С.Е. Слямгазина, А.К. Мухамеджанова, Н.Б. Ногайбаев, А.Н. Жұмай
ҚР ДСМ МСЭҚК ШҚО бойынша департаментінің Үржар аудандық басқармасыТұжырым
Берілген құжаттар ШҚО Үржар ауданы 2011 жылы сібір жарасы диагнозымен тіркелген жағдай бойынша, науқастан және сыртқы ортадан зертханаға алынған сынамалардың нәтижелері мен сібір жарасы індетінің эпидемиологиялық сипаттамасы берілген. Адамадар арасындағы сібір жарасы аурушандығының себептері қарастырылған.
Резюме
СЛУЧАЙ РЕГИСТРАЦИИ СИБИРСКОЙ ЯЗВЫ В УРДЖАРСКОМ РАЙОНЕ ВКО В 2011 ГОДУ:
ЗАКОНОМЕРНОСТИ РАЗВИТИЯ
С.Е. Слямгазина, Н.Б. Ноғайбаев, А.Қ. Мұхамеджанова, А.Н. Жұмай
Представлены материалы, отражающие случай регистрации сибирской язвы в 2011 году в Урджарском районе ВКО. Дается подробная характеристика по эпидемиологии сибирской язвы, данных лабораторных исследований материала от больного и из внешней среды. Рассматриваются возможные причины возникновения заболеваемости среди людей.
Summary
CASES OF ANTHRAX HAVE BEEN REGISTERED IN URZHAR REGION OF EAST KAZAKHSTAN IN 2011:
PATTERNS OF DEVELOPMENT
S.Y. Slyamgazina, A.K. Mukhamedzhanova, N.B. Nogaybayev, A.N. Zhumay
The materials reflecting a case of anthrax in 2011 in Urdzhar region of East Kazakhstan are presented. The detailed characteristic of anthrax epidemiology, given laboratory researches of a material from the patient and from environment are given. The possible reasons of occurrence of disease among people are considered.
Кіріспе. ШҚО Үржар ауданы бойынша соңғы 10 жыл ішінде адамдардың және ауылшаруашылық мал арасында сібір жарасы тіркелмеген, соңғы 2001 жылы адамдар арасында сібір жарасы, терілік форма диагнозымен 2 науқас тіркелген (екінші науқас эпидемиологпен белсенді анықталған). Үржар аумағындағы сібір жарасы бойынша эпизоотиялық, эпидемиологиялық жағдайлары қолайлы болғанымен әр 10 жыл сайын адамдар арасында бірең - сараң жағдайлары тіркелуде.
Материалдар мен әдістер. Осы жұмыс ҚР ШҚО Үржар ауданы сібір жарасы аурушаңдығының статистикалық материалдары негізінде жасалған. Сібір жарасы ошақтарының эпидемиологялық тексеру карталарына өзіндік талдама жасалынған және зертханалық зерттеу жұмыстарының нәтижелері талқыланды. Стационарлық науқастың медициналық картасымен сібір жарасының клиникалық көріністері бағаланды. ҚР ДСМ МСЭҚК ШҚО бойынша департаментінің Үржар аудандық басқармасының сібір жарасы ошағындағы кешенді алдын алу шаралары жылдық есептен алынды.
Нәтижелері. ШҚО Үржар ауданында сібір жарасы індеті бойынша жалпы эпидемиологиялық- эпизоотиялық жағдайы қолайлы. Адамдар арасында сібір жарасы аурушаңдық әр 10 жыл сайын тіркелуде.
Соңғы аурушаңдық ауданда 2001 жылы Мақаншы ауылында тіркелген.
ҚР ДСМ МСЭҚК ШҚО бойынша департаментінің Үржар аудандық басқармасына Мақаншы аудандық ауруханасынан 2011жылы 22 қыркүйекте сағат 12- 30.да телефон арқылы жедел хабарлама түсті. Жедел хабарлама бойынша алғашқы қойылған диагнозы
«Сібір жарасы, терілік формасы?». Науқас Үржар ауданы Мақаншы ауылының Абай көшесі 24 үй тұрғыны М. 1966 жылы туылған. Ауырған күні 18.09.11ж, Мақаншы аудандық ауруханасына 22.09.11ж. күні қаралаған. Осы күні науқасқа диагноз қойылып, сағат 13-50 аудан орталығындағы Үржар
аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне арнайы медициналық автокөлікпен жеткізіліп, жатқызылды.
Эпидемиологиялық тексеру нәтижелері: науқастың айтуы бойынша
3 күн бұрын көршісінің моншасына түскеннен кейін жалпы әлсіздік пайда болды, дене қызуы көтерілді. Осы күні сол жақ шынтақ буынның ішкі жағында терісі қызарып, қышыған. Қышыған жерін науқас қасыған.
19.09.11ж сол жерде кішкене жара пайда болған.
Науқастың әйелі жарасына 2 күн алоэ атты өсімдігін тартқан. Аспирин мен парацетамол таблеткаларын 2 күн бойы, күніне бір реттен берген. Науқастың жалпы жағдайы жақсармай, одан ары ауырланған сайын 22.09.2011ж күні науқас дәрігерге барған. Науқасты Мақаншы аудандық аурухананың дәрігерлері:
терапевт, инфекционист, хирург, дерматолог көріп, алғашқы «сібір жарасы, терілік форма?» диагнозын қойып, аудандық орталық ауруханаға арнайы медициналық көлікпен және медициналық қызметкерімен бірге жеткізілді. Осы күні науқас Үржар Аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде жеке боксқа жатқызылды. Науқаста ауру жедел басталған. St. Praesens: Науқастың жағдайы орташа ауырлықта, шағымы әлсіздікке және сол қолындағы жарасына. Тәбеті жақсы, дене қызуы 36,5 с көтерілмеген, есі дұрыс. Тері жамылғылары бозғылт, өкпесінде сырыл жоқ, жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерінде патологиялық өзгеріс жоқ. Жүрек соғу жиілігі - 74 рет минутына, қан қысымы - 100/70, ішін басып қарағанда жұмсақ, ауырсынусыз. Зәр, нәжісі қалыпты. St. Vocalis: сол жақ шынтақ буынының ішкі жағында жара орналасқан, (№1 фотосурет), көлемі 3х4 см, ортасында некроз, перифирия бойында балдырлар орналасқан, қабынған. Балдырлардың ішінде везикуло-серозды қан аралас сұйықтық. Шынтақтың төменгі үштен бір бөлігінен бастап білек ортасына дейін қызарған, шамалы ісінген, пальпация кезінде ауырсынусыз. (№2, №3 фотосурет).
№1 фотосурет
№2 фотосурет
№3 фотосурет Қолмен ұстағанда ыстық. Жараны пункциялау
кезінде ауырсынбайды. Қолтық астыңғы лимфобездері диагнозы: инфицирленген шынтақ буынының ішкі бөлігінің жарасы, сібір жарасы, терілік формасы.
несеп талдауы физ-хим қасиеті көлемі - 100гр, түсі - сары, салыстырмалы тығыздығы - 1017, ақуыз - 0,033.
Жалпы қан талдамасы: гемоглобин - 142, эритроциттер - 4,3, лейкоциттер - 8,8, таяқшалар - 3, сегмент ядролы - 65, эозинофилдер - 1, моноциттер - 1. Науқас М.
қабылдаған емі:
1. Антибиотикалық терапия (12 сағат сайын гентамицин 80мг,гексовит 1 таблеткадан күніне 3 рет)
2. Десенсибиллизирлеуші терапия (анальгин - 2мл, 1% димедрол - 1мл бұлшық етке)
3. Дезинтоксикациялық инфузионды терапиялық (5% глюкоза 400мл ерітіндісін + витамин С 4 мл, ацессоль 200) ем қабылдады.
Эпидемиологиялық-эпизоотиялық тексеру кезінде анықталғаны: науқас мамыр айынан бастап ауласына үй сала бастаған, топырақты Хатынсу өзен жағалауынан тасытқан. 06.09.11ж. күні қызыл түсті еркек тоқтыны ауласында сойып, қанын итіне берген, терісін белгісіз адамға сатып жіберген. Сойылған тоқты өзінің малы және дені сау болған. Малдың етін, ішек- қарынын өздері мен үй салып жатқан жұмысшыларымен бірге жеген. Үйінде барлығы 7 бас ірі қара мал (ІҚМ), 18 бас ұсақ мүйізді мал (ҰММ), 1 ит, 1 мысық бар. Үйіндегі ересек малдар сібір жарасына қарсы егілген. ІҚМ Мақаншы ауылының табынына қосады, ҰММ кезекпен 10 үй бағады. Науқас 20- 21.09.11ж күні кезекпен ҰММ баққан. Осы күндері науқас малдарды сібір жарасына қолайсыз «Үшінші бесжылдық» ошағында баққан. Осы ошақта 2001 жылы құлап, сібір жарасымен ауырған ірі қара малды 5 адам сойып, екеуі сібір жарасымен ауырған. Ошақтағы эпидемиологиялық жұмыстарының тексеру нәтижесінде барлығы қарым - қатынастағы 19 адам анықталды. Осы адамдар медициналық обсервациялық бақылауға алынып, антибиотикпен алдын алуға арналған ем қабылдады. Үй ошағында және науқас түскен көршісінің моншасына қорытынды камералық залалсыздандыру жұмыстары ШҚО СЭСО Үржар аудандық филиал мамандары сұраныс бойынша жүргізді. Ауласындағы қора жайына, мал сойған орнына және тері сатып алған адамның тері қоятын қоймасына ветеринария қызметкерлері қорытынды қамералық залласыздандыру жұмыстарын жүргізді, барлығы 240 шаршы метр. Ветеринария қызметі бойынша Мақаншы ауылдық округте барлығы -60000 бас ұсақ мүйізді мал, 10500 бас ірі қара мал, 2000 бас жылқы, 50 бас шошқа, 100 бас түйе сібір жарасына қарсы егілді, Е. Мукановтың малы және осы малмен бірге бағылатың малдың барлығы -35 ірі қара мал, 345 ұсақ мүйізді мал, бұл малдардың барлығы 21 күнге ветеринариялық бақылауға алынды. Адамдар және мал арасында сібір жарасы тіркелген жоқ.
Науқастан алынған сынамалар (жараның бетінен, жараның эксудаты, жарадан жуғын, қан, қан жуғыны) және ошақтың сыртқы ортасынан алынған 17 сынамалар (ет 1, қи 1, жүн 1, топырақ 14) ШҚО СЭСО аса қауіпті жұқпалы аурулар зерханасына лаборантпен
жеткізілді. Науқастың сойған қойының терісінен 27.09.11ж күні зерттеу нәтижесінде №126 тері сынамасынан Сібір жарасына ПТР - оң Bacillus anthracis ДНҚ-дан анықталды, науқастың үйіндегі мал сойған жеріндегі топрақ сынамасынан Сібір жарасына бактериологиялық зерттеу нәтижесінен №114 27.09.11.
күні Bacillus anthracis анықталды.
Науқастан алынған сынамалардың 6-нан Сібір жарасы ПТР-оң нәтиже көрсетті. 23.09.11ж күні №7,8,10 жараның эксудаты, №12,13,14 жараның бетінен анықталды.
Қорытынды:
Эпидемиологиялық-эпизоотиялық тексеру жұмыстарының, сібір жарасы бойынша аурушаңдықтың талдамасының және науқастан алынған материалдарымен сыртқы ортадан алынған сынамалардың зертханалық зерттеу нәтижелерінде ШҚО Үржар ауданы Мақаншы ауылында тіркелген сібір жарасы аурушаңдығының Мақаншы ауылдық округіндегі «Үшінші бесжылдық» сібір жарасына қолайсыз ошағының топырағы жұқпаның көзі болып саналады. Науқас бұрынғы сібір жарасына қолайсыз пунктінде ҰММ баққан, жазғы-күзгі мезгілде мүмкін осы жердің топырағы сібір жарасының спораларымен қамтылған. Споралар шаң мен бірге малдың жүніне түскен. Науқас малды сойып, терісін сыпырып, сол жақ қолына іліп-алып сатуға апарғанда сол жақ қолындағы шынтақ маңайындағы микрожараға споралар енген.
Өйткені, мал сойған жерден алынған топырақ сынамасынан, малдың терісінен және науқастың жарасынан Bacillus anthracis анықталды.
Науқастың клиникалық көрінісі ағымды болды:
интоксикация белгілері, лимфоаденит, карбункул ортасында некрозымен, некроздын маңайында балдырлық қабынуы. Науқас толық ем қабылдағаннан кейін жұқпалы аурулар бөлімінен жазылып, шықты.
Қарым-қатынастағы адамдар арасында аурушандық тіркелген жоқ.
Әдебиеттер:
1. Белоножкина Л.Б. Применение полимеразной цепной реакции в лабораторной диагностике сибирской язвы.// Карантинные и зоонозные инфекции в Казахстане. 2011; №1-2; С.49.
2. Захаров А.В., Гражданов А.К., Жумадилова З.Б., Усачева Р.У. Ообенности клинических проявлений кожной формы ибирской язвы в условиях группововго заболевания.//Медицина.-Алматы. -2006; №6; С. 65-68.
3. Лухнова Л.Ю., Айкимбаев А.М., Горелов Ю.М. и др. Профилактика сибирской язвы в Казахстане. – Алматы, 2001.- 146с.
4. Учебное пособие по особо опасным инфекциям.
Применение стандартных определений случаев.- Уральск: CDC, 2008. – 638с.
5. Покровский В.И. Руководство по эпидемиологии инфекционных болезней.- Москва, 1991; 2 т; С.420-422.