УДК 821.512.122.0
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ РОМАНДАРЫНДАҒЫ АВТОР ТҦЛҒАСЫ ЖӘНЕ КӚРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҤДЕРІС МӘСЕЛЕСІ
(А. СМАЙЫЛДЫҢ «ТАМҦҚТАН КЕЛГЕН АДАМ» РОМАНЫ БОЙЫНША)
АйдарбекАхметҧлы - Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты Балтабай Әбдіғазиҧлы - филология ғылымдарының докторы, профессор
Мақалада ХХІ ғасырдағы қазақ роман жанрындағы автор тұлғасы кҿркем шығармашылық процеспен бірлікте талданған. Алдан Смайылдың «Тамұқтан келген адам» романындағы авторлық тұлға мен шығармашылық үдеріс байланысы, жаңа ғасырдағы роман жанрының даму бағдары, кҿркемдік ерекшеліктері қарастырылған. Автор романының ҽдеби дҽстүр мен жаңашылдық тұрғыдажаңаша дамуы, ҽлемдік ҽдебиет тҽжірибелері мен жаңашыл ізденістері,тарихи тақырыптың кҿркемдік тұрғыда игерілуі, автордың ҿзіндік стилі, кҿркем мҽтіндегі авторлық тұлға ұстанымының жеткізілу түрлері жан-жақты сҿз болады. Аталған роман құрылымындағыкейіпкерлердің сана ағыны, рухтармен тілдесу, елес, галлюцинациялық хал-ахуал, психологизм, философиялық иірімдер қазіргі қазақ роман жанрының түрлік даму тенденциясының бағдары ретінде сараланады. Автордың «Тамұқтан келген адам» романының біртұтас шығармашылық лейтмотиві тарихи трагизм, адамның жандүниесіндегі психотрагизм, ҿмір жҽне ҿлім категорияларын автор-қаһарман, қаһарман-баяндаушы жан ҽлемін суреттеуде айырықша рҿл атқарған прозадағы лиризмнің кҿркемдік маңызы талданады.
Тҥйін сӛздер: ҽдеби үдеріс, авторлық тұлға, автор-қаһарман, қаһарман-баяндаушы, кҿркем ҽдеби шарттылық, жаңашыл ізденіс, прозадағы лиризм.
Ҽдеби үдерістің ҿзі жеке жанрлардағы дҽстүрлі арналардың жаңаша дамуы, ҽлемдік ҽдебиет тҽжірибелері мен жаңашыл ізденістерін шығармашылық тұрғыдан игере отырып, қаламгердің жанр мазмұны мен пішініне ҽкелген үлкенді-кішілі жаңалықтарының жиынтығы болып табылады. Белгілі бір кезеңдегі ҽдеби жанрлар ҿзара тұтаса келіп, ақиқат ҿмірді шығармашылықпен жаңғырта бейне- леудегі кҿркем сҿздің қуатты мүмкіндігін айқындайтын біртұтас жүйені құрайды. Ол жүйе – ҽдеби үрдіс. Бұл жағдайдың ҿзі жанр мҽселесіне тереңдей назар аудару қажеттігін аңғартады[1,11].
ХХІ ғасырдағы роман жанрының даму тенденцияларына кҿңіл бҿлу, тұтастай алғанда, жетекші жанрлық түр арқылы кҿркем прозаның бағдарын саралауға да мүмкіндік береді. Қазіргі қазақ романистикасының даму тенденциясынанҿзара байланысып жатқан кешенді жанрлық түрлердің бір- біріне ықпалы, араласу үрдісі байқалады. Қалыптасқан парадигмалық қағидаттардың ҿзгеруі соңғы жылдардағы романның да жанрлық жүйесінекүрт (аморфтық) ҽсер етуде, яғни авторлардың абсурдттық тҽсілдерді белсенді қолдануы кҿркем шарттылыққа ерекше мҽн беруінен пайда болып отыр. Қазақ прозасындағы романның құрылымдық жүйесіндегі қалыпты қағидалық жүйеден ауытқу немесе одан саналы түрде бас тарту, ҽсіресе, тҽуелсіздіктің алғашқы жылдарына жҽне ХХІ ғасыр ҽдеби үрдісіне тікелей тҽн. Бұл үрдіс қоғамдық дҽуірлердің алмасуы, яғни қоғамдық жҽне ҽдеби кҿркем ой жаңа парадигмаларға иек артқанда туындайды. Ҽр түрлі дҽуірлер тоғысында белгілі бір ағымдардың ҽдіс-тҽсілдері қалыптасып, дҽстүрлі қағидалық жүйелерден бастартуы жҽне қайта қалыптастыру қажеттілігі туындайды, ол қағидаттық жүйелер қайта ҿңделіп, біртіндеп теріске шығарылып, антижанрларда кҿрініс табады. Қазақ елінің тҽуелсіздікке ие болуы нҽтижесінде бұрын- ғы кағидалық ереже болып табылған соцалистік реализмнен бас тарту, қоғамдық формациялардың ауысуы осының дҽлелі. Ғасырлар тоғысына сҽйкес келген қазақ қоғамындағы азат ой, еркін шығарма- шылық, ҽлемдік ҽдеби үрдістермен мҽдени-танымдық ықпалдастық қазақ қоғамына да ҿз ҽсерін тигізді.
ХХІ ғасыр қазақ романының даму бағдары туралы сҿз қозғағандажазушы Алдан Смайылдың осы аталған үрдістердің бағыт-бағдарын айқынырақ танытқан, шығармашылық ізденісі мен кҿркемдік ерекшелігі, тілдік, түрлік, стильдік қолтаңбасы айқын «Тамұқтан келген адам» романын атап ҿткен лҽзім. Бұл шығармасы үшін автор еліміздің Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Тҽуелсіздіктің екінші он жылдығында жазылған романның тақырыптық жүгі ҿте ауыр. Романның атауы айтып тұрғандай, ХХ ғасырдың он жетінші - жиырмасыншы жылдары, одан кейінгі кҽмпеске, ашаршылықты, репрессияны кҿрген қазақ халқының тағдыр-талайы тамұқтан оралған адам тағдыры- мен ҿзектес, бүтін бір ұлттың қаралы тарихи трагедиясы. Роман туралы қаламгер Ҽнес Сарай:
«Жазушы аталған шығармасында адам трагедиясының ең бір үрейлі кезеңі - ҿткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы сұрапылын таңдап алған. Дҽл осы шақ – репрессия мен геноцид, тұтас халықтарды ессіз идеологияның кҿзсіз құлына айналдыру, ұлттық тамырдан үзілу қатеріне алаңда- майтын санасыздық, шектен шыққан қаталдық, жойқын қырғындар адам жаратылысының құпияла- рына бойлауға шақырып тұрғандай.
―Тамұқтан келген адам‖ романы кешегінің ҿзегінен ой сауған дүние, алыс-жақын тарихтың кҿркемдік философиясы, ҽдеби-эстетикалық жаңа ізденіс. Шығарманың ҿнбойында ҽлдебір құдіретті үн: ―Халқыңды азат еткің келсе, рухын азат ет!‖ - деп жар салып тұрғандай.
Шығарма қазақ ҽдебиетінің ҽркім айтып жүргеніндей тоқырау үстінде емес, заманалық талаптарға тҿтеп беруге ұмтылыс үстінде екенін кҿрсетеді»,[2] – дейді. Иҽ, роман ХХ ғасырдың 20-30 жылда-
рындағы бүтін бір ұлттың, яғни қазақ халқының геноцидке ұшырауын, репрессия үдерісін баяндаса, екіншіден жанрлық-түрлік даму тенденциясы тұрғысындағы реалистік негізді сақтады. Дегенмен жаңа заманауи парадигмалар ҽсерімен жазылған романның түрлік ізденісі, құрылымы қалыпты ережелердің шеңберінен шығып, кҿркем ҽдеби шарттылықты саналы түрде игерген туындыға айналған. Дҽстүрлі авторлық баяндаулар, кейіпкер-автордың ішкі монологтары, кейіпкерлердің сана ағыны, рухтармен тілдесу, елес, галлюцинациялық хал-күй, яғни психологизм, философиялық иірім- дер кең қолданыс тапқан роман жаңа кезеңдегі роман жанрының түрлік даму тенденциясынан хабар береді. Автор тарапынан романға эсселік сипат дарыту сол тақырыпқа деген авторлық позицияны, тҽуелсіздік бигінен берген бағасын жеткізуде үлкен қызмет атқарса, дҽстүрлі баяндау стилі қаламгерге тақырыпқа қатысты сан-салалы сюжеттік желілерді біріктіріп, образдар жүйесін, нақты тарихи кезеңдердегі ұлттық характерлік сипаттарды кҿркем бейнелеп жеткізуге септігін тигізген.
Автордың ҿзекті идеясы романның соңғы бетін жапқанда анық кҿрінген:
«Тамұқтан келген адам жайлы ҽңгімені осымен тоқтатқым келді.
Тамұқтан келген адам тамұқтан оралған жалғызымен қауышқан соң ҿлім жайлы ойламайтын болған-ды.
Ҿлім туралы рухтар да жақ ашпайтын, тек ҽредікте біздер таптап жүрген кҿнбіс жерде бір кездері тозақ оты жаланғанын ұмытпау үшін үнсіз еске алатын.
Ал ҿмірді осы күнге дейін ешкім түсінген емес» [3, 284].
Иҽ, тамұқтан келген адам, ҿмірді ешкім түсінген емес деген автор қорытындысындағы түйін қазақ халқының жазықсыздан-жазықсыз геноцидке ұшырауы, соны жүзеге асырғандардың кейбірі ҿмірдің мҽні мен мағынасын, «кім үшін?», «не үшін?» деген сауалдардың байыбына бойлай алмай, қырғынға ұшырап, ойран-топыры шыққанын, тамырына балта шабылғанын түсінбей кеткенін алға тартады.
Тағы да кҿркем мҽтінге жүгінсек, ұзын тұра жендеттің ішкі сырынан жоғарыда айтылған мҽнді аңғарамыз: «- Мен осы кім үшін, не үшін басымды бҽйгеге тігіп жүрмін, - деді ашық қалған шаңырақтан жұлдыз санап жатып. – Революция дегені күннен-күнге іріп барады, ханды да, қараны да қырған түсініксіз бірдеңе, жерден де, кҿктен де, ойдан да, қырдан да жау іздеп жалаң қағады. Осы бетімен кҿзіне кҿрінгеннің бҽріне қырғидай тиетін болса, біраздан соң ұрынарға қара таппай, кҿлеңкесін қырып алып қылғындырып отыратын шығар. Қазірдің ҿзінде біріне-бірі ауыз сала бастады. Қайдан қаптап кеткенін сайтан білсін, іштен шыққан жау кҿбейді, басшы да контр, қосшы да контр, ұрлана қараған жанарлар жалаң қағады» [3,148].
Қаламгер романда түз тағысы ұялы қасқыр, арлан мен үй хайуаны кҿк тҿбеттің психологиясын аса сезімталдықпен, суреткерлік шеберлікпен бейнелей отырып, оны адамзат баласының жандүниесімен үндестікте жеткізуге тырысады. Туындыда кҿркем оқиға арлан мен тҿбеттің жҽне Қарғабай шалдың отбасын шапқан жендеттердің ҽрекетін суреттеуден басталады. Түз тағысы арлан да, үй хайуаны кҿк тҿбетте кҿркем символикалық бейнелер, яғни жыртқыш аң немесе үй хайуаны түріндегі кейіпкер, кейіпкер болғанда, жай ғана емес, адам образына теңестірілген, яғни адам образын ашуда, жыртқыштық пен адами құндылықтарды, қатігездік пен мейірімділікті, опасыздықты, т.б. адами қарым-қатынастарды, ҿлім мен ҿмір сынды күрделі категорияны, авторлық идеалдыэстетикалық биік деңгейде ашып беретін қаһармандарға лайық образ.
Арлан образы арқылы қасқыр түз тағысы, табиғат жаратылысы ретінде ҿмір-тіршілік үшін жыртқыштық күресті алға тартса, үй хайуаны - қолға үйретілген кҿк тҿбеттің ҿз иесіне ҿлгенше адалдығын суреттеу арқылы автор адамдардың түз тағысынан бетер жыртқыштық ҽрекеттерге баруын, ал опасыздық пен сатқындыққа қарсы антиҽрекет адалдықты, достықты, бауырмалдықты ит екеш иттен үйрене алмағанымызды, адами қасиеттердің аяқасты етілуін ашып кҿрсетуге тырысады.
Бұл жерде автордың арлан, кҿк тҿбет сынды образдарды енгізуі қазақ ҽдебиетінде М.Ҽуезов салған дҽстүрді жҽне кейінгі ҽдебиеттегі кҿркемдік жалғастықтың жаңа толқынын кҿрсетеді.
Романда түз тағысы мен үй хайуанының ҿзіне тҽн характері, мінез-бітімі сомдалған. Автор арлан- ның тағылық мінезі, тағыға тҽн ҿзіндік психологиясын берсе, тҿбет арқылы «ит жеті қазынаның бірі»
саналатын иттің адалдығын суреттеуі автор-кейіпкердің ұстанымын, авторлық тұлғаның кҿркем туындыдағы басты ой-тұжырымын кҿрсетсе керек. Ҽр тарауы шағын-шағын үзіктерден тұратын романда автор «адам-табиғат-қоғам» сынды философиялық ұғымдарды паралельді түрде бейнелейді.
Автордың тіл қолданысынан сҿздік қорының терең, ұлттық бояуының қалың екеніне кҿз жеткіземіз. Романдағы бір байқалған нҽрсе, онда жадыраған табиғат құбылысы, мҽз-майрам болған адамның жандүниесікҿріне бермейді, үнемі сұрқай тыныс-тіршілік, табиғат пен адамның бір-бірін аңдысқан ішкі жандүниесіндегі арпалыстар қара, сұр, боз түсті реңктермен жҽне ұлттық нақышта
кодталған семантикасы қалың сҿздермен берілгені ерекше ҽсер қалдырады.Бұл автордың жеке субъективті бейнелеу танымы мен кҿркемдік кҿкжиегін, табиғат заңдылығы мен табиғи тектілік, хайуандар табиғатының айнымас тіршілігі сияқты ұстанымдарын адамдар жаратылысымен филосо- фиялық тұрғыдан байланыстыра бейнелеудегі шеберлігін кҿрсетеді. Адам мен табиғаттың байланысы автордың Бетпақдаланы, түз тағысы мен Бетпақдалада ажал аузында аңдысқан үш қанішер жендеттің ішкі психологиясын сана ағыны арқылы бейнелеуде ерекше кҿрініс тапқан. Табиғат құбылыстарын, түз тағысын, тҿбеттің тірлігін кҿркемдеп бейнелеуі романның фоны, болашақта ары қарай адамдар ҽрекетіндегі қатыгездікке ұласуының алды екені романның соңғы парағын жапқанда анық кҿрінеді.
«Арлан, Тҿбет, Қарғабай», «Смайыл», «Бетпақдала», «Кҿкжал мен үшеу», «Ызғар», «Арыстан»,
«Ат жетектеген жалғыз» сынды бірнеше тараудан желі тартқан шым-шытырық оқиға желісі кҿрінбесе де, осы аталған тараулардағы оқиғалық кҿрініс адамның ой мен сезімі, ішкі жан дүниесінің арпалысы арқылы ҿрбиді. Автордың философиялық кҿркем шарттылықты жиі қолдануын оның стильдік ерекшелігі ретінде танимыз. Себебі романның ҿне бойынан жазушының дүниетанымдық философиялық ойлары «автор-баяндаушы-кейіпкер» тұрғысында жүлгеленіп отырады.
Автор ҿткен ғасырдағы геноцид құрбаны болған қазақ халқының қасіретін күңіренген қазақ даласымен, «қуарған Кҽрі Бетпақ, безерген бетпақ, безбүйрек Бетпақ дүниемен» тығыз бірлікте, жаратылыс пен адамның үндестігінде суреттейді.
«Бетпақ Бетпақ аталғалы, қабағынан запыран жауғалы кҿні бір жібімесе, күйзелмегенде қайтеді?!
Дала дала болғалы, заман ала-құла болғалы шҿлі сірҽ да бір қанбаса, безермегенде қайтеді?!»
[3,62].
«Қара түн жамылған қаралы Бетпақ қосыла ыңыранған тҽрізденді. Алыс түпкірінде ҽлдене қыр- қыр етіп жан тапсырып жатқандай. Шҿлдің қаныпезер қарақшысы айдаланы алқымынан орып жіберді ме екен?!» [3,75].
Адам түгілі табиғат та адам тағдырына ортақ, күйзеледі, қайғырады. Адамша жаны ауырады.
Автор романындағы бір ерекшелік санаулы адамдардың кҿркем образы мен символикалық бейнелер- ден (кҿк тҿбет, арлан қасқыр) кейін, романның басынан аяғына дейін жүлгеленіп отыратын концепті - Дала, Бетпақ дала!
«Кеудесінде жаны бар тірлік шыжыған шілдеде бетпақтан безе қашатын, тҽңірі талақ еткен тамұқ даланың жалғанға жала жантҽсілім тілейтін шағы бұл» [3,141].
Қаншама ғасырлар ҿтсе де, сан мыңдаған тағдырлар, ұлт тарихының ауыр тақсіретін кҿтеріп тұрған кҿнбіс жер ана, бҽріне куҽ. Ендеше, қатал табиғатты бетпақ дала да жыртқыш бҿрілердің тағылық, адамдардың қаныпезер ҽрекеттерімен паралельді түрде «қаталдықты» бейнелеп жеткізген кҿркем образ деңгейіне жеткен.
Кешегі ҿткен аштық жылдар, қолдан ұйымдастырылған геноцидтік саясат қазаққа оңай тимегені анық. «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деп күн кешкен, аштық құрбанына айналған қазақты тҿл кҽсібі, күн кҿрісі - тҿрт түлігінен айыру тікелей ажал аузына айдағанмен бірдей болды. Аштық құрбаны болған халық не істемеді? «Адамды адам жеген заманда итке не кінҽ?»[3,273]
деген сҿздерді автордың сол кездегі тарихи шындыққа берген кҿркем бағасы деп ұққанымыз абзал.
Иҽ, автор кҿркем шығарманы саналы түрде ҿз болмысынан тудыру процесінде ол тарихи ҿткен кеңістік болсын, ҽлде автор ҿмір кешкен нақты сол заман болсын, ҽр қаламгер ҿзінше қорытып, сезініп барып, ҿзіндік таным таразысына салады. Сондықтан, кез-келген туынды оны тудырушы автор тұлғасына тікелей тҽуілді болмақ. Осы тұрғыдан келсек, автор романынан алынған үзінділер- дегі картиналардың ҿмірде нақты болғандығы немесе болмағаны маңызды емес, авторлық позиция тұрғысынан ҿткен тарихи кезеңге шығарған үкімін жеткізудегі қаламгерлік шеберлігіне, шындық құбылыстарды бейнелеу эмоциясына, кҿркем шығарма арқылы жазушының ақиқат шындыққа деген ұстанымына кҿңіл аударғанымыз абзал.
Романдағы сол кезең шындығы ҿзге ұлт ҿкілдерінің астамшылығын (Ударцев пен Никита), жабайы, хайуандық ҽрекеттерін кешегі кеңестік уақытта ашық айту мүмкін емес еді. Автор баяндау- дың, кешегі шындықты жеткізудің мҽні осы екен деп құр кҿріксіз сҿз бен ойдан ада, бір сарынды баяндаушылықтан бойын аулақ ұстап, сол кездегі саяси ұстанымдарды, тағы басқа мҽселелерді автор- лық қолданыспен ирониялық, ҽжуалау (менипенсия), абсурд деңгейінде шебер жеткізеді. Мысалы:
«Жарымес жалғанда күйзеле білмейтіндер озып жүр ғой, қайғыға қарайламайтындардың айдарынан жел еседі, жер-дүние күңіренген сайын құлпырады. Құшағыңнан жарыңды, бауырыңнан балаңды сылып алып сылаң қағады. Құдайдың арлы құлы болғандарды ҿзінің арсыз құлына айналдырғанша аямасқа бекінген»[3,236-237].
«- Қайдам... деп күрсінді ол. – тҽңірінің орнына албасты отырып алмаса, ҽзірейіл сары сайтандан- байды ғой, тҽңірінің құлдарын жағалай қырмайды ғой»[3,129].
«- Жер жүзінің албастылары бірігіңдер!»[3,116].
«Сҿйтіп жүргенде желіккен желҿкпе күндер басталды да кетті. Қызылмыз дегендер қызылкеңір- дектеніп шыға келді»[3,150].
«Жалған құдай жасағанмен жағаласып, жалғандықтан жалпақ ел зар иледі» [3,203].
«Ғаламат деп осыны айт, тұтас мемлекет күні-түні жау жасап жанталасып жатыр. Қандай жау болатынына дейін белгілі. Жай ҽншейін жау емес, халық жауы. Жау кҿбейткен идеологияның ҿзі болса тап-таза, жауы жоқ. Ол күрессе тек халық жауымен күреседі. Атқылап, шапқылап жатқан кілең солар ғана. Халық үшін бҽріне дайын. Халық үшін халықты да қыра салады. Халық деген ұғым халықты жайпап жүру үшін керек. Күндіз-түні халық деп қақсай бер. Халық халық болған соң жаусыз болмайтынын айтып сұңқылда да тұр. Үрейіұшқанхалық:
- Жауымдытауыпбер!-депқырсоңынанқалмайзыржүгірсін.
Ұлыжеңісдеген осы. Жаусырағанжарымесхалықкҿзінекҿрінгеннің бҽріне жауығып жүріп ҿзін де, жарты ҽлемді де аяғының астына лақтырып тастайды.
«Үрей қара» сондықтан да үрейлі. Қанден енді кҿше кезіп шабаланып жүр. Ит мұраты да жау табу ғой» [3,211].
«Қанденнің шҽуілі де жүйкесіне тиді. Қыстаудағы маң тҿбеттің ҽупілі кең даланың ҽлдиіндей екен ғой» [3,212].
Романнан келтірілген қаһармандар(Ҽлмағанбет, Ұзынтыра жендет, Арыстан, т.б)монологі, күңіре- ген дала, рухтардың тілдесуі, кейіпкер-автор, баяндаушы-кейіпкер монолог түрінде айтылған мысал- дардан: күйзеле білмейтіндер, қайғыға қарайламайтындар (қолшоқпар, жендеттер, билік басында- ғылар), жер жүзінің албастылары (пролетариаттар), қызылмыз дегендер (большевиктер), жалған құдай жасағандар (жеке басқа табынушылар), «Үрей қара» (НКВД), «ит мұраты да жау табу ғой»
(іштен шыққан жау), «құдайдың арлы құлы болғандарды ҿзінің арсыз құлына айналдырғанша аямасқа бекінген» (билік, сол кездегі кеңестік саясат) сол 1920-1937-ші жылдардағы сұрқай саясатты, соны жүргізуші билікті, соның қолшоқпарларын, тіпті сол саясаттың құрбанына айналған халықтың кҿркем образын тебіренбей отырып қабылдау мүмкін емес. Академик С.Қирабаев: «Тарихи шындық- ты дҽлдікпен кҿрсете отырып, ҿмірдегі ҿзгерістерді толық кҿркемдікпен бейнелеу, оның маңызды- маңызды проблемаларын дҿп баса алу, сол негізде қоғам дамуының заңдылықтарын дҽлелдеу толысқан суреткердің ғана қолынан келмек» [4], - дейді. Ғалым пікіріне сүйенсек, автор терең философия, ирония, абсурдтық тҽсілдерді шығармашылығында еркін меңгергенін, тарихи ҿткен кезеңдік тақырыпты ҿзіндік кҿркемдік таным тұрғысынан шынайы жеткізетінін танытады. Ҽсіресе, тарихи тақырыпты шынайы жеткізуде бүгінгі прозадағы жаңа бағыт оқиғадан гҿрі, адамның ішкі жандүние арпалысына, ой мен сезімнің драмасына кҿңіл бҿліп, жақсылық пен жамандықты, жалғандық пен шындықты, қатыгездік пен мейірімділікті, күнҽһарлықты, т.б адами құндылықтарды салыстырмалы жеткізуде автордың шеберлігі, шығармашылық жетістіктері анық байқалады.
Қаламгер романында қазіргі қазақ прозасындағы жиі кҿрініс тауып жүрген интерпретация құбылысы ұтымды пайдаланылған. Шығармада сол кездегі солақай саясат, сұрқай тірлік, қанды қырғынмен бірге бұрынғы бейбіт күндерді еске түсіруде авторлық лирикалық шегіністерге барып, сол уақытқа дейінгі қазақ даласындағы қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған замандарды бейнелеуде жыраулар поэзиясының сілемдеріндегі сҿз кестелерін ҿзінше толғанып, қарасҿзбен тҿгілтеді.
«Талай қар басқан, талай-талай зобалаңда таң асқан, кҽріліктен хабар алған бҿрі бұл күндері, ақпанның аязындай ызғарлы еді. Кҿкірегін қақыратып тұтанған долы ыза түкірігі жерге түспей мұз шайнайтын. Түңіліп жүріп түн қатқан, бозала шақта таң қапқан, айдалада ант атқан бҿрі ғұмыр тас- талқан қағынып алған-ды»[3,59] деген үзінді Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» деген жігерлі рухқа толы романтикалық толғауындағы ерлердің рухы бҿрі ғұмырмен, қайрат-жігермен үндестікті еске түсірсе, «Осынау адыра қалған ҿңірде күні кеше ғана ҿзегім талмап еді десе, адырына аң аунап, тауында арқар жамырады десе, жазығында киік ҿткел бермей, бұта сайын қой қоздап, түбір сайын тҿл ҿрді десе, отар-отар қой мен үйір-үйір жылқыдан даланың белі майысып, қара суда қара балық жылқы жаптырмады десе, алқымнан тҿмендемеген тоқшылық ауыздықпен алыстырды десе, кім сенер?»[3,59] деген автор-баяндаушы толғанысы ҽйгілі Қазтуғанның «Алаң да, алаң, алаң жұрт»
толғауындағы жырау толғаған қазақ даласындағы молшылықты, ата-баба кҽсібінің ырысын, елдің күн кҿріс кҿзі болғандығын еріксіз жадымызда жаңғыртады. Автор ұлттық дүниетаным құндылық- тарын қайта жаңғыртып, авторлық таным таразысынан ҿткізіп, автордың тұтас кҿркем шығармаға тікелей қатысын, оның авторлық позициясын айқындайды. Бұның бҽріне романның ҽдеби- эстетикалық, философиялық, психологиялық иірімдеріне терең бойласақ анық кҿз жеткіземіз. Қазіргі кезеңде ҽдебиеттануда кҿркем шығармадағы автор тұлғасы мҽселесі, оның баяндау мҽнері тұрғысы- нан келсек, қаламгер авторға жуық лирикалық баяндау, бақылаушы тарапынан объективтендіре
баяндау, жете тұлғаланбаған ҽңгімеші тарапынан субъективті бағалаушылық кҿзқарас таныту, очерк сипатындағы бағалауға ұмтылмайтын бейтарап баяндау, автор кҿзқарасынсыз құрылған тұлғалан- баған ҽңгімеші атынан баяндау [5,154] сынды баяндау түрлерін шеберлікпен қолданады.
Жоғарыда аталған ерекшелікпен ҿзектес, автор романындағы стильдік ерекшеліктің бірі, кҿзге анық байқалар тұсы прозадағы лиризмнің эмоциональды-экспрессивтік, оқырманға ҽсер етушілік реңктің молдығы дер едік. Прозадағы лиризм сонау жиырмасыншы ғасырдың басындағы Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнҽсі», кейінгі жылдардағы ҽдебиетте О.Бҿкей, т.б шығармашылығында айрықша стильдік ерекшелік ретінде кҿріс тапты. Осы игі дҽстүрді қазақ прозасындағы кейінгі толқында ҿзінше жалғастырып келеді. Қаламгер А.Смайыл романындағы лиризм қазіргі қазақ прозасындағы философиялық, психологиялық тенденциялардың ерекше қарқын алуымен, романның құрылымына басқа да жанраралық түрлердің кірігуі ҽсерінен деп есептейміз.
Романдағы лиризм терең эмоционалдық сипатты, шын мҽнінде, автор тұлғасының кҿркем ҽлемге етене субъективті қатыстылығын ҽйгілейді.
Мысалы: «Тҿс айылға тебінген жарау күндер, шап айылға шабынған қарау күндердің қайсысында қалың ел дҽл қазіргідей қансырап еді? Аттаны бар айғай, лақпағы бар ойбай күндерде де сҿзі ұтылғанмен ҿзі ұтылмай, ҿршеленіп ҿрге салып келген жоқ па?! Дарасы дарынды, қарасы қарымды шығып, шашасына шаң жұқса, қарау желге қарсы шабатын.
Енді сҿйткен шу асау ағайын қайда? Сабырсыз салтанатты сайран қайда? Қадырсыз қара қабырғадан қатықсыз қара су айырған күнге зар болып, қарға адым сайын қырылған ел қорамымен құрып кетпесіне кім кепіл? Қырғынды қиядан ойлап, қасақана қырып жатпасына кім кепіл? Қырғын сайын қызынып, қағына түспесіне кім кепіл?
Текеметтің үстінде ҿзі де тентіреді, ойы да тентіреді»[3,195].
Автордың «Тамұқтан келген адам» романында біртұтас шығармашылық лейтмотив тарихи трагизм, адам жандүниесіндегі психотрагизм, ҿмір жҽне ҿлім категорияларын автор-қаһарман, қаһарман-баяндаушы жан ҽлемін суреттеуде айырықша рҿл атқаратын прозадағы лиризмнің кҿркемдік маңызына ерекше ден қойғаны анық. Үзіндіден байқағанымыздай, лиризмге толы кҿркем- дік-эстетикалық толғамдардан уақыт трагедиясы, қаһарман психикасының трагедиясы, ҿмір мен ҿлім, дүние жалғандығы туралы пайымдардың эмоцианальды-экспрессивтік қуатының зор екені оқырманға анық сезіледі.
Романдағы кейіпкер Ҽлмағанбет - шартты авторлық шығармашылық ойынан туған архетип, жанама кейіпкер болғанымен кҿтеріп тұрған ҽлеуметтік жүгі ауыр қаһарман. Ауылда есалаң, есі кіресілі-шығасылы, сандырақтап жүрген диуана жан ретінде суреттелсе де, автор оның бойына ҽдеби шартты образ ретінде алмағайып заманның келбетін алдын-ала сезген бақсылық сарын, абыздық кҿрегенділік дарытады. Автор ирония, абсурдтық тҽсілдерге бара отырып, антиқаһарман жасау арқы- лы шығарманың образ жүйесінің қуатын арттырып отыр. Автордың басқы сарынын, кҿреген абыз- дықты нақ сол күйінде емес, антиқаһарман ретінде суреттеу тҽсілін постмодернистік тенденциямен байланыстырамыз.
«Кҿз алдындағы қияпат дала да бұл талай кҿрген баяғы шҿл дала емес, жаһанда қаңғырған бұлыңғыр бірдеме. Аспанның астында қылиланған ай албасты басқан ғаламның алжыған шағында аясынан адасқан жиһангез жанары ғана. Жұлдыз атаулы да солай. Тегінде жұлдыз дегенің бұ дүниеден үркіп кҿшкен, бұл жалғаннан үрейі ұшқан шошымал рухтардың шырқыраған шыбын жанынан басқа не дейсің.
Солай ғой. Айсыз түнде Ҽлмағанбет жұлдыз санаушы еді ғой. Жұлдыз біткенді ҿлгендер жаққан шырақ дейтін. Ҿзі жағатын шыраққа оңтайлы орын іздейтін. Алжыған ҽлемнің алжымаған абызы Ҽлмағанбет емес пе екен?!»[3,115].
Ҽлмағанбет сынды образдар ҽлеуметтік ортадан жатсынған адамның трагедиялық ахуалы, жалғыздық сарыны, рухани құлдырау, тұйыққа тірелген адамның тағдыры, хаос сынды сарындарды ерекше сипаттап кҿрсетеді. Роман құрылымындағы философиялық, психологиялық жайттар, интер- мҽтін, ҿзін ҿзі ҽжуҽлау, мениппея тҽсілі (қайғылы жағдайдағы күлкі), рухтармен, елеспен, есалаң хал- күйде (галлюцинация) ҿмір мен ҿлім арасындағы сұхбаттасу (іштей), алжасу, бейсаналылық күйге түсу тҽсілдері – бҽрі-бҽрі қазіргі прозадағы соны элементтер, постмодернистік тенденцияның ҿлшем бірліктеріне жатқызу құбылысы орын алып отыр. Ал, романдағы ҽр ауылда болған қанды қасапты қырғын, аштықтан сабылған жұрттың барарға жер таппай қиналған жанкүйзелістерін, аштықтан амалы құрыған халықтың тобыр деңгейіне түсуі, азу, тозу сынды жайлардың кҿркем берілуі кҿз алдымызға жанды кинокартина кадрлары тҽрізді ҽсер қалдырады. Бұл қазіргі ҽлемдік ҽдебиеттегі
«роман-монтаж», киносценарий элеметтерін автордың еркін игергенін айғақтаса керек.
Сҿзімізді түйіндеп айтсақ, А.Смайылдың «Тамұқтан келген адам» романы тақырыптық тұрғыдан