• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Әділ бӛлу және ҧлттық экономика ҥлгісін қалыптастыру

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 82-85)

Қазақстан ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҦЛТТЫҚ ҤЛГІСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ТҦРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ

6.3. Әділ бӛлу және ҧлттық экономика ҥлгісін қалыптастыру

Адамның экономикалық қызметтің және игілікті тұтынатын субъектісі ретіндегі жағдайы ӛте қарама-қайшы келеді. Қоғам ӛндірістің ӛсу және оның тиімділігінің шамасына орай тұтына алатыны тек соңында ғана белгілі болады. Ал нақты кезеңде ӛндіріс пен тұтынудың осы байланысы айқын кӛрінбейді. Осы байланысқа қоғамның әр түрлі топтары, осы елде қалыптасқан дәстүрлер, жинақталған байлық пен оны бӛлу жүйесі ықпал етеді. Ал ӛндірістің түпкілікті мақсаты – тұтынушыға қызмет кӛрсету, адамдардың қажетін қанағаттандыру күрделі әрі қарама- қайшы жағдайда жүзеге асырылады. Игіліктің біркелкі бӛлінбеуі, экономикалық және әлеуметтік

83

дамудағы айырмашылықтар елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы тұрақты факторға айналды. Әлеуметтік тұрақтылыққа қатысты экономикаға игіліктердің әлеуметтік жағынан әділ бӛлінуін қамтамасыз етіп, әл-ауқаттың ӛсуі экономика тиімділігінің ӛсу шамасына орай проблеманы шешіп, игілікті бӛлудің ӛлшемдерін әзірлеу қажет. Экономикалық жүйенің әр түрлі деңгейінде игілікті бӛлудің әр түрлі анықтамасы беріледі, сол себептен проблеманы теориялық та, практикалық жағынан шешу де қиынға соғады, ӛйткені игілікті бӛлу дегеніміз ӛндіріс факторларын адамдардың арасында бӛлу, табысты әр түрлі факторлардың арасында бӛлу, табысты жекелеген адамдардың арасында бӛлуді білдіреді. Мұның ӛзінде табыс түрлерінің кӛптігін ескерсек, оны әрбір түрге бӛлу үшін оның сапасы мен санын анықтау қажет болады.

Швецияда табысты бӛлуді талдау табыс жоғары децильдік (10%-дық) топтағы орташа үй шаруашылығының жалпы табысы тӛменгі децильдік топтағы шаруашылықтармен салыстырғанда 100 есеге жуық тӛмен екенін кӛрсетеді. Сонымен бірге жоғары жіктелімдегі шаруашылықтар алатын табыс тӛменгі жіктелімнің деңгейінен бар-жоғы 4 есеге тӛмен екен, бұл табыстың ӛзгеше, біршама біркелкі бӛлінетінін байқатады.

Әлеуметтік ӛлшемдерді ескермеу қажет екенін назарға алмасақ, онда табысты таза нарықтық бӛлу игілікті бӛлудің тиімді нысаны болып табылады. Нарыққа бейімделген әділдіктің негізі бойынша табыс жекелеген экономикалық субъектілердің салатын жарнасымен анықталады. Әр жарнаның ӛнімділік дәрежесі де нарықтың күшіне байланысты болады. Табыс жоғары болса нәтиже де жоғары бағаланады, сондықтан бұл жерде бәсекелік тепе-теңдік әділ анықталады.

Нарық кӛзқарасымен қарайтын болсақ, онда табыс, игілік қоғамда біркелкі бӛлінбеуіне және айтарлытай теңсіздікке әкеп соқтырады.

Алайда әлеуметтік тұрақты экономикалық дамудың осы тәсілдемесі іс жүзінде қолданылмауы да мүмкін. Ӛйткені осы тәсілдемеде экономика мен әлеуметтік тұрақтылықтың бірлігі ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы нақты әлеуметтік заңдылықтар мен айырмашылықтар ескерілмейді.

Міне сондықтан игілік пен табысты әлеуметтік шектеу ауқымы мен шектерінде шешкен дұрыс.

Осы проблеманы шешу үшін игілікті әлеуметтік әділ бӛлудің нұсқасын қоғамдық игілік функциясын пайдаланып таңдауға болады. Осы орайда келесі тәсілдемелерді атап ӛтсек болады.

Утилитаристік әдісте қоғамның әрбір мүшесінің жиынтық пайдасын барынша арттыру қарастырылады. Аталмыш әдіс кемитін шекті пайдалылық теориясына негізделеді. Үкіметтің табысты біркелкі бӛлінуіне күш салатынын ескере отырып, утилитарлық ең бастысы белсенді қызметке деген ынтаны бұрмаламауға тиіс дегенді білдіреді. Сондықтан осы әдісті жақтайындар табысты тегістеуге қарсы және ынтаны сақтау үшін біршама айырмашылықтардың сақталуын қамтамасыз ететін саясатты жақтайды.

Роулистік тәсілдемеге сәйкес үкімет қоғамның ең аз қамтылған топтарының әл-ауқатын барынша арттыруға тырысуға тиіс. Осының негізінде утилистермен салыстырғанда табысты бӛлуде теңдік сақталатын саясат жүргізіледі. Алайда осы кӛзқарасты жақтайтындар табыстағы айырмашылық белсенді қызмет істеуге ынталандырады, ал табыстың ӛсуін халықтың ең кедей жағдайын жақсартуға жұмсауға болады деп санай келе, теңгермешілік саясатқа қарсылық білдіреді.

Эгалитаристік тәсілдеме – бұл табысты бӛлудегі теңгермешілік тәсілдеме.

Осы тәсілдемені жақтайтындар табыстың осылай бӛлінуінің пайдасына экономикалық дәлел де келтіреді. Олардың ойынша осы әдіс игілікті жалпы тұтынуды барынша кӛбейтеді. Алайда бұл жерде бұдан да ӛнімді жұмыс істеуге деген экономикалық ынтаға назар аударылмайды.

Марксистік тәсілдеме игілікті еңбек салымы бойынша бӛлу әлеуметтік жағынан неғұрлым әділ деп санайды. Осы тәсілдемеге сәйкес қызметкердің осы ӛнімдегі үлесі жұмсалған еңбектің саны мен сапасына сәйкес келуі тиіс. Табыс алудағы айырмашылықты жарияласа да, осы қағида мемлекеттендірілген социализм жағдайында нақты іске асырылғанда игіліктің теңгермелі түрде бӛлінуіне және еңбекке деген ынтаның жойылуына әкеп соқтырғаны белгілі. Бұл ӛндірістің барлық қырының тәртіптеліп, игіліктің мемлекеттің бӛлінуіне байланысты орын алды.

Игілікті әділ бӛлу қағидасын таңдағанда табысты бӛлумен шектелуге болмайды. Байлықты бӛлу табысты бӛлудегі теңсіздік пен адамдардың қоғамдағы орнын анықтаудағы елеулі фактордың бірі болып табылады. Жинақталған байлық қоғамда табысқа қарағанда біркелкі емес бӛлінген.

Жеке жинаған байлық қана емес, сонымен бірге мұрагерлікпен алынған мүліктен табыс алып та байлықтың сол немесе басқа бӛлігімен иеленуге болады.

Бұл жағдайда игілікті әділ бӛлу мәселесі оны факторлық кӛзқарас пен оны әділ бӛлу мәселесімен түйіседі. Негізін Ж.Б. Сэй қалыптастырған әділдіктің тегіне қатысты кӛзқарасқа сәйкес әрбір ӛндіріс факторының (капитал, жер, еңбек) иесі пайда, рента, еңбекақы түрінде

84

тиісінше пайда алуы тиіс. Осы кӛзқарас бойынша меншікті ӛндіріс факторын немесе байлықты немесе оның бӛлігін қалай да болса бӛлуді әділ деп санайды. Экономикалық ілім тарихында осы кӛзқарасқа байлықтан алынған табысты бӛлудің марксистік түсінігі қарама-қайшы келеді. Осы түсінікке сәйкес бүкіл ӛнім жалдамалы қызметкердің еңбегімен жасалады және осыған байланысты капиталиске тиесілі табыстың бӛлігі пайдаланудың нәтижесі болып табылады және ең соңында еңбекшілерге берілуі тиіс.

Факторлық кӛзқарас байлықты немесе меншікті бӛлуге түсінік беруде дұрыс деп түсініледі.

Осы орайда жинақталған байлықтың тегі жинақталған байлықтың кӛзіне, яғни жинақ ақшаға, кәсіпкерлік қызметке, мұраға байланысты бӛлініп, меншіктің әр түрлі бӛліктеріне салық салудың ерекше тәртібінде кӛрсетіледі.

Табысты әділ бӛлудің басқа да тәсілдемелері қолданылады. Шын мәнінде табысты бӛлудің әр түрлі ӛлшемдерін жақтайындар мен қарсыластары арасындағы дауда әділдік пен тиімділіктің нақты нұсқасы мен мемлекеттің табысты қайта бӛлуге қатысу дәрежесі таңдалады. Демек, экономикалық жүйе ауқымында осы мәселе оның ерекшелігін ескере отырып нақты таңдалуы тиіс.

Табысты әлеуметтік жағынан әділ бӛлу ӛлшемдері жӛніндегі мәселені экономикалық жүйенің сипаты немесе ұлттық экономика үлгісінің мәселесінен жеке қарастыруға болмайды.

Ұлттық экономика үлгісі ел экономикасының сол немесе басқа кезеңіндегі нақты жай-күйінде ұзақ уақыт бойы дамуының нәтижесін анықтап, оны ӛзі де анықтайды. Тек ұлттық экономиканың нақты үлгісінің ауқымында ғана салық салу қағидаларын және демек әлеуметтік тұрақты дамуды мемлекеттік қолдаудың бағыттарын қоса алғанда қайта бӛлу процестерінің сапа параметрлерімен анықталуы мүмкін.

Қазіргі кезеңдегі дамыған мемлекеттердің тәжірибесі XX ғасырдың екінші жартысында мемлекеттің жалпы әл-ауқатының тұжырымдамасының негізінде әлеуметтік тұрақты мемлекет қалыптаса бастағаны кӛрінеді. Осындай мемлекеттің нақты үлгісі қандай болса да, осы мемлекетте зейнетақымен қамтамасыз ету, әр түрлі сақтандыру, кедейлерге кӛмек кӛрсету бағдарламалары және т.б. кіретін әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі қалыптастырылды. Осы орайда бір жағынан, мемлекеттің экономикалық дамуының деңгейіне байланысты ал екінші жағынан, ұлттық экономикалық үлгіні ӛздері қалыптастыратын игілікті әлеуметтік әділ бӛлудің әр түрлі үлгілері болды. Осы айырмашылықтар жалпы ішкі ӛнімді әлеуметтік мақсаттарға бӛлінудің желісі мен бағытына, отбасы мүшелерінің ӛндіріс саласына тартылу дәрежесіне, кедейшіліктің ауқымына байланысты болды.

Осы және басқа де ерекшеліктерді ескере отырып, табыстың әлеуметтік мақсаттарға жоғары деңгейде бӛлінуіне, отбасының барлық мүшелерінің, әйелдер-ді ӛндіріске тартуға, кедейшіліктің тӛмен деңгейіне бағытталған мемлектетердің барын атап ӛту қажет. Швецияға, Данияға, Норвегияға, Финляндияға тән әлеуметтік дамудың осы үлгісі «шведтік социализм үлгісі»,

«социал-демократтық үлгі» және т.б. деп аталады.

Ал Германияның әлеуметтік нарықтық шаруашылық үлгісінде әлеуметтік тұрақты ұлттық экономиканың басқа үлгісі айқын кӛрінеді. Оның негізгі белгілері Австрияға, Бельгияға және тағы да бірқатар мемлекеттерге тән. Осы үлгіге бірінші үлгімен салыстырғанда әлеуметтік мақсаттарға игілікті бӛлу процесінің дәрежесіне азырақ ықпал етеді, сонымен бірге отбасы қолданып, әйелдердің үй шаруашылығымен айналысуына қолдау кӛрсетіледі, сондай-ақ мемлекеттің, азаматтар мен жұмыс берушілердің азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне бірлесіп қатысуының арқасында табыс тиімді бӛлінеді.

Үшінші үлгіде (Греция, Испания, Португалия және бірқатар басқа мемлекеттер) отбасы мен жұмыспен қамту нашар қолданылып, әлеуметтік мақсаттарға табыстың аз мӛлшері бӛлінеді. Ӛмір сүрудің әлеуметтік құрылымы ең алдымен нарықтың күшін әлеуметтік салада пайдалануға бағытталған мемлекеттерде де (АҚШ, Австралия, Ұлыбритания) әлеуметтік тұрақты экономиканың халықтың әл-ауқатын қолдау жүйесінің ӛлшемдері мен ерекшеліктерін қабылдау дәрежесі артып келеді.

Қазақстанның әлеуметтік тұрақты қоғамдардың даму тәжірибесін ескеріп, игілік әлеуметтік әділ бӛлінетін және ұлттық экономикалық құрылымның үлгісі құрылатын негіз ретіндегі ӛмірдің әлеуметтік құрылымына бағдарлану қажет.

Қазақстандық экономиканың қалыптасқан құрылымы мен тарихи ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанның ұлттық экономика үлгісіне тән нарықтық қайта құрудың бірқатар әлеуметтік шектеулерін атап ӛту қажет.

Біріншіден, бұрынғы жүйенің жалпыға берілетін кепілдіктердің ұзақ мерзімді факторлары мен халықтың кӛпшілігінің кедей болуына байланысты әлеуметтік мақсаттарға табыстың кӛп

85

мӛлшерін бӛлу қажет болады, бұған аумақтық фактор да себеп болып отыр. Қазақстандық қоғам үшін қатынас құралдарының дамуы жолаушылар кӛлігі мен байланыстың тӛмен тарифтері экономикалық игілік емес әлеуметтік игілік болып табылады. Екіншіден, демографиялық және экологиялық жағдай, сондай-ақ дәстрлер мен табыс деңгейінің тӛмен болуына байланысты әйелдерді ӛндіріске тартуға мәжбүр етеді. Осының барлығы әйелдер мен ерлердің теңдігін ынталандыру, сондай-ақ ресурстарды бала тәрбиелеу жүйесін қолдау мақсаттарына қайта бӛлу жүйесін құруды қажет етеді.

Үшіншіден, ӛңірлерге бӛліну әлеуметтік құрылымның нарықтық жүйесінің ерекшелігіне жатады, сондықтан ӛңірлік әлеуметтік трансферттер әр түрлі болады.

Әлеуметтік қолдаудың отбасы нысандары, сонымен бірге кӛлеңкелі қызметтің болуы мемлекеттің игілікті бӛлу процесінің деңгейін азайтатын факторларға жатады.

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 82-85)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР