• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Әлеуметтік аудит – киноиндустрияның әлеуметтік-мәдени қызметін

Киноиндустрия – мемлекеттің әлеуметтік-мәдени қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Оның қоғамға әсері барлық кезеңде де өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Мемлекеттің басымдықтарының қатарында қоғамдастықтың басқару үрдісіне қатысу қажеттігі бар екені белгілі. Бұл ретте, киноиндустрия саласындағы басқаруға, мемлекеттік шешімдерге азаматтардың ден қоюы қазіргі кезеңде өзекті бағыт болып саналады.

Кино өнімдерін тұтынушылар ретінде азаматтардың киноиндустрия саласындағы процестерге қызығушылық танытуы мен қатысуы Good governance-тің кері байланыс, мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысу сияқты қағидалары тұрғысынан орынды және отандық киноиндустрияны дамытудың қажетті шарты болып табылады.

32

«Халық үніне құлақ асатын» мемлекет контексінде азаматтық белсенділікті, олардың мүддесіне бағдарлануды қамтамасыз ететін өзекті тәсіл, жаңа әлеуметтік технология ретінде әлеуметтік аудит тұжырымын қолдануға болады.

Әлеуметтік аудит – белгілі бір қызметті жүзеге асырудың әлеуметтік тиімділігін, қоғамдық пайдасын айқындауда қолданылатын құрал. Әлеуметтік аудит кез келген саланың, ұйымның, өңірдің әлеуметтік-маңызды істерді атқарудағы жетістіктері мен кемшіліктерін айқындауға көмектеседі.

Тәжірибеде қалыптасқан аудит қаржылық сипаттағы жағдайды тексеруді көздесе, ал әлеуметтік аудит қоғам үшін маңызды болған әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған.

Қазіргі таңда бүкіл әлемде тұрақты дамудың негізгі тірегі ретінде экология, әлеуметтік саясат және басқару (ESG) қағидаларын негізге алу басты үрдіске айналды. Басқару жүйесінде ұйымдардың әлеуметтік жауапкершілігі – өзекті бағыттардың бірі. Әлеуметтік мәселелер – қоғамның тұрақты дамуындағы негізгі құрамдас бөлігі. Әрбір саланың әлеуметтік аспектісі адами қарым-қатынастардың жақсаруын, жауапкершілікті арттыруды, адамдарға пайдалы болуды көздейді. Киноиндустрия саласында кино өндірушілердің табыс табу мен қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілік арасында теңгерімдікті таба білуі маңызды. Азаматтардың жауапкершілігі тұрғысынан мәселені шешудің бір жолы – барлық мүдделі тараптардың беделі мен қабылдауын жақсартуға көмектесетін әлеуметтік аудитті қолдану.

Қазіргі уақытта әлеуметтік аудит қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ғаламдық құбылыстардың бірі болып табылады. Ол әлеуметтік консенсусқа қол жеткізуге мүдделі тараптардың ерікті диалогы негізінде жүзеге асырылады.

Оның мәні шаруашылық жүргізуші субъектілерде, аймақта туындайтын проблемаларды диагностикалауда, маңыздылығын бағалауда және шешудің негізгі бағыттарын анықтауда, мүдделі тараптар үшін ұсыныстар әзірлеуде жатыр [76].

Әлеуметтік аудит – әлеуметтік-мәдени қатынастарды талдау технологиясы. Әлеуметтік аудит жүргізудің себептері адам капиталы рөлінің артуы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, саладағы ашықтық пен айқындықтың маңыздылығы, қаржылық емес ресурстарды басқару және бәсекеге қабілеттілік болып табылады. Ұйымдардың қаржылық емес есеп беру тәжірибесі бүкіл әлемге таралуда және әлеуметтік есеп беру қаржылық есеп сияқты маңызды болып келеді [77-79].

Зерттеушілер «әлеуметтік аудит» ұғымын алғаш рет ХХ ғасырдың 40-жылдарында Стэнфорд бизнес мектебінің профессоры Крепс қолданғанын атап өтеді. 1953 жылы Боуэн өзінің кітаптарының бірінде әлеуметтік аудитке он шақты бет арнады. Әлеуметтік аудит концепциясының қалыптасуының негіздері Умблдың (Хумбл) «Әлеуметтік аудит өмір сүруді басқару қызметінде» атты еңбегінде кездеседі [80]. Жалпы, әртүрлі салалар мен кәсіпорындардағы әлеуметтік аудит туралы бірқатар ғылыми еңбектер мен ой- пікірлер жазылған.

33

Әлеуметтік аудиттің теориялық және әдіснамалық негіздерін зерделеу тұрғысынан Stakeholder theory, яғни мүдделі тараптар теориясына назар аударылады [81]. Бұл тұжырымдаманың айрықша ерекшелігі оның менеджмент салаларының кең спектріне қолданылуында: бизнесте, стратегиялық менеджментте, қаржыда, маркетингте және басқа да ғылымдарда.

Киноиндустрияны зерттеуде мүдделі тараптар теориясын шартты түрде қолдануға болады. Өйткені, фильмдердің сапасы мен тартымдылығын арттыру, әлемдік кино нарығына шығу, кино арқылы елдің оң имиджін қалыптастыру сияқты күрделі мәселелер барлық мүдделі тараптардың жіті назарын талап етеді. Мүдделі тараптар теориясы ұйымның немесе саланың қызметіне әртүрлі мүдделі топтардың әсерін талдайды. Әсер күшті немесе әлсіз, тікелей немесе жанама, оң немесе теріс болуы ықтимал. Сондықтан киноиндустрия саласындағы кино түсірушілер гильдиялары, прокатшылар, көрермендер, мемлекет сияқты барлық субъектілердің мүдделерін ескеру саланы дамытудың негізгі тетігі болып табылады.

Әлеуметтік аудит тақырыбы мемлекеттік басқару, экономика, бизнес, әлеуметтану сияқты ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Бұл дегеніміз әдіснамалық бағытқа сәйкес зерттеу объектісі әртүрлі қырынан қарастырылады. Алайда барлық әдістерге тән ортақ бірыңғай критерийлер мен элементтер сақталады.

Әлеуметтік аудитке қоғамдық ғылымдарда, сонымен қоса, әлеуметтік тәжірибеде айрықша мән беріліп жүр. Салыстырмалы түрде жас құбылыс болғандықтан, жалпыға ортақ бірыңғай анықтамасы жоқ [80, с. 91]. Кең мағынада әлеуметтік аудит мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруды қоғамның бақылауын білдіреді. Сонымен қатар, ресейлік ғалымдар әлеуметтік аудитті стратегиялық менеджментпен байланыстыра отырып, оны реттеу, адам ресурстарын басқару құралы ретінде кеңірек қарастырылатынын атап өтеді [82]. Әлеуметтік аудит бүкіл әлемде классикалық (қаржылық) аудит жүйесіндегі қондырма ретінде көрінеді [83]. Бұдан өзге де ғылыми еңбектерде кездесетін анықтамаларды қарастырайық (6-кесте).

Кесте 6 – Әлеуметтік аудитке берілген анықтамалар

Авторлар Ұғымға түсініктеме

1 2

Шулус А., Попов Н.

Әлеуметтік аудит – ұйымның әлеуметтік бағдарламаларының тиімділігін талдау және олардың таңдалған стандарттарға сәйкестігін тексеру

Толчинская М.Н. Әлеуметтік аудит – ұйымның әлеуметтік және жауапкершілік іс-әрекетіне диагностика жүргізу рәсімі

34

6-кестенің жалғасы

1 2

Ковалева Н.Н, Дворецкая Ю.А.

Әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру кезінде қыз- меткерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді кәсіпкерлік субъектісінің сақтауын тәуелсіз бағалау және әлеуметтік-еңбек қаты настарын қамтамасыз ету саласында ұсынымдар дайындау

Candau P. Әлеуметтік аудит – ең алдымен, персоналды пайдалану саласында күшті жақтары мен проблемаларды анықтауға мүмкіндік беретін әдістемелер мен қолданбалы әдістерге негізделген қызмет бойынша мониторинг, талдау, бағалау және ұсыныстар беруден тұратын тәуелсіз қызмет

Турекулова Д.М., Бейсенгалиев Б.Т., Сырлыбаева Н.Ш., Жуманова Б.К., Таспенова Г.А., Токарева Е.Г., Абдулина Г.А.

Әлеуметтік аудит – әлеуметтік тәуекел факторларын анықтау және олардың әсерін азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында ұйымның әлеуметтік саласының жағдайын талдаудың, қайта қараудың (ревизияның) нақты нысаны

Ескерту – Әдебиет негізінде құралған [80, с. 91; 84-88]

Әлеуметтік аудиттің объектілері ретінде қандай да бір сала, ұйым, өңір, олардың белгілі бір қызметі немесе мемлекеттік, әлеуметтік бағдарламалар, талдамалық есептер сияқты құжаттардың түрлері де болуы мүмкін. Ал пәндік аясы саладағы немесе ұйымдағы әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастар, басқару жүйесінің әлеуметтік тиімділігі, қызмет нәтижесінің бағалануы, ішкі атмосфера, сыртқы әсерлер және өзге де элементтер бола алады.

Әлеуметтік аудитті әлеуметтік-экономикалық және мәдени, этикалық көрсеткіштерді өлшеудің, түсінудің, есеп берудің және нәтижесінде жақсартудың тәсілі ретінде қарастыруға болады.

Әлеуметтік аудит жалпы басқару процесіне әсер етеді. Ол ішкі және сыртқы әсерлерді айқындау мақсатында барлық мүдделі тараптардың ой-пікірін білуге, рефлексия жасауға мүмкіндік тудырады. Әлеуметтік аудит басқаруды жетілдіру, әсіресе мемлекеттік және жергілікті органдарда, ұлттық компанияларда және басқа да ұйымдарда ашықтық пен транспаренттілікті арттыру мақсатында жүзеге асырылады [89].

Бүгінгі таңда good governance (тиімді басқару) тұжырымдамасы аясында мемлекеттің халықпен, бизнеспен, азаматтық қоғам институттарымен және жұртшылықпен тиімді өзара әрекеттестігіне ерекше мән берілуде.

Әлеуметтік аудиттің маңызды мақсаттарының бірі қоғам алдында жағымды имиджді, тартымды «лейблді» қалыптастыру болып табылады [90].

Бұл ретте, әлеуметтік аудитті дұрыс түсіндірген жөн. Бұл қаржылық аудиттің бір түрі емес, бөлек әдіснамалық технология деп атауға келеді. Егер

35

қаржылық аудит кезінде негізгі мәселе қаржылық есеп, оны тәуелсіз аудиторлардың тексеруі болса, ал әлеуметтік аудиттің тұжырымдамасы кеңірек сипатқа ие. Ол барлық мүдделі тараптарды ескеруге тырысады, алдағы уақытта жақсару үшін жұмыстың әлеуметтік тиімділігін көздейді (7-кесте).

Кесте 7 – Әлеуметтік аудит пен қаржылық аудиттің айырмашылығы Критерий Қаржылық аудит Әлеуметтік аудит Қолданушылар Жекеменшік, компания

басшылары, ұйымдар

Бизнес, кәсіподақтар, билік органдары, қоғамдастық

Зерттеу объектісі Қаржылық қатынастар Әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатынастар

Есеп беру

нысаны

Заңнамаға сәйкес белгіленген нысандар

Заңды нысандар жоқ, әртүрлі компанияларда нұсқалар болуы мүмкін

Ұсыну жиілігі Заңнамаға сәйкес жыл сайын міндетті түрде

Қолданушылардың шешіміне қарай

Бақыланатын уақыт кезеңі

Өткен жыл Өткен, қазіргі және

келешектегі кезең

Реттеу Заңдар Реттеу негізі жоқ

Ескерту – Әдебиет негізінде құралған [80, с. 471]

Әлеуметтік аудит – бұл ұйымның әлеуметтік мақсаттарына қол жеткізуімен байланысты қызметінің тиімділігін тәуелсіз бағалау. Бұл сонымен қатар ұйымның әлеуметтік жауапкершілігінің құралы. Басқаша айтқанда, әлеуметтік аудит кез келген ұйымның, саланың, өңірдің жұмысын оның әлеуметтік маңыздылығы тұрғысынан терең талдау және бағалау деп анықтауға болады [91].

Әлеуметтік аудиттің мынадай классификациясы ұсынылады:

– сипаттамасы бойынша: елде, салада, өңірде, ұйымда (мекемеде) өткізілетін әлеуметтік аудит;

– рөлі бойынша: ішкі және сыртқы;

– кезең бойынша: қазіргі, жылдамдатылған, перспективалық;

– мазмұны бойынша: тақырыптық (салалық), жергілікті, толық [80, с. 45].

Осылайша, жоғарыда көрсетілген жіктеуді нақтылай келе, әлеуметтік аудитті қолдануды мынадай мақсаттарда топтастыруға болады:

– әлеуметтік сипаттағы қызметтің нәтижесін көрсетуде;

– адами ресурстарды басқаруда;

– әлеуметтік қатынастарды басқаруда;

– ішкі және сыртқы ортаны бағалауда.

Демек, әлеуметтік аудит кешенді сипатқа ие болғандықтан тексеруді түрлі қызмет аясында жүзеге асыруға болады.

Әлеуметтік аудитті жоғарыда аталған мақсаттарда дұрыс жүргізу мынадай әсер береді (6-сурет):

36

– ұйымның имиджін, беделін арттырады;

– қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, кадрлардың тұрақтамауын төмендетеді;

– ұйымның көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етеді;

– тұтынушылардың адал қарым-қатынасын қамтамасыз етеді [91, с. 232].

Сурет 6 – Әлеуметтік аудиттің әсерлері

Ескерту – Суретті автор әзірлеген

Әлеуметтік аудит шетелдік тәжірибеден келген әлеуметтік технологиялардың бірі ретінде қарастырылады. Америкада, Еуропада мемлекет пен бизнес, қызметкерлер арасында қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды талдаудан, әлеуметтік есеп беруден шыққан тәжірибе. АҚШ-та әлеуметтік аудит 1940 жылдардан бастап қолданыла бастаған. Бұл үрдіс компаниялар мен ұйымдардың персоналды басқару, үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік орнату, әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру, әлеуметтік есеп беру сияқты әлеуметтік көрсеткіштерді бағалаумен байланысты болды.

Әлеуметтік жауапты корпоративтік іс-қимылдың бизнестің тиімді көрсеткіштеріне қалай әсер ететіні басты назарға алынады.

Шетелдегі әлеуметтік аудиттің дамуына бастау берген елдердің қатарынан Франция мен Германияны да атап өтуге болады. Мәселен, Францияда халықаралық әлеуметтік аудит институты құрылған, тәуелсіз аудиторлар жүйесі қалыптасқан. Германияда әлеуметтік аудит әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде көрініс табады [91, с. 234].

Аудит әдісі тек қаржылық салада ғана емес, өндіріс барысында да адами факторлардың артуына байланысты өзге де салаларда өзекті болып келеді.

Әдетте аудитті сәйкестілік, тиімділік және стратегиялық мақсаттарға байланысты жіктейтін болса, әлеуметтік аудитті де осындай көзқарасты ұстана отырып, қолдануға болады. Мәселен, сәйкестілік аудиті киноиндустрия саласында сарапшылар тарапынан кино нарығындағы өнімдердің киноөндіріс нормаларына, ережелеріне сәйкестігін бағалайды. Ұйым ішінде жүргізілген аудит болса, салада басшылыққа алынатын нормалар мен компанияның ережелеріне қызметкерлердің жұмыстарының сәйкестігі тексеріледі. Тиімділік аудиті мақсатқа жету барысындағы жұмсалған ресурстардың, қаражаттың тиімділігін бағалайды. Мәселен, ұлттық киноны өндіруге жұмсалған

37

мемлекеттік қаражаттың игерілуін, нәтижелілігін айқындауға негізделу.

Мұндағы басты назар аударатын мәселелер – тиімділік, үнемдеу, өнімділік және нәтижелілік. Киноиндустрия саласындағы стратегиялық аудит саланың басты мақсатына қол жеткізу нәтижесі, идеологиялық қызметінің орындалуы сияқты ірі мақсаттардың орындалуын көздейді.

Әлеуметтік аудит аясындағы зерттеудің пәні азаматтардың ақпараты болып табылады. Бағалау мен адами фактордың маңыздылығы әлеуметтік аудиттің мәні болып табылады [86, р. 452]. Киноиндустрия саласында мұндай ақпарат – адамдардың қалауы, талғамы, қабылдауы. Адамдар – ол көрермендер, мүдделі тараптар.

Қазіргі уақытта киноиндустрия әлеуметтік-мәдени және экономикалық қатынастардың диагностикасын қажет етеді. Good governance тұжырымдамасы негізіндегі қоғамдық және конструктивті диалог осы саланы да қамтуы тиіс.

Мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды болып табылатын «тұтынушыға назар аудару» қағидаты жұмыс істеуі керек.

Киноиндустрияның әлеуметтік аудиті сала қызметінің қоғамға әсерін тексеру болып табылады [92]. Әрбір елдің киноиндустриясын әлеуметтік диагностика призмасы арқылы зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақстан үшін әлеуметтік аудит енді ғана қалыптасып келе жатқан тәжірибе болып табылады. Бұл ретте, киноиндустрия саласында ғана емес, өзге салаларда да бұрын әлеуметтік аудит іс жүзінде жүргізілмеген. Кино саласына қатысты әлеуметтік аудиттің іргелі зерттеулері, бірыңғай әдіснамасы болмағанымен, киноиндустрияға деген мемлекеттік басқару призмасы арқылы және әлеуметтік-экономикалық көзқарастар зерттеуіміздің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Осылайша, әлеуметтік аудитке ғалымдар берген анықтамалар мен әртүрлі көзқарастарды саралай келе, киноиндустрияның әлеуметтік аудитіне мынадай авторлық анықтама береміз:

«Киноиндустрия саласында жүргізілетін әлеуметтік аудит – саладағы субъектілердің әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешуге бағытталған қызметін, сондай-ақ киноиндустрия өнімдерінің пайдалылығын сарапшылық және қоғамдық пікір негізінде бағалау процесі».

Демек, киноиндустрия саласының қоғамға пайдалы болуын арттыру үшін ұсынымдар әзірлеу мақсатында көрермендердің пікірін ескере отырып, саланың әлеуметтік маңызды қызметін жүйелі зерделеу және бағалауға бағытталған процесті көздейді.

Киноиндустрия саласының әлеуметтік-мәдени қызметі деп халықтың мәдени, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған кино өнімдерін жасау, оларды сақтау, тарату сияқты қызметтердің жиынтығын айтамыз. Бұл қызмет өз кезегінде киноиндустрияның ағартушылық, эстетикалық, тәрбиелік, білім беру сияқты қызметтерін қамтиды. Адамдардың бос уақытын ұйымдастыруға, олардың тақырыптық, жанрлық қызығушылықтарын айқындауға бағытталған жұмысты көздейді.

38

Киноиндустрияның әлеуметтік-мәдени қызметінің нәтижесінде туындайтын кино өнімдерінің қоғамдық пайдасы социум үшін маңызды.

Фильмдердің қоғамдық пайдасы деп өнімнің нәтижелі, өнімді болуы, яғни көрерменге жағымды әсер беруі, белгілі бір тақырып немесе әлеуметтік мәселе туралы ой салуы, жағымды пікірге қарай бұрмалауы, жаманнан алшақтатуы сияқты мәселелердің кешені деп түсінеміз.

Елдің мәдени дамуында елеулі рөл атқаратын киноиндустрия саласының әлеуметтік-мәдени қызметінің дамуында сапалы мәдени мұра ретінде киноөнімдер шығарылады. Оның халыққа қолжетімдігі мен әлеуметтік маңызы өзектілікке ие болады. Бұл мәселелерді әлеуметтік аудит арқылы айқындаудың үлгісі келесі схемада ұсынылады (7-сурет).

Сурет 7 – Киноиндустрия саласының әлеуметтік-мәдени қызметіне әлеуметтік аудитті қолдану үлгісі

Ескерту – Суретті автор әзірлеген

Әлеуметтік аудит әдетте сандық және сапалық критерийлерді қарастырады. Сандық критерийлер нәтижені нақты сандық көрсеткішпен өлшейтін индикаторлар болса, сапалық критерийлер мазмұндық, терең сипаттағы мәліметтер. Сонымен қоса, негізгі және саланың айрықша белгілеріне байланысты ерекше критерийлердің болуы көзделген (8-сурет).

39

Сурет 8 – Әлеуметтік аудит критерийлерінің топтамасы

Ескерту – Суретті автор әзірлеген

Киноиндустрия саласындағы әлеуметтік аудитке бұл критерийлерді бейімдеуге болады. Киноиндустрияның әлеуметтік-мәдени қызметінде отандық фильмдердің қоғамдық пайдасы маңызды болып табылады. Осыған байланысты, әлеуметтік аудиттің басты критерийлерінің бірі ретінде – өзектілікті, әлеуметтік және экономикалық маңыздылықты атап өткен жөн.

Критерий дегеніміз – талдау, бақылау, салыстыру, нәтиже шығару үшін қажетті негіз. Ол саланың, ұйымның немесе өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Критерийлерді айқындау теориялық және практикалық қызмет үшін де маңызды болып табылады.

Киноиндустрия саласының әлеуметтік тиімділігін айқындауда мынадай жалпы негізгі критерийлерді басшылыққа алуға болады:

– саладағы мамандардың жұмыспен қамтылу деңгейі;

– саладағы жұмыссыздық деңгейі;

– жұмыс орындарында қауіпсіздік шараларының сақталуы;

– ынталандыру және марапаттау шараларының болуы;

– әдеп нормаларының ұстануы;

– инфрақұрылымдық, технологиялық жабдықталу дәрежесі және басқалар.

Саланың өзіндік ерекшелігіне байланысты арнайы, нақты критерийлер мыналар:

– өндірілген отандық фильмдердің сапасы;

– мемлекеттік қаражатқа түсірілген фильмдердің саны;

– отандық фильмдердің қазақстандық кинопрокаттағы үлесі;

– жаңа ұлттық фильмдерді көру саны;

– 1000 адам басына шаққандағы өңірлердегі кинотеатрлардың саны;

– әлеуметтік маңызы бар фильмдердің өндірілуі;

– отандық фильмдердің халықаралық кинофестивальдерге қатысуы;

– отандық фильмдердің жүлделі орын алулары;

– өндірілген фильмдердің идеологиялық маңызы және басқалар.

Бұл критерийлерді ескере отырып, кино саласындағы ұйымдардың ішкі атмосферасы (компаниялардың қызметкерлері арасындағы әлеуметтік

40

қатынастар; қоғамдық ұйымдар арасындағы кәсіби, әлеуметтік ынтымақтастық) және сыртқы әсерлерді (әлеуметтік-экономикалық, сыртқы саяси жағдайлардың әсерін) бағалауға болады.

Сонымен қоса, киноөнімді тұтынушы ретінде көрермендердің бағасы, ой- пікірі, көзқарасы, қалаулары маңызды.

Осылайша, киноиндустрия саласында жүргізілетін әлеуметтік аудитте ішкі және сыртқы әсер бойынша жағдайды айқындау орынды. Қазақстанда киноиндустрия саласында мемлекеттік қаражатқа түсірілген фильмдерді сапа, мазмұн, көркемдік, әсемдік, шынайылық тұрғысынан бағалау халықтың еншісінде. Бұл да компаниялар мен ұйымдар үшін сыртқы әсер. Ішкі әсер ұйымның жұмысындағы қызметкерлердің әлеуметтік қарым-қатынастарына, қолайлы атмосфераға, ұйымдастырушылық жағдайға байланысты. Ішкі персоналды қанағаттандыру – ұйымдардың әлеуметтік жауапкершілігіндегі басты элементтердің бірі.

Әлеуметтік аудиттің негізгі бағыттарының бірі – әлеуметтік жауапкершілік. Киноиндустрияда бұл элемент мынадай бағыттарды көздейді:

компанияның қызметкерлері алдындағы жауапкершілік; кино жасаушылардың қоғам алдындағы жауапкершілігі; кино жасаушылардың шығармашылық, әкімшілік топ алдындағы жауапкершілігі.

Қазақстанда кинобизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің әртүрлі нысандағы элементтері бар. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі жандарды кино өндірісіне тарту тәжірибесі. Кинотеатрлар желісі мүмкіндігі шектеулі көрермендердің жайлы уақыт өткізуіне жағдай жасайды. Сондай-ақ балаларға, зейнеткерлерге, студенттерге түрлі жеңілдіктер қарастырылған.

«Қазақфильмде», Ұлттық киноны қолдау орталығында сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеудің алдын-алуға бағытталған комплаенс-қызметтері жұмыс істейді. Өз кезегінде мемлекет ұлттық фильмдерді прокатқа шығарған жағдайда ұлттық фильмдердің құқық иелеріне КТС-тен босатуды (пайданың 20% мөлшерінде) береді. Бұл шара отандық ұлттық киноның кассадағы артықшылығын қамтамасыз ету үшін қолға алынды.

Әлеуметтік және моральдық жауапкершілік шығармашылық және конструктивті қызметтің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Әлеуметтік жауапкершілікті айқындау – әлеуметтік аудиттің басты элементтерінің бірі.

Әлеуметке бағытталған қызметтің негізі – әлеуметтік жауапкершілікке негізделген міндеттер. Ол әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізуді көздейді.

Жалпы, әлеуметтік жауапкершіліктің элементтері ретінде мыналарды көрсетуге болады:

- демеушілік, көмек көрсету, қайырымдылық;

- қауіпсіздік, денсаулық сақтау;

- тәртіп, заңға бағыну;

- адалдық, әдептілік;

- жалпы адамгершіліктік құндылықтар;

- қолжетімділік;

41

- қоршаған ортаны таза ұстау.

Жоғарыда көрсетілген элементтерді қарастыра келе, оларды мынадай бағыттар бойынша топтастырып көрсетуге болады (9-сурет).

Сурет 9 – Әлеуметтік жауапкершіліктің негізгі элементтері

Ескерту – Суретті автор әзірлеген

Кино жасаушы мамандардың әлеуметтік-экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде рентабельділік пен қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті табуға ұмтылуы маңызды. Әлеуметтік топ ретінде кинематографистер қоғам алдында аудиторияның сұранысы мен мүддесіне сай кез келген жанрдағы сапалы өнімді қалыптастыруға міндетті.

Қазіргі заманғы кинематограф картиналарының пайдалылығын түсіндірудің қоғамда алатын орны бар. Кино білім беру, тәрбиелік және идеологиялық сипаттағы хабарларды жеткізуі керектігін ұмытпауы тиіс.

Киноны жасаушылар алдына тек қаржылық мақсатты – кассалық жинақты қоймауы керек. Рухани және адамгершілік жетістіктер де маңызды. Бұл салаға шоу-бизнес, ойын-сауық немесе басқа салалардан келген мамандар да, кино саласында білім алып, тәжірибе жинақтаған кәсіби кинематографистер де халықтың және өзінің алдында әлеуметтік және моральдық жауапкершілікте болуы керек [93].

Мұндай жауапкершілік қағидаттарының сақталуын бағалау үшін критерийлерді анықтау қажет. Біздің ойымызша, кино өндірушілердің әлеуметтік және этикалық жауапкершілігінің критерийлерін маңыздылығы бойынша былай топтастыруға болады:

1. Ішкі факторлар бойынша:

– шығармашылық ұжымға адалдық;

– төлемақыны уақтылы жүзеге асыру;

– еңбек нормаларын сақтау;

– түсірілім объектілеріне мұқият қарау.

42

2. Сыртқы факторларға қатысты:

– фильмдердің жоғары көркемдік сапасы;

– хабарлама мен мағыналық мазмұны;

– қызықты сюжет және аудиторияның қызығушылығы және өзгелер.

Сонымен, киноиндустрия саласындағы әлеуметтік аудиттің жалпы сипаттамасы төмендегі 8-кестеде келтірілген.

Кесте 8 – Киноиндустрия саласындағы әлеуметтік аудиттің жалпы сипаттамасы Киноиндустрия саласындағы әлеуметтік аудит

1

Сипаттама саланың немесе ұйымның әлеуметтік тиімділігін өлшеу құралы

Әлеуметтік аудиттің мақсаты

кәсіпорындағы, саладағы әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қатынастарды диагностикалау, сондай-ақ жақсарту бойынша ұсыныстарды анықтау үшін саланың тиімділігін талдау

Қолданылуы ерікті түрде (бастамалық), ұсыным беру сипатына ие

Қағидаттар тәуелсіздік, объективтілік, кәсібилік, адалдық Әлеуметтік аудитті

орындаушылар

мақсат пен шешімге байланысты әлеуметтік аудит жүргізуге мыналар қатысуы мүмкін:

- мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

- ұйымдардың (шығармашылық одақтар, бірлестіктер) өкілдері;

- бизнес өкілдері;

- әлеуметтанулық, маркетингтік және басқа зерттеулер саласындағы мамандар;

- ғалымдар, кинотанушылар, сапаршылар

Әдістер қолданбалы зерттеу әдістері: сауалнамалық сұрау, сарапшылық сұхбат, бақылау, контент-талдау, кейс- стади, фокус-топтар

Құралдар ақпарат жинау, талдау, өңдеу құралдары Әлеуметтік аудитте

ақпарат берушілер

ұйымдардың қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығы, халық (көрермендер), серіктестер, шетелдік әріптестер

Әлеуметтік аудит пәні - ұйымның ішкі атмосферасы, қызметкерлердің, әріптестердің, серіктестердің қарым-қатынасы;

- киноиндустрияның қазіргі жағдайы мен даму болашағына сараптамалық баға беру;

- қазақстандық киноөнім туралы қоғамдық пікір;

- кино саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын халықтың бағалауы;

43

8-кестенің жалғасы

1

- сарапшылық қауымдастық пен халық арасындағы қарым-қатынас;

- фильмдер өндірісіндегі қоғамдық және сараптамалық пікір және киноөндірістің әлеуметтік- мәдени аспектісінің басқа да мәселелері

Негізгі бағыттар әлеуметтік аудитте ескерілетін негізгі критерийлер:

- ішкі атмосфераны бағалау;

- аудиторияның пікірі;

- әлеуметтік жауапкершілік деңгейі және басқа мәселелер

Қажетті құжаттар Әлеуметтік аудит жүргізудің бекітілген құқықтық және әдістемелік негіздерінің болмауына байланысты құжаттарды дайындау ерікті түрде жүзеге асырылады. Қажетті құжаттарға мыналар жатады:

- әлеуметтік аудит бағдарламасы (мұнда мақсат, міндеттер, орындаушылар, қолданылатын әдістер, күтілетін нәтиже көрсетіледі);

- құралдар (сауалнама, нұсқаулық);

- баяндама, қорытындылар мен ұсыныстар Ескерту – Кестені автор әзірлеген

Осылайша, әлеуметтік аудит киноиндустрия саласына қажетті құрал деп тұжырымдай аламыз. Оның өзектілігі киноиндустрияның дамуында әлеуметтік- мәдени аспектісін күшейтуде маңызды рөл атқарады. Киноиндустрия саласында әлеуметтік аудит жүргізу киножасаушылардың қоғам мен мемлекет алдындағы әлеуметтік және моральдық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Көркемдік сапасы жоғары, әлеуметтік маңызы бар, қоғамға белгілі бір ой салатын кинотуындылардың пайда болуына түрткі болады. Әлеуметтік аудит отандық фильмдердің халық үшін нәтижелілігін, пайдалылығын, ал киноиндустрия қызметінің тиімділігін бағалауда елеулі үлес қоса алады деп санаймыз.

44

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ

КИНОИНДУСТРИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ