• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Әлеуметтік қайта қҧрудың тҥбегейлі сипаты

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 85-91)

Қазақстан ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҦЛТТЫҚ ҤЛГІСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ТҦРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ

6.4. Әлеуметтік қайта қҧрудың тҥбегейлі сипаты

85

мӛлшерін бӛлу қажет болады, бұған аумақтық фактор да себеп болып отыр. Қазақстандық қоғам үшін қатынас құралдарының дамуы жолаушылар кӛлігі мен байланыстың тӛмен тарифтері экономикалық игілік емес әлеуметтік игілік болып табылады. Екіншіден, демографиялық және экологиялық жағдай, сондай-ақ дәстрлер мен табыс деңгейінің тӛмен болуына байланысты әйелдерді ӛндіріске тартуға мәжбүр етеді. Осының барлығы әйелдер мен ерлердің теңдігін ынталандыру, сондай-ақ ресурстарды бала тәрбиелеу жүйесін қолдау мақсаттарына қайта бӛлу жүйесін құруды қажет етеді.

Үшіншіден, ӛңірлерге бӛліну әлеуметтік құрылымның нарықтық жүйесінің ерекшелігіне жатады, сондықтан ӛңірлік әлеуметтік трансферттер әр түрлі болады.

Әлеуметтік қолдаудың отбасы нысандары, сонымен бірге кӛлеңкелі қызметтің болуы мемлекеттің игілікті бӛлу процесінің деңгейін азайтатын факторларға жатады.

86

Екіншіден, әлеуметтік бағдарланған аралас экономика қоғамның барлық мүшелерінің, яғни меншік иелері мен экономикалық субъектілерінің ӛміріне негізделеді. Осының мысалына экономика субъектілерін үйлестіретін негізгі тәсіл ретіндегі адамдардың қатынасы мен нарықтық қатынастар жүйесінің негізі ретіндегі жеке меншікке кӛшуді жатқызуға болады.

Үшіншіден, жұмыс күшінің ұдайы ӛндірісінің негізі де түбегейлі ӛзгерді. Егер бұрын жұмыс күші, еңбек тауар емес, ал жұмыс күшіне жұмсалатын барлық негізгі құрамдастар нарықтық емес жолмен қалыптасса, енді жаңа түрдегі әлеуметтік шаруашылықта жұмыс күшінің барлық негізгі элементтері нарыққа негізделеді. Осы ӛзгеріс қазіргі кезеңдегі ең негізгі қатынас ретіндегі нарықтық қатынастар жүйесіне кӛшумен байланысты орын алып отыр. Нарықтық қатынастардың қалыптасу шамасына қарай нарықтық қатынастар жұмыс күшін сатып алу мен сатуды, содан кейін адам әлеуетін қалыптастыратын барлық негізгі элементтерді қамтитын болады. Осыдан адами капиталға салынатын салымға негізделген әлеуметтік-экономикалық қатынастар туындайды.

Тӛртіншіден, мемлекеттің әлеуметтік тұрақты экономиканы қамтамасыз ететін рӛлі айтарлықтай тарылады. Егер мемлекет азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етудегі қамқорлық жасап, жалпыға бірдей кепілдік берсе, енді азаматтардың қызметтің нәтижесі үшін әлеуметтік жауапты болуы тиіс деген қажеттіліктен туындайтын ұтымды кӛзқарас қалыптасады. Егер бұрынғы жүйеде бюджет қаржыландырылса, енді жаңа жүйеде әлеуметтік дамуды қаржыландыру кең салалы тәсілдемеге негізделеді.

Сонымен бірге әлеуметтік тұрақты экономика, бұрын айтылғандай, мемлекеттің әлеуметтік секторын, әлеуметтік қорғау жүйесі мен әлеуметтік кӛмекті нарықтың қосымшасына айналдыруға немесе оның кемшіліктерін жоюға тиіс емес.

Әлеуметтік тұрақтылық қазіргі заманғы қатынастардың белгісі ретінде – аралас экономиканың постиндустриялық дамуға кӛшетін имманенттік, ішкі элементі.

Түбегейлі әлеуметтік қайта құру жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуы қоғамның барлық әлеуметтік топтарын қозғап қана қоймай, қоғамда қалыптасқан ретімен қарама-қайшы келеді, сондықтан ол күрделі әрі ауыртпашылық жүктейтін процесс. Қайта құру кезінде азаматтардың әлеуметтік жағдайы тұрақсызданады, байлық пен табыс біркелкі бӛлінбейді. Сондықтан жалпы экономиканы трансформациялауды ойдағыдай іске асыру үшін әлеуметтік секторды реформалау жӛніндегі іс-шараларды жан-жақты ойластырып, бірте-бірте нақты іске асыру қажет.

Сонымен бірге қайта құрудың арқасында жаңа негіздегі әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастыру үшін жағдай жасалады:

азаматтардың ақша табу және ӛзі мен отбасын әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету мүмкіндіктері артады;

жеке кәсіпкерлік қызметтің мүмкіндіктерін іске асыру арқылы қажеттіліктің жаңа кӛздері пайда болады;

жеке бастамашылықтың, нарық пен кәсіпкерліктің дамуына негізделген белсенді қызметке дегнен ынта жүйесі қалыптасады;

құрылып жатқан жаңа әлеуметтік қорғау жүйесі үшін ақылы негізде әлеуметтік маңызды қызметтер алудың балама нысандары кеңейеді.

Әлеуметтік қайта құрудың осы факторларын қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты бұзатын бірқатар кемшіліктерді жою үшін тиімді пайдалануға болады. Мемлекет әлеуметтік сала мен адамдардың ӛмәр сүру жағдайын жаңа негіздер мен қағидаларға кӛшірмей Қазақстанның ұлттық экономикасының жаңа үлгісін қалыптастыру мүмкін емес. Адамдардың ӛмір сүруінің жаңа әлеуметтік ыңғайы қалыптасу үшін экономиканың жұмыс істейтін негіздерін ӛзгертіп, оны нарықтық қағидаларға кӛшіру, нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің жаңа механизмдерін құру қажет. Аталмыш механизм адамдардың ӛндіріс пен басқарудағы жаңа қарым-қатынастарына, әлеуметтік ортаның барлық салаларының жаңаша жұмыс істеу негіздеріне негізделеді. Демек, мемлекеттің әлеуметтік саясаты да түбегейлі ӛзгереді.

Әлеуметік саясаттың ӛзгеруі – ұзақ әрі күрделі процесс. Осы ӛзгеріс экономикалық қызметтегі ӛзгерістен анағұрлым күрделі. Ӛйткені, біріншіден, әлеуметтік қайта құру экономикалық ӛмірдің барлық субъектілерінің жағдайына әсер етеді. Осы саладағы кез келген қателіктер, ойластырылмаған шешімдер экономикалық қайта құрудың негізіне де, ӛзіне де ықпал ете отырып, жаңа экономикалық жүйенің әлеуеті мен мүмкіндіктерін қате бағалауға әкеп соқтырады.

Екіншіден, жұмыс күшінің ұдайы ӛсіп-ӛнуі ӛзінің экономикалық маңызы бойынша орта немесе қысқа мерзімді емес ұзақ мерзімді процесс. Ол адамдардың бүкіл ӛміршеңдік циклімен байланысты. Адамдарға білім беру, олардың тұруына, зейнетақымен қамтамасыз етуге, денсулық

87

сақтауына ондаған жылдар бойы экономикалық шығын жұмсалады. Бұрынғы жүйеде осы шығындар мемлекет есебінен қаржыландырылатын қамқорлық жасау тәсіліне бейімделген болатын. Осы шығындарды адамдардың жағдайын жақсарту үшін жағдай жасау нәтижесінде азаматтарға еңбекақы тӛлеудің, олардың табысының арқасында жүзеге асыруға болады. Ол үшін еңбекақының деңгейінің айтарлықтай арттырылуы, сондай-ақ қоғамның әрбір мүшесі ӛз есебінен қаражат жинап, ӛзіне инвестиция салуы үшін сенімді әрі тұрақты институционалдық жағдай жасалуға тиіс.

Үшіншіден, әлеуметтік тұрақты экономика құру – ерекше күрделі процесс және әлеуметтік бағдардың жаңа тұрпатының бұрынғы жүйе беретін әлеуметтік кепілдіктердің кӛлемі мен тізбесі қысқарған жағдайда қалыптасуына; азаматтардың кейбір бӛлігі біреудің есебінен күн кӛруге бейімделуіне; нарықтық әлеуметтік қатынастар жүйесі емес тіпті ӛндірістік қызмет саласында да әлі де жұмыс істемеуімен; бірінші кезеңдегі ұзақ мерзімді дағдарыстың салдарынан үкімет, жұмыс берушілер мен азаматтар әлеуметтік саланы қайта құрудың ықтимал нұсқасын таңдау мүмкіндігінен айыруымен байланысты. 1999 жылдан кейін қоғамдық ӛнімнің ӛсуінің негізінде еңбекақының ӛсуіне орай орын алған оң тенденциялар жұмыс күшінің нарықтық қағидада ӛсіп- ӛнуін қамтамасыз ете қоймады.

Тӛртіншіден, экономикалық қызметпен салыстырғанда әлеуметтік қайта құру қаржы шектеулерімен ӛзгеше байланысты. Аталмыш шектеулер адамдардың жеке табысының деңгейімен ғана емес, сонымен бірге бюджеттік қаржыландырумен де байланысты. Егер кәсіпкерлік қызмет үшін, әдетте, бюджеттік шектеулердің айтарлықтай және тікелей маңызы болмаса, әлеуметтік сала үшін бұл жалпы қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қолдайтын ӛте маңызды фактор болып табылады. Қазіргі кезеңде мемлекет әлеуметтік қажеттілікке белгіленген деңгейдегі қаражатты аудармаған жағдайда халықтың бүтін топтарының күнкӛрісі, аса маңызды әлеуметтік қажеттіліктер мен әлеуметтік саланың жұмыс істеуі қамтамасыз етілмейді. Экономикалық жағдаяттың ӛзгеруі, бюджет жағдайының нашарлауы адамдардың әлеуметтік ахуалын күрт ӛзгертеді, ал мұның ӛзі экономикалық тұрақсыздықты шиеленістіретін факторға айналуы ықтимал.

Әлеуметтік қайта құрудың ерекшеліктері әлеуметтік тұрақтылық пен орнықтылықты орнатуға, сондай-ақ адамдардың ӛмірін экономикалық жағдайдың болуына орай жақсартуға бағдарланған тұтастай әлеуметтік саясатты жүзеге асы-руды қажет етеді. Әлеуметтік саясатқа халықтың аз қамтылған топтарын қолдауды немесе азаматтардың әлеуметтік жағдайындағы шұғыл бұзушылықтарды жою жатпайды. Осы саясаттың кешенді іс-шаралары қоғамның әлеуметтік құрылымының әлеуметтік қорғаудың оған тән нысандары мен әдістері кіретін ұлттық үлгісін құруға бағдарлануы тиіс.

ҚР әлеуметтік саясатының дамуы келесі бірнеше кезеңнен құралады.

Бірінші кезең (1992-1996 жж.) – экономиканың дағдарыстық ахуалымен, халықты әлеуметтік қолдау үшін мемлекеттің қаржылай ресурстарының жетіспеуі мен халықты әлеуметтік қорғаудың ғылыми негізделген тұжырымдамасының болмауымен байланысты енжар әлеуметтік саясат кезеңі. Мемлекет осы кезеңде әлеуметтік салаға мардымсыз шығын жұмсады. Мәселен, егер 1991 жылы ЖІӚ-де әлеуметтік саланың үлесі – 16%, оның ішінде әлеуметтік қорғауға – 4,9%-ды, ал 1992 жылы тиісінше – 7,4% және 0,7%-ды құрады, яғни бір жылдың ішінде бірінші кӛрсеткіш – 2,2 есеге, ал екінші 7 есеге кеміді. Осы пропорциялар (8% және 0,6%) 1996 жылды қоса алғанда ұзақ уақыт бойы ӛзгермеді. Осы кезеңде халық күрт кедейленді, яғни табыс ең аз күнкӛріс мӛлшерінен аз халықтың үлесі 34,6%-ға теңеліп, кедейшіліктің тереңдігі 11,4%-ды құрады.

Екінші кезең (1997-1999 жж.) – нарықтық экономиканың тиісті жағдайларына сәйкес келетін әлеуметтік институттар қалыптастыруға арналған нормативтік база жасалған кезең. 1997 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысы қабылданды, ал 1997 жылғы 20 маусымда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданды.

1999 жылдың басында жеңілдіктер белгіленген заңнама сәйкестендірілді. Барлық атаулы жәрдемақылар бюджеттің мүмкіндігіне байланысты жергілікті билік анықтайтын атаулы әлеуметтік кӛмектің қатарына кӛшірілді. Осының нәтижесінде әлеуметтік кӛмек алушылардың саны 509,5 мың адамнан (1992 ж.) 917 мың адамға (1999 ж.) күрт азайды.

Үшінші кезең (2000-2004 жж.) – нарықтық экономика жағдайында белсенді әлеуметтік саясат әзірленген кезең. Осы кезеңде Қазақстан Республикасы халқын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жӛніндегі 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама, «Қазақстан Республикасында

88

кедейшілікті тӛмендету жӛніндегі 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама»,

«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы, «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» ҚР Заңы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сияқты құжаттар әзірленді.

2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ең тӛменгі күнкӛріс деңгейі туралы» ҚР заңының негізінде «кедейшілік шегі» кӛрсеткішінің негізінде әлеуметтік жәрдем кӛрсетудің жаңа жүйесі енгізілді. Кедейшіліктің шегін анықтау ережесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Кедейшіліктің шегін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 маусымдағы №121-П бұйрығымен белгіленді, 2000-2001 жылдары кедейшіліктің шегі ең тӛменгі күнкӛріс деңгейінің 38%-ын, ал 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап және кейінгі жылдары 40%-ын құрады. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың және еліміздегі экономикалық ахуалдың жақсаруының нәтижесінде кедейлердің үлесі айтарлықтай, яғни 38%- дан (2000 ж.) 9,8%-ға (2005 ж.) дейін қысқарды. Шағын және орта бизнесті дамытудың, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың, жұмыссыздарды кәсіби оқыту мен қайта даярлаудың негізінде жұмыссыздықтың деңгейі 12,8%-дан (2000 ж.) 8,1%-ға (2005 ж.) дейін айтарлықтай тӛмендеді.

Тӛртінші кезең (2005-2007 жж.) – адамның тыныс-тіршілігінің жағдайын айтарлықтай жақсартуға, халықтың табысын арттырып, әлеуметтік саланың тұрақты дамуына бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетуге және күшті әлеуметтік саясатты қалыптастыруға бағытталған кезең. Осы кезеңде ең тӛменгі күнкӛріс деңгейінің мӛлшерін арттыруға және оның құрылымын ӛзгертуге бағытталған жаңа әлеуметтік стандарттар әзірленді, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жетілдірілді. Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасын іске асыру негізінде Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғаудың кӛп деңгейлі жүйесі құрылды.

Бесінші кезең 2007 жылғы тамыздағы әлемдік қаржы дағдарысының – әлеуметтік мәселелер ушыққан экономика дағдарысы жағдайында жұмысыздық ұлғайып, инфляция артқан кезеңнің басынан басталады. Дағдарыс жағдайында осы әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалатын қаржы кӛлемі қысқармайды, керісінше халықты жұмыспен қамту, ӛмір сүру деңгейінің тӛмендеуіне жол бермеу мақсатында айтарлықтай арттырылады. Мәселен, 2008 жылы мемлекет әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік жәрдемге 566, 5 миллиард теңге жұмсады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда – 22,5 пайызға, ал 2003 жылмен салыстырғанда үш есе артық.

Ӛзіміздің алдыңғы тәжірибемізден және әлемнің басқа елдерінің тәжірибесінен біз екі маңызды қорытынды шығара аламыз.

Бірінші. Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау ол нысаналы әрі атаулы сипат алған жағдайда ғана нәтижелі болады. Мемлекет қоғамның осындай кӛмеккке шынында зәру мүшелерін қолдауға міндетті және сол үшін жауапкершілікті іс жүзінде ӛзіне алып отыр, олар, ең алдымен:

балалар, кӛп балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер.

Екінші. Ең пәрменді әлеуметтік саясат ӛнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып келді, әрі солай болып қала береді. Біз, ең алдымен, қандай да бір себептермен жұмысынан айырылып қалған адамдардың еңбекке оралуына нақты мүмкіндіктер туғызуымыз, олардың жаңа мамандық алуына жағдай жасауымыз керек. Сонымен қатар жастар ортасында жұмысшы мамандықтарының, әсіресе ӛнеркәсіптегі мамандықтың беделін асырып, кеңінен насихаттауды қайтадан қолға алуымыз қажет» деп айтылған.

Тұрақты даму үшін еліміздің тыныс-тіршілігінің барлық саласында тұрақтылыққа, яғни тұрақты экономикалық және әлеуметтік даму, сонымен бірге тұрақты экологиялық дамуға қол жеткізу қажет.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жӛніндегі басымдықтар қатарында мынадай міндеттер белгіленді:

2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға кӛшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс.

Біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз.

89

Еліміздің экологиялық саясатының стратегиялық мақсаты – қоршаған ортаны қорғау талаптарына жауап беретін әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу, сондықтан экологияның қажеттері барлық қызмет саласында ескерілетін болады.

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасы «Қазақстан - 2030» стратегиясының басымдықтарына сүйене отырып, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес және XXI ғасырдың күн тәртібінің негізгі ережелері мен 1992 жылғы Рио-де-Жанейро қоршаған орта мен даму жӛніндегі декларацияның қағидалары, сондай-ақ Йоханнесбургте ӛткен (2002 ж.) Бүкіләлемдік тұрақты даму жӛніндегі саммитінің шешімдері ескеріліп әзірленген. Қоршаған ортаның жай- күйінің нормативтік кӛрсеткіштеріне жетіп, экологиялық қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету үшін Тұжырымдаманың ережелерін кезең-кезеңмен іске асыру қарастырылған:

бірінші кезең (2004-2007 жж.) – қоршаған ортаның ластану деңгейін тӛмендету және оны тұрақтандыру жӛніндегі іс-қимыл жоспарын жасау;

екінші кезең (2008-2010 жж.) – қоршаған орта сапасының кӛрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғат пайдалануға қойылатын экологиялық талаптарды жетілдіру;

үшінші кезең (2011-2015 жж.) – қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуына қол жеткізу.

2006 жылы «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға кӛшуінің 2007-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданды.

Соңғы жылдары Қазақстанда экологиялық ахуалға тӛнетін нақты және ықтимал қауіптің алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылды. Мәселен, рұқсат беру кезінде эмиссиялар лимитін белгілеуге қоятын талаптар қатаңдатылды, осының арқасында лимиттер екі- үш есеге тӛмендеді. Ӛндірістік экологиялық бақылаудың рӛлі күшейтілді, табиғат пайдаланушылардың осы бақылауды жүргізу үшін жауапкершілігі арттырылды, сонымен бірге Каспий және басқа да қорық аймақтарындағы шаруашылық және ӛзге де қызметті қарайтын сот практикасы айтарлықтай кеңейтіліп, осыған қатысты шығарылатын шешімдер қатаңдатылды.

Осының барлығының арқасында ауаға тасталатын зиянды заттардың жыл сайын ЖІӚ-нің бірлігіне азаюына ықпал етті. Бұл Йель және Колумбия университеттерінде әзірленген экологиялық тұрақтылық индексті анықтайтын индикатордың бірі. Осы индикаторға сәйкес Қазақстан Республикасы 2005 жылы әлем елдерінің арасында 75-орын алса, 2006 жылы 70-орынға кӛтерілді.

Алайда ӛнеркәсіптің қарқынды дамуының салдарынан табиғи ресурстар ұтымсыз пайдаланып, қоршаған орта ластанады. Қазақстанның ӛнеркәсіптік кәсіпорындары жылына ауаға үш миллионға жуық зиянды қалдық тастайды, оның 85%-ын 43 ірі кәсіпорынға тиесілі екен. Су қоймаларына тазартылмаған немесе жеткіліксіз тазартылған ағынды судың құйылу салдарынан жер үстіндегі сулардың ластану, бітелу, таусылу процесі жалғасуда. Су объектілеріне жыл сайын 2,5 миллион тонна қалдықпен ластанады. Автокӛлік құралдары санының күрт ӛсуі ауаның ластануына әкеп соқтырады. Автокӛлік құралдары әуе бассейнінің ластануына жалпы қала тастайтын қалдықтың 60%-ын тастайды екен. Қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпорындарда 16 миллиард тоннаға жуық қалдық қордаланған. Жыл сайын оның саны 650 миллион тоннаға кӛбейіп отырады, ал пайда болған қалдықтың тек 15%-ға жуығы ғана қайта ӛңделеді. Кӛрсетілген проблемаларды шешу үшін қоршаған ортаның сапасын жақсарту жӛнінде шара әзірлеу қажет.

Шикі мұнай мен жолай газды ӛндіруден қоршаған ортаға түсетін жүктемені тӛмендету мақсатында стационарлық кӛздерден еліміздің ауасына 10% қалдық тастайтын және улы қалдықтың айтарлықтай үлесі пайда болатын кәсіпорындарда мұнай ӛндіретін, оны ӛңдейтін және тасымалдайтын кәсіпорындардың экологиялық стандартқа сәйкестігі мемлекеттік сертификаттау ұйымдастырылатын болады.

Табиғат пайдалануды ынталандырудың экологиялық-экономикалық механизмдерін енгізу, сонымен бірге экологиялық салықтарға кӛшуді қамтамасыз ету, мемлекеттік экологиялық реттеу мен бақылаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ табиғат пайдаланушыларды ISO 14001 стандартына сәйкес қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін енгізуге ынталандыру қажет.

Парник газдарын тастау жӛніндегі мониторинг пен есептілік жӛніндегі ұлттық жүйе құру және Киот хаттамасы бойынша қызметті реттейтін уәкілетті орган құруға қатысты шара қолданылады.

Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға кӛшу механизмін құру маңызды бағыт болып табылады. Еліміздің тұрақты дамуға кӛшуін және қоғамның экологиялық тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселесін салааралық үйлестіруді жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі: 1. Мемлекеттік басқарудың барлық салаларына тұрақты даму қағидалары мен мақсатты кӛрсеткіштерді енгізудің тиімді механизмін

90

құруды; 2. Мақсатты кӛрсеткіштер мен квота орнату мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру, экологиялық-экономикалық ынталандыруды енгізу арқылы ӛнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға эмиссиясын тӛмендетуді; 3. Экология мен ауа-райын сақтау мәселелерінде трансшекаралық және халықаралық ықпалдасуды қамтамасыз етуде.

Қазақстан Республикасы тұрақты дамуға кезең-кезеңмен кӛшетін болады. Бұл үшін әрбір кезеңнің тұрақты дамуға арналған белгілі бір мынадай параметрлері белгіленді.

Дайындық кезеңі (2007-2009 жж.) – қоғамдық және саяси қызметтің барлық салаларына тұрақты дамудың, экономиканы әртараптандырудың, технологиялық секірістің қағидаларын енгізу үшін жағдай жасау.

Бірінші кезең (2010-2012 жж.) – Қазақстан Республикасының әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіруін қамтамасыз ету.

Екінші кезең (2013-2018 жж.) – ӛмір сүру сапасының деңгейі бойынша әлемдік дамудың кӛшбасшыларының арасында беделді арттыру, табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдаланудан шегілетін ысырапты едәуір қысқарту және еліміздің экологиялық тұрақтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Үшінші кезең (2019-2024 жж.) – тұрақты дамудың қабылданған халықаралық ӛлшемдеріне жету.

НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

Экономикалық және әлеуметтік дамудың тұтастығы Әлеуметтік мақсаттарға жұмсалатын шығын Бӛлуге марксистік кӛзқарас

Әлеуметтік саясаттың бағыттары

Әлеуметтік қайта құрудың түбегейлі сипаты Бӛлуге роулистік кӛзқарас

Нарыққа бейімделген әділдік Әлеуметтік жауапкершілік Әлеуметтік тұрақты экономика Әділ бӛлу

Орнықты адами даму

Бӛлуге (қайта бӛлуге) утилитаристік кӛзқарас Бӛлуге факторлық кӛзқарас

Бӛлуге эгалистік кӛзқарас

91

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 85-91)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР