• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Ұлттық индустрия кадрларының қалыптасуы

In document PDF ҚАЗАҚСТАННЫҢ (бет 40-49)

орындарының бай қорының арқасында, Қэзақстан түсті металл өндіруден КСРО бойынша екінші, мұнай, көмір өндіруден үшінші орынды иелеңді, яғни Кеңес Одағының машина жасау, электргехникалық, химиялық жэне басқа да өнеркэсіп салаларының, сондай-ақ теміржолдарының негізгі жабдықтаушыларының біріне айналды.

1. Қозыбаев М.Қ Омарбеков Т. Тарих тағлымы не дейді?

А., 1993.

2. История Казахстана: белые пятна. А., 1991.

3. Нурпейсов К.Н. Культурная революция: достижения и потери. // Қазақстан коммунисі. 1990.№10.

І.С ау атсы зд ы қты жою. Кеңес өкім етінің мәдениет пен ғы л ы м саласы н дағы ж етістіктері және бүл саладағы қ ай ш ы л ы қ т а р

1919 жылы 26 желтоксанда РКФСР ХКК қабылдаған

«РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы»

Декрет! бұл мэселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді.

1919-1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілер байқалды: халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі; жаңа окулықтардың жоқтығы жэне жазу құралдарының жеткіліксіздігі; қалаларда эсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық - техникалық базасының элсіздігі.

1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық

«Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылды.

«Сауаташқыш» газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабақ өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы - мүғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 ж. 11 ақпанда ҚазОАК-і «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады.

Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленіп, шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды жэне сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры қүрылды. 1931 жылы республикада шалғай аудандарға мәдени жорық үйымдастырылды. Комсомол және пионер үйымдары оған белсене атсалысты, бірақ елде сауатсыздықты жою ісі 1935 жылы, мэдениет майданы қызметкерлерінің съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы съезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы аяқталып, Қазақ АКСР Ағарту Халкомы жанынан ересек халыққа білім беру басқармасы қүрылып, оның ішінде

сауатсыздар мен шаласауаттылар мектебі бөлімдері ашылды.

1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76,3%-ға жетті. Сауатсыздықты жоюмен қатар оқу-ағарту жүмыстары белсенді түрде дамыды. 1926 жылдың мамыр айында республикалық СНК КазССР-де бірдей еңбек мектебінің уставы қабылданды. 1930-1931 жылдары көшпелі жэне отырықшы аудандарда жалпыға бірдей білім беру ендірілді. 1940 жылы Қазақстанда 44 мыңнан астам оқушылар болды. Соғыстың алдында 20 жоғарғы оқу орны, 118 арнаулы орта бІлім беретін орын жүмыс істеді. Оларда 40 мың адам оқыды. КСРО-ның эр түрлі аудандарда 20 мыңнан астам қазақстандықтар оқып, білім алды. Республиканың ересек тұрғандарының арасындағы сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей бастауыш оқуды ендіру.

Халыққа білім беруді дамыту, жетілдіру, профессионалдық білім беру, мектепке Шығыс халқтарының қыздарын жоғарғы білім беру, осылардың барлыгы үлттық интелегенцияның қалыптасуына қажетті болды. 1940 ж Қазақстанда 3100-дей магазин, 600 дей асхана және 120-дай аурухана салынды.

Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесі қалыптасыты. Сонымен сауатсыздықты жою жолын білім беретін мектептерді көбейту жөнінде табыстарға қол жетті, жаңа советтік интелегенцияны қалыптастыру процесі жүргізілді. Советтік Қазақстанның ғылымы өркендеді, эдебиетпен өнер дамыды.1932 жылдың аягында Қазақстан тұрғындарының 42 пайызы сауаттанды.

Бастауыш мектепте оқитындар саны 1958 жылғы 3058 мыңға дейін көбейді.

2.Ғ ы лы м о ш ақ тар ы н ы ң пайда болуы және ғалы м кад рлард ы ң қал ы п таса бастауы

Азамат соғысы аяқталысымен Қазақстанда кеңес өкіметі ғылыми қызметкерлер алдына елдің табиғат байлықтарын жэне оны өндіру күшін зерттеу міндетін қойды. 1919 жылдың желтоқсан айында Қазақстанды географиялық, тарихи жэне этнографиялық жағынан зерттеумен айналысатын тарихи- статистикалық бөлім қүрылды. Ресей ғылымдар академиясы

жанынан табиғи өндіргіші күштерді зерттеу комиссиясы (ТӨКЗК) құрылды. Кеңес өкіметі 1920 жылы ТӨКЗК жанынан бірқатар тұрақты және маусымдық экспедициялық отрядтар ұйымдастырды. Бұл отрядтар Қазақстанның жер қойнауын, флорасын, фаунасын, климатын, аумағы, сондай-ақ мэдениетін, тұрмысын, тілін кешенді ғылыми зерттеуге тиіс болды. Сол жылы алгашқы экспедиция Орынбор-Торғай өңіріне аттандырылды. Ресей географиялық когамының Семейдегі Батыс Сібір бөлімшесі жэне Верный бөлімшесі өз жұмысын қайта жандандырды. Ауыл шаруашылыгы саласында алгашқы мемлекеттік гылыми мекемелер: Алматы жеміс-жидек станциясы (1919 ж.), Өлкелік өсімдік қорғау станциясы (1924 ж.), Тыңайтқыштар жэне агротопырақтану гылыми-зерттеу институты (1926 ж.), қалаларда тэжірибелік егістіктер мен станциялар қүрылды. Денсаулық сактау халкомының жанынан

1925 жылы Санитария-бактериологиялық институты ашылды.

1926 жылы КСРО Ғылым Академиясының жанынан академик А.Е.Ферсманның басқаруымен одақтас жэне автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитет ұйымдастырылды. Ол қазақ АКСР-ін кешенді зерттеудің бесжылдық жоспарын жасады. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін 1926-1927 жылдары КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы үйымдастырылып, ол жекелеген отрядтар арқылы өлкені статистикалық-экономикалық, геологиялық, гидрогеологиялық жағынан зерттеу жүргізді. КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы негізінде сегіз жаңа экспедиция үйымдастырылды. 30 ж. басында Қазақстандағы ғылым жэне ғылыми мекемелер 20 ж. басына қарағанда қарыштап алға басқандығың көрсетті. Бірақ 1932 жылы КСРО ҒА-ның конференциясында ғылымның елдегі халық шаруашылығы сұраныс денгейінен элдеқайда артта қалғандығы атап көрсетілді.

Барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарын бір басқаруга біріктіру үшін 1932 ж. наурыз айында КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылып, оның төрағасы көрнекті шығыстанушы галым А. Н. Самойлович тағайындалды. Алғашқыда база құрылымдық

жағынан екі сектордан түрды: зоологиялық және биологиялық, оган 1935 жылы геология және тарих секторлары қосылды. 30- жылдары республикадағы ғылыми мекемелер: Алматы (1932 ж.), Балқаш пен Лениногор ботаника бағы (1935 ж.), Мал шаруашылыгы институты (1933 ж.), Астық шаруашылыгы институты (1934 ж.), Ана мен баланы қоргау ҒЗИ (1932 ж.). Коз аурулары ҒЗИ (1934 ж.) ашылды. Негізінен, бұл аралықта Казахстан ғылымы мен гылыми мекемелер! айтарлықтай дамыды, дегенмен гылыми-зерттеу ісін одан эрі кеңейту мэселелері сақталып қалды. Қазақстанның ғылымы мен ғылыми мекемелерінің дамуында галымдар съездері мен конференцияларының маңызы зор болды. 1934 ж. 10 - 15 қарашада КСРО ҒА-ның Алматыда көшпелі сессиясың өткізіліп, осындай мәжілістер мен конференциялар республиканың галымдарының басын косуга түрткі болды. Геология ғылымы саласында Қазақстанның жекелеген аймақтарын игеруді дамытуда ел галымдары мен практик мамандар бас қосқан мэжіліс 03 эсерін тигізді. 1935 ж. қарашада жэне 1936 ж.

наурызда Алматыда КСРО ҒА-ның екінші геологиялық конференциясы мен сессиясында Орал-Ембі ауданын, Жоғары Алтай мен Жезқазганды игеру мэселелері талқыланды. Ауыл шаруашылыгы гылымы саласында, eric жэне мал шаруашылыгында гылым жетістіктерін өмірге ендіру міндеттері шешілді. Когамдық гылымдар саласында Маркс, Энгельс, Ленин шығармаларын, партия мен үкімет қүжаттарын, партия мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектерін оқып-үйренуге жэне насихаттауға баса мэн берілді. 1931 жылы Казақ маркстік- лениндік ҒЗИ құрылып, ол макрсизм-ленинизм классиктерінің еңбектерін қазақ тіліне аудару жэне насихаттау ісімен айналысты. Жалпы алганда, бүл институт идеологиялық орталық міндетін атқарды. 1934 жылы Казақ үлттық мэдениеті ҒЗИ ашылды, оның тарих жэне археология, эдебиет жэне фольклор, тіл қүрылысы, бейнелеу өнері жэне музықалық театр- хореографиялық секторлары болды. 1936 жылы осы институт негізінде КСРО ҒА-ның республикалық базасы құрылды.

П .Д С Қ азақстан дагы саяси қугын-сүргін 1. Саяси қуғын-сүргіннің басталуы;

2. Қазақстандағы ГУЛАГ;

3. Қазақстандағы «Үлкен террор».

Д еректер

1. Сборник нормативно-правовых актов о реабилитации жертв массовых политических репрессий. А., 1997.

Зерттеулер

1. Тасымбеков А. Жан дауысы. АЛЖИР архипелагы. А., 1994.

2. Баймаханов М.Т. Гоударственно-правовые проблемы общенационального согласия и реабилитации жертв политических репрессий. А., 1997.

3. Политические репрессии в Казахстане в 1937-1938 гг. А., 1998.

1. Саяси қуғын-сүргіннің басталуы

Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 ж. ортасынан Алаш қозгалысына қатысқан қайраткерлерді түтқындаудан басталып,

«буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар эртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Үлт қайраткерлеріне КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды

«басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады. Кеңестік билік жергілікті тұргындардың үлттық срекшеліктері мсн мүдделеріи қоргаушыларға, үлттық автономия күру идеясын қолдаушыларға

«тап жаулары», «үлтшылдар», «жат пікірдегілер», «элеуметтік кауіпті элементтер» деген жала жабылып, халықтың да оларга деген теріс көзқарастарын қалыптастыруга жагдай жасады.

Халықтың қамын жеген үлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тыгырықтан шыгар жолды іздеді.

1925 жылы кыркүйекте Казақстанга басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырган жагдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазакстанды кеңстік өзгерістерден тыс калган деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу

саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты үлт зиялыларын жаппай қугындауга үласты. Голощекин өзіне қарсы шықкандарды қызметтерінен алып. республикадан куды, олардың көзін жоюды қолга алды. 2. Қ азақстандагы ГУЛАГ 1930 ж. 25 сэуірде лагерьлерді басқаратын ОГПУ қүрылып, бір жылдан кейін ГУЛАГ ОГПУ атала бастады. Қазақстанда 1930 ж.

басында лагерьлер жүйесі калыптасты. 1930 ж. мамыр айында КСРО ХКК «Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін қүру туралы»

қаулы қабылдады. 1931 ж. 19 желтоқсанда «Гигант» кеңшары ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылып, қысқаша «Қарлаг ОГПУ» аталды. Қарлагта 1 млн-дай түтқын тіркелген. Тұтқындар қүрамы үнемі өзгеріп отырды.

Жаңадан лек-легімен адамдар экелініп, кезең-кезеңмен өзге лагерьлерге жөнелтіліп жатты. ГУЛАГ жобасы бойынша Қарлаг 32 мың түтқынға арналған, ал, шын мэнінде, мұнда 75 мыңға жуық адам отырды. Тұтқындар санын арттыру Қарлагқа жүктелген халық шаруашылығы міндеттерімен-Қарағанды көмір алабын игеру, Жезқазған және Балқаш металлургия комбинаттарын салу қүрылысымен тығыз байланыста болды.

Сонымен бірге түтқындардың көпшілігі ауыл шаруашылығы жүмыстарына да тартылды. Қарлаг жүйесінде мал шаруашылыгы фермаларымен қатар, жеміс-көкөніс өсіру, жер жырту, кірпіш зауыттары, эк өндіру карьерлері, тас-көмір шахталары болды. Түтқындар Балқаш мыс қорыту зауытының құрылысында, халықаралық атом электр станциясында, темір жол желілерінде еңбек етті. Кеңестік биліктің қуғын-сургін саясаты 1937-1938 ж. өзінің шарықтау шегіне жетті. Толық анықталмаган көрсетулер бойынша Қазақстанда 103 мың адам сотталып, олардың 25 мыңнан астамы өлім жазасына кесіліп, атылды. Сөйтіп, өз азаматтарың жою ісінде кеңестік билік фашистік жүйелерден асып түспесе, кем түскен жоқ. 30- жылдары «отанына опасыздық жасады» деген желеумен сотталган кісілердің жарларын қамауда үстайтын лагерьлер ашылды. Солардың бірі «Отанына опасыздық жасағандардың

жарлары Акмола лагерінде» АЛЖИР,

С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ж.Шанин, С.Асфендияров, М.Тэтімов, Т.Жүргенов, Н.Нұрмақов,С.Сармолдаев, С.Есқараев және басқа белгілі қайраткерлердің жарлары қамауда ұсталды. 1938 ж. 6 қаңтарда, мұнда 1-3 жас аралығында балалары бар 50 эйелден тұратын алғашқы этап келеді. Олар ерлері саяси айыпкер ретінде сотталған, өздері жас сэбилерімен тұтқынға алынған аналар болатын. Балқаш түбіндегі эскерилерге арналған лагерьдегі жерлеу орындары болды. Соғыстан кейінгі кезеңде тұтқындардың жаңа категориясы пайда болды: бұрыңғы эскери тұтқындар, басқыншыларга көмектескендер, жер аударылған халықтар, тұтқын немістер мен қылмыскерлер үшін КСРО ішкі істер комиссариатының ерекше лагерьлері қүрылды. Мүндай лагерьлер қатарыңа Қазақстандағы далалық лагерь жатқызылды.

Далалық лагерь тұтқындары «Қазмысқүрылыс» тресі мен Жезқазған руда басқармасында жүмыс істеді. Ресми құжаттарда

«Қарлаг», «Степлаг», «АЛЖИР» деген атпен белгілі болган лагерьлер осы.Гулаг жүйесінің бір бөлімшесі болып табылады.

Ал Гулагтың құрамына эр түрлі салалық өнерқэсіп басқармалары енді. Осылайша НКВД жазалау-күштеу органы бола отырып, шаруашылық-экономикалық мекемелердің жүмысын атқаратын орынға айналды. Қазақстанда 1939 ж. 21 еңбекпен түзету лагерьлері мен колониялары орналасты.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Гулаг жүйесі одан эрі кеңейді.

Оның қүрамында 56 еңбекпен түзету лагерьлері, 910 лагерь бөлімшелері, 424 еңбекпен түзету колониялары орналасты.1953 ж. 1 қаңтарда Қазақстанда 1 млн-ға жуық арнайы қоныс аударылғандардың 13 мыңға жуығы лагерьлерде, колонияларда, түрмелерде тұтқында отырды. Арнайы қоныстанушылардың ішінде 450 мыңы неміс, 245 мыңы шешен, 80 мыңы ингуш, 37 мыңы грек, 35 мыңы поляк, 33 мыңы Грузиядан, 6,5 мыңы Қырымнан жер аударылған аз үлт өкілдері. 1929 жылдан Сталин кайтыс болған 1953 жылға дейін ГУЛАГ түрмелерінде 14 миллион адам азап шеккен. Шамамен 1,6 миллион адам сол түрмелерде опат болды. ГУЛАГ көбіне экономикалық мүддеге сэйкес салынган. Көптеген лагерьлерді мемлекетті

индустриализациялау жоспары аясындағы ағаш шабу, шахта қазу жэне индустриалды жобаларды конструкциялау сияқты алдын ала жоспарланған арнайы экономикалық тапсырмаларға орай салған. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін нацистік Германияның түрмесінен тірі шыққан бір миллионнан астам Совет солдаттарын үкімет ГУЛАГ-қа жөнелткен. 1953 жылы Сталиннің өлімінен кейін коммунистік мемлекет ГУЛАГ жүйесін жоюды қолга алды. Саяси түтқындар 1954 жылдан босатыла бастады. 1960 ж. қаңтардың 25-і күні ішкі істер минстрінің жарлыгымен ГУЛАГ жүйесі ресми жабылды.

З.Қ азақстандағы «Үлкен террор» 1936 мен 1938 жылдар аралығы «Үлкен террор» кезеңі деп аталады. Қысқа ғана уақытта түрмелерде кем дегенде бір миллион адам атылды.

1937-1938 жылдары осы террордың қызған шағында Сталиннің қауіпсіздік қызметі (НКВД) орташа есеппен алганда тэулігіне 1000 адамды атып отырған. Террор алғаш басталғанда тазалау жұмыстары НКВД-нің өз ішінде, содан кейін компартия мүшелерінің арасында жүргізілді. Совет үкіметін негізін қалаған В.И.Ленинмен революцияны бірге жасаған «қарт большевиктер»

деп аталатын түлгалар атылып кетті. Сот процесіндегі құжаттарга қарап, олардың атылар алдында азап пен қорлық тартқанын көреміз. Сталин бүдан кейін өлім торын кеңірек жайды. Енді ол интеллигенция өкілдерін, эртүрлі этникалық жэне діни топтардың көсемдері, патша кезінен қалған

«антисоветтік элементтерді», шетелдіктерді не шетелдіктермен байланысы бар жэне тағы басқа адамдарды аяусыз қырды.

Тазалау жүмыстарын Сталиннің өзі жеке қадағалап отырған.

Кеңес архивтерінде 40 мың адамның үкіміне Сталиннің өзі қол қойғаны анықталған. Ол кейбір адамдардың аты-жөнін жиі атап, НКВД-ның тергеу жэне азаптау амалдарын күшейте беруін білдірген. Сталин өлген соң тексеру жүргізген советтік комиссия оны «коммунистік партияға, социалистік мемлекетке, совет халқына және бүкіл әлемдік революция ісіне қарсы үлкен қылмыс жасаған» деп айыпталды. М. Горбачевтің қайта құру науқаны кезінде көптеген репрессия қүрбандары қайтадан

ақталды. «Үлкен террор» кезінде эсіресе Сталиннің серіктері, билікке жақын адамдар қатты жапа шекті.

12.ДС Қ азақстан ¥ л ы Отан согысы ж ы лдары нда (1941-1945) 1. Соғыстың басталуы, оның сипаты;

2. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтар;

3. Қазақстандықтардың партизан отрядтарына жэне қарсыласу

қозғалысына қатысуы;

4. Қазақстан-майдан арсеналы;

5. Сотые жылдарындағы мэдениет пен гылым, халық ағарту ісі;

6. Қазақстанға күштеп қоныс аударылған халықтар. Еңбек армиялары.

Деректер

1 .Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза 1941-1945 гг. Сб. докум. и материалов. А., 1975.

2.Казахстанцы - Герои Советского Союза в 2-х томах. А., 1975 Зерттеулер

1. Балакаев Т.Б., Алдажұманов Х.С. Қазақстан еңбекшілер -

майданга. А., 1985.

2. Козыбаев М.К. Казахстан - арсенал фронта. А., 1970 3. Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы. А.,

1998.

4. Белан П.С. На всех фронтах. А., 1995.

1. Соғыстың басталуы, оныц сипаты

Германияда өкімет басына фашистердің келуі жэне олардың Еуропадагы агрессияшылдык іс-әрекеттері Кеңес Одагы мен гитлерлік Германияның арасында согыстың болатындыгын айқын көрсетті. 1941 ж. 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес-герман шартын бұзып, неміс армиясы сотые жарияламастан КСРО аумагына басып кірді. Жер

бетінде болып откен согыстардың ішіндегі ең катал эрі ауыр сотые басталды. КСРО-га қарсы согысқа Германияның одақтастары — Румыния, Венгрия, Италия, Словакия, Финляндия қатысты. Гитлершілдердің жагында согысқа кіруге Жапония, Болгария. Түркия, Испания дайын тұрды. Бұл жагдай Кызыл Армияны Қиыр Шыгыс пен Закавказьеде ірі эскери қүрамаларын үстап тұруга мэжбүр етті. Үлы Отан согысы Екінші дүниежүзілік согыстың қүрамдас бөлігі болды. Екінші дүниежүзілік сотые орасан зор кеңістікте жүргізілгенімен, сотые қимылдары кеңес елінің ауматында өтті. Кеңес Одаты Ұлы Отан сотысына дайындыксыз кірісті. 1930 жылдардагы әскерилерді қудалау согыстың алгашқы күндерінде сәтсіздіктерге үшыратты.

И.В.Сталиннің халыққа 1941 ж. 3 шілдесіндегі радио арқылы үндеуін бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы сотыстың алташкы күндерінен бастап өздерінің борышын өтеп, майдандагы армияның қатарын толықтырды. Әскери міндеттілерді эскерге алу өте қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Тарихи эдебиеттерде бүл сотые «Ұлы Отан согысы» деген атқа ие болды. Бүкіл кеңес халқы ортак жауга қарсы күреске жұмылды. Алгашкы күндердің өзінде ақын В. Лебедев-Кумач пен композитор А. Александров жаута карсы күресте көпке ортак энүранга айналган «Қасиетті сотые» энін шыгарды. Согыстың сипаты - Германия тарапынан бүл сотые агрессиялық, жаулап алушы, эділетсіз сотые болды, ал Совет Одагы тарапынан эділетті өз жерін қоргаган, азаттық, Отан согысы болды. 1940 ж. 18 желтоқсанда Гитлер командованиесі СССР - те басып кірудің «Барборосса жоспары»

деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауга кіріскен болатын.

Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарлары қүргақтагы, эуедегі жэне сотые теңіз күштері КСРО-га бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бүл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзім ішінде, «қауырт сотые» идеясы бойынша сотысты 1941 ж. күзінде аяқтау тиіс. «Барбаросса»

жоспарын жасаган кезде фашистік Германияның басшылары КСРО - ны «сансыз» көп үлттың жасанды жэне «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық

конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең - байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау корсету. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси жэне экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық - түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Қуыршақ мемлекет жобасы

«Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ - Орал, Түркістан сияқты рейх-комиссарияттарын қүруды көздеді.

Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының қүрамына Қазақстан, Татарстан, Башқүртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауганстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті М.Мэметова: «Отбасымыздан майданға жіберетІн ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп эскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. - нан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар жэне атты эскер дивизиясы, 6 бригада қүрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 - жеке атқыштар бригадасы 30 - дан астам ұлттан қүрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылғандардан 316 - атқыштар дивизиясы қүрылып, оның командир! генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, эрбір бесінші адам майданга аттанды. Қазақстанда еңбек армиясы қүрылып, Қазақ КСР - нен 700 мыңнан астам адам шақырылды.

Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны, 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 - 1945 ж. эскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

I

2. Ұлы Отан согысы майдандарындағы қазақстандықтар Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген эскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қоргаушылардың қатарында мыңдаган қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жүматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқүлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау эскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді.

Біріншіден, күшті қаруланган, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау эскерінің соғыс жүргізу тэжірибесі мол болды.

Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес эскерлері эзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес эскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дэрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 - 1940 жж. Қызыл Армияны тазалау кезінде эскердің көптеген қолбасшылары, жогары, орта буындағы офицерлері үсталып атылып кетті’

Осының бэрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сэтсіздікке үшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды.

Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, эсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталган 316 - атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Б.Момышүлы басқарған 1075 атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 панфиловшылар тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В.Г.Клочков «Россия кең - байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» үранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі

дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай - ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П.В.Вихров, М.Габдуллин, автоматшылар Т.Тоқтаров, Р.Амангелдиев мэңгі өшпес із қалдырды. 316 - дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланып, 1941 ж. 17 қарашада 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабын жойған Т.Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді.

М.Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойп, оған Кеңестер Одағы батыры атағы берілді. 1942 ж. 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 ж. бүл дивизия 30 - гвардиялық дивизия болып қайта қүрылды. Москва шайқасының тарихи маңызы:

гитлершіл басқыншылардың Москва түбінде талқандалуы жау эскерлерінің рухын түсірді, Гитлердің қауырт соғыс жоспары

«Блицкриг» біржола күйреді, Қенес армиясы стратегиялық бастаманы қолға алып, түбейгейлі бетбүрыс басталды.

Ленинград шайқасы (194ІЖ.-1943 ж.-қантар).Қазақстандық эскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты.

316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын»

салуга қатысты. Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тулы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.

Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар: Партия ұйымдастырушысы С.Баймағанбетов, А.Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды. 372- атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротосының бөлімше командир! Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. 48- атқыштар дивизиясының атақты мергені Д.Шыныбеков шайқасты. Қазақстандық эскери қүрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты. 314-дивизияның мергендер

!

қозгалысын Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бүрынгы колхозшысы, қатардағы жауынгер Г.П. Зубков бастады.

1941 ж. қыркүйектің ауыр күндерінда қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнап, онда көп үлттық еліміздің бүкіл енбекшілірінің ой-пікірін, сезімі мен аландатушылығын білдірді. 1943 ж.

қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944 ж. Ленинград басқыншылардан толық азат етілдІ.

Ленинград шайқасының тарихы маңызы: Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды, Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды. Сталинград шайқасы (1942 ж. шілде- 1943 ж. ақпан) кескілескен үрыстар басталды. Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетіп, 1942 ж.

күзде КСРО жогаргы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий алабында согыс жағдайы енгізілді, ал 1942 ж. қыркүйектің 1-інде Атырау қорғаныс комитет! қүрылды. 1942 ж. қыркүйектың 15-

!нде облыстық мемлекетт!к қорганыс комитет! соғыс жагдайын енг!зд!, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөл!мдер!н!ң қатарына енг!з!лд!. 1943 жылғы желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан Сталинград облысымен шектест! (Каспий тең!з!нен Александров - Гайға дейнг! 500 км.). 1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үк!мет!

Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екен!н, сондықтан бүдан артық шег!нет!н жер жоқ екен!н айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестер!не үндеу тастады. Батыс Қазақстан жерінде алты қорғаныс шеб!, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайнақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында қорғаныс қүрылыстары салынды. Сталинград майданының көптеген эскери бөл!мдер!, материалдық, техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында эскери байланыс торабы орналасып, Батыс Қазақстан жер!нде 70-ға жуық эскери госпиталь жұмыс !стед!. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жэнібек, Шүңгай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн. сом шыгын келт!р!лд!. Сталинград майданын

In document PDF ҚАЗАҚСТАННЫҢ (бет 40-49)