С.Қондыбай «ар» сөзін Макс Мюллер сияқты сөздің тұпкі жасалу мәніне сұйене отырып, одан туындайтын ұқсас мәндерді іздейді. «Ар» сөзінің арғы мәнін індете қуып, оны прототұркілік сөз ретінде сипаттайды. Зерттеушінің өз сөзімен айтқанда: «Ар – жалпы дүние- ғаламның, тіршіліктің жоғарғы, жалпы мәні. Ар – арғы дүние, ар дүние, о дүние. О дүние «Ар›
болса, О дүниенің адамы «Арық» болған» [2,175].
С.Қондыбай «ар» сөзінің тұпкі мәнін арғы әлеммен, өлілер дұниесімен немесе ғарышпен байланыстырады. «Ар» сөзінің мұнан басқа көп мағынасы бар. Мәселен, «Ар» – тірі пенденің қымбатты қасиеті. Ал «Ар» сөзінен туындаған «арық» сөзін С.Қондыбай: «Еті арылған қу сұйек болған пенде. Ет – бұл дұниенікі болса, сұйек – о дұниенікі. «Арық» сөзінің ежелгі мифтік мағынасы да осы «о дұниедегі тіршілікке» байланысты туындаған» [2,175], – дейді. Мұнда С.Қондыбай «арық» сөзінің мәнін символдық тәсіл бойынша мифтендіріп отыр. Нағында,
«арық» сөзінің мағынасы бұдан өзгерек болуы керек. Қазақта «Арық Мерген» деген ертегі бар.
Ол «әділ, көпшіл» деген мағына береді. Бұл жерде айтарымыз: С.Қондыбайдың сөз мағынасын дәп басуы не жаңылыс тұсіндіруі емес, әрбір деталь, құбылысты зерттеудегі ерекшелігі, мәселені халық танымымен байланыстыра отырып талдағаны, салыстырмалы мифология әдістерін еркін меңгеріп қолданғаны.
Салыстырмалы мифологиядағы заңдылықтар арқылы С.Қондыбай көзқарастары әлемдік ғалымдардың ойларымен бір биікте көрініс тапқанын байқаймыз. Зерттеушінің рухани мұрасы арқылы қай ғасырда туса да, қай елде болса да, тілі мен нәсіліне қарамастан, ұлы ой иелерінің көзқарасы әрдайым өзара ұндесім тауып, ұласып жататынын көреміз.
Қорытып айтқанда, С. Қондыбай – қазақ мифологиясына салыстырмалы мифология әдістерін енгізіп, кешенді зерттеу жұргізген ғалым. Ол қазақ мифтануының жаңа бағыттарын көрсетіп, ғылымның келешектегі дамуына да өлшеусіз ұлес қосты. Жоғалғаныңды тауып, өшкеніңді тірілткен, ұлы ерлік жасап, ұлағатты жол салған мұбәрак тұлға С.Қондыбай әлемі қазақ мифологиясына ғана емес, тұтас қазақ өнеріне алда әлі жарық сәулесін төге беретіні даусыз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.麦克斯·繆勒.金泽译,比较神话学,上海文艺出版社,1989年.153页.
2.Қондыбай С. Қазақ мифологиясына кіріспе. – Алматы: Арыс, 2008. - 86-175-б.
3.艾瑟·哈婷.蒙子,龙天译,月亮神话,上海文艺出版社,1992年. 266页.
4. Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. - 1-кітап. – Алматы: Арыс, 2008. - 34-43-б.
В статье рассматриваются названия населенных пунктов, относящихся к Сарканскому району Алматинской области, их значение и этимология. Названия классифицированы по лексико-семантическим группам, определена морфологическая структура. Дается характеристика исторических названий, переименованных колониальным, тоталитарным путем. Приведены сведения о переименованных названий населенных пунктов региона в годы независимости.
Ключевые слова: названия населенных пунктов, этимология, лексика – семантические группы, морфологический состав.
The article deals with the names of the settlements belonging to the Sarkan region of the Almaty region, their significance and etymology. The names are classified by lexico-semantic groups, the morphological structure is defined. The characteristic of the historical names renamed by the colonial, totalitarian way is given. Information on the renamed names of the settlements of the region during the years of independence is given.
Key words: lexico-semantic groups, morphological structure, colonial, totalitarian way, names, significance ,etymology.
Кіріспе. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің « Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту » атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасы аясында атқарылатын міндеттерді саралай келе,
«Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай- талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің суықта пана, ыстықта сая болған есімдері, ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», - деген еді [1].
Сарқан өңірі туралы, оның атау- жалқы есімдері зерттеу нысаны болмай отыр. Өңірдегі кейбір атаулар туралы Е. Қойшыбаевтың «Основные типы топонимов Семиречья» атты кандидаттық диссертациясынан, Б.Нұржекеевтің «Өзендер өрнектеген өлке» атты кітабынан,Е.Қойшыбаевтың «Қазақстан жер-су аттарының сөздігін», Жомарт Игіманның «Саялы төрім – Сарқаным» атты тарихи-деректі ғұмырнамалық кітабын, Т.Жанұзақтың «Қазақстан географиялық атаулары Алматы облысы» еңбектерін тілге тиек ете аламыз. Ж. Игіманның еңбегінде біз сөз етіп отырған топонимдері жайлы құнды деректер бар.
Өлкеміздің табиғаты тамаша, ауа-райы қолайлы, бет-бедері атау сөздерге толы, олардың көбінің әлі күнге сыры ашылмай жатыр. Ғасырлар бойы халықпен бірге жасап келе жатқан сырға толы сол атаулардың зерттелуі халық игілігі үшін, жас ұрпақ үшін аса қажет.
Материалдар және жұмыс әдісі. Қазақ – өзінің өсіп-өнген жеріне, тауы мен тасына, өзен-көліне, сай-саласы мен ой-қырына лайықты ат қойып, айдар таққан халық. Қазақы атаулардың әрқайсысы халық өмірінің бар саласынан, атап айтқанда, дүниетанымын, тілі мен ділін, мәдени ерекшеліктерін, әдет-ғұрып, салтынан ақпарат бере алады. Қазақ даласы атауға бай. Қандай да болмасын зат атауы оны танытса, жер-су, тау-тас, ой-қыр, сай-сала, бау-бұлаққа берілген атау халықты танып-білуге мүмкіндік береді. Осы орайда қазақ халқы атау беруде қандай қағида ұстанған деген заңды сұрақ туындайды. Қазақ ономастикасының лексикалық құрамына зер салсақ, оған жауап тапқандай боламыз.
Біріншіден, жер-су атауларын беруде сол жердің жер бедері, жан-жануар және өсімдіктер дүниесі, климаты ескерілген;
Екіншіден, тарихи оқиғаларды, тарихи адамдарды, қазақ өміріндегі көрнекті тұлғаларды есте қалдыру, естелік-мұра ету көзделген:
Үшіншіден, жер, атақоныс атадан балаға мирас болып қалып отырған заманда қоныстың (жайлау, қыстау) кімнің иелігі екендігін көрсету мақсат етілген;
Төртіншіден, объектіні тапқан (мәселен,бұлақ, су көзін тапчан адам), объектіні сызғызған, салған (мешіт, медресе, мектеп) адамдар есімін мәңгілік есте қалдыру ниеті сақталған.Ал қазіргі таңда жаппай адам есімімен атау(әкесі, анасы ,ұл, қыздарының есімін) , сонымен қатар, ру атымен атау да дәстүрге айналып бара жатқандай… Поэтикалық атаулар мүлде ұмыт болып барады.Оның есесіне саясаттандырылған Тәуелсіздік, Бостандық, Ерікті.б.
атаулар етек алуда.
«Қай жер, қай ел болмасын, оның қойнауындағы елді мекен, жер атауларындағы әр қилы өзгерістердің бәрі де уақыт өте келе, тікелей саяси-әлеуметтік жағдайларға орай қозғалысқа түсетіні себепті де, олар ғылыми әдебиеттерде: 1) халықтық, 2) отаршылдық, 3) тоталитарлық топонимдерге жіктеліп, ғылыми терминдер ретінде нақтылы ұғымдар қалыптасу үстінде. Әрине, мұның өзі кездейсоқ құбылыстар емес, тарихтың даму жолында объективті шындықтың негізінен туындап отырған саяси-әлеуметтік көріністердің өзі екендігі анық байқалады [2].Сарқан өңіріндегі жер-су аттары (топонимдер) республикамыздағы басқа атаулар сияқты қоғамдық дамудың сипатына қарай өзгеріп, жаңарып отырғаны белгілі. Жергілікті халық өздері мекендеген жердің бет-бедерін, суының ащы-тұщылығына, көлемі мен ағысына,т.б белгілеріне қарай ат қойып, айдар тағып отырған. Ешбір елде, ешбір халықта жер- су, елдімекен т.б атаулар кездейсоқ қойылмаған, қойылмайды да. Оның себептері бар. Осыған байланысты осы өңірдегі атауларды: Халықтық топонимдер, Отаршылдық тапонимдер, Тотолитарлық топонимдер деп топтастыруға болады.
Халықтық топонимдер – аты айтып тұрғандай, осы жерді жайлап келе жатқан халық
авторлығымен қойылып, қалыптасқан атаулар: Қарауылт-бе, Аманбөктер.
Олар жылдар, ғасыр өткен сайын тұрақталып, халықтың тарихын жадын қорландырар елеулі рухани байлығына айналған дүниелер, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған атаулар.
Отаршылдық тапонимдер – халықтық атауларды жою мақсатында өмірдегі саяси- әлеуметтік, басқыншылық пен зорлықтың көрінісі: Петропавловка, Антоновка (Қойлық), Веселое (Шатырбай), Новопокровка.
Тотолитарлық топонимдер – топонимикалық саясаттың бағыты-бағдарын ел билеудегі әкімшілік-бұйрық жүйесінің жемісі. Жалпы, еліміздегі тоталитаралық топонимдер 1930-1985 жылдары белең алғаны белгілі. Мысалы, Ленинка, Пограничник, Соколовка, Тополевка, Жданов (Еркін), т.б.
Байқағанымыздай, Сарқан өңірінде халықтық топонимдермен қатар, отаршылдық, тоталитарлық топонимдер ізі сайрап жатыр. Тәуелсіздік жылдары жоғарыда аталған атаулардың біразына халықтық атаулары қайтарылды. Мәселен, Ленинка-Аққайың, Жданов-Еркін, Киров- Тасқұдық, т.б. Енді біразы әлі де өзгертілмей отырған көрінеді: Петропавловка т б.
«Жеті атасын білмеген – жетесіз» дейді халық. Ол өзінің ата-тегіне байланысты ғана айтылмаса керек-ті. Өз тегімен, отбасымен қатар, өскен ортасын, қоршаған табиғатын, жер-су атауларының шығу тарихын білген жөн деп есептеген бабаларымыз. Тарихи атауларды, яғни халықтық атауларды білу соншалықты маңызды ма,оның қажеті қанша? Иә, маңызды дер едік.
Біріншіден, сөздерден халықтың болмысы мен мінез-құлқын, тірлік-әрекетінің сипатын, әдет- ғұрып, салт-санасын тануға мүмкіндігіміз бар. Екіншіден, тарихи атауларды жинау арқылы халқымыздың ат қою, атау беру дәстүрінен хабардар боламыз.Үшіншіден, жер-су аттарының этимологиясы, шығу арналарын анықтау арқылы ана тіліміздің сөз байлығына бойлаймыз.
Төртіншіден, мәдени ескерткіш ретінде құнды болмақ.Сондықтан да біз өз жерімізде, тарихи отанымызда,жастарымызға жер де, су да қазақтың мол қазынасы екендігін түсіндіруіміз керек.Қазақ қазақ болғалы берілген атаулар екендігін жастардың санасына сіңіру керек.Жер-суға берілген атаулар бетәлбетті өзгере бермейтіндігін олар біліп өсуі қажет.
Нәтиже және оны талқылау. Енді Сарқан ауданына қарасты географиялық атаулар жайлы не білеміз соған тоқталайық. Сол атауларды (ЛСТ) лексика-семантикалық топтарға былай жіктеуге болады екен.
1) Өсімдік атауларына қойылған топонимдер: Алмалы, Аққайың (Ленинка), Тополевка, Сарықұрақ,Көкжиде, Көктерек, Көкшалғын, Көктал.
2) Адам, ру атауларына байланысты топонимдер: Абай, Бақалы, Шатырбай, Аманбөктер, Петропавловка, М.Төлебаев, Баянбай, К.Қазыбаев.
3) Түске байланысты топонимдер: Көкөзек,Ақбалық, Шұбартүбек.
4) Сан есімдердің қатысы арқылы жасалған топонимдер: Екіаша,Үштөбе.
5) Саяси мәнді сөздердің қатысуы арқылы жасалған топонимдер: Бірлік,Үлгі,Еркін.
6) Түрлі аппелятивтер арқылы жасалған топонимдер: Қарауылтөбе, Қаратөбе, Керегетас, Қаратас; Лепсі (су), Сарыбұлақ.
Географиялық атаулар – тіл бірліктері. Олар да қазақ тілінің заңдылықтарына байланысты жасалады.Сарқан өңірі топонимдерінің құрылымдық сипатына назар аударсақ, олар дара тұлғалы, біріккен тұлғалы, күрделі тұлғалы болып келеді екен. Дара тұлғалы атаулар:
Қойлық, Абай, Қорған, Еркін, Бірлік, Үлгі, Бақалы.
Ең мол кездесетін топонимдер – 2,3 сөзден бірігіп жаслағандар: Баянбай, Аманбөктер, Қарауылтөбе, Көкөзек, Көктерек, Шатырбай, Көкжиде, Аққайың,т.б.Сирек болса да сөздердің тіркесуі арқылы жасалған топонимдер кездеседі: Сарқан асуы, Сарқан тауы.
Сарқан өңірі топонимикасының морфологиялық құрылымы
Зат есімдерден, оның ішінде антропонимдерден жасалған атаулар жиі кездеседі: Абай, Кәкімжан, Шатырбай, Баянбай.
Сын есім+зат есім тұлғалас: Ақ+қайың, Көк+өзек,Көк+терек т.б
Сан есім+зат есім: Екі+аша. Екі сан есімі жалпы топтнимдер жасауда жиі қолданылмайды екен, ал оған синоним «қос» сөзі жиі қолданылады, бірақ біздің өңірде кездеспейді.Етістік те топонимдер жасауға қатысқанмен, Сарқан өңірінен ондай топонимдер кездестірмедік.
Ауданға қарасты тарихи елдімекен атауларының бірі – Сарқан. Сарқан қаласы – Сарқан ауданының орталығы. Сарқан өзенінің аңғарындағы құрғақ дала белдемінде орналасқан.
Бастапқыда, 1928 жылы, Сарқан ауданының орталығы Лепсинск болды. Қоныс Лепсі өзенінің жағасында тұрғандықтан, осылай аталады. 1858 жылы Қапал және Лепсі уезінен 22 отбасы Сарқан өзенінің екі қапталын жағалай келіп қоныстанады, елді мекен өзен атымен Сарқан аталады. Аудан орталығы 1935 жылы Сарқантқа көшіріледі [3]. Бұл мәліметтер «Сарқан»
атауының тарихи атау екендігіне дәлел. Сарқант, Сарканд – кейінгі кезеңнің «қателігі». Оның
«Сарқант» болуы шекара төңірегіндегі орыс-казак әскерлері келгеннен кейін, ауыл – станица болып, Сарқан – Сарқандқа айналған. Сарқан атауымен қатар жүретін Басқан, ол да өзен атауы. Халықтық топонимикаға сүйенсек,осы екі атау антропонимдер ретінде танылады: бірде олар – ел билеген хандар, бірде ағайынды ел қорғаны – батырлар болып келеді. Яғни халық жер-су атауын адам есімдерімен байланыстырады. Жер-су атауларының тарихы, этимологиясы жайлы жазылған ғылыми еңбектерді зерделесек,яғни ғылыми топонимика тұрғысынан ғалым А.Әбдірахмановтың пікірінше, «қан» сөзі Сібір халықтары тілінде «өзен» деген мағына береді дейді [4], ал Е. Қойшыбаев «Қазақстанның жер-су атаулары» сөздігінде «Басқан- тау шатқалының, өзенінің, таудың аты. «Қан» тұлғасы тұңғыс-манчжур тілдерінде әлі де «шатқал, сала» мағынасында жұмсалатын термин» деген анықтама берген. [5] «Сары» (сар ) сөзінің поэтикалық мағынасы – а) ұшы қиыры жоқ,шетсіз -шексіз, кең дала,мидай жазық; ә) сусыз,елсіз,қаңырап бос жатқан. Саралай келе, Сарқан атауын ғылыми этимология тұрғысынан
«ұшы қиыры жоқ,шетсіз шексіз, шатқал, сала»деген мағынадағы сөз деп, ал Басқан бас өзен,бас шатқал деп білеміз.
Патша өкіметі Жетісу өлкесіндегі жақсы жерлерге орыс-казактарды (қарашекпенділерді) әдейілеп орналастырғаны белгілі. Ішкі Ресейден жайлы қоныс іздеп (крепостнойлық право жайылғаннан кейін) орыс шаруалары өз беттерімен қоныс тауып, орналасқан заман болған.
Қоныс тепкен жерлеріне өздерінше атау беріп, ежелгі халықтық атауларды бұрмалап, түбінде Қарашоқы – Карачок, Балықтымыз – Балакта, Сарқанымыз – Сарқанд, т.б. болып шыға келді. Оның айғағы ретінде Сарқан өңіріндегі басқа да топонимдерді тілге тиек етуге болады.
Шатырбай жайлауы – Шатырбай тауында. Ел аузында Шатырбай туралы аңыздар да баршылық көрінеді. Біреулер ол малы маңыраған бай екен дегенді айтса, ендігі бір аңызда жылқышы, батыр жігіт екен дегенді айтады.
Ықылым заманда Шатырбай деген жігіт байдың Мәулім деген қызына ғашық болады.
Қыз да оны құлай сүйген. Олар уәделесіп, уәделі сағатта түн жамылып, ата-ананың қарсылығына лағнет айтып, қашады. Арттарынан көп кешікпей қуғын түсіп, бай ауылы отырған жазықтан тау шатқалына жете алмай, өмірлері қыршын кетеді. Бұл оқиға мөлдір махаббатың жалауындай тұтқан халық тауға Шатырбай есімін, бай отырған жазыққа Мәулім есімін берген көрінеді. Ел аузындағы аңыз негізінде 1990 жылдары ақын Жамау Бұқарбай
«Шатырбай-Мәулім» атты аңыз-дастан жазған еді.
Қазір тарихи атауы қайтарылған Қойлық, бұрынғы Антоновкадан ары тауға қарай өрлесеңіз – Теректі өзенінің аңғарынан тағы бір ауыл «мен мұндалайды». Бұрынғы «Путь Ильича» колхозының орталығы – Веселое селосы. Оның бұлай аталуы туралы күлкілі әңгіме айтылады. Веселое селосына жақын жердегі Ойжайлау өңірінде Октябрь революциясына дейін Пугасов дегеннің спирт заводы тұрыпты. Содан Антоновка, Сарқантқа арақ алып, Теректі өзенінің бойындағы селода ат шалдырып, арақ ішіп, көңіл көтерген екен. Бірте-бірте бұл жер көңіл көтеретін орын (место веселья) ретінде мәлім бола бастаған. Сөйтіп, көп өтпей мұнда қоныстанушылар, қарашекпенділер келіп, орныға береді де, олардың бәрі орыстар болғандықтан, ауыл Веселое деген ат алады [6].
Сарқан өңіріндегі өзгертілмей отырған жер атауының бірі- Петропавловка.
«Отарланған жаңа жерлерге ә дегеннен-ақ Романовтар династиясындағы патшалар мен ұлы кінәздардың, отарлау ісіне тікелей араласқан әскери қолбасшылардың, генерал- губернаторлардың, патшашыл қайраткерлердің есімдерін қою тәсілі басым жатты» [2]. Бұл өңір садыр руынан шыққан Арап батырдың жайлауы екен. Елді мекен елі мен жерінің қорғаны болған батыр есімімен аталса, нұр үстіне нұр болар еді.
Қарабөгет - ауыл. Қара түсінің табиғатта, адам қоғамында басқа түр-түстер сияқты көптеген мағыналары барлығын зерттеушілер жазып жүр. Ғалым Б.Қосым ауыспалы, шартты, символикалық мағыналарын атап көрсеткен. «Қара» сөзінің символикалық мағыналарының бірі - үлкен, зор.Мысалы: Қара Ертіс -үлкен Ертіс , Қаратау-үлкен тау.Сонда Қарабөгет сөзіндегі
«қара»- үлкен мағынасында,ал «бөгет» тосқауыл мәніндедеп білген жөн..
Қойлық – бұл атау зерттеу еңбектерінде Қаялық деп аталады. X-XII ғасырдан белгілі болған қала. Қаялық атауының бірінші сыңарындағы сөз өзбек, якут,балкар тілінде «құз, жартас» деген мағынаны береді екен. «Кая, хая,қия» сөздері түркітектес тілдерде, атап айтқанда, Қырғыз, Якут, Дағыстан, Тува, Алтай, Әзірбайжандарда «құз, жартас» деген мағынада жер-су атауларында кездесіп отырады.. Сонымен, Қаялық атауының топонимдік мағынасы «құз, жартасты», «тасты» дегенді білдіреді. Қойлық- Антоновка ауылының жаңа атауы. Антоновка ауылының Антоновка аталуын алма сұрпымен байланыстыратын, ақ пен қызыл соғысымен байланыстыратын ел аузында әңгімелер бар.
Алмалы-ауыл. Ресейден қоныс аударған шаруалар қоныстанған жердің бірі- Алмалы.
Бұрынғы атауы-Покровка.Елдімекен қазіргі орнынан төменіректе Қаракөз аулына таяу жерде болған. Оны бай шаруа Попов иемденген.Қазан төңкерісінен кейін, 1921жылы Сарқан өңіріндегі алғашқы ауылшаруашылық коммуна ашылып, «Энергия» аталады.Кейінірек Қаракөз аулы мен «Энергия» колхозы қосылып, Новопокровка атауы берілген. 1988 жылдан бері- Алмалы. Жері құнарлы. Жеміс-жидек жақсы өседі.Сондықтан Алмалы аталған.
Қарауылтөбе -ауыл.Топонимдік мағынасы-жан жағы түгел көрінетін биік жер.Ел аузындағы аңыз бойынша: Жоңғар шапқыншылығы тұсында осы төбе басында күзетші жауынгерлер қарауыл қарап, жау жақтан хабар алып,белгі береді-мыс. «Қарауыл және төбе»
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған күрделі, тарихи атау.Оның етегіндегі ауыл да осылай аталады.
Бақалы-ауыл. Көкшірім өзенінің бойында орналасқан.Қазақ халқын құраған атақты найман тайпасының белді руының бірі Бақалы атымен аталған мекен, жер аты.
Екіаша-ауыл. Марқа тауының баурайы, Басқан аңғарында орналасқан. 1913 жылға дейнгі тарихи атауы-Мыңбұлақ.Бұлақ көздерінің молдығына қатысты қойылған.Екі санды, мөлшерді білдірсе, атаудың екінші сыңарындағы «аша» сөзі айрық, бөлек мәнінде қолданылып, « екіге тармақталған не бөлінген,екі жаққа таралған, екісай боп кеткен» деген мәнге ие.
Аманбөктер-ауыл.Деректерге сүйенсек, іргетасы 1932 жылы қаланған. «Аман» сөзінің тура мағынасы - есен-сау; шығынсыз; бүлінбеген, бұзылмаған; жоғалмаған» [7]. «Бөктер» -таудың жоғары баурайы. Егер тілдік тұрғыдан болжамдасақ, мағынасы бұзылмаған тау бөктері дегенге саяды. Ал ел-жұрт бұл атауды Аман деген адам есімімен байланыстырады. Қазақ-Жоңғар соғысы тұсында Садыр-Мәмбетей руынан шыққан Аман батыр қалмақтардың жолын тосып, шайқасып, ерлік көрсетіп, жерін, елін қорғаған көрінеді. Демек, Аман батырдың атымен Аманбөктер аталуы әбден мүмкін. «Аман жайлаған тау етегінің баурайы, төменгі жағы» деген божам шындыққа жақын. Осындай дерек Ж.Игіманның кітабында да кездеседі.
Баянбай- ауыл. Адам есімімен қойылған атау. Құрметке ие болған кім екен ? Мен дерек таппадым.Болашақ зерттеушілерге құлаққағыс болар деп ойлаймыз.
Абай-ауыл. Алмалы тауының етегінде орналасқан. Бұрынғы атауы –Тасарық.Топырағы құнарлы бұл жерге шыбық шанышса, мәуелі ағашқа айналады екен. Сондықтан арық қазылуы заңды. Әрі ол таспен өріліп, шегенделгенделуі мүмкін.
Көкөзек-ауыл. Бұрынғы Калинин атындағы қой совхозы. «Өзек» сөзінің мағынасы белгілі. Бір кезде су ағып, кейіннен құрғап қалған жер.Атау жердің кескін келбетіне орай қойылған.Топонимдік мағынасы көгалды, жыралы сай-сала.
Көкжиде-ауыл. Лепсі өзенінің оң жағалау аңғарында орналасқан. 1930-жылдардан бастау алады.Ақсу, Бөрлітөбе,Андреевка аудандары құрамында болғаны белгілі. Ақсуат, Аралтөбе, Жаңабұлақ,Қаратұма,Талдыбұлақ ауылдарының негізінде «Гигант» колхозы құрылған. Көкжиде «Гигант» колхозы мен Прибалхаш совхозының заңды мұрагері десек болғандай. Көкжиде аталуы жиде ағашының көп таралып өсуіне қатысты.
Көктерек – ауыл.Терісаққан өзенінің бойында орналасқан. 1930-жылдары жаппай колхоздастыру кезінде Қанжығабұлақ, Талдыбұлақ, Бөрлібұлақ ауылдары Ворашилов және М.Горький колхоздарына айналдырылған. Кейін М.Горький атындағы қой өсіру кеңшары болып құрылады.
Көкжиде, Көктерек атауларындағы «көк» сөзі түр-түске қатысты болса, терек – үйеңкі тұқымдас ағаш. Жиде – ыстық жерде өсетін жеміс ағашы. Сөздердің бірігуі арқылы жасалған атаулар деп білген жөн.
Еркін-ауыл. Бұрынғы атауы –Жданово (Ждан, Жданов).Атау- кеңес өкіметі тұсындағы тотолитарлық топоним яғни саясаттың, әкімшілік-бұйрық жүйесінің жемісі деп түсінеміз. Ал қазіргі атауы дербес, азат дегенге саяды. Бұл атау да- саясиланған атау.
Кәкімжан Қазыбаев - ауыл. «Ағарту» аулының жаңарған атауы.Кеңес өкіметі орнаған жылдары қоғамдық формацияның өзгеруіне байланысты берілген атау. Ағарту білім беру,оқыту, тәрбие ісі деген ұғымды білдіреді.
Аққайың-ауыл. Ленинка елдімекені 1930-жылдары бой көтерген. Кеңес өкіметі тұсындағы тотолитарлық топоним. Қазіргі атауы- қазақы біріккен сөз. Ауылдың флора-фаунасына қатысты қойылған жаңа атау, өте сәтті беріген атау дер едік.
Тасқұдық - ауыл. Қазіргі қайтарылған атаудың 1920-жылдарға дейінгі тарихи атауы.
Тасқұдық кеңестік саясат белең алғанда,алғашқы ауылшаруашылық артелінің атымен Киров болып өзгертілген. Тарихи атаудың неліктен берілгендігі жайлы құдық тастақ жерден қазылған немесе таспен өріліп, шегенделген деген болжам айтуға болады.
«Бастаушы» сөзінің үш түрлі мағынасы бар.Ғалым Т.Жанұзақ «Бастап жүруші,ілгері апарушы, белгілі өнегелі іске жұмылдырушы » мәнінде қойылған сияқты деген пікір айтады [8].
Пограничник – а уыл.Менің туған ауылым.Аманкелді ауылдық округінің орталығы. Іргетасы 1954 жылы қаланған.Тың игеру науқаны тұсында әскерден босаған солдаттар мен рақымшылық алған сотты болғандар күшімен егіншілікпен айналысуға бейімделген сохоз болып құрылыпты.Ауылдың тұрған жері сортаң.Жері сары топырақты. Қарап отырсаңыз бұл да- бір тарихи кезеңнің белгісіндей атау. Атаудың қойылу себептеріне де мән берілу керек сияқты.
Сол сияқты Черкасск ауылының атауы тарихта болған «Черкасск қорғанысы»
оқиғасына байланысты қойылған. Атауды өзгерту қажет пе? Ойланатын мәселе.
«Біздің қазақ – жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр–сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаңда жер, су жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән–мағына шешілмеген құпия, сыр жатады»,- деп, Ұлы жазушыны (М.
Әуезов) таңдандырған қазақ сондай тапқырлықты қазіргі таңдада көрсете білсек дейміз.Елдімекен атауларындағы өзгерістер бұрынғы атауларын қайта берумен байланысты болып отыр. Бұл дау туғыза қоярлық мәселе емес. Себебі халық жадындағысын тек жаңғыртпақ. Мәселен, Сарқан өңірінде бүгінгі таңда 1 қалалық, 12 ауылдық округтегі 36 елдімекен бар. Осы елдімекеннің отызының атауы мемлекеттік тілде екен. Өзгертуге жататыны Петропавловка, Садовое, Соколовка, Пограничник, Тополевка ауылдары. 12 ауылдық округтің 7–не тарихи жер-су атаулары қайтарылған. 5 округтің атауы мемлекеттік тілде, өзгертілмегені
Черкасск ауылдық округінің атауы.Черкасск ауылдық округіне қарасты Садовое ауылын Ешкіөлмес, Петропавловка ауылын Ақтұма, Соколовка ауылын Теректі ауылы деп өзгерту жөнінде жұмыс жүргізіліп жатырдеген мәлімет берген еді аудандық ономастика комиссиясы.
Бұл дау туғыза қоярлық мәселе емес. Себебі халық жадындағысын тек жаңғыртты.
Қорытынды «Біздің қазақ – жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр–сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаңда жер, су жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән–мағына шешілмеген құпия, сыр жатады»,- деп, Ұлы жазушыны (М. Әуезов) таңдандырған қазақ сондай тапқырлықты қазіргі таңдада көрсете білсек дейміз.Елдімекен атауларындағы өзгерістер бұрынғы атауларын қайта берумен байланысты болып отыр. Бұл дау туғыза қоярлық мәселе емес. Себебі халық жадындағысын тек жаңғыртпақ. Мәселен, Сарқан өңірінде бүгінгі таңда 1 қалалық, 12 ауылдық округтегі 36 елдімекен бар. Осы елдімекеннің отызының атауы мемлекеттік тілде екен. Өзгертуге жататыны Петропавловка, Садовое, Соколовка, Пограничник, Тополевка ауылдары. 12 ауылдық округтің 7–не тарихи жер-су атаулары қайтарылған. 5 округтің атауы мемлекеттік тілде, өзгертілмегені Черкасск ауылдық округінің атауы.Черкасск ауылдық округіне қарасты Садовое ауылын Ешкіөлмес, Петропавловка ауылын Ақтұма, Соколовка ауылын Теректі ауылы деп өзгерту жөнінде жұмыс жүргізіліп жатырдеген мәлімет берген еді аудандық ономастика комиссиясы.
Бұл дау туғыза қоярлық мәселе емес. Себебі халық жадындағысын тек жаңғыртты.
2005 жылы «Жаңарған жетісу атаулары» атты топонимдер анықтамалығы «Арыс»
баспасынан жарық көргені өздеріңізге белгілі. Анықтамалықтың алғы сөзінде «Ономастика – мемлекетіміздің үлкен саясатының бір бөлігі. Өйткені мемлекет картасындағы атаулар сол елдің тәуелсіз, азат екенін немесе отар ел екенін бірден байқалады. Ономастиканың саясат ұлттық тарихымызды қастерлеп, байырғы атауларды қайта қалпына келтіруге негізделуі керек»
делінген [9].Біз адамзаттан бұрын пайда болып, өте ерте бағзы заманда қазіргі атауларға ие болған мұхит, теңіз, тау, көл атауларын өзгерте алмаймыз. Ал елді мекен, көше, қала нысандарының байырғы атауын қалпына келтіру – ата-бабамыз алдындағы парызымыз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Назарбаев Н. « Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту » мақаласы.
2.Мырзахметұлы М. Қазақ қалай орыстандырылды. Алматы,2011.
3. «Қазақстан» Ұлтық энциклоподия. 7 том. Алматы,2005. -728 бет. ISBN 9965-9746-5-9 4.Әбдірахманов А.Топонимика және этимология.Алматы,1975.
5.Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су атаулары.Сөздік.Алматы,1985. [6]. Игіман Ж.
Саялы төрім-Сарқаным. Алматы:Үш Қиян,2006.-544бет. ISBN 9965-738-32-7
6. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.Алматы:Дайк-Пресс,2008.-968 бет. ISBN 9965-798-99-0 7.Жанұзақ Т. Қазақстан географиялық атаулары Алматы облысы. -Алматы: Арыс, 2005.- 256 бет. ISBN 9965-17-267-6
8.Жаңарған Жетісу атаулары.Алматы:Арыс,2005.-160 бет. ISBN 9965-17-277-3- с DOI:
9.Национальный Регистр и Библиотека корпоративных нефинансовых отчетов // РСПП:
официальный сайт. URL: http://www.rspp.ru/simplepage/157 (дата обращения: 01.06.2017). - без DOI:
10.Белоус Н.А. Прагматическая реализация коммуникативных стратегий в конфликтном дискурсе [Электронный ресурс] // Мир лингвистики и коммуникации: электрон. научн. журн.
2006. N 4. URL: http://www.tverlingua.by.ru/archive/005/5_3_1.htm (дата обращения: 15.12.2007).
1. Мырзахметұлы М. Қазақ қалай орыстандырылды. Алматы,2011.
2. «Қазақстан» Ұлтық энциклоподия. 7 том. Алматы,2005.
3. Әбдірахманов А.Топонимика және этимология.Алматы,1975.
4. Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су атаулары. Сөздік. Алматы,1985.
5. Игіман Ж. Саялы төрім-Сарқаным. Алматы,2006.
6. Жанұзақ Т. Қазақстан географиялық атаулары Алматы облысы. -Алматы: Арыс, 2005.
7. Жаңарған Жетісу атаулары.Алматы:Үш Қиян,2006.