Аңдатпа. ХХ ғасырдың басы қазақ халқының тарихындағы аса күрделі әлеуметтік және қоғамдық-саяси қайшылықтары көп кезең. Ғасыр басы қазақ қоғамының рухани өмірінде аса маңызды жаңалық ұлт зиялыларының қалыптасуымен ерекшеленді. Зерт- теу нысанына сол күрделі кезеңдегі елдің елдігін, ұлт тұтастығын сақтауды мақсат етіп алған басылымдар алынды.
Аталған мақала ХХ ғасыр басында жарық көріп, қазақ қоғамына бағдаршам іспеттес болған мерзімді басылымдардың пайда болу тарихынан ақпарат береді. Басылымдардың ішіндегі қазақ азаматтарының басын біріктірген, ұлттың құндылығын сақтауда қыз- мет жасаған «Қазақ» және «Ақ жол» газеті туралы жазылған.
Сол кезеңде патша өкіметінің қазақ жеріндегі отарлық билік орындарының ұстанған саясаты қазақ зиялылары тарапынан да өткір сынға алынған болатын. Біздің зерттеу нысанамызда ұлт тұтастығын сақтаушы, қозғаушы күші ретінде басты мақсатына жеткен ұлттық көзқарастағы басылымдар.
Мақалада алаштықтардың үнқағазына айналған «Қазақ» және «Ақ жол» басылымдары- ның бағытына тоқталдық. Әртүрлі тақырыпта жарияланған мақалаларға жеке-жеке тоқталып, қоғамда газет қамтыған тақырып аясына кеңінен зерттеу жасалынды.
Екі газеттің жарық көрген уақыты мен қоғамдық ортасын салыстырып көрер болсақ,
«Ақ жол» газеті жаңа жағдайда ұлттық саяси ойды сапалық жаңа деңгейге көтере алды десек, «Қазақ» газетінде көтерілген идеялар «Ақ жолдың» қызметінде отарлық билік нығайған кеңестік қоғамның нақты өмір шындығымен бетпе-бет келіп, іс жүзінде күр- делі кезеңнен өтіп жатқанына көз жеткіздік.
Мақаланың ғылыми маңыздылығы «Қазақ» және «Ақ жол» газеттеріндегі жарияланған мақалаларды салыстырмалы түрде зерттелуімен дараланады.
Зерттеу әдістемесі жүйелі тәсіл,таңдау, талдау әдісін қарастырады. Зерттеу нәтиже- сі жарияланған мақалалардың жүйелі қатарын жасау болып табылады.
Практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін арнайы және элективті пәндер бой- ынша журналистика мамандығының оқу процесіне енгізу мүмкіндігіне ие.
Түйін сөздер: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов «Қазақ», «Ақ жол», Мемле- кеттік Дума, ХХ ғасыр, басылым, ұлттық құндылық, саясат, қоғам.
DOI: https://doi org/10.32523/2616-7174-2022-140-3-55-62
«Қазақ» және «Ақ жол» басылымдары арасындағы сабақтастық Кіріспе
2021 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет бас- шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформа- лар - ел өркендеуінің негізі» атты Жолдауын- да «Қоғамды ұйыстыру, ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде еліміздің тарихи мұрасын және мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға баса мән беріледі» [1]. деген болатын. Қазақстан елінде- гі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен ты- ныштықтың болуы біздің үлкен жетістігіміз.
Ұлттық бірегейлікті нығайту және сақтау жолында тарихи мұраны сақтау жолы табан- дылықты қажет екендігі мемлекет басшысы өз жолдауында баса айтты.
Тарихи мұра әр халықтың өзіндік баға жетпес мәдени байлығы. Мәдени байлық де- геніміз біздің өткеніміз, біздің бұрынғы жазба ескерткішіміз, ұлттық құндылығымыз. Ұлт- тың тұтастығын сақтайтын-ұлттық құндылық.
Ұлттық құндылық дегеніміз не?- деген сұраққа «Ашық энциклопедияда» былай деп жауап береді: Жеке тұлғаның ұлттық са- на-сезіміне өзінің ұлттық қатыстылығы тура- лы субъектіні таныстыру, өзінің этникалығын позитивті қабылдау, ұлттың тарихи өткеніне, оның бүгіні мен болашағына деген көзқарас, ана тілін меңгерудегі белсенділік, халық мәде- ниетін зерделеудегі белсенділік, ұлттық мүдде- лер мен құндылық бағдарларын ұғыну және қа- былдау, басқа да этникалық қауымдастықтарға қарым-қатынасты қалыптастыру, оның ау- мақтық тұтастығын сақтауға дайындық, оның байлығын арттыруға ұмтылу кіреді [2].
Яғни, рухани құндылық адамның са- на- сезіміне әсер ететін сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды да- рыту арқылы қоғамда өз орнын табуына, қа- білет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-пара- сатын дамытуына, яғни мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
Ал осындай рухани құндылықты қазақ қоғамы ұлттық мерзімді басылымдардан басталады. ХХ ғасырдың басында қазақ дала- сында патшаның жергілікті әкімшілік орын- дары ресми органдарының келуімен қатар мерзімді газет-журналдар шыға бастады.
Зерттеу әдістері
Мерзімді басылымдардың басты мақсаты қазақ халқының әлеуметтік –шаруашылық және мәдени ағарту бағытын іске асыру емес, патшаның озбыр саясатын жүргізу, үкіметтің бұйрық-жарлықтарын жергілікті ұлт тілінде жариялау еді. Сонымен қатар патшаның оз- быр ресми пікірін қазақ арасына таратып қана қоймай, өзіне бағындырып ұстау мақ- сатын көздеді. Аталған кезең мерзімді бас- пасөздің қазақ қоғамында белсенділігі артқан мезгіл еді. Баспасөздің рөлі оның санымен емес, ұлттық мүддеген қызмет етуімен ерек- шеленді. Мерзімді баспасөз ғасырлар бойы отаршылықта болған қазақ халқының ұлттық мүддесіне сай қызмет жасап, қиын кезеңде қа- сынан табылып, жаңа заман құруға бағытберіп отырған.Төменде зерттеліп отырған мәсе- ле өткен тарихымызға көз жүгірте отырып, қоғамдағы саяси жаңаруға белсене араласқан, сол кезеңдегі өзек жарды күрделі оқиғаны дер кезінде қағаз бетіне түсіріп, қоғам болып ше- шуге үлес қосқан мерзімді баспасөз туралы.
Патша өкіметінің қазақ жеріндегі отарлық билік орындарының ұстанған саясаты ХХ ға- сыр басында қазақ зиялылары тарапынан да өткір сынға алынған болатын. Ұлттық мәде- ниетіміздің бастаушысындай болған мерзімді баспасөздердің қатары әр жерде, әр мезгілде шыға бастады.
Қазақ журналистикасында шоқтығы биік, ұлттық құндылықты дәріптей білген «Ай- қап» журналы, «Қазақ» және «Ақ жол» га- зеттерінің біз үшін орны бөлек. Біздің зерттеу нысанасы ретінде алып отырған басылымда- рымыз ұлт тұтастығын сақтаушы, қозғаушы күші ретінде жарық көріп отырған.
“Айқап” журналы. Ұзақ уақыт күш-жігер жұмсап, аянбай еңбектенуінің арқасында М.
Сералин 1910 жылдың аяғында журнал шыға- руға рұқсат алды. “Қостанай уезінің Шұбар болысы № 5 ауылының қазағы М. Сералинге,
— делінген құжатта,- Троицк қаласында оның жауапкершілігімен мынадай бағдарлама бой- ынша: бас мақалалар, шетелдік хабарлар, мұсылмандар өмірінің мәселелері, хроника, фельетондар мен өлеңдер, библиография
және ғылыми мақалалар, аралас дүниелер және редакцияға хаттар бағдарламасымен ай сайын “Эй-кафь” журналын шығаруға рұқсат берілді”. Прогресшіл демократияшыл зиялы- лардың сан жылдар бойы аңсаған армандары орындалды: 1911 жылғы 10 қаңтарда Троиц- кіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш
“Айқап” ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты [3]. Халықтың «үні, құлағы» болған журналға Мұхамеджан Сералиннің бас болуы үлкен еңбектің нәтижесі еді. Мұхамеджан әрі ақын, әрі журналист, әрі қоғам қайраткері еді.
Журналдың бетінде халық аузындағы әдеби мұраларды жинастыруға деген ұмтылыс пен халықты отырықшылыққа, білім-ғылымға насихатталуы жайлы мақалалар көптеп жа- рияланды. Соның бір дәлелі, “Бізге не істеу керек?” деп аталған мақаласында “Айқап” өз бағдарламасын былай деп белгілеген:
1. Отырықшылыққа көшу, қалалар тұрғызу, жерден қол үзбеу.
2. Мектептер мен медреселер ашу, білімді әрі мәдениетті болу.
3. Дін істерін өз қолына алу, өз мүфтиін сайлау.
4. Мемлекеттік Думаның мінберінен ха- лық мүдделерін қорғау және оларды үкіметке жеткізе алатын депутаттардың болуы.
5. Петербургте тұрақты өкілдік болуы.”
[3]. Журналдың бағдарламасына көз жүгірт- сек, отырықшылық, жерден қол үзбеу басты мәселе болған. Халықты білім алуға шақыруы өркениет көшінен қалмауға үгіттегені болып есептеледі. Білім болған жерде мәдениет те, әдебиет те болатындығына кәміл сенгені. Дін бағытына да көңіл бөлінген. Думаға халық се- нетін сауатты адамдардың қойылуын қадаға- лаған.Ұлт боламын десек осы бағдарламаны негізге алуу керектігін айтады.
Талқылау
М.Сералин 1911-1915 ж.ж. Троицк қаласын- дағы Энергия баспаханасында қазақ тілінде 88 саны шыққан «Айқап» журналының редакто- ры, әрі шығарушысы болды. «Айқап» журна- лының 1-ші санын өзінің нағашысы Бекшента-
ев деген кісінің үйінде шығарған. Ол «Айқап»
деген қазақтың төл сөзінің мағынасын «біздің қазақтың «Әй, қап!» демейтұғын қай іс бар?
Газет шығармақшы болдық, қолымыздан кел- мейді. Пұлы барларымыз ынтымақтассақ та, ақшасыз істің жөні табылмады. «Қап, пұл- дың жоқтығы, қолдың қысқалығы-ай» дедік.
«Қап, ынтымақсыздығымыз-ай» дедік….
біздің қазақтың неше жерде «қап» деп қапы қалған істері көп. «Қап» дегізген қапияда өт- кен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап» болды» деп түсіндіреді [4].
Жоғарыда қазақ халқы көркейту жолында еңбек еткен «Айқап» журналының пайда болу тарихынан бірер сөз айтылды. Келесі шолу, баспасөздің алғашқы қарлығаштарының бірі
«Қазақ» газетінің пайда болу тарихынан бірер сөз.
ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында қа- зақтың ұлт зиялылары үшін жалпы елдік зәру мәселелерді көтеретін қоғамдық ойға қозғау салып, бағыт берер алатын газет-журналдар шығару үлкен қоғамдық мәселеге айналған болатын. Сол қоғамдық мәселені шешуде зор үлес қосқан жоғарыда және төменде айтылған басылымдар еді.
«Қазақтың» басқа қалада емес Орынборда шығуы, әрине кездейсоқ емес-тін. Орынбор ХХ ғасырдың басында орта Еділ сағасы мен Орал өңірінде Қазаннан кейінгі мәндегі ірі саяси, сауда және мәдени орталыққа айналған болатын [5].
«Қазақ» газеті – отандық журналисти- ка тарихында айрықша орны бар, халықтың
«көзі, құлағы һәм тілі» болған жалпыұлттық басылым. Газет 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қыркүйекке дейінгі аралықта Орын- бор қаласында аптасына бір рет, 1912 жылы аптасына 2 рет шығып тұрды. Таралымы – 3000 дана, жекелеген нөмірлері 8000 данамен таралды.
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов және М.Ду- латов сынды халқымыздың біртуар ұлдары басшылық еткен басылымды оқымаған қазақ кемде-кем. Басылымның көтерген жүгі өте ауыр болды. «Қазақ» газетінің бірінші бас ре-
«Қазақ» және «Ақ жол» басылымдары арасындағы сабақтастық
дакторы Ахмет Байтұрсынов болды. Газеттің басты бағыты төмендегідей болды:
1. Үкіметтің бұйрық-жарлықтары;
2. Мемлекеттік Дума, мемлекеттік Кеңес жұмысы;
3. Ішкі және сыртқы хабарлар;
4. Қазақтың тарихы мен тұрмыс жайы;
5. Этика, тарих, этнография және мәдениет мәселелері;
6. Экономика, сауда, кәсіп, ауыл шару- ашылығы, мал шаруашылығы;
7. Халық ағарту, мектеп, медресе,тіл және әдебиет мәселелері;
8. Тазалық, денсаулық және малдәрігерлігі жайы;
9. Фельетондар;
10. Корреспонденциялар мен жеделхаттар;
11. Жергілікті хроника;
12. Суреттер;
13. Почталар (хаттар);
14. Құлақтандырулар [6].
Басылымның бағытына қарап, газетте жарияланған мақалалардың әр түрлі және қоғамда қозғалған тақырыптар өте ауқымды болғандығын байқаймыз.
Нәтижелер
«Қазақ» басылымы шығып отырған уақы- тында қазаққа қатысты мәселенің бәрін кө- терді. Қоғамда болып жатқан жер мәселесі, оны қазақтарға бөлу мәселесі, сауаттандыру, оқыту және мектептер ашу мәселесі, соттар- дағы заңдарды жетілдіру мәселесі түгел жа- зылып жарияланып, мақала арқылы жергілік- ті және жоғарғы үкіметке жеткізіліп отырды.
«Қазақ» газетінің ізін жалғастырған келе- сі басылым «Ақ жол» газеті болды. Газет 1920 жылдың 7 желтоқсанынан бастап 1926 жылға дейін Түркістан республикасының кіндік өкіметі атынан Ташкентте аптасына үш рет тұрақты шығып тұрды. «Ақ жол» газетінің бас редакторы Сұлтанбек Қожанов болды. Онда қамтылған тақырыптар:
1. Басқармадан;
2. Сыртқы хабарлар;
3. Ішкі хабарлар;
4. Бұйрық-жарлықтар;
5. Әйел теңдігі;
6. Жастар арасында;
7. Ресми бөлім;
8. Елден;
9. Басмашылар тарихы [7].
Ірі қоғамдық саяси тақырыптан бастап қа- рапайым тұрмыс өмірінен ақпарат беретін басылымдардың қай-қайсысын алсақ та елдік, ерлікпен қатар парасат- пайымы келіскен қа- ламгерлер ізін көреміз.
Баспасөздің басты бағыты сол кезеңдегі оз- быр патша үкіметінің заңдарын, жарлықта- рын жариялаумен қатар, отаршылдық билігін талап етумен бірге, мәдениет, әдебиет тақы- рыптары, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өн- дірісін дамыту мәселесін қамту болды.
ХХ ғасыр тарихының жарқын әрі елеулі кезеңі- қазақ оқығандарының әлемдік көші- нен қалмай, қаймана қазағын өрге сүйреп, ойраны шыққан ордасын қайта тігіп, мемле- кеттік түсінікті санасына ұялату болатын.Сын сағатта туып, Алаш автономиясының үніне айналған «Қазақ» газеті халық алдындағы өз миссиясын орындады [8].
Қазақ ұлтшылдығы қоғамдық ойды қозға- ушы ретінде «Айқап» журналы (1911-1915),
«Қазақ» (1912-1918) және «Ақ жол» (1920-1926) газеттері арқылы толық көрініс тапты. Жал- пыұлттық басылым болған «Айқап» журна- лы, «Қазақ» және «Ақ жол» газеттерінің жа- рық көруі осыған негіз бола алады.
«Айқап» журналының шығуы қоғамдық сананың оянуымен қатар, «Қазақ» газетінің шығу кезеңі қазақ ұлтшылдығының баста- пқы қалыптасу кезеңімен сәйкес келсе, ал «Ақ жол» газетінің қызметі қазақ ұлтшылдығының кемелденіп толысу кезеңімен сәйкес келді.
Жоғарыда жазылған басылымдардың жа- рық көрген уақыты мен қоғамдық ортасын салыстырып көрер болсақ, «Айқап» журналы қазақ қоғамында мәдениеттің дамуына жол ашты. «Ақ жол» газеті жаңа жағдайда ұлттық саяси ойды сапалық жаңа деңгейге көтерді.
Өйткені «Қазақ» газетінде көтерілген идеялар
«Ақ жолдың» қызметінде большевиктік билік нығайған кеңестік қоғамның нақты өмір шын-
дығымен бетпе-бет келіп, іс жүзінде сыннан өтіп жатты [9].
«Айқап» журналы жарияланымдары арқылы қазақи болмысты қалыптастырып, отырықшылық бағытын бетке алып, медресе, мектеп ашуды қолға алды. Халық ауыз әдеби- етін жетілдіруге ат салысты.
Ал «Қазақ» және «Ақ жол» газеті – ХХ ға- сыр басындағы күрделі кезеңнің шежіресі десек қателеспейміз. Сол кезеңде қазақ қоға- мының өткір мәселелерінің бәрі басылым бетінде үздіксіз жарияланып отырды.
Елдің зарына айналған жер дауы, оқу-ағар- ту мәселесі екі басылымда да үздіксіз кө- теріліп, ұлттық тақырып, жастар ісі, дін жайы, өнер-білімнің артықшылығы туралы және әлі күнге дейін маңыздылығы артпа- са кемімеген мақалалар көптеп басылды. Екі басылымда қазақтың мұңын шағып, жоғын жоқтады.
Мерзімді баспасөз қазақты өнер-білім, ғылым жолында ізденуге шақырды. «Айқап»
журналы, «Қазақ» «Ақ жол» газетінің айнала- сына қаламды серік еткен Алаш азаматтары түгел жиналды.
Мерзімді баспасөз шығарушыларының та- банды еңбегінің арқасында басылымдар жал- пыұлттық бағдаршамға айналды. Басылым бетінде Мемлекеттік дума, ішкі және сыртқы хабарлар, экономикалық тақырыптар, ағарту бағыты, корреспонденция, жергілікті жедел- хаттар, өлеңдер үнемі жарияланып тұрды.
Ұлттық мерзімді баспасөздің жаңадан ба- сып келе жатқан уақыты, халық ағартушылық бағытқа жаңадан бет бұрып келе жатты. Қазақ елінің санасына жақын ең тиімді жанр-өлең түріндегі рухты шығармаларды жақсы қабыл- дады. «Ақ жол»№2 Жұма, 10 декабрь, 1920 жылғы санында «Қазақ-қырғыз шәкірттеріне»
өлеңі жарияланды.
Шар-тараптан жиналыпсыз, Жаңа талап жас ұлан.
Ғылым тойын қолға алыпсыз,
Құттықтаймын, бас ұрам,- деген рухтағы жалынды сөздері жас өрендерге арналған.
Бостандықта қарсы кеп тұр, Қалқам сенің бағыңа.
Не керегің алшы деп тұр, Тағы да, алшы, тағы да [10].
Қазақ сахарасында болып жатқан ірі өз- герістер бостандыққа шақыру, бостандықтың бізге берері мол, алып қал дейді.
Қорытынды
«Айқап» журналы, «Қазақ» «Ақ жол» ба- сылымдарының жарыққа шығуы отарлық езгіге қарсы күрестің мазмұнына сапалық өз- геріс енгізуде және қоғамдық саяси бағытқа бет бұруына үлкен серпін берді.
Бұл басылымдар озық ойлы азаматтардың ой-пікірлерін жариялап қана қоймай, жас өрендерді рухтық өлеңді тыңдап, рухтануға жол ашты. Қазақ қоғамын құраушылардың саяси ой жүйесін реттеп, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға үлесін қосты.
Республикамыздың тәуелсіздігі баянды етіліп, еркіндіктің түндігі ашылғаннан бері мерзімді баспасөздің тарихы зерттеліп, зерде- ленуі заман талабынан туындап отыр. Ұзаққа созылған отаршылдық үстемдік қазақ халқы- ның шынайы тарихын жазуға мүмкіндік бер- меді. Міне, енді ғана тарихымыз әлемдік дәре- жеде зерделеніп жас ұрпаққа белгісіз болған сан асыл мұраларымыз халқымызбен қайта табысты.Тарих сахнасында пайда болған баспасөздің атына қарап, қай заманның, қай қоғамның сойылын соғып, саясатын жүргіз- генін аңғару қиын месе. Бірақ, сол тағдыр- дың тайталасында «мың өліп, мың тірілген»
баспасөзіміз қашанда әділеттің ақ жолынан ауытқымай, бізге өмір шындығын қаз-қал- пында жеткізуге, халық санаасын оятуға ты- рысты [11].
Қазақ қоғамына тараған «Айқап» журна- лы, «Қазақ» және «Ақ жол» басылымдары азаматтардың санасына сілкініс жасап, буы- рқанған ашу-ызасын сыртқа шығаруға жол ашты.Ұлттық басылымдарда жарияланған мақалалар ұлттық көзқарасты қалптастыру, өркениетке ұмтылу, ағартушылық бағытқа бет бұру мәселесі көптеп көтеріліп отырды.
Осындай деректер қоғамда болып жатқан күрестен ақпарат беретін дерек көзі болып табылады.Аты аталған басылымдардың ба-
«Қазақ» және «Ақ жол» басылымдары арасындағы сабақтастық
сты бағыты жалпыұлттық басылым болды.
Себебі мақалалар тақырыбы ұлтқа қатысты мәселені қозғады және нақты дерекпен жари- яланып отырды. Бұл деген сөз ұлттық журна- листикаға тән нақтылық, дерек көздері анық, ашықтықты білдіреді.
Алаш көсемдерінің мерзімді баспасөз беттерінде, түрлі ғылыми басылымдарында жарияланған құнды мұраларынан ұлттың
біртұтастығын үндейтін мақалаларға аздап болса да зерттеу жасадық деген ойдамыз.
Қорыта келе, қоғамдық, ғылыми, ағар- тушылық бағыттан бастап қарапайым тұр- мысты да қозғай білген «Айқап» журналы,
«Қазақ» және «Ақ жол» басылымдары жур- налистика тарихына қосылған ұлттың рухани көсемдерінің ұлт тұтастығын сақтауда жазған жанкешті еңбектерінің жиынтығы болды.
Әдебиеттер
1. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – URL: https://kaz.zakon.kz/5081129- asym-zhomart-to-aevty-aza-stan-hal-yna.html (қаралған күні: 10.03.2022).
2. Уикипедия Ашық энциклопедиясы https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%81%D 1%82%D1%8B_%D0%B1%D0%B5%D1%82 (қаралған күні: 31.03.2022).
3. «Айқап» журналы мен қазақ ғазеттері. – URL: //stud.baribar.kz/20215/ayqap-zhurnaly-men-qazaq- gazetteri/ (қаралған күні: 31.03.2022).
4. Айқап. /Құрастырғандар: Ү.Суханбердина, С.Дәуітов. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 367 б.
5. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. 1-ші том. Алматы: «Мектеп», 2021. - 182 б.
6. Сақ Қ. Алаш көсемсөзі: тіл мәселесі. Көптомдық. 2 том. - Алматы 2014. - 400 б.
7. «Ақ жол». Көптомдық. 1-ші том. - Алматы: Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы, 2011.
8. Дюсенова Н.К. «Қазақ» газеті - Алаштың ұлттық мінбері // «Абылай хан мұрасы:идеялардың өза- ра байланысы сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағы. - С.Ж.Ас- фендияров атындағы ҚазҰМУ, 2013.
9. Хазретәлі Т. Алаш һәм Түркістан. Монография. - Алматы, «Ел-шежіре», 2013.- 400 б.
10. «Ақ жол» газеті. Көптомдық. І том / Құраст.Х.Есенқарақызы.-Нұр-Сұлтан: «Алашорда» қоғам- дық қоры, 2020. - 384 б.
11. Сүндетұлы Қ. Қазақстанның батыс өлкесіндегі баспасөздің тарихы. Оқу қүралы. - Астана:Фоли- ант, 2006.-280 б.
References
1. Kasym-Zhomart Tokaevtyn Kazakstan halkyna Zholdauy [Message to the people of Kazakhstan by Kassym-Jomart Tokayev]. Available at: https://kaz.zakon.kz/5081129-asym-zhomart-to-aevty-aza-stan-hal-yna.
html (Accessed: 10.03.2022).
2. Uikipedija Ashyk jenciklopedijasy [Open Encyclopedia Wikipedia]. Available at: https://kk.wikipedia.
org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B_%D0%B1%D0%B5%D1%82 (Accessed: 31.03.2022).
3. «Ajkap» zhurnaly men kazak gazetterі [Aikap magazine and Kazakh newspapers]. Available at: //stud.
baribar.kz/20215/ayqap-zhurnaly-men-qazaq-gazetteri/ (Accessed: 31.03.2022).
4. Ajkap [Aikap]. Comp. U.Subhanberdina, S.Dautov (Kazakh Encyclopedia, Almaty, 1995, 367 p.).
5. Koygeldiev M. Alash kozgalysy [Movement «Alash»]. Vol. 1 (Mektep Almaty, 2021, 182 б.).
6. Sak K. Alash kosemsozі: tіl maselesі [Wise words of Alash: language problems] Multi - volume. Vol.
2 (Аlmaty, 2014, 400 б.).
7. «Ak zhol» [The «Ak zhol»]. Multi - volume. Vol. 1 (South Kazakhstan Regional Museum of Victims of Political Repression, Аlmaty, 2011).
8. Dyusenova N.K. «Kazak» gazetі - Alashtyn ulttyk mіnberі [Newspaper «Kazakh» - national tribune
«Alash»], «Abylaj han murasy: idejalardyn ozara bajlanysy sabaktastygy» atty halykaralyk gylymi-praktikalyk konferencija zhinagy [Collection of the international scientific and practical conference «The legacy of Abylai Khan:continuity of ideas»]. (S. Zh. Asfendiyarov KazNMU, 2013).
9. Khazretalі T. Alash һаm Tүrkіstan [Alash and Turkestan]. Monograph («El-shezhіre», Almaty, 2013, 400 p.).
10. «Ak zhol» gazetі [Newspaper «Ak Zhol»] Multi - volume. Vol. 1. Comp. Kh.Esenkarakyzy (“Alashorda”
Public Foundation, Nur-Sultan, 2020, 384 б.).
11. Sundetuly Қ. Kazakstannyn batys olkesіndegі baspasozdіn tarihy [The history of printing in the western region of Kazakhstan]. Study guide (Foliant, Astana, 2006, 280 р.).
З.Ж. Койгелдиева
Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева Астана, Казахстан Преемственность между газетами «Казах» и «Ак жол»
Аннотация. В данной статье представлена информация по истории периодических изданий, кото- рые выходили в начале 20-го века и были своего рода светофором для казахстанского общества. Среди изданий, которые объединяли казахстанцев и служили сохранению ценности нации, можно отметить газеты «Казах» и «Ак жол».
В этот период политика царского правительства и колониальных властей на казахских землях под- вергалась резкой критике со стороны казахской интеллигенции. Объектом нашего исследования явля- ются издания, достигшие с национальной точки зрения, своей главной цели в качестве движущей силы национальной целостности.
В статье мы остановились на направлении изданий «Казах» и «Ак жол», которые стали националь- ными газетами движения Алаш. Статьи, опубликованные на разные темы, обсуждались индивидуально, проводились обширные исследования по темам, освещаемым газетами.
Если сравнить период издания двух газет и общественную среду, то можно сказать, что газета «Ак жол» смогла поднять на качественно новый уровень общенациональную политическую мысль в новых условиях, а идеи, поднятые в газете «Казах», сталкиваются с жизненной реальностью советского обще- ства, укрепленного колониальной властью. Мы убедились, что страна на самом деле переживает слож- ный период.
Научная значимость статьи характеризуется сравнительным изучением статей, опубликованных в га- зетах «Казах» и «Ак Жол». Методология исследования предполагает системный подход, отбор, метод анализа. Результатом исследования является создание систематической серии публикуемых статей.
Практическая значимость заключается в возможности внедрения результатов исследований в учеб- ный процесс для студентов специальности «Журналистика» по базовым и факультативным предметам.
Ключевые слова: А. Бокейханов, А. Байтурсынов, М. Дулатов «Казах», «Ак Жол», Государственная Дума, ХХ век, издания, национальная ценность, политика, общество.
Z.Zh. Koigeldieva
L.N. Gumilyov Eurasian National University, Astana, Kazakhstan The interconnections between the publications «Kazakh» and «Ak Zhol»
Abstract. The beginning of the twentieth century is a period in the history of the Kazakh people with the most complex social and socio-political contradictions. The beginning of the century was marked by the formation of the National intelligent people, a very important innovation in the spiritual life of Kazakh society. The object of the study was publications aimed at preserving the country and the integrity of the nation in that difficult period.
«Қазақ» және «Ақ жол» басылымдары арасындағы сабақтастық
The article provides information about the history of the appearance of periodicals, which were published at the beginning of the twentieth century and became a beacon for Kazakh society. It is told about the periodicals
“Kazakh” and “Ak Zhol” which united the Kazakh citizens, served in accordance with keeping the peoples’
national value among other periodicals.
At the same period, the policy of the Tsarist authorities on the Kazakh land was sharply criticized by the Kazakh intelligent people. The subject of our research is publications from a national point of view, which have achieved their main goal as a driving force, preserving the integrity of the nation.
In the article, we focused on the direction of the publications “Kazakh” and “Ak Zhol”, which became the basis of the Alash language. An extensive study of the topic covered by the newspaper in society was carried out, focusing on articles published on various topics separately.
If we compare the time of publication and the public environment of the two newspapers, we can say that the newspaper “Ak Zhol” was able to raise national political thought to a qualitatively new level in the new conditions, and we were convinced that the ideas raised in the newspaper “Kazakh” are actually going through a difficult period, facing the realities of the real life of Soviet society, in which the colonial power was strengthened in the activities of “Ak Zhol”,
The scientific significance of the article is determined by the comparative study of published articles in the newspapers “Kazakh” and “Ak Zhol”.
The research methodology observes a systematic approach, selection, analysis method. The result of the study is the development of a systematic series of published articles.
Practical significance has the possibility of introducing the results of the study into the educational process of the specialty journalism in special and elective disciplines.
Keywords: A. Bokeikhanov, A. Baitursynov, M. Dulatov «Kazakh», «Ak Zhol», State Duma, XX century, publications, national value, politics, society.
Автор туралы мәлімет:
Қойгелдиева З.Ж. – журналистика және саясаттану факультетінің докторанты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан.
Koigeldieva Z.Zh. – Ph.D. student, Faculty of Journalism and Political science, L.N. Gumilyov Eurasian National University, Astana, Kazakhstan.