерінің тоқайласуымен байланысты. Осыдан бюджетті қалыптастыруда, сондай-ақ оны пайдалануда, қоғамдық емес, жеке мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін бюджеттің ресурстарын пайдаланып қалу ӛткір қарама-қайшылықтар мен күрес туындайды. Дамыған нарықтық экономикадағы сияқты Қазақстанда осы аса маңызды рӛлді Қазынашылық бюджет жүйесі атқарады. Қазақстан ТМД елдерінің арасынан біріншілердің бірі болып автоматтандырылған қазынашылық жүйесін құрды.

Қазақстан тәуелсіз дамыған 17 жыл ішінде жүргізілген ірі ауқымды трансформация мемлекеттің атқаратын рӛлі мен функцияларының ӛзгеруіне, сондай-ақ нарықтық экономика жұмыс істейтін тиісті инфрақұрылым мен институционалдық негіз құрудың қажет екенін кӛрсетті.

Қазақстан Республикасында 1990 жылдан бастап жүргізілетін экономикалық және саяси

171

реформалар мемлекеттік қаржы саласын және ең алдымен бюджет жүйесін қозғамай қалмады.

Мемлекеттік бюджет мемлекеттің ресурстарын жұмылдыру мен жұмсаудың басты құралы ретінде саяси билікке экономикаға ықпал етуге, оның құрылымын қайта құруға, экономиканың басымды секторларының дамуын кӛтермелеуге, халықтың аз қорғалған топтарына әлеуметтік қолдау кӛрсетуді қамтамасыз етуге нақты мүмкіндік береді.

Қазіргі кезеңде мемлекеттік бюджет орталықтандырылған қаржы ресурстарының кӛзі ретіндегі ӛзінің жетекші рӛлін сақтай отырып, орнықты әрі тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің белсенді құралына айналып отыр.

Нарықтық қатынастарға кӛшу жағдайында бюджет қаражатын қалыптастыру мен жұмсаудың ӛзге режимін жасау арқылы оның қоғамдық ӛндіріске ықпал ету әдістері де ӛзгереді. Бүгінгі күні қоғамдық ӛндірістің дамуы бұрынғыдай бюджеттік қаржыландыру мен дотациялау әдісімен емес, экономиканы қаржылық реттеуге кӛшуге мүмкіндік беретін тиісті нысандар мен әдістердің кӛмегімен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік бюджет еліміздің қаржы шаруашылығының жетекші буынының маңызды рӛлін атқарады. Ӛндіріс процесі мен қоғамдық игіліктің бӛлінуінің мән-жайын кӛрсете отырып, бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражатының қорын құру мен оны пайдаланудың экономикалық нысаны болып табылады. Ақшалай қаражат жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымындағы үздіксіз ауыспалы айналымды жүзеге асыру үшін орталықтандырылады. Шоғырландырылған қаражат мемлекеттің әлеуметтік саладағы функцияларын атқаруға қажетті шығындарды қаржыландыру, қорғаныс сипатындағы, қоғамдық тәртіп, басқару міндеттерін шешу, сондай-ақ экономиканың басымды салаларын қаржыландыру үшін бӛлініп, пайдаланылады.

Бюджет – ұдайы ӛндіріс процесінің маңызды алғышарты әрі оны жүзеге асыратын құрал.

Бизнес әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін жағдай жасауға, қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз етуге, сонымен бірге ғылыми-техникалық прогресті кӛтермелеуге, қорғаныс қабілетін қолдауға, сондай-ақ ӛзге де мемлекеттік функцияларды орындауға кӛмектеседі. Демек бюджеттік қатынастарды жетілдірмей, ғылыми жағынан әзірленген бюджет саясатын жүйелі түрде жүргізбей, сондай-ақ бюджет процесін тиімді басқару жүйесінсіз шаруашылық механизмі қалыпты жұмыс істей алмайды. Нарық, корпорациялар мен мемлекет басқаратын экономикаға кӛшу мемлекеттік бюджетті, кәсіпорындар мен салалардың қаржысын қайта ұйымдастыруды, ӛңірлік және жергілікті деңгейдегі, бюджеттен тыс қорлардың қаржы қатынастарының жаңа блогының қарқынды дамуын талап етеді.

Бюджеттің жаңа тұрпаты қоғамның мүшелеріне, салық тӛлеушілерге мемлекет беретін қоғамдық игілік санатының негізінде қалыптасқан бюджет пен салықтарға қатысты кӛзқарасқа негізделеді. Қазіргі кезеңде бюджетке, ол атқаратын функцияларға осындай нарықтық кӛзқарас тән. Мемлекет бюджетті бірлескен қажеттілікті (қорғаныс сипатындағы ӛнім, инфрақұрылымның, ғылымның, мәдениеттің, білім берудің, басқарудың игілігі) қанағаттандыратын ерекше игілікті, қоғамдық тауарларды беру мүмкіндігі болу үшін қалыптастырады.

Мемлекеттік бюджеттің бӛлу функциясына сәйкес, оның ұлттық табысты бӛлу мен қайта бӛлудегі рӛлінің артып келе жатқанын атап ӛту қажет. Ұлттық табыстың 30%-ы, жалпы ішкі ӛнімнің 20%-ы қайта бӛлінеді. Ұлттық табыстың, жалпы ішкі ӛнімнің кӛлемі де қайта бӛлінеді.

Сонымен бірге ақшалай қаражат мемлекеттік бюджет арқылы қоғамдық тыныс-тіршілік салаларының, экономиканың әр түрлі салаларының, аумақтары мен азаматтардың жекелеген топтарының арасында бӛлінеді. Бюджеттің бӛлу функциясы ауқымында қаржы ресурстарын шоғырландыру, экономиканы тұрақтандыру сияқты шағын функциялар да бар. Бюджеттің тағы бір маңызды функциясына бюджеттік ресурстардың қозғалысын бақылауды, қаржы ресурстарының уақытында және толық түсуін, сондай-ақ олардың тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жатады. Бюджеттің функциялары ӛзара тығыз байланысты және ӛзара ықпалдасады.

Мемлекет құратын бюджеттік механизмде бюджетке тән белгілер бар, сондай-ақ ол бӛлу мен бақылау құралы ретінде пайдаланылады.

Бюджеттік механизм – мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражат қорының пайда болу және оны пайдалану нысандары мен әдістерінің жиынтығы. Бюджеттік механизм ірі құрылымдық ӛзгерістер жүргізу, ғылымды кӛп қажетсінетін ӛндірістерді дамыту, инновациялық технологияларды енгізу процестерінде пайдаланылады. Экономиканы реттеу үшін бюджеттік механизм мемлекеттің иелігіне түсетін ақшалай қаражатпен айла-шарғы жасау арқылы, қоғамдық ӛндіріс-тің дамуының қарқыны мен пропорциясына ықпал ете отырып пайдаланылады.

172

Бюджет саясатының негізгі мақсаты экономиканың тұрақты ӛсуін, шикізат емес салаларды әртараптандыру мен дамуын кӛтермелеу, салық жүктемесін ұлғайтпай мемлекеттік бюджетке түсетін түсімді барынша арттыру, мемлекеттік шығысты тежеу саясатын жүргізу, бюджетаралық қатынастарды және мемлекеттік борышты басқаруды жетілдіру болып табылады.

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 169-172)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР