• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Әлеуметтік қорғаудың бағыттары

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 158-161)

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР

11.2. Әлеуметтік қорғаудың бағыттары

Ұлттық экономикада әлеуметтік қорғау шаралары жүйесінің анықтамасын-да сол немесе басқа ұлттық экономикаға тән, кӛбінесе отбасының дәстүрлеріне, экономика мен қоғамдағы әйелдің атқаратын рӛліне, елде адамдардың әлеуметтік игіліктерге құндылық немесе үкіметтің мәжбүрлі шарасы ретінде қарайтын кӛзқарасына байланысты адамдардың ӛмірінің әлеуметтік әдет-ғұрпы маңызды рӛл атқарады. Осының нәтижесінде әлеуметтік қорғаудың ұлттық экономиканың үлгісімен үйлесетін және сол немесе басқа қорғау тәсілдері мен әдістері басым болатын, сондай-ақ әр түрлі бастапқы қағидаларға сүйенетін әр түрлі тұрпаттары қалыптасады.

Әлеуметтік нарықтық шаруашылықтың неміс үлгісінде қамтамасыз ету мен кӛмек кӛрсету (әлеуметтік кӛмек кӛрсету) қағидаларымен толықтырылған әлеуметтік сақтандыру негізгі орын алады. Швед үлгісінде және онымен үлгілес Скандинавия елдерінің ұлттық экономикалық жүйелерінде ынтымақтастық пен мемлекет кӛп рӛл атқаратын халықтың барлық топтарын әлеуметтік қорғау шараларымен қамту қағидасына басымдық берілген. Оңтүстік Еуропа (Италия, Греция және т.б.) елдерінің әлеуметтік қорғау жүйесіне жеке тәсілдеме мен мемлекеттік деңгейдегі біршама мардымсыз шаралары басым бірнеше қағиданың үйлесуі тән. Қазақстандық ұлттық экономика үлгісіне тән әлеуметтік жүйе қалыптасу кезеңінде. Әлеуметтік жүйені қалыптастырудың маңыздылығы Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланған әлеуметтік мемлекет құру міндетін нақты толықтыруды талап етумен ғана емес, сонымен бірге қайта құру процесін қоғамның әлеуметтік тұрақтылығына кепілдік беретін жаңа қағидаларға негізделген институттар құрмай одан әрі дамыту мүмкін еместігінмен анықталады.

Әлеуметтік қорғаудың рӛлі мен негізгі функцияларына сүйене отырып оның:

әлеуметтік сақтандыру;

әлеуметтік кӛмек;

ең аз әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету сияқты бағыттарын жеке атап ӛтуге болады9. Әлеуметтік сақтандыру – халықты әлеуметтік қорғаудың әр түрлі әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда халықты қорғауға арналған бағыты. Әлеуметтік тәуекел – еңбекке уақытша жарамсыздықтың тууы, ӛндірістегі қайғылы оқиға, жұмыстан және отбасындағы асыраушысынан айырылу, қарттығына байланысты еңбекке жарамдылықтан айырылу және т.б. әр адамның ӛмірінде болады. Олар барлығы жаппай әлеуметтік құбылысқа жатады және қоғамның барлық мүшелері оны бастан кешіреді. Осыған байланысты кез келген дамыған мемлекеттің әлеуметтік қорғауында сенімді, тұрақты әлеуметтік қорғау жүйесін құру бағыты қарастырылады.

Әлеуметтік сақтандырудың экономикалық тегі қызметкерлер мен жұмыс берушілерді міндетті түрде сақтандырумен тығыз байланысты. Бұл әлеуметтік қорғаудың осы түрінің тегімен және азаматтардың тыныс-тіршілігінің сол немесе басқа кезеңінде әлеуметтік тәуекелдің негізгі түрінің бірінің еріксіз туындайтынымен байланысты. Сонымен бірге әлеуметтік сақтандыру жүйесіне

9 Систематизированное изложение мер социальной защиты см.: Право социального обеспечения Республики Казахстан: Учебник. – Алматы: «Арман», 2006.

159

азаматтарды ерікті (жеке меншік) сақтандыру да кіреді. Екі жағдайда да сақтандыруға сақтанушылардың ӛздері де әр түрлі себеппен – міндетті тәртіппен немесе ерікті түрде қатысады.

Сақтандыру тӛлемдерінің міндетті болуына байланысты тәуекел пайда болған жағдайда олар жоғары деңгейде кепілдік береді және тӛлем тӛлеу рәсімі күрделі болмайды.

Әлеуметтік қорғаудың нысаны ретінде әлеуметтік сақтандырудың тағы бір негізгі экономикалық ерекшелігі бар. Қызметкерлердің ӛсіп-ӛнуі үшін қажет қаражаттың бӛлігі сақтандыру жарнасынан алынады. Қызметкер еңбегімен табатын және ай сайын, жыл сайын алатын қаражатты теориялық және практикалық жағынан қарастыратын болсақ, осы қаражат бұдан әрі сол немесе басқа күтпеген әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда оның ӛсіп-ӛнуі үшін пайдаланылатын болады. Осыған байланысты еңбекақы мен сақтандыру жарналарының арасындағы пропорацияны ғана емес, сонымен бірге жұмыс берушінің кәсіпорнында жұмыс күшін нақты пайдалануын ескере отырып, кәсіпкерлердің сол немесе басқа сақтандыру қорларына салатын ақша салымын анықтау қажет.

Қазақстанда әлеуметтік сақтандыруға арналған ақшалай қаражатты Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ), Міндетті медициналық сақтандыру қоры (МСҚ) деп аталатын мемлекеттен бюджеттік тыс қорлар тиімді басқаруға тиіс.

Бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар ҚР Үкіметі жанындағы қаржы мекемелері болып табылады және негізінен жұмыс берушілер қаражатының, сондай-ақ бюджеттің және жеке тӛлемдердің шамалы бӛлігінің есебінен қалыптасады. Іс жүзінде тәуекелдерді ӛтеумен байланысты шығынның белгіленген бӛлігі рес-публикалық бюджет арқылы да қаржыландырылады. Сақтандыру тӛлемдерінің тиісті және ӛсіп келе жатқан үлесін азаматтар мемлекеттік емес қорлар арқылы тӛлейді.

Әлеуметтік сақтандыруға жұмсалатын қаражаттың негізгі кӛлемі зейнетақымен қамтамасыз етуге, еңбекке уақытша жарамсыз болғанда және босанғанда берілетін жәрдемақыға, санаторлық- курорттық емдеу мен азаматтарды сауықтыруға жұмсалады.

Зейнетақымен қамтамасыз ету – әлеуметтік сақтандырудың ең ірі бағыты мен зейнетақы тӛлеуге жұмсалатын шығынның бабы. Қазақстан Республикасында зейнетақының мынадай түрлері қолданылады:

жасына байланысты зейнетақы;

қызмет ӛткерген жылдар үшін зейнетақы тӛлемдері.

1998 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектікке, асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы мемлекеттік бюджеттен мүгедектікке, асыраушысынан айырылуына және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы нысанында тӛленеді.

Әлеуметтік сақтандыруға жұмсалатын шығыстың кӛбісі бірыңғай әлеуметтік салықты тӛлеу арқылы қалыптасатын қаражаттың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есепке алынатын бӛлігінен, сондай-ақ ӛндірістегі қайғылы жағдайлардан және кәсіби сырқаттардан міндетті сақтандыруға тӛленетін сақтандыру жарналарынан тӛленеді.

Медициналық сақтандыру. Бірыңғай әлеуметтік салықтың құрамында міндетті медициналық сақтандыру қорларына тӛленетін қаражаттан сақтандырылған адамдарға жұмсалатын медициналық шығыстар тӛленеді. Бұл ретте қазіргі уақытта кӛрсетілген шығыстар нормаланады, сонымен бірге міндетті және ерікті сақтандыру қолданылады.

Міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың құрамдас бӛлігі болып табылады және еліміздің барлық азаматтарына міндетті медициналық сақтандыру есебінен берілетін медициналық және дәрі-дәрмек кӛмегін міндетті медициналық сақтандыру кӛлемі мен шарттарында алуға тең мүмкіндікті қамтамасыз етеді.

Ерікті медициналық сақтандыру ерікті медициналық сақтандыру бағдарла-маларының негізінде жүзеге асырылады және азаматтарға қосымша медициналық және міндетті медициналық сақтандыру бағдарламаларында белгіленген-дерден тыс ӛзге қызметтерді алуды қамтамасыз етеді.

Ерікті медициналық сақ-тандыру ұжымдық немесе жеке болуы мүмкін.

Медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру субъектілерінің (азаматтар, медициналық сақтандыру ұйымдары, медициналық мекемелер) арасында жасалатын шарт нысанында жүзеге асырылады. Ӛзіне қатысты медициналық сақтандыру шарты жасалған немесе осы шартты дербес жасаған әрбір азамат сақтандыру полисін алады.

Міндетті медициналық сақтандыру жӛніндегі сақтандыру жарнасының тегі күрделі. Бір жағынан, сақтандыру жарнасында әлеуметтік сақтандырудың бар-лық белгілері сақталған, яғни ол еңбекке жарамдылықтан айырылуға байланысты туындаған тәуекелді ӛтейді. Екінші жағынан,

160

сақтандыру жарнасы денсаулық сақтаудың профилактикалық іс-шараларын қаржыландыру үшін де пайдала-нылады.

Кӛрсетілген шығыс тиісті мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың есебінен тӛленеді. Тӛлемді немесе шығысты жұмыс беруші (тиесілігі бойынша тӛлеу үшін есептелген бірыңғай әлеуметтік салық сомасының және ӛндірістегі қайғылы жағдайлардан немесе кәсіби сырқаттардан міндетті сақтандыруға арналған сақтандыру жарналарының есебінен) немесе «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» деп аталатын атқарушы орган тӛлейді.

Әлеуметтік кӛмек – азаматтардың жағдайының нашарлауына және олардың жеке табысының жеткіліксіз деңгейіне, отбасының жағдайына, жасына, денсаулық жағдайы мен басқа да себептерге байланысты материалдық жәрдемге мұқтаждарға қолдау кӛрсету. Әлеуметтік кӛмек әр түрлі, ақшалай және заттық нысанда, қызметтер мен тауарлар түрінде жүзеге асырылуы мүмкін жеңілдіктер мен тӛлемдер түрінде кӛрсетіледі. Барлық азаматтарға арналған әлеуметтік сақтандырумен салыстырғанда әлеуметтік кӛмек нақты, нысаналы немесе белгіленген санаттарға кӛрсетілуі тиіс. Әлеуметтік кӛмек әлеуметтік сақтандырудан немесе халыққа әлеуметтік кепілдік беруден осымен ерекшеленеді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік кӛмек мемлекеттің табысы тӛмен адамдарға материалдық кӛмек кӛрсету мақсатында халықтың ең кедей топтарына беріледі.

АӘК кӛрсету ӛлшемі ретінде «Күнкӛрістің ең тӛменгі деңгейі туралы» ҚР Заңына (1999 ж.) сәйкес экономикалық мүмкіндіктерге байланысты республикада белгіленетін табыстың шекарасы ретінде белгіленген «кедейшіліктің шегі» қолданылады.

Атаулы әлеуметтік кӛмек алушылардың тізбесін және оның түрлері мен мӛлшерлерін жергілікті билік органдары белгілейді. АӘК балаларға, жұмыссыздарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, студенттер мен басқа да адамдарға беріледі, АӘК-ті кӛбінесе кӛп балалы отбасылардың мүшелері алады.

Әлеуметтік қорғаудың осы бағытын тиімді іске асырудағы негізгі проблема – шынымен мұқтаж азаматтар мен тұрмысы нашар үй шаруашылықтарына кӛмек беру үшін халыққа тӛленетін атаулы тӛлемдердің рӛлі мен маңызын арттырып, жеңілдіктердің саны мен кӛлемін қысқарту.

Атаулы әлеуметтік кӛмекпен қатар тұрмысы нашар азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығынды ӛтеу үшін материалдық қолдау кӛрсетуге бағытталған тұрғын үйді тӛлеу кӛмегін жергілікті атқарушы органдар белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

Ең тӛмен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету – әлеуметтік қорғаудың маңызды бағыты. Әлеуметтік кепілдік азаматтардың материалдық жағдайы мен әлеуметтік тәуекелдерге қарамастан олардың базалық әлеуметтік игіліктерге тең қол жеткізуін және халықтың ең тӛмен қажеттілігін қанағаттандыруға мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз етуге тиіс болғандықтан, оның сапасы басқа.

Трансформация жағдайында әлеуметтік қорғаудың осы бағыты маңызды рӛл атқарады.

Біріншіден, осы кезеңде қоғамның әлеуметтік құрылымы ӛзгеріп, тұрмысы нашар үй шаруашылықтарының саны кӛбейеді, ал осының ӛзі азаматтардың қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтерге қол жеткізуін, сондай-ақ белсенді еңбекке араласу үшін бастапқы тең жағдайды күрделендіруі мүмкін. Осы орайда еліміздің азаматтарының білім алу мен медициналық қызметтерге қол жеткізу қажеттілігі ӛте маңызды.

Екіншіден, жекелеген азаматтардың табысы ұдайы ӛзгеріп, кәсіпорындар дағдарыстан зардап шегетін макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайында мемлекет азаматтардың қоғамдық қажетті әлеуметтік игіліктер мен қызметтер алуға конституциялық құқықтарын қорғауға міндетті. Осыған байланысты еңбекақының, зейнетақы мен басқа да кейбір басқа тӛлемдердің ең тӛмен мӛлшерін белгілеу қажет. Қарастырылып отырған бағыттың ауқымында әлеуметтік қорғаудың осы нысандарын іске асырудың әр түрлі экономикалық механизмдері қолданылады. Әлеуметтік игіліктерге қол жеткізу әлеуметтік салаларды мемлекеттік қаржыландыру механизмдері, бюджеттен тыс қорларды пайдалану, сондай-ақ осы салалар қызметтерінің бӛлігін азаматтардың ӛздері тӛлеуге жеке қатысу арқылы қамтамасыз етіледі. Мемлекет ең тӛмен нормативтерді заңмен белгілеп қамтамасыз етеді. Сонымен бірге бірқатар ең тӛмен кепілдіктер үкімет пен ведомстволардың арнайы қаулыларымен реттеледі және олар тегін әлеуметтік қызметтердің мӛлшерін анықтау үшін негіз болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тыныс-тіршіліктің барлық негізгі салаларына таралатын дамыған әлеуметтік кепілдіктер жүйесі қолданылады. Еңбек қатынас-тары саласында – бұл еңбекақы тӛлеу саласындағы кепілдіктер, еңбек шартын жасаумен және оны бұзумен байланысты кепілдіктер, еңбекті қорғау саласында және жұмыс істеумен байланысты кепілдіктер.

161

Міндетті әлеуметтік сақтандыру ауқымында зейнетақымен қамтамасыз ету, әр түрлі жәрдемақылар тӛлеу (жүкті болғанда және босанғанда берілетін жәр-демақылар) және т.б.

салаларда кепілдіктер қолданылады. Медициналық жәрдем беру, жұмыспен қамту және т.б.

салаларда азаматтардың құқығын қамтамасыз етуде де дамыған кепілдіктер жүйесі қолданылады.

Ең тӛмен тӛлем нормативтерінде кӛрсетілген ең тӛмен кепілдіктер жүйесі әлеуметтік-еңбек қатынастарының барлық негізгі бағыттары мен нысандарын, яғни ең тӛмен еңбекақы белгілеуден бастап нақты тӛлемдердің ең тӛмен мӛлшерін анықтауға дейін қамтиды. Бір ерекшелігі, осы жүйенің бекітілген нормативтері тӛлемдердің абсолюттік сомаларынан жиі, яғни кезең-кезеңмен қайта қа-ралады. Бекітілген нормативтердің жиі қаралуы қоғамның зейнетақының, жалақының, басқа да тӛлемдердің мӛлшерін ӛсіру мүмкіндігінің ӛсуімен де, сонымен бірге ӛндірістің түсуі, инфляция және т.б. экономикалық қиындықтардың салдарынан нормативтерді еріксіз нақты қараумен де байланысты.

11.3. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік ортаның салаларын

In document ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА (бет 158-161)

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР