SECTION I СЕКЦИЯ I
1.7. Өнім сапасындағы статистикалық әдістерді тексеру Гаухар Кемербулатовна Ахметова
Казахстан: официальный ресурс. URL: http://kgd.gov.kz/ru/content/
rezultaty–sociologicheskih–issledovaniy–1 (дата обращения: 23.04.2018).
1.7. Өнім сапасындағы статистикалық әдістерді тексеру
немесе прцесті тоқтату және түзетуді жүзеге асыруды (мәселе статистикалық үдерісті реттеу туралы) анықтау қажет. [1]
Адамның ақыл-ойы бір мезетте көп сандарды есептеуге қабілетсіз. Сондықтан берілген массивтерге (сілімдерге) қашан қандай да бір көрнекілікпен және түсінікті түрде көрсетілгенге дейін талдау жасау қиын.
Мысалға сапаны тексерудің типтік түрін қарастырайық.
Шығарылған өнімнен бір мезетте тексеруге бір данасы ғана жіберілді де техникалық үдерістің жағдайы шешіледі: егер ол жарамды болса, онда үдеріс жөнге салынған, ал керісінше болса, өнім өндіру мен түзету үдерісін тоқтату туралы шешім шығарылады. Мұндай жағдайда ақаулы бұйымды қабылдауға болмайды. Өндірісте технологиялық процеске әсер ететін стохастикалық немесе кездейсоқтық заңдылықтары бар.
Ереже бойынша өндіру үдерісі кезінде өндірілетін өнім ақауы 1,2,10%- ға өседі және 100% өте сирек кездеседі – бұл нақты өндіру технологиясына байланысты кеткен кемшілік.
Қарастырып көрейік, өндіру технологиясы үдерісі кезінде өндірілетін өнімде ақау 5% - ке өсті делік. Бұл орташа есептелгенде әрбір жиырмасыншы бұйымда ақау барын көрсетеді. Осы жиырманың ішінен ақаулысын қалай табуға және қандай дұрыс шешім қабылдауға болады? Жауап: үдерісті ықтималды бұзушылық өндіру үдерісі үстіндегі өнім ішінен ақаулы бірлікті дайындаудың ықтималдылығымен бірдей, бұл кездегі ақау көрсеткіші - 5%. Осылайшы, қазіргі кезеңде технологиялық үдерісті міндетті түрде ағымдағы тексеруден өткізуге болады, бірақ ақаудың алдын-алу мәселесін шешуге жағдай жоқ.
Тексеруге бір дана емес, бұйымның екі-үш данасын алса да, құтқара алмайды. Олай болса, бұйымның сапасын тексеру алдына екі түрлі мақсат қояды: бірінші, ақаулы бұйым үлесі барынша аз болатындай етіп өндіріс үдерісін ұйымдастыру; екінші, тұтынушыға ақауы көп бұйымды жөнелтуге тыйым салу. Бірінші мақсатқа технологиялық үдерістің жұмысын дұрыс реттеуге статистиканы дұрыс ұйымдастыру жолымен жетуге болса, екіншісіне бұйымды қабылдайтын тексеру ұйымдастыру және жүргізу жолымен жетуге болады.
Бұйым сапасының қалыптасу кезеңдері. Өміршеңдік цикл – бұл үдерісті құру және өнімнің жүре келе талапқа сай қалыптасуда өзгеріске ұшырау жағдайы және оның өндірістен шығарылуы немесе тұтынушы арасындағы өзара жиынтық.
Өміршеңдік циклдің бірінші деңгейін сатыға бөлуге болады:
зерттеу және өңдеу, дайындау, тарату және пайдаға асыру.
Өнімді зерттеу және өңдеу. Бұл сатының мақсаты – жаңа өнімнің сапасына қойылатын перспективалық талаптарды қалыптастыру, құрастырушылық және басқа түрде техникалық шешім құжаттары, осы талаптарды үнемді тәсілдермен тезарада іске асырады. Өнімнің сапасын қалыптастыруда бұл сатыда сапа факторы айырықша рөл атқарады.
Талдап көрсетілген сатыларды кезеңдерге, үдерістерге және т.б.
бөлуге болады. Өнім сапасын тұрақты ұстап тұру өміршеңдік циклі кезінде туындайтын көптеген факторларға байланысты. Оларды нақты түрде былай көрсетуге болады. (1. сурет)
Американдық мамандардың пікірінше, егер сапаны 100%-ға жеткізудің жолын қарастырсақ, онда 75%- ы құрастырушылық шешімді іздестіруін, макетін жасауға, технологияны құюға, 20% -ы өндіруші үдерісті тексеруге, 5% -ы өнімді қабылдауға кетеді.
Европалық сапа жөнінде ұйым (ЕОК) мәліметі бойынша бұйым бағалау кезінде «70-20-10» ережесі салдарынан қабылданбайды.
Келісім бойынша бұйымның 70%-ы дұрыс жобаланбағандықтан, 20%-ы сапасыз жасалғандықтан,10%-ы пайдалану кезінде қателік жіберуден қабылданбайды.
1-сурет. Қайта өнеркәсіпті қайта өңдеу және азықтық ғылыми зерттеу институтында өнім сапасына әсер ететін факторлары
Қайта өнеркәсіпті қайта өңдеу және азықтық ғылыми зерттеу институтында өнімді өңдеудің жалпы сызбасы МЕМСТ 15.001 «Өнімді өндірісте өңдеу және жолға қою» жүйесіне сәйкес қарастырылады: [3]
- техникалық міндеттерді жете зерттеу;
- техникалық және нормативті құжаттарды жете дайындау:
- жете зерттеу қорытындыларын қабылдау.
Техникалық міндеттер (ТМ) өнімді өңдеу үшін негізгі құжат болып табылады. Техникалық міндеттерде болашақ бұйымның техникалық деңгейі қолданылуы бойынша салынады.
Өнімнің маңызды түрін өңдеу барысында техникалық міндеттерде сапа көрсеткіштері келешек деңгейге сай келу керек, яғни сапа деңгейі
Өнімнің сапасына әсер ететін өте қажетті
жағдайлар Шикізат, комлектеуші материалдар. Бұйым
конструкциясы, техникалық процестер мен және т.б. – лардың сапасы
Субъективті Кәсіби шеберліктер Жеке қызығушылығы Объективті
Конструкция Өндіріс деңгейі Тексеру
құралдары және т.б.
Сапаны сақтау мүмкіндігі Буып-түю, таңбалау, сақталу жағдайы, тасымалдау, тарату, пайдаға асыру.
Сапа факторлары
Жағдай жасау сапасы Өндірістің әлеуметтік және экономикалық жағынан мақсатқа сәйкестігі мен
тиімділігі.Материалдық қызығушылық т.б.
әлемдік саудада өзіне ұқсас бұйымнан ең үздік боп басым түсуі белгіленуі тиіс. Берілген «сапаның қоры» өнімді жасау кезінде неше жылдан бері шығарып келе жатқандықтан, шығарар алдында үздік үлгімен сәйкестендіруге қол жеткізу керек.
Техникалық міндеттерді құрастыруда болашақ бұйымның нарықтық бәсекеде алда болуы үшін маркетинг әдісті қолдану керек.
Батыс фирмаларының мәліметі бойынша көптеген жағдайларда маркетингке жұмсалатын шығын өндірісті жаңа өнім шығаруға дайындауға кететін шығынның жартысынан көбі кетеді.
Техникалық құжаттарды (құрастырушылық және техникалық құжаттар) құрастырушылық-сынақ және технологиялық-сынақ (тәжірибе) жұмыстары шеңберінде жасайды. Жасалған техникалық құжаттар қорытынды талаптарына сай келуі және үздік үлгіні таңдау үшін тәжірибелік үлгі дайындалады (партия), олар қабылдауда сынақтан өткізіледі де содан кейін барып бекітуге жіберіледі.
Дайындалған өнімді бағалау және өндіріске жіберу туралы шешімді құрамында тапсырыс берушінің өкілі, өңдеуші және жасаушы бар қабылдау комиссиясы жүргізеді. Комиссия төрағасы тапсырыс берушіні тағайындайды, ал ол жоқ кезде – негізгі тұтынушыны.
Ұсынылған материалдар қорытындысы бойынша комиссия акт жасайды. Актіде көрсетілуі керек:
- талаптар мен нұсқауларға сай келетіндіктен жасалған өнімді, өндіріске жіберу туралы нұсқау беріледі;
- өнімнің техникалық деңгейінің бағасы қорытындыланады;
- бекітілген серияны дайындау туралы (серияны немесе бүкіл бұйым үшін) және оның көлемі туралы нұсқау;
- өнімді жасап шығару барысында кездесетін ескертулер мен ұсыныстар (егер қажет болса);
- эталон үлгісін бекіту.
Қабылдау комиссиясы бекіткен акт өңдеудің аяқталғанын білдіреді, техникалық міндеттер әрекетін тоқтатуды және өнімді өндірісте жасауға рұқсат береді.
Үлгі-эталон шығарылған өнімді жасалған бұйыммен салыстыру үшін жасалады әрі, бұйымның көркем де әсем жасалған және қабылданған үлгісі жасаушының қолында барлық кезеңде сақталады, арыз-шағымдар бола қалған жағдайда және товар партиясын сапалық жағынан жарнамалау кезінде көрсетуі не болады. Қабылдаушы мекеме өнім партия құрамын ұсынған кезде үлгі-эталонының көшірмесін (дубликатын) кіріс-тексеріске көрсету үшін талап етуі мүмкін.
Өнімді дайындау үш кезеңнен тұрады:
- Өндірісті жолға қою, өндіріске орналастыру, өндірістен алып тастау.
- Өндірісті жолға қоюға өндірісті дайындау және игеру кіреді.
Өндірісті дайындауда өндірісті дайындау және технологиялық үдерісте өнімді шығару шаралары қарастырылады.
2-сурет. Қайта өнеркәсіпті қайта өңдеу және азықтық ғылыми зерттеу институтында өнімді сапалы басқарудың сызбасы
Тұрмысқа қажеттілікк
Директорлар бағасы Ойлап
шығару
Сауданы зерттеу
Техникалық анықтамалар
Өнімді анықтау
Техникалық міндеттер
Қызметке қойылатын талап.
Сыртқы іс-әрекеті.
Ішкі іс-әрекеті.
Жобалау алаңы.
Әсер етуші факторлар.
Кездесетін кедергілер Жуықтап алынған
есептеу
Өімнің эскизімен моделі
Базистік зерттеудің
басталуы Жалпы түрінің
сызбалары, чертеждері.
Конструкцияның моделі
Конструкторлық есептеулер Математикалық есептеу
Статистикалық жобалау Жуық есеп
Эксперимент жүргізу
Болып өткен тәжірибе (жасалған тәжірибе) Базистік зерттеудің қорытындылары ЭВМ-де оптимизациялау қорытындылары
Бөлшектер мен түйіндердің техникалық тапсырмасы
Қорытындыларға конструкторлық
ымыраға келу
Өнім талапқа сай келе ме Тұтынудан шығып
қалған жоқ па
Негізгі үлгіні сынақтан өткізуге дайындау Жетістікті бағалау
үзілісі
Нақтылау Бағалаудың
өте дәлдігі
Жетістікке басқа жолмен жетуге бола ма
Бұйым (өнім)
Жобалау кезінде қажеттілік қалай
өзгереді
Өндірісті игеру кезінде технологиялық үдерісті іске қосу және оның дайындығын тексеру, сондай-ақ тұрақты маңызды көрсеткіштер бойынша өнімді дайындаудың сарамандық (практикалық) әдістерін меңгеру іске асырылады.
Өндірістің сериялық (жаппай) өнім шығаруға дайындығына келісім беру үшін дайындаушы бекітілген серия үлгісіне (бірінші өнеркәсіп партиясын) сапаны бағалау тәжірибесін жүргізеді.
Технологиялық процеспен байланысты өнімде негізгі параметрден ауытқушылық мүмкіндік шегінен аспайтынын, ал қабылдау комиссиясы анықтаған кемшіліктер жойылғанын тәжірибе растауы керек.
Сапалы басқару
Көшірме жазба қағазын көркем-техникалық кеңес басшысы жазуы немесе басқа адам үлгі-эталонға сай толтыруы тиіс. 2-суретте үлгі ретінде өнімді жобалау үдерісінің сызбасы келтірілген, ол жобалау саласы мамандарына түсінікті болу үшін негізгі жұмыс түрлерінің кілті қызметін атқаруы мүмкін. Сапаны бағалау комиссиясы зерттеу нәтижесі бойынша дұрыс қорытынды шығарса өндірісті игеру аяқталады деп есептеледі, ал дайын өнімді тапсырыс берушіге ұсынуға болады.
Айналымға шығару және тарату - өнімнің қажеттілік циклінің бөлігі: дайындаушы өндіріс орнынан тиеп шыққаннан бастап тұтынушының қолына тигенге дейінгі кезеңі. Айналымға шығару кезінде дайын өнімнің жоспарлы және нормативті (НҚ) белгіленген көлемі мен сапасының жоғары мөлшерін сақтау, тасымалдау кезінде бүлдіріп алмау және таратуға дайындауды қамтамасыз ету қажет.
Өнімді пайдалану - өнімнің қажеттілік циклінің сатысы, таратылады, қолдау көрсетіледі, оның сапасы қалпына келтіріледі.
Бұйымның белгіленгені бойынша пайдаланылуы, тасымалдануы, сақталуы, техникалық қызмет және жөндеу жұмыстары кіреді.
Бұл сатыда сапаны басқаруда негізгі тұтынушы болып табылады.
Пайдалану ережесі, пайдалану құжаттары – таратуға басшылық жасауда, нұсқауларда, өнімді күтіп ұстау туралы естеліктерде баяндалады.
Осы құжаттардың жасалу сапасына және оның ішіндегі ережелерді қатаң сақтауға, өнімді дұрыс сауатты пайдалана білуге байланысты. Мынаны ескерте кету керек, егер тұтынушы товарға мұқият күтім жасаса, оның пайдалану мерзімі ұзаруы мүмкін. Ал оның пайдалану мерзімінің ұзаруы оны қосымша шығаруға тең. Олай болса, өнімді дұрыс пайдалану материалды және еңбек ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Өнім сапасын тексеру әдістері. Өнім сапасын тексеру қажеттілігінің мақсаты нысаны басқару орындарынан тиісті мәліметтер алу туралы МЕМСТ 15467-79-де атап көрсетілген:
«Өнімді сапалы басқару - өнімді өңдеген кезде оны белгіленген, қажетті жағдайда сапасын сақтап қалуды немесе тұтынуда жүйелі түрде
сапасын тексеріп отыруды іске асыру және жағдайлар мен деректердің нақты бір бағытта әрекет етіп, өнім сапасына әсер етуі». Қайта өнеркәсіпті қайта өңдеу және азықтық ғылыми зерттеу институтында өнімді тексеру екі кезеңнен тұрады: өнімнің нақты жағдайы туралы хабарлама алу (оның сандық және сапалық белгілері); алынған хабарламаны алдын-ала белгіленген техникалық тапсырмалармен салыстыру, яғни екінші қайтара хабарлама алу. Мәліметтердің дұрыстығы техникалық талаптарға сай келмеген жағдайда басқарушы нысаніге тексеру әрекетін жүргізеді, мақсаты техникалық талаптарға сай келмейтін ауытқушылықты жою. Тексеру қызметіне өндірісті өңдеуді іске асыруға әсер ететін методологиямен (дәлдік есептеулермен), өлшеу құралдары мен электрондық, компьютерлік құрылығларды тексеру және дұрыс пайдалану және олардың жағдайын тексеру мен қамтамасыз ету енеді. [3]
Ең соңында бағдарлама және оқыту кадрлар квалификациясын (білімін жетілдіру) оқуларын ұйымдастыруға, сапаға жетуде табысты шешім қабылдағандарды дәлелдеуге және ынаталандыруға жағдай жасауды іске асырады. Барлық кәсіпорын бірдей сапалық қызметті дамытуды табысты ұстап тұра алмайды. Кіші және орта кәсіпорындар, ереже бойынша, мамандандырылған кеңесшілерге, инжинирингілі фирмаларға жүгіреді, оның есесіне сапа жағынан бір инженер де жеткілікті екеуін ескермейді.
3-сурет. Қайта өнеркәсіпті қайта өңдеу және азықтық ғылыми зерттеу институтында өнімнің сапасын тексерудің квалификациялары
Тексеру түрлері Тексеру көлемі бойынша . Жаппай ішінара
Өндірістік процестің сатылары бойынша.
Кіріс
Операциялық Қабылдау Сақтау Тасымалдау
Тексеру кезеңдері бойынша Алғашқы
Жылдан Жиі-жиі
Ұйымның құрылымы бойынша
Өзін-өзі тексеру Бірсатылы Көп сатылы
Құрал жабдық бойынша тексеру.
Аспаптық Көзбен
Тексеру парамтері бойынша
Сандық белгілері бойынша
Сапалық белгілері бойынша
Альтернативтік белгілері бойынша
Тексеру ерекшелігі бойынша.
Қирату Берік
Өндірістік процесс сатылары бойынша.
Қолмен механикалан- дырылған
Автоматтандырылған жүйелер
Автоматты жүйе Белсенді тексеріс
Негізгі Анықтамалармен тексеруді анықтау МЕМСТ 16.504-81-де бекітілген. Тексеру түрінің квалификациясы 3-суретте көрсетілген.
Ғылыми негізде бүгінгі таңдағы техникалық тексеруде математикалық-статистикалық әдіс қолданылды. Тексеру әдістері ежелден бірін-бірі қайталайтын, ақаудың талдауға бұйым шығарылып, тұтуға жөнелтілер алдында күрделі бақылау жүргізу жолымен тексереді.
Ірі өндірісте бұлай тексеру өте қымбатқа түседі. Сондықтан жаппай тексеруден ішінара тексеруге көшіп статистикалық әдісті пайдаланып өңдеу қорытындысын шығаруға болады. Алайда мұндай тексеру мына жағдайда тиімді болады, қашан технологиялық үдерістің болашақта ісі жолға қойылған жағдайда, дәлдік пен тұрақтылық қалыптасқанда, өнімнің ақаусыздығына автоматты түрде кепілдік берілген жағдайда.
Бұдан өндірісті тұрақтандыру қажеттігі туады. Өндірісті тұрақтандырудың ең сенімді әдісі сапа жүйесін құру және оны сертификаттау, яғни куәлік беру болып табылады.[4]
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР-ның статистикалық жинақ – Астана, 2018. – 18 с.
2. Алимжанова Л.В. Сүт және сүт өнімдерінің сапасын жақсарту мәселелері. – Астана, 2011. № 5. – 32 с.
3. Галкина О. Оценка конкурентоспособности товара. - Таллинн, 2002. – 18 с.
4. Сафронова, Зайцева Н.Л. Экономика предприятия. - Москва, 2004. – 28 с.
1.8. Теоретические аспекты организации