• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ЭКОНОМИКА И МЕНЕДЖМЕНТ

ҒТАХР 68.75.21 ӘОЖ 631-151.3

Статистика, учет и аудит, 3(74)2019 юююююю 193 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/

ҒТАХР 68.75.21

194 Статистика, учет и аудит, 3(74)2019 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/

Зерттеуді талқылау және нәтижелері. Бүгінде экологиялық ауыл шаруашылығы саласындағы басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің қазіргі құрылымы бойынша ауыл шаруашылығының даму бағыттары келесідей: Экспорт-импорт; Ветеринарлық қауіпсіздік;

Фотосанитарлық қауіпсіздік; Қазақстанның АӨК; Мал шаруашылығы; Өсімдік шаруашылығы;

Өңірлердегі АӨК дамуын басқару; АӨК цифрландыру; Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі;

Ғылым және инновация; Мемлекеттік саяси шаралар; Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру; Ауыл – ел бесігі [6].

Сурет 1- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің құрылымы Айта кету керек, осы тізбектің қатарына 2050-стратегиясы шеңберінде экологиялық өнімді дамыту бойынша немесе органикалық ауыл шаруашылығы бойынша бағыттарды қосу керек.

Органикалық ауыл шаруашылығы зерттеушілік институты (FIBL) және органикалық ауыл шаруашылығы қозғалысының халықаралық федерациясының (IFOAM) мәліметтері бойынша, экологиялық шаруашылық жерлері жыл санап артып келеді ( 2-ші сурет)[7,8].

2-сурет - Экологиялық шаруашылықпен айналысатын ауылшаруашылық жерлері бойынша әлемдегі ірі көшбасшы мемлекеттер, млн га (Қазақстан ақпарат үшін)

Экологиялық шаруашылықпен айналысатын жер аумағы бойынша әлемдік көшбасшы мемлекет Австралия – 35,64 млн. га, Аргентина – 3,38 млн. га және Қытай – 3,02 млн. га. Қазақстан бойынша мәліметтер ақпарат үшін берілген.

Агроқұрылымдардың экологиялық өндіріске өтуі барысында экологиялық, экономикалық және басқару негіздеріне сүйенетін бірқатар міндетті жалғаспалы әрекеттерді орындау ұсынылады. Бұл әрекеттердің құрамы мен кезеңдері келесі 1-ші кестеде көрсетілген [9].

35,64

3,38 3,02 2,08 2,03 1,9 1,88 1,78 1,74 1,37 1,19 1,13 0,27 0

5 10 15 20 25 30 35 40

ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің құрылымы

ресурстарын Жер басқару жөніндегі

комитет

ресурстары Су жөніндегі

комитет

мемлекеттік АӨК инспекциясы

комитеті

Орман шаруашылығы

және жануарлар әлемі комитеті

Ветеринарлық бақылау және

қадағалау комитеті

Статистика, учет и аудит, 3(74)2019 юююююю 195 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/

1-кесте

Ауылшаруашылық кәсіпорындарының экологиялық ауыл шаруашылығына өтуінің негізгі кезеңдері

Кезеңдері Шаралар

1-кезең Органикалық ауыл шаруашылық өндірісін жүргізуге қажетті мүмкіндіктерді анықтау бойынша қоршаған ортаны қорғау және ауылшаруашылық жарамды жерлерді сапалы бағалауға мониторинг жүргізу

2 -кезең Экологиялық таза өнім өндіру және тарату, органикалық ауыл шаруашылығын жүргізу мәселелері бойынша фермерлерді (біліктілігін арттыру) оқыту

3 -кезең Кәсіпорынның экологиялық таңбалы өнімдерін пайдалану құқығын және экологиялық ауыл шаруашылығында өндірілетін өнімдердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайтын сапа менеждмент жүйесімен сертификаттау

4 -кезең Инвесторлар тарту және мемлекеттік қолдау мақсатында кәсіпорынның дамуының бизнес-жоспарын құру

5 -кезең Ішкі және сыртқы нарықта өндірілген экологиялық (органикалық) таза өнімдерді таратуға келісім-шартқа отыру

Ескерту - Стандарт производства органической сельскохозяйственной продукции и ее переработки.

НП «Экологический союз».–76с. –[Электронный ресурс].

Органикалық өнімнің әлемдік нарығы көрсеткендей, мемлекеттердегі нарықтың қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері мен бір реттілігі көрсетілді. Бұл агробизнес саласындағы күрделі жағдайлармен, қажетті нормативті-құқықтық базаның болуымен, экологиялық сертификаттау және стандарттау жүйесіндегі күрделі мәселелермен тығыз байланысты [10].

Зерттеу нәтижелері бойынша экологиялық ауыл шаруашылығын дамытудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік артықшылықтары айқындалды.

Органикалық шаруашылықтың экономикалық артықшылықтары мынадай [11]:

1. Қымбат синтетикалық пестицидтерді және тыңайтқыштарды сатып алу қажеттілігі болмағандықтан, қаржылық құралдарды үнемдеу.

2. Ішкі және халықаралық экспорттық нарықта қолжетімді және сертификатталған органикалық тауар бағасының жоғары болуы.

3. Органикалық өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде қосымша құнды алу мүмкіндігі.

Органикалық өнімдердің тағамдық дәмді артықшылықтары (денсаулық үшін) келесі көрсеткіштермен сипатталады:

 Өнімді пестицидтерсіз соңғы тұтыну;

 Химиялық синтезделген тыңайтқыштарсыз;

 ГӨӨ және олардың өнімдерінсіз,

 Дәрумендермен минералдардың жоғары құрамы [12].

Қорытынды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қазақстанның ішкі органикалық нарығы пайда болу кезеңінде, оған мынадай сипаттамалар тән:

 бөлу жүйесі ірі қалаларда шоғырланған арнайы дүкендерде немесе халықаралық бөлшек сауда желілерінде бірлік тауарларды ұсынады;

 тар тауарлық ассортимент, өнім сақтау мерзімі өте қысқа;

 бағасы 300% және одан да жоғары.

Халықаралық тәжірибеде нарықтың одан әрі дамуы үшін, бірқатар шаралар кешенін жүзеге асыру қажет:

 халықаралық ұсыныстар мен нормалар негізінде нормативтік-құқықтық базаны құру;

 нарық талабына сәйкес, органикалық өнімді таңбалау және бақылау, сертификаттау процедураларын ендіру және әзірлеу;

 елдің «жасыл» имиджін жеке аумақтарда да қалыптастыру;

 Қазақстандық және шетелдік нарықты ғылыми зерттеудің нәтижелерімен салалық кәсіпорындарды қамтамасыз ету жүйесін құру.

Мемлекет тәжірибелерін талдай келе, бүгінде экологиялық таза өнім өндіру бойынша хадықаралық нарықтағы негізгі ойыншыларға Қазақстандағы экологиялық өндірісті дамыту және жүзеге асыру үшін келесі міндеттерді орындау қойылады, атап айтқанда [12, 13, 14]:

1. Заңдық және нормативтік-құқықтық база әзірлемелерін аяқтау.

2. Серттификаттаудың үлттық жүйесін негіздеу.

3. Органикалық өнім мен шикізатты өндіруді, тасымалдауды, сақтауды және таратуды жүзеге асыратын шаруашылық субъектілерінің іс-әрекеттерін мемлекеттік қадағалау (бақылау) жүйесін қалыптастыру.

196 Статистика, учет и аудит, 3(74)2019 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/

4. Қазақстандағы экологиялық таза өнім өндірісіне жобалық басқаруды енгізу.

Сонымен, қорыта келгенде, Қазақстандағы мұндай міндеттерді жүзеге асыру агроөнеркәсіп секторының дамуының жаңа кезеңі – экологиялық таза нарыққа өтуіне мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Руководство к своду знаний по управлению проектом. //Руководство PMBOK, Американский стандарт. Шестое издание, США: 2017 год. – 756 с.

2 Послание Президента Республики Казахстан от 17 января 2014 года «Казахстанский путь-2050:

Единая цель, единые интересы, единое будущее».–[Электронный ресурс].

http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400002014.

3 В.В. Григорук, Е.В. Климов. Развитие органического сельского хозяйства в мире и Казахстане.//Продовольственная и сельскохозяйственная организация Объединенных наций. Анкара, 2016. – 168 с.

4 Закон Республики Казахстан «О производстве органической продукции» от 27ноября 2015 года № 423-V ЗРК. //[Электронный ресурс]. http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000423.

5 Указ Президента Республики Казахстан. О Концепции по переходу Республики Казахстан к

«зеленой экономике»: от 30.05. 2013 г. № 577 // Каз. правда. - 2013. - 1 июня. - (№186 -188).

6 Официальный сайт Министерства сельского хозяйства РК. –[Электронный ресурс].

https://moa.gov.kz/ru/documents/17.

7 Wilier, Helga and Julia Lernoud (Eds.) (2016): The World of Organic Agriculture. Statistics and Emerging Trends 2016. Research Institute of Organic Agriculture (FiBL), Frick, and IFOAM – Organics International, Bonn.

8 The World of Organic Agriculture 2016: Summary Helga Wilier and Julia Lernoud Key data on organic agriculture Research Institute of Organic Agriculture (FiBL), Frick, and IFOAM – Organics International, Bonn.

9 Стандарт производства органической сельскохозяйственной продукции и ее переработки. НП

«Экологический союз».–76с. –[Электронный ресурс] http:// sozrf.ru/wp- content/uploads/2014/01/Standart_ecounion.pdf.

10 Аккредитованные органы сертификации, эквивалентные стандартам европейского союза для третьих стран по органическому производству и переработке. –[Электронный ресурс]:

http://sozrf.ru/wp-content/uploads/2014/02/ АСВ-стандарт-русский.pdf.

11 Нормативные требования IFOAM для системы органического производства и переработки.

[Электронный ресурс]. http://ecounion.ru/wp-content/ uploads/2014/08/ifoam_norms_version_2012_rus.pdf . 12 Matthew Holmes and Anne Массу (2012). Canada. In Wilier Helga, Kilcher Lukas (2012). The World of Organic Agriculture. Statistics and Emerging Trends 2012. FiBL-IFOAM Report. IFOAM.and FiBl.

Frick. pp. 277-282.

13 Organic Farming in Germany (2015): www.bmelv.de/SharedDocs/Standardartikel/EN/

Agriculture/Organic Farming/ –[Электронный ресурс].

14 Wilier, Helga and Julia Lernoud (Eds.) (2016): The World of Organic Agriculture. Statistics and Emerging Trends 2016. Research Institute of Organic Agriculture (FiBL), Frick, and IFOAM – Organics International, Bonn. Julia Lernoud and Helga Willer Current Statistics on Organic Agriculture Worldwide:

Area, Producers, Markets, and Selected Crops.

15 Проект CC «Органические правила и сертификация».–[Электронный ресурс].

www.organicrules.org.

УПРАВЛЕНИЕ ЭКОЛОГИЧЕСКИМ СЕЛЬСКИМ ХОЗЯЙСТВОМ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН

Р.А.Салимбаева

Казахкий национальный университет имени аль-Фараби г. Алматы, Республика Казахстан

е-mail: [email protected]

Резюме. В статье дана оценка современного состояния производства и рынка экологической продукции в Казахстане и действующих мер по его управлению. На основе мирового и отечественного опыта обобщена совокупность принципов, форм, методов и способов ведения органического сельского хозяйства. Изучен рынок импортной и отечественной органической продукции в Казахстане, выявлены причины, сдерживающие ее производство, обоснованы предложения по переходу предприятий на органический метод сельскохозяйственного производства, разработаны

Статистика, учет и аудит, 3(74)2019 юююююю 197 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/

рекомендации по управлению развитием экологического сельского хозяйства в РК, также по правовому регулированию системы стандартизации, сертификации и контроля экологической продукции. Продвижение проектного управления в Республике Казахстан происходит через перенятие развитого опыта зарубежных стран. Внедрение проектного управления в производство экологически чистой продукции в Республике Казахстан позволит перейти на новый этап развития агропромышленного сектора экономики этап развития экологически чистого конкурентного производства.

Ключевые слова: управление производством, проектное управление, органическое производство, экологическая продукция, сельское хозяйство, устойчивое развитие.

MANAGEMENT OF ECOLOGICAL AGRICULTURE IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN R.A.Salimbayeva

Kazakh national university named after al-Farabi е-mail: [email protected]

Summary. The article assesses the current state of production and the market for environmental products in Kazakhstan and the existing measures for its management. On the basis of world and domestic experience, a set of principles, forms, methods and methods of organic agriculture has been generalized. The market of imported and domestic organic products in Kazakhstan has been studied, reasons for its production have been identified, proposals have been substantiated for enterprises to switch to an organic agricultural production method, recommendations have been developed for managing the development of ecological agriculture in the Republic of Kazakhstan, and also for the legal regulation of the standardization system products. Promotion of project management in the Republic of Kazakhstan occurs through the adoption of the developed experience of foreign countries. The introduction of project management in the production of environmentally friendly products in the Republic of Kazakhstan will allow a transition to a new stage in the development of the agro-industrial sector of the economy - a stage in the development of environmentally friendly competitive production.

Key words: production management, project management, organic production, environmental products, agriculture, sustainable development.

МРНТИ 06.54.01