• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

РОЛЬ ПРОГНОЗНОЙ ТАБЛИЦЫ В ОПРЕДЕЛЕНИИ ВОЗМОЖНОСТИ ПОВЫШЕНИЯ УРОВНЯ ИНВАЛИДНОСТИ

I.0 Әлеуметтік себептер

1.1 Білімі Төмен деңгейде 425,87 4,58 1,79 762,30

Жоғары деңгейде 92,98 0,39 36,26

1.2 Жанұяның материалдық тұрғыда

қамсыздандырылуы Нашар 201,90 2,62 0,85 171,62

жақсы 77,06 0,32 24,65

1.3 Отбасылық жағдайы Жалғыз басты 193,85 1,98 0,81 157,02

Үйленген 97,90 0,41 40,14

1.4 Тұрмыстық жағдайы Нашар 203,64 2,22 0,85 174,09

Жақсы 91,72 0,38 34,85

1.5 Үйінде орталықтандырылған

канализация мен жылыту жүйесі Жоқ 431,82 4,12 1,81 781,59

Бар 104,81 0,44 46,11

2.0 Әлеуметтік-гигиеналық себептер 2.1 Селитебтік атмосфералық ауаның

ластығы

Ия 312,79 3,82 1,31 409,75

Таза 81,88 0,34 27,84

2.2 Физикалық ауыртпалығы бар жұмыс

Ия 437,56 4,24 2,05 897,00

Жоқ 103,29 0,31 32,00

2.3 Жұмыста денсаулыққа әсер ететін

зиянды заттар мен аллергендер бар Ия 286,38 2,53 1,20 343,65

Жоқ 113,19 0,47 53,19

2.4 Жұмыстағы жүйке-эмоционалдық ауырпалық

Ия 419,87 4,10 1,76 738,97

Жоқ 102,27 0,42 42,95

2.5 Жұмыс орнында жайсыз жағдай Ия 292,28 3,56 1,22 356,58

Жоқ 82,10 0,34 27,91

2.6 Медициналық ұйымның

қашықтығы 4 км. асады. Ия 351,64 2,67 1,47 516,91

Қысқа 131,70 0,55 12,45

2.7 Кардиолог маманының жоқтығы Ия 422,32 4,08 1,77 747,50

Бар 103,51 0,43 44,50

1 кестенің жалғасы.

1 2 3 4 5 6 7

2.8 Жұмысқа жетуге кететін уақыт 30 минуттан асады

Ия 232,90 1,41 0,97 225,91

Жоқ 165,18 0,69 113,97

2.9 Қосымша жұмыс атқарады Ия 298,96 2,84 1,25 373,70

Жоқ 105,26 0,32 33,68

3.0 Әлеуметтік-психологиялық себептер

3.1 Диетаны сақтамайды Төмен деңгейде 255,00 2,58 1,07 272,85

Жоғары деңгейде 98,84 0,41 40,52

3.2 Дене тәрбиесімен айналысу Айналыспайды 448,59 4,32 1,88 843,34

Айналысады 103,84 0,44 45,69

3.3 Апталық және жылдық демалысын ұйымдастыру

Ұйымдастыра алмайды 405,88 4,27 1,70 690,00

Ұйымдастыра алады 95,12 0,39 37,09

3.4 Дәрігердің тапсырмасын орындау Орындамайды 415,93 4,05 1,74 723,72

Орындайды 102,69 0,43 44,15

3.5 Майлы тағамдарды көп

қабылдайды Ия 365,92 2,89 1,53 559,85

Жоқ 126,61 0,53 67,10

3.6 Созылмалы аурудың асқынуна

байланысты дәрігерге қаралуы Дәрігерге бірден көрінбейді 229,28 1,35 0,96 220,11

Дәрігерге бірден көрінеді 169,83 0,71 120,58

3.7 Алкоголге көз қарасы Қабылдайды 426,07 4,10 1,79 762,67

Қабылдамайды 103,92 0,43 44,68

3.8 Темекіге көз қарасы Шегеді 305,48 3,22 1,28 391,01

Шекпейді 94,86 0,39 36,99

4.0 Медициналық-биологиялық себептер

4.1 Семіздік Ия 427,29 4,76 1,79 764,84

Жоқ 89,76 0,37 33,21

4.2 Бүйрек аурулары бар Ия 419,10 4,04 1,76 737,62

Жоқ 103,74 0,47 48,75

4.3 ЖҚАЖА алып келетін тұқым

қуалағыштық себептер Ия 418,54 4,91 1,76 736,63

Жоқ 85,24 0,36 30,68

∑ Барлық жиынтықтар (∑) Қатерлі себептер саны

(R) - 25 (∑РСҚКм)

237,90 Кестедегі мәліметті деректерге қарағанда ЖҚАЖА

туындауына алып келетін қатерлі себептердің ең жоғары деңгейі белсенді әсер етуге болатын себептерден түзелген. Осы аурулардың арасында қан айналу жүйесі ауруларынан туындайтын мүгедектіктің алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды белсенді ұйымдастыру қажет. Алайда қатерлі себептері жиі кездесетін кардиологиялық

аурулар арасында ұйымдастырылатын

профилактикалық шаралардың сапасы мен тиімділігін сараптамалық бағалау, бұл ауруларға емдеу- профилактикалық ұйымдардың медициналық қызметкерлері жөнді көңіл бөлмейтіндігін көрсетті.

Басқаша айтқанда, қан айналу жүйесі патологиялары бар ауруларға көрсетілетін заманауи емханалық және стационарлық медициналық көмектің сапасын арттырып, санаторлық-курорттық ұйымдарда

реабилитациялық шараларды ұйымдастыруды барынша жетілдіру қажеттігі өте өзекті мәселеге айналып отыр. Зерттеу барысында қан айналу жүйесі патологиялары бар аурулардың 49,28+3,32%-на диагноз кеш қойылып, диспансеризация шараларының сапасының төмен болуы және сапасыз емдемеудің салдарынан олардың мүгедекке айналуына себеп болуда. Қазақстан республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің қан айналу жүйесі патологиялары бар ауруларға көрсетілетін арнайы медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларын белсенді қолға алуы, көптеген ұйымдастырушылық шараларды жүзеге асыруға алып келді.

Әрбір жеке тұлғалардың мүгедектікке шалдығу мүмкіндігін болжамдау үшін болжамдық индекстің ең төменгі және жоғарғы шектерін анықтадық (2 кесте).

2 кесте. Жүрек – қан айналу жүйесі ауруларынан туындаған мүгедектік оқиғасының даму мүмкіндігін анықтайтын болжамдық индекстердің шеткі мағыналары

(Table 2. Extreme values of prognostic indices that determine the possibility of developing disability due to diseases of the cardiovascular system).

Қатерлілік себептердің

қауыптілік шегі Болжамдылық индекстің

интервалы Мүгедектіктің дамуын анықтайтын болжамдық индекс интервалының мағынасы

Төмеңгі интервал 45,00 - 290,00 Қауыпсіз

Жоғарғы интервал 291,00 - 535,00 Қуыпті

1. болжамдық индекстің ең төменгі шегін табу үшін қатерлі себептердің минималдық деңгейлерін бір біріне қосып, олардың жалпы санына бөлу керек, ∑ Х min ═ ( Х min1 + ... Х min 25 ) : 25 ═ (36,26 + 24,65+ 40,14 + 34,85 + 46,11+ 27,84+ 32,00 + 53,19+ 42,95+ 27,91+ 12,45 + 44,50+ 113,97 + 33,68 + 40,52+ 45,69+ 37,09+ 44,15+

67,10+ 120,58 + 44,68+ 36,99+ 33,21+ 48,75+ 30,68): 25

═1125 :25 ═ 45 балл.

2. болжамдық индекстің ең жоғарғы шегін табу үшін қатерлі себептердің максималдық деңгейлерін бір біріне қосып, олардың жалпы санына бөлу керек

∑ Х max ═ (Хmax1+...Х max25) : 25 ═ (762,30+171,62+157,02+174,09+781,59+409,75+897,00+3 47,65+738,97+356,58+516,91+747,50+225,91+373,70+272 ,85+843,34+690,00+723,72+559,85+220,11+762,67+391,0 1+764,84+737,62+736,63):25═535,00 балл.

3. болжамдық индекстің орта шамасын анықтау үшін қатерлі себептердің максималдық және минималдық деңгейлерін бір біріне қосып, олардың жалпы санына (50) бөлу керек ∑ Хmed ═ (∑ Х min + ∑ Х max ):50 ═ (1125+13364):50═ 291 балл. Болжамдық индекстің мүгедектік туғызбайтын денсаулыққа жайлы интервалы 45,00-290,00 болып шықса, ал мүгедектіктің шығу қауыптілігі бар болжамдық индекс интервалы 291,00-535,00 баллды құрады.

Болжамды индексті қолданып, ауруда ЖҚАЖА асқынуынан мүгедектіктің қалыптасу қатерлілігі мынандай жолмен анықтайды. Мысалыға, зерттелген аурудың білімі жоғары (36,26), отбасысының материалдық қамтамасыз етілуі жақсы (24,65), отбасылық жағдайы реттелген (40,14), тұрмыстық жағдайы жақсы (34,85), үйі орталықтандырылған канализация мен жылумен қамтылмағанған (781,00), тұрғын аумақтың ауасы ластанған (409,75), жұмысы физикалық ауыртпалықты орындаумен байланысты (879,00), жұмыс орны кәсіби зиянды заттармен және аллергендермен ластанбаған (53,19), жұмыс жүйке- эмоциялық жүктемелермен байланысты (738,97), жұмыс жағдайы қанағаттанарлық (27,91), жақын орналасқан медициналық ұйымның қашықтығы 4 километрден кем емес (516,91), медициналық ұйымда кардиолог бар (44,50), жұмысқа баруға кететін уақыт 30 минуттан кем (113,97), қосымша атқаратын жұмысы жоқ (33,67), диетаны сақтамайды (272,85), дене тәрбиесімен айналыспайды (843,34), күнделікті және жылдық демалысын ұйымдастыра алмайды (690,00), дәрігердің тапсырмасын орындайды (44,15), ЖҚАЖА алғашқы белгілері көрініс бергенде дәрігерге бірден қаралуы (120,58), арақ ішпейді (44,68), темекі тартпайды (36,99), семіз (764,84), бүйрек ауруы жоқ (48,75), семіз (764,84), ЖҚАЖА алып келетін тұқым қуалағыштық себептер жоқ (30,68). Мысалы, Жүсіпов Ысқақ Тоқпанұлының жүрек қан айналу жүйесінің ауруына алып келген қатерлі себептерінің индексін анықтау барысында алынған нәтиже:

∑Х/∑ОR=(36,26+24,65+40,14+34,85+781,00+409,75+879 ,00+53,19+738,97+27,91+516,91+44,56+113,97+33,68+27 2,85+843,34+690,00+37,09+44,15+120,58+44,68+36,99+7 64,84+48,75+30,68):25=265,99.

Қол жеткізген болжамдық индекс 265,99 баллды құрады. Оның деңгейін 2 кестедегі болжамдық индекстің мағынасымен салыстырғанда қауіпсіз

интервалдың жоғарғы деңгейінде екендігін көрсетті.

Ұсынылған әдістемесінің көмегімен кез келген жүрек–

қан айналу жүйесінде ауруы бар адамның мүгедектікке ұшырау мүмкіндік дәрежесін тез анықтап, осы аурудың жеке басына төнген мүгедектікке ұшырау қауіптілігіне қарсы нақты әлеуметтік-медициналық шараларды ұйымдастыруға жол ашылады. Бұл болжамдық индекстің құрамында бірнеше салмақты қатерлі себептер болуы мүмкін. Мысалы, Жүсіпов Ысқақ Тоқпанұлының жүрек қан айналу жүйесінің ауруына алып келуі мүмкіндігі бар қатерлі себептерінің ішінде:

үйі орталықтандырылған канализация мен жылумен қамтылмағанған (781,00 балл), тұрғын аумақтың ауасы ластанған (409,75), жұмысы физикалық ауыртпалықты орындаумен байланысты (879,00), жұмыс жүйке- эмоциялық жүктемелермен байланысты (738,97), жақын орналасқан медициналық ұйымның қашықтығы 4 километрден кем емес (516,91), диетаны сақтамайды (272,85), дене тәрбиесімен айналыспайды (843,34), күнделікті және жылдық демалысын ұйымдастыра алмайды (690,00), семіздік (764,84) сияқты себептер орын алған. Құрастырылатын әлеуметтік-гигиеналық шаралар бірінші кезекте бетін қайтаруға болатын себептерге қарсы жасалынуы тиіс. Сонда ғана қолданылған шаралардың тиімділігі өз нәтижесін береді. 1 схема-да ЖҚАЖА шалдыққан Шымкент қаласы тұрғындарының арасында жүргізі-летін дифференциалдық профилактика жүйесінің ұйымдастыру және жүргізу моделі келтірілген. Оны жүзеге асыру үшін аймақтағы тұрғындар арасында мақсатты профилактикалық тексеру жүргізу керек. Оған міндетті түрде терапевт, кардиолог, ревматолог қатысуы керек. Ұсынылған модельге сәйкес бастапқыда ЖҚАЖА мен оны туындататын қатерлі себептері бар ауруларды анықтап алады. Сондықтан тұрғындардың арасында социологиялық сауалнама жүргізеді. Сауалнамада барлық 25 қатерлілік тудыратын себептер бойынша сұрақтар қамтылған.

Жиналған сұрақнамалар бойынша салыстырмалы қатерлілік көрсеткіші және болжамдылық индексі анықталады. Болжамдық көрсеткіш пен болжамдылық индекстің мағынасын салыстыра отырып, олардың арасында мүгедектік туындау мүмкіндігі бар адамдарды белгілейді. Мақсатты профилактикалық тексеру барысында патологиялық өзгеріске ұшыраған органдардың қызметтік ауытқу дәрежесін анықтау үшін лабараторлық-инструменталдық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде эндоскопия, допплер- эхокардиография, электро-кардиография және әрбір диспансерлік бақылау тобына тиесілі лабороторлық зерттеу жұмыстары жүзеге асырылады. Осының арқасында ЖҚАЖА даму деңгейі мен жүректе орын алған қызметтік ауытқулардың дәрежесі анықталады.

ЖҚАЖА арасында жүргізілетін дифференциалдық профилактика жүйесі мен медициналық-әлеуметтік көмек моделіне сүйене отырып біз диспансерлік бақылауға алу барысында қалыптастыратын төрт топ құрастыруды ұсындық: I топқа - ЖҚАЖА-дан мүгедектік оқиғасының туу қауптілігі жоғары, қатерлі себептері көп адамдар жатқызылды.

Олардың арасында жүргізілетін шараларға: а) салауатты өмір сүру салтын насихаттау; б) санитарлық

Original article Science & Healthcare, 2022 (Vol. 24) 1

мәдениетті насихаттау; в) өз денсаулығын сақтауға жауапкершілікті арттыру; г) міндетті түрде кардиологтың кеңесі қарастырылуы жатады.

II топқа - 1-2 дәрежедегі ЖҚАЖА жатады. Олардың арасында алғашқы профилактикалық пен фармакотерапиялық емдік шаралар жүргізіледі.

III топқа - 1 және 11 топтағы мүгедектер жатады.

Олардың арасында алдыңғы топтағыларға жасалған медициналық-профилактикалық көмекпен қатар, қосымша реабилитациялық шаралар жүзеге асырылады. Оның қатарында: а) рецидивке қарсы фармако-терапиялық шаралар; б) үй жағдайында

медбикенің және әлеуметтік сала қызметкерінің көмегін ұйымдастыру; в) тегін дәріменен қамтамасыз етуді қатаң сақтау шаралары жатады.

IV топқа – жүрек –қан айналу жүйесі қызметінде декомпенсациясы бар I топтағы мүгедектер жатады.

Бұл ауруларға үй жағдайындағы стационар ұйымдастырып, тоқтаусыз дәрігерлік бақылау орнату қажет. Олар медбике мен әлеуметтік қызметкердің көмегіне үнемі мұқтаждық көреді. Соңында міндетті түрде емдік–профилактикалық, реабилитациялық және медициналық әлеуметтік көмектің тиімділігін анықтау қажет.

Схема 1. ЖҚАЖА арасында жүргізілетін дифференциалдық профилактика

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР