• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Жану зонасындағы өрт сөндіруге пайдалынатын заттарды өртті сөндіретін заттар дейді.

Табиғатта мұндай заттар көп, ол өрт сөндіруге қолайлы, тиімді, сақталуы адам өміріне қауіпсіз аз шығынды заттар пайдалынады.

Өрт сөндіргіш заттар қатты, сұйық, газ түрінде кездеседі. Олар бір агрегаттық күйден екінші бір агрегаттық күйге ауысады: су-буға, қатты көмір қышқылы-газға айналады. Бұл құбылыс-сублимация деп аталады.

Өрт сөндіргіш заттарды сөндіру түрлеріне қарай салқындатқыш, араластырғыш, оқшаулағыш және химиялық тежегіш деп бөледі.

Көптеген өрт-сөндіргіш заттар бірнеше түрде қолдалынады. Мысалы, судың – араластырғыш, салқындатқыш, оқшаулағыш қасиеттері бар. Сол сияқты жоғарғы әуе механизімі жолымен шашылатын көбік.

11.3.1 Салқындатып өртті сөндіретін заттар.

Дәстүрлі өрт сөндіргіш зат – су болып табылады. Су таза күйінде де, қосынды (тұз т.б.) түрінде де қолданылады. Судың жылу сыйымдылығы үлкен, оның өрт сөндірудегі маңызы зор. 1 литр сұйық суды буға айландыруға 539 ккал жылу күші қажет. Осыдан 1725 л су буы пайда болады да ауадағы оттегінің пайызы (%) төмендейді. Осы кезде аулақтатқыш қасиет пайда болады.

Үстіңгі қабатты керуге судың үлкен күші бар екені белгілі. Бұл сөндіру күшін төмендетеді, бұл жағдайда сөндіргіш қасиеті онша емес. Судың үстіңгі қабатты керуін азайту үшін және оның қасиетін арттыру үшін, суға белгілі мөлшерде жоғары-активті заттар ерітіндісін қосады.

Бірақ су өрт сөндіруде универсал зат емес. Көптеген заттармен (мысалы, сілтілі және сілтілі-жерлі металл) химиялық реакцияға еніп сутегі бөлінеді.

Өрттерде суды жаппай және шашыраған ағынмен береді.Жаппай ағынды дамыған өрттерді сыртқыны да және ішкіні де сөндіру кездерінде судың көп массасы керек болғанда қолданады. Түтіктен шығатын су ағынын тік жоғары бағыттаса алғашында ағын бүтін немесе жинақы болады, ал алыстаған сайын біртіндеп бөліну басталады. Бұны ауаның кедергісі мен тартылыс күшінің әсерінен болатыны белгілі.

Судың қарқыны мен шығынына байланысты ағынның жинақы бөлігінің әсер ету радиусы 6 - дан 30 м дейін және одан да жоғары болады. Су ағындарын алу үшін қолдық және лафетті түтіктер қолданады. Өте кең таралған қолдық түтіктер болып кигізгіш диаметрлері 13 және 19 мм тең түтіктер саналады. Мұндай түтіктердің көмегімен ағын ұзындығы 22 және 25 м су шығыны 3,5 және 7 л/с болады. Одан жоғарғысын ұстау тиімсіз және қиын болады.

Жаппай ағынның кемшілігі судың жылу сыйымдылығын пайдалану коффициентінің төмендігі (оның жану аймағымен жанасуының қысқа уақытынан); көмір, ұн және басқа да шаңдардың қабаттарына жаппай ағынның әсері кезінде жарылысқа қауіпті түзілулердің пайда болуы, бұйымдардың механикалық қирауы, адамдарды жарақаттау, электр тогына ағынның бағытталуы.

Жаппай ағынның артықшылығына жататындар: алысқа ұруы, іс-

Шашыратылған ағынның көлемдік беті жоғары, сол себепті уақыт ішіндегі бірдей шығында жылуды жаппайға қарағанда көп басады.

Шашыраған ағынды кішігірім өрттерді сөндірген кезде, жану ошағына жақын келіп, жылулық әсер аймағындағы құрастырмаларды, заттарды және материалдарды суыту үшін, түтік ұстағыштарды, өрт техникасын және мұнай өнімдерін сөндіру үшін қолдануды ұсынады.

Көмірқышқыл немесе көміртегінің диоксиді-табиғатта өте көп тараған заттардың бірі. Бұл-түссіз газ 1,5 есе ауадан ауыр.

Сұйық көміртегін қара түске боялған болат баллондарда сақтайды және тасымалдайды. 1 кг сұйық көміртегі буланған кезде 500 литр газ түзіледі.

Жану аймағында көмірқышқыл газы суытқыш және оқшаулағыш әсер етеді. 1 кг құрғақ көмірқышқыл мұз буланған кезде 140 ккал. жылу сіңіретіні белгілі. Сонымен бірге жанып жатқан заттың айналасында көмірқышқыл газының жоғарғы концентрациясы түзіледі және жануды ұстап тұру үшін оттегі жетіспейді.

Көбінесе көмірқышқыл газын сыйымдылықтардағы жеңіл тұтанатын және жанатын сұйықтықтарды, жанып жатқан электр жабдықтары мен іштен жанатын қозғалтқыштарды, сонымен бірге мұражайлардағы, архивтердегі, көрмелердегі өрттерді сөндіру кезінде және басқа жерлерде су немесе көбікті қолдануға болмаған жағдайда қолданады.

11.3.2 Оқшаулайтын және араластыратын өрт сөндіргіш заттар.

Бұл заттардың өрт сөндіру тиімділігі негізінен жанғыш булардың және газдардың пайда болу жылдамдығын тежеуде, сонымен бірге жану аймағындағы оттегі концентрациясын азайтуда болып отыр. Бірінші жағдайда Өртті басатын затты сұйықтық немесе қатты зат және бөлінген булар мен газдардың арасына орналастырады. Өзара әрекеттесетін екі жүйелердің арасында оқшаулағыш заттың болуы, олардың арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуына алып келеді, жану аймағына келетін жанғыш булардың және газдардың концентрациясын азайтады, жанып жатқан заттың бетін суытады, сонымен бірге бір уақытта жану аймағындағы жылуды бұруды көбейте отырып, жылу бөлінуді төмендетіп жануды тоқтатады.

Екінші жағдайда әсерлесетін заттар арасындағы теп-теңдіктің бұзылуы өрт сөндіретін заттармен жану аймағындағы оттегі концентрациясының төмендеуі ығыстыру нәтижесінде басталады. Қазіргі заманның өте тиімді оқшаулайтын өрт сөндіргіш заттары болып ауалы-механикалық көбік табылады. Көбіктің жоғарғы еселену сапасын сипаттайтын негізгі көрсеткіштері болып еселілігі мен төзімділігі болып есептеледі.

Тәжірибелік зерттеулермен және іс жүзінде анықталғандай, 100 еселік көбік өте жоғары тиімділікке ие. Бұл кездегі еселік деп көбік көлемінің өзі одан алынған сұйықтық көлеміне қатынасын түсінеді.

Ауалы-механикалық көбік үш топқа бөлінеді:

– төменгі еселікті (20 дейін);

– орташа еселікті (20-200);

– жоғарғы еселікті (200 жоғары).

Жоғарғы еселікті көбікті алу үшін әртүрлі көбік түзушілерді пайдаланады. Өре кең таралған ПО-1 болып есептеледі. Жоғарғы еселікті көбік алу үшін 4% ПО-1 су ерітіндісі өнімділігі 600 л/с жоғарғы еселікті көбік генераторы ГВП-600-бен беріледі. Жоғары еселікті көбік аз жылу өткізгіштікке ие, диэлектрге жуық болады, қоршаған бұйымдарға және материалдарға құртатындай әсер етпейді, біршама жылжығыштығы бар болғандықтан жоспары күрделі бөлменің ішіндегі өрт сөндіру кезінде өте маңызды, жылу қайтарғыштығы бар, көбік көпіршіктерінің беттерінде жанбай қалған көміртегі бөлшектерінің адсорбция есебінде түтіндеу тығыздығын азайтады. Көбіктің кемшілігіне аз механикалық беріктігі және салыстырмалы түрде тез бұзылуы. Көбік төзімділігі – бұл оның бұзылу үрдісіне кедергілігі, ол көбіктің бұзылу ұзақтығымен бағаланады. Жоғарғы еселікті көбік әртүрлі нәрсеге арналған подвалдарда, кеме трюмдерінде, кабель туннельдерінде, жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар бар сыйымдылықтарда және т.б. өрт сөндіру кезінде өте тиімді құрал болып табылады.

Азот инертті газ болып табылады және көмірқышқыл газ сияқты жанып жатқан затты қоршаған ауада оттегінің құрамын азайтады, соның нәтижесінде өрт сөнеді. Азот, сонымен бірге көлемдік сөндіру үшін де қолданылады. Бұл жағдайда берілген көлемге өрт сөндіретін азот концентрациясы 31% кем болмау керек.

Су буы-бұл өрт сөндіретін зат, оны негізінен қуатты буды күшпен шығаратын шаруашылығы бар кәсіпорындарда: мұнай өнімдерін өндіретін зауыттар, жылу стансалары, ағаш өңдейтін кәсіпорындар және т.б.

қолданады. Көлемдік сөндіру кезінде берілген бөлме көлеміне қатынасы бойынша су буының өрт сөндіретін концентрациясының 35 % есептеледі.

Көлемі 500 м3 дейінгі бөлмелерде су буын пайдалану өте тиімді.

Өрт сөндіру ісінде жалпы және арнайы арналған құрамды ұнтақты өрт сөндіргіштер өте кең қолданылады. Жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың, спирттердің, жанатын газдардың, ағаштың, көмірдің, рәзеңкенің, 1000 В дейінгі кернеудегі электр қондырғылардың өрттерін сөндірген кезде натрийдің дикарбонаты негізіндегі ПСБ типті және фосфорлы аммонийлі тұздар негізіндегі ПФ және П-1А типті жалпы арналған ұнтақтар қолданылады. Бірақта олар металлоорганикалық сұйықтықтардың және кейбір заттардың өрттерін сөндірген кезде жарамсыз. Бұл мақсат үшін арнайы арналған ПС-1 типті натрий карбонаты негізіндегі және СИ-2 типті 114В2 сұйық хладонмен қаныққан ірі саңылаулы силикагель негізіндегі ұнтақтар қолданылады. Олар іс жүзінде барлық өрттерді, соның ішінде литий органикалық қосылыстардың, сілтілі-жерлік металдардың және сілтілі металдардың өрттерін сөндіру үшін қолданылады.

Жалпыға арналған өрт сөндіретін ұнтақтардың қарқынды берілуі (ПСБ, ПФ, П-1А) 1,5-3,5 кг/см2, арнайы арналғандардікі (СИ-2, ПС) 0,3-0,5 кг/см2

кальций, барий, магний, қышқылдар карбидін сөндірген кезде қолдануға болмайды.

Өрт сөндіретін көбіктер іс жүзінде барлық жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды, соның ішінде бензинді, сонымен бірге ағаш, қағаз, каучук, пластмасс, мақта және т.б. қатты заттарды сөндіру үшін қолданады.

Өте кеңінен қолданылатын өрт сөндіргіш зат ретінде су болып табылады. Бірақ кейде суды бензинді, кернеудегі электр қондырғыны, сонымен бірге бір қатар жанғыш заттарды сөндіруге қолдануға болмайды.

Жанып жатқан битумға, натрий пероксидіне, майларға су тиген кезде шашылу, шашырау, қайнау нәтижелерінде жану күшейе түседі.

Көбік жанып жатқан сұйықтықтың бетіне жайыла отырып, аз бұзылатын және 1 сағат ішінде сұйық буын жібермейтін қалыңдығы 7-10 см қабат түзеді. Бірақ кернеудегі электр қондырғыны сөндіруге болмайды. Бірақ барлық көбіктерді химиялықта, ауалы-механикалықта негізінен өрт сөндіретін командалары қолданады, ал өндірісте іс жүзінде әсіресе өрттің бастапқы кезеңінде және кішігірім өрт ошақтарын сөндірген кезде алғашқы өрт сөндіру құралдары мен өртті сумен қамтамасыз ететін су қолданылады.

Жанғыш заттармен және материалдардың сипатына байланысты өте тиімді өрт сөндіргіштер 11.2 кестеде келтірілген.

11.2 кесте – Ұсынылатын өрт сөндіру құралдары

Жанғыш заттар және материалдар Сөндіру құралдары Тұтану температурасы 28°С дейінгі

мұнай өнімдері (бензин, неполярлық еріткіштер және т.б.)

1. Күрделі төгілулерде-көбік, ПСБ ұнтағы 2. Бөлмелерде-көлемдік сөндіру, көбік 3. Кішігірім ошақтар-ПСБ, СО2

Тұтану температурасы 28°С жоғары мұнай өнімдері (керосин, дизель отыны, мазут, майлар, лактар және т.б.)

1. Күрделі төгілулерде-көбік, ПСБ ұнтағы, шашыратылған су

2. Бөлмелерде-көлемдік сөндіру, көбік, шашыратылған су

3. Кішігірім ошақтар-ПСБ, СО2

Суда еритін көмірсутегінің өнімдері

(спирттер, ацетон, эфир және т.б.) 1. Күрделі төгілулерде-көбік, ПСБ ұнтағы, шашыратылған су

2. Бөлмелерде-көлемдік сөндіру, көбік, шашыратылатын су

3. Кішігірім ошақтар-ПСБ, СО2, су Қатты көміртегі бар материалдар және

целлюлозалар (ағаш, қағаз, каучуктер, пластмастар, мақта және т.б.)

Сулағышы бар су, көбік, ПСБ ұнтағы

Органикалық материалдардың шаңдары (пластмассаның, сырлағыштардың және т.б.)

Сулағышы бар шашыратылатын су

Кремний,органикалық қосылыстар

(мономерлер, полимерлер, лактар) 1. Шашыратылған су, ПСБ және СИ-2 ұнтағы 2. Бөлмелерде-көлемдік сөндіру, шашыратылған су, ұнтақ

Көміртекті газдар (метан, пропан

және т.б.) Көлемдік сөндіру, сумен сөндіру

Сығылған көміртекті газдар Көлемдік сөндіру, ұнтақ ПСБ, сумен суыту Сутегі Аралас құраммен көлемдік сөндіру, сумен суыту

Металдар (қышқылды және

қышқылды-жерлі) Ұнтақ ПГС, Аралас құраммен көлемдік сөндіру (N2+CO2)

Алюминий, органикалық

қосылыстар СИ-2 ұнтағы, шашыратылған су араласқан етітінді

Литий, органикалық қосылыстар СИ-2, СО2 ұнтағы

Ескерту: ПСБ (натрий бикарбонаты, 10% тальк, 1-2% АМ-1-300 (кремний, органикалық қоспа); СИ-2 – силикагель (МСК, ШСК немесе КСК маркалы)-50% (массасынан), хладон 114В2- 50% (массасынан)