Аңдатпа. Мақалада әуелі экологиялық журналистиканың жалпы қалыптасқан мерзімі жөніндегі пікірлер келтіріліп, сонан соң онымен байланысты «экологиялық са- уаттылық», «экологиялық сана», «экологиялық мәдениет», «экологиялық білім» сынды ұғымдарға түсініктер беріледі. Бұл ұғымдардың адам санасында қалай қалыптасаты- ны жайлы жан-жақты талқыланады. Қоғамдық экологиялық сана қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының алатын рөлі туралы кеңінен сөз етіледі.
Адамның табиғатқа жанашырлық көрсетуі, қоршаған ортамен қарым-қатынаста жауапкершілік танытуы үшін экология турасындағы базалық деректер мен мәлімет- терді біліп қана қою жеткіліксіз болады. Ол үшін адамдар географиялық ортамыздың қаншалықты және қалай өзгеріске ұшырап жатқанынан түрлі ақпарат көздері арқылы күн сайын хабар алып отыруы керек. Мұндай материалдар экологиялық сауаттылыққа және кейбір экологиялық мәселелердің алдын алуға, шешімін табуға әкеледі. Ал өз кезе- гінде бұл сипаттағы материалдарды кеңінен талдап жазу, жариялау, халыққа жеткізу және тарату БАҚ-тың негізгі функцияларының бірі саналады.
Сонымен БАҚ-та жарияланған әрбір экологиялық сипаттағы сапалы контенттің қоғамдық экологиялық сананы қалыптастыруда аса үлкен мағынаға ие болатыны бел- гілі болды. Мақалада экологиялық журналистиканың осы артықшылығы дәлел, дәйек- термен көрсетіледі. Сондай-ақ, мақалада қоршаған ортамыз туралы ақпарат беруде бұқаралық ақпарат құралдарының ақсап тұрған тұсы бар екені туралы да айтылады.
Жалпы болашақта азаматтардың экологиялық тұрғыдан сауатты, мәдениетті және саналы болуына медиаэкологияның қазіргі жасап жатқан жұмысы тікелей әсер ететіні дәлелденеді.
Кілт сөздер: экологиялық журналистика, экологиялық сана, экологиялық мәдениет, экологиялық мәселелер, медиаэкология, қоршаған орта, БАҚ
DOI: 10.32523/2616-7174-2022-139-2-88-94
Кіріспе
Барлық тіршілік иелері қоршаған ортаға тәуелді. Егер біз табиғатты аяламасақ, қор- шаған ортамызды қорғамасақ, жан-жағы- мызға жанашырлық танытпасақ, Жер ғалам- шарында осы уақытқа дейін өмір сүруіміз
екіталай еді. Дәл осы себепті де экологиялық мәселелер ғаламдық маңызға ие болды.
Қоршаған ортамыздың экологиялық мәсе- лелері күн өткен сайын өз маңызын арттырып отыр. Сол себепті адамдарды экологиялық тұрғыдан сауаттандырудың дәстүрлі тәсіл- дері қолданылуда. Оның ішінде бұқаралық
ақпарат құралдарын ерекше атап өткен жөн болар.
Соңғы уақыттарда әлем елдері тұрақты да- муға және азаматтардың экологиялық сауат- ты, саналы болуына баса назар аударып отыр.
Өз кезегінде бұл үдеріс экологиялық журна- листикаға қойылатын талаптарды күшейтіп, міндеттерін арттырады.
Зерттеу әдістері
Мақалада жинақтау, жалпылау, салысты- ру, талқылау, пайымдау, болжау, контент-тал- дау әдістері қолданылды.
Талқылау және нәтижелер
Жалпы экологиялық журналистиканың пайда болуы, қалыптасуы жайындағы ға- лымдардың көзқарастары бірнешеге бөлінеді.
Кей зерттеушілер экологиялық журналисти- каның қалыптасуы ХVІІІ ғасырдан басталған деп есептейді. Бірақ, ол кездегі ақпараттар мазмұны көбінесе табиғат ландшафтарын, өсімдік, жануарлар дүниесін және табиғат құ- былыстарын суреттеумен шектелген болатын.
Ендігі бір көп таралған көзқарас бойынша экологиялық журналистиканың пайда болуы ХХ ғасырдың орта тұсына сәйкес келеді [1].
Экологиялық журналистиканың пайда болған, қалыптасқан уақыты қай кезеңге сәй- кес келсе де, қоршаған орта мен адам арасын- дағы байланыс еш уақытта да өз мәнін жоғал- тпаған. Сол себепті қоғамда экологиялық сана қалыптастыру аса маңызды істердің бірі саналады. Ю.М.Плюсниннің айтуынша, «эко- логиялық сана дегеніміз – адамның қоршаған ортаға жақсы не жаман тұрғыда қарауына, дұрыс не бұрыс қарым-қатынас жасауына көмектесетін нәрсе» [2].
Осы орайда адамдардың экологиялық сауаттылығы, мәдениеті, санасы сынды бір- бірімен өте тығыз байланысқан ұғымдардың, терминдердің туындауы орынды. Мысалы, экологиялық сауаттылық дегеніміз – бізді қоршаған ортаның мәңгі бір орында тұрмай- тынын, біздің іс-әрекеттеріміз арқылы өзгері- стерге ұшырайтынын және оны қорғаудың өте
маңызды екенін түсіне білу немесе қоршаған орта туралы білімді кеңейтуге бағытталған стратегиялық-коммуникациялық процесс [3].
Ал экологиялық мәдениеттілік адамның сезімін тәрбиелеуден, экологиялық сананы қалыптастырудан шығады. Экологиялық мә- дениеттің рухани формасы – экологиялық сана, ол табиғатпен не қоғаммен қарым-қа- тынас жасау барысындағы адамның мәдени дәрежесін көрсетеді. Қысқасы, адамның қор- шаған ортамен өзара қатынасындағы білімі, сенімі және дағдысының жиынтығы экологи- ялық сананы білдіреді [4].
Адамдар бойында экологиялық сана қа- лыптастыруда бұқаралық ақпарат құралда- рының алатын орны үлкен. БАҚ-тың әлемдік арналары жер жүзі бойынша 1,5 миллиард- тық аудиторияны құрайды. Осы дерекке сүй- ене отырып, адамдардың көпшілігі экологи- ялық ақпараттарды БАҚ арқылы алады деген қорытынды жасауға болады [3]. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат- ты берудегі, жаңа білім және дағдылар қалып- тастырудағы потенциалы ауқымды екені көп жылдар бұрын-ақ ғылыми тұрғыдан дәлел- деніп қойған [5].
Бүгінде қоғамда тез арада шешімі та- былуға тиісті көптеген экологиялық мәселе- лер жиналып қалды. Бұл жағдайда БАҚ әлем халқы үшін қоршаған орта туралы ақпарат алудың басты көзі болып отыр. Адамдардың табиғатқа қандай қарым-қатынас жасайтыны және қоғамдағы экологиялық мәдениеттің деңгейі белгілі бір дәрежеде медиаға тәуелді.
Медиакеңістік арқылы азаматтарда эко- логиялық сана қалыптастырудың бірден-бір жолы –экологиялық мәселелерді жариялап, шешімін табуға ұмтылып, содан соң барып адам санасына трансформация жасау. Мыса- лы, БАҚ-та күн сайын осы тақырыптағы про- блемалық әрі танымдық материалдарды жиі жариялау арқылы қоршаған ортаны қорғау- дың жалпы адамзат үшін маңызды іс екенін түсіндіруге болады.
Сонымен экологиялық мәселелерді ақпа- рат көздері арқылы жариялаудың маңыз- дылығы мынада: қоршаған ортаны қорғау бір адамның емес, көпшіліктің жұмыла қимыл-
А.Б. Ұйқасбаева, А.Ә. Құрманбаева
Қоғамның экологиялық санасын қалыптастырудағы журналистиканың рөлі дағанын қажет етеді. Ол үшін қоғам үнемі
экологиялық тақырыптағы ақпараттармен қамтамасыз етілуі керек. Барлығы біздің қор- шаған ортаны ластауымыз арқылы өз денса- улығымызға зарар келтіріп жатқанымызды білуі, ұғынуы тиіс. Себебі біз барлық ком- понеттері бір-бірімен тығыз байланысқан табиғаттың күрделі бір бөлшегі іспеттіміз.
Оның үстіне адамдарға кей кезде айналаны ластаудың салдары бірден көрінбейтінін жет- кізе білу де аса маңызды саналады. Мысалы, халық үкіметтің полиэтиленді пакеттерді та- стамау туралы ескертуіне құлақ аспауы мүм- кін. Ал егер адамдар полиэтиленді пакеттерді лақтырудың экологиялық салдарынан хабар- дар болса, мұндай іс-әрекет азаяр еді [5].
Әзірге БАҚ-та қозғалатын экологиялық мәселелер мыналармен шектелуде: зиянды өндіріс орындарын жабу, тазарту орындарын ашу, сондай-ақ көшелерді, қоршаған орта- ны таза ұстау сынды ақпараттар. Одан басқа адамзаттың барлығы үшін маңызды санала- тын, елдер арасындағы шекаралық бөліністі елемейтін, әлемдік масштабтағы экологиялық мәселелер де жарияланып жүр. Оған мысал ретінде ғаламдық жылыну, табиғат ресурста- рын пайдалану, т.б. сынды мәселелерді атауға болады. Демек, бұқаралық ақпарат құрал- дарында қазіргі таңда қоршаған ортадағы проблемалар төңірегінде жиірек жазылып, экологиялық сананы, экологиялық түсінікті дұрыс қалыптастыруға көмектесетін таным- дық материалдарды жариялау, көпшілікке ұсыну көп жағдайда назардан тыс қалып отыр екен.
Енді БАҚ-тағы ең маңызды әрі көп қозғала- тын экологиялық мәселелерге тоқталайық. Ең көп қаралатын әрі қызығушылық туғызатыны – экология және адамның денсаулығы арасын- дағы байланыс тақырыбы. Бұл - әрбір адамға қатысы бар түсінікті тақырып. Сол үшін қор- шаған ортаның адамның өмір сүру сапасына әсер етуі туралы материалдар жиі қаралады, оқылады және талқыға түседі [6].
Қазіргі таңда қоршаған ортаның жай-күйі жайында жазылған материалдарды халық аса зейін қоя әрі үлкен қауіппен қабылдайды. Мұ- ның себебін экологиялық мәселелердің адам-
ның «тірі қалу» инстинктімен байланысты бо- луынан деп қарастыруға болатын секілді [7].
Адамдарды өздерінің өмір сүру сапасын жақсарту мәселесі алаңдатыны түсінікті. «Қа- лайша қауіпсіз ортада өмір сүруге болады?»
деген сауал да көпті ойландырады. Сол үшін түрлі су тазартқыш сүзгілер, ауа тазартқыш құрылғылар, денсаулыққа пайдалы эко- тағамдар және т.б. тұтынушылар мен сатып алушылар арасында кең танымалдылыққа ие болды.
Қазақстандық БАҚ-та да экологиялық мәсе- лелер адамның денсаулығына зиянды әсерін тигізе бастағанда жиі көтеріліп жатады. Мәсе- лен, Арал теңізінің тартылуы сол өңір тұрғын- дары денсаулығының күрт нашарлауына се- беп болғаны туралы ақпараттар әр жылдары түрлі отандық, шетелдік басылым беттерінде жазылып, көрсетіліп жүрді. Солардың бірін- де Арал тұрғындарының арасында туберку- лез, бүйректе тас байлану, өкпе-тыныс жол- дары қабынуы, сарысу, жұқпалы аурулардың таралуы басқа өңірлермен салыстырғанда әл- деқайда көп көрсеткіш көрсеткенін жазған [8].
Семей өңірінің экологиялық апаты да жер- гілікті халықтың денсаулығына орасан зор зи- янын тигізгені жөніндегі ақпараттар отандық басылымдарда жиі жазылған. Мысалы, жүйке ауруына шалдыққандар мен ақыл-ойы кем- дердің саны бірнеше есеге көбейгені, имму- нитеттің нашарлауы, туған бала санынан өл- ген бала санының көбейгені жайындағы жаға ұстатарлық мәліметтер нақты сандармен кел- тіріліп отырған [8].
Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсер етуі мәселесі бойынша медиакеңістікте көп сұранысқа ие тағы бір тақырып – ірі ме- гаполистердегі экологиялық қауіпсіз аймақты қалыптастыру тақырыбы. Осы тақырыптағы материалдарды БАҚ-та жариялай отырып, экологиялық журналистиканы дамытуға, ха- лықтың экологиялық сауатын ашуға болады.
Мегаполистерде адамдар көп шоғырланатын- дықтан, бұл сипаттағы материалдар жиі оқы- лады, қаралады және халық тарапынан түрлі реакциялар байқалатын болады.
Қазақстандық БАҚ-та Алматы қаласының экологиялық ахуалының сын көтермейтіні
А.Б. Ұйқасбаева, А.Ә. Құрманбаева жөніндегі мақалалар жиі бой көрсетіп тұра-
ды. Мысалы, nege.kz сайты жариялаған “Ал- маты аспаны ажал сеуіп тұр» атты мақалада мегаполистің экологиялық ахуалының мәз емес екендігі ашық айтылған. Сонымен қатар қаладан тәулігіне 700 мыңнан аса көлік өтетіні, соның әсерінен ауа ластанып, зиянды түтінге уланған халықтың арасында жүрек, қан қы- сымы, қауіпті ісік аурулары мен ішкі ағза ау- руларының көбейгені туралы нақты деректер келтірілген[9].
Сонымен ірі мегаполистердегі жиі қозғала- тын экологиялық мәселелер мыналар: ауа та- залығы, су тазалығы, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау. Ірі қалаларда адамдар көп шоғыр- ландықтан, ондағы көліктердің қозғалысы да соншалықты көп болады. Сол себепті ауаның ластануы көп жағдайда басқа шағын өңірлер- мен салыстырғанда шектік деңгейден асып кетіп, қоршаған орта мен адамдардың денсау- лығына зиянды әсерін тигізіп жатады.
Соңғы уақытта тұрғындар арасында эколо- гиялық сананы қалыптастыруда оң нәтижесін көрсетіп келе жатқан шаралардың бірі тұр- мыстық қалдықтарды сұрыптау болып отыр.
Тұрмыстық қалдықтарды пластик, тағам қал- дықтары, қағаз өнімдері деп бөлу, олардың әрқайсысына жеке қоқыс жәшігін арнау және қоқыстарды қайта өңдеу дамыған елдерде кең таралған тәжірибе болып саналады. Біздің елде де бұл іс ірі қалалардан шағын аудан- дарға дейін біртіндеп жүзеге асырылуда.
Мұндай жаңа бастаманы қарапайым ха- лыққа түсіндіріп, таратуда БАҚ-тың алатын рөлі зор екені белгілі. Мысалы, 2019 жылы El.kz сайтында жарияланған мақалада Қа- зақстанда жылына 5-6 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдықтар түзілетіні және олар- ды өңдейтін 130 кәсіпорынның бар екені, ең бастысы, 2019 жылдан бастап елімізде пласт- масса, макулатура, шыны, қағаз қалдықтары мен картонды қоқыс полигондарында көмуге тыйым салынатыны жөніндегі маңызды ақпа- раттар қамтылған. Одан бөлек оқырмандарға тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жөніндегі кеңестер де берілген[10].
Жалпы медиаэкологияны адамдардың қоршаған ортамен қатынасына әсер ететін
маңызды фактор ретінде қарастыратын бол- сақ, мұның бірнеше кемшін тұстарын айтуға да болады. Біріншіден, БАҚ барлық саладағы қоғамдық мәдениетті қалыптастырады, яғни, адамдарда қоршаған ортаның экологиялық жүйесі турасындағы мәдениетті қалыптасты- ру жауапкершілігін де арқалайды. Массмеди- аның міндеттерінің бірі халықты тәрбиелеу және сауаттандыру болса, сапасы төмен, тек барынша аудиторияны көп тартуды көздеген медиа өнім қоғам алдындағы жоғарыда атап өтілген жауапкершілік қызметін дұрыс атқара алмайды. Мәселен, қазіргі таңда экологиялық мәселелер тек адам шығыны немесе матери- алдық шығын алып келетін кризистік жағдай- ларға жеткенде барып жарияланып жүр [11].
Жоғарыда айтып өткендей, БАҚ экологи- ялық мәселелердің апатты жағдайларын жиі жариялағанды жөн көреді. Бұл өз кезегінде тек кең аудиторияны қамтып қана қоймай, адамдардың бойында қорқыныш, кінә сезімін оятады. Осыдан барып адамның санасы ситуа- цияны шешілмейтін сияқты қабылдап, әрі қа- рай әрекетсіздікке, эмоционалды түрде тақы- рыптан шеттеп қалуға дейін әкеледі [12].
Тағы айтып өтетін жай мынау: жергілік- ті және өңірлік экологиялық мәселелер ға- ламдық экологиялық мәселелерге қарағанда оқырмандарға көп таныс бола бермейді. Осы тұста ғаламдық экологиялық мәселелердің жергілікті экологиялық мәселелерден бастау алатыны туралы жазылған материалдардың БАҚ-та жиі бой көрсетпейтінін де атап өткен жөн [7].
Бүгінгі таңда адамзаттың бойында эколо- гиялық сана қалыптастыру – жаппай әлем елдерінде жүргізіліп жатқан үдеріс. Біздің елімізде де бұл құбылыс бірітіндеп жүзеге асырылуда. Оған Ұлттық сенім кеңесінің мү- шесі Рауан Кенжеханұлының мына сөздерін дәлел қыла аламыз: «Біріншіден, қоршаған орта туралы білім керек. Экологиялық білім бір емес, барлық пән аясында берілуі керек.
Екіншіден, алған білім негізінде табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарас қалыпта- сады. Осының негізінде қоршаған ортамен қарым-қатынас түзуге арналған дағдылар
қалыптасады. Осылардың негізінде белсенді әрекетке дайындық қалыптасады. Қоршаған ортаны қорғау - бала кезден өмірдің соңына дейін белсенді әрекеттерді талап етеді». Оның пікірінше, экологиялық сана – өмір бойы қа- лыптасатын дүние [13].
Қорытынды
Сонымен, қоғамдық экологиялық сана бүкіл әлемдегі, жекелеген елдердегі, ірі қа- лалар мен шағын мекендердегі экологиялық проблемалармен күресуде мықты фактор бо- лып табылады екен [14]. Ал БАҚ заманауи тех- нологиялардың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, тұрғындардың экологиялық санасын қалыптастыруға үлес қоса алады және эко- логиялық білім алудың үгіт-насихат деңгейін біршама көтере алады [15].
Жоғарыда айтып кеткендей, БАҚ-та жари- яланған кез-келген экологиялық ақпараттар,
жаңалықтар, тіпті, медиаконтенттің сипаты позитивті не негативті болғанына қарамастан, оның бәрі халықтың экологиялық сауат- тылығын арттыруға ықпал етеді. Адамдар та- биғи байлықтардың бір күні сарқылатынын білсе, өз қолымен ластаған табиғаттың өз ден- саулығына зияны тиетінін түсінсе, айналасы- на, әрекетіне жауапкершілікпен қарай баста- ры сөзсіз.
Қорыта келе, экологиялық мәселелерді, әлемнің географиялық бейнесінің өзгеріске ұшырау себебі мен салдарын, бізді қоршаған дүние туралы танымдық сипаттағы мәлімет- терді түрлі ақпарат тарату алаңдарында үздіксіз жариялап отыру таза әрі қауіпсіз ға- ламда өмір сүруге әкелетін ең нәтижелі жол- дардың бірі деп есептейміз. Экологиялық тұрғыдан сауатты, мәдениетті және саналы адамдардан құралған қоғамды қалыптасты- руда экологиялық журналистиканың қызметі айрықша мәнге ие болып қала бермек.
Пайдаланған әдебиеттер
1. А.В. Давыдова Экологическая журналистика: между наукой, политикой, экономикой и обще- ственными движениями//Экологическая журналистика: сб статей. -2011. – С. 7-12
2. Ю.М. Плюснин Коньюктурность народного экологического мирвоззрения//Социально-полити- ческий журнал. -1996. – C. 217-221
3. Anil Kumar Jharotia Role of Media in Enhancement of Environmental Awareness//Conference: Power of Media: Shaping the Future. -2018.
4. А.Б. Мырзабаев, А.К.Мыңбаева Экологиялық мәдениеттің рухани формасы – экологиялық сана//
Қарағанды университетінің хабаршысы. -2015. 50-60 бб.
5. Jat College Hisar Role of media in conserving environment//International Journal of Research and Analytical Reviews. -2018.
6. А.Н.Гришанина Медиасреда и экологическое сознание//Экологическая журналистика: сб ста- тей. -2011. C. 29-37
7. Я.Е. Вайшля Состояние экологической журналистики в России//Экологическая журналистика:
сб статей. -2011. C. 68-71
8. Ғ.Т. Майкотова Бұқаралық ақпарат құралдарындағы әлеуметтік-экология мәселелері / Оқу құра- лы. Алматы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Қазақ университеті» баспасы, 2013 – 200б.
9. Алматы аспаны ажал сеуіп тұр [Электрон. ресурс] -2020. URL: https://nege.kz/news/el/almati_
aspani_azhal_seuip_tur_20200205173126 (Дата обращения 10.02.2022)
10. Қалдықтарды сұрыптау, жинау ережелері [Электрон. ресурс] -2019. URL: https://el.kz/news/
nauka/kaldiktardi_suriptau__zhinau_erezheleri/ (Дата обращения 10.02.2022)
11. М.О.Кица Медиаэкология-эконоосфера-экология окружающей среды: взаимовлияние в услови- ях глобализации//Экологическая журналистика: сб статей. -2011. C. 61-67
12. Alessandro Bellafiore Media and Ecological Consciousness//Power, Justice and Citizenship: The Relationships of Power. -2014.
Қоғамның экологиялық санасын қалыптастырудағы журналистиканың рөлі
13. Экологиялық сана өмір бойы қалыптасады [Электрон. ресурс] -2020. URL: https://lenta.inform.kz/
kz/ekologiyalyk-sana-omir-boyy-kalyptasady-rauan-kenzhehanuly_a3684391 (Дата обращения 10.02.2022) 14. Қоғамды экологияландыру мәселесін жүзеге асырудағы экологиялық сананықалыптастырудың ғылыми негіздері [Электрон. ресурс] -2013. URL: http://oldconf.neasmo.org.ua/node/2622 (Дата обращения 10.02.2022)
15. А.Ш.Нургабылова Особенности экологического образования молодежи в республике Казах- стан//Вестник Оренбургского государственного университета. -2020. C. 58-62
1A.B. Uikasbayeva, 2A.A. Kurmanbayeva
1Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan
2Turan university, Almaty, Kazakhstan
The role of journalism in the formation of ecological consciousness of society
Abstract. The article first gives an overview of the general term environmental journalism and then explains related concepts such as «environmental literacy,» «environmental awareness,» «environmental culture,» and
«environmental education».How these concepts are formed in human consciousness is discussed in detail. The role of mass media in the formation of public ecological consciousness is widely discussed.
It is not enough for a person to know basic facts and data about ecology in order to have compassion for nature and be responsible in their relationship with the environment. To do so, people need to be informed daily through a variety of sources about how much and how our geographic environment is changing. There is also a need for accurate information about the causes of environmental change in today’s society. Such materials lead to environmental literacy and the prevention and solution of some environmental problems. In turn, one of the main functions of the media is to broadly analyze, publish, distribute, and disseminate materials of this nature.
Thus, it became clear that every quality content of environmental character published in the media has a great role in the formation of environmental consciousness of the population. The article demonstrates this advantage of environmental journalism. The article also points out that the media has shortcomings in providing information about our environment. In general, it is proved that the media has a direct impact on the environmental literacy, culture and consciousness of citizens.
Keywords: environmental journalism, environmental awareness, environmental culture, environmental problems, mediaecology, environment, media
1А.Б. Уйкасбаева, 2А.А. Курманбаева
1Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан
2Университет «Туран», Алматы, Казахстан
Роль журналистики в формировании экологического сознания общества
Аннотация. В статье сначала дается обзор общего термина экологической журналистики, а затем разъясняются связанные с ним понятия, такие как «экологическая грамотность», «экологическое созна- ние», «экологическая культура», «экологическое просвещение». Подробно обсуждается, как эти понятия формируются в сознании человека. Широко обсуждается роль СМИ в формировании общественного экологического сознания.
Человеку недостаточно знать основные факты и данные об экологии, чтобы проявлять сострадание к природе и быть ответственным в отношениях с окружающей средой. Для этого людям необходимо еже- дневно через различные источники информироваться о том, насколько и как меняется наша географиче- ская среда. Существует также потребность в точной информации о причинах изменения окружающей среды в современном обществе. Такие материалы ведут к экологической грамотности и предупрежде- нию и решению некоторых экологических проблем. В свою очередь, одной из основных функций СМИ является широкий анализ, публикация, распространение и распространение материалов подобного ха- рактера.
А.Б. Ұйқасбаева, А.Ә. Құрманбаева
Таким образом, стало ясно, что каждый качественный контент экологического характера, публику- емый в СМИ, имеет большую роль в формировании экологического сознания населения. Статья де- монстрирует это преимущество экологической журналистики. В статье также отмечается, что средства массовой информации имеют недостатки в предоставлении информации о нашей окружающей среде.
В целом доказано, что средства массовой информации оказывают непосредственное влияние на эколо- гическую грамотность, культуру и сознание граждан.
Ключевые слова: экологическая журналистика, экологическое сознание, экологическая культура, экологические проблемы, медиаэкология, окружающая среда, медиа
References
1. A.V. Davydova Environmental journalism: between science, politics, economics and social movements//
Environmental journalism: collection of articles. -2011. - С. 7-12
2. M.Plyusnin The conjuncture of people’s ecological world outlook//Social-political journal. -1996. - C.
217-221
3. Anil Kumar Jharotia Role of Media in Enhancement of Environmental Awareness//Conference: Power of Media: Shaping the Future. -2018.
4. A.B.Myrzabaev, A.K.Mynbaeva Spiritual form of ecological culture - ecological consciousness // Bulletin of Karaganda University. -2015. pp. 50-60
5. Jat College Hisar Role of media in conserving environment//International Journal of Research and Analytical Reviews. -2018.
6. A.N.Grishanina Media-environment and ecological consciousness// Ecological journalism: collection of articles. -2011. C. 29-37
7. Y.E.Vaishlya The state of environmental journalism in Russia//Ecological journalism: collection of articles. -2011. C. 68-71
8. G.T.Maykotova Social and environmental problems in the media / Textbook. Almaty: Al-Farabi Kazakh National University, 2013. - 200 с.
9. Alma-Ata sky deadly [Electronic . resource] -2020. URL: https://nege.kz/news/el/almati_aspani_azhal_
seuip_tur_20200205173126 (accessed 10.02.2022)
10. Rules of sorting, waste collection [Electronic resource] -2019. URL: https://el.kz/news/nauka/
kaldiktardi_suriptau__zhinau_erezheleri / (Date of reference 10.02.2022)
11. M.O. Kitsa Mediaecology-economosphere-environmental ecology: mutual influence in conditions of globalization// Ecological journalism: collection of articles. -2011. C. 61-67
12. Alessandro Bellafiore Media and Ecological Consciousness//Power, Justice and Citizenship: The Relationships of Power. -2014.
13. Ecological Consciousness is formed throughout life [Electronic resource] -2020. URL: https://lenta.
inform.kz/kz/ekologiyalyk-sana-omir-boyy-kalyptasady-rauan-kenzhehanuly_a3684391 (Accessed 10.02.2022) 14. Scientific basis of the formation of ecological consciousness in the implementation of the tasks of ecologization of society [Electronic resource] -2013. URL: http://oldconf.neasmo.org.ua/node/2622 (date of reference 10.02.2022)
15. A.Sh. Nurgabylova Features of ecological education of youth in the Republic of Kazakhstan // Vestnik of the Orenburg State University. -2020. C. 58-62
Авторлар туралы мәліметтер
Ұйқасбаева Ақбота Бақытқызы – «7M03202-Журналистика» мамандығы бойынша 2-курс магистран- ты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан.
Құрманбаева Алмагүл Әлиқызы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Тұран» универси- теті, Алматы, Қазақстан.
Uikasbayeva Akbota Bakytkyzy – The 2nd year Master’s student, speciality «7M03202-Journalism», Al- Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan.
Kurmanbayeva Almagul Alikyzy – candidate of philological Sciences, Associate Professor, Turan University, Almaty, Kazakhstan.
Қоғамның экологиялық санасын қалыптастырудағы журналистиканың рөлі
*М. Карекенов А. Шурентаев
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қостанай, Қазақстан
*Байланыс үшін автор: [email protected]
ХҒТАР 19.41.07