ЖӘНЕ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
12.4. Қазақстан Республикасы бюджетінің табысы мен шығысының қҧрылымын қалыптастыру
Мемлекеттік бюджет табысының құрылымы экономикалық жүйеде бюджеттің атқаратын жаңа рӛлін айғақтайды. Қазіргі кезеңде салық түсімдерінің артуына байланысты бюджет табысы да айтарлықтай ӛсіп келеді. Бюджеттің салық және салықтық емес табысы болады.
Бюджет табысы – ҚР заңнамасына сәйкес республиканың мемлекеттік билік органдары мен жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдарының иелігіне тегін және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақшалай қаражат.
Қазіргі кезеңде бюджетке түсетін салық түсімдерінің жалпы тенденциясы экономикадағы оң ӛзгерістер мен салық жүйесіндегі ӛзгерістерді кӛрсетеді. Ал әлемдік нарықтағы қолайлы жағдаят табысты арттыратын негізгі фактор болып табылады.
175
Табыс пен шығыстың құрамы мен құрылымы әлеуметтік-экономикалық дамудың әрбір нақты кезеңінде жүзеге асырылатын еліміздің бюджет-салық саясатының бағытына, табысты қалыптастыру мен шығысты пайдаланудың тиісті нысандары мен әдістеріне байланысты.
Табыс пен шығыстың құрылымы ӛздері жүйеленіп топтастырылған бюджеттік жіктемесінде анықталады. Аталмыш құрылым келесі тараулардан тұрады:
1. Табыстар:
салық түсімдері;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсім;
трансферттердің түсімі.
2. Шығындар.
3. Операциялық сальдо.
4. Таза бюджеттік кредиттеу:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді ӛтеу.
5. Қаржы активтерімен жасалатын операциялардың сальдосы:
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсім.
6. Мемлекеттің тапшылығы (профицит).
7. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану):
қарыздың түсімі;
қарызды ӛтеу;
бюджет қаражаты қалдығының қозғалысы.
Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылдан бастап Орта мерзімді қазынашылық саясат ауқымында мемлекеттік бюджеттің табысы мен шығысының құрамы мен құрылымы қарастырылады (12.3-кесте).
12.3. Мемлекеттік бюджеттің табысы мен шығысының қҧрылымы * (ЖІӚ-ге пайызбен)
Кӛрсеткіштердің атауы 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж.
Мұнайдан тыс түскен табыс 18,2 17,4 16,6
Салық түсімі 17,2 16,5 16,1
Салықтан тыс түсім 0,39 0,34 0,30
Негізгі капиталды сатудан түскен табыс 0,61 0,53 0,20
Шығыстар 22,1 20,9 19,4
Жалпы сипаттағы мемлекеттік
қызметтер 1,4 1,2 0,9
Қорғаныс 1,4 1,4 1,3
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық,
сот, қылмыстық-атқарушы қызмет 2,0 1,9 1,7
Білім беру 3,6 3,6 3,6
Денсаулық сақтау 2,6 2,7 2,6
Әлеуметтік кӛмек және әлеуметтік
қамсыздандыру 4,3 4,4 4,4
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 1,2 1,0 0,9
Мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық
кеңістік 0,7 0,6 0,6
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны, жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары
1,0 0,9 0,8
Отын-энергетикалық кешенін және жер
қойнауын пайдалану 0,4 0,3 0,2
176
Ӛнеркәсіп, сәулет, қала салу және құрылыс қызметі, кӛлік және коммуникациялар
Ӛзге
Қарызға қызмет кӛрсету
1,7 1,4 0,4
1,6 1,0 0,3
1,6 0,7 0,2
* ҚР Қаржы министрлігінің деректері бойынша
Мемлекеттік бюджеттің табысы мен шығысының құрылымы мұнай түсімінің республикалық және Ұлттық қордың арасында бӛлудің оңтайлы балансын қамтамасыз ету мақсатында бюджет жүйесінің реформаланғанын кӛрсетеді. Мемлекетік бюджеттің табысы жыл сайын ұлғайып келеді.
Мәселен, 1997 жылы мемлекеттік бюджет табысының ЖІӚ-ге үлесі 16,7%-ды, ал 2007 жылы – 20,9%-ды құрады. Осы кезеңде мемлекеттік бюджет табысының ЖІӚ-ге қатынасы бойынша үлесінің артуы екі фактормен, біріншіден, ұлттық экономиканың жалпы ӛсуімен (осы кезеңде ЖІӚ кӛлемінің жыл сайынғы орташа ӛсімі 9%-ды құрады), екіншіден, республикада салық әкімшілігінің жақсаруымен байланысты. Мемлекеттік бюджет табысының негізгі үлесін 1995 жылы 80,3%-ды, ал 2007 жылы – 81,6%-ды қамтыған салық түсімі құрайды, олардың үлесінің ӛсуі ӛндірістің тұрақты ӛсуін, кәсіпорындардың қаржы жағдайының жақсарғанын, инвестициялық процестер-дің жанданғанын растайды.
Шын мәнінде, нақты есептелген табыс тӛмендеп, берешек ӛскен 1998 жылдағы дағдарыстың келеңсіз салдарын еңсеру үшін салықтардың тӛленуін бақылап, ретке келтіру қажет болды. 1999 жылдан бастап республиканың ірі салық тӛлеушілерінің мониторингін енгізудің нәтижесінде тӛлеушілердің осы санатынан түсетін салық түсімі мен бюджеттегі олардың үлесі де ұлғайды.
Мәселен, ірі салық тӛлеушілерден түсетін салықтардың үлесі 1999 жылғы 33%-дан 2007 жы- лы 52%-ға дейін ӛсті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті табысының құрамында мұ-най және мұнайдан тыс секторлар түсімдерінің арақатынасын анықтау маңызды. Бұл ел экономикасының айтарлықтай дәрежеде мұнай экспорты есебінен қаржыландырылуымен байланысты, сондықтан келешекте қазынашылық саясатты жүзеге асырғанда бюджеттің табыс бӛлігінің әлемдік мұнай бағасының күрт ауытқуына тәуелділігін тӛмендетуге тырысу қажет. Осыған байланысты мұнай кірісінің түсімін есепке алмайтын, демек ғаламдық қаржы тұрақсыздығы жағдайында күрт ауытқитын, осының салдарынан мұнай баррелі бағасының 40-45 долларға дейін тӛмендейтін әлемдік мұнай нарығында қалыптасатын жағдайға тікелей тәуелді емес бюджеттің мұнайдан тыс тұрақты тапшылық тұжырымдамасын жасау қажет.
12.4. Республикалық бюджеттің 2009-2011 жылдарға арналған табысы мен шығысы (млрд теңге)
Атауы 2009 ж. 2010 ж. 2011 ж.
Табыстар Салық түсімдері Салықтан тыс түсімдер Шығындар
Тапшылық
3145 2126 55,3 3320 –539,0
3629 2376 58,4 3749 –625,4
3965 2716 60,7 4122 –482,6
Орта мерзімді кезеңге ұсынылған болжамда табыс саясатында, сонымен бірге шығын саясатында орын алатын ерекшеліктер кӛрсетілген. Кестеде салық саясатының мұнайдан тыс секторды (негізінен шикізат емес) дамытуды кӛтермелеуге бағытталатыны байқалады. Мұнайға байланысты емес табыстың салық базасын дамыту экономиканы әртараптандыру жӛніндегі мақсаттарға жетуге ықпал етіп, жүргізілетін қазынашылық саясаттың тұрақтылығын қамтама- сыз ететін болады.
Бюджеттің шығыс бӛлігі әлеуметтік-экономикалық бағытқа арналады. Жүргізілетін шығын саясаты жалпы мемлекеттік шығыстың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталады.
Бюджеттің жалпы шығыс бӛлігінің динамикасы туралы айтатын болсақ, ол тұрақты ӛсіп келеді.
Сӛйтсе де жекелеген функционалдық топтар бойынша жағдай басқаша қалыптасуда. Қорғанысқа, білім беруге, денсаулық сақтау мен әлеуметтік кӛмекке жұмсалатын шығыс жыл сайын ұлғайып
177
келеді, ал ӛнеркәсіптегі, құрылыстағы, ОЭК пен басқа салалардағы шығысты қаржыландыру тӛмендеп келеді.
Мұнайдың әлемдік бағасы жоғары болған 2005-2008 жылдар аралығындағы қазынашылық саясат табыстың артығын Ұлттық қорда шоғырландыру арқылы айналыстан алып, кейін осы табысты әлемдік қаржы нарықтарында орналастыруға бағытталған болатын. Осы тәсілдеменің дұрыстығын мұнай экспорттайтын елдердің кӛп жылғы тәжірибесі дәлелдейді. Шамадан тыс мемлекеттік шығыс жұмсаудан кейінгі жекелеген қолайлы жылдар, сәйкесінше мұнай бағасы кезеңді түскен жылдар экономиканың макроэкономикалық теңгерімсіздігінің, мемлекеттік табыс пен шығыс тепе-теңдігінің бұзылуының салдарынан халықтың ӛмір сүру деңгейінің тӛмендейтінін кӛрсетеді. Осыған жол бермеу үшін жекелеген уақыт кезеңінде табиғи ресурстардан түскен табысты тұтынудың теңгерімділігіне жету жӛнінде шара қолданып, оны үнемі жетілдіру қажет.
Бюджет шығысының құрылымы мемлекеттің тауарлар ӛндірісінің қоғамдық тұтынуы мен әлеуметтік мұқтаждықты қанағаттандыру саясатын айғақтайды. Әлеуметтік мақсаттарға жұмсалатын шығыстың кӛлемі мемлекеттік шығыстардың абсолюттік сомасының ғана емес, сонымен бірге оның ЖІӚ-дегі үлесін де арттырады, сондай-ақ мемлекеттің орталықтандырылған қаржы ресурстарының қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру мүмкіндігін сипаттайды. Бүгінгі күні жергілікті бюджеттер әлеуметтік-мәдени іс-шараларды қаржыландыруға едәуір шығын жұмсайды.
Табыс пен шығыс құрылымында оларды бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша бӛлудің маңызы зор.
Жергілікті бюджеттің құрылымында салық түсімдері табыстың 2/3-ін құрайды, дегенмен соңғы жылдары түсімнің жалпы кӛлеміндегі олардың ӛзіндік салмағы тӛмендеп келеді. Табыс пен шығыстың жергілікті және жоғарғы бюд-жеттің арасында бӛліну пропорциясы салық базасы мен салық әлеуетінің, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени іс-шараларды қаржыландыру процесіндегі бюджет функцияларының қазіргі жүйесін кӛрсетеді. Тағы бір айтатын кететін жайт, трансферттердің айтарлықтай ӛсуі. Демек, жергілікті бюджеттердің жоғары тұрған деңгейдің қаржылай кӛмегіне тәуелділігі одан сайын күшейіп келеді. Табыс пен шығысты бюджет жүйесі деңгейлерінің арасында шектеу механизмін жетілдіруді қолға алу қажет. Жергілікті бюджеттердің нақты дербестігі табыс базасын толықтыратын меншікті кӛздерге байланысты, сондықтан жекелеген салықтардың (ҚҚС; корпоративтік табыс салығы) түсімін республикалық және жергілікті бюджеттің арасында белгіленген пропорцияда бӛлу арқылы жергілікті бюджетті қалыптастырудың қазіргі қолданылатын тәртібін ӛңірлерге меншікті базаны дербес қалыптастыруға мүмкіндік беретіндей етіп қайта қарау қажет.
Бюджетті реформалау барысында бюджет саласындағы шекаралар айқын белгіленіп, функциялар орталық органдардың, сонымен бірге орталық және жергілікті билік органдарының арасында бӛлінді, республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында бюджет қаражатының, түсімдердің жұмсалу бағыттарының бӛлінуі бекітілді, мемлекеттік бюджеттің негізгі параметрлерін орта мерзімді болжауға кӛшу жүзеге асырылды.
Бюджет саясаты мемлекеттің экономиканың әр түрлі саларына қатысуының салыстырмалы тиімділігін бағалауға негізделеді және мемлекеттің қатысуы қажет емес немесе мақсатқа сәйкес емес бағыттарда бюджет қаражатын жұмсауды қысқартуға бағытталған. Бұл ретте бюджет қаражатын ағымдағы міндеттемелерді орындаумен қатар, ӛзекті стратегиялық міндеттерді кешенді түрде шешуге шоғырландырудың маңызы артып отыр.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына ғаламдық дағдарыс ықпал еткен жағдайда қазынашылық саясаттың міндеттерін іске асыру ауқымында мемлекеттің қаржы ресурстарын мемлекеттік басқару функцияларын барынша тиімді әрі толық орындауды қамтамасыз ететіндей бӛлу керек. Бұл үшін экономика қызметінің қалыптасқан жағдайына бейімделген экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың біртұтас жүйесін пайдалану қажет. Осы жұмыстың барысы бағдарламалық құжаттарды оңтайландырып, сәйкестендіруді, сондай-ақ олардың іс-шараларының бюджет шығындарымен ӛзара тығыз байланысын ойластыруды қажет етеді.