Аннотация. Жұмыста қазіргі кездегі құқықтың мəні мен мазмұндық тұстары ашылып, қарастырылады.
Сонымен қатар қазіргі құқықтың ерекшеліктері талданып, жан жақты зерттелінеді. Сондай-ақ мақаланың авторы құқықтың ары қарай дамуына аса назар бөледі. Автордың қол жеткізген нəтижелері мен қорытындыларын мемлекеттік саясаттың қамтамасыз етілуіне, қоғамның құқықтық санасын арттыруға, қоғамның құқықтық тəрбиесін көтермелеуге ісінде қолдануға болады.
Түйін сөздер: құқық, құқықтық таным, құқықтық мəдениет, құқықтық нигилизм, мемлекет, мемлекеттік орган, мемлекеттің қызметі.
Құқық түсінігін анықтау мəселелері, оның əлеуметтік функцияларын анықтау мəселелері, құқықтағы ұғымдар мен санаттар, қолданыстағы жүйелер кез келген құқық тұжырымдамасы үшін негіз болып табылады, себебі олардың шешімі қағиданың түпкі мəніне, танымдық жəне де практикалық келешегіне тікелей байланысты.
Алайда, осы ұғымның "қимылсыздығы" салыстырмалы, ғаламдық жəне қоғамдық өзгерістің заманында, көрсетілген концептуалды ұғымның елегінен өткізу, экономикалық жəне де əлеуметтік өзгерістердің түбегейлі өзгеруі қажеттілігіне сүйенеді, табиғат пен адамзат ұстанымдармен жүйеленуі емес, керісінше қағидалар табиғат пен тарихқа сəйкес келген ұстанымдарға сəйкес келеді. Қазақстан ең бай құрылыстық тəжірибені иемдене отырып, жаңа демократиялық жəне экономикалық жүйені қалыптастырды. Біздің қоғамымыздың ықпалы əсерінен, бұл негізде бейхабар болып, біз барлық құндылықтардың сапалық тұрғыдағы өзге жүйесі мен адамдық қарым- қатынастардың жаңа түріне бейімделдік. Бірақ бұл еркіндік, М. Хайдеггердің айтуы бойынша, жеке тұлға өз жанының терең түсінуінің қажеттілігін айқындайды – себебі адам өзі ойлайды, яғни түсінеді [1, с. 105], ал нақтырақ айтсақ, «тұжырымдамалық ойлау қабілеті бізден біржақты көрініспен шектеліп қоймай, қалыпты əдеттен шығып, əрі қарай бағытқа ұмтылуымызды айтады»
[1, с. 109]. Сондықтан да гуманитарлық құқық мағынасын түсіну, заңға деген құрметті қатынасу, сонымен қатар мемлекеттің жеке қызметіне, заңнамалық оңтайландыру мен атқарылуын жақсарту, атап айтқанда, құқықтық реттеу шекарасының дəл анықтамасын, адамның қызметіне құқықтың əсерін жəне де ғылыми ізденістерге жол табу, академик М.Баймахановтың айтуы бойынша
34
буржуазиялық жəне юриспруденциялық ойшылдар ұсынған осы санаттарды толық көпжақты талдау қажет [2, с. 93].
Кеңістіктегі посткеңестік республикаларда, сонымен қатар Қазақстанда да, түбегейлі түрлендіру, мемлекеттілік пен атрибуттардың ауысуы, экономикалық жəне қоғамдық дамуының іске асуы жəне т.б. буржуазиялық қауымдастықтың ХVIII ғасырдың аяғы мен- ХІХ ғасырдың басында Батыс Еуропада батыс демократиясының тұрақты жəне бірте-бірте дамуын қамтамасыз етілуіндегі іргелі санаттары ғалымдардың қызығушылығын арттырды. Осы санаттағы айтарлықтай жоғары қызығушылық біздің мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі болып табылуымен қатар сөзсіз жаһандық өзгеруіне, бұл тұрғыда бүкіл қоғамның тұрақтылығы мен жай-күйін қамтамасыз ету үшін қабылдану қажеттілігі біздің еліміздің басым бағыттарының бірі болып табылатыны сөзсіз.
В.А.Кимның əділ көзқарасы бойынша, «халық, адамдар тұрақтылыққа ұмтыла отырып, егер ол бұзылған жағдайда, күш біріктіріп толықтай қалпына келтіре алады. Түрлі сынақтардан өтіп, түрлі соғыстарда, көтерілістерде қайғы мен қасірет шегіп, күйзелген олар, өздерінің іс- əрекеттерімен мемлекеттік тұрақтылықты сақтап, экономикалық ауқатты, бейбіт өмірді, əлеуметтік бейбітшілік пен адам бірлігін сақтады. Адамзаттың тарихын зерттеу барысында, олардың тұрақтылықты сақтауы өз өмірін сақтау, өзін-өзін сақтау жəне тіршілік əрекетін сақтауының маңызды аспектісі болды» [3, с. 19].
«Құқық əлеуметтік ақиқаттық немесе нормативтік бейне емес. Олардың ұқсастығы жайлы айтуға болады,- дейді М. Баймаханов,- олар функционалды болып табылады, оның мағынасында, құрылымдық жəне кеңістік бір-біріне уақыт бойынша түзетіледі, жасанды емес, бір бірімен жеткілікті түрде байланыста болады. Бірақ құқық əлеуметтік шындықты жаңғырта аладыма» [2, с.
95]. Құқық - көп деңгейлі, көп өлшемді, көп қабатты құбылыс, бір жағынан қоғамның экономикалық құрылымы, əлеуметтік құрылым, саяси қатынастар мен тарихи дəстүрлер, үстем идеология жəне т.б., ал бір жағынан- субъективті фактор, əлеуметтік даму барысына елеулі əсер ететін, жеке тұлғаның қоғамдағы жағдайын көрсететін [4, с. 7], - бір еркіндік шараға тартылған формальды тең тараптар болып табылады» [5, с. 45].
Қаралатын тұжырымдамалардың көп өлшемділігі, қарама-қайшы жолдары, біздің қоғам мен мемлекет тарапынан өткен, отандық заң ғылымдарының жиынтығынан кейбір заң жобасының тұжырымдамасын бөліп айтуға болады: «құқықтық нигилизм»; нормативтік құқықтық түсінік;
əлеуметтік қарым-қатынас тəсілі ретінде заң түсіну; заңды түсіну.
Арнайы əдебиеттерде, еліміздің заңдық доктриналар көзқарастарында - «заңды нигилизмнен құқықтық идеализмге» дейін кең ауқымды спектрін көрсетті. Заңның идеясы заңдық нормаларға емес, мемлекет басшысы, монархпен байланыстырды. Қоғамдық санада мемлекеттік билік тəртəбін заңи тұрғыда түсіну нық қалыптасты.
Сондықтан да, Марксистік - лениндік көзқарас тұрғысында құқықтың түсінігі жəне əлеуметтік мақсаты біздің мемлкетіміз бен ортақ қоғамның даму жолындағы логикалық бітісі болады.
Мемлекеттік билікпен қорғалатын, айтылмыш қоғамға экономикалық жəне де басқа да əсер ететін қоғамдық қатынастар мен нормаларды реттейтін жəне сыныптың үстемдігін бекітуін көздейді [6, с.
45].
Əлеуметтік жағдайды тудыратын трансформация қағидаларының соңғы бөліміндегі құқық нормаларының бір бөлігі қажетсіз болады, ал басқа нормалар заңдық сипатын жоғалтып, мəжбүрлі санкциялардан мұқтаж болмай, коммунистік қоғамдық өзін-өзі басқару əлеуметтік жүйесіне түрленген күйінде енеді», бұл құқық пен мемлекеттік тығыз байланыстылығын көрсетеді.
Қоғамдық өзгерістерге тез бейімделіп, қарқынды даму барысында жаһандық құқықтық нигилизм төмендегідей түрлерде көрінеді:
1) қолданыстағы заңның жəне өзге де құқықтық актілердің тікелей бұзылуы, қылмыстық құқықтық əрекеттерді жауаптылыққа тарту, сондай-ақ азаматтық, əкімшілік жəне де тəртіптік теріс қылықтар;
2) субъектілер (азаматтар, шенеуніктер, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар) кең таралған жəне жаппай орындамау негізінде өздерінің іс-əрекеттерін құқықтық норма талаптарына сəйкес келтірмей, өз ережелерімен өмір сүруі;
3) қарама-қайшы, немесе тіпті өзара параллель нормативтік құқықтық актілерді шығару, («нақтылауды», «түсіндіруді» ведомствалық тəртіпке сай барлық деңгейлердегі шенеуліктермен норманы орындаудағы міндетін, «заңға тəуелділікпен» егжей-тегжейлі түзету).
Жоғарыда көрсетілген құқықтық нигилизм қатынасындағы- «ведомствалық» түсінігі, құқық жəне азаматтық қоғам ережесін құру негізіне себеп болатын, заңды құқықтың жоғарғы қайнар көзі ретінде жəне де заңға түзетулер енгізу жүйесіндегі барлық деңгейлердегі шенеуліктердің адам құқығын құрметтемеу құзіретінде.
Қазіргі заманғы дүниежүзілік еуропалық құқықтық ойларда көбінесе екі құқықтық түсінік арасындағы жалпы көріністі айырады: заңдық позитивизм жəне шынайы-құқықтық мектеп. Бірінші бағытты қолдаушылар құқық дегенде мемлекет тарапынан шығатын заңнамаларда немесе басқа да нормативтік актілерде қамтылған өзінің бұзылған құқығымен (легистикалық немесе заңды позитивизм) қорғалатын ережелер жиынтығын көрсетеді. Заңдық позитивизм өзінің əртүрлі ағыстарында мемелекеттік мəжбүрлеу шараларын қамтамасыз етіп, салыстырмалы айрықша құқықтық сипат алады [8, с. 21].
Кеңістіктегі позитивистік құқықтық концепцияға сай «құқық- формальды анықталаған ережелер негізінде белгілі бір мінез-құлық еркіндігін жауапкершілікпен қатар қуатты мемлекеттік өлшемдерге сай жүргізілетін жалпы қажетті жүйе», бұл негізде «нормативтік», «тар», «тар нормативтік» тұжырымдамалар пайда болды [9, с. 104].
Конститутивті белгіліде құқық нормативтік түсінікте сипатталады:
1) бұл мемлекет белгілеген немесе уəкілетті ережелер жинағымен орнатылған жиынтық немесе жүйе;
2) ресми анықтамамен басқа əлеуметтік нормалардың алдындағы басымдылық, құқықтықтың ресми өкімінің атрибутивтік белгілеріне жалпыламалық, формалдық жəне айқындылық жатады;
3) мемлекет өз алдына құқықтық ресми өкімдердің сақталуын қамтамасыз етеді, жазалаушы жəне құқықты қалпына келтіру санкциялары, сонымен қатар ынталандыру шаралары жүзеге асады;
4) құқықтық нормалар адамның тəртібіне, жеке жəне заңды тұлға арасында туындайтын қатынастарды тікелей немесе құқықтық қатынастар арқылы реттейді;
Құқық түсінігін келтірген мысалда анықталған элемент болып- тікелей мемлекетпен тығыз байланыс ретінде анықталған күш көзі, мемлекетпен шығарылған жəне оның орындаулын қамтамасыз етеді.
Мынадай тұжырымдамада құқықтық түсінік атрибуты болып оның нормативтілігі болады.
Құқық норма жүйесі ретінде- ең алдымен объективті мағынада болады, бірақ ол қолданыстағы ережелер жүйесі - еркіндіктің ауқымды көлемі ретінде болып, тəртіп ережесі, арнаулы айтылмыш шара, қоғамдық қатынастардың белгілі бір құқықтары мен міндеттерін бекіту арқылы жүзеге асады. Басқаша айтқанда, ол тұратын жүйе стандарттары объективті жəне субъективті мағынада өзара іс-қимылды білдіреді. Нормативтік құқықтық тұжырымдамасының күшті жағы болып
«қазіргі заманғы түсінікпен дискретті-органикалық байланысқан демократия, нағыз əрекетінде құқықық түсінік заңнамаға жетілдіру негізінде, сонымен қатар заңнамалық техника дəрежесін көтеруге, нормативтік актілердің есебін жүргізу жəне жүйелеу...» [10, с. 3]. Бұл тəсіл тəртібі туралы, атап айтқанда, біздің зерттеу объектісі болып табылатын құқық қорғау процесіндегі ережелерді түсіндіру негізделген.
Алайда логикалық қайшылық жəне прагматикалық өзара түсінік туралы практикалық болашағына қарамастан, нормативті концепция, біздің ойымызша, құқықтық болмысқа сəйкес келмейді. Біріншіден, көпөлшемді тұжырымдама түсінігінің күрделілігіне сəйкес біздің құқықтық субъективті түсінігіміз əрқашан басқаларына қарағанда кең. Екіншіден, норма мəні, «тар» құқық түсінігінде қызметтің ескерілменуін жəне өзінің билік бағыт мазмұнын, мемлекеттің қайнар көзі ретінде, жолсерік жəне құқықтың кепілін елемей, қоғамда плюрализмді жоққа шығарады.
36
Үшіншіден, тарих шынында да, тұрақталған жазбаша құқықтық ережелер жүйесінсіз орындалған жекелеген елдерді, тұтас бір дəуірдің тарихын біледі.
Мемлекеттегі жазылған ережелерді құқықтық іске асыру барысында оны құқықтың бір бөлігі ретінде қарап, «құқық əрқашан əрекетте» ұранын ұсынады. Тіркелген ережелермен бірге «тірі заң»
күші бар, нақты қоғамдық құқықтық нормада тіркелген қатынастарды реттейді. Осыған байланысты «құқық икемділік» идеясын негіздеу, яғни, үздіксіз жүйеде соттың еркіндік талабын қадағалау, оның құқықық нормаларына түзету енгізу жəне де əкімшілік құқықтық заң шығару жүйесіндегі орнын анықтау.
С. Н. Сабикеновтың былай тұжырымдайды, «қолданыстағы мүдделер дің тұрақты өзгеруі мен жаңа құқықытық тануда белгісіз қызығушылық тудырып... құқық өз табиғатында тұрақты, қоғамның реттелудің тұрақты жүйесі болуына қарамастан, құқықтық жүйеге динамикалық мінез береді. Ағымдағы заңға сəйкес қызығушылықтарын білдіру тұрақтылықты қажет етуі. Тек осы өзгерістер негізінд, қоғамдық қызығушылықтың өсуі мен мүдделерінің қажеттілігі ақталған болып табылады. Осылайша, əлеуметтік теориядарға мынадай сипаттама береміз: құқыққа функционалды көзқарас, құқықтық қатынастарды негіз ретінде бөлу, құқықтың заңға «қайшы келмеуі», құқықтың əлеуметтік өзгерістер құралы ретінде талдау, əлеуметтік топтар арасындағы əртүрлə қызығушылықтардың пайда болуы. Құқықтық теорияның қазіргі деңгейі құқықты үлкен əлеуметтік жүйені реттейтін құндықылық ретінде анықтауға көмектеседі. Формальді орнатылған, нормативтік актілерде, сот преденттерінде көрсетілген немесе тіркелген нормалар (мінез- құлық ережелері), басқа да мемлекеттік мəжбүрлеу шаралары түрінде ретке келтіру мақсатында қоғамдық қатынастарды реттеуді көздейді» [11, 32 б.].
Құқықты түсінудің екі жолыныңда өз кемшіліктері мен артықшылықтары бар. «Тар» мағынада құқықты түсінуде нормалар мемлекеттің мəжбүр ету шараларымен жүзеге асады. «Кең» мағынада құқықты түсіну бұл бағыттан алғанда əлде қайда инабатты болып табылады, алайда осы тұжырымдаманы ұстанатын ғалымдар осы күнге дейін құқықты анықтаудың жалпы танылған түсінігін таппады. Обьективті құқық жазылған құқыққа сəйкес келмейді.
Біздің ойымызша қазіргі уақыттағы жұмыс істеп жатқан отандық құқықты логикалық жағынан түсіну дұрыс, өйткені ол өкілетті органдар арқылы заңи нормаларда орнын тапқан. Осылайша жұмыс істеп жатқан құқық шынайы құқықтық жəне нормативті тұжырымдамаларды жинақтайды.
Қоғамның дамудың тұрақты, тиянақты динамикаға жетуі заңшығарушының дұрыс ұмтылыстарды орындауды жəне қоғамның құқықтық қажеттіліктерді уақытылы қанағаттандыру, демек, түсндірудің нормативті теорияны жəне құқық қолдануды өзектендіру, адамзат өркениетінің идеалы ретінде заңдылық қағиданың əсерін күшейтуді білдіреді.
Қорытындылай келе, қазіргі философиялық герменевтика құқық түсіндіру теориясының философиялық – қисынды базасы болып табылатыны туралы ерекше көңіл аудару тиіс, өйткені герменевтиканың шеңберінде нормативтік – құқықтық актілерді түсіндіру үдерісінде қолданылуы мүмкін мəндерді түсіндірудің жалпы қағидалардың жүйесі зерттеп дайындалады; құқық нормалар жəне фактілер туралы білімдерді өзара айқындау жəне дəйектеу арқылы заңды істі дұрыс шешуге жол беретін заңды істі шешудің «алдын ала нұсқаудың» кейбір модельдері методологиялық жəне танымдық əдістерді қалыптастырылды; құқықты түсіндіру ұғымы қоғамдық өмірдің құқықтық саласында адамзат болмысының үдерісіне жалғасатын таным қызметінің ерекше түрі ретінде тұжырымдалды.
ƏДЕБИЕТ
[1] Хайдеггер М. Разговор на проселочной дороге: Сборник / Пер. с нем.; Под ред. А.Л. Доброхотова. - М: Высшая школа, 1991. - 387 с.
[2] Баймаханов М. О некоторых подходах к решению проблем правопонимания//Научные труды «Адилет». -2000.-
№ 1.- С. 93-101.
[3] Кенжалиев З.Ж., Ким В.А. Қазақстан Республикасында конституциялық заңнамасының дамуы. – Алматы: Жеті жарғы, 2008. – 120 б.
[4] Абдрасулов Е. Б. Толкование норм права в истории правовой мысли: Учебное пособие. - Алматы: Шыгыс баспа, 2000. - 147 с.
[5] Абдулаев М.И. Права человека. - СПб., 1998. - 245 с.
[6] Спиридонов Л.И. Теория государства и права. - М., 1999. – 456 с.
[7] Теория государства и права (курс лекций) / Под ред. Н.И. Матузова, А.В. Малько. - М.: Юристъ, 1997. - 671 с.
[8] Кельзен Г. Чистое учение о праве Г. Кельзена. – Вып. 1. – 1987. – 195 с.
[9] Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Учебник. – М., 2001. – 378 с.
[10] Нерсесянц В.С. Философия права: Учебник для вузов. - М.: Издательская группа ИНФРА-М - НОРМА, 1997. - 616 с.
[11] Сəбікенов С.Н. Салыстырмалы мемлекеттік құқық: оқулық. - Алматы: Өркениет, 2000. – 408 б.
REFERENCES
[1] Heidegger М. Razgovor na proselochnoi doroge: Sbornik; Pod. red. А.L. Dobrohotova. - М: Vysshaya shkola, 1991. - 387 p.
[2] Baimahanov М. О nekotoryh podhodah k resheniu problem pravoponimaniya // Nauchnie trudy «Adilet». -2000.- № 1.- 93-101p.
[3] Kenzhaliev Z.Zh., Kim V.А. Kazakstan Respublikasynda konstituciyalyk zannamanyn damui . – Almaty: Zheti zhargy, 2008. – 120 p.
[4] Abdrasulov Е.B. Tolkovanie norm prava v istorii pravovoi mysli: Uchebnoe posobie. - Almaty: Shygys baspa, 2000. - 147 p.
[5] Abdulaev М.I. Prava cheloveka. - Spb., 1998. - 245 p.
[6] Spidironov L.I. Теоriya gosudarstva i prava - М., 1999. – 456 p.
[7] Теоriya gosudarstva i prava (kurs lekcii) / Pod red. N.I. Matuzova, А.V. Маlko. - М.: Urist, 1997. - 671 p.
[8] Kelzen G. Chistoe uchenie o prave G. Kelzena . – Vyp. 1. – 1987. – 195 p.
[9] Lazarev V.V., Lipen S.V. Теоriya gosudarstva i prava. Uchebnik. – М., 2001. – 378 p.
[10] Nersesyants V.S. Filosofiya prava: Uchebnik dlya vuzov. - М.: Izdatelskaya gruppa Infra-М - Norma, 1997. - 616 p.
[11] Sabikenov S.N. Salystyrmaly memlekettik kukik: okulik. - Almaty: Orkeniet, 2000. – 408 p.
Д.О. Кусаинов, А.К. Кусаинова
Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г.Алматы СОВРЕМЕННОЕ ПРАВОПОНИМАНИЕ
Аннотация. В работе рассматриваются содержательные стороны сущности права и правопонимания.
Также в работе всесторонне исследуются особенности современного права. В работе также особое внимание уделяется на функции современных государств. Основные выводы и положения автора могут быть использованы в обеспечении политики государства, в повышении правосознания и правового воспитания казахстанского общества.
Ключевые слова: право, правопонимание, правовая культура, правовой нигилизм, государство, государственный орган, деятельность государства
Сведения об авторах:
Д.О. Кусаинов – кандидат юридических наук, доцент кафедры теории и истории государства и права, конституционного и административного права юридического факультета КазНУ имени аль-Фараби;
А.К. Кусаинова – кандидат юридических наук, доцент кафедры теории и истории государства и права, конституционного и административного права юридического факультета КазНУ имени аль-Фараби
38 N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 5, Number 309 (2016), 38 – 42
N.K. Mynbatyrova
Al-Farabi Kazakh National University, Almaty [email protected]