Тарау 2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының
2.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру
Бүгінгі таңда Қазақстанның жастар саясатында қажетті ұйымдастыру- функционалдық институттар құрылды, тиісті заңнамалық актілер қабылданды және осы саладағы өз даму жолында белгілі бір тәжірибе жинақталды.
Мемлекеттік жастар саясатының қалыптасу кезеңі жүйелендірумен және интеграциялаумен, үздік әлемдік практикалармен, сондай-ақ қазақстандық жастарды шоғырландыру үшін жеке қолайлы тетіктерді әзірлеумен сипатталады.
Жастарға қатысты сектораралық тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында орталық және жергілікті билік органдары мен азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін біріктіру қажет.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыруын жетілдіру бойынша келесі ұсыныстар 3 блок арқылы беріледі:
Біріншіден, институционалдық дамуды жетілдіру, атап айтқанда өңірлердегі жастар ресурстық орталықтардың қызметін мемлекеттік басқару жүйесіндегі жобалық басқарудың бірыңғай жүйесіне енгізу.
Екіншіден, қолданыстағы маңызды бағдарламаларды және жобаларды қайта жетілдіру барысында автоматтандыру.
Үшіншіден, жастарды қолдаудағы бағдарламалар бойынша ақпараттық платформаны және мобильді қосымшаны құру.
1. 2012 жылы Елбасының «Жас Отан» жастар қанатының II съезінде берген тапсырмасына орай 2013 жылдан бастап 2014 жыл аралығында Жастар ресурстық орталықтары (бұдан әрі – ЖРО) жастарды және жастар ұйымдарын қолдау мақсатында жастарға ақпараттық, консультативтік көмек беретін және
56
жастар арасындағы ахуалдарға талдау жасайтын заңды тұлға болып, әр облыс деңгейде 17 және аудандар деңгейде 208 құрылған орталық [52].
Орталықтардың қызметін жергілікті атқарушы органдар, облыстық және қала әкімдіктері үйлестіреді.
ЖРО негізігі функциялары:
Жастарды жұмсқа орналастыру, түрлі курстар өткізу және кәсіптік бағдар беру;
Семинар және тренингтер өткізу арқылы жастардың дағдыларын арттыру;
Жастардың технологиялық сауаттылықтарын арттыру;
Жастарға семинар және тренингтер өткізу арқылы психикалық көмек көрсету;
Жастардың құқықтық сауаттылыққа оқыту және заң көмегін көрсету;
Жастарға мемлекет бағдарламалары бойыншаақпарат беру;
Жастардың кәсіпкерлік қызметіне, жас отбасыларына көмек беру және тағы басқалар [53].
Демек, жастардың барлық мәселесін шешетін және оларға қолдау көрсететін ең түпкі, жастарға тікелей жақын заңды тұлға. Бірақ, жоғарыда көрсетілген зерттеулерге сәйкес, аталған ЖРО қызметін немесе олардың бар немесе жоқтығын жастар білмейді. Егер, ЖРО функионалдық міндеттеріне сәйкес жастарға тренигтер немесе семинарлар өткізсе, тікелей әр ауылдың жастарымен тығыз жұмыс жасаса, жастарды жұмыспен қамтуға немесе кәсіптік білім алуға көмек беретін болса, жастармен психикалық жұмыс жасайтын болса, неге онда зерттеулер жастардың құқықбұзушылыққа, суицидке баратындығыны немесе жастар бағдарламалардың білмейтіндігін көрсетеді.
Бұған дәлел, «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы Ақпараттық талдау басқармасының жетекші сарапшысы Айдар Дулатұлы Хамит сауалнама барысында әр облыстардағы құрылған 208 жастар ресурстық орталықтары жергілікті атқарушы органдарға бағынысты және көбінесе жастардың жұмысымен емес әкімдіктердің тапсырмаларын орындау проблемалары бар екендігін жеткізді.
Қазбек Б.Е. жастар ЖРО негізгі қызметін түсінбейді, себебі ЖРО қызметінің міндеттері мен бағыттары бірыңғай қалыптаспағанын, олардың жұмысының бірыңғай алгоритмі әзірленбегенін, жұмыс тұжырымдамасы айқындалмағанын, сондай-ақ барлық ЖРО қызметінің бірыңғай бағыты жоқ екендігін түсіндіреді.
Сонымен қоса, Қазбек Б.Е. қоғамдықмаңызы бар іс-шараларды өткізу үшін ЖРО қызметін қаржыландыру нашар жүзеге асырылатындығын, ЖРО қызметкерлерінің кәсіби құзреттіліктерінің деңгейі төмендігіне орай зерттеу әлеуеттерінің әлсіздігін, жалақылардың төмен болуына орай кадрлардың тұрақсыздығынкөрсетеді [7, 173-177 б.].
Сондықтан, ЖРО жастармен тікелей жұмыс жасайтын орган ретінде әр аудандағы жастар ресурстық орталықтардың қызметін мемлекеттік басқару жүйесіндегі жобалық басқарудың бірыңғай жүйесіне, яғни мемлекеттік
57
жоспарлау жүйесінің ақпараттық платформасына енгізуді ұсынамын.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығының басшысы А.Қ. Евниевтің бастамасымен мемлекеттік органдардың жобалық қызметін мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ақпараттық платформасында ұйымдастыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік органдардың қызметіне жаңа ұйымдастыру мәдениетін және мемлекеттік басқарудың сервистік моделін енгізу болып табылады. Бұл реформаның мақсаты – барлық өңірлердегі, салалардағы бағдарламалар мен жобалардың стартегиялық мақсаттарының іске асырылуына қол жеткізу.
Бұған себеп, Елбасының «Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауының 7 тармағына сәйкес «Әрбiр министрлiктiн, ведомствоның әкiмшiлiктiң жұмысы, сайып келгенде аймақтық дамудың өзi мақсаты айқын, міндеттерi нақты жалпы мемлекеттiк стратегияға бағындырылуға тиiс. Мұның тың көзқарас пен жаңа әдiстеменi талап етерi даусыз. Стратегиялық жоспарлау, қаржылық бағдарламалау мен жобалық менеджмент таяу болашақтағы мемлекеттiк басқарудағы жаңарудың өзегiне айналуға тиiс» деп тапсырма берілген болатын [54].
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы
«Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» № 636 Жарлығының 7.8 «Жобалық басқаруды тарату» бастамасына сәйкес, жобалармен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру үшін мемлекеттік органдарды жобалық тәсілдері қолданылатындығы айтылған [55].
Сондай-ақ, 2020 жылғы 15 қаңтардағы Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың Президенттік жастар кадр резервіне өткен азаматтармен кездесуде сөйлеген сөзінде Норвегия, Жаңа Зеландия, АҚШ мемлекеттік аппарат қызметін Agile принциптеріне енгізу перспективаларын белсенді зерттеуде. Көптеген елдерде, мысалы, Ұлыбритания Үкіметі жобалау кеңселерін құру арқылы Project Management бағдарламасына көшуде, сондықтан олардың тиімділігін мұқият зерттеу керекекендігін және сол тәжірибені пайдаланатынымызды, мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қажет екендігін атап өтті [56].
Сол себептен, қазіргі таңда мемлекеттік органдардың жобалық қызметіне реформа жүргізіліп жатқан аясында, 17 облыстық және 208 өңірлік ЖРО жобалық қызметін мемлекеттік органдардың жобалық қызметін мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ақпараттық платформасына (easyproject) енгізуді ұсынамын. Ол үшін аталған ұсынысты іске асыру үшін Академия, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және қала мен облыс әкімдіктері қатысулары керек.
Жобалық басқаруға көшу арқылы, біз барылқ облыстар мен өңірлердегі ЖРО қызметінің бағыттарын бірыңғайлы етіп, олардың функионалдық
58
бағыттарының нақты және ашық түрде іске асырылуына, ауылдағы әр жастармен тиімді жұмыс істеуіне, олардың әр қайсысының әлеуметтік картасына қол жеткізе аламыз.
2. Қолданыстағы бар бағдарламалар мен жобаларды жетілдіру. Жобаларды жетілдіруді, мемлекеттік органдардың жобалық қызметін жобалық басқаруға көшіру кезінде бірден қолданыстағы бағдарламаларды жетілдіру арқылы автоматтандыру қажет. Төменде бірқатар бағдарламаларды жетілдіру бойынша ұсыныстаркөрсетілген.
- Жастар жылы аясында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмысшы жастарға және жас отбасыларына жыл сайын 3 жылға дейін 1000 жалдамалы тұрғын пәтерді беру қарастырылған. Осы бағыт бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінде жалдамалы тұрғын үйді беруді қарастыру ұсынылады. «Нұрлы жер» 2020-2025 бағдарламасына өзгеріс енгізу қажет: 5.1.1.
тармағы 3) тармақшасындағы «мемлекеттік жастар саясаты саласындағы уәкілетті орган бекітетін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында беру»
жазбасын «мемлекеттік жастар саясаты саласындағы уәкілетті орган бекітетін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді [12] Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында және облыстарда беру»
деп өзгерту.
- «Жасыл ел» бағдарламасы – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында»
Жолдауының 3 - тармағы 3.5 - тармақшасына сәйкес XXI ғасыр деңгейiнде бiлiм беру мен кәсiптік даярлау аясында қабылданған жоба. Аталған жоба студенттерді каникул кезінде көгаландыру, абаттандыру, ағаш отырғызу және тағы басқа бағыттармен жұмыспен қамтиды [42].
Аталған бағдарлама бойынша студенттер ғана жұмыс істей алады. Ал, бізде ауылды жерде көп жастар жоғарғы оқу орындарда білім алу мүмкіндіктері жоқ.
Сол себептен, көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан жастарды жасыл ел бағдарламасы арқылы жұмыспен қамтыуды ұсынамыз.
Сондай-ақ, аталған жобаны барлық облыстарда қайтадан жаңғырту, маусымдық емес, тұрақты жұмыс етіп жасау. Тек қана көгаландыру немесе абаттандыру емес, басқа да мамандықтарды сырлау, қар тазалау және құрылыс жұмыстарын қарастыру.
- «Дипломмен-ауылға!» жобасының мақсаты – жұмыссыз жас мамандарды ауылды жерлерде жұмысқа орналастырып, ауылдың әл-ауқатын көтеру болып табылады.
Бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, агроөнеркәсіптік кешен, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандықтары бойынша жастар қатыса алады.
«Дипломмен ауылға!» жобасы өте тиімді жоба екенін дәлелдеп келе жатыр, бірақ осы жобаға өзгерістер енгізу қажет. Мысалға, жоба бойынша мамандықтар тізбесін кеңейту және жобамен ауылдарға жұмыс істеуге баратын жастарға тұратын тұрғын үй мәселесін немесе жалдамалы тұрғын үйлер салу мүмкіндігін
59
қарастыру.
-Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында «Жас кәсіпкер»
бағдарламасының мақсаты – 18-29 жас аралығындағы кез келген жұмыссыз жастарға кәсіппен айналысуға мүмкіндік беру. 15 күндік кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, 19 273 теңге көлемінде стипендия төленеді. Кейін бизнес жобасы құрылып, жеке кәсіптері ашылады. Жеке кәсібін ашуға 505 000 (200 айлық есептік көрсеткіш) теңге қайтарымсыз несие және 6% жеңілдікпен 6,5 жылға 8000 АЕК көлемінде несие беріледі [11].
Аталған жобаның проблемасы: үміткер қайтарымсыз грантты 505 000 теңгені алғаннан кейін жобасын әрі қарай іске асыра алмайды. Бұған бірінші себеп, бөлінетін гранттың аздығы, екінші себеп, қайтарымсыз грант, есеп берудің қажеті жоқ, үшіншіден, үміткерлер өз қажеттіліктерін шешу мақсатында қайтарымсыз грантты иемденуі. Мәселені шешу үшін жобаны автоматтандыру, грант көлемін ұлғайту қажет. Кандидаттарды іріктеу кезінде қолжетімділікті кеңейту және ашықтықты қамтамасыз ету үшін жастардың мемлекеттік жобалары мен бағдарламаларына қатысу үшін электрондық өтінімберу жүйесін енгізу қажет. Келешекте қолданыстағы барлық бағдарламалар мен жобаларды одан әрі жетілдіру үшін жыл сайын мониторинг жасау қажеттілігі туындап отыр.
Деректер 3 кестеде көрсетілген.
Кесте 3. Қолданыстағы бағдарламаларды жетілдіру бойынша кестесі Бағдарламалар Ұсыныс Іске асыру
бойынша іс- шаралар
Жауапты органдар
«Жасыл ел» Мамандықтар тізбесін кеңейту және
бағдарламаны жыл сайынғы етіп жасау
Жасыл ел
бағдарламасына өзгеріс енгізу арқылы сырлау, қар тазалау мамандықтарын ержеге енгізу
ҚР АШМ, ҚР ҰЭМОрталық және жергілікті
мемлекеттік органдар Кесте 3 жалғасы
Бағдарламалар Ұсыныс Іске асыру бойынша іс-
шаралар
Жауапты органдар
«Нұрлы жер» Жұмысшы жастарға жалдамалы тұрғын үйді барлық
«Нұрлы жер»
2020-2025
бағдарламасына өзгеріс енгізу:
5.1.1. тармағы 3)
ҚР Индустрия және
инфрақұрылымдық министрлігі
ҚР Қаржы
60
өңірлердеберу тармақшасындағы
«мемлекеттік жастар саясаты саласындағы уәкілетті орган бекітетін жұмыс істейтін жастарға
сатып алу
құқығынсыз
жалға берілетін тұрғын үйді
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент
қалаларында
беру» жазбасын
«мемлекеттік жастар саясаты саласындағы уәкілетті орган бекітетін жұмыс істейтін жастарға
сатып алу
құқығынсыз
жалға берілетін тұрғын үйді
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент
қалаларында және облыстарда беру»
деп өзгерту.
министрлігі
ҚР Ұлттық
экономика министрлігі
Қала және облыс әкімдіктері
Кесте 3 жалғасы
Бағдарламалар Ұсыныс Іске асыру бойынша іс- шаралар
Жауапты органдар
«Дипломмен
ауылға!» Мамандықтар тізбесін кеңейту, тұрғын үй мәселесін шешу
Бағдарлама
ережесіне өзгеріс енгізу арқылы программист, бухгалтер және
ҚР ҰЭМ,
Қаржымині, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі
61
тағы басқа мамандықтарды енгізу;
Нұрлы жер бағдарламасына өзгеріс енгізу арқылы
жалдамалы
тұрғын үйді барлық өңірлерде салу
Орталық және жергілікті
мемлекеттік органдар
«Жас кәсіпкер» Грант көлемін ұлғайту, өтінім беру жүйесін автоматтандыру
Жас кәсіпкер бағдарламасына өзгеріс енгізу арқылы 200аек тен 400 аек дейін грант сомасын ұлғайту,
бағдарламаны автоматтандыру үшін эцп арқылы egov порталы арқылы өтінім беру қызметін құру
ҚРЕңбек мині
«Атамекен» ҰКП, ҚР АҚДМ
Орталық және жергілікті
мемлекеттік органдар
Ескерту – Автормен құралған
3. Жастарды қолдаудағы бағдарламалар бойынша ақпараттық платформаны және мобильді қосымшаны құру.
Қазақстан жастары арасында академиямен бірге сауалнама өткізу барысында 46,9% жастар еліміздегі жастар саясаты қызметі жөнінде хабарсыз екендіктерін көрсетті.
Сонымен қатар, «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы Ақпараттық талдау басқармасының жетекші сарапшысы Айдар Дулатұлы Хамит жастар арасында зерттеу жасаған кезде, «Қандай жастар ұйымдарды білесіз?» деген сұраққа 40%
жастар «Жас отанды» ғана білетіндігін, жастарға қатысты бағдарламаларды білмейтіндігін сауалнама барысында айтқан болатын.
Ауылды жерлерде интернет жоқ болуына орай ауыл жастары мемлекеттік бағдарламаларға хабарсыз қала жастарына қарағанда.
Сол себептен, іске асырылатын жастар бағдарламалардың ақпараттық ілгерілетуін күшейту, ақпараттық жарықтандыруды жетілдіру және танылу деңгейін арттыру үшін іс-шаралар жоспары 4 кестеде көрсетілген:
62
Кесте 4.Бағдарламаларды жарықтандыру бойынша міндеттер
№ Іс-шаралар Жауапты
1 Ауылды жерлердегі әлеуметтік объектілерді «Цифрлы Қазақстан»
бағдарламасы аясында мектептерді, ауруханаларды, мемлекеттік органдарды интернетпен қамтамасыз ету
ҚР Ақпарат министрлігі Облыс және қала әкімдіктері
2 Facebook, Instagram, Telegram, Whatsapp, Instagram немесе Youtube сияқты әлеуметтік желілерде SMM және жобаларды белсенді сүйемелдеуді қолдану:
«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен программист мамандықтары бойынша жастарды ауылға тарту арқылы ауылдық жерлерде әлеуметтік желілерде жобалар туралы ақпараттарды жарықтандыру
Облыс, қала және ауыл әкімдіктері
3 Жастар инфонавигаторлары – нақты жас санаты үшін бағдарлардын қолдау шаралары туралы барлық қажетті ақпарат қамтылатын қысқаша анықтамалары бар мобильді қосымшаны құру:
Ресей және Азербайжан елдерінің тәжірибесіне қарап жастар платформасын құру бойынша ақпарат төменде көрсетілген
ҚР Ақпарат министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі
Ескерту – Автормен құралған
Ресей Федерациясы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында 2016 жылдан бастап «Ресей жастары» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – жүйе) құрды.
Жүйенің мақсаты: жастардың федералдық атқарушы билік органдарымен, Ресей Федерациясы субъектілерінің атқарушы билік органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысатын өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл және жастар бағдарламаларын іске асырудың белсенділігі туралы ақпаратты мониторинг жасау, өңдеу, жинақтау, мемлекеттік жастар саясаты саласында конкурстар мен іс-шараларды өткізу процестерін автоматтандыру.
Жүйенің міндеттері:
Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы іс-шараларды жоспарлау;
Атқарушы билік органдарының, жастар және балалар
63
бірлестіктерініңқатысуымен өткізілетін форумдық науқандар мен іс-шараларға қатысушылардыбірыңғай тіркеу;
Жастар қоғамдық ұйымдарын өзара іс-қимыл жасаудың бірыңғай тетігі арқылы қолдау;
Жүйені пайдаланушылардың белсенділігін есепке алу;
Кәсіби Жастар қауымдастықтарын қалыптастыру;
Ресей Федерациясы аумағында жастар саясатын іске асыру мониторингі;
Жүйе арқылы электрондық есептілікті дайындау және қалыптастыру.
Жүйе 8 бөлімнен тұрады:
1. Пайдаланушы өзі туралы деректерді толтыру арқылы тіркеуден өтеді;
2. Тіркеуден өткеннен кейін, логин және пароль арқылы жүйеде авторизация жасайды;
3. «Жаңалықтар» бөлімінде жүйенің қызметі ету туралы хабарламаны көре алады;
4. «Өтінімдер» бөлімінде іс-шараларға қатысатын қатысушалрдың тізімін көруге және өтінім беруге болады;
5. «Портфолио» бөлімінде құжаттарын іледі: диплом, сертификаттар және тағы басқалар;
6. «Іс-шаралар» бөлімі тіркеу жүйесі арқылы ашылған іс-шаралар тізімін қарауға мүмкіндік береді. Қатысушылар іс-шаралар туралы қысқаша ақпаратты қарап, қызығушылық танытқан ауысымға өтінім бере алады.
7. «Жақын достар» бөлімінде іс-шараларды немесе бірнеше іс- шараларды (атауы, өткізу орны, өткізу кезеңі) таңдауға мүмкіндік береді.
8. «Кері байланыс» бөлімі нақты іс-шараны ұйымдастыру комитетіне немесе техникалық қолдау қызметіне жүгінуді көздейді. Ол үшін хат тақырыбына сәйкес санатты таңдау қажет (Сурет 13) [57].
64
Сур. 13 – «Ресей жастары» ақпараттық жүйесі [57]
Келесі платформа Әзірбайжанда жастарға арналған бірыңғай электронды платформасы жасалды.
Әзірбайжан жастар қоры бірыңғай ақпараттық портал – «GәncApp»
мобильдік қосымшасы мен genc.az сайтын құрды. Портал мемлекет және жеке секторлар, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар жастарға ұсынатын іс-шаралар мен жобалар туралы қызметтер мен ақпараттар қамтылған.
«GәncApp» қосымшасы арқылы пайдаланушылар жергілікті және шетелдік құрылымдардың стипендиялық бағдарламалары, шетелде оқыту және тәжірибе бойынша ұсыныстар, гранттық байқаулар туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар, қосымшада жастардың волонтерлік қозғалысқа қатысу мүмкіндігі ескерілген.
«GәncApp» қосымшасының мақсаты жастарды жастар саясаты саласында жүзеге асырылатын іс-шаралар, жобалар мен бастамалар туралы, сондай-ақ, бірыңғай орталықтандырылған электрондық форматта мемлекеттік қолдау мен қызмет көрсетудің тетіктері туралы хабардар ету болып табылады [58].
«GәncApp» мобильді қосымшасы арқылы жастар қажетті іс-шараларға қол
жеткізе алады. Олар 24/7 режимінде жаңартулар мен жаңалықтарды алып, олардың қызығушылығына қатысы бар барлық әрекеттерді хабардар болады.
Мүмкіндіктер:
Қосымшаның негізгі артықшылықтары:
- Гранттық байқаулар, стипендиялық бағдарламалар және тағы басқа жастарға пайдалы іс шаралар туралы ақпарат алуы;
- Соңғы бос орындар, тағылымдамалар мен волонтерлік бағдарламалар туралы хабардар болуы;
- «CV» генераторы функциясы арқылы түйіндемені жасап және бөлісуге болады;
- Мемлекеттік органдармен және компаниялармен интерактивті кері байланыс алуға болады;
- Білім курстарында, вебинарларда қатыса отырып, білім дағдыларын жетілдіре алады;
- Мемлекеттік мекемелерден, компаниялардан соңғы жаңалықтарға хабардар болаалады [53].
Ресей және Азербайжан елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, өз елімізде аталған платформа мен мобильдік қосымшаны құруға болады. Платформа өз кезегінде жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларға қатысу ашықтығын көрсетеді және жастардың мекемелерге барып, кезекте тұруынан босатады. Егер, біз аталған платформаны өз елімізде құратын болсақ, кейбір функцияларды жетілдіруге болады. Мәселен, жастар тек қана іс-шараларға қатысу емес, сонымен қатар, қосымша арқылы мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға тікелей өзінің жеке электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы өтінім беру арқылы жұмысқа орналасу немесе білім алу мүмкіндігін қарастыруға болады. Ол үшін
65
құрылатын электрондық платформаны egov.kz порталымен үйлестіру керек.
Яғни, бағдарламаларға қатысу үшін өтінім беру қызметін egov.kz порталында жаңа қызмет жасау керек. Атлған жұмысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ұйымдастыру керек.
Сонымен қатар, зерттеу нәтижесінен кейінгі анықталған әр түрлі саладағы мәселелерді шешу жолындағы әр түрлі салалардағы мемлекеттік бағдарламаларды қарап, қазақстандықтардың жас ұрпағы өмірінің барлық аспектілері мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етілетінін атап өткен жөн.
Мысалға, білім беру саласында ауқымды шаралар ұсынылған. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 14 жастан бастап жастарға көмек пен мүмкіндіктер кең ауқымын қамтиды: мектеп және колледж оқушыларын «Жас Ұлан», «Жас Сарбаз» қозғалыстарына тартудан бастап, ТжКБ және жоғары оқу орындарының жұмысқа орналастырылған түлектерінің санына дейін шаралар қарастырылған [9].
Жас ұрпақтың денсаулығы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жіті назарда Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету желісіндегі жастар денсаулық орталықтарының қызметін жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері үшін, әсіресе жас мамандарға, оның ішінде ауылдық жерлерде, шағын қалаларда, өңірлерде әлеуметтік қолдау шараларын күшейту денсаулықты тұтастай да, сондай-ақ қызметкерлерді денсаулық сақтау саласына тартуға мүмкіндік береді [10].
Жастардың негізгі қажеттіліктерінің бірі жұмыспен қамту бойынша шаралар нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында кеңінен ұсынылған [11].
Жас ұрпақтың өміріндегі ең танымал проблемалардың бірі тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады. Негізінде, бұл мәселені шешу үшін тұрғын үй- коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер»
мемлекеттік бағдарламасы бар. Мемлекеттік бағдарлама Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй сатып алу қарастырылған [12].
2020-2025 жылдарға арналған дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі кешенді жоспары, ол сондай-ақ бірқатар шараларды көздейді, мысалы, дене шынықтыру және спорт бойынша сабақтан тыс сабақтарды жүргізгені үшін мұғалімдерге базалық лауазымдық жалақыдан 100% қосымша ақы енгізу [60].
Қорытындысында, мемлекеттік жастар сясатын жетілдіру үшін жастар саясаты қызметін автоматтандыру аясында:
1. Қолданыстағы бағдарламаларды жетілдіруді;
2. Жастар бағдарламалар бойынша электрондық платформаны және мобильді қосымшаны құруды;
66
3. Өңірлердегі тікелей жастармен жұмыс істейтін 208 өңірлік және 17 облыстық жастар ресурстық орталықтарын жобалық менеджментке көшіруді ұсынамын.
Бұл ұсыныстар өз кезегінде, мемлекеттік жастар саясатының іске асырудағы жүйені жетілдіреді деп санаймын.
Қорытынды
Қорытындысында, еліміздегі жастар саясатының мақсаты - ол жастардың жеке дара дамуына, олардың білім алуына, жұмыспен қамтылуына, мүдделерінің қорғалуына және тағы басқа жастардың қажетті қажеттіліктеріне қол жеткізу үшін мемлекет жастар үшін барынша экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылыққолғабыс беруде.
Қазіргі таңда, біздің еліміздегі жүргізіліп жатқан жастар саясаты моделі, атап айтақанда институционалдық даму жағынан шет елдегі жастар саясатының институционалдық дамуынан айтарлықтай көп айырмашылық жоқ.
Жас азаматтар – ол әр түрлі санаттағы 14-29 жас аралығындағы жастар болып саналады.
Себебі, мемлекет жастар саясатын іске асырудағы институционалдық дамуын қалыптастырды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар саясатын жүргізудегі және ұлттық деңгейде жаңа реформаны енгізетін уәкілетті орган. Сонымен қатар, жастар мәселелері тұрғын үй, білім беру, жұмыспен
67
қамтамасыз ету, спорт және мәдениет сияқты проблемаларды шешетін мемлекеттік органдар. Орталық деңгейде ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесі құрылған. Әрбір облыста жастар саясаты бөлімдері бар. Жастар саясатының дамуында басты рөлді бірқатар ұйымдар да атқарады. Барлық өңірлерде жастар мәселелерін қарастыратын және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізетін 208 жастар ресурстық орталықтары, 596-дан астам Қазақстан бойынша жастар мәселесі бойынша үкіметтік емес ұйымдар, барлық деңгейдегі әкімдер жанындағы 218 жастар ісі жөніндегі кеңестер, 897 жастар ісі жөніндегі комитеттері бар.
Мемлекет еліміздегі жас азаматтарының мәселерін шешуде бірқатар нормативтік құқықтық актілерді қабылдап, мемлекттік бағдарламалар мен жобаларды әзірледі. Олар:
1994 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітіп, 1999 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының
тұжырымдамасы қабылданды;
2000 жылы ҚР Үкіметі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес құрылды;
2001 жылдан бастап «Қазақстан Жастары», «Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы», Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы сияқты бағдарламалар іске асырылды. 2004 жылы ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы қабылданды;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы;
«Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды;
Білім беру саласында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы [9].
Жас ұрпақтың денсаулығы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы [10].
Жастардың негізгі қажеттіліктерінің бірі жұмыспен қамту бойынша шаралар нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы [11].
Жас ұрпақтың өміріндегі ең танымал проблемалардың бірі тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы [12].
2020-2025 жылдарға арналған дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірлену сатысында.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 тамыздағы
«Волонтер жылын жариялау туралы» № 135Жарлығы [4].
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы «Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасын бекіту туралы» № 27 қаулысы [13].
68
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 қыркүйекте «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» (Серпін) жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 425 бұйрығы [14].
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы № 968 қаулысы [15].
Қазақстан Республикасының Президенті - елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан [3].
«Дипломмен ауылға!» жобасы - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы N 111-IV Заңы» және тағы басқа жобалар[16].
Бірақ, мемлекет тарапынан бірқатар нормативтік актілермен бағдарламалардың қабылдануына және институционалдық дамуына қарамастан жастар арасында өзекті мәселердің шешімі әлі де болсын табылмай келе жатыр.
Бұған дәлел, жастардың өзекті мәселеріне «Жастар» зерттеу орталығының, Академияның және өзімнің жеке жүргізген зерттеулер негіз болып отыр.
Қазіргі уақытта, жастардың жеке жұмыссыздық, білім алу, отбасы құру, тұрғын үй алу, бос уақыттарын өткізу, мәдени дамулары және тағы басқа өзекті мәселердің бар екендігін көруге болады.
Сондай-ақ, жастар мемлекет тарапынан іске асырылып жатқан жастар саясаты жөніндегі ақпараттарға хабарсыздығын және олардың өңірлеріндегі жастар ресурстық орталықтардың қызметін білмейтіндігін, жастар үшін арналаған бағдарламаларға қалай қатысу керек екендігінен немесе бар екендігінен хабарсыз болып отыр.
Бұған себеп, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, жастар ұйымдардың, ҮЕҰ жастар саясатындағы жеткілікті ресурстарды жастарға жеткізе алмай отырғанымен болады және жастар тарапынан жастар саясатын іске асыруға өздерінен бастамашылықтары төмендігімен байланыстыруға болады.
Яғни, жастар саясатын іске асырып отырған қызметкерлердің жұмыстарына жауапты қарамауы, асырлып жатқан бағдарламаларды жастарға дұрыс түсіндірілмеуі, дұрыс шешімдер қабылдай алмауы, коррупциялық құқықбұзушылықтар және тағы басқа проблемалардың кездесуі байқалуда.
Жастардың әлеуметтік мәселелерін шешу жүйелі тәсілді қажет етеді. Іс жүзінде оған негізделген: