• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

128 1. Берілген мәліметтер нұсқалары;

2.Синхрондық екі қадамды триггерлердің құрылымын логикалық синтездеу;

3. Екі қадамды триггердің схемасы және оның шартты графикалық белгіленуі;

4. Синхрондық триггердің динамикалық басқару жазылымының схемасы және оның шартты графикалық белгіленуі;

5. Листингтегі триггердің сипаттамасы;

6.Тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері;

Білім беру саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбектенуге жағдай жасайды.

1. Нұрғалиева Г.К. Электронды оқулықтар - мұғалім мен оқушылар қызметін ізгілендіру құралы. // Компьютер әлемі. Республикалық журнал. - №2.-2002. - 20-21-Б.

2. Гук А. Аппаратные средства. - Санкт-Петербург:Питер-Пресс,2000. – 375с.

3. Ковригин Б.Н. Триггерные схемы: Ч. 1. Описание и классификация. - М.: МИФИ, 1976.

4. Ковригин Б.Н. Триггерные схемы: Ч. 2. Синтез и анализ. - М.: МИФИ, 1977.

129

Қазіргі кездегі әлеуметтiк-экономикалық ӛзгерiстер, ғылыми-техникалық прогресстің қарқынмен дамуы еліміздегі білім беру жүйесін модернизациялауды талап етуде. Білім беру жүйесін модернизациялау үрдісінің ӛзектілігі, маңыздылығы білім беру органдарының қызметтеріне, қарамағындағы ұйымдардың іс-әрекеттеріне деген қатаңдықты, талаптылықты күшейтуде және педагогикалық жаңашылдықты құрастыратын жаңа типтік бағдарламалардың жасалуында әрі іске асыруында жатыр.

Бүкіл әлемдегі мектеп білімінің қазіргі жағдайы мектеп жүйесін, оқытудың мақсаты мен міндетін, оқыту әдістемесі мен мазмұнын ұйымдастыру бағытында оқыту жүйесін реформалаумен сипатталады. Бұл ұмтылыс бірқатар әлеуметтік және педагогикалық сипаттағы деректерге сүйенеді.

Қазақстан білім беру жүйесінің алдына айқын түрде мақсат қоя білді, ол – ұлттық білім моделін жасау және оның әлемдік білім кеңістігіндегі интеграциясы. Ӛйткені, қай елдің болмасын ӛсіп-ӛркендеуі, ӛркениетті дүниеде ӛзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейі мен даму бағытына тікелей байланысты.

Бүгінгі Қазақстанның білім беру жүйесінің шынайлылығы: әлемдік білім стандарттарымен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың талмай қызмет жасауы, білім жүйесінің дамуының құндылықты тепе-теңдігі, мемлекеттік бюджеттен бӛлінетін қаржыландырудың кӛлемі, мұғалім еңбегін ынталандыруды іске асырудың механизмдері, үш ауысымды оқытуды тәркілеу мақсатында жаңа мектептердің құрылысы, жаппай компьютерлендіру, әлемдік стандартқа сәйкес мектепалды даярлық, орта білім, ЖОО, ЖОО-нан кейінгі білім, кадрларды қайта даярлау, шетелдерден білім алудың мүмкіндігі, «Болашақ» бағдарламасы, шетелдік оқытушыларды Қазақстандық білім жүйесіне қатыстыру, бір-бірімен үйлестіру т.б. Бұл мәселелер кӛптеген құжаттармен және олардың жүзеге асырылуына қатысты жұмыстармен дәлелденген. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы «Бiлiм беру» Заңы, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы [1], Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы [2], және 12 жылдық білім беру бойынша құжаттар.

Бұл құжаттарда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен техника жетiстiктерi негiзiнде тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үшiн жағдайлар туғызу қажеттігі кӛрсетiлген. Білім беру саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қоғам мен мемлекет, жеке тұлғаның болашақтағы қажеттіліктеріне білім берудің барлық компоненттерін сәйкестендіру және заманауи білім сапасымен қамтамасыз ету керектігі айқындалған.

Еліміздегі білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, оқушыларды бейіналды даярлау және жоғары сыныптардағы бейіндік оқыту Тұжырымдамасында белгіленген мақсаттар мен міндеттер орта мектептiң алдына ӛзiнiң болашақ қызметiнде жетiстiкке жете алатын бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындау мiндетiн қойып отыр. Елімізде жеке тұлғаны кәсіби бағытта бейіндік оқыту қолға алынған және ол 12 жылдық білім беру жүйесіне толық кӛшуге бағытталған жұмыстардан кӛрінуде.

Психологиялық-педагогикалық, дидактикалық және әдiстемелiк әдебиеттерде бiлiм мазмұнын саралаудың екi түрi ажыратылады деңгейлiк және бағдарлы. Бiлiм беру жүйесiнiң кӛп түрлiлiгi жағдайында бiлiм мазмұнын саралау проблемасын шешу бiлiм беру жүйесiнiң дамуына, оның жаңа сапалық деңгейге кӛшуiне себептесетін болады. Оқушылардың дара ерекшелiктерiн, олардың танымдық мүмкiндiктерiн, қабiлеттiлiктерiн ескеру мәселесiн және сол арқылы оқушылардың бiлiмдi әр түрлi деңгейде игеруін жоспарлауды бiлiм мазмұнын деңгейлiк саралап оқыту арқылы шешедi [3]. Деңгейлеп саралау оқу материалын оқу қарқындылығының баламалылығы;

130

оқу тапсырмаларының баламалылығы; оқу іс-әрекеті сипатының баламалылығы;

мұғалімнің кӛмек сипатының баламалылығы арқылы жүзеге асады.

Кӛптеген әдебиеттерде бiлiм мазмұнын бағдарлы саралаудың мәнi «оқушылардың орнықты мүддесi, қабiлеттiлiгi, бейiмдiлiгi аясында олардың осы қасиеттерiн таңдап алған бағыттарында мүмкiндiгiнше дамыту мақсатымен мамандыққа бағыттау болып табылады» деп берiлген 4, 5.

Бағдарлы саралау оқушыларды салыстырмалы түрде орнықты топтарға біріктіруді және жеке пәндерді білім беру мазмұнымен, оқушылардың білімдері мен біліктіліктеріне қойылатын талаптарымен ерекшеленетін арнайы бағдарламалармен оқытуды ескереді.

Оқытуды саралаудың бұл түрі оқушылардың қызығушылығы, қабілеттілігі және жобаланатын мамандық бойынша жүзеге асырылады. Білім мазмұнын бағдарлы саралау - жоғары сынып оқушыларының бейiмдiлiктерi мен қабiлеттiлiктерiн ескере отырып, белгілі бір кәсіби қызмет саласына қызығушылықтарын дамытуға және білімін әрі қарай жалғастыру үшін қажет біліммен қаруландыруға бағытталған бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың құралы мен шарты. Бағдарлы сараланған білім беру оқушылардың ӛздерiнiң танымдық қызығушылықтарына, қабiлеттiлiгiне, оқудағы жеткен жетiстiктерiне және кәсiптік бейімділіктеріне байланысты олардың оқыту бағдарын еркiнше таңдап алуға негiзделген. Тоқмурзаева У. бағдарлы саралау компоненттеріне оқушының жас ерекшелігін, қабілеттілігін, оқудағы жетістігін, бейімділігін, ата-анасының тілегін, таңдаған мамандыығын жатқызады [3].

Еліміздегі бейіндік оқытудың қазіргі жағдайын талдаудан келесі қорытындыға келдік:

- Отандық педагогика бейіндік оқытуды оқыту мәселесімен ХХ ғасырдың 90-шы жылдарымен бастап айналыса бастаған.

- Бейіндік оқыту бағдарламаларын іске асыратын мектептер бейіндік мектептер деп аталады. Оның қабырғасында бір бейін бойынша да, бірнеше бейін бойынша да білім беру іске асады, яғни бір бейінді немесе кӛпбейінді мектептер болады. Негізгі бейіндердің саны кӛп болмауы тиіс.

- Жалпы білім берудің жоғарғы сатысындағы бейіндік оқытудың концепциясы келесідей:

1) жаратылыстану-математикалық; 2) әлеуметтік-экономикалық, 3) гуманитарлық; 4) технологиялық.

- Бейіндік білім беруге қатысты тұжырымдама, кейбір нормативті құжаттар құрастырылған.

Бiлiм мазмұнын бағдарлы саралаудың негiзгi ӛлшемдерінiң бiрiне мектепте бiлiм берудiң негiзiн құрайтын ғылым негiздерi зерделенетiн пәндер, яғни саралауға «пәндiк»

тұрғыдан қарау жатады. Бұл жағдайда оқыту бағдарына қарай нақты оқу пәнi түрлi функцияларды атқара алады:

жалпы мәдениеттiң негiзiн қалауы;

оқушыларды арнайы дайындығындағы негiзгi пән бола алуы;

басқа бiлiм салаларымен қарулану үшiн қажеттi құрал ретiнде кӛрiнiс

табуы.Пәндiк салалар бойынша бiлiм мазмұнын бағдарлы саралау нақты мектеп тәжiрибесiнде кеңiнен ӛрiс алуда.

Математика мектептегі негізгі пәндердің бірі болып табылады, сондықтан оны бейіндік сыныптарда оқыту ӛзіндік ерекшеліктерге ие болуы тиіс. Ӛйткені диалектикалық дүниені түсіну үшін оқушылардың әлемге кӛзқарастарын қалыптастыруда математиканың алатын орны ерекше. Математика пәнін оқып-үйрену арқылы әлемдік кӛріністердің математикалық модельдерін құрастыру, алға қойған мәселенің шешілуіне қажетті заңдылықтар мен ережелердің, ұғымдар мен пайымдардың қолданысы іс жүзінде орындалады. Осы мәселелерге қатысты қазіргі

131

кезде елімізде математиканы бейіндік оқыту жұмыстары жүргізілуде. Алайда орта мектептерде бейіндік оқытудың әдістемелік жабдықталуы тӛмен деңгейде, әсіресе бейіндік оқытудың вариативті компоненті болып табылатын элективтік курстар, олардың әдістемелік қамтамасыздығы әлі күнге шешімін таппай отыр.

Психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердi талдау вариативтi компоненттің оқу курстары қазiргi кездегі ғылыми зерттеулер назарынан тыс қалғанын және олардың негiзгi пәндерге қатысты ерекшеліктері жеткілікті дәрежеде ескерілмегендігін кӛрсетеді. Бұл мәселенің теориялық тұрғыдан жеткілікті дәрежеде негізделмеуі мектеп тәжірибесінде вариативтi компоненттің нәтижелiлік деңгейiнiң тӛмен болуына алып келуде.

Қазіргі кезде бейіндік оқытудағы элективтік курстардың алатын орны, жоғары сыныптардағы бейіндік оқытудың қағидалары мен элективтік курстарды құрастырудың жалпы талаптары келтірілген зерттеулер бар.

Элективтік курстар – мектептің жоғары сатысында оқыту бейіні құрамына енетін, 9-сыныпта оқушылардың алдын-ала таңдауы бойынша 10-11 сыныптарда оқытылатын міндетті курстар. Элективтік курстар оқу жоспарының мектептік компоненті есебінен іске асады және екі түрлі қызмет атқарады:

1) оқушының таңдауы бойынша негізгі бейіндік пәндердің оқытылуы;

2) бейінішілік мамандандаруды іске асыруға және оқушылар үшін жекелей білім беру траекторияларын құрастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, элективтік курстардың келесідей типологиясы ұсынылады:

1.Бейіндік курстың толықтауышы ретіндегі элективтік курстар. Бұл жағдайда мұндай толықтырылған бейіндік курс толыққанды тереңдетілген болады, ал ол оқытылатын мектеп (сынып) жеке оқу пәндерін тереңдетіп оқытатын дәстүрлі арнайы мектепке айналады.

2.Берілген мектепте (сыныпта) оқытылуы минималды жалпы білім беру деңгейінде жүргізілетін базистік курстардың бірінің мазмұнын дамытатын элективтік курстар. Бұл:

а)кӛршілес оқу пәндерінің бейіндік деңгейде оқытылуын ұстап тұруға;

ә)қызыққан оқушыларған ӛздерінің дүниетанымдық қажеттіліктерін қанағаттандырып, қосымша дайындық алуға, мысалы, таңдалған пән бойынша бейіндік деңгейде ҰБТ тапсыруға дйындалуға мүкіндік береді.

3.Элективтік курстардың үшінші типі оқушылардың жекелей адам іс-әрекеті саласы (кейде таңдалған бейін шегінен шығатын) бойынша дүниетанымдық қызығушылықтарына негізделген.

Математикадан элективтік курстарды құрастыру бойынша Ресейлік әдіскер ғалымдар біршама жұмыстар атқарған, оларды еліміздің мектептерінде қолданып та жатыр, ал қазақ тілінде оқитын мектептерге арналған математикадан элективтік курстар жоқтың қасы. Сондықтан да, жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқыту үшін математиканың элективтік курстарын құрастырудың теориялық негіздерін айқындау - ӛзекті мәселе болып отыр.

Жалпы айтқанда, бейіндік оқытудың дидактикалық, ұйымдастырушылық- педагогикалық аспектілерінің дербес мәселелері зерттелген. Математикадан элективтік курстарды құрастыру және оларды оқу үдерісіне енгізуге қажет оқу-әдістемелік кешендер даярланбаған, математикадан құрастырылған элективтік курстардың кӛбінің тек бағдарламасы ғана келтірілетінін, кейде тек оқулық шығарумен шектелетіндігін айту керек.

Математиканы бейіндік оқытуға арнаалған элективті курстар оқушылардың математикаға деген тұрақты қызығушылықтарын қалыптастырады, математикалық қабілеттіліктерін одан әрі дамытады, кәсібіне бағытталғандықты күшейтеді деп

132

күтілуде. Математикамен байланысты кәсіптерге бағыттау, сол кәсіпке сәйкес ЖОО-на түсуге даярлау, ЖОО-да сәтті оқу, алған математикалық білімдерін, ғылым мен техниканың әртүрлі салаларына математикалық әдістердің қолданылуы мүмкіндіктерін пайдалануда математиканың элективті курстарынан (оқу арқылы) бастау алады.

Психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді оқып үйрену және талдау негізінде жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқытуға арналған элективті курстарды құрастырудың теориялық негіздері анықталды:

- адам дамуының жандүниесіне қатысты оң ӛзгерісі, жеке тұлғаның қызығушылығы, оның эрудициясының қалыптасуы, ойлаудың жалпыланған тәсілдерінің дамуын жиынтық түрінде қарастыратын білім берудің жаңа парадигимасы;

- жеке тұлғаға бағдарланған оқыту;

- оқытудың компоненттік және іс-әрекеттік тәсілдері;

- жалпы білім алу бағдарламасын құрастыруды икемді және кең мазмұнды тұрғыда құрастыру және онда деңгейлеп саралауды ескеру;

- жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастық.

Элективтік курстарды құрастырудың теориялық негіздерін зерттеу бізге математиканы жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқытуға арналған элективтік курстарды құрастырудың мақсаттарын, сипаттамаларын, функциялары мен түрлерін ерекшелеуге мүмкіндік берді.

Математика ғылымының ӛзіндік бейнесі математиканы оқу пәні ретінде қарастырғандағы оның мазмұнынан белгілі бір мӛлшерде кӛрініс табады. Математика дидактикасында «математика сабағы» әдістемелік ұғымына мынадай сипат-белгілер жиыны сәйкес келеді:

-әрбір сабақта белгілі бір білім беру және тәрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады;

-мақсат-міндеттер нақты оқу материалын қарастыру арқылы шешіледі;

-лайықты оқыту әдістері таңдап алынады;

-сынып ұжымы белгілі бір түрде жұмысқа жұмылдырылады.

Осы сипат белгілерді ескере отырып, математика сабағына қойылатын қажетті талаптар келесі түрде тұжырымдалады:

1. Сабақта басты дидактикалық мақсат болады. Математика сабағының басым кӛпшілігінде бір емес, әр түрлі құрамда бірнеше оқу мәселелерін шешу кӛзделеді. Оқу мақсаттардын ішінде әрқашан біреуін басшылыққа, негізге алып, қалғандарын соған бағындыру қажет болады.

2. Сабақ барысында білім беру міндеттерімен қатар тәрбиелік мақсаттарды орындау. Оқыту ең әуелі ӛзінің мазмұны – факторлар мен оларды түсіндіру арқылы тәрбиелейді. Бұл тұрғыда негізгі мақсат оқылатын материал мен оқу үрдісін оқушыларды келешекке деген кӛзқарас пен сенімге тәрбиелеу үшін жоспарлы түрде пайдалана білу болып табылады. Тәрбиенің бұл жалпы мақсаты ӛзара байланысқан кӛптеген дербес тәрбиелік міндет-мақсаттарды орындау арқылы жүзеге асырылады.

Бұлардың ішіндегі ең зәрулері математикаға деген қызығушылықты тудыру немесе дамыту, оқушының оқуға деген қажеттілігі мен мүдделілігін ояту және олардың кӛмегімен ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Мұндай қасиеттер оқушыларға ӛзінен-ӛзі дарымайды. Бұл мұғалімнің ұзақ және жоспарлы жұмысының нәтижесі болады.

3. Сабаққа оқу материалын негіздеп іріктеу. Сабақтың мазмұнын таңдап алу кездейсоқ нәрсе емес, ол жан-жақты байыптауды, негіздеуді қажет ететін дидактикалық әрекет.

4. Сабақта оқушылардың білім алу белсенділігін қамтамасыз ететіндей оқыту әдістерін қолдану.

133

5. Сабақты ұйымдастырудың анықтығы. Жоғарыда қарастырылған 1-4 талаптарды бұлжытпай орындау сабақтың анық және ұйымшылдықпен ӛтуіне толық жағдай жасайды. Мұның үстіне сабақты бұлай ұйымдастыру мынадай қажетті шарттарды орындағанда ғана мүмкін болады: мұғалім сабақ материалдарын жетік біледі; әрбір кезекті мәселенің әдістемесін, оны оқытудың бірнеше әдістерін біледі және оқыту үдерісіне қолданатын құралдарды таңдай алады.

Сабақ берудің практикасы үшін сабаққа қойылатын талаптарды ғана біліп қою жеткіліксіз болады, оған қоса бұл шарттарды әртүрлі нақты жағдайларға сай ақылмен рационалды түрде қолдана білу аса қажет.

Заманауи математиканы оқытуда математикалық негізгі мазмұндық құрылым басшылыққа алынады. Сондықтан, математиканың білім берудегі және жалпы білім беретін мектептегі мақсаттарының бірі оның мазмұндық құрылымын тиімді құрастыру болып табылады1. Қазірдің ӛзінде заманауи алгебра мәселелерін, оның ішінде алгебралық құрылымдарды оқып үйренуге бағытталған элективті курстар кеңінен қолданылуда.

Математиканы бейіндік оқытудың негізгі мақсаттары:

- математика пәнін тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету;

- білім беру мазмұнын саралауды жүзеге асырдың алғы шарттарын құрастыру;

- оқушының мүмкіндігін, жеке басының қасиеттерін, қажеттіліктерін және ебдейлігін ескеріп оларға сәйкес толыққанды білім беруге тең қолжетімділікті тағайындау;

- жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ете отырып, оқушыларды әлеуметтендіру мүмкіндіктерін кеңейту;

- мектеп бітірушіні жоғары кәсіптік білім беру бағдарламасын еркін игеріп кетуге тиімді түрде даярлау.

Осыған байланысты, математикадан элективтік курстардың келесі түрлері ұсынылады:

1) бейіндік курстардың мазмұнын толықтыратын және тереңдететін элективтік курстар;

2) жалпы білім беру деңгейінде аз сағат мӛлшерімен оқытылатын базистік курстардың біреуінің мазмұнын кеңейтіп оқытылатын элективтік курстар

3) оқушының таңдаған бейіндік бағытынан тыс адамзат іс-әрекетінің белгілі бір саласы бойынша жекеленген оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруға бағытталған элективтік курстар.

1 Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. //Егеменді Қазақстан.– 2011.–3 б.

2 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //Қазақстан мұғалімі, 20 қаңтар.– 2004. – 3-4 б.

3 Тоқбергенова У.Қ. Мектептегі жаратылыстану пәндерінің мазмұнын бағдарлы саралаудың теориялық негiздерi.Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2009.-

4 Медеуов Е. Методологические основы проектирования стандарта среднего математического образования Республики Казахстан–М., Авангард, 1996. –334с.

5 Джадрина М.Ж. Научные основы построения содержания вариативного образования в школе. – Алматы, 2000. – 218с.

134 УДК 662.997.537.

А.С. Саидов1, А.Ю. Лейдерман1, С.А. Бахтибаева2, А.Н. Курмантаев2, Б.М. Бекмурзаев2, Д.К. Алимов2, Ш.Ж. Раманкулов2

ОСОБЕННОСТИ ВОЛЬТ-АМПЕРНЫХ ХАРАКТЕРИСТИК

nSi-pCdTe и nSi-pCdTe-nCdS ГЕТЕРОПЕРЕХОДОВ, ВЫРАЩЕННЫХ НА ПОДЛОЖКАХ ИЗ ТЕХНИЧЕСКОГО КРЕМНИЯ, ОЧИЩЕННОГО НА

СОЛНЕЧНОЙ ПЕЧИ

(Узбекистан, г.Ташкент, 1Физико-технический Институт Академия наук Узбекистана, ,

2 Международный Казахско-Турецкий университет им. Х.А.Ясави, Туркестан) Жұмыста nSipCdTe және nSipCdTenCdS құрылымды ӛткізгіштігі n-типті техникалық кремний тӛсегішінде күн пешінде ашық ауада 5 рет қайта қорытып балқытылған қоспалардың вольтамперлік сипаттамаларын зерттеу нәтижелері келтірілген. Бӛлме температурасында екі құрылымның тікелей бағыттағы вольтамперлік сипаттамасы J ~Vтәуелділігін 2 мәнін қанағаттандырады. Екі гетероауысуы бар құрылымның вольтамперлік сипаттамасында V 0,250,5В кернеу аумағында ток күшінің тӛмендеуі байқалады. Оның себебі, кедергісі температураға тәуелді n-текті тӛсегіш тармақталған токтар желісі ретінде қарастырылатын диодты құрылым үшін тұйықтауымыз шунттың мәндерін атқаруымен түсіндіріледі.

Приведены результаты исследования вольтамперной характеристикиnSipCdTeи nCdS

pCdTe

nSi  - структур, изготовленных на подложках из технического кремния с проводимостью n - типа, полученного пятикратной переплавкой на открытом воздухе на солнечной печи. Показано, что в пропускном направлении при комнатной температуре вольтамперная характеристика обеих структур удовлетворительно описывается степенной зависимостью вида J ~V с показателем

близким к 2. Причем на вольтамперной характеристике структуры с двумя гетеропереходами имеется провал в области напряженийV 0,250,5В, который объясняется в рамках представлений о диодных структурах с разветвленной токовой сетью, когда n-подложка играет роль шунта, сопротивление которого меняется с температурой.

This article deals with the results of research of current voltage characteristic pCdTe

nSi and nSipCdTenCdS-structures made on substrates from n – the technical silicon received by fivefold melting in the open air on the solar furnace are given. It is shown that in the throughput direction at room temperature current voltage characteristic both structures are well described by sedate dependence of a type of J ~Vwith an indicator α close to 2. And to current voltage characteristic structures with two heterojunction there is a failure in the field of tension of V=0,25÷0,5В which explain within ideas of diode structures with branched-out that network when the n-substrate plays the shunt role which resistance changes with temperature.

В современной полупроводниковой электронике кремний до сих пор остается лидирующим материалом. Однако, и материалы группы А2В6тоже занимают в ней достойное место. При этом поскольку в этой группе только CdTe обладает p-типом проводимости, большое распространение получили гетеропереходы pCdTe-nCdS. В данной работе исследуются два вида гетероструктур, выращенных на кремниевых подложках. При этом в качестве материала подложки был выбран не обычный кремний, а кремний, полученный из технического кремния марки КР3 путем

135

пятикратной переплавки на открытом воздухе на солнечной печи. Как сообщалось раннее в ряде работах [1,2], такой материал обладает уникальными свойствами, делающими его в чем-то похожим на электрет. При небольших воздействиях температуры (немного больше комнатной) он становится генератором тока и (или) напряжения.

Итак, в качестве подложки мы выбрали именно этот материал. При температуре нагрева подложки 9800С методом вакуумного напыления в водородном потоке наносился слой pCdTe. Диаметр полученной пленки, составлял 0,5 см. К полученной гетероструктуре были с обеих сторон нанесены индий - галлиевые омические контакты. ВАХ полученной nSipCdTe структуры в прямом и обратном направлении (прямое направление - «+» - на кремний) при комнатной температуре приведена на рис.1 в двойном логарифмическом масштабе.

Из рисунка видно, что в прямом направлении ВАХ может быть описана зависимостью J ~V, где  2, но имеются области с 2 и  2.

На такой же n-кремниевой подложке мы изготовили еще одну, более сложную структуру. ПомимоnSipCdTe гетероперехода она имела второй гетеропереход, полученный нанесением nCdS наpCdTe. Таким образом, была полученаструктура

nCdS pCdTe

nSi  . К ней также были нанесены омические контакты: индий - галлиевый со стороны кремниевой подложки и индиевый, напыленный на CdS, т.е.

структура имела два гетероперехода - nSipCdTe и nSipCdTenCdS. ВАХ такой структуры в прямом направлении при комнатной температуре показана на рис.2 в двойном логарифмическом масштабе. На рисунке ясно виден провал в области напряжений V 0,250,5В. Затем идут участки типа J ~V, где

17 , 2

; 36 , 1

; 82 ,

1  

  

 , соответственно. Таким образом, ВАХ двух изучаемых структур можно было бы считать сходными, если бы не провал в области 0,250,5В.

Обращает на себя внимание тот факт, что у обеих структур степенные зависимости тока от напряжения близки к квадратичной J ~V2. Принято объяснять такую зависимость в рамках дрейфового режима омической релаксации или чисто диффузионным механизмом токопрохождения при наличии минимума в распределении концентрации свободных носителей [3]. Однако, общеизвестно, что CdTe является сложным материалом, содержащим большое количество различного рода дефектов и дефект-примесных комплексов достаточно сложной природы. Рекомбинация

136

свободных носителей в таком материале существенно усложняется, поскольку начинает играть роль внутрикомплексный обмен свободных носителей [4]. Это, в свою очередь, может привести к существенному изменению вида ВАХ и, как показано в [4],изменить простую квадратичную зависимость J ~V2 на более сложную типа

) 2

(

~ M J V

J , где коэффициент M сам является функцией тока.

На рис. 2. ясно виден провал тока в области напряжений 0,250,5В. Нам представляется, что этот участок ВАХ может быть объяснен в рамках представлений о диодных структурах с разветвленной токовой сетью [5], поскольку напряжение, прикладываемое к нашей структуре делится между двумя гетеропереходами и n- подложкой (см. рис.3.). В этом случаеn-подложка может играть роль своеобразного шунта, сопротивление которого легко меняется с температурой.

Рис. 3. Заимствованная из [5] теоретическая вольт-амперная характеристика

полупроводниковой диодной структуры с ОДС, обусловленным наличием шунтирующего элемента.

Таким образом, варьируя размеры и другие параметры наших двух гетеропереходов, мы можем получать весьма разнообразные токовые характеристики с участками ОДС и (или) ОДП, что, безусловно, открывает новые возможности в использовании этих материалов.

1. Саидов А.С., Лейдерман А.Ю., Маншуров Ш.Т. Альтернативная энергетика и экология – ISJAEE. 2011. №5(97). С.27-33.

2. Саидов А.С., Лейдерман А.Ю., Аюханов Р.А., Маншуров Ш.Т., Абакумов А.А.

Альтернативная энергетика и экология – ISJAEE. 2012. №4. С. 42-47.

3. Адирович Э.И., Карагеоргий-Алкалаев П.М., Лейдерман А.Ю. Токи двойной инжекции в полупроводниках. Москва, Сов.радио, 1978, С. 320.

4. Лейдерман А.Ю., Минбаева М.К., ФТП т.30, №1, 1996, с.1729-1739.

5. Карагеоргий-Алкалаев П.М., Лейдерман А.Ю. Глубокие примесные уровни в широкозонных полупроводниках. Ташкент, ФАН, 1971, С. 204.

137 ӘОЖ 51:004(075)

Г.И. Салғараева, М.М. Тулембаева*

ОБЪЕКТІГЕ-БАҒЫТТАЛҒАН ПРОГРАММАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУ

(Алматы қ., ҚазМемҚызПУ, *- магистрант)

Мақалада педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін объектіге- бағытталған программалауға оқытудың мақсаты, міндеті, мазмұны және негізгі проблемалары қарастырылады. Программалау курсының мазмұнына, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін объектіге-бағытталған программалауға оқытудың жағдайы мен келешегіне шолу жасалады. Объектіге бағытталған программалау тілдері қарастырылады. Сонымен қатар объектіге-бағытталған программалауды оқытуға қатысты ғылыми-әдістемелік тәсілдерді талдау негізінде болашақ информатика мұғалімдерін оқыту әдістемесіне кӛңіл аударылады. Оқыту үдерісінде объектіге-бағытталған программалаудың артықшылықтарын тиімді пайдалануға кӛңіл аударылады. Сонымен қатар Delphi программалау ортасын пайдаланатын қосымша оқыту түрлері келтіріледі.

В статье рассматриваются цели, задачи, содержание и основные проблемы обучения объектно-ориентированному программированию студентов высших педагогических учебных заведений. Приводится краткий обзор содержания курса программирования, состояние и будущее обучения объектно-ориентированному программированию в педагогических вузах. Рассматриваются объектно- ориентированные языки программирования. А также основываясь на анализ научно- методических приемов обучения объектно-ориентированному программированию уделяется внимание методике обучения будущих учителей информатики.

Рассматриваются преимущества оптимального использования объектно- ориентированного программирования в учебном процессе. А также уделяется внимание дополнительным видам обучения использующие среду программирования Delphi.

In article are considered purposes, tasks, contents and the main problems of training in object-oriented programming of students of the highest pedagogical educational institutions.

The short review of the maintenance of a course of programming, condition and the future of training in object-oriented programming is provided in pedagogical higher education institutions. Also considered object-oriented programming languages. And based on the analysis of scientific and methodical receptions of training the attention to a technique of training of future teachers of informatics is paid to object-oriented programming.

Advantages of optimum use of object-oriented programming in educational process are considered. Also the attention to additional types of training using the environment of programming of Delphi is paid.

Түйін сӛздер: Объектігебағытталғанпрограммалау, Delphi интегралдыортасы, болашақ информатика мұғалімдері, программалау, объектілік тәсіл, визуалды программалау.

Ключевые слова: учитель информатики, программирование, объективный способ, визуальное программирование.

Keywords: Object-Oriented Programming, Integrated environs Delphi, future teachers of computer science, programming, objective medium, a visual programming.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру