• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Өнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық багдары Егер индустрияландырудың бастапқы кезінде Қазақстан

In document PDF ҚАЗАҚСТАННЫҢ (бет 37-40)

КСРО-ның жетекші иңцустриялық аудандарын ауыл шаруашылығы шикізатымен жэне азық-түлікпен қамтамасыз ететін аймақ ретінде танылса, 30-жылдары республика өнеркэсіптің өндіруші салаларының көмір, мүнай, түсті металдар, түз т.б. өнімдерін беретін шикізат көзіне айналды.

Сөйтіп Қазақстан индустриясы шикізаттық бағыт сипат алып, ауыл шаруашылығы ғана емес, ауыр, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің жетекші салаларын да қамтыды.

Түсті металдарды, көмірді, мүнайды жэне басқа да пайдалы қазбаларды шығаруға мән беріліп, Қазақстанда жаңадан қүрылған кэсіпорындардың көпшілігі одақтық маңызға ие болды. Түсті металдардың,, мыс пен қорғасынның бай қорлары Қазақстанның оларды өндіруден КСРО бойынша жетекші орынға шығуына

мүмкіндік берді. Еңбек жэне Қорғаныс Кеңесі 1929 жылгы 2 тамыздағы «Түсті металдар өнеркэсібін дамыту болашағы туралы»

қаульща басты назар аударатын аймаісгар ішінде «даму келешегі зор негізгі нысан» ретінде ҚАСР аталды. Осы мезгілде Қарсақбай және Рңддер мыс балқыту зауыттары қалпына келтіріліп, ал екінші бесжылдыкта техникалық жағынан түпкілікті қайта қүрылды. Кенді Алтайда Ертіс (Глубокое) қорғасын зауыты, ал Қазақстанның оңтүстігінде 1934 жылы Қаратаудағы байыту фабрикасы бар Шымкент қорғасын зауыты бой көтерді. 1931— 1938 жыддары Қоңырат кені негізіңде КСРО-дағы ірі кәсіпорындардың бірі - Балқаш мыс балқыту комбинаты салынып жатты. Түсті металлургия Қазақстанның ауыр индустриясының жетекші салаларының біріне айнала бастады.

1938 ж. Текелі қоргасын-мырыш комбинатының қүрылысы басталып, 1939 ж. мамырда Өскемен қоргасын-мырыш зауытының қүрылысы қолға алынды. Республиканың мыс өнеркәсібіндегі ірі кэсіпорындар қатарына Балқаш, Қарсақбай жэне Ертіс мыс балқыту зауыттары жатты. Егер республиканың ірі өнеркәсібінің жалпы өнім қүрылымындагы түсті металлургияның жалпы өнімі 1939 жылы 1913 жылмен салыстырганда 17,1 есе, ал 1927— 1928 жылдарга Караганда 25,8 есе өсті. 1940 жылдың 1 қаңтарына қарай түсті металлургияның негізгі өндірістік қоры 1928 жылдың 1 қазанымен салыстырганда 27,2 есеге артты.

Екінші дүниежүзілік согыс қарсаңында Қазақстан қоргасын өндіруден КСРО бойынша бірінші орынды иеленді: республика 1939 жылы елдегі барлық қорытылган қоргасынның 84,8%-ын берді, оның ішінде Шымкент зауытының үлесі 62,7%, Риддер комбинатынікі — 22,7% болды. Казақстан 1939 жылы КСРО бойынша алынган өнделмеген мыстың 16,2%-ын өндірді. Мүның ішінде Балқаш мыс комбинатының үлесі 8,2%, Қарсақбай мыс комбинатынікі 4,1%, Ертіс мыс зауытының үлесі 3,6% болды.

Индустрияландыру жылдары көмір өнеркэсібі жогары қарқынмен дамыды. Қараганды көмірі революцияга дейінгі Спасск мыс зауытының үсақ қосалқы кэсіпорнынан Кеңес Одагының үшінші көмір базасына айналды Қараганды көмір алабын, Шыгыста КСРО-

і

(

ның екінші негізгі көмір-металлургиялық орталыгы Орал-Кузнецк комбинатын «салумен тыгыз байланысты», бүкілодактық маңызга ие етті. 1931 жылы 31 қаңтарда Еңбек жэне Қорганыс Кеңесі:

«Караганды көмір алабы түсті металлургияның негізгі даму базасына айналуы тиіс. Сонымен қатар Караганды өңірінің географиялық орны көмірді Орта Азияга, Түрксібке жэне Оралга тасымалдауга мүмкіндік береді» деп атап көрсетті.

Казақстанның мұнай өнеркэсібі тез қарқынмен дамыды, соның аркэсында республика еддегі бүкіл мүнайдың бестен бір бөлігіне жуыгын өндіріп, РКФСР мен Әзірбайжаннан кейінгі үшінші орынды иеленді. Бүган Доссор мен Мақат секілді бүрынгы кэсіпорындарды кеңейтудің, Байшонас (1931 жыл), Сагыз (1932 жыл), Ескене (1934 жыл), Косшагыл (1935 жыл), Кұлсары (1939 жыл) жаңа кен орындарын іске қосудың, сондай-ақ мүнай өндіру техникасын жетілдірудің, көлік байланыстарын жақсартудың, атап айтқанда Гурьев—Орск мұнай құбыры қүрылысын іске асыру арқылы қол жеткізілді.

Химия өнеркэсібі: фосфор тыңайтқыштарын өндірудің түңгышы Ақтөбе химия комбинаты, Орта Азия мен Казақстанда мақта жэне қант қызылшасын өсіруге қажетті тыңайтқыштарды шыгарды. «Аралсульфат» комбинаты шыны-әйнек зауыттарын натрий сульфатымен қамтамасыз етті жэне ас түзын өндірді.

Ауыр өнеркэсіптің жетекші саласы ретіндегі машина жасау өндірісінің Казақстанда болмауы себепті металл өндеудің маңызы

«шагын металл өғщеу» кәсіпорындары негізінен екі бағытта қызмет атқарды: 1) ауыр өнеркэсіптің ірі кэсіпорындарының механикалық цехтары мен жөндеу шеберханалары; 2) ауыл шаруашылық машиналарын жөндеуге арналған шеберханалар. Алғашқылардың қатарына Шымкент қорғасын зауыты, Караганды, Семей ет комбинаты, Гурьевтегі, Доссордағы т.б. өз аймағында эр алуан өндірістік-жөндеу жұмыстарын жүргізген цехтар мен шеберханалар жатты. Ауыл шаруашылық машиналарын жөндеуге арналған шеберханалар совхоздар мен МТС-тердің жанынан ашылды жэне Казақстанда олар тракторлар мен комбайндардың саны жагынан Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында

ТЩУД.Ы, сондай-ақ ауыл шаруашылық өндірісін дамытуда маңызды рөл атқарды. Сонымен қатар металл өндеу Оралдағы, Петропавлдагы, Көкшетаудағы, Актөбедегі механикалық зауытгарда, Алматы шойын кую зауытында, Әулиеата, Алматы, Үштөбе, Аягөз т.б. стансалардағы жаңадан ашылған Түрксіб жөндеу кэсіпорындарында жэне автокөлік пен кеме жөндеу шеберханаларында жүзеге асырылды.

Электрэнергетика жогары қарқынмен дамыды, түсті металлургияның. көмір шахталарындагы, өнеркәсіптің басқа да салаларындағы ірі кәсіпорындардың жеке өндірісін ғана емес, барша тұрғындарды, бүкіл инфрақұрылымды да қамтамасыз етгі.

Алғашқы екі бесжылдықта Қарағанды жэне Қаратау ОЭС-тері, Балқаш мыс қорыту комбинатының, Ақтөбе химия комбинатының, Семей ет комбинатынын ЖЭО-лары, Шымкент қорғасын зауытының СЭС-і, Үлбі СЭС-і жэне Ембі мүнай кэсіпшілігіндегі дизельді электр стансалары пайдалануға берілді.

Егіншілік жэне мал шаруашылық шикізаттарына бай аграрлық республика саналатын, екі бесжылдықта көптеген салалары дамып. Орал, КСРО-ның Орталық жэне басқа да аймактарын түтыну затгарымен, эсіресе тамақ өнімдерімен қамтамасыз етті. Тамақ өнеркәсібінде ет, үн, балық жэне қант өндірісі салаларының кәсіпорындары : Орал ет комбинаты, жаңадан салынған Петропавл (1929— 1931 жылдар) жэне Семей (1931-1934 жылдар) ет комбинаттары. Алматы, Караганды мен баска да ірі қалаларда ет комбинаттары іске қосылды. Алматы, Семей, Караганды жэне Шымкент үн Тарту комбинаттары, Кызылорда қаласындагы күріш өңдеу зауыты ірі ұн-жарма кэсіпорындары, 1934 жылы Талдықорған жэне Мерке қант зауыттары, 1937 жылы Жамбыл қант зауыты, Гурьев балық-консерві комбинаты (1937 жыл) тамак, өнеркэсібінің аса ірі кэсіпорындарының бірінен саналды. Бүл жылдары жеңіл өнеркәсіпте: Кэргалы шүга фабрикасы, Петропавл былгары зауыты, Петропавл мен Оралдагы пима басу зауыттары, Алматы, Семей жэне Оралдагы жүн жуатын

кэсіпорындар т.б. тэрізді сол кезге дейін жүмыс істеп тұрган ескі кэсіпорындары қайта қүрылды.

Сөйтіп, иңдустрияландыруды жүзеге асыруда, Казақстанда бұрынгы кэсіпорындарды қайта қүру жэне эсіресе жергілікті шикізат көздері базаларында жаңа кэсіпорындар қүрылысы, сондай-ақ жаңа қосымша жол қатынасы құрылыстары жогары қарқынмен жүргізілді. Осылардың нэтижесінде Казақстан аграрлық елден индустриялы-аграрлы республикага айналды Сонымен қатар Казақстанның өнеркэсіптік прогресінде республика экономикасының шикізаттық багытын күшейткен бірқатар кемшіліктер мен олқылықтар орын алды, соның салдарынан, көптеген өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын жергілікті жагдайда өндіруді үйымдастырудың барлық мүмкіндіктері болганына қарамастан, олар үнемі сыртган экелінді.

Өндіріс құралдарын өндіру мүмкіндіктеріндегі артықшылықтарга қарамастан, Кдзақстан Орталықтан жэне елдің басқа аймактарынан станоктар, приборлар, қүрал-жабдықтар, машиналар, автокөліктер, тракторлар, комбайндар мен машина жасау өндірісі зауытгарының басқа да өнімдерін жэне қүрылыс материалдарын гана емес, сонымен бірге киім, аяқ киім жэне т.б. алып отырды. Батыс Казақстанның мүнайы өңдеуден өткізу үшін Ресейге жіберілді, ал жергілікті жерде мүнай өңдейтін зауыт болмады. Күрылыс материалдары өнеркэсібі элсіз күйінде қалды. Кірпіш қүю өндірісі жергілікті орындарда нашар үйымдастырылмаганымен, көптеген материалдар, эсіресе әйнек пен цементте сырттан тасылды. Жүн, мақта, былгары жэне басқа да шикізаттың молдыгына қарамастан, Казақстанда жеңіл өнеркэсіптің ірі комбинаты салынган жоқ, ал бүрыннан бар ұсақ зауыттар мен фабрикалар жергілікті түргындардың киімге, аяқ киімге жэне басқа да жиі түтынатын бұйымдарга деген қажетгілігін қанагаттандыра алмады.

КСРО-ның басқа да аймактарының дамыган өнеркэсібі үшін Казақстанның шикізат көзі ретіндегі рөлі индустрияландыру жагдайында бүрынгыдан күшейді. Шикізат өндіру саласының қауырт дамуы мен индустрияландырудың нэтижесінде жэне кен

орындарының бай қорының арқасында, Қэзақстан түсті металл өндіруден КСРО бойынша екінші, мұнай, көмір өндіруден үшінші орынды иелеңді, яғни Кеңес Одағының машина жасау, электргехникалық, химиялық жэне басқа да өнеркэсіп салаларының, сондай-ақ теміржолдарының негізгі жабдықтаушыларының біріне айналды.

In document PDF ҚАЗАҚСТАННЫҢ (бет 37-40)