ЭКОНОМИКАСЫНДА ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
9.4. Әлеуметтік тҧрақтылықтың қалыптасуы және жҧмыспен қамтудың ӛзгерістерінің тенденциялары
Әлемдік дамудың тәжірибесі халықты жұмыспен қамтудың тиімділігін қамтамасыз ету мен жұмыссыздықтың етек жаюына жол бермеу әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі факторының бірі екенін кӛрсетеді. Нарықтық экономикада жұмыссыздық жайлайды, ал оның деңгейі елдегі экономикалық ахуалға, экономикалық циклдің кезеңі мен бірқатар басқа да факторларға байланысты. Елдегі экономикалық қызметпен айналысатындар мен жұмыссыздардың арақатынасы да тиісінше ӛзгереді. Жұмыссыздықтың бой кӛтеруі экономикалық және әлеуметтік ӛмірді тұрақсыздандыратын фактордың бірі болып табылады. Қоғамның жұмыспен тиімді қамту мен жұмыссыздықтың салдарын жұмсартуға бағытталған іс-шаралар жүйесі кез келген елдің экономикасын мемлекеттік реттеудің міндетті элементіне айналды.
Қазақстанда жұмыспен қамту мен жұмыссыздық ресми статистикада қолданылатын келесі кӛрсеткіштердің негізінде бағаланады.
Экономикада жұмыс істейтіндер – қарастырылатын кезеңде тӛленетін жұмысты жалданып, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлерді тартып немесе тартпай табыс әкелетін жұмысты орындайтын; жұмыста әр түрлі себептермен болмаған (сырқаттану, демалыс, іссапар, қайта даярлау және т.б.); отбасы кәсіпорнында жұмыс орындайтын тұлғалар. Үй шаруашылығында
136
сатуға арналған (толықтай немесе ішінара) ӛнім ӛндірісі жӛніндегі жұмысты орындайтын тұлғалар да жұмыс істейтін болып саналады.
Жұмыссыздықты бағалауда бірнеше тәсілдеме пайдаланылады. Халықаралық еңбек ұйымының – ХЕҰ стандарттарына сәйкес жұмыссыздарға қарастырылатын кезеңде бір уақытта келесі бірнеше ӛлшемді қанағаттандыратын, яғни жұмыссыз (табыс алатын жұмысы); жұмыс іздеумен айналысатын; жұмысқа дереу кірісуге даяр халықтың экономикалық белсенділігін ӛлшеуге белгіленген жастағы адамдар жатады. Оқушылар, студенттер, зейнеткерлер мен мүгедектер, егер олар жұмыс іздеумен айналысып, жұмысқа кірісуге даяр болса, жұмыссыз ретінде саналады.
ХЕҰ анықтамасы жұмыссыздықтың негізінде алынған оның деңгейінің бағаларының әкімшілік сипаттағы факторлардан (мысалы, жұмыссыздарды есепке қою тәртібі белгіленетін заңнаманың қатаңдауы немесе жеңілдеуі) тәуелсіз алынған. Сонымен бірге ХЕҰ-ның анықтамасында жұмысты іздеу ұғымына кең түсініктеме берілген. Сонымен бірге іс жүзінде ХЕҰ- ның ӛлшемінің негізінде жұмыссыздықтың деңгейін халықты іріктеп сұрау процесінде респонденттердің еңбек нарығындағы ӛзін-ӛзін бағалауына сүйене отырып ӛлшеуге болады.
Қазақстанда жұмыссыздар саны жӛніндегі ақпаратты алу үшін 2001 жылдан бастап тоқсан сайын жүргізілетін халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеудің деректері пайдаланылады.
«Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы бойынша жұмыссыз деп жұмысқа жарамды жастағы, осы адамдарға байланысты емес себептермен еңбек қатынастарындағы емес, табысы (еңбек табысы) жоқ, сонымен қатар Жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздейтіндер ретінде тіркелген, жұмыс істеуге даяр және осы орган қолайлы жұмыс ретінде ұсыныс жасамаған адамдар саналады.
Мемлекеттік қызмет органдарында тіркелген жұмыссыздарға еңбекке қабілетті, жұмысы мен табысы жоқ (еңбек табысы жоқ), республиканың аумағында тұратын, тұратын жерінде қолайлы жұмыс іздеу мақсатында жұмыспен қамту орталығында тіркелген, жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа кірісуге даяр азаматтар жатады.
Экономикалық белсенді халыққа экономикалық қызметпен айналысатын (барлық жұмыс істейтіндер) және жұмыссыздардың жиынтығы жатады.
Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздардың жалпы санының (ХЕҰ стандарттарына сәйкес) қарастырылатын кезеңдегі экономикалық белсенді халықтың санына қатынасы (пайызда) ретінде анықталады.
Ресми жұмыссыздықтың деңгейі жұмыспен қамту қызметінде тіркелген жұмыссыздардың санының есепті жылдың соңындағы экономикалық белсенді халықтың санына қатынасы (пайызда) ретінде анықталады.
Жұмыссыздықтың бірнеше себебі болады. Біріншіден, жұмыссыздықты туындататын ӛте маңызды фактордың біріне капиталдың табыстылық шектеуімен қарама-қайшы келетін ұлғаю тенденциясы жатады. Еңбектің бағасының ӛсуі табыс пен капиталдың ұлғаю жылдамдығын тӛмендетеді, сондықтан еңбекті үнемдейтін технология енгізіп, еңбекақының осы деңгейін алып жұмыс істейтіндердің санын қысқарту қажет болады. Осы қарама-қайшылықты еңбекақыны тӛмендету арқылы да тегістеуге болады, алайда осы шара тым шектеулі және жұмысыздықтың нақты себептерін жоя алмайды.
Екіншіден, кез келген нарықта сұраныс пен ұсыныс үйлеспейді. Еңбекке деген сұраныстың тӛмендеуі немесе артуы жұмыссыздар санының азаюы мен кӛбеюіне міндетті түрде әсер етеді.
Нарық жағдайында ӛндірістің құрылымында ӛзгерістер орын алып, кәсіпорынның жағдайының белгілі бір кезеңдерде нашарлап, олардың банкрот болуы да ықтимал, осының барлығы жұмыссыздық деңгейін ӛзгертеді. Еңбек нарығына келетін қызметкерлердің ағыны (еңбек ұсынысы) да ӛзгереді.
Қайта құрудың бірінші кезеңінде жұмыссыздықтың ӛсуіне ықпал еткен факторларға ӛндірістің түсуі және халық шаруашылығы құрылымының ӛзгеруі сияқты факторларды атауға болады. Жұмыссыздың әр алуан түрлері осы ӛзгерістерге ӛзінше ден қойды.
Ӛтпелі экономикадағы еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың теңдігі тұрақты болмай, керісінше, еңбек нарығының құрылымы үнемі ӛзгергендіктен, жұмыссыздықтың жалпы құрылымында уақытша (фрикциялық) немесе ағымдағы жұмыссыздықтың ӛзіндік салмағы аз.
Іскерлік белсенділіктің кезеңді түрде тӛмендеуіне орай айналсоқпа жұмыссыздық ӛндірістің жалпы түсуінің салдарынан еңбекке сұраныстың тӛмендеуіне байланысты жұмыссыздықтың жалпы деңгейіне айтарлықтай әсер етті.
Жұмыссыздықпен және жұмыспен қамтудың динамикасына құрылымдық жұмыссыздық ӛте ықпал етті. Жұмыссыздықтың осы нысаны сұраныстың құрылымы мен еңбек нарығында
137
ұсынылатын жұмыс күшінің құрылымының ара-сындағы сәйкестікті бұзатын ӛндірістің құрылымының ӛзгеруімен тікелей байланысты. Осы себептерге байланысты осы нысаннан үнемі жұмыссыздық қаупі тӛнеді. Босатылған жұмыс күшін басқа, ӛсіп келе жатқан салаларда пайдалануға болады, алайда жаңа кәсіпке бейімделу үшін уақыт пен шығын қажет.
Жұмыссыздықтың осы нысанының ауқымында ӛңірлік фактор маңызды рӛл атқарады.
Жекелеген ӛңірлердегі жұмыссыздықтың ұлғаюын кӛші-қонмен жоюға болады, алайда басқа ӛңірде жұмыс күші жетіспеген уақытта, осы кезеңде осы ауданда жұмыссыздық байқалатын кӛші- қонға да кӛп уақыт қажет болады. Егер осы ӛңір ӛндірісі күрт қысқарған ӛнімге маманданған жағдай одан сайын шиеленіседі.
Қазақстанда трансформацияның басында ӛңірлердің жағдайының әр түрлі болуына орай ӛңірлердегі еңбек нарықтарының жағдайы да ерекшеленеді. Кеңес дәуірінде қалыптасқан ӛңірлердің демографиялық, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, саяси ерекшеліктеріне байланысты, олар жаңа жағдайдағы экономикаға әрқалай бейімделді, сол себептен осы ӛңірлердегі жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың деңгейі де әр түрлі болды. Тұрғын үй нарығы жеткіліксіз дамыған жағдайда және халықтың кӛші-қонымен байланысты жұмсалған шығындардың салдарынан ӛңірлік деңгейдегі еңбек нарықтарында тұрақты айырмашылықтар ұзақ уақыт бойы сақталды. Соңғы жылдары ӛңірлік еңбек нарықтарындағы жағдай әжептәуір жақсарса да, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтӛбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында жұмыссыздықтың жоғары деңгейі әлі де сақталып отыр.
Жұмыссыздықтың динамикасына бірқатар басқа да ерекше жағдайлар әсер етеді. Жұмыс күшін ӛндірістен ығыстыратын себептердің ықпалының күшеюімен қатар, жұмыссыздықтың ӛзгеруіне кӛші-қон, сыртқы экономикалық факторлар, жұмыссыздықты тежеу саясаты ықпал етеді. Қазақстанда халықтың жалпы санында жастардың үлесі артып келеді және осыған байланысты жастардың арасындағы жұмыссыздық ӛзекті проблемаға айналып отыр. Соңғы жылдары жұмыссыз жастардың саны мен үлесінің қысқарғаны байқалса да, қаладағы жастар мен 16-19 жастағы жастардың арасындағы жұмыссыздық деңгейі жоғары деңгейі сақталып отыр, сондай-ақ жоғары және арнайы орта кәсіптік білімі бар жұмыссыздардың ӛзіндік салмағының артқаны байқалады. Осыған байланысты еңбек нарығының мұқтажы мен мамандар даярлаудың құрылымының теңгерімсіздігінің проблемасын шешу, жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектерін жұмысқа орналастыруға кӛмек беру, олардың жұмыс берушілермен байланысын күшейту қажет. Экономикалық ӛсуге кӛшу үшін жұмыссыздықтың құрылымдық түрлерін азайтып, оның деңгейін тұрақтандырады.
Жұмыссыздықтың жоғары деңгейінде әлеуметтік тұрақты экономикалық жүйе құру мүмкін емес. Жаңа экономикалық жүйе қоғамның жұмыссыздыққа бақытсыздық деп қараған кӛзқарасын қайта бағалауды, бірінші кезеңнің кемшіліктерін еңсеріп, жұмыссыздықты қысқарту жӛніндегі шараларды жүзеге асыруда қажет етеді.
Жҧмыспен қамту нысандарының кәсіпкерлік қызметпен байланысты жедел дамуы.
Меншік нысандарын ӛзгеруіне, кәсіпкерлік қызметтің жаңа нарық институттарының пайда болуына байланысты жұмыспен қамтудың құрылымында да нарық жүйесі қалыптаса бастады.
Ӛтпелі экономиканың негізгі тенденциясы – экономиканың жеке меншік секторында жұмыс істейтіндердің санының артуы.
Жҧмыспен қамтудың салалық қҧрылымының ӛзгеруі. Қазақстанның ӛтпелі экономикасына тән ӛнеркәсіптің бірқатар салалары мен инвестициялық ортада бірінші кезеңде орын алған ӛндірістің түсуі жұмыс күшінің салалардың арасында бӛлінуіне әсер етпей қалмады.
Нәтижесінде 90-жылдары жұмыспен қамту салалық құрылымы сауданың, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық пен тұрмыстық қызмет кӛрсету, қаржы және сақтандыру, басқару органдары мен на-рықтық экономиканы қалыптастыру және оған қызмет кӛрсетумен байланысты кейбір басқа салалардың жағына ӛзгерді.
Аталған тенденцияларды біркелкі бағалауға болмайды. Қызмет кӛрсету саласында жұмыспен қамтудың ӛсуі мен индустриялық секторда оның қысқаруы жалпыәлемдік тенденциямен үйлеседі және қазақстандық экономиканың жаңғыртылуы мен тӛлемге қабілетті сұраныстың ӛнеркәсіптен қызмет кӛрсету саласына ойысқанын растайды. Алайда кадарлардың құрылымының нашарлап, жоғары технологиялық ӛндірісте, ғылым саласында жұмыс істейтіндердің санының қысқаруын оң бағалауға болмайды. Әсіресе бұрын техникалық прогресті қамтамасыз ететін ірі және орта кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің саны жылдам қысқарды.
Экономикалық ӛсуге кӛшу үшін бұрын қалыптасқан тенденцияларды еңсеру қажет. Қазіргі уақытта осындай іс-шараларды мемлекет ойдағыдай жүзеге асыруда.
138
Еңбек қатынастарының қарама-қайшылығы мен әлеуметтік тҧрақтылығы. Ӛндіріс кӛлемінің ӛте тӛмендеуі, экономикалық жағдаяттың кезең-кезеңмен шиеленісуі, тоқыраулы дағдарыстық құбылыстардың орын алуы – осы және басқа да факторлар әлеуметтік-еңбек қатынастарының тұрақтылығына қауіп тӛндіретіні белгілі. Мәжбүрлі жұмыссыздықты ӛтейтін мемлекеттік механизмдер мен ресурстардың болмауынан жұмыс орнын жоғалту тәуекелі қоғамдағы барлық қарама-қайшылықтарды шиеленістіреді. Жұмыссыздық саласындағы осы қарама-қайшылықтарды шешетін тәсіл ретінде қалыптасқан жағдайға бейімделудің әр түрлі нысандары қарастырылады.
Бүкіл қайта құру кезеңінде қазақстандық еңбек нарығында экономиканың терең құлдырағанына қарамастан, республикада халықты жұмыспен қамтудың біршама жоғары әрі тұрақты деңгейі сқаталып отыр, ал жұмыссыздық деңгейі құлдыраудың тереңдігімен салыстырғанда біршама шамалы деңгейден аспады, сондай-ақ ресми тіркелетін жұмыссыздықтың деңгейі де шамалы.
Қазақстандық еңбек нарығы трансформация жағдайына бірінші кезеңдегі әлеуметтік тұрақсыздықты тегістеуге мүмкіндік берген бірқатар бағыттарда бейімделді. Осы бейімделу нысандары (механизмдері) қазіргі кезеңде де белгілі бір шамада қолданылады.
Біріншіден, қызметкерлерді игіліктің осы мӛлшерін ӛндіру үшін тиімді пайдалану мүмкін болмағандықтан, жұмыс күшінің толық емес жұмыс уақытын пайдалану кең таралған.
Трансформацияның бірінші кезеңінде осы нысан жұмыспен толық қамтылмауымен үйлестіріліп кең пайдаланылды. Жұмыспен толық қамтылмаудың кәсіпорын әкімшілігінің бастамасымен мәжбүрлі, тӛленбейтін (немесе ішінара тӛленетін) демалыстар мен толық емес жұмыс уақыты режимін қолдану сияқты екі нысаны ӛте дамыды. Жұмыспен толықтай қамтылмау қатаң кредит- ақша саясатының жүргізілуінің салдарынан кәсіпорындардың банкрот болып, қызметкерлердің жаппай босатылуына байланысты жылдам ӛсті. Сондықтан жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін тиімділігі шамалы ӛндірістерге қолдау кӛрсетілді.
Жұмыссыздың мәртебесі тіршілік етудің қажетті деңгейін қамтамасыз етпей, кәсіпорынмен жасалатын байланысты үзуіне, ал ресми жұмыспен үйлестірілетін екінші және үшінші жұмыс бірқатар жағдайда ақшалай табысты арттыруына байланысты қызметкерлер кәсіпорыннан жұмыстан шықпайтындықтан, жұмыспен қамтудың осы нысаны әлі де сақталып отыр.
Жалпы жұмыспен толықтай қамтылмау экономикада тоқырау құбылыстарының қордалануына себеп болатын фактор және тиімсіз жұмыс орындарының сақталуына, ресми жұмыспен қамтылған халықтың нақты табысының кемуіне, жоғары ӛнімді еңбекке деген ынтаға нұқсан келтіруге, сондай-ақ ӛндірісте құрылымды дамытуды қиындатуға, пайдасыз ӛндірістерді жеңілдікпен қаржы-ландыру есебінен инфляцияны кӛтермелеуге әсер етеді. Сондықтан егер бірінші кезеңдегі жұмыспен толықтай қамтылмау кәсіпорындардың еңбек әлеуетінің сақталуына ықпал ететін экономикалық қиындықтарға кәсіпорындардың бейім-делуінің айрықша механизмі, сондай-ақ тұрақсыздық жағдайында ӛндірістік қуаттарды резервтеу нысаны ретінде болса, қазіргі кезеңде жұмыспен қамту факторы – тұрақсыздандыратын факторға айналды. Жұмыспен толық қамтылмауды қысқарту – жаңа жағдайда әлеуметтік тұрақтылыққа кӛшудің маңызды бағыты.
Екіншіден, жұмыспен қайталама қамтылу де кең тарады. Жұмыспен қайталама қамтылу деген екі немесе одан да кӛп жұмыс орнында немесе негізгі жұмыс орнында қос қызмет атқаруды білдіреді. Ӛмір сүрудің тӛмен деңгейі мен оған ықпал ететін жұмыспен толық қамтылмау салдарынан адам табыс деңгейін сақтау мақсатында екінші жұмыс орнын іздестіреді. Халықтың қосымша жұмыс орнын іздеу қызықты жұмыс, кепілдігі жоғары жұмыс сияқты жұмыс орнының сенімсіз сипаттамаларымен байланысты.
Қосымша жұмыс нысанындағы қызмет түрлері арасында басқа кәсіпорында қос қызмет атқару, халыққа келісімшарт бойынша құрылыс салу, жӛндеу, тігін тігу, кәсіби қызмет бойынша қызмет кӛрсетумен байланысты қызметтер кең таралған. Жүргізілген зерттеулер білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, адамдар қосымша еңбекақыны солғұрлым жылдам табатынын кӛрсетеді.
Негізгі жұмыс орнында еңбекақы неғұрлым жоғары болса, қосымша ақы да солғұрлым жоғары болады және керісінше, негізгі жұмыс орнындағы қызметкерлердің бәсекеге жоғары қабілеттілігі қосымша жұмыс табуда да оларға артықшылық береді, ал бейімделу әлеуеті тӛмен адамдардың қосымша жұмыс табу мүмкіндігі шектеулі.
Демек, егер жұмыспен толық қамтылмау жұмыссыздықтың ӛсуі мен жұмыс күшінің босатылуының салдары жеңілдетсе, қайталама жұмыспен қамтылу жұмыс күшінің ӛсіп-ӛнуін қамтамасыз етуге арналған табыстың жеткіліксіздігінің орнын толтырады.
139
Трансформацияның екінші кезеңіндегі қайталама жұмыспен қамтылудың ӛзгеру тенденциялары жұмыспен толық қамтылмаудың ӛзгеруінен гӛрі басқаша сипатталады. Халықтың нақты табысының ӛсуіне қарамастан 2000-2007 жылдар аралығында қайталама жұмыспен қамтудың ӛсуі жалғасты. Бұл жағдай әлеуметтік қызметтердің бағаларының, жұмыс күшінің ӛсіп- ӛнуінің барлық элементтерінің құнының, сонымен бірге тұрғын үй құнының ӛсуінің нәтижесінде халықтың бұдан да жоғары табыс алуға тырысуын білдіреді. Осының нәтижесінде негізгі жұмыс орнындағы еңбекақы деңгейінің еңбек ӛнімділігімен қоса ӛсу проблемасы ӛте сезіледі.
Үшіншіден, ресми емес жұмыспен қамтудың кең таралуы. Қазақстандағы еңбек нарығы ерекшелігінің бірі ретінде ресми емес, яғни заң жүзінде ресімделмеген еңбек қатынастарында еңбек ету, тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істеу немесе заң жүзінде ресімделмеген дербес экономикалық жұмыспен қамтуды атауға болады. Жұмыспен ресми емес қамту халыққа құрылыс салу, жӛндеу, кӛшеде сауда жасау сияқты қызмет түрлері арасында таралған. Жұмыс істейтін халық-
тың арасында ресми емес қызметпен кӛбінесе – жұмысшылар, ал қызметкерлер мен басшылар ең аз тартылған.
Жұмыспен ресми емес қамту бір жағынан, халықтың ӛмір сүру деңгейінің түсін тежейтін және еңбек нарығының жұмыспен қамту саласындағы институттарды бейімдейтін айрықша механизмнің рӛлін атқарады. Екінші жағынан, жұмыспен ресми емес қамту қазақстандық экономикадағы әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалмайтын аймақты кеңейтіп, қылмыстық құбылыстар кӛбейіп, таралатын тұрақты базаға айналады. Ресми емес экономикалық қызмет табысты жасыруға әкеп соқтырады, осының салдарынан мемлекет бюджеттік қаражатты толықтай алмайды. Ол кӛбінесе экономиканың ашық секторынан тыс тіршілік етсе де осы сектормен тығыз байланыс жасайды. Нәтижесінде жұмыс беруші еңбек заңнамасы тұрғысынан алып қарағанда ешкім бақыламайтын нарықтағы деңгейден біршама асатын еңбекақы тӛлеуі мүмкін. Осының мысалы
ретінде еңбекақы «қаралай қолма-қол ақша» еңбек қатынастарының жүйесін жатқызуға болады, ал осы жайттың ӛзі сол қызметкерлердің жағдайын біршама нашарлатады. Жалпы алғанда ресми емес жұмыс халықтың табысының деңгейі мен жұмыспен қамтудың жай-күйіне әсер ететін елеулі фактор болып қала береді. Жұмыспен қамтудың осы нысанының жою немесе қысқартудың қиындығы кәсіпкерлермен де, сондай-ақ қызметкерге қатысты кӛптеген факторлармен байланысты. Іс жүзінде шынайы әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастыру үшін жұмыспен қамтудың осы нысанын біршама қысқарту керек. Осы орайда ресми емес жұмыспен қамтуды, экономикадағы кӛлеңкелі қызметті қысқартатын институционалдық ортаны құру үшін тиімді әлеуметтік-экономикалық қаты-настардың дамыту бағытын ұстану қажет.
Тӛртіншіден, еңбек нарығы жұмыс күшінің икемділігі жеткіліксіз жағдайда қалыптасып отыр.
Еңбек нарығындағы кӛп процестер қызметкерлердің икемділік деңгейіне байланысты дамиды.
Жұмысты жұмылып істеу қызметкерлердің ӛндірістің ӛзгермелі жағдайына, еңбек функцияларының ауысуына, жұмыс істейтін жерге, біліктілікті арттыруға даярлыққа, жаңа кәсіпті игеруге бейімделу қабілеті, сондай-ақ еңбек ресурстарының экономикалық және географиялық кеңістікте қозғалуының нақты процестерінің жиынтығы.
Халықтың нарықтық экономикадағы икемділігінің деңгейі экономиканың дамуының динамикасымен және ерекшелігімен анықталады. Экономика кӛтерілген кезеңде қызметкерлер қозғала алатын ықтимал кеңістік кеңейіп, олардың икемділігін арттырады. Сонымен бірге халықтың икемділігініе экономиканың құрылымы ықпал етеді. Экономика саласында бір сектор мен салалардың пайда болып, оның ӛсуі, басқа салалардағы ӛндірістің түсуі жұмыс күшіне сұранысты ӛзгертіп, жұмыс күшінің салалардың арасындағы қозғалысына ықпал етеді. Халықтың қозғалуына себеп болатын факторларға еңбекақы мӛлшерінің күнкӛрістің ең тӛмен деңгейіне дейін тӛмендеуі, ӛмір сүру мен нақты табыстың, білім алу мен арнайы даярлық алу мүмкіндігінің арасындағы айырмашылықтар, халықтың еліміздің аумағында біркелкі орналаспауы да жатады.
Сырттай қарағанда икемділік адамның жұмыс орнын ӛзгерту мен ӛмір сүру жағдайын ӛзгертуінен байқалады. Алайда, шын мәнінде икемділік ӛзінің нысаны мен байқалу механизмі бойынша біркелкі емес элементтердің, еңбек ресурстарының түрлері мен тұрпаттарының, күрделі кешені болып табылады. Экономикалық икемділіктің келесі бірнеше түрі болады:
секторалдық икемділік, оған халықтың экономиканың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының кәсіпорындарының арасындағы қозғалысы кіреді;
салалық икемділік – қызметкерлердің бір немесе бірнеше салалардың кәсіпорындары арасында қозғалыстың ықтималы мен мүмкіндігі және қозғалысы;
140
кәсіптік-біліктілік икемділік қызметкердің осы кәсіпорында да, сондай-ақ басқа жұмыс орнына ауысқанда кәсібін, лауазымын, біліктілігін ӛзгертуімен байланысты;
аумақтық икемділік жаңа тұрғылықты жерге қоныс аударуды білдіреді.
Қызметкерлер бір жұмыс орнына жұмыстан кетіп, басқа жерге жалданғанда кәсіпорындардың, салалардың, ӛңірлердің арасындағы қозғалысы, яғни сыртқы еңбек нарығына шығуы сыртқы икемділікті білдіреді.
Ішкі немесе фирма арасындағы икемділік ішкі нарықта байқалады – бұл қызметкерлердің кәсіпорынның ішінде біліктілігі әр түрлі жұмыс орындарының, құрылымдық бӛлімшелердің лауазымдық мәртебесі, жұмыспен қамтылу тәртіптерінің арасындағы қозғалысы.
Икемділіктің барлық осы түрлері мен нысандары ӛзара байланысты. Олардың арасындағы шекаралар да ӛзгереді, кейде шартты болып табылады, осының барлығы әсіресе ӛтпелі экономикаға тән қасиет.
Қазақстанда еңбектің икемділігінің сан алуан түрлері әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың арасындағы, жалдамалы еңбек салаларының, кәсіпкерлік қызмет пен ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтудың, жариялы және ресми емес жұмыспен қамтудың арасындағы қозғалыста да байқалады.
Қызметкерлерді жалдау мен олардың жұмыстан кету коэффициенттерінің сомасы ретінде анықталатын жұмыс күшінің айналымының коэффициенті еңбекке икемділіктің негізгі кӛрсеткіші болып табылады.
Алайда жұмыс күші айналымының коэффициенті жалғыз еңбек нарығындағы прогрессивтік ӛзгерістерді нақты кӛрсетпейді. Қазақстандық экономикада жұмыс орындары айналымының тиімділігі әлі де тӛмен. Еңбек нарығы ӛте кӛп сегменттерден (ӛңірлер, кәсіптер, біліктілік деңгейі, жұмыс ӛтілі және т.б. бойынша) құралады, олардың арасындағы байланыс ӛте күрделі, сонымен бірге ӛңірлердің еңбек нарықтарының айырмашылықтары да жоқ емес. Икемділіктің шектеулігі қол жеткізімді тұрғын үйдің болмауымен, жоғары кӛлік шығындарымен, қала құрайтын кәсіпорындары бар елді мекендердің кӛп болуымен, еңбек ресурстарының біркелкі бӛлінбеуімен және т.б. байланысты. Трансформацияның қазіргі кезеңінің негізгі міндеті – мәселелері шешімін тауып келе жатқан еңбек кӛші-қонын кӛтермелейтін жүйенің негіздерін құру.
Сӛйтіп, әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастыру үшін еңбекақы тӛлеу де, сонымен бірге халықты жұмыспен қамтудағы бірқатар қарама-қайшылықтарды шешу қажет. Сондықтан әлеуметтік-еңбек қатынастарының барлық жақтарына ықпал ету, сонымен бірге кәсіпкерлер мен жалдамалы қызметкерлердің ӛзара ықпалдасу нысанын іздеу арқылы әлеуметтік тұрақтылықтың кешенді мәселелерін мемлекеттік реттеу шараларын әзірлеуге қатысты мәселені шешпей болмайды. Осыған байланысты еңбек нарығы мен әлеуметтік әріпестікке мемлекеттік ықпал етудің әдістері қолданылады.
Еңбек нарығының мемлекеттік реттеу әдістері
Әлемдік тәжірибе кӛрсеткендей, мемлекет басқа нарықтармен салыстырғанда еңбек нарығында жан-жақты іс-қимыл жасайды. Бұл түсінікті де, ӛйткені жұмыс күшінің иесі – азаматтар, мемлекет олардың мүдделерін қорғауы тиіс. Мемлекет нарық жұмыс істемегенде немесе қоғамда таралған әділдік туралы түсінікпен үйлеспейтін салдарға әкеп соқтырған жағдайда нарықтық қатынастардың барлығына араласады. Нарықта ерікті түрде мәміле жасаудың кӛмегімен қол жеткізуге болатын нарықтық реттеумен салыстырғанда мемлекеттік реттеу ресми ұйғарым мен ұсыныстарға негізделеді. Еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеу жүйесінің қалыптасуы соғыстан кейінгі жылдары аяқталды. Үкіметтердің, кәсіподақтар мен кәсіпкерлердің ӛкілдері қатысқан Халықаралық еңбек ұйы-мының конвенциялары мен ұсыныстары осы процесте маңызды рӛл атқарды. Конвенцияның нормалары мемлекеттік деңгейде ратификацияланған жағдайда ғана олар ХЕҰ-на мүше-елдің ұлттық заңнамасы үшін міндетті заңдылық күші болады. Ал ХЕҰ-ның ұсыныстары ратификацияланбайды, алайда ұлттық заңнаманы әзірлегенде маңызды рӛл атқарады.
Мемлекет еңбек нарығында еңбекақыны, жұмыспен қамтуды, жұмыс тәртібі мен жағдайын реттеу бағытында жұмыс істейді. Еңбекақы тӛлеу еңбекақы жӛніндегі негізгі мемлекеттік кепілдіктің :
ең тӛмен еңбекақының мӛлшері;
нақты еңбекақы деңгейінің ӛсуін қамтамасыз ететін іс-шаралар;
жұмыс берушінің ӛкімі бойынша еңбекақыдан ақша ұстаудың негіздері мен ұсталатын ақшаның мӛлшерінің тізбесін, сондай-ақ еңбекақыдан алынатын табысқа салынатын салықтың кӛлемін шектеу;
заттық нысандағы еңбекақыны шектеу;
141
жұмыс беруші қызметін тоқтатқан немесе ол тӛлемге қабілетсіз болған жағдайда республикалық заңдарға сәйкес қызметкердің еңбекақы алуын қамтамасыз ету;
еңбекақының толық әрі уақытылы берілуін және еңбекақы тӛлеу жӛніндегі мемлекеттік кепілдіктердің іске асырылуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау;
жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, заңдарда, ӛзге де нормативтік құқықтық актілерде, ұжымдық шарттарда, келісімдерде белгіленген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілігі;
еңбекақы тӛлеудің мерзімдері мен кезектілігі сияқты нысандары арқылы реттеледі.
Еңбекақы саласындағы қолданылатын заңнамада белгіленген кепілдіктерге, сондай-ақ еңбекақы жүйесін қолдану ережесін, сондай-ақ қалыптыдан басқа жағдайларда жұмыс істегені үшін қосымша ақының кепілді мӛлшері жатады.
Ең тӛмен еңбекақы мӛлшері – жұмыс істейтін адамның ең тӛмен табысының ӛзіндік әлеуметтік кепілдігі.
Еңбекақының кӛрсетілген ең тӛмен мӛлшері еңбекақыны реттеу, сондай-ақ уақытша жұмысқа жарамсыздық жӛніндегі жәрдемақының мӛлшерін анықтау үшін ғана қолданылады. Осы кезең ішінде жұмыс уақытының нормасын істеген және еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің айлық еңбекақысы еңбекақының ең тӛмен мӛлшерінен аз болу мүмкін емес.
Бірқатар елдерде, бірінші кезекте, жұмыстан тыс уақытта жұмыс істегені және демалыс пен мереке күндері жұмыс істегені үшін еңбекақыға қосылатын кейбір үстемелер заңда реттеледі.
Осындай Заң Қазақстанда да бар. Мемлекет осындай шараларды қолдана отырып, біріншіден, қалыпты жұмыс уақытынан тыс орындалатын жұмыстың ұзақтығын шектейді, екіншіден, кәсіпкерлерді қосымша қызметкер жалдап, осылайша жұмыссыздықты қысқартуға ынталандырады.
Нарықтық экономика жағдайында еңбекақыларды индекстеусіз болмайды. Индекстеу бағалардың инфляциялық ӛскенде еңбекақының сатып алу қабілетін қолдау үшін қажет.
Жеке табысты реттеуді салықтар пәрменді реттеуші болып табылады. Кӛптеген елдерде салық жүйесінде табысты аз қамтылғандардың пайдасына қайта бӛлу қарастырылатын әлеуметтік әділдік қағидасы жүзеге асырылуы тиіс деп саналады.
Қазақстанда қазіргі кезеңде қолданылатын салық жүйесінде аталмыш қағида қолданылмайды.
2007 жылдан бастап табыс салығының жаңа шкаласы – 10% бірыңғай ставка енгізілді. Әлемдік тәжірибеге сәйкес әлеуметтік тұрақтылық экономиканың сараланған салық ставкаларға кӛшуіне орай дамитынын кӛрсетеді.
Жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шаралардың ықтимал жиынтығы ӛте кӛп, ең алдымен – олардың барлығы экономикалық ӛсу мен инвестициялық прогресті ынталандыратын іс-шаралар.
Мемлекет жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға тікелей де ынталандыра алады. Егер ол жұмыс беруішінің еңбекақыға жұмсайтын шығынының бӛлігін ӛтесе, онда бұл қаражат субсидия деп аталады. Ал егер мемлекет салық жеңілдіктерін берсе, онда олар жұмыспен қамтуды кӛтермелейтін салықтық жеңілдіктер деп аталады. Осы екі шараны қызметкерлерді жұмысқа жалдағанда немесе фирмаларда жұмыспен қамту деңгейі артқан жағдайда қолдануға болады.
Жұмыспен қамту жӛніндегі субсидиядар жалпы немесе атаулы, мақсатты болуы мүмкін.
Екінші жағдайда басқалармен тең мүмкіндігі жоқ азаматтардың белгіленген тобын жалдау, еңбекке жарамдылығы шектеулі адамдарды, біліктілігі тӛмен қызметкерлерді жалға алудың кӛтермелеу жӛнінде айтылады.
Экономикасы нарықтық елдерде жұмыс іздегенде консультациялық және ақпараттық кӛмек кӛрсететін, жұмыссыздарды оқытатын, оларға жәрдемақы тӛлейтін, ӛз ісін ашатын жұмыссыздарға қолдау кӛрсететін мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтері жұмыс істейді.
Қазақстанда осы рӛлді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты жұмыспен қамтитын функционалдық бӛлімшелер атқарады.
Қазақстандағы жұмыспен қамту саласындағы саясат жұмыссыздықтың ашық нысанына бейімделген. Мемлекет «жасырын жұмыссыздарды» қоса алғанда жұмыссыздардың барлық санаттарын қолдауға қатысты міндеттерді ӛзіне алмайды. Мұның ӛзінде халықты жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыруға, жұмыссыздарды әлеуметтік қолдауға, жұмыспен қамту органдарының жолдамасы бойынша кәсіптік бағдарлау мен психологиялық қолдауға, кәсіби даярлау мен қайта даярлауға, біліктілікті арттыру жӛніндегі қызметті тегін алуға, жұмыспен қамту органдары кәсіптік оқытуға жібергенде медициналық куәландырудан тегін ӛтуге, сонымен бірге жұмыспен қамту органдарының ұсынысы бойынша басқа жерге жұмысқа (оқуға) жіберуге байланысты материалдық шығынды ӛтеуге кепілдік беріледі.