2.4. Бағыты: Инфрақұрылым
2.4.2 Құрылыс
2015 жылдың 1-ші қарашасына Сырдария ауданының жалпы тұрғын үй қоры 632 439,4 шаршы метрді құрады.
Сырдария ауданының 2012-2015 жылдарға тұрғын үй құрылысын көрсеткіштері.
Кесте 35
р/с Қөрсеткіштер атауы Өлшем
бірлігі. 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл (10 ай.) 1 Тұрғын үй қорының
жалпы көлемі. Шаршы
метр. 601547,7 610670,85 619933,6 632439,4 2 Жалға берілетін үй
құрылысы Шаршы
метр. 244,35 80,54 1988,2 -
4 Жеке тұрғын үй
құрылысы. Шаршы
метр. 8878,8 9182,21 10517,6 10574,4
Аймақта негізгі саланың дамуы жергілікті бюджеттің және жекелердің қаржысымен жүргізілуде.
2012 жылы ауданда аталған көздердің есебінен 9123,15 шаршы метр пайдалануға берілді. Оның ішінде тұрғындардың есебінен 83 үй көлемі 8 878,8 шаршы метр, бюджет есебінен 3 үй көлемі 244,35 шаршы метр пайдалануға берілді. Соның арқасында 344 адамның тұрғын үй жағдайы жақсарды.
2013 жылы 9262,75 шаршы метр пайдалануға берілді. Оның ішінде 82 үй 9182,21 шаршы метр жеке тұрғындардың есебінен және 1 үй жалпы көлемі 80,54 шаршы метр бюджеттің есебінен, 83 жанүя және 332 адам тұрғын үй жағдайларын жақсартты.
2014 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 12505,8 шаршы метр пайдалануға берілді. Оның ішінде жекелердің күшімен 83 үй жалпы көлемі 10517,6 шаршы метр және бюджеттің есебінен 2 үй /1 үй және 30 пәтер/ 1988,2 шаршы метр салынды. 2014 жылы 456 адам және 114 жануя тұрғын үй жағдайларын жақсартты.
Жалпы 2012-2014 жылдары 1132 адам және 283 жануя тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Оның ішінде:
• жеке инвестициялар арқылы - 992 адам немесе 248 жануя;
• кезекте тұрғандар жалдамалы үйлер - 140 адам немесе 35 жануя;
Қызылорда облысы бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету мөлшері 1-адамға 18 шаршы метр болса, ауданда бұл көрсеткіш 15,8 шаршы метрді құрап отыр.
Кесте 36. 2012-2014 жылдары пайдалануға берілген әлеуметтік нысандар.
Жылдар
Оның ішінде Барлығы Білім беру
нысандары Денсаулық сақтау
нысандары Мәдениет
нысандары Спорт
нысандары Басқалар
2012 14 4 - - 6 4
2013 21 3 4 1 6 7
2014 21 4 2 4 2 9
2012-2014 жылдары 56 бірлік әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді, оның ішінде 11 білім беру нысаны, 6-ы денсаулық сақтау және 19-ымәдениет және спорт нысандары..
Саланың жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтары Әлсіз жақтары
1. Ауданда құрылыс көлемінің өсуі /37 пайыз/
2. 1132 тұрғын үйлерін жақсартты.
3. Инфрақұрылымды салуға ЖСҚ болуы.
1.Құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету базасының төмендігі.
2. Жалдамалы үйлерге және инфраструктураның құрылысына қаржы жетіспеушілігі.
3. Тұрғын үйлер салуға жер учаскелерінің дұрыс бөлінбеуі.
Мүмкіндіктер (O): Қауіп(T):
1. 2020 Өңірлік даму бағдарламасы аясында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету.
2. Мемлекеттік архитектура құрылысының бақылауын күшейту және мамандардың біліктілігін арттыру.
1. Тұрғын үй және инфраструктура құрылысын қысқарту.
2. Құрылыс материалдарының құны қымбаттауы.;
3. Ескі үйлердің және авриялық жағдайдағы үйлердің көбеюі.
Салалық негізгі мәселелер:
• Құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету базасының төмендігі;
• тұрғын үйлер салуға жер учаскелерінің дұрыс бөлінбеуі;
• құрылыс материалдарының құны қымбаттауы;
• үй алуға кезекте тұрған азаматтардың көптігі.
• тұрғын үй құрылысына бөлінетін қаржының көлемінің аздығы.
Жол және көлік.
Сырдария ауданынымен 44 шақырым құрайтын «Батыс Европа-Батыс Қытай » халықаралық автомобиль магистралі жолы өтеді. Осы жолдың арқасында басқа елді мекендермен және Жалағаш, Шиелі аудандаоымен байланыс жасалады.
Осы көліктік инфрақұрылым ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына көп әсерін тигізеді. Себебі осы көліктік инфрақұрылым бойында ауданға қарасты елді мекендердің 30 пайызы орналасқан, аталған елді мекендерде аудан халқының 31 пайызы шоғырланған.
Ауданнда теміржол жүйесі 40 шақырым, автомобильдер жолдары 213,5 шақырымды құрайды.
Соңғы үш жылда жолаушы тасымалдау айналымы 14,3 пайызға ұлғайды және жүк тасымалдау айналымы 8,2 пайызға. Жолаушылар тасымалдаудың негізгі түрі автомобиль көлігі және жүк тасымалдау айналымын теміржол кұрайды.
Автомобиль жолдары Кесте 37
№ Көрсеткіштер Өлшем
бірлігі 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл
Аудан Аудан Аудан
1
Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және
қанағаттанарлық үлесі.
пайыз
шақырым
67%
112 км
68%
113 км
69%
115 км
2 Жүк тасымаладу млн. тонн
шақырым 787,2 840,7 840,5
3 Жолаушылар тасымалдау млн. тонн
шақырым 69,5 78,0 87,6
4 Облыс орталығына орташа
жүру уақыты сағат 1 1 1
Аудан ішілік және облыс бағытындағы көліктердің орташа жүру уақытының есебі Бағыттар атауы Қашықтық /
шақырым/ Орташа жылдамдық,
сағ/шақырым Жолдағы уақыт,сағат
Кызылорда-Тереңөзек 47 80 1сағат
Тереңөзек-Шаған 18 80 30мин
Тереңөзек -Қоғалыкөль 75 80 1,5 сағат
Тереңөзек -Шіркейлі 45 80 45 мин
Тереңөзек –Н.Ілиясов 33 80 45 мин
Тереңөзек -А.Токмаганбетов 5 80 9 мин
Кызылорда-Акжарма 70 80 1,5 сағат
Қызылорда-Шаған 60 80 1 сағат
Қызылорда-Іңкардария 120 80 2 сағат
Қызылорда-Айдарлы 40 80 45 мин
Қызылорда-С.Сейфуллин 51 80 1 сағат
Қызылорда-А.Токмағанбетов 54 80 1 сағат
Орташа жол жүру уақыты 12:12=1 сағат
Аудан мен облыс және ауылдық елді мекендермен жолда жүру уақыты 1-2 сағатты құрайды. Соңғы үш жылда осы көрсеткіште өзгеріс болмаған.
Соңғы үш жылда ауданның автомобиль жолдары саласына 232,66 млн.теңге инвестиция тартылды. Атап айтқанда: 2012 жылы 24,5 млн.теңге, 2013 жылы 180,46 млн.теңге, 2014 жылы 27,7 млн.теңге. 2012-2014 жылдары ауданға қарасты 9 шақырым автомобиль жолдары жөндеуден өтті. 2012 жылы жақсы жағдайдағы автомобиль жолдарының көрсеткіші 67 пайыз болса, қазіргі кезеңге бұл көрсеткіш 69 пайызды құрайды, немесе үш жылда бұл көрсеткіш 2 пайызға көтерілген.
Саланың негізгі мәселелері:
1.Жолдардың және көпірлердің 75,0 пайызы қанағатсыз жағдайда.
2. Республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың 40 пайызы қанағатсыз жағдайда.
3.Жолдарды орташа жөндеуге бөлінетін қаржының жетіспеушілігі Автомобиль көлігі
Елді мекендерге және облыс орталығына жолаушыларды тасымалдау қызметінде, қоғамдық көлік аса маңызды орын алады.
Сырдария ауданы бойынша 13 елді мекенмен және облыс орталығына қатынайтын автобустардың 18 бағытта жүру кестесі ұйымдастырылған және 4- бағыт ауданішілік, 2-бағыт кент ішінде.
Кесте 38. Соңғы үш жылдағы жолаушылар тасымалдау динамикасы
№ Көрсеткіштер Өлшем
бірлігі 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл
Аудан Аудан Аудан
3 Жолаушылар тасымалдау
айналымы млн. тонн
шақырым 69,5 78,0 87,6
2014 жылы 258,0 млн. жолаушылар тасымалданған. 2013 жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға көбейген.
Саланың негізгі мәселелері:
• Автомобиль жолдарының көлікті пайдалану, жөндеу және қалпына келтіру жобаларына қаражаттың аз бөлінуі;
• Ауданның автокөлік инфраструктурасы қазіргі заманға сай келмеуі.
Сырдария ауданы бойынша 16 елді мекен тіркелген, олардың 14 елді мекені автобустық маршруттармен қамтылған; немесе 87,5 пайыз. Айырмасы 2-і елді мекен, халқы аз болуымен автобустық маршруттар белгіленбеген.
Кесте 39. Теміржол жүйесі
№ Көрсеткіштер Өлшем
бірлігі 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 1 Ауданның аумағындағы темір жол
жүйесінің ұзындығы Шақырым 40 40 40
Оның ішінде:
1.1 Республикалық маңызды екі жолақты жол Шақырым 40 40 40
Ауданның аумағындағы темір жол жүйесінің ұзындығы 40 шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңызды екі жолақтық жол 40 шақырым.
Аудан осы теміржол арқылы Ақтобе облысымен, Оңтүстік Қазақстанмен, Алматымен, екі жолақтық жол Қырғызстанмен, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресеймен қарым қатынаста.
Техникалық жағдайынан теміржол жүйесі қанағаттанарлық.
Теміржол жүйесінің ауданның даму экономикасына әсері;
1. Жолаушылар айналымы.
Соңғы үш жылда теміржол жүйесінде жолаушылар айналымы 1795853 адамды құрады. Айта кету керек 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда жолаушылар тасымалдау көрсеткіші 16,1 пайызға азайған.
2. Жүк тасымалдау айналымы.
Кесте 40. Соңғы үш жылда теміржол жүйесінің жүк тасымалдау жөніндегі мәлімет.
Жүк тасымалдау
2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл
млн. т. % млн. т. % млн. т. %
12693,1 - 12971,4 102,2 11686,6 90,1
Саланың негізгі мәселелері:
• Жолаушылар поездінің теміржол стансасында шектеулі уақыт тоқтауы (1-3 мин);
• теміржол жүйесінің инфраструктурасының техникалық жағдайы;
электр қуатымен жүретін пойыздардың және жолдардың жоқтығы жүк тасымалдау шығынын кымбаттатуға әсерін тигізеді.
Саланың жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтары Әлсіз жақтары
1. Жақсы жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесінің көбейуі ( 67% тен 69 %);
2. Аудан аумағымен Батыс Европа-Батыс Қытай автодәлізі өтуі.
3. Барлық елді мекендерді автобустық байланыспен қамтылуы.
4. Екі жолақтық теміржол қатынасы.
5. Аудан арқылы теміржол транзиттік дәлізі өтуі, бұл Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Рессеймен қарым қатынасқа жол ашады.
1) Жолдардың және көпірлердің ескіруі.
2) Инновация және автоматтандырылған процесстердін ендіру процесстерінің төмендігі.
3) Теміржолдың электрленбегені
Мүмкіндіктер; Қауіптер;
1. «Нурлы–жол» бағдарламасын іске асыру барысында автомобиль жолдарын дамыту.
2. 2020 жылға дейін көліктік
инфраструктурасын дамыту бағдарламасын іске асыру барысында автомобиль жолдарын жаңалауға мумкіндік туады.
1. Бюджеттік қаржыларды қысқартқан жағдайда автомобиль жолдарының тозуына әкеліп соқтырады.
3. АО «НК «КТЖ» тарапынан даму бағдарламасын қысқартқан жағдайда.
3. Энергия тасығыштардың бағасы өсуі қөп шығындарға алып келіп соғады.
Автомобиль жолдары
Жалпы автомобиль жолдарының тығыздығы аудан бойынша 1000 шаршы километрге, 2 15,7 шақырым құрайды.
Ауданның автомобиль жолдарының ұзындығы 213,5 шақырымды құрайды: оның ішінде республикалық маңызды жолдар 47 шақырым, облыстық маңызды жолдар 68,5 шақырым, аудандық маңызды жолдар 98 шақырым. Автомобиль жолдарының ұзындығы бойынша, аудан облыста 6 орында.
Оның ішінде қара төсеніш асфалть 213,5 шақырым, Осы жолдарда 20 көпір және 106 шлюздер орналасқан.
Кесте 41.
№ Көрсеткіштер Өлшем
бірлігі 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл
Аудан Аудан Аудан
1
Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық үлесі.
пайыз 67% 68% 69%
шақырым 112 км 113 км 115 км
2 Жүк тасымаладу млн. тонн
шақырым 787,2 840,7 840,5
3 Жолаушылар тасымалдау млн. тонн
шақырым 69,5 78,0 87,6
4 Облыс орталығына орташа
жүру уақыты сағат 1 1 1
Кесте 42 Автомобиль жолдарының ауданмен мен елді мекендер бөлінісіндегі ұзындығы
р/с Аудан Жалпы ұзындығы, км Асфальтпен қапталған
1 С.Сейфуллин 51 51
2 Қалжан Ахун 55 55
3 А.Тоқмағанбетов 60 60
4 Шаған 60 60
5 Ақжарма 75 75
6 Шіркейлі 55 55
7 Н.Ильясов 55 55
8 Іңкәрдария 120 120
9 Қоғалыкөол 50 50
10 Аманкелді 30 30
11 Айдарлы 55 55
12 Бесарық 20 20
13 Жетікөл 30 30
Кесте 43 Сырдария ауданының 2015 жыл қаңтардағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық жағдайы және ұзындығы
р/с№ аудан
Жергілікті маңызы бар жолдар
Ұзындығы, км
автомобиль жолдарының техникалық жағдайы,
% жақсы Қанағатта-
нарлық Қанағатта- нарлықсыз
5 Сырдария 98,0 36,0 52,0 12,0
Сырдария ауданының жергілікті маңызы бар автомобиль жолының қанағаттанарлық көрсеткіші облыспен салыстырғанда 23,8 пайызға жоғары.
Аудан орталығынан облыс орталығына дейін қазіргі уақытта жолдың орташа уақыты 1 сағатты құрайды.
Соңғы үш жылда көрсеткіш өзгеріссіз қалды.