• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ҒТАХР 06.35.51

анықтайды, өйткені меншік әрдайым кез келген әлеуметтік-экономикалық жүйенің анықтаушы факторы болып табылады. Демек, бұл жерде инвесторға қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі туындайды.

Мәселен, ҚР «Инвестициялар туралы» заңына сәйкес, инвестор басым салаларда ин- вестицияларды жүзеге асырған кезде келесі жеңілдіктерге ие болады. Материалдар мен шикі- заттарды, құрал-саймандарды елге кіргізген кездегі баж салықтарынан босатылу, мемлекеттік заттай гранттар т.с.с. [3].

Әлемдік тәжірибеде инвестициялық ахуалды белгілі бір елге капитал салуы үшін қан- шалықты жағымды жағдайлар жасалғанын бағалайтын инвестор есебіндегі капитал салу кезіндегі нақты қалыптасқан жағдайлардың жиынтығы деп түсінуге болады.

Толығымен алғанда инвестициялық ахуал түсінігі сыйымды және инвестициялық тәуекел деңгейі туралы шешімдер жасауға мүмкіндік беретін, өзіне идеология, саясат, экономикалық жағдай, мәдениет, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық және басқа да аспектілерді енгізеді.

Инвестициялық ахуалға маңызды әсерді елдің халықаралық келісімдерге қатысуы, мемлекеттік басқару органдарының тұрақтылығы мен бірмәнділік қызметтері, экономикалық қызметке олардың араласу әдістері мен дәрежесі, мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысы, шешімдерді қабылдау жылдамдылығы, экономикалық саясат жүргізудегі біртінділігі және т.с.с. факторлар әсерін тигізеді.

Инвестициялық ахуалдың негізгі компоненттері жұмысшы күшінің құны, жерді қолдану құқығы және тарихи ресурстарды қолдану мүмкіндігі, өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымдық даму деңгейі, салық салу жүйесі, валюталық заңнамалар болып табылады.

Осыған орай, инвестициялық ахуал келесідей факторлардың салыстырмалы бағаларымен негізделеді:

Š елге капитал ағымын реттейтін, соның ішінде біріккен кәсіпкерлік сұрақтары бойынша заңдардың мінезі;

Š табиғи шикізаттар қорының саны және оларды біріккен және шетел кәсіпорындарының қызметтерінде қолдану;

Š өндірістік инфрақұрылымның даму дәрежесі, квалификациялық жұмыс күшінің саны;

Š энергетикалық қамтамасыз етілуі және экономикалық резервтердің саны;

Š ішкі шаруашылық механизм мінезі, жергілікті тауар өндірушілермен еркін нарықтық қатынастардың мүмкіндігі;

Š жергілікті валютаның айналымдылығы, тапқан пайданы елден қатты валютада шығаруға кепілдік.

Инвестициялық ахуал, бірінші кезекте, елдегі саяси және макроэкономикалық жағдайлар- мен анықталады. Сәйкесінше, егер де елдегі инвестициялық ахуал жағымсыз болса, онда ин- вестор өзінің кәсіпкерлік тәуекелін жоғары деп есептейді, ол өз алдына шетел инвестициясын тарту бойынша қабылдаушы елдің шығындарынының өсуіне алып келеді.

Қазақстанның инвестициялық ахуалына позитивті және негативті әсер ететін он негізгі факторлар берілген. Соңғы жылдары «ыстық нүкте» саны мен терроризмнің өсуін есепке ала отырып, рейтингке елдің қорғану мүмкінділігі жағдайы сияқты факторды енгізуді қажет етті (кесте 1, 2, б. 41).

Кесте 1 – Қазақстанда инвестициялық ахуалға жағымды әсер ететін факторлар рейтингісі Факторлар «–1-ден 1-ге дейінгі» белгісімен әсер ету бағалары

1. Экономикалық өсу дережесі 1

2. Президенттік билік ету формасы 1

3. Келісімдерді іске асыру мүмкіндіктері 0,8

4. Төлемдік баланс жағдайы 0,8

5. Жұмыс күшінің құны 0,8

6. Ішкі саяси тұрақтылық 0,64

7. Шетелдік инвестицияларды заңнамалық

қамтамасыз ету 0,6

8. Ұзақмерзімді несиелердің саны 0,6

9. Қысқамерзімді несиелердің саны 0,6

10. Елдің қорғану мүмкіндігінің жағдайы 0,4

Сонымен қатар, инвестициялық ахуалға жағымсыз әсер ететін он фактор рейтингісі бар.

Кесте 2 – Қазақстанда инвестициялық ахуалға жағымсыз әсер ететін факторлардың рейтингісі Факторлар «–1-ден 1-ге дейінгі» белгісімен әсер ету бағалары 1. Мемлекеттік аппараттың бюрократиялық

дәрежесі –1

2. Парақорлық деңгейі –1

3. Заңдардың тұрақсыздығы –1

4. Экономикалық сфералардың монополиясы –1

5. Қылмыстылық деңгейі –1

6. Қоғамдық поляризация, әлеуметтік теңсіздік –1

7. Соттық жүйенің тиімділігі –0,83

8. Орталық пен аймақтар арасындағы

қайшылықтар –0,82

9. Экологиялық ситуация –0,78

10. Сыртқы қарыз –0,6

Инвестициялық ахуалға жағымсыз әсер ол, елімізде дұрыс қызмет ететін бағалы қағаздар нарығының жоқ екендігін атап көрсету керек, онда шетелдік қоржынды инвестицияны тарту үшін нақты негіз қалыптасар еді. Әлемдік капитал нарығында (олардың бірінші шығуы 2008 жылы желтоқсанда Амстердам қаласында болды) қазақстандық еврооблигациялардың сәттілі дебютіне қарамастан, ішкі қор нарығы дамымаған. Республиканың бағалы қағаздар нарығының анықталмағандығы, айқынсыздығы, сонымен қатысты үлкен тәуекелдердің бо- луы кезінде шетел инвесторы Қазақстанның бағалы қағаздарына ақшаларын салуды бәсең- детуде [5]. Мысалы: АҚШ 1933 жылы «Құнды қағаздар туралы»заң қабылдады. Бұл заң арқылы инвесторлар құнды қағаздар шығарған мекеменің қаржы жағдайына немесе басқа да ақпараттарға қол жеткізе алады. Заңмен жалған және бұрмаланған ақпарат беруге тыйым салған.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері шетел инвесторлары өз қаржыларын әртүрлі салаларға салып келеді. Жалпы ішкі өнімде инвестициялар деңгейі – 19% екенін ескерсек, еліміздегі инвестициялар деңгейін екі есеге дейін арттыру қажет. Қазіргі кезде инвестициялардың басым бөлігі (80% шамасында) негізінен айналымдылық қаражаттарға немесе қысқа мерзімді негізгі құралдарға бағытталуда. Елден сыртқа қарай капитал ағындарының басымдылығы- нан, кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ынталандыру бірінші кезектегі басты мәселе болып отыр.

Инвестициялық қызметті ынталандыру мақсатында қолайлы ахуалды бағалау үшін келесі мәселелерді ұсынуға болады:

Š салық салудан белгілі бір мерзімге дейін босату (табыс салығы, жер, жылжымайтын мүлікке);

Š салық ставкалары, алымдар мен төлемдердің «тұрақтылығы»;

Š инвесторлардың құжаттық рәсімдеуін оңтайландыру «бір терезе» қағидаты;

1 кестенің жалғасы

Š инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында «инвестициялық омбуд- смен» институтты енгізу.

Инвестиция құрылымында жыл сайын жеке қаражат есебінен капитал жұмсалымының салыстырмалы салмағы төмендеп келеді. Бұл еліміздегі инвестициялық климатқа тиімді әсер етеді.

Инвестициялық климат тиімділік көрсеткішімен және тәуекел дәрежесімен анықталады.

Ол бес факторға әсер етуімен байланысты:

Š аймақтың геосаяси жағдайы және оның табиғи-ресурсы әлеуеті;

Š елдің өндірістік потенциалы және аймақтық тауарлық нарықтардың жағдайы;

Š қаржылық инфрақұрылым дамуының деңгейі;

Š салық саясаты;

Š экономикадан тыс тәуекелдер [4].

Инвестициялық ахуалды жақсарту инвестицияларды шетелдіктердің ғана емес, отандық инвесторлардың да экономиканың нақты салаларына салуын тиімді ететін шетелдік капитал- дың құйылуына да, сондай-ақ ішкі капиталдың шетелге кетуін болдырмауына да жәрдемін тигізетіндей іскер ортаны қалыптастыруды талап етеді. Бұл үшін нормативтік-құқықтық базаны, салықтық және кеден режимдерін, жұмыс күші нарығын, жер және жылжымайтын мүлік нарығын, көлік және коммуникациялар нарығын, банк және қаржы қызмет көрсетулер нарығын одан әрі дамыту қажет.

Елімізде заңнамалық, нормативтік-құқықтық, әкімшілік-ұйымдастырушылық, кедендік іс- әрекетін ретке келтіру және жетілдіру, орын алған мәселелерді уақытылы шешу, дамудың жаңа бағытын ұстану арқылы еліміздің инвестициялық ахуалын жетілдіріп қана қоймай, бұдан әрі дамыта аламыз деген нәтижеге келеміз.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 «Қазақстан–2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Рес- публикасы Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы: http://gamshy.kz. – 2012 ж., 14 желтоқсан.

2 Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»атты Қазақстан Халқына Жолдауы: http://www.inform.kz. – 2015 ж., 30 қараша.

3 ҚР «Инвестициялар туралы» Заңы 08.01.2003 ж.

4 Доскеева Д.Ж., Мейманкулова Ж.Ж. Қазақстан Республикасы аймақтарының инвестициялық климаты және оны жақсарту жолдары // «Тұран» университетінің хабаршысы ғылыми журнал. – 2015. –

№ 4(67). – Б. 15–19.

5 www.bigox.kz|kazakstan.

Аннотация

Социально-экономическое положение страны, рост макроэкономических показателей, стабильное поли- тическое положение являются основой для оценки инвестиционного положения. В настоящее время задачами Республики Казахстан являются формирование эффективной экономики в социальном направлении, обрете- ние своего места в мире, обеспечение экономической независимости, достижение трудовой производитель- ности высокой степени, использование высоких технологий в структуре народного хозяйства, поднятие быто- вого положения народа, формирование смешанной экономики, привлечение инвестиций, оказание поддержки различным собственникам имущества, достижение партнерства, основанного на законе в рыночных центрах.

Это в будущем спососбствует нашему вступлению в число развитых государств. Республика Казахстан обра- щает внимание на расширение потоков зарубежных инвестиций, однако из-за того, что конкурентная борьба за инвестиции является высокой, инвесторы внимательно изучают каждую страну и предъявляют высокие требования к тем странам, в которые планируют вложить инвестиции, стараясь достичь минимального риска.

На сегодняшний день правильная оценка инвестиционного положения, привлечение внутренних и внешних ресурсов в условиях стабильного развития экономики страны играют важную роль в ее эффективном исполь- зовании, к тому же показывают нашу инвестиционную активность в мировой арене.

Ключевые слова: инвестиции, оценка, инвестиционный климат, экономический рост, риск, активность, эффективность.

Abstract

The socio-economic situation of the country, the growth of macroeconomic indi-cators, and a stable political situation are the basis for assessing investment pro-visions. At present, the tasks of the Republic of Kazakhstan are the development of effective economy in the social direction, finding its place in the world, ensur-ing economic independence, achieving high-level labor productivity, using high technology in the structure of the national economy, raising the people’s liveli-hood, forming a mixed economy, providing support to various property owners, achieving a partnership based on the law in market centers. This helps our entry into the numbers of developed countries in the future. The Republic of Kazakhstan draws attention to the expansion of foreign invest-ment flows, however, due to the fact that the competitive struggle for investment is high, investors carefully study each country and put high demands on countries that invest in trying to reach a minimum risk in order to determine where to put their investments. To date, a correct assessment of the investment situation, the attraction of domes-tic and external resources in the conditions of stable development of the country’s economy play an important role in its effective use, and also show our investment activity in the world arena.

Key words: investments, assessment, investment climate, economic growth, risk, activeness, efficiency.

ҒТАХР 06.75.02