ФИНАНСЫ
ҒТАХР 06.73.15 ӘОК 336.027
ҒТАХР 06.73.15
мұнайға бағаның төмендеуіне байланысты қиыншылықтарды бастан кешуде, ол экспорттық табыстың төмендеп, ұлттық валюта құнының төмендеуімен бірге жүріп отыр.
Орта және шағын бизнес субъектілерінің ЖІӨ-дегі алатын үлесіне келетін болсақ, онда оның үлесі шамамен 25-26 пайызды құрап отыр. Баршаға белгілі дамыған шет мемлекеттерде мұндай көрсеткіш 60-70 пайызды құрайды, салыстырмалы түрде төмен екенін көруге болады.
Алдын ала деректер бойынша 2016 жылдың нәтижесіне сәйкес орта және шағын бизнес субъектілерінің қосылған құнының жалпы өңірлік өнімдегі алатын үлесі жыл өткен сайын артып отырған. Мысалы 2013 жылғы көрсеткішті алатын болсақ оның үлесі 16,7 пайызды құраса, 2014 жылы 25,9 пайызды құраған алдыңғы жылмен салыстырғанда күрт жоғарылаған, ал, 2015 жылы қаржылық дағдарыстың алғашқы кездерімен тұспа тұс келеді, үлесі алдыңғы жылмен салыстырғанда төмендеген, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 0,9 пайызға артып 26,8 пайызды құраған[2] (сурет 1).
Сурет 1– ЖӨӨ-дегі орта және шағын бизнес кәсіпкерлерінің алатын үлесі, пайызбен ([2] әдебиет негізінде құрастырылған)
Келтірілген мәліметтерден байқап отырғанымыздай, алдыңғы жылмен салыстырғанда жалпы өңірлік өнімдегі қосылған құнның өсіп отыруына бірқатар өндірістік және өндірістік емес өнімдерге бағаның көтерілуі де себепкер болып отырғандығын айту қажет, оның ішінде, жанар- жағар майлардың қымбаттауынан, ол сәйкесінше барлық тасымалданатын тауарлардың бағасын жоғарылатуға септігін тигізеді. Жалпы ішкі өнімдегі шағын бизнес субъктілерінің алатын үлесі орта бизнеспен салыстырғанда жоғары. Ол шағын бизнес субъектілерінің өмір сүруге және бизнесті құруға жылдамдығымен, сәйкесінше, ірі және орта бизнеспен салыстырғанда табыс табу мүмкіндігінің салыстырмалы түрде жоғары болуымен тікелей байланысты.
Жалпы орта және шағын бизнес субъектілерінің сан жағынан өсуі немесе кемуі де, біздіңше, бизнестің қаншалықты тиімді қызмет етіп отырғанын көрсететін бірден бір көрсеткіш.
ШОБ субъетілерінің саны 2017 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 40635 бірлікке азайып, өсу динамикасы 96,6 пайызды құраған (сурет 2).
16,7
25,9 24,9 26,8
6,4
16,1
20,0 22,1
10,3 9,8
4,9 4,7
0,0 5,0 10,0 15,0 20,0 25,0 30,0
2013ж 2014ж 2015ж 2016ж
ЖӨӨ-дегі кәсіпкерліктің үлесі, пайызбен ЖӨӨ-дегі шағын бизнес үлесі, пайызбен ЖӨӨ-дегі орта бизнес үлесі
Сурет 2– Белсенді қызмет ететін кәсіпкерлердің 2014-2017 жылдар аралығындағы өсу динамикасы, пайызбен ( [2] әдебиет негізінде авторлармен құрастырылған)
Кәсіпкерлік қызметте дамып отырған салалар экономиканың нақты секторынан әлдеқайда алыс, басым бөлігі коммерциялық салада қызмет етеді. Сонымен қатар, статистикалық мәліметтерге қарайтын болсақ, тіркелген кәсіпорындардың саны жыл өткен сайын артып отырғанымен (2016 жылы 383850 бірлік, 2017 жылы 412677 бірлікті құраған), жабылып жатқан кәсіпорындардың саны да сәйкесінше өсіп отырған (2016 жылы 106,4%, 2017 жылы 106,1%-ға өскен) 3]. Бұл, бизнестің сан жағынан өскенімен, сапа жағынан төмендеп отырғандығын білдіреді.
Дегенмен, елімізде кәсіпкерліктің қай саласын дамытуға мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетіліп отыр, оның бір дәлелі, Бүкіләлемдік Банк пен «Doing Business-2018» есебі бойынша 2017 жылы Қазақстан 190 елдің ішінде 36 –шы орынды иемденіп отыр. Соның ішінде, салық салу индикаторы бойынша алдыңғы жылғы 60-шы орыннан 50-щі орынға көтерілді, бұл көрсеткішке қол жеткізу әкімшілік шектеулерді жетілдіріп оны оңайлатудың негізінде жүзеге асырылған[4].
Кәсіпкерлік қызметке қатысты салық саясатының қаншалықты қолдау көрсетіп отырғандығын аталған субъектілерден түсетін салықтық түсімдердің өсімінен де байқауға болады. Сондықтан, ШОБ -тен түсетін салықтық түсімдерге әсер ететін факторлардың өзара байланысын корреляциялық талдау арқылы қарайтын болсақ, онда бірнеше факторды, оның ішінде жалпы ішкі өнімнің мөлшері, бюджеттің жалпы табысы, ШОБ субъктілерінің өндіретін өнім көлемі мен қазіргі кезде қызмет етіп отырған аталған субъектілердің санын әсер етуші фактор ретінде алдық. Мұндағы әр фактордың қалай әсер ететіндігіне келетін болсақ, салықтық түсімдерге біздіңше, жалпы ішкі өнімнің қатысы мол, өйткені, шығарылатын өнім болмаса салықтық түсім болуы мүмкін емес (кесте 1).
926 844
1 242 579
1 186 629 1145994
104,3
134,1
95,5 96,6
0,0 20,0 40,0 60,0 80,0 100,0 120,0 140,0 160,0
0 200 000 400 000 600 000 800 000 1 000 000 1 200 000 1 400 000
2014ж 2015ж 2016ж 2017ж
пайыз
бірлік
Белсенді ШОБ саны, бірлік Өсімі, пайызбен
Кесте 1
Мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдері және оған әсер ететін факторлардың өсімі, млн тг
Жылдар
Мемлекеттік бюджеттіңса лықтықтүсім дері, млн
теңге
Өнім мен импорттана лынғансал ықтар млн
теңге
Жалпы ішкі өнім млн теңге
белсендісубШОБ ъектілер саны, бірлік
өнімдерініңШОБ көлемі млн
теңге
Мемлекетті кбюджеттің кірісі млн
теңге
2006 2209,1 1179,2 10213,7 572738 1929,5 2338
2007 2356 796 12849,7 643376 2525,4 2887,8
2008 2819,5 1380,8 16052,9 707821 4872,9 4034,4
2009 2527,8 1069,4 17007,6 663374 5366,9 3505,3
2010 2934 1511,9 21815,5 661598 7275,7 4299,1
2011 3982,3 2867,9 28243 846111 7603,8 5370,8
2012 4095,3 2912,3 31015,2 809750 8255,1 5813
2013 4779 3608 35999 888233 9165,4 6382,3
2014 5115,7 3598,1 39675,8 926844 15568 7321,2
2015 4883,9 2685,5 40884,1 1242579 15699,4 7634,8
2016 6023,2 3465,7 46971,1 1185163 19609 9308,4
Ескерту: [3,5]әдебиет негізінде құрастырылған
Кестеден көріп отырғанымыздай, келесі көрсеткіш, ол өнім мен иморттан алынатын салықтар, оның байланысы, көбінесе тауарлар мен қызметтердің сырттан келетінін айтуға болады, сондықтан, өнімді өндіру мен импортқа салынатын салықтар бюджеті кірісінің басым бөлігін құрайды. ШОБ бойынша белсенді субъектілер санының да әсер бар деп ойлаймыз, өйткені, тіркелгендер саны төмен болса, олардын түсетін салықтық түсімдер де аз болуы мүмкін.
Бизнес субъектілердің өндіретін өнімдерінің көлемі, біздіңше, ол да анықтаушы факторлардың бірі. Өнімнің көлемі неғұрлым көп болған сайын салықтық түсімдердің өсу жағына қарай өзгеруі мүмкін(кесте2).
Кесте 2
Мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдері мен оған әсер ететін факторлардың корреляциялық байланысы
Мемлекет тік бюджеттің
салықтық түсімдері, млн
теңге
Өнім мен импорттан
алынған салықтар, млн теңге
Жалпы ішкі өнім, млн
теңге
белсендісубШОБ ъектілер
саны
өнімдерінің ШОБ көлемі, млн
теңге
Мемлекеттік бюджет тің кірісі, млн
теңге МБ-тің салықтық
түсімдері, млн теңге 1
Өнім мен импортқа
салықтар,млн теңге 0,93696 1
ЖІӨ,млн теңге 0,98935 0,916605 1
ШОБ белсенді субъектілер саны, бірлік
0,90298 0,741963 0,918918 1
ШОБ өнімдерінің
көлемі, млн теңге 0,939838 0,789039 0,953321 0,922521 1 Мемлекеттікбюджет
тіңкірісі, млн теңге 0,986824 0,880437 0,989084 0,935043 0,971835 1 Ескерту:[3,5]әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Бірақ, жоғарғы кестедегі корреляциялық байланыстын көріп отырғанымыздай, аталған өнімнің көлемі жалпы ішкі өніммен салыстырғанда байланыстылығы төмендеу болып отыр.
Оның арасындағы да байланысты көруге болады, 0,939 көрсетіп отыр, бірақ жалпы ішкі өнім көлеміне салыстырғанда аз болса да байланыс жоқ емес. Бюджет кірісі мен салықтық түсімдер кірісі бір біріне тікелей байланысты, өйткені салықтық түсімдердің көлімі мемлекеттік бюджетте 70-80 пайызды алады, сондықтан, олар бір біріне тікелей байланысты көрсеткіштер болып табылады. Жалпы қазіргі кезде салық саясатын мемлекетке де бизнес субъектілеріне ыңғайлы етіп салық салу базасын кеңейту арқылы оңтайландыру, сыртқы интеграциялық қатынастарға байланысты одан әрі жетілдіру шаралары қолға алынғанына байланысты, кәсіпкерліктің сан жағынан ғана емес, сапа жағынан жоғарылауы тиімді.
Қазіргі кездегі салық заңнамасын жетілдіру көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендететін және бизнеске ұзақ мерзімді капитал салуға ынталандыратын және салықтық жеңілдіктерді реттеп бір жүйеге келтіретін экономикалық келісім мен оны дамытуға негізделуі тиіс.
Осы орайда Салық Заңнамасына бірнеше өзгертулер енгізілген болатын[6]. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Н.А.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Жолдауында негізгі алдыға қойған міндеттердің бірі жаңа экономикалық жағдайларға байланысты салықтық-бюджеттік саясатқа байланысты бағыттау болып табылады[7]. 2018 жылдан бастап жаңа салық кодексі енгізіліп отыр, онда заңнама баптарына және заңға қосымша нормативтік актілерге келтірілетін сілтемелерді азайтып, түсінуге оңай етіп жасау болжанған болатын: базалық салалардың тартымдылығын жоғарылату, минералдық-шикізат базасын кеңейту режимін беру, қосылған құн салығын салу жүйесін жетілдіру, шағын және орта бизнес субъектілерін және агроөнеркәсіп субъектілерін рефоралау, әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерді алуды жетілдіру, қызмет етіп отырған арнаулы салық режимін нақты табыстар мен шығындары есепке алтындай етіп қайта құру, сондай –ақ, салықтардың есеп айырысу жүйесі мен оның төлену нысандарын жетілдіру, сонымен бірге, Бүкіл әлемдің сауда ұйымының қағидаларына қайшы келетін тимісіз салық заңнамалары мен салық жеңілдіктерін алып тастау, жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықтарды жетілдіру, ұйымдарды салықтық ынталандыру тетіктерін жетілдіру, әлеуметтік салықты жетілдіру (салық мөлшерлемесі 9,5 пайыз) оның ішінде әлеуметтік аударымдардың салық салу базасын максималды унификациялауды енгізу, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша жеңілдіктерді құрылымдау болып табылады[8].
Қорытынды. Айтылғандардың бәрінен келесі тұжырымдар жасауға болады, орта және шағын бизнес субъектілері экономиканың тез дамушы бөлігі ғана емес, сыртқы әсер ететін факторларға неғұрлым тәуелді сектор болып табылады, мысалы, доллар бағамының жоғарылауына, экономикадағы болып жатқын дағдарыстық жағдай тез әсер етеді, сондықтан, осындай жағдайды мемлекеттің қолдауы әдеттегіден жоғары болуы қажет. Екіншіден, кәсіпкерлік субъектілердің экономика салаларында қызметінде көбінесе құрылыс, коммерциялық секторда даму қарқындары жақсы, нақты секторда салыстырмалы төмен, бұл да мемлекеттік қаржы- салықтық саясатта, оларға жеңілдік қарастыру бағытында жұмыс жасау қажеттігін білдіреді.
Үшіншіден, салық төлеуші шағын және орта бизнес субъектілері кәсіпкерлередің ішінде 60-70 пайызы ғана белсенді әрекет етіп отырса, қалған 30-40 пайызы әрекетсіз салық төлеушілер қатарына жатады, оларды тіркеу және олардан салық есептілігін қабылдауда әлі де мәселелер бар деген сөз. Сондықтан, экономика салаларының ішінде нақты секторды дамытуға салық саясаты тұрғысынан оңтайлы салық әкімшілігін жүргізу, оның ішінде жаңадан құрылған кәсіпкерлік қызметке салық каникулын қызмет түріне байланысты тағайындау, әрекетсіз салық төлеушілермен жүргізілетін салық әкімшілігін одан әрі жетілдіру, жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін көтеру мәселесін жан-жақты қолға алу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Аймурзина Б.Т., Асилова А.С., Берстембаева Р.К.,Налоговая политика Казахстана в условиях модернизации// Вестник КазНУ.Алматы.Экономика.: 2015г.https://articlekz.com
2 Малое и среднее предпринимательство в Республике Казахстан: cтатистический сборник. – Астана: Комитет по статистике МНЭ РК, 2017. – 94
3 Кәсіпорындар статистикасы. ҚР ҰЭМ статистика бойынша Комитеті.// stat.gov.kz
4 ҚР ҚМ интернет ресурсы., №12.2017ж.//http://www.minfin.gov.kz/
5 ҚР ҚМ Статистикалық бюллетені. №12.2017ж.//www.minfin.gov.kz/
6 Закон РК от 25.12.2017 г. «О введении в действие Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет"
7 «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа жолдауы. 31.01.2017жыл.
8 А.Т. Мырзабаева. Отдельные изменения в налоговом Законодательстве РК с 2018 года. http://uchet4u.kz.
TAX POLICY AS A FACTOR FOR STIMULATING GLOBAL COMPETITIVE BUSINESS A.S Isakhova 1, A.T Issaeyva*2
1Almaty Academy of Economics and Statistics,Almaty, Kazakhstan
2JSC "NarxozUniversity", Almaty, Kazakhstan e-mail: [email protected]
Summary. The article discusses the theoretical aspects of tax policy and its role in stimulating entrepreneurship, the state of business and taxation in the Republic of Kazakhstan, as well as some issues of tax policy in the field of entrepreneurship development and the new development of the modern economy. In addition, a correlation analysis of factors affecting tax revenues was made, which is the main source of revenue for the budget and one of the key indicators of fiscal policy, it was revealed its vulnerability and ways to improve tax mechanisms as tools for developing small and medium businesses, including the need to optimize tax administration for the development of the real sector in the economyhave been identified, the appointment of tax holidays depending on the type of newly created business and further improving of the tax administration, which will be carried out by inactive taxpayers.
Key words: tax, tax policy, tax mechanism, medium and small business, entrepreneurship, budget, economy, gross domestic product, gross regional product.
НАЛОГОВАЯ ПОЛИТИКА КАК ФАКТОР СТИМУЛИРОВАНИЯ ГЛОБАЛЬНОГО КОНКУРЕНТОСПОСОБНОГО БИЗНЕСА
А.С Исакова 1, А.Т Исаева *2
1 Алматинская академия экономики и статистики, Алматы, Казахстан
2 АО «Университет Нархоз», Алматы, Казахстан e-mail: [email protected]
Резюме.В статье рассматриваются теоретические аспекты налоговой политики и ее роль в стимулировании предпринимательской деятельности, а также некоторые вопросы налоговой политики в области развития предпринимательства и новые направления развития современной экономики. Кроме того, был проведен корреляционный анализ факторов, влияющих на налоговые поступления, который является основным источником доходов для бюджета одним из ключевых индикаторов функционирования фискальной политики, выявлена его уязвимость и способы улучшения налоговых механизмов в качестве инструментов развития среднего и малого бизнеса, в том числе необходимость оптимизации налогового администрирования для развития реального сектора в сфере экономики, назначение налоговых каникул в зависимости от типа вновь созданного бизнеса и дальнейшего совершенствования налоговой администрации, которая будет осуществляться бездействующими налогоплательщиками.
Ключевые слова: налоги, налоговая политика, налоговый механизм, средний и малый бизнес, предпринимательство, бюджет, экономика, валовой внутренний продукт, валовой региональный продукт.
МРНТИ 06.73.65