ЭКОНОМИКА И МЕНЕДЖМЕНТ
ҒТАХР 06.77.65 ӘӨЖ 331
148 Статистика, учет и аудит, 3(74)2019 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
рекреациялық кешеннің күшті және әлсіз жақтарын жинақтау үшін, сондай-ақ оның даму мүмкіндіктері мен қауіптеріне арналған сапалы SWOT-талдау жүргізілген. Күшті жақтары ретінде баға жетпес табиғат ландшфтары және жергілікті флора мен фауна, ал әлсіз жақтарына құрылымдық бөлімшелердің шалғайда орналасқандығы, көлік тасымалдауының жетіспеушілігі мен жеткіліксіз дамуы көрсетілген. Рекреациялық кешен территориясында жергілікті экожүйенің ыдырау мүмкіндігіне оның жеткіліксіз зерттелгендігі - басты қауіп төндіреді. Рекреациялық- туристік саланың дамуының стратегиялық басымдықтары анықталған.
Түйін сөздер: аймақ, рекреациялық кешен, экологиялық-экономикалық баланстау, туризм және рекреация, SWOT-талдау, арнайы экономикалық зона, антропогендік әсер ету.
TERRITORIAL AND RECREATION COMPLEX AS AN INSTRUMENT FOR THE DEVELOPMENT OF THE REGION
S.V.Bespalyy *1, D.S. Bekniyazova2, М.К. Karimbergenova 3
1,2Innovative University of Eurasia, Pavlodar c.
3Pavlodar State University named after S. Toraighyrov, Pavlodar c.
e-mail:[email protected]
Summary. The article presents the goals and objectives of the state authorities of Pavlodar region in the field of rational use of natural resources. The assessment of the role of development of the recreational complex of the region is in its transition to sustainable ecological and economically balanced developed region. It is given and the tools of influence on the recreational and tourist sphere are shown. To summarize the strengths and weaknesses of the recreational complex of Pavlodar region, as well, as opportunities and threats for its development we need to carry out a qualitative SWOT analysis. Unique natural landscapes and local flora and fauna are identified as strengths, remoteness, high transport costs and insufficient development of infrastructure as weaknesses. The main threat to the recreational complex of the territory is the possibility of undermining local ecosystems due to their lack of knowledge. The strategic priorities of development of the recreational and tourist sphere are designated.
Keywords: region, recreation complex, ecological and economic balance, tourism and recreation, SWOT analysis, special economic zone, anthropogenic impact.
ҒТАХР 06.77.65
Статистика, учет и аудит, 3(74)2019 юююююю 149 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
сүру сапасы мен деңгейін қамтамасыз ету бойынша үлкен мүмкіндіктерге және бәсекелік артықшылықтарға да ие болатыны мәлім. ХХ-шы ғасырдың 60-жылдары Т. Шульц пен Г. Беккер негізін қалаған адами капиталдың батыс тұжырымдамасына сай, оның құрылымы денсаулық, білім, мәдениет, экономикалық маңызды ақпарат және көші- қон есебінен қалыптасады[1].
Осыған қоса, адами капиталдың қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін факторлар тобы экономикалық, интеграциялық, экологиялық, демографиялық тұрғыдан зерттелген. Мысалға, В.С.
Ефимов адами капиталдың 3 аспектісін бөліп қарайды:
1) өмір сүру ұзақтығы, денсаулық, белсенділік сияқты құрауыштары қарастырылатын биологиялық аспект;
2) адами капиталдың дамуына (білім беру, біліктілік, әлеуметтік ұйымдастырушылық, бастамашылық, көші- қон) бағытталған әлеуметтік аспект;
3) капиталдың қорлануын (өндіріс жүйелері, әлеуметтік институттар, мүмкіндіктер инфрақұрылымы) түсінетін экономикалық аспект[2].
Адами капиталдың дамуына бағытталған әлеуметтік аспект ретінде көші-қон әр түрде:
отбасылық, рекреациялық, туристік, еңбектік көші- қон және т.б. жүзеге асады. Бұл жұмыста басты назарды еңбек көші-қоны сұрақтарына аударамыз.
Зерттеу әдістері. Еңбек көші-қонының адами капиталды дамыту факторы ретінде оған әсерін қарастырған кезде талдау және статистикалық әдістер, графиктер әдісі қолданылды.
Талқылау мен нәтижелер. Еңбек көші-қоны үдерістерінің адами капиталдың дамуына ықпалын зерттеуге ғылыми қызығушылық көші-қон үдерісі көптеген елдердің, соның ішінде Қазақстанның да тіршілігі мен шаруашылық қызметінің ажырамас бөлігі болғандығына байланысты негізделеді.
Еңбек ресурстарының көші-қон теориясында адами капиталдың үлгісі ерекше орын алады.
Адам капиталын инвестициялау алғаш рет Л. Сжаастадтың көші-қон туралы шешімі негізінде қарастырылды. Алайда көші-қон үдерістерін талдау кезінде адами капитал моделін белсенді пайдалану Б. Чизвиктің зерттеуімен басталды .
Dustmann және Glitz ішкі көші-қон және адами капиталдың қорлануымен байланысты кешенді модель әзірледі. Бұл модельде олар көші-қонның әр түрлерін яғни, уақытша не тұрақты қоныс аударуларын, ал адами капиталдың өз елінде де, шетелде де қалыптасатынын және дамитынын ескереді. Сондықтан, олар көші-қон ұзақтығына қатысты көші-қон туралы шешімдерін қарастырады.
Көші-қон туралы шешім донор-ел немесе қабылдаушы елде де адами капитал дағдыларынан, қабілеттерінен алатын салыстырмалы қайтымына байланысты болады[3]. Көші-қон мен ақпарат іздестіру оның еңбегі жақсы төленетін аудандар мен салаларға жұмысшы күшінің қоныс аударуына яғни, қай жерде адами капиталдың қызметі үшін баға жоғары сол жерге қозғалуына ықпал етеді.
Еңбек көші-қоны «көші-қон» жалпы ұғымының бөлігі ретінде басқа көші-қон түрлеріне қарағанда, бұл ең алдымен басты мақсаты - олардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын салыстырмалы түрде жоғары жалақымен лайықты жұмыс табу болып табылатын, еңбекке жарамды жастағы физикалық және интеллектуалды дамуға ие азаматтармен сипатталады. Еңбек көші-қонын - ел ішінде де (ішкі еңбек көші-қоны) және шетелде (сыртқы еңбек көші-қоны) жұмыс іздеумен байланысты халықтың территориялық қозғалысының жиынтығы ретінде түсінуге болады. Ішкі көші- қон - қатысушылары осы мемлекеттің азаматтары болып табылатын, сол ел ішінде жұмыс іздеу мақсатында халықтың қоныс аудару үдерісі.
Еңбек иммиграциясы мен эмиграциясы халықаралық еңбек көші-қонына жатады, ол Қазақстан Республикасы немесе реципиент-ел заңнамалары аясында, белгілі мерзім аралығында елге кіруге, еңбек етуге рұқсаты бар болған кезде, сонымен қатар бұл талаптардың бірін бұза отырып заңсыз түрде жүзеге асуы мүмкін.
А.И. Кузьмин көші-қонды зерттеуде негізгі жеті бағыт: демографиялық, әлеуметтік, тарихи, құқықтық, психологиялық, философиялық және экономикалық бағыттарын қарастырды [4].
Экономикалық ол бірнеше ғасырлар бойындағы біршама теорияларды (А. Смит, Т. Мальтус, К. Маркс, Д. Кейнс және т.б.) біріктіретін бағыт. Осы бағыт аясында көші-қонды зерттеген ресейлік мамандар арасында Л.А. Абалкин, Г.С.Витковская, Ж.А.Зайончковская, Л.Н. Рябаковский, А.В.
Топилин бар. Бұл тұрғыда көші-қон еңбекке қабілетті тұрғындардың ең маңызды реттеуші тетіктерінің бірі, еңбек ресурстарының біліктілік деңгейіне қарай оларды қайта бөлудің катализаторы, еңбек нарығында қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес сапалы өзгеруіне ықпал ететін бәсекелестікті ынталандырушы ретінде қарастырылады. Көші-қон қозғалысы түрлері басым көпшілігі өмір сүруге керек қаржыларды алуға экономикалық қажеттілігімен негізделген.
150 Статистика, учет и аудит, 3(74)2019 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
Осылайша, таңдалған зерттеу бағытына сәйкес «еңбек көші-қоны» ұғымының анықтамасын нақтыласақ, ол адами капиталдың қозғалысымен қоса жүретін және еңбек нарығы құрылымының, әлеуметтік шиеленіс деңгейінің, мигранттардың өңірлерге келу мен кетуінің демографиялық портретінің өзгеруіне ықпал ететін, экономикалық игіліктерді өндіруге қабілетті адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін неғұрлым перспективті жұмыс орындарын іздестірудегі территориялық қозғалысымен түсіндіріледі. Еңбек көші- қоны үдерістері маңызды қызмет атқарады:
бір өңірлердегі (көбіне экономикалық дамыған елдерде) еңбек ресурстарының тапшылығын жаба және басқалардағы артықшылықты азайта отырып халықтарды қайта бөледі[5].
Халық қозғалысының осы түрлерін бір-бірімен өзара байланысты үдеріс ретінде талдау, олардың ерекшеліктерін, тенденцияларын, бағыттарын, ағындарын, нысандарын, территориялық қозғалыстардың деректерінің түрлерін талдау өте маңызды.
Халықаралық көші-қон ұйымы сарапшылары көші-қон ешқашан тоқтамайды, тиісті түрде басқара алған жағдайда көші-қон – керекті құбылыс деп санайды. Дүние жүзі бойынша еңбекші мигранттардың саны 2013 жылдан бері 9%-ға артып, 164 млн.адамға жеткен. Халықаралық еңбек ұйымы мәліметтеріне сәйкес жалпы әлемдік жұмысшы күші үлесінде еңбекші мигранттар 4,7%
жуығын құрайды. Олардың көп бөлігі жоғары және орташа жоғары табыс деңгейімен елдерде жұмыс істейді.
Алайда, еңбек көші-қонын зерттеудің негізгі ерекшелігі оларды есепке алудың регламенті жоқ болуы мен ауқымдылығы және оны пайдаланудың экономикалық тиімділігін бағалауда болып табылады.
Ақпарат көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Сурет 1- Еңбекке қабілетті жастағы келгендер және кеткендер серпіні
Соңғы онжылдықтағы Қазақстан Республикасына келген және кеткен еңбекке қабілетті жастағы мигранттардың серпінін саралай келе, 2014 жылғы -7011 шамасындағы теріс сальдоның 2018 жылы -19 264 адамға, үш есеге жуыққа дейін артқанын байқаймыз.
Бұл жайтты, біріншіден, әлемдік экономикалық дағдарыспен байланыстыруға болады, екіншіден, көші-қон бойынша Халықаралық ұйымның тапсырысы бойынша ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институты мамандарымен 2018 жылы қыркүйек айында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде респонденттердің көші-қондық көңіл-күйді анықтайтын басты факторлар ретінде елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауын, мигранттарды тарту бойынша көршілес елдердің белсенді саясатын атап өткені түсіндіреді [6].
Көші- қон үдерістерінің адами капиталдың дамуына оң және теріс әсер етуі мүмкін екені анық.
Осыған байланысты халықаралық еңбек көші-қонын халықаралық сауданы кеңейту және капиталдың трансшекаралық қозғалысымен қатар жаһандану үрдісінің факторлары мен құрауыштарының бірі ретінде зерттеу ғана емес, сонымен бірге оның салдарын да зерттеу мәселесі ерекше мәнге ие болады.
Әлемдік жаһандық өндіріс әлемдік деңгейде жер шарындағы еңбек ресурстарын тиімді бөлу мәселесін шешуге сапалы жаңа талаптарды енгізеді.
Статистика, учет и аудит, 3(74)2019 юююююю 151 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
Бүгінгі таңда елімізде негізгі көші- қондық айырбас Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) мемлекеттерімен жүруде. Басты реципиент- ел болып Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жалпы нарығы шеңберінде Ресей федерациясы табылады.
Ақпарат көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Сурет 2- ТМД елдерінен келген және кеткен еңбек жасындағы мигранттар саны ЕАЭО интеграциялық бірлестігі шеңберіндегі еңбек ресурстарының қозғалысы 2014 жылдың 29 мамырында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы президенттерімен бекітілген ЕАЭО туралы келісім нормаларымен реттеледі[7].
Ол нормалар мүше-елдер территорияларында еңбек қызметін еркін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. ЕАЭО келісім- шартына сәйкес мүше-мемлекеттер азаматтарының Одақтың кез келген елінде еңбек қызметін жүзеге асыра алуы және еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алудың талап етілмеуі, азаматтардың білімі жөніндегі құжаттарын қандай да бір рәсімдерсіз тікелей тануы, мүше- мемлекеттер еңбекшілерін әлеуметтік қамсыздандыру бойынша нормалардағы жағдайлар еңбекші мигранттардың қозғалысын жылдамдата түсуде.
Республикадан ТМД елдеріне кеткен еңбекке қабілетті жастағы эмигранттардың саны 2014 жылы 17803 адам болса, 2018 жылы 26283 адамға жетіп , 1,5 есеге дейін артты.
Ақпарат көзі: ҚР ҰЭМ статистика бойынша комитет
Сурет 3- Басқа елдерден келген және кеткен еңбек жасындағы мигранттар саны Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға белгіленетін квота саны жұмыс күші санына 2009 жылы 0,75% көлемінде, 2014 жылы 0,7%, 2018 жылы 0,46% көлемінде бекітілген, мұны алдыңғы бесжылдыққа қарағанда соңғы жылдары келушілердің санының кемуінің себептерінің бірі ретінде қарастыруға болады.
Қорытынды. Жаңа қоғамға ене отырып еңбекші мигранттар қабылдаушы мемлекеттің жиынтық ұлттық адами капиталының бір бөлігі болып табылады. Біліктілік пен білім деңгейіне, жасы мен денсаулығына байланысты еңбек ағыны сол елдің ұлттық капиталының даму деңгейін арттыра да, азайта да алады.
5-ші және 6-шы технологиялық қалыптың біліміне және технологиясына негізделген постиндустриалды экономикада адами капитал тұрақты даму үшін маңызды, ұлттық бәсекеге қабілеттілігін, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін елеулі стратегиялық ресурсқа айналады. Батыстың дамыған елдері еңбек мигранттары үшін тартымды болып табылып, жас және білікті қызметкерлерді таңдау арқылы жұмыс күшінің сапасын жақсартуға тырысады. Қазіргі уақытта индустрия, салааралық, өңіраралық және мемлекетаралық деңгейде жаһандық бәсекелестік бар. Мысалы, Америка Құрама
152 Статистика, учет и аудит, 3(74)2019 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
Штаттары тек еңбек ғана емес, сондай-ақ жоғары білікті кадрлармен өсу нүктелерін қанағаттандыру үшін білім беру арналарын пайдаланады. IT саласы жыл сайын Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей және т.б. үздік мамандарымен толығады.
Төмен білікті жұмыс күшінің артуы кезінде ұлттық адами капиталдың жалпы деңгейі төмендейді. Жағымсыз салдары ретінде төмен білікті жұмысшылардың елге келуімен қатар, елден жоғары білікті мамандардан көп кетуі жағдайын қарастырған жөн. Алмасудың бұл үрдісінде адами капитал деңгейінің төмендеуі неғұрлым елеулі болады.
Сондай-ақ, арзан жұмысшы күші сегментіндегі төмен жалақы мигранттардың адами капиталын төмендетуге әкелуі мүмкін екендігін атап өткен жөн. Мұндай жағдайларда шетелдік жұмысшыға азық-түлік, медициналық көмек, кәсіби даму және т.б. үнемдеуге тура келеді. Еңбек мигранттарының адами капиталының біртіндеп ескіруі кедейліктің тереңдеуіне ғана емес, сонымен қатар, еңбек қызметі мен тауарлар мен қызметтерді тұтыну арқылы экономикаға қосқан үлесінің төмендеуіне әкеледі.
Әдебиеттер тізімі:
1 Teixeira, Pedro. Gary Becker's early work on human capital: Collaborations and distinctiveness//
IZA Journal of Labor Economics, 2014
2 Исабеков Б.Н., Мұхамбетова Л.Қ. Адами капитал // Астана -2017
3 Örn B. Bodvarsson, Chad Sparber// Handbook of the Economics of International Migration Volume 1, 2015, Pages 3-51
4 Кузьмин А.И. Основы демографии: курс лекций.- М.:РУДН, 2003-440 с
5 Резникова О.И. Постсоветская трудовая миграция //Мировая экономика и международные отношения, 2009 г. №3 - с.75-82
6 Эмиграция из РК: отток человеческого капитала [Электронный ресурс].-Режим доступа:
http://agkipr.kz/archives/1386
7 Трудовая миграция и социальное обеспечение трудящихся в Евразийском экономическом
союзе [Электронный ресурс].-Режим доступа:
http://www.eurasiancommission.org/ru/Documents/spreads.pdf
ТРУДОВАЯ МИГРАЦИЯ КАК ФАКТОР РАЗВИТИЯ ЧЕЛОВЕЧЕСКОГО КАПИТАЛА С.К. Жумашбекова
Университет международного бизнеса, г.Алматы, Казахстан e-mail: [email protected]
Резюме. В статье рассматривается теория человеческого капитала и его миграционный контекст. Человеческий капитал играет важную роль в решении экономических аспектов миграционных процессов. Теория человеческого капитала породила новые взгляды к труду как одному из ключевых экономических ресурсов, в связи с чем необходимо сосредоточить внимание на анализе влияния трудящихся-мигрантов на развитие человеческого капитала. В статье уточняется понятие
«трудовая миграция» и анализируются показатели внешних миграционных процессов трудоспособного населения Республики Казахстан за последние 10 лет. В работе исследуются социально-экономические последствия трудовой миграции как составной части национального человеческого капитала как для принимающих мигрантов стран, так и для стран-доноров.
Ключевые слова: человеческий капитал, трудовая миграция, внутренняя трудовая миграция, внешняя трудовая миграция, страна-реципиент
LABOR MIGRATION AS A FACTOR IN THE DEVELOPMENT OF HUMAN CAPITAL S.K. Zhumashbekova
University of International Business, Almaty, Kazakhstan e-mail: [email protected]
Summary.The article discusses the theory of human capital and its migration context. Human capital plays an important role in solving the economic aspects of migration processes. The theory of human capital has given rise to new views on labor as one of the key economic resources, and therefore it is necessary to focus on analyzing the impact of migrant workers on the development of human capital.
The article clarifies the concept of “labor migration” and analyzes the indicators of external migration processes of the working population of the Republic of Kazakhstan over the past 10 years, highlights the social and economic consequences of labor migration as an integral part of national human capital for donor countries and donor countries.
Kew words: human capital, labor migration, internal labor migration, external labor migration, recipient country
Статистика, учет и аудит, 3(74)2019 юююююю 153 http://sua.aesa.kz/, http://www.aesa.kz/
МРНТИ 06.71.07