• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Қазақ энциклопедиялық басылымдарының ақпараттық қайнары

Аңдатпа. Мақалада қазақ энциклопедиялық басылымдарының бастаулары қазақ халқы- ның өткенімен тікелей байланысты екендігі ғылыми тұрғыдан сарапталған. Көне түр- кі жазба ескерткіштері – «Тоныкөк», «Білге қаған» жырларынан дәлелдер келтіріліп, орта ғасыр ғұламалары - Ибн-Сина, Әль-Фараби энциклопедиялық шығармаларының қазақ анықтамалық басылымдарының негізі екендігі талданады. Жүсіп Баласағұн, Мах- мұт Қашқари шығармаларының энциклопедиялық сипаты да зерттеу негізі болып та- былады.

Кілт сөздер: энциклопедия, кітап, әдебиет, мәдениет, ғылым

DOI: 10.32523/2616-7174-2022-139-2-110-116

Кіріспе

Кітап және кітап шығару қоғаммен бірге дамиды десек, энциклопедия – кітаптың мей- лінше күрделі түрі. Адамзат қоғамы неғұрлым ілгері басып, дамыған сайын ғылыми білім- дер соғұрлым көбейіп, жаңа мағлұматтар, ұғымдар мен терминдер пайда болады: бұлар туралы сан алуан кітаптар шығады. Келе-келе адамның осы жаңа деректер тасқынына “ие болуы”, игеруі қиындай түседі. Осы себепті оларды бір жерге жинақтау, басқа кітаптар жайында анықтама беретін бір кітап жасау, яғни адамзат ойында қорытылған барлық білімдердің жинағы – энциклопедия шығару қажеттігі туады.

“Энциклопедия” термині грек ұғымы бой- ынша encyklopaіdeіa, яғни, “білім жинағы” де- ген мағына береді. “Энциклопедия” термині

маңызы жағынан тарихи өзгерістерге ұшыра- ды...

Көне заманның ғұламалары “кітаптардың кітабы” деп бағалаған энциклопедиялық ба- сылымдар әрдайым ғылыми жұртшылық пен қалың оқырман тарапынан жоғары бағаға ие болып отырған.

Энциклопедия шығару ісі көне Шығыстан бастау алады. Әлемдегі алғашқы энциклопе- диялық басылымдар Қытайда б.з.д. 12-10 ға- сырда пайда болған...

Жиырмасыншы ғасырдың соңғы онжыл- дығы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды бетбұрыс, ірі өзгерістер кезеңі.

Ел-жұрт болып арғы тарихқа бет бұрдық.

Скиф дәуіріне барып жатқан тұстарымыз бар.

Сондықтан тұлға ретінде Анахарсис тура- лы, қазақ тарихына қатысы болғандықтан 21 кітаптан тұратын Авеста жайлы деректердің маңызы зор.

Анахарсис (б.з.д. 6-7 ғ.) – тарихта “Скиф Анахарсис” деген атпен белгілі сақ ғұламасы...

Диоген Лаэртский “Атақты философтар- дың өмірлері, ілімдері, нақыл сөздері” ата- латын кітабында Анахарсис айтты деген афо- ризмдер келтіріледі. Оның дерегі бойынша, кеменің зәкірін, шығырлы дөңгелекті Ана- харсис ойлап тапқан. Анахарсистан қалған:

“Басқа пәле тілден”, “Татымсыз мың достан адал бір дос артық”, “Базар – адамдардың бірін-бірі арбап, ұрлап-жырлауы үшін әдейі жасалған орын”, “Элладалықтар қызық осы:

мұнда сөзді ақылдылар айтады да, ал мәселені ақымақтар шешеді” деген т.б. даналық сөздер бүгінге жетіп отыр… Анахарсистың жазған 800 жолдай өлеңінің біразы “Латын антоло- гиясы” атты неміс тілінде жарық көрген жи- нақта жарияланған /1:359/.

Авеста – ежелгі Орталық Азияда, Иранда, Азербайжан Ауғанстан жерінде таралған За- ратуштра ілімінің қасиетті жазбалар жинағы көне тілде б.з.б. 3-ғасырда хатқа түсірілген.

Сасани әулеті заманында (3-7 ғ.) Авеста 21 кітаптан құралған. Біздің заманымызға соның төрттен бірі ғана жетіп отыр. Олар екі нұсқа- дан тұрады. 1-нұсқасы әртүрлі кітаптардағы мінәжаттар. 2-нұсқасы дінге, құқыққа, та- биғатқа, дүние жаратылысына байланысты әуендерден, дұғалардан, ән ұрандардан тұра- ды. Ғасырлар озған сайын Авестаға өзгерістер, толықтырулар енгізіліп отырған. Бұл Шығыс халықтарының көпшілігінің тарихына, мәде- ниетіне, дініне, ауыз әдебиетіне қатысы бар ортақ жәдігерлік. Еуропа ғалымдары кітаптың Орталық Азия жерінде туғанын айтады. Аве- станы зерттеген ағылшын ғалымы Мэри Боис:

заратуштрашылдықтың негізін қалаған Зара- туштра – көшпелі Азия даласын, ұлы Еділ- дің шығыс жағын мекендеген тайпалардан шыққан деген қорытындыға келген. В.В. Бар- тольд, А.О. Маковольский, А.Н. Бернштам, Ә.Марғұлан Авестаны жасауға сақ, скиф, ғұн, қаңлы тайпалары қатысқандығын айтады.

Авестаның барлық діндерге, бүкіл дүни- ежүзілік өркениетке үлкен әсері болды. Мыса- лы, қазақ халқы жыл басын наурыздан бастай- тыны осының бір көрінісі. Көне Ресейде де 14-ғасырға дейін осылай болған.

Авеста - әлем заңдылықтарын толық қамти- тын ілім. Авеста ілімі бүкіл мұсылман әлеміне тарады. Оның ислам мәдениетіне, әсіресе, со- пылық ағымға тигізген әсері зор болды.

Авеста сарынының кейбір арналары көне түркі эпостарымен үндесіп отырады. Мұн- дай ұқсастықтарды Оғызнамадан, Қорқыт Ата кітабынан кездестіруге болады. Қасиет- ті кітаптағы кейбір сарындар ежелгі қазақ әдебиетінде де көрінісін тапқан. Әдебиетші ғалымдар Авестадағы сарындардың Қорқыт Ата, Хұтыб Хорезми, Ахмед Иүгінеки, Асан Қайғы, Бұқар, Базар жырауларға келіп ұласа- тындығын дәлелдеді/1:55/.

Осыдан бір жарым мың жылдай бұрын біздің ата-бабаларымыз өздерінің тұңғыш мемлекетін –Түрік қағандығын құрды.

Осы кездегі түркі дәуірінің қоғамдық, әде- би, мәдени өмірін жыр еткен, құлпытастарға қашап жазылған ғажайып дастандар – “Күл- тегін”, “Білге Қаған”, “Тоныкөк” жырлары өшпес мұра болып бізге жетті.

Негізгі бөлім

Қазақ анықтамалық басылымдарының пайда болуы және қалыптасуы туралы сөз еткенде оның гносеологиялық негізі, яғни түп-тамыры, қайнар бастауы тікелей халқы- мыздың өткен өмір жолына байланысты. Сон- дықтан қазақ анықтамалық басылымдарының негізін басты-басты үш арнадан: VІІ-VІІІ ға- сырлардағы көне түркі жазба ескерткіштері;

2) орта ғасырдағы ойшыл-ғұламаларымыз- дың шығармалары мен ежелгі заман ескерт- кіштері; 3) қазақ халқының ауыз әдебиетінен іздестіріп, қарастырамыз.

Энциклопедия – ең алдымен, анықтама алатын кітап.

Бұл айтылғанға мысалды алыстан ізде- мей-ақ, өткен жолымызға көз жіберсек те бо- лады:

–Түрік бектері, халқы, бұны естің...

Айтар сөзімді мәңгі тасқа бастым– депті тасқа қашап жазған сөзінде түрік ақындары- ның атасы Иоллығтегін Күлтегін ескерткішін- де (Кіші жазу).

Түркологиялық әдебиеттерде негізгі үш хронологиялық дәуірге бөлінетін көне түркі Г. Өзбекова, Г. Ертасова, Ә. Әлім

Қазақ энциклопедиялық басылымдарының ақпараттық қайнары ескерткіштерінің қай-қайсысы да өзі жазылған кезеңнің қоғамдық мәселелерінен хабардар етеді. Орхон ескерткіштерінің әрқайсысы ерте ғасырларда өмір сүрген түркі тайпаларының сол кездегі қоғамдық құрлысы, мәдениеті мен тілі, әдет-ғұрпы мен тұрмысы, тарихи оқиғалары, әскери жорықтары мен елбасы- лары жайынан нақты анықтама бере алатын- дығымен де құнды.

Көне түркі ескерткіштерінен жер-су, ел- жер, ру-тайпа аттарын, тарихи тұлғалы адам аттарын көптеп кездестіреміз.

Білге қағанның ұлы Иоллығтегін тасқа ойдырып жазған VІІІ-ғасыр ескерткішінде- гі: “Күлтегін қой жылының он жетінші күні өлді...қырық жеті жаста еді” /2:25/–деген де- рекке сүйеніп, 731 жылы дүниеден өткенін білеміз. Демек, Күлтегіннің туған жылы–684 екен. Осы деректен энциклопедиялық мақа- лалардың алғашқы белгілерін байқаймыз.

Себебі, энциклопедия-дағы ғұмырнамалық мақалаларда өмірден өткен тұлғалардың туған және қайтыс болған жылы көрсетілетіні белгілі.

Тасжазу тарих сырын былай шертеді: “Он жаста інім Күлтегін ер атанды. Он алты жа- сында ағам қағанның ел-жұртын сонша мең- герді. Алты баулы Соғдаққа қарсы соғысып, талқандадық. Табғаш Оң тұтықтың елу мың әскері келді... Күлтегін жауға жаяу ұмтылды.

Оң тұтық басшыларын жарақты нөкерлерімен қолға түсірді...” /2:23/– деген жолдардан энци- клопедиялық мақалаларға тән нақтылықты байқауға болады.

Үлкен Күлтегін жазуында: “Әкеміз, ағамыз құраған халықтың атақ-даңқы жоқ болмасын деп, түркі халқы үшін түн ұйықтамадым, күн- діз отырмадым, інім Күлтегінмен, екі уәзірім- мен өліп-тіріліп құрадым... Мен өзім Қаған болғанда жер-жерге тарап кеткен халық өліп- жітіп, жаяу-жалаңаш қайта келді. Ең бірінші болып текес тайпасы оралды. Түргештер, қы- рғыздар, бөрілі байрақ астына жинала баста- ды. Бұлардың бір қатарын ақыл-айламен, бір қатарын әскери күшпен қаратуға тура келді.

Терістікте оғыз халқына қарсы, ілгері қытан, татабы халықтарына қарсы, бергері Табғашқа қарсы үлкен әскермен он екі рет соғыстым”,–

дейді Білге қаған. “Мен бай халыққа хан болып

отырмадым. Ішінде тамағы, сыртында киімі жоқ, аянышты, төмен халыққа хан болып оты- рдым. Сонша құрап, біріккен халықтарды от пен су етпедім, олармен тіл табысуға ұмтыл- дым. Адал халқы мен адал қоғамдар бар жер- де мен жақсылықтар жасадым. Әлемнің төрт бұрышындағы халықты бейбітшілікке шақы- рдым. Жауластырмадым, олардың бәрі маған бағынды...” /2:26/ – деген Білге қаған сөздері- нен Түркі қағанатындағы халықтардың аштық, жалаңаштықты бастан кешіре отырып, өзара нығайып, бейбіт өмірге қадам басқан кезінен анықтама мәлімет аламыз.

Түркі тағына Білге қағаннан кейін отырған оның ұлы – Иоллығ тегін. Ол жазушы-ақын, та- рихшы, екі бірдей Орхон жазбалары мәтінінің авторы. Оның есімі тек қағандығымен емес, бәрінен бұрын көк түркі тарихын, Күлтегін, Білге қаған секілді ер оғландардың ерлік даста- нын тасқа ойып жазғанымен мәңгілік қадірлі болып қалды. Ол әсіресе түркі халықтарының бірлігін армандады. Көшпенділер тұрмысына Қытай мәдениетінің дендеп кіруіне ол әрқа- шан қарсы болатын.

“Алтын, күміс өнімді, жібекті соншама шексіз беріп жатқан Табғаш халқы сөзі тәт- ті, қазынасы асыл еді. Тәтті сөзін, жұмсақ қа- зынасын беріп, алыс халықты өзіне жақын- датқан еді. Жақын қонған соң, олардан жаман қылықты үйренген едік. Игі білгіш кісілерді, игі батыр кісілерді қозғалта алмады. Бір кісі жаңылса, руы, халқы, тұқымына дейін қалмас еді. Тәтті сөзі, жұмсақ қазынасына көп сеніп, түркі халқы жойылдың”!.

“Сонда өш адамдар былай сендірген еді:

“Жырақ болса, жаман сыйлық берер, жақын болса, жақсы сыйлық берер”, – деп... Білік біл- мес кісілер сол сөзді алып, жақын барып, көп кісі өлді... үтікен жерінде отырып, керуен жіберсең еш мұңың жоқ. Сонда түркі халқы тоқ болатын едің. Ашсың ғой сен: аштықта тоқтықты түсінбейсің, бір тойсаң аштықты ойламайсың сен!” –деген, немесе, “үстіңнен тәңір баспаса, астыңда қара жер айрылмаса, түркі халқының ел-жұртын кім құртады?! Түр- кі халқы өлдің!... біресе ілгері шаптың, біресе кері шаптың. Барған жерден не жақсылық таптың? Қаның судай ақты, сүйегің таудай боп жатты. Бек ұлдарың құл болды, сұлу қы-

Г. Өзбекова, Г. Ертасова, Ә. Әлім здарың күң болды...” /3:28-29/– деген Күлтегін

ескерткішіндегі үлкен жазудағы Иоллығтегін сөздері түркі халықтарының басынан кешкен түрлі ауыртпалықтардан, жойқын соғыстар- дан зор мағлұмат береді.

Түркі қағанатына қатысты осы келтірілген деректерде түріктердің тарихы, әлеуметтік-э- кономикалық жағдайы, халықаралық қаты- настары, идеологиясы, ішкі және сыртқы сая- саты барынша жан-жақты қамтылғанына көз жеткіземіз.

Бұдан бірнеше ғасырлар бұрын үлкен құлыптастарға қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлік тұрғысынан да күні бү- гінге дейін өз маңызын жойған жоқ.

Тұтас бір дәуірдің, бір кезеңнің тыныс-тір- шілігін, кескін-келбетін бүгінге толық жет- кізе алғанымен де бұл тарихи ескерткіштер алғашқы әмбебап энциклопедиялық нұсқа- лар болып табылады.

Арғы-ата бабаларымыз өз дәуірінің бет-бейнесін тасқа қашап қалдырса, орта ға- сырлық ойшылдарымыздың да алапат соғыс өртінен, ала құйын замандардан аман өткен, бізге жеткен тарихи-әдеби мұралары бар.

Әр дәуірдің өзіне сай ғылым-білімі, мәде- ниеті болады. Түркі халықтарының арасынан шыққан ағартушы ғалымдар, ойшыл ақындар араб-парсылармен қатар Шығыс мәдениетінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.

Ұлы даланың ұлы перзенттері қалдырған ұлы шығармалардың қай-қайсысы да замана жүгін арқалап, дәуір үнін жеткізеді.

Түп тамыры Орхон жазбаларынан бастау алатын қазақ анықтамалықтары да замана көшінен қалмай, өз дәуірі, талап тілектері дәрежесінде жаңарып, үздіксіз дамып оты- рған.

Әл-Фарабидің ең атақты шығармалары- ның бірі – “Ғылымдар энциклопедиясы” деп аталатын трактаты. Бұл еңбектің ғылым та- рихында аталатын орны ерекше үлкен. Бұл трактат “ғылымдар энциклопедиясы”,

“ғылымдар реті”, “ғылымдар классификация- сы”, т.б. аттарымен Шығыс пен Батыс елдері- не өте ертеде-ақ мәлім болып, одан көп ғұла- малар тәлім алды. Еуропа ғалымдары да бұл еңбекпен өте ертеден таныс. Фараби “энци-

клопедиясы” сонау ХІІ ғасырдың өзінде араб- шадан латын тіліне екі рет аударылған. Одан кейінгі ғасырларда бұл еңбек толық немесе үзінді түрінде ескі еврей, неміс, ағылшын, француз, испан, түрік, және басқа тілдерге аударылып, ғылыми қауымға кеңінен мәлім болды.

Атақты Әбу Әли ибн Сина (980-1037), Род- жер Бэкон және басқалар Фараби “энцикло- педиясының” тікелей әсерімен өздерінің аты- шулы энциклопедиялық еңбектерін жазған.

Уақыт талай ұлы мемлекеттердің атын та- рихтан өшіріп, ұмыттырды. Ал Орта Азия- ның ұлы перзенті, атақты ғалым Әбу Әли ибн Синаның есімі адамзат тарихынан, халықтар шежіресінен осы күнге дейін ұмытылмай, өзінің құрметті орнын алып келеді.

Ибн Сина Хорезмде жүрген жылдары өз атын әлемге паш еткен аса күрделі екі еңбегін жазған. Оның бірі – “Медицина ғылымының заңдары” (“Канон”) екіншісі – “Саулық сақтау кітабы” (“Кітап аш-шифа”) деп аталады. Бұл екі еңбектің біріншісі, Гален мен Гиппократ- тан бастап жиналған медициналық білім қазыналарын сөз етсе, екіншісі, философия, математика, жаратылыстану ғылымдарының нағыз энциклопедиясы болып табылады. Осы екі еңбек оған өшпес даңқ әкелді. Ибн Сина жан-жақты ғалым болған.

Ибн Синаның медицина саласындағы ең күрделі еңбегі, тұңғыш медициналық эн- циклопедия – “Дәрігерлік ғылым каноны”

(әл-Канон). Бұл еңбекті ол 1010 жылы бастап, 1020 жылы аяқтаған. “Канон” сол кездің ғылым тілі – араб тілінде жазылған. Бес кітап- тан тұратын бұл еңбек сол кездегі медицина- лық білімдердің екшеліп, сараланған және бір жүйеге келтірілген анықтамасы дерлік. Логи- калық мағынасының анықтығы және ұғымы- ның дәлдігі жағынан да медицина ғылымы- ның бүкіл орта ғасырлық тарихында бұған тең келетін әдебиет, ғылыми еңбек жоқ десе бола- ды. Сондықтан да Әбу Әли ибн Синаның бұл кітабы ХVІІІ ғасырға дейін дүние жүзіне әйгілі еңбек болып келді.

ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл Шығыс елдеріне мәлім данышпан ой- шыл, философ, энциклопедист ғалым, белгілі

қоғам қайраткері –Жүсіп Баласағұн филосо- фия, табиғаттану, метафизика, астрономия, тарих, араб, парсы тіл білімі т.б. ғылым сала- ларын жетік меңгерген ғұлама ғалым. Оның есімін әлемге танытқан “Құтты білік” кітабы сол замандағы ресми әдебиет тілі болып са- налған араб тілінде емес, түркі халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек. Жүсіп поэмасы – көне түркілердің тіл- дік сана-сезімі өрлеуінің белгісі болған маңы- зы зор ескерткіш.

“Құтты білік” 1069-1070 жылдары он сегіз айдың ішінде жазылған. Жетісу өңірінің Шу өзенінің бойындағы тарихқа ықылым заман- нан белгілі ірі шаһарлардың бірі Баласағұнда (Құзорда деп те аталған) туып өскен Жүсіп Баласағұн бұл еңбегін 54 жасында (Түркия ғалымы Рахмати Араттың жобалауы бой- ынша) жазған. Ежелгі Баласағұн қаласында бастап, Қашқарда аяқтап, Қараханидтер мем- лекетінің сол кездегі әмірі Бұғра ханға тарту еткен. Хан оның еңбегін жоғары бағалап, “Хас Хажыб” деген ат берген /4:8/.

Х-ХІ ғасырларда араб-парсы тілдерінің үстем болып тұрған заманында Жүсіптің таза түркі тілінде осындай рухани дүниені өмірге алып келуі – үлкен тарихи жаңалық. Ол түр- кі тілінің болмысын, табиғатын, өміршеңдігін паш етті. Мұнда түркі тайпаларының салт- дәстүрі, санасы, бай халық ауыз әдебиеті, тұр- мыс-салт жырлары үлкен көрініс тапқан.

“Құтты білік” тек қана әдеби мұра емес.

Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің сипаты бел- гілерін сіңірген, қоғамдық-саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық-этикалық, рухани қазынамыздың негізгі арқауы дерлік құнар- лы дүние. Одан Қазақстан мәдениеті мен әде- биетінің бай тарихы мен дәстүрін көреміз”

/4:20/. Осы ғажайып жыр-дастанды ана тіліміз- ге аударып, оның халық игілігіне айналуына ақындық шабытының соны қырлары арқылы тамаша үлес қосқан ғалым – Асқар Егеубай еңбегін ерекше атауға тиіспіз.

Түркі халқының ХІ-ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі – Махмұт Қашқари.

Ол Талас-Шу алқабындағы Барысхан қала- сында туған. Махмұт Қашқари – ұлы әдебиет- ші, ауыз әдебиет үлгілерін жинап, зерттеуші,

ойшыл философ, белгілі саяхатшы. “Түркі тілдерінің жинағы” (“Диуани лұғат ат-түрк”) кітабын ХІ ғасырда Қарахан дәуірінде (1072- 74ж.ж.) жазған. Өз заманындағы түркі, араб грамматикасын жасап, жетік білген. Бүкіл түркі ру-тайпаларын аралап, олардың тіл ерекшеліктерін, сөздік қорын зерттеген.

М. Қашқари: “Мен тәңірдің гүлденген мемлекетті түркілердің топырағында жа- ратқанын, өмір біліктерімен сол топырақты ғажайып өрнектегінін көрдім. Тәңір олар- ды түркілер деп атап, асқан сән-салтанатқа ие қылды. Дәуіріміздің хақандарын солар- дан таңдап, замана құбылысының еркін тіз- гінін соларға ұстатты. Сан мыңдаған адамды басқартып, адал істерін қолдады. Олармен бірге бір сапта күрескендерді бек құрметтеді.

Түркілер өз қатарына қосылғандарды бар- лық тілектеріне ортақтастырып, залымдардың зорлық-зомбылықтарынан сақтады. Олардың қаһарынан сақтану үшін түркілердің салты мен жолын ұстау сол заманның ақыл иелері- не дәстүр болып қалыптасты. Қасірет- мұңын түсіндіріп, шағыну үшін түркілерге өз тілінде сөйлеуден жақсы жол жоқ. Өз ортасындағы жауларынан жерініп, сыйынып келгендерді түркілер әрқашан қамқор қанатының асты- на алып, төнген қауіп-қатерден құтқарады.

Олармен бірге басқалар да пана табады. Сол себепті, түркі тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлел- деді.

...Сондықтан, мен сол түркілердің діл- мәр-шешендерімен ойын жеткізе алатын зе- рек қабілет иелерінің бірі, әрі ұрыстағы шебер найзагері болғандығымнан олардың қалала- ры мен далаларын түгел кезіп шықтым. Түрік, түрікмен, оғыз, чігіл, ұғма, қырғыздардың сөз- дері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажет- тісін пайдаландым. Әрқайсысының тілі мен салты санама әбден қалыптасты. Соларды мұқият зерттеп, тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ескерткіш, әрі таусылмас әдеби-көркем мұра болып қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігінің жинағын жасап шықтым. Кітапқа

“Түркі тілдерінің жинағы” деп ат қойдым”,/4/

– дейді өз еңбегі туралы.

...Кітапқа түркі елдеріндегі таулар, шөл- дер, өзендер мен көлдердің әр тілде жиі кез- десетін көрнектілерін ғана жаздым. Көбін Қазақ энциклопедиялық басылымдарының ақпараттық қайнары

қалдырдым. Оларды жазғаннан пайда жоқ.

Түркі тілдеріне кейін кірген атауларды да жазбадым. Еркектер мен әйелдер есімдерінің көп кездесетін, жұртшылыққа барынша таны- мал болғандарын ғана кейінгі ұрпақтарға біл- діру үшін атадым”, – деген Қашқари сөздері

“Түрік сөздігінің” шын мәніндегі энциклопе- диялық шығарма екендігінің дәлелі.

Асқар Егеубай сөзімен айтсақ: “Диуани лұғат ат-түрік” күллі түркі дүниесінің, Еу- разия кеңістігіндегі сан-алуан ұлттар мен ұлыстардың мәдени тектестігін рухани туы- стығын, адамзат өркениетінің тұтастығын та- рихи тұрғыда көзге тосып, тарихи санамыз- дың өресін биіктетін біртуар туынды.

Қорытынды

ХІ ғасырдың бұл энциклопедиялық терең мазмұнды зерттеуі қазіргі түрік тектес ұлт- тардың ежелгі мәдениетіне қайта жаңғыру үрдісі жаңа бағыт алған тұста аса қажетті де пайдалы еңбек. Ана тіліміздің, туған әдеби-

етіміз бен мәдениетіміздің түп негіздері, төл заңдылықтары осы білікті зерттеу беттерінде жұлдыздай жамырап көрінеді” /5:3/.

Біздің заманымыздағы түрколог ғалымдар ескіден жеткен мұралардың көпшілігінің қазіргі түркі халықтарының қайсысына нақты тиесілі екендігін дөп басып айта алмайды. Бұл мүмкін де емес. Сондықтан орта ғасырлардан қалған түркі ескеткіштері қазіргі қазақ, өзбек, қырғыз, ноғай, түркмен т.б. туыстас халықтар- дың бәріне ортақ әдеби мұра, осылардың бәрінің де әдебиетінің басы болып есептеледі десек, осы кезеңдерде жазылған энциклопе- диялық шығармалардың қазақ халқына да ти- есілі екендігі ешқандай дау тудырмаса керек.

Халқымыздың әдебиеті мен мәдениетінің тамыры тым тереңнен бастау алатындығына жоғарыда келтірілген деректер арқылы тағы да көз жеткіземіз. Тарихи деректерді саралай келе энциклопедиялық еңбектердің алғашқы белгілері мен нұсқалары да осы ежелгі дәуір ескерткіштерінен тамыр тартатындығын ай- тқымыз келеді.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Ә.Нысанбаев. Ітом– Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998. –720 б.

2. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Ана тілі, 1991.–262 б.

3. Қазақтар.Көпшілікке арналған 9 томдық анықтамалық.Бас ред.Е.М.Арын.т.2. – Алматы: Қа- зақстан Даму институты, 1998.– 533 б.

4. Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі: (Диуани лұғат-ат түрік) 3 томдық шығмалар жинағы. Қазақ тілі- не аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А.Қ. Егеубай.т.1. – Алматы: Хант, 1997.–590 б.

5. Баласағұн Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі: (Диуани лұғат-ат түрік) 3 томдық шығармалар жи- нағы /Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А.Қ. Егеубай.т.1. – Алматы: Хант, 1997.–590 б.Жүсіп. Құтты білік /Көне түркі тілінен аударған және сөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубаев.

–Алматы: Жазушы, 1986.–616 б.

Г. Узбекова1, Г. Ертасова2, А. Алим1

1Казахский национальный университет имени Аль-Фараби, Алматы, Казахстан

2Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Нур-Султан, Казахстан

Информационные истоки казахских энциклопедических изданий

Аннотация. В статье исследуется истоки казахских энциклопедических издании в связи с историей казахского народа. Древнетюркские писменные памятники – «Тонукук», «Бильге Каган» и энциклопеди- ческие произведение средневековых ученых - Ибн Сины и Аль-Фараби анализируется как основа казах- Г. Өзбекова, Г. Ертасова, Ә. Әлім

ских справочных изданий. Энциклопедические особенности произведении Ж.Баласагун, М.Кашкари так же является основой исследования.

Ключевые слова: энциклопедия, книга, литература, культура, на

G. Ozbekova1, G. Ertasova2, A. Alim1

1Al-Farabi atyndagi Kazakh ulttyk University, Almaty, Kazakhstan

2L.N. Gumilev atyndagi Eurasia ulttyk University, Nur-Sultan, Kazakhstan

Information sources of Kazakh encyclopedic publications

Annotation. In the article investigated sources Kazakh encyclopaedic edition in connection with history of the Kazakh people. Древнетюркские писменные monuments - «Тонукук», «Бильге Каган» and encyclopaedic work of medieval scientists - Ибн Сины and Аль-Фараби is analysed as basis of Kazakh certificate editions.

Encyclopaedic features work of Ж.Баласагун, М.Кашкари similarly is research basis.

Key words: encyclopaedia, book, literature, culture, science References

1. Kazakstan.Ulttyk encyclopedia/Bas red.Ә.Ncanbaev.1tom-Almati:Qazaq encyklopediaci Bas rediaksiasi,1998

2. Kelimbetov N.Qazaq adebietinin ejelgi dauiri. Ana tili,1991.- 262 b.

3. Qazaqtar.Kopschilikke arnalgan 9tomdyk anygtamalyq.Bas red.E.M.Aryn.t.2. – Almaty:Qazakstan Damy inistituty, 1998, - 553 b.

4. M.Qachsqari. Tyrik sozdigi: 3 tomdyq schygarmalar jinagy/Qasaq tiline aydargan A.Egeybai.t.1.- Almaty:Hant,1997.- 590.

5. Balasagyn Jysyp. Qyttu bilik /kone tyrki tilinen aydargan A.Egeubaev.t.1.- Almaty: Jazyschy,1986.- 616 b.

Авторлар туралы мәліметтер

Өзбекова Гүлнар – Журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының до- центі, ф.ғ.к., әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, әл-Фараби, 71, Алматы, Қазақстан.

Ертасова Гүлжазира – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, журналистика және саясаттану факультеті, мерзімді баспасөз және баспа ісі кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Әлім Әсел – Журналистика факультеті, «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасының оқытушы- сы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әл-Фараби, 71, Алматы, Қазақстан.

Uzbekova Gulnar – Faculty of Journalism, Associate Professor of the Department Publishing,editorial and design art, candidate of philological Sciences, Al-Farabi Kazakh National University, Al-Farabi, 71, Almaty, Kazakhstan.

Yertassova Gulzhazira – Senior Lecturer of the Department of Printing and Publishing, Faculty of Journalism and Political Science, L.N. Gumilyov Eurasian National University, Master of Social Sciences, Nur-Sultan, Kazakhstan.

Alim Asel – Faculty of Journalism, Senior Lecture of the Department «Publishing,editorial and design art», candidate of philological Sciences, Al-Farabi Kazakh National University, Al-Farabi 71, Almaty, Kazakhstan.

Қазақ энциклопедиялық басылымдарының ақпараттық қайнары