• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан əйелдері Қарсыбаева Ж.А

In document ХАБАРШЫСЫ ВЕСТНИК (бет 121-127)

ƏОЖ 94 (574) «1941/1945»

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан əйелдері

Қарсыбаева Ж.А.

2. Ұлы Отан соғысы кезеңінің тарихнамасы бойынша басылымдар — А.Н. Нүсіпбеков, С.Н. Покровский, М.Қ. Қозыбаев, Т.Б. Балақаев, П.С. Белан, К.С. Алдажұмановты атап өтеді. Олар Қазақстан тарихы бойынша бағалар мен қорытындылар жасаған.

3. Ұлы Отан соғысына Қазақстандағы əйелдердің қатысуының тарихнамасы бойынша отандық басылымдар: Г.Д. Нұрбекованың, Ə. Сегізбаевтың диссертацияларын жатқызады. Бұл жұмыстармен мəселенің қазақстандық тарихнамасы бекітіледі [2; 18]. Бұл ғылыми зерттеу тарихнамалық зерттеудің қатаң талаптарына жауап бере алады, оған Ұлы Отан соғысы тарихы бойынша тарихи əдебиеттердегі негіздік талдау тəн, ондағы əйел мəселесін бөліп көрсете отырып, ең қызықтысы, Қазақстанға депортацияланған халықтардың əйелдерінің жағдайын

«Əйел жəне соғыс» тақырыбы шеңберіндегі немістік тарихнаманы талдауын жалпылама

қарастырады.

Тарих ғылымдарының кандидаты С.С.Қарпықова «Қазақстан əйелдері: тарихнамалық мəселелері (ХХ ғасырдың 20–80-жылдары)» тақырыбында жазған кандидаттық дисертациясында ХХ ғасырдың

20-жылдарының басынан 50-жылдардың ортасына дейін Қазақстандағы əйелдер жағдайы туралы

тақырыптың тарихнамалық аспектісі тиісті деңгейде қарастырылмағандығын атап өтеді [3].

Автордың көрсетуінше, бұл жылдары деректанулық базаның кеңеюінен, түрлі зерттеулердің жинақталуына қол жеткізуден, сонымен қатар жоғары кəсіби тарихшылардың қалыптасуы есебінен, көрінген мəселелерді ішкі қалыптастыру үрдісі жүрді. Осының негізінде 50-жылдардың ортасынан əйелдер мəселесін тарихнамалық тұрғыдан қарастыру басталған.

Автордың бұл ойымен біз де келісеміз, шындығында да, Қазақстанда əйелдер мəселесі, əйел теңдігі, қоғамда алатын орны туралы мəселелер ғасыр басында тек ақын-жазушылардың шығармаларында көтеріліп, əдебиеттанушылардың басты назарында болса, əдеби тұрғыдан қарастырылса, сонымен қатар қазақстандық тарих ғылымының қалыптаса бастаған кезеңінде тарихнамалық тұрғыдан қарастыру мүмкіндігі бола қоймады.

Отандық тарихнамада берілген тақырып бойынша өзіндік орны бар келесі бір зерттеушінің еңбегіне тоқталсақ. А.Д. Қожабекова «Кеңес өкіметінің əйелдерді қоғамдық-саяси қызметке тарту тəжірибесі: нақтылы тарихи зерттеу (Қазақстан мысалында. 1917-1990 жылдар)» атты тақырыпта

2002 жылы қорғаған кандидаттық дисертациясында жоғарыда аталған кезеңде соғыс жылдарындағы

əйелдердің ерлікке толы еңбектері туралы көптеген еңбектердің жарық көргенін айта келіп, оларға қысқаша тарихнамалық шолу жасайды. Алғашқы болып жарық көрген М.С. Ефремованың

«К вопросу об освещении в советской исторической литературе трудового подвига женщин в годы Великой Отечественной войны» атты мақаласын атап өтеді. Сонымен қатар М.С. Зеничтің

«Изучение трудовой деятельности женщин в годы Великой Отечественной войны (1941–1945 гг.)»,

«Изучение социальной политики Коммунистической партии советского государства в период Великой Отечественной войны» деген мақалаларына жəне басқа да зерттеушілердің еңбектеріне тоқталып, талдау жасап, тұжырымды ойлар айтады. Колхозшы əйелдердің еңбектегі ерлігі, соғыс кезіндегі партиялық-саяси жұмыстарға əйелдердің белсенді қатысуын сипаттайтын көлемді жұмыстардың қатарында Т.Б. Балақаевтың, Ю.В. Арутюнянның, Г. Əбішевтің еңбектерін көрсете келіп, тарихнамалық еңбектерде қазақ қыздарының азаматтық қорғаныс жылдарындағы ерлігі туралы айтарлықтай еңбектердің жоқтығын айтып өтеді [4; 3]. Жалпы автор берілген тақырып бойынша жарық көрген еңбектерге жүйелі түрде тоқтала отырып, пайымды қорытындылар жасайды.

Майдандағы қыздардың ерлігі туралы мəселеге келсек, фашизмге қарсы күресте флот пен соғысушы майданға қызмет ету өтініші туралы сұраныстарда əйелдер ерлерден кем түспеген.

Бұған дəлел соғыстың алғашқы күнінде Алматы қаласы Фрунзе ауданының əскери комиссариатына 112 қыз майданға сұранып арыз жазған, ал Қарағанды облысының тұрғындарынан 1941 жылы түскен 25 мыңнан астам майданға жіберу туралы өтініштің 10 мыңнан астамы əйелдерден болған [5]. Көптеген жауынгер əйелдердің 1941 жылдың өзінде-ақ əскерге баруға қол жеткізгені белгілі. Олардың көпшілігі соғыстың алдындағы жылдарда əскери мамандықты меңгерген əйелдер болды, атап айтсақ, соғысқа дейін ерікті қоғамдарда дайындықтан өткендер: ұшқыштар А.А. Тимофеева, Р.Е. Аронова, Е.А. Жигуленко, мергендер Н.В. Ковшова, М.С. Поливанова, Л.И.Павличенко, пулеметшілер М.Ж. Мəметова, Н.А.

Опилова, медбикелер В.С.Кощеева, Г.К. Петрова, З.М. Түсболатова жəне басқалары. КСРО бойынша Ұлы Отан соғысы жылдарында медициналық қызметкерлердің еңбегі ерекше маңызды болды, олардың арасында орден-медальдармен марапатталғандардың 40 мыңға жуығы əйелдер болды. Жалпы кеңес елі бойынша əйелдердің əскерге жұмылдырылуы екі рет

Ұлы Отан соғысы…

жүргізілген: біріншіде — 1942 жыл сəуір — 1945 мамыр аралығында, бұнда əскерге 300 мыңға дейін əйелдер алынған. Екінші рет — 1942 жыл қазанда Мемлекеттік қорғаныс комитетінің шешімі бойынша жаяу əскер қатарына əйелдерді жұмылдыру [6].

Ұлы Отан соғысы жылдары барша халықпен қатар қазақ қыздары да жеңіс жолына жан тігіп, бар күшімен күресе білді. Соғыстың алғашқы күнінен бастап олар өз еріктерімен майданға аттанды, олардың алды жиырмадан асса, көпшілігі 17–19 жаста ғана болатын. Мұрағат құжаттарында қыз- келіншектердің өз еркімен майданға сұранған өтініштері сақталған, ал олардың мазмұны жан тебірентерлік патриоттық сезімдерге толы. Мысалы, қазақ халқының тамаша, ер жүрек, батыр қыздарының бірі Мəншүк Мəметова өз еркімен майданға аттану туралы жазған өтінішінде былай деген: «Мое место там, где идут бои с врагом, я хочу собственными руками защищать свободу своего народа», сонымен қоса «Ағам да жоқ, апам да жоқ, сондықтан өзімді майданға жіберуді өтінемін»

деген екен. Оның бұл өтініші 1942 жылы орындалып, 100-атқыштар бригадасымен Алматыдан майданға аттанады. Ол бірден пулеметтен атуды үйренеді. Көп ұзамай оны атқыштар бөліміне ауыстырып, аға сержант атағын алады. Кейін Ленинград–Псков (Невель) бағытындағы шайқастарда көрсеткен асқан ерлігі үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағы 1 наурыз 1944 жылы қаза болған соң берілді [4; 52].

Қазақтың келесі батыр қыздарының бірі — Хиуаз Доспанова. Қазақтың тұңғыш əскери ұшқыш қызы 300-ден астам рет ұрысқа шығып, фашистердің əскери нысандарын əлденеше рет талқандаған.

Хиуаз апа жас кезінен ұшқыш болсам деп армандаған. Соғыс басталмай тұрып Мəскеу қаласының Жуковский атындағы Ұшқыштар академиясында оқып жүрген болатын. Соғыс басталған соң, Марина Раскова құрған ұшқыш қыздар полкінің қатарына енеді. Майданда Хиуаз Доспанова 10 рет басынан жарақат алып, қолы мен аяғы бірнеше мəрте сынып, 4 рет аса ауыр жарақат алып жатса да, соның барлығына төзе білген. Соғыстан аман-есен оралған ол қазірде Алматы қаласында тұрып жатыр. Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы 2004 жылы Хиуаз Доспановаға ең жоғарғы «Халық қаһарманы» атағын берді. Хиуаз апамыз тəуелсіз елдің тұңғыш қаһарман қызы болды.

Келесі қазағымыздың қаһарман қыздарының бірі — ол, əрине, Əлия Молдағұлова. Ақтөбе қаласынының баурайында туып өскен, əке-шешесінен ерте айырылған Əлия ағасының тəрбиесінде болады. Кейін ол Ленинградқа ағасымен көшіп кетеді, сонда интернат үйінде тəрбиеленеді. Соғыс басталған соң, өз еркімен соғысқа аттанған қыздардың бірі болды. Соғыста мерген болған ол Ленинградты азат етуге жаудың бораған оғына қарамай, бəрінен бұрын қыстаққа кіріп бірнеше жаудың көзін жойған. 20 жасқа толмаған қыршын қыз, жау оғынан қаза табады [4; 54]. Кейін ерлігі үшін «Халық қаһарманы» атағын алады. Бүгінде қаһарман қыздың құрметіне əр қалаларда көшелерге оның есімі беріліп, мектептер ашылды.

Сонымен қатар соғысқа өз еркімен аттанған тағы қаракөз қазақтың батыр қызы — Рахила Ералина. Ол Қарағанды қаласының Жанаарқа атты елді мекенінен. Жайық бойындағы қалаларының бірінде Рахила апай əуеден жау объектілерін суретке түсіріп алу үшін топограф оқуын оқып жүріп, парашютпен түсуді де үйренді. Мылтықтың нешеме түрлерімен де таныс болды. Бірнеше тапсырмаларды орындап жүріп снаряд, бомба дауыстарына да үйренді. Өзіне берілген жұмыстардың бірінде жаудың қолынан өте ауыр жарақат алып, 6 ай шамасындай емделіп, 1943 жылдың қысында елге қайтарылды. Өзінің көрсеткен ерліктері үшін медальдармен марапатталды.

Қазақстандық қыздар қан майданда басқа ұлт өкілдерімен бірге табандылық пен ерлік көрсете білді. Мысалы, Мəскеу түбіндегі шайқаста қаһарман 316-атқыштар дивизиясының (8-гвардиялық) қатарында И.В. Панфиловтың қызы Валентина Панфилова, Алматы темекі фабрикасының стахановшысы Зоя Медведева сияқты қыздар да болды. Соғыс жылдары жауды жеңуге өз үлесін қосқан ер жүрек қазақ қыздары біршама, солардың бірі Алтыншаш Нұрғазинова — батальон комсоргы, жаяу əскер, Польшада 19 жасында қаза тапқан, «Кеңес Одағының Батыры» атағына ұсынылғанымен, И.В. Сталин бергізбеген. Сонымен қатар соғыста барлаушы болған, «Даңқ»

орденінің үш мəрте иегері Мүслима Дайрабаеваны, «Зенит» зеңбірегі командирі Əклима Ақжолованы айтуға болады. Қазақ қыздары ерлермен бірдей қан майданда түрлі əскери мамандықты меңгеріп, соғысқан, атап айтсақ: танкистер Жамал Байтасова, Күлкен Тоқбергенова, Гүлжəмилə Талқанбаева, Зəуреш Төлебаева; байланысшылар Бикен Сəдуақасова, Фазиля Темірəлиева, Тотия Тойбазарова, Захима Науышева, Шағила Құсанова, Зия Досбергенова, Ағипа Кенжеғалиева; барлаушы- топографтар Рахима Есмағанбетова, Рахила Ералина; пулеметші Гүлжəмилə Бейсенбаева;

радистерден Орынкеш Мысырова, Шəкір Ботақанова; мергендерден Мəлике Тоқтамысова, Фатима

Қарсыбаева Ж.А.

Мұхаметова; паровоз машинисті Үміт Толқыбаева; тілшілер Айша Сыйқымбаева, Қантай Елубаева, Қалима Өзбеханова, Ира Оразбаева, Тəжігүл Асанова; ұшқыштар Рымкен Мақымбекова, Дəмелі Жəкеева (Қарағандыдан), Хиуаз Доспанова (Алматыдан); дəрігерлер Мархабат Түкібаева, Рəпия Мақашева, Гүлімжан Қасыбекова, Ира Тілешбаева; жаяу əскер Алтын Мұхаметжанова; бортмеханик Мəдина Ысқақова, самолет жөндеуші Қазима Нұртазина; əріп теруші Зəбира Айтхожина болып соғысқа қатысқан [4; 56]. Олардан басқа аты аталмаған қаншама қазақстандық қыздар да бар, олардың ерлігін ұрпаққа өнеге ету болашақтағы тарихшы-зертеушілердің еншісінде деп ойлаймыз.

Майдан қажетін қанағаттандыру үшін қалалардың, колхоздық ауылдар мен деревнялардың барлық қажетті материалдық жəне адами ресурстары жұмылдырылды. Қазақстанның партиялық жəне кеңестік органдары БК(б)П ОК мен КСРО үкіметі көрсетіп берген əскери шаруашылық міндеттерді сəтті шешу мақсатында еңбекшілердің өндірістік жəне саяси белсенділіктерін дамытуда өз міндеттерін көрді. Майданға жəне қорғаныс кəсіпорындарындағы жұмысқа ауылдық жерлердегі еңбекке қабілеттілердің көп бөлігінің кетуі, соның ішінде механизаторлық мамандардың аз жұмыс күшімен жəне пайдалану мерзімінен асып кеткен тракторлар мен комбайндардың паркінің болуы, бейбіт өмірге қарағанда жұмыстың үлкен көлемін орындай алуды көздеген колхоз өндірісіндегі еңбекті ұйымдастыруды талап етті. Коммунистік партия жəне кеңес үкіметі аз уақыт ішінде соғыс жағдайында əйелдерді, сонымен қатар жасөспірімдерді, қарттарды еңбекке тарту арқылы саяси жəне еңбектегі белсенді мамандардың жетіспеушілік мəселесін шешіп берді. Халқының саны жағынан Қазақ КСР соғысқа дейінгі кезеңде одақ бойынша бесінші орында болса, 1941 жылдың қаңтарындағы колхозшылардың жалпы саны 1350,1 мың адамды құраған. Сонымен қатар колхоз өндірісінде 1084,1 мың адам қатысқан: 506,9 мыңы ер адамдар жəне 577,2 мыңы əйел адамдар болған [7; 103]. Бұдан байқағанымыз, колхоз өндірісінде əйелдердің еңбегінің үлес салмағы басым болған.

Ұлы Отан соғысы кезінде еңбекші халық майданға көмектесудің жаңа жолдарын іздеп, жеңіске тез жетуді ойлағаны белгілі. Барша халықпен қатар Қазақстан əйелдері де жеңіс жолына жан тігіп, бар күшімен тылда еңбек етті. Ер-азаматтар майданға аттанғанда, тылдағы өмірдің бар ауыртпалығы əйелдер мен балалардың мойнына түсті. Əйелдер шаруашылықтың барлық саласында ер адамдардың орнын басты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап олар қорғаныс қорына өз табыстарының жартысын жіберіп отырды, үй шаруасындағы əйелдер алтын əшекейлеріне дейін берді, жинақтағы ақшаларын, Мемлекеттік займдағы облигацияларын, жылы киімдер, майдандағы əскерлерге сыйлықтар жинап, олармен хат жазысып тұрды, майданға көмек мақсатымен жексенбіліктер ұйымдастырды. 1941 ж. «Казахстанская правда» газеті тылдағы əйелдердің үлесін жиі-жиі жазып, хабарлап тұрды. Мысалы, Семей ет комбинатының жұмысшысы Бармашова қорғаныс қорына Мемлекеттік займ облигациясындағы 10 790 рубль жəне 2 мың рубльді жеке құйған. Шымкент теміржол мектебінің мұғалімі Чеканова қорғаныс қорына екі алтын сақинасы мен күміс заттарын берген. Трензелева деген мүғалім Мемлекеттік банкке алтын заттары жəне 500 рубль облигация салған. Семей облысының «Көкжартас» артелінің колхозшысы Айдарханова үш пар күміс заттарын, екі білезік, ескі күміс теңгелерін берген. Жалпы Қазақстанның түкпір-түкпірінен осындай жəрдем келіп, қорғаныс қорын құруға əйелдер де белсене араласқан. № 1 Алматы тігін фабрикасының тігіншілері өздерінің жексенбілікте тапқан 6 мың рубль ақшаларын қорғаныс қорына берген. 1941–

1944 жж. қорғаныс қорына республика тұрғындарынан түскен ақша 723 млн. теңгені құраған [4; 63].

Қарағанды шахтерлерінің жұбайлары да майданға үлкен көмек көрсетті. Мысалы, № 1 шахтаның коммунист үгітшісі Тұрғымбекова шахтерлердің пəтерлеріне барып, үйде отырған əйелдерімен əңгіме өткізген. Бір күн ішінде ол үй шаруасында отырған белсенді əйел Иманбаевамен бірге 100-ден аса зат жинаған. Тау-кен жұмысшыларының əйелдері ішінде де белсенді жұмыстар жүргізілді.

Мұндағы партия ұйымы 4 үгіт бригадасын құрып, оны Тұрғымбекова, Майжақанова, Жылқыбеков, Жақыпов сияқты коммунистер басқарды. 3 күн ішінде үгіт бригадасы 300 жылы киімдер өткізген.

Соғыс жылдары «Сен майданға немен көмектестің?» деген плакаттар ілінген. Шын мəнісінде бəрі де көмектесті. Жігіттер майданға кетсе, қыздар тылда жұмыс істеді. 1941 ж. қазанда Шығыс Қазақстан облысы Киров ауданында 4200 колхозшы əйелдер жылы байпақтар мен қолғаптар тоқыса, Жамбыл облысында 300 шолақ тон, 1200 сыңар пима, мыңдаған бас киімдер дайындалды. Жүн өңдейтін 11 шеберхана ашылған, шолақ тон тігетін 80 ерікті үйірме ашылды. «Кеңес» колхозында бір түннің ішінде əйелдер жауынгерлерге 50 пар ішкиім тіккен. Колхозшы əйелдер Надырова, Мусалимова, Мамудаева, тағы басқалар Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының «Азат» ауыл шаруашылық артелінің əйелдері парткомға тігін машиналарын əкеліп, 96 ерлер көйлегін, ақ жаймалар, жастық тыстарын тіккен [4; 82].

Ұлы Отан соғысы…

Соғыс жылдарында əйелдер өндірістегі, ауыл шаруашылығындағы жұмыстарды атқарды. 1943 ж.

62 əйел селолық-ауылдық Кеңестерді басқарса, 28-і колхоз төрайымы, 138-і бригадир болды. 455 əйел

мал шаруашылығында, 1377 трактор жүргізушісі, 350 əйел комбайншы болып жұмыс істеді. Мысалы, Ақтөбе облысы бойынша Ойыл ауданы Ақжанай Қаракенова, «Жақсыкөл» колхозында Мұғалжар ауданында Дəмеш Хасенова аға шопан болса, Ақбала Назарова «Жақсымайдың» мұнайын игеруге қатысты, Ұзипа Сатқанғалиева Байғанин ауданының қой фермасын басқарған. Соғыс жылдарында астықты да əйелдер, балалар, қарттар жинады. Осы бір ауыртпалық жылдары əйгілі тары өсіруші Ш. Берсиевтің бригадасы да негізінен əйел адамдардан тұрды. Звено жетекшілері З. Баймолдина, Н. Есмұқанова, Адаевалар ұстазының ісін одан əрі жалғастырды.

1941–1943 жж. ферроқорытпа қажет болып, Қазақстандағы қара металлургияның тұңғышы —

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты жедел салынып, онда күн-түн демей қыз-келіншектер еңбек етті. Ал Ақтөбе химия комбинатында түрлі ауыр жұмыстарда 295 əйел, паровоз депосында 300-ден аса əйел жұмыс істеген. 1942 ж. механизаторлық курста оқыған 3913 ақтөбелік механизатордың 3113-і əйел адам болған. Шабықова Балсары тұңғыш механизатор атанды. Өндіріс пен темір жол саласында барлығы 8 мыңнан астам əйел еңбек етті. Жадыра Ысқақова, Ақын Дарқанбаеваның темір жол саласындағы еңбегі елге үлгі болды.

Сонымен бірге «Қарағанды шахтері», «Қазақстан металлургі», «Қазақстан мұнайшысы»,

«Совхоз қызметшісі», «Қазақстан құрылысшысы», «Түркісібші» деген танк колонналарына,

«Қазақстан комсомолы», «Қазақстан пионері» авиаэскадрильясына, «Кеңестік Қазақстан»

авиақұрамасына қаржы жинау кең етек алды.

Өндіріс пен темір жол саласында барлығы 8 мыңнан астам əйел еңбек етті. Жадыра Ысқақова, Ақын Дарқанбаеваның темір жол саласындағы еңбегі елге үлгі болды. Соғыс кезінде жұмысшы қолы жетіспегендіктен, металл балқыту пештерінде, зауыттарда әйелдер жұмыс істеді.

332 әйел қысқа мерзім ішінде металлург мамандығын игеріп алады. Ток пешін басқару жұмысында 47 қыз-келіншек жұмыс істесе, 80 аса әйел балқытушы және ток жөндеуші жұмыстарын істеген [7; 105].

Соғыс жылдарында Қазақстан аумағында госпитальдар да жұмыс істеді. Колхоздар оларды қамқорлыққа алды, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Жаралыларға көмек ретінде қосалқы шаруашылық бөлініп, əскери госпитальдар азық-түлік жəне киім, төсек-орынмен де қамтамасыз етті. Жаралы жəне сырқат жауынгерлерге əйелдер өз еріктерімен қан тапсыратындарын айтып, өтініштер жазған. Сөйтіп, 615 донор əйел артығымен қан тапсырған, олардың ішінде Е.С. Луговская, Т.Р. Рудич «Кеңес Одағының Құрметті доноры» деген атқа ие болды. Арнайы комиссия ұйымдастырылып, үй шаруасындағы əйелдер қарауына жаралылар бөлініп берілді.

Əйелдер көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастырып, жаралы жауынгерлерге концерт қойып, сенбіліктер өткізді, госпиталь маңын тазартты [8].

Соғысқа дейін əйелдер еңбегі негізінен жеңіл, тігін, тоқыма, тамақ өнеркəсіптерінде қолданылса, соғыс кезінде отаншыл сезімге бөленген əйелдер ауыр өнеркəсіпте де аянбай еңбек етті. Ер адамдар істейтін мамандықты əйелдер еркін меңгеріп жатты. Соның арқасында Қазақстанда халық шаруашылығында жыл сайын əйелдер еңбегінің салмағы өсті. Мысалы, 1942 ж. ол 47,6% құраса, 1940 ж.

ауыр өнеркəсіптегі əйелдер істейтін жұмыс 26,3% құраған. 1942 ж. əйелдер авиация өндірісінде 38,3 %, қару-жарақтар өндірісінде — 44,0, əскери жарылғыш заттарды жасауда — 55,8%. Əйелдер колхоздарда жəне МТС — 75%, совхоздардың жұмысшыларының 60% дейін құрады [7; 102].

Əйелдердің ауыл шаруашылығындағы жұмысының əлеуметтік-экономикалық қана емес, əскери- стратегиялық та маңызы болды. 25–26 маусым 1941 ж. өткен Қазақстан КП(б) ОК V Пленумы өте қысқа мерзімде ауыл шаруашылығы өнімін жинауды, астық үшін науқанды бастауға шақырды.

Əйелдер арасынан тез арада механизатор кадрларды түрлі оқулар ұйымдастырып даярлауды, барлық тракторист-əйелдерді есепке алып, өнім жинау ісіне тартуды шақырды. Колхоздағы еңбекке қабілетті адамның өзгерісін төмендегі кестеден байқауға болады.

К е с т е Колхоздағы еңбекке қабілетті адамдар көрсеткіші

Еңбекке қабілетті 1940 ж. 1941 ж. 1942 ж. 1943 ж. 1944 ж. 1945 ж.

Ер адамдар 567700 508600 257925 244786 210900 242384

Əйелдер 514200 586700 649082 659350 608000 609952

Жасөспірімдер 230828 Мəлімет жоқ 230509 254889 266077 237200

Қарсыбаева Ж.А.

Демек, соғыс əйелдер мен балалардың колхоздағы қызметін күрт өзгертті.

Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін бір жылда Түркістан-Сібір жəне Қарағанды темір жолдарында 22 мың əйел жұмыс істесе, 1943 ж. 35, 7 мың əйел істеген. 1944–1945 жж. Қазақстан темір жолдарында əйелдер көптеп істеді. 1 қыркүйек 1944 ж. Түрксібте 45, 8% құраса, Қарағанды темір жолында – 39,5, ал 1 қаңтар 1945 ж. осыған сəйкес 44,9 жəне 40,6% құрады. 25 жасқа дейінгі қыз-келіншектердің саны көп болды. Мысалы, 1 тамыз 1943 ж. Түркістан — Сібір темір жолында 63,8% болса, Қарағанды темір жолында 61,7% болған. Ұлы Отан соғысы жылдарында республиканың халық шаруашылығында еңбек етіп жүрген əйелдер саны ұдайы өсіп отырды. Көптеген əйелдер өздерінің күндік нормаларын 200–300 етіп орындап жүрді. Əйелдердің ішінде өндіріс жаңашылдарының саны едəуір артып, 1944 ж. олардың ішінде 194 адам Кеңес Одағының ордендерімен жəне медальдарымен марапатталды. Бұлардың ішінде кейін бүкіл Кеңес Одағына аты əйгілі болған Лениногор руднигіндегі станокшы-бұрғышы Антонина Казакова, Соколов руднигінің бұрғышылары Валентина Сланова, Анна Довиченко жəне басқалар бар еді. Бұлар əйелдердің арасында бірінші рет бір мезгілде телескопты жəне колонкалы перфоратормен бұрғылаудың жаңа əдісін өндіріске енгізіп, ауысым сайын 10–20 нормадан орындап жүрді. Сол сияқты Майқайың- золоток орталық руднигінде Ольга Фатеева бір перфоратормен бір сменада 13 текше метр орнына 82 метр қазып рекорд жасады. Скважина қазу кезінде ол 648 т руда қазып, сменалық нормасын 1002 % орындады [4; 68]. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен өзінің жан қиярлық еңбегі үшін Антонина Казакова «Еңбек Қызыл Ту», Анна Довиченко мен Ольга Фатеева «Құрмет белгісі»

ордендерімен марапатталды. Сөйтіп Қазақстан əйелдері тылда көрсеткен жан қиярлық еңбегімен неміс фашистерін жеңуге лайықты үлес қосты.

Қорыта айтқанда, Қазақстан əйелдері соғысқа кеткен ер азаматтардың орнын жоқтатпай, зауыттар мен фабрикаларда, рудниктер мен шахталарда, колхоз, совхоздарда күні-түні жұмыс істеп, жауынгерлерді қамтамасыз етіп отырды. Қазақстанға көшірілген отбасыларына көмектесті, балаларды қанатының астына алды. Ер азаматтары майданға кеткен қазақ ауылдарының жағдайы сүреңсіз болса да, əр отбасының түтіні түтеп жатты. Олардың орнын жоқтатпауға тырысты. Біреуі ерін, біреуі баласын, ағасын, бауырын, апа-қарындасын күтіп, тылда қарттармен бірге қыз- келіншектер білекті сыбанып еңбек етті. Осынау соғыс қазақ қоғамына, қазақ қыздарының болмысына да үлкен əсер етті. Соғыс жылдарында ауыл шаруашылығы да күйреп қалған жоқ, əркім шамасы келгенше үлесін қосты, майданға азық-түлік, киім-кешек жіберіп отырды. Бəрі де майдан үшін қызмет етті. Ел ішінде береке-бірліктің сақталуына, жұмыла еңбек етуде қазақ əйелдерінің ролі үлкен болды.

Əдебиеттер тізімі

1. Жылқышев Қ. Фашизмді жеңудің дүниежүзілік тарихи маңызы // «Қазақстан тарихы» əдіст. журн. — 2005. — № 6. — 3-б.

2. Бырбаева Г.Б. Женщины Казахстана в годы Великой Отечественной войны: Автореф. дис. ... канд. ист. наук. — Алматы, 1996. — 90 с.

3. Карпыкова С.С. Женщины Казахстана: проблемы историографии (20–80-е годы ХХ века): Автореф. дис. ... канд. ист.

наук. — Алматы, 1997. — С. 10.

4. Қожабекова А.Д. Кеңес өкіметінің əйелдерді қоғамдық-саяси қызметке тарту тəжірибесі: нақтылы тарихи-зерттеу (Қазақстан мысалында. 1917–1990 жж): Тарих ғыл. канд. ... автореф. — Алматы, 2007. — 92 б.

5. Боздақтар. Қарағанды облысы. — Алматы: Қазақ энцикл., 1994. — Т. 1. — 17-б.

6. Мурманцева В.С. Советские женщины в Великой Отечественной войне. — М.: Знание, 1987. — С. 45.

7. Балақаев Т., Алдажұманов Қ. Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде. — Алматы: Ғылым, 1985. — 320 б.

8. Жакупова М.А. Тыловые эвакогоспитали Казахстана и Республик Средней Азии (САВО) в годы Великой Отечественной войны (1941–1945). — Астана: Елорда, 2005. — С. 58.

ƏОЖ 94 (574):355.425.4

Қазақстандықтардың партизандар қозғалысына қатысуы

In document ХАБАРШЫСЫ ВЕСТНИК (бет 121-127)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР