ЭКОНОМИКА И МЕНЕДЖМЕНТ
ХҒТАР 06.71.02 ӘОЖ 658.310.7
Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 юююююю 99 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
ХҒТАР 06.71.02
100 Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
сауалнама арқылы жүргізілді, оған Астана қаласы мен Ақмола облысының 50 туристік компаниясы қатысты. Сұхбат 10/09/2018 -10/11/2018 аралығында Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік компаниялары бойынша телефон және тікелей әңгімелесу арқылы жүргізілді, сұрақтар мен жауаптар автор қолымен реттеліп, өңделді. Құрылымы 6 сұрақтан тұратын сұхбат компанияның инновациялық идеяларымен, инновацияларға деген құштарлықпен, жаңа идеяларға деген ашықтықпен, инновацияны жүзеге асырудағы жеке рөлді қарастыру, инновациялармен байланысты болашақ жоспарлармен, табысты инновацияларға апаратын ең жақсы деген жолдар туралы жеке пікірмен және сол мақсаттарды жүзеге асыруда кездесетін кедергілермен байланысты болды.
Нәтиже және талқылау. Туризмдегі инновациялар тұтас саланың жағдайына әсер ете отырып, саланың келесі негізгі сипаттамаларын өзгертеді: өндіріс және сату көлемі; фирманың ағымдағы шығындары, компанияның көлемі, нарыққа жаңа туристік өнімді жобалау және енгізумен айналысатын мамандардың саны; тұтынушылар арасында жаңашылдықты енгізу мен игерудің ұзақтығы.
Туристік компаниялардың инновациялық қызметінің дамуына келесі факторлар әсер етеді:
− экономикалық және технологиялық (қаржыландыру үшін қажетті қаражаттың болмауы, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі, ескірген технология);
− саяси, құқықтық (саяси тұрақсыздық, криминогендік жағдай, заңды жолмен енгізілген шектеулер);
− ұйымдастырушылық-басқарушылық (шектен тыс орталықтандыру, қысқа мерзімді өтелімділікке бағдар, инновациялық үдеріске қатысушылардың мүдделерін қорғау, ақпараттың сатылас ағымының басым болуы);
− әлеуметтік-психологиялық және мәдени (сырттан келетін жаңашылдықққа қарсылық, тұрлаусыздықтан қорқу) [3].
Жоғарыда атап өтілген факторлар сыртқы және ішкі ортаның жағдайына тәуелді және туристік компанияның инновациялық қызметін ұйымдастыруда оларға талдау жасау әрдайым басты назарда болуы тиіс (Кесте 1).
Кесте 1
Туристік компаниялардың инновациялық қызметінің дамуына әсер ететін факторлардың сыртқы және ішкі ортаға тәуелділігі
№ Сыртқы ортаға тәуелділік Ішкі ортаға тәуелділік 1 сатып алушының сұранысы мен халықтың
төлем қабілеттілігінің қалыптасуына әсер ететін жалпы экономикалық жағдай
туристік компанияның саясаты мен стратегиясы, шығармашылық және инновациялық қызметті ынталандырудың әртүрлі формадағы мотивациялық жүйелерін қолдану
2 туризмді дамытуды қолдау жөніндегі атқарушы билік органдарының іс-әрекеттері, туризмге қатысты жалпы мемлекеттік, сондай-ақ өңірлік маңызы бар заңнамалық және реттеуші сипаттағы талаптар
ұжымда бастамашы қызметкердің болуы және басшылық тарапынан инновациялық
идеяларды сөзсіз қолдау, қызметкерлер мен олардың зияткерлік әлеуетін басқарудың тиянақты жоспарланған жүйесі
3 коммуникациялық желілердің жағдайы (ғаламторды пайдалану мүмкіндігі, байланыстың басқа да баламалы тәсілдері)
туристік компанияның барлық деңгейлерінде және барлық бөлімшелерінде
эксперименттерге жан-жақты жәрдемдесу, жаңашылдықты жүзеге асырумен
айналысатын мамандандырылған бөлімшелердің болуы
4 сапарды ұйымдастыру барысында жаңа технологияларды қолдану мұмкіндігі (туристік нарық субъектілерінің ғаламдық броньдау жүйелерін қолдануы, жаңа технологияны пайдаланатын компаниялардың саны);
қаржылық мүмкіндіктердің қажетті деңгейі мен дамыған коммуникациялық жүйелер;
5 жаңа технологиялар мен жаңа ұсыныстарды
алға жылжытуды талап ететін уақыт кезеңі. жаңашылдықты жүзеге асыруға ұйымдастырушылық-техникалық дайындықтың болуы
Ескерту − [3, 4] мәліметтер негізінде авторлармен құрастырылған
Алдыңғы қатарлы туристік компанияларда инновациялар алдын ала бағдарланып, ресурстарды үлестіру туралы корпоративтік шешім қабылдаудың стандартты құрамдас бөлігі болып табылады.
Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 юююююю 101 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
Заманауи компаниялар жалпы бюджеттің маңызды бөлігін зерттеулер мен компанияны дамытуға жұмсайды және инновацияны күнделікті жоспарлаудың бір бөлігіне айналдырған. Бүгінде, инновациялар болжанатын және бақыланатын бюрократиялық процеске айналуда әрі өндірістің объективті қосымша факторы болып табылады.
Алайда, барлық компаниялар тәжірибеде инновацияны қолдана бермейді. Себебі, инновация бұл үлкен тәуекелді білдіреді. Кез-келген инновация ұйымға тұтастай әсер ететін болса, бастапқы кезде қарсылық тудырады, өйткені, инновацияны қабылдау және жүзеге асыру мінез-құлық пен қарым- қатынастың стереотиптерін бұзумен байланысты. Кәсіпорындар тұрақты және дағдыланған жұмысқа өзгерістер енгізуден қорыққандықтан, ол жаңа механизмді қолдануға кедергі келтіреді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының туристік нарығында 1147 туроператор, 3013 турагенттік компаниялар жұмыс істейді, оларды бір қызмет біріктіреді – клиенттердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Өкінішке орай, елге келетін туристер саны аз, яғни, кіру туризмі дамымаған, бұл мәселелерді шешу үшін туризмді дамытуға белсенді қатысу керек, әсіресе, инновациялық үдерісті туристік компаниялардың жұмысына белсенді енгізу сияқты шаралар туристер ағымын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Туристік компаниялардың инновациялық қызметінің дамуына әсер ететін факторларды талдай келе, жоғарыда атап өтілген зерттеудің мақсатына сәйкес қойылған сұрақтардың нәтижелерін талқылайық.
Бірінші сұрақ қызметкерлер жұмыс істеп жүрген компаниялардың жаңа идеялар мен инновацияларға ашықтығы туралы жеке пікірлеріне қатысты болды, жауаптар 5 балды Ликерт шкаласы бойынша өлшенді (1-мүлдем ашық емес, 5 – өте ашық), нәтижелер туристік компаниялар үшін бұл сұрақтың төмен мәнін көрсетті (M = 2.50) және ол 1 гипотезаны растамайды. Сұрақтың түйіні Астана қаласы мен Ақмола облысындағы туризм саласындағы компаниялардың инновациялық белсенділігі төмен екендіктерін, бірақ, олардың шығармашылықтың белгілі деңгейін сақтап қалуға дайын екенін көрсетті. Төменгі деңгей Қазақстанның шет елдік туристер үшін өте қатты тартымды емес болу себебінен туристік компаниялардың өз бизнестерінде инновациялық жаңашылдықтарды енгізуге ынталанбауымен түсіндіріледі.
Екінші сұрақта респонденттерге инновацияны енгізуге қатысты олардың компанияларын сипаттайтын 3 мәлімдеме берілді. Респонденттердің басым бөлігі (58 %) «инновациялар – бұл нарық ерекшелігіне байланысты біздің басымдығымыз емес» деп жауап берсе, компаниялардың ең төмен көрсеткіші (25%) «инновациялар біздің басымдығымыз, біздің компания шығармашылыққа бейім» деп жауап берді, 17% «біз инновацияларды бағалаймыз және жаңа идеяларды оңай табамыз және жүзеге асырамыз» деп жауап берді. Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік компанияларының өкілдері арасында инновациялар нарық ерекшелігіне байланысты олардың басымдығы емес деп санаушылардың пайызы басым тұрғанын байқаймыз, ол осы аймақтарға іскерлік емес, туристік мақсатта келуші туристер арасында танымал еместігімен түсіндірілуі мүмкін.
Сонымен қатар, респонденттерден олардың компанияда инновацияны енгізудегі рөлдерін сипаттау ұсынылды (сурет 1). Респонденттердің басым бөлігі, яғни, 60%-ы өздерін топ құрамында, 25%-ы көшбасшы ретінде, 15 % -ы қолдаушы ретінде көретіндерін айтты.
Сурет 1 - Туристік компаниялардағы инновацияны енгізудегі респонденттердің рөлі
25%
60%
15%
Компанияда инновацияны енгізудегі
респонденттердің рөлі
102 Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
Келесі сұрақта респонденттерге алдыңғы 3 жылда бизнестің қай сегментін жетілдіргісі келетіндігі туралы сауал қойылды. 2-ші суреттегі нәтижеде Астана қаласы мен Ақмола облысында өнімдер, қызметтер және технологиялар инновацияны қажет ететін басты құраушылар екендігін көреміз және туризмді дамыту үшін бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен табыстылықтың басты факторлары ретінде келесілерді атап өткен жөн: инновациялар және өзгерістерге ұмтылыс, ұйымдастырушылық инновациялар, технологиялар, қызметтер мен өнімдерді модернизациялау.
Сурет 2 - Туристік компаниялардың жетілдіретін бизнес-сегменті
Зерттеу нәтижесінде компаниялардың туристік нарықта бәсекеге қабілеттігін сақтап қалуы мақсатында өз өнімдері (30%) мен қызметтеріне (35%) қатысты инновацияларды әзірлеу мен енгізуге қарсы емес екендіктерін, технологияға (20%), компанияның бизнес-моделін (15%) үздіксіз жетілдіруге дайын екендіктері анықталды, дегенмен, инновация мен компанияның бизнес-моделін өзгертуде технологияның басты әрі қуатты рөл екендігін атап өткен жөн.
Бесінші сұрақта респонденттерге туристік компаниядағы инновацияға бастайтын жетістік факторларын атап өту тапсырылды (Кесте 2).
Кесте 2
Компаниядағы табысты инновациялардың негізгі факторлары:
Табысты инновациялар факторлары Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік
компаниялары
Басқарушының мықты көрегендігі (strong vision) 18 %
Инновацияға бағытталған ұйым мәдениеті 7%
Жаңа челлиндждерге ұмтылыс және тәуекелге бел буу 6%
Креативтік 11%
Компанияда жаңа инновацияларға деген қажеттіліктерді анықтай білу
шеберлігі 25 %
Қызметкерлерге білім беру мен олардың біліктілігін арттырудың
жолдарын білу 9 %
Жаңа технологияларды қолдану 12 %
Мықты қаржылық стратегия құру 12%
Ескерту − сауалнама нәтижелері негізінде авторлармен құрастырылған
Нәтижелер респонденттердің «басқарушының мықты көрегендігі» (18 %) мен «компанияда жаңа инновацияларға деген қажеттіліктерді анықтай білу шеберлігі» (25 %) компаниядағы табысты инновациялық қызметтің маңызды факторлары деп есептейтінін көрсетті. Келесі, «жаңа технологияларды қолдану» (12 %), «мықты қаржылық стратегия құру» (12 %), «креативтік» (11%), сияқты сұрақтардың жауаптары орташадан жоғары нәтижені берсе, «қызметкерлерге білім беру мен
0%
5%
10%
15%
20%
25%
30%
35%
40%
Туристік өнімдер Туристік
қызметтер Технологиялар Компанияның бизнес-моделі Туристік компаниялардың жетілдіретін бизнес-сегменті
Туристік компаниялардың жетілдіретін бизнес-сегменті
Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 юююююю 103 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
олардың біліктілігін арттырудың жолдарын білу» (9 %), «инновацияға бағытталған ұйым мәдениеті» (7
%), «жаңа челлиндждерге ұмтылыс және тәуекелге бел буу» ( 6 %) сияқты нәтижелер төмен пайыздық көрсеткішті көрсетіп отыр. Әрине, туристік кәсіпорын қызметкерлері мен басшылары инновацияның қажеттілігін және оған қатысты басқарушының икемділігін, жаңа технологиялардың маңызын атап өтсе де, инновацияға қатысты мықты қаржылық стратегия құруға назар аудармайтыны, яғни, қаражат бөлуге дайын емес екендіктері туралы тұжырымға келеміз. Себебі кез келген инновация және онымен байланысты өзгерістер жоғары тәуекелмен қатар жүретіндіктен, көп компаниялар оны құптай бермейді.
Одан бөлек, зерттеу компаниядағы инновацияның дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды анықтауға бағытталды, нәтижелер төменгі кестеде келтірілген.
Кесте 3
Компаниядағы табысты инновацияларға кедергі келтіретін негізгі тосқауылдар Инновацияларға кедергі келтіретін факторлар Астана қаласы мен Ақмола
облысының туристік компаниялары, %
Ағымдағы ұйымдастырушылық-басқарушылық мәдениет 20
Туристік саладағы инновацияларға қатысты бағдарламалар мен
тұжырымдамалардың болмауы 27
Төмен қаржылық ресурстар 15
Туристік саланың инновациялық дамуының мемлекеттік немесе
жекеменшік көшбасшылығының әлсіз деңгейі 26
Қызметкерлердің креативтілігінің жетіспеушілігі 12
Инновациялылыққа ешқандай кедергі жоқ 0
Ескерту − сауалнама нәтижелері негізінде авторлармен құрастырылған
3-кестеден респонденттер «туристік саладағы инновацияларға қатысты бағдарламалар мен тұжырымдамалардың болмауы» (27%), «туристік саланың инновациялық дамуының мемлекеттік немесе жекеменшік көшбасшылығының әлсіз деңгейі» (26%), «ағымдағы ұйымдастырушылық- басқарушылық мәдениет» (20%) сияқты факторларды туристік саладағы инновацияларға кедергі келтіретін негізгі тосқауылдар ретінде атап өтті, яғни, олардың пайыздық көрсеткіштері жоғары болып тұр, ал, «төмен қаржылық ресурстар» (15%) мен «қызметкерлердің креативтілігінің жетіспеушілігі»
(12%) кедергілер қатарын толықтырып отырғанын байқаймыз. Бұл 3-ші гипотезаны жартылай растайды.
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» шикізат нарықтарындағы құбылмалылыққа және басқа да бақыланбайтын факторларға тәуелділігі мейлінше аз секторларды ынталандыру маңызы атап өтілген болатын. Мұндай секторларға қосылған құнды қайта бөлумен емес, шынайы экономикалық құндылықты қалыптастырумен байланысты өнімді көрсетілетін қызметтер секторы, оның ішінде, туризм саласы да кіреді [5]. Алайда, бұдан өзге аталған саладағы инновациялық қызмет пен оның даму беталысын қолдайтын нақты шаралар көрсетілмеген.
Қорытынды. Зерттеу нәтижесі туризмдегі инновациялар – бұл кәсіпорын деңгейінде әрі туристік саладағы қоғамдық бірлестіктердің туристік ағынды дамытуға бағытталған, туристердің жеке қажеттіліктерін максималды қанағаттандыратын және озық ұсыныстар жасау бойынша жоспарланған, мақсатты бағытталған, басқарылатын және тәжірибелік мәнге ие өзгерістер мен жаңашылдықтар екенін айқындап, инновацияны енгізуде уақыт пен қаржы жетіспеушілігі, тәуекелдің жоқтығы, білікті әрі креативті қызметкерлердің аздығы, туристік компаниялардың инновациялық белсенділігінің төмендігі, туристік саладағы инновацияларға қатысты заңдар мен бағдарламалар, тұжырымдамалардың болмауы және осы саланы инновациялық дамытуда мемлекеттік немесе жекеменшік көшбасшылық деңгейінің әлсіздігі кедергі келтіретінін көрсетті. Оларды шешу үшін біріншіден, ағымдағы ұйымдастырушылық-басқарушылық мәдениетті инновацияға бағытталған ұйым мәдениетіне бағыттай отырып, түбегейлі өзгерту қажет. Екіншіден, компанияда жаңа инновацияларға деген қажеттіліктерді анықтай білу мен мықты қаржылық стратегия құру шеберлігін меңгерген мықты көрегендігі бар басшылардың көш басында тұруы маңызды. Үшіншіден, Қазақстанда инновацияға бағытталған жаңа челлиндждерге ұмтылыс пен тәуекелге бара білетін туристік компанияларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету, мәселен, тек туристік салаға қатысты инновациялық жобалардың байқауын енгізу және оны дәстүрге айналдыру.
Туризмдегі инновациялар тұрақты, ғаламдық және динамикалық үдеріс ретінде
104 Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
қарастырылады, сондықтан, жоғарыда атап өтілген мәселелердің шешімін тауып, оларды жүзеге асыру елдің туристік саласының отандық және халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болуы мен инновациялық дамуына серпін береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент: Учебник для вузов. Стандарт третьего поколения. 6-е изд. – СПб: Питер, 2012. – 448 с
2 «Методология и теория научных исследований туристской деятельности», Российская Федерация, г. Орел, 2014 г.
3 Новиков В.С. Инновации в туризме / В.С. Новиков. − М.: ИЦ «Академия», 2007.
4 Маклашина Л. Р. Инновационное развитие индустрии туризма [Текст] // Проблемы современной экономики: материалы Междунар. науч. конф. (г. Челябинск, декабрь 2011 г.). — Челябинск: Два комсомольца, 2011. — С. 178-179. — [Электронды ресурс] // Қолжетімділік режимі:
https://moluch.ru/conf/econ/archive/12/1451/ (қарау күні: 12.11.2018).
5 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» [Электронды ресурс] // Қолжетімділік режимі:
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1400000874/ (қарау күні: 12.11.2018).
АНАЛИЗ ИННОВАЦИОННОГО РАЗВИТИЯ ТУРИСТСКОЙ ОТРАСЛИ ГОРОДА АСТАНЫ И АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Е.К. Барлыков 1, К.Б. Тукибаева*2, Г.Т.Ахметова3
1, 2 Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева, г. Астана, Казахстан
3Атырауский государственный университет им.Х.Досмухамедова, г.Атырау, Казахстан e-mail: [email protected]
Резюме. Инновации на туристских предприятиях способствуют развитию конкурентоспособности, созданию новых продуктов и услуг, также инновации отражаются в новых подходах к ведению бизнеса и реформировании организационной структуры. В статье рассмотрен уровень инновационной направленности предприятий туристской отрасли и определены барьеры на пути их реализации, проведено анкетирование среди представителей 50 туристских компаний города Астаны и Акмолинской области. В ходе анкетирования были проанализированы факторы, влияющие на развитие инновационной деятельности туристских компаний и их зависимость от состояния внешней и внутренней среды, открытость туристских предприятий к новым идеям и инновациям, основные факторы успеха и барьеры, препятствующие инновационному развитию туристских предприятий, роль сотрудников во внедрении инноваций в компании. На основании проведенного исследования сделаны выводы и даны рекомендации. Решение этих проблем предполагает инновационное развитие и конкурентоспособность туристской отрасли страны на отечественном и международном рынках.
Ключевые слова: инновация, туристская отрасль, фактор, инновационнаяя деятельность, риск, туристские компании.
ANALYSIS OF INNOVATIVE DEVELOPMENT OF TOURISM SPHERE OF ASTANA CITY AND THE AKMOLA REGION
E.K. Barlykov 1, K.B. Tukibayeva 2, G.T. Akhmetova3
1, 2 L.N.Gumilyov Eurasian National University, Astana, Kazakhstan
3Atyrau State University named Kh. Dosmukhamedov,Atyrau, Kazakhstan e-mail: [email protected]
Summary. Innovations in tourism enterprises contribute to the development of competitiveness, the creation of new products and services, also innovations are reflected in new approaches to doing business and reforming the organizational structure. The article considers the level of innovation orientation of enterprises of the tourist sphere and identifies barriers to their implementation; authors conducted a survey among representatives of 50 tourist companies of Astana and Akmola region. The survey analyzed the factors influencing the development of innovative activities of tourist companies and their dependence on the state of the external and internal environment, the openness of tourist enterprises to new ideas and innovations, the main success factors and barriers to the innovative development of tourist enterprises, the role of employees in the implementation of innovations in the company. On the basis of the conducted research, authors made conclusions and recommendations. The solution to these problems involves the innovative development and competitiveness of the country's tourism sphere in the domestic and international markets.
Key words: innovation, tourism sphere, factor, innovative activity, risk, tourism companies.
Статистика, учет и аудит, 2(73)2019 юююююю 105 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
МРНТИ 06.71.07