• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуына аумақтық маркетингтік зерттеу

Мақалада Қарағанды өңірінің əлеуметтік-экономикалық дамуына аумақтық маркетингтік зерттеу жүргізілген. Ресей ғалымдарының өңірлік маркетинг түсінігіне берген анықтамалары ұсынылып, аумақ маркетингі түсінігі, оның функциялары мен ерекшеліктері қарастырылған. Аумақтық маркетинг субъектілерінің ішкі жəне сыртқы деңгейлеріне сипаттама берілген. Жалпы маркетинг құралдарының құрамы жəне аумақтық маркетинг құралдары анықталған. Аумақтық маркетингтің құралдары – индикаторлар, индекстер, рейтингтер талданған. Аумақтардың экономикалық дамуы жəне экономикалық реформаларды жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан аумақтарына қысқаша сипаттама берілген. Қазақстанның əрбір өңірі өзіне тəн табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Əрбір өңір, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, басқа айналыммен бірігіп, бүтін экономикалық бірлік құрайтындықтан, аудандарға жалпы өңірлік өнім бойынша талдау жасалған.

Қалыптасқан көрсеткіштер негізінде Қарағанды өңірінің дамуының оң жəне теріс тараптары, оның даму үрдістері анықталған. Аумақтық маркетингік зерттеу өңірлердің даму үрдістері туралы индикаторларды, индекстерді жəне рейтингтерді талдауды көздейді. Солардың негізінде өңірлердің дамуындағы оң жəне теріс үрдістерді анықтап, оның даму бағыттарын зерттеуге мүмкіндік береді.

Кілт сөздер: аумақ маркетингі, интеграция, өңірлік маркетинг, индикатор, ішкі маркетинг, сыртқы маркетинг, мемлекеттер маркетингі, аудандар маркетингі.

Ресей ғалымдары А.М.Лавров пен В.С.Сурнин өңірлік маркетингтің келесідей анықтамасын ұсынады. Муниципиалды маркетинг сияқты, бұл – жаңа қызмет түрі; мезодеңгейге бағытталған нарықтық қатынастар жүйесінің элементі. Ол нарықты, сұранысты жиынтық өңірлік өнімге бағаны зерттеуді, оның барлық əлеуетін ішкі (өңірлік) жəне сыртқы (өңірдің сыртындағы) қажеттіліктер тұрғысынан іске асыруды жорамалдайды [1].

Мезодеңгейдегі маркетинг ретіндегі, өңірлік маркетингке əртүрлі деңгейлік, макро- (ел) жəне микро- (жеке фирмалар) деңгейлеріндегі əлеуметтік-экономикалық мүдделерді келістіру функциялары тəн. Бұл қолдану, тағайындау, орындау деңгейлері, магистралды жұмыс бағыттары, мақсаттық маркетинг топтары, қоғам жағдайын жəне оның мəселелерін анықтау жəне алдын алу, олардың пайда болу себептері; қоғам құндылықтары мен оның қорлары есебімен осы мəселелердің шешілу жолдарын анықтау; қоғамның кезеңдік ұзақмерзімдік инвестициялау жəне өзгеріске ұшырау жоспарларын əзірлеу, өңірлік маркетинг жəне өңір маркетингі, ішкі жəне сыртқы маркетинг, мемлекеттік, аумақтық жəне муниципалдық маркетинг, мемлекеттер, аудандар, жергілікті орындар маркетингі.

Лавров жəне Сурниннің пікірлері бойынша, өңір деңгейінде іске асырылатын маркетинг қандай да болмасын өңірдің айрықшылықтары мен ерекшеліктерін көрсетеді жəне бойына сіңіреді. Оның

Өңірдің əлеуметтік-экономикалық…

негізгі мақсаты максималды пайда алу емес, белгілі өңірдің тұрғындарының өмір сүруінің жоғары деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Өңірлік маркетингтің басты ерекшелігі келесіде, ол өз міндеттерін шешуде, ең алдымен, өңірдің ерекшеліктерін — экономикалық, əлеуметтік, мəдени жəне т.б. ескеруі қажет.

Аумақ маркетингі – бұл ішкі жəне сыртқы аудитория қызығушылығында нақты қалыптасқан жағдайда аумақ тұтынушыларын қанағаттандыруға бағытталған, нарықтық экономика құралы. Аумақ маркетингі аумақты жəне бəсекелестік ортаны зерттеу мен талдау; аумақ өнімдері мен қызметтерін қалыптастыру; жүйе құру мен оны таныстыру; оның құндылығын қалыптастыру; коммуникативті саясат құру мен оны жылжыту; стратегия құру сияқты түсініктерден тұрады.

Аумақтық маркетинг – бұл аумақ, оның ішкі субъектілері, сонымен қатар аумақ назарларына қызығушылық танытатын сыртқы субъектілер мүддесіндегі маркетинг.

Аумақтар деңгейінде өңірдің экономикалық əлеуетін, жергілікті социумның ұлттық, тарихи- мəдени, рухани жəне басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, əлеуметтік-экономикалық дамудың нақтылы тұжырымдамалары жүзеге асырылады жəне жасалады. Осындай тұжырымдамалардың қалыптасу үдерісінің кезеңдері 1-суретте келтірілген.

Ағымдағы үрдісті сақтау экологиялық сезімталдықтың артуымен ғана ерекшеленетінін ескере

1-сурет. Аумақтық маркетинг субъектілерінің жіктелуі

Аумақтардың өз бетінше дамуын жоспарлап, ресурстарын пайдалануын ескере отырып, мемлекетіміз аймақтардың даму ерекшеліктерін түсінеді жəне нақтылы түрде интеграция мақсаттарын əлемдік экономикалық кеңістікте анықтайды.

Аумақтық маркетинг субъектілерінің ішкі деңгейі Аумақтық маркетинг инфрақұрылымы

Өнеркəсіп

Ауыл шаруашылығы Сауда

Интернет, телефон

Құрылыс

Кеден Банктер Əкімшілік Салық қызметі Полиция Білім беру

Денсаулық сақтау

Зейнетақы қоры Энергетика Көлік Тұтынушылар –

аймақ халқы

Аумақтық маркетинг субъектілерінің сыртқы деңгейі Аумақтан тыс

жерде тұратын тұтынушылар Инвесторлар

Өнімді сатып алушылар Туристер Экспортшылар

Өндірушілер, Кəсіпорындардың штаб-пəтерлері

Аумақтар, қалалар, ел

поселкелері Қазақстан Республикасы Əлемдегі елдер, аймақтар

Аумақтар маркетинг мəнін, өңірге қызығушылық танытатын субъектілердің, оның ішінде немесе одан тыс орналасу өлшемдері бойынша жүргізген аса тиімді болмақ. Сыртқы субъектілердің өңірдің жақсы болуына қызығушылық танытатын себебі, олар осы жақсылықтардың бір бөлігін (жеке ресурстарды, өнім көздерін, арзан жұмыс күшінің, еңбек өнімдерін, қаржы құралдарын іске асыру мүмкіндіктерін жəне т.б.) өздерінің жеке жəне өз аумағының үлесіне айналдырып, бұл өңірден тыс шығарып алғылары келеді. Ал ішкі субъектілер өздерінің сəттіліктерін өз туған аумағының, өз «отанының» сəттілігімен байланыстырады. Осы екі ұстанымның əрқайсысы аймақ үшін қызықты болуы мүмкін, алайда осы екі тұтынушы санатына қатысты беталыстар əр түрлі болғандықтан, ұстанымдар да əртүрлі болады.

Кез келген қызмет саласындағы негізгі маркетинг субъектілерінің қатарына қандай да бір өнім (тауар, қызмет жəне т.б.) өндірушілері, оның тұтынушылары (сатып алушылар, пайдаланушылар) жəне делдалдар жатады. Маркетингтік қарым-қатынастарға басқару органдары, тұтастай экономика салалары (мысалы, сауда), бұқаралық ақпарат құралдары, оқу жəне ғылыми мекемелер, ұйымдар жəне олардың жүйелері қатыса алады. Маркетингтік қарым-қатынастардың аса белсенді қатысушылары болып, өнім жəне қызметті өндірушілер дəстүрлі түрде шыға алады, ал өздеріне деген ерекше ықыласқа ие субъектілер – бұл тұтынушылар.

В.А.Гончаруктің пікірі бойынша, маркетингтің құралы «ол факторды сыртқы қоршаған ортаға əрекет ету үшін өзгертуге мақсатты түрде мүмкін болған жағдайда сыртқы ортада көрініс табатын, ұйымның қызметінің қандай да болмасын факторы бола алады» [2].

Жалпы маркетинг құралдарына келесілер жатады: а) зерттеулер (оның ішінде маркетингтік талдау); ə) əрекеттің стратегиясы жəне тактикасын əзірлеу; б) оларды іске асыру.

Аумақтың жағдайы жəне серпіні, даму үрдістері туралы алғашқы деректерді индикаторлар, индекстер, рейтингтер көмегімен алуға болады.

Аумақ маркетингінің маңызды индикаторлары болып елдің əлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері болып табылады: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ЖІӨ салалық құрылымы, экономикалық тиімділік көрсеткіштері.

Кешенді интегративті сипаттағы ақпараттарға индекстер, мысалы, тұтынушылық баға индексі, адами даму деңгейі индексі жатады. Индикаторлармен қатар, солардың негізінде қалыптасатын ақпараттар қабатына рейтингтерді жатқызуға болады. Рейтингтерді қоғамдық танымалдыққа ие, сарапшы, əлеуметтік институттар құрастырады жəне олар тұрақты жарияланады жəне жаңартылады.

Маркетингтік талдаудың құралдарының ішінде маңыздылары болып маркетинг үшін дəстүрлі əдістер – SWOT-талдау, мақсатты нарықты талдау жəне өңірді жайғастыру болып табылады.

Аумақтардың экономикалық дамуы жəне экономикалық рефораларды жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан аумақтары беске бөлінеді: Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан жəне Орталық Қазақстан.

Аумақтардың қысқаша түсініктемесі 1-кестеде көрсетілген.

1 -к е с т е Қазақстандағы аумақтардың қысқаша сипаттамасы

Аумақтар Аумақ, мың шаршы

шақырым Сипаттамасы

1 2 3

Орталық Қазақстан

398,8 Құрылыс индустриясының, қара жəне түсті

металлургияның, химия өнеркəсібінің жəне көмір өнеркəсібінің өндірістік-өнеркəсіптік орталықтары Шығыс

Қазақстан

277 Түсті металлургия, электрэнергетика, химия жəне ағаш өңдеу өнеркəсібі

Солтүстік Қазақстан

600,9 Жылу-энергетика, кен өндіру салалары, алюминий жəне ферроқорытпа өндірісі, агроөнеркəсіптік кешен жəне тамақ өнеркəсібі

Батыс Қазақстан

728,5 Мұнай жəне газдың бай кен орындары, хромит, марга- нец, никель, фосфорит, ферроқорытпа, минералды тыңайтқыштар, мұнай-газ химиясы, балық өнеркəсібі

Өңірдің əлеуметтік-экономикалық…

1 -к е с т е н і ң ж а л ғ а с ы

1 2 3

Оңтүстік Қазақстан

712,2 Бақшагерлік, жүзім, мақта, қантқызылшасы, күріш шаруашылықтары, фосфорит, фосфорлы тыңайтқыштар, тұз өндірудің əлемдегі ірі кешендері

Ескерту. Авторлармен [3] дереккөзі мəліметтері бойынша құрастырылды.

Қазақстан əлемде мұнай қоры бойынша – 7-орын, газ қоры бойынша – 6, уран қоры бойынша 2-орын иеленеді. 2017 жылы Қазақстан əлемдегі ірі мұнай жəне газ өндірушілері мен экспортқа шығарушыларының одағына кірмек. Сонымен бірге Қазақстандағы тау-кен саласы, түсті жəне қара металургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, шағын жəне орта бизнес жəне басқа да көптеген салалар серпінді дамуда.

Қазақстанның əрбір өңірі өзіне тəн табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие.

Əрбір өңір, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, басқа айналыммен бірігіп, бүтін экономикалық бірлік құрайды.

Қазақстанның экономикалық жағдайында макроэкономикалық мəселелерді шешуде негізінен өңірлердің əлеуметтік-экономикалық дамуының біркелкі еместігі шиеленістіреді. Сонымен қатар өңірлердің əлеуметтік-экономикалық жағдайын тиімді реформалау мемлекеттің жəне оның ішіндегі жеке-жеке өңірлердің əлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды əсерін тигізеді.

Еліміздің ЖІӨ Қарағанды облысының үлес салмағының көрсеткіші жыл сайын 8-9 % ретінде байқалады. 2015 ж. – еліміздің ЖІӨ көлемінен – 8,7 %, 2015 ж. – 8,2 % құрады, ал 2017 ж. – 7,5 %, 2018 ж. 7,7 % болады деп болжануда (2-кесте). Облыстың экономикалық саласының қарқынды дамуы ел экономикасының да дамуына үлкен үлес қосып отырғанын айта кеткен жөн.

2 -к е с т е Қазақстан аумақтарының 2015 ж. жалпы өңірлік өнімі

Аймақтар

Жалпы өңірлік өнім Млн

теңге

Өңірлердің ЖӨӨ-дегі үлес салмағы,

пайызбен

Нақты көлем индексі, өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ, АҚШ

долл.

Млн теңге Қазақстан Республикасы 27 819 297,2 100,0 101,2 1 588,5 Х

Ақмола 825 220,7 3,0 101,6 1 115,9 11

Ақтөбе 1 216 654,1 4,4 98,4 1 471,3 8

Алматы 1 488 159,7 5,3 104,5 770,3 14

Атырау 2 776 186,3 10,0 101,6 4 733,6 1

Батыс Қазақстан 1 237 035,7 4,4 98,9 1 957,2 5

Жамбыл 698 240,7 2,5 99,2 632,9 15

Қарағанды 2 289 891,0 8,2 104,0 1 658,6 6

Қостанай 964 218,7 3,5 98,3 1 093,0 12

Қызылорда 908 374,6 3,3 98,9 1 198,8 9

Маңғыстау 1 569 916,6 5,6 99,8 2 555,4 4

Оңтүстік Қазақстан 1 715 296,1 6,2 100,9 610,7 16

Павлодар 1 254 847,3 4,5 100,9 1 658,2 7

Солтүстік Қазақстан 581 231,9 2,1 100,7 1 018,4 13

Шығыс Қазақстан 1 669 845,1 6,0 99,4 1 196,5 10

Астана қ. 2 951 411,1 10,6 104,9 3 428,0 2

Алматы қ. 5 672 767,6 20,4 105,1 3 406,6 3

Ескерту. Авторлармен [4] дереккөзі мəліметтері бойынша құрастырылды.

Қарағанды облысының жалп индекс көрсеткішінде (НИК) 120 % 2013 ж. – 1939739,7 млн теңге (Н жəне 2016 ж. – 2289891 млн тг (Н болды, нақты НИК өсім 2,3 % құр Қазақстан Республикасы өңір облысы 4 орынды алады. Ортал өңірлері арасында бірінші орын Қарағанды-Теміртау көмір-металл Ақтау, Жезқазған қалаларындағы азық-түлік өнеркəсібінің көптеге өнеркəсіптік кешені, ол негізінен мысты, түсті прокатты, сонд концентраттарын шығаруга маман Қаражал қалаларының, Жəйрем, Ж байыту фабрикаларын, мыс-қорыт біріктірген.

Ескерту. Авторлармен [5 2-сурет. Қарағанды 2016 жылы Қарағанды облыс сыртқы экономикалық байланыс жəне 77 елден импорт əкелінді [5 ауыр машина станоктары, ауыл ш жəне тағы басқа жеңіл жəне ауыр фармацевтикалық өнімдер мен ме өнімдері жатады.

Экономикалық басым бағыт экономикалық дамуына үлкен əсе Облыс бойынша ЖӨӨ жалп өнеркəсібі – 10,8 %, электрмен қамтамасыз ету; кəріз жүйелері, қа құрайды [5].

SWOT-талдау əдісі бойынш инновациялық даму көрсеткіштер (4-кесте).

пы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 2013 жылдан 2016 жы

%-ға, немесе 570,6 млрд теңгеге, өсті. Оның іш НИК – 106,1 %), 2014 ж. – 2072122,9 млн тг ( НИК ЖӨӨ – 107,6 %). 2016 жылы ЖӨӨ 2968,5

райды (2-сур.).

рлерінің рейтингінде жалпы өңірлік өнім көлем лық Қазақстан өнеркəсіптік даму деңгейі тұ н алады. Онда қуатты екі өнеркəсіптік тор лургиялық кешені, оған Қарағанды, Теміртау, С ы электр энергетикасы, машина жасау, металл ен кəсіпорындары кіреді, екіншісі — Балқ мыс кендерін өндіру жəне өңдеуге, тазартылм дай-ақ марганец, қорғасын, мырыш жəн

нданған. Осынау кəсіпорындық торап Жезқаз Жезді, Қоңырат, Саяқ, Ақшатау кенттер кеніш ту зауыттарын, өнеркəсіптің химия, азық-түлік

] дереккөзі мəліметтері бойынша құрастырылды.

ы облысының жалпы өңірілік өнімінің динамикасы, сының кəсіпорындары мен ұйымдары əлемнің стар жасады, оның ішінде өнімдер 44 елге э 5]. Экспортқа негізінен қара жəне түсті металл шаруашылығы саласынан ұн жəне ұн өнімдер р өнеркəсіп өнімдері шығарылса, импортталған

едициналық құрылғылар, құрылыс материалда ттарынын анықтап, аумақ экономикасының а ер ететін келесі бағыттары 3-кестеде көрсетілг пы көлеміндегі өңдеу өнеркəсібінің үлесі – 2

жабдықтау, газ, бу жіберу жəне ауаны та алдықтарды жинақтау жəне оларды үлестіруді ша жүргізілген аймақтардың ішкі ортасын з рінің келесідей топтамасының сəйкестігін та

ылға дейін номиналдық шінде жылдар бойынша:

(НИК ЖӨӨ – 101,2 %) 5 млрд теңге көлемінде мі бойынша Қарағанды ұрғысында республика рап құрылған. Бірі — Саран, Абай, Шахтинск,

л өңдеу, химия, жеңіл, қаш түсті-металлургия маған жəне тазартылған не басқа полиметалл зған, Балқаш, Сəтпаев, штері мең шахталарын, к жəне басқа салаларын

, млн тг

ң 100-ден аса елдерімен экспортқа шығарылды лургия өнімдері, көмір, рі, кондитерлік өнімдер н өнімдерге негізігінен ары жəне де азық-түлік алдағы он жылдықтағы ген.

28,8 %, тау-кен өндіру азарту – 3,7 %, сумен бақылау үлесі 0,8 %-ды зерттеу индустриалды- абуға мүмкіндік береді

Өңірдің əлеуметтік-экономикалық…

3 -к е с т е Қарағанды облысының экономикасының басым салалары

Р/с

№ Басым салалар Дамудың негізгі ғылыми-техникалық бағыттары – инновациялық кластерлер

1 Көмір өнеркəсібі - көмірді байыту жəне жоғары сапалы энергетикалық көмір концентратын өндіру;

- көмірді іріктемелі жағу технологиясы;

- метан газын өнеркəсіптік өндіру жəне қайта өңдеу 2 Қара металлургия - қорытпалардың жаңа түрлерін өндіру;

- металлургиялық өндірістің қайта өңделуін арттыру

3 Түсті металлургия - құрамында металл бар кенді жəне пайда болған техногенді мине- ралдарды байыту жəне синергобелсенді ұсақтау

4 Химиялық өнеркəсіп - жұқа органикалық синтез бен полимер химиясы;

- өнеркəсіптік химия;

- фармация

5 Машина жасау - тау-шахталық жəне байыту жабдықтарының жаңа түрлерін құру;

- сандық технология мен жоғары дəлді құйманы дамыту;

- аса қатты ыстыққа төзімді материалдар жасау 6 Құрылыс материалдар

өндірісі

- металлургиялық техногенді қалдықтардан клинкерсіз тұтқыр жəне құрғақ қоспа алу, оларды азаматтық жəне жол құрылысында пайда- лану

7 Ауыл шаруашылығы - астықты терең қайта өңдеу жəне өнім алу;

- барлық ауыл шаруашылық жануралар мен балықтар үшін азық пен азық қоспаларын өндіру

8 Энергетика - энергияның балама көздерін дамыту Ескерту. Авторлармен [6] дереккөзі мəліметтері бойынша құрастырылды.

4 -к е с т е Қазақстан аймақтарының инновациялық даму факторлары

Жағымды жақтары Əлсіз жақтары

Табиғи шикізаттардың бар болуы Ғылым мен өндіріс арасындағы үйлеспеушілік

Халықтың жоғарғы білім деңгейі Инновацияның ұлттық, аймақтық жəне салалық деңгейлерін бағыттаушы жүйенің жоқтығы

Саяси тұрақтылық Мемлекеттік инновациялық саясатты жүзеге асыру бірізділіктің жетіспеуі

Елдің индустриалды-инновациялық жүйесін дамытуды мемлекеттік қолдау жəне ынталандыру

Технология трансферттері ортасында нашар инновациялық мəдениет жəне мамандандырылған қызметкерлердің жетіспеушілігі

Мүмкіндіктер Қауіп-қатер

Ғылым мен өндіріс арасындағы қарым- қатынастың өсуі

Дамыған мемлекеттерде ғылыми-технологиялық жəне өндірістік деңгейлердің алшақтығы

Жаңа технологиялар есебінен еңбек өнімділігін көтеру

Экономиканың шикізатты бағыттылығын бекіту Бəсекелестік басымдылық есебінен

болашақтағы жоғары технологиялық салада көшбасшылық

Инженерлі-техникалық мамандықтардың жəне интеллек- туалды ресурстардың шетелге ағылуы төмен мəлімділігі Интеграциялық үдерістер есебінен

жоғары технологиялық өнімді сату нарығының өсуі

Шетелдік жоғары технологиялы компаниялар жағынан бəсекелестіктің өсуі. Мемлекеттік саясатта басымдылықтардың ауысуы

Ескерту. Авторлардың [6] дерек көзі мəліметтері бойынша құрастырылды.

Сонымен, аумақтық маркетингік зерттеу өңірлердің даму үрдістері туралы индикаторларды, индекстерді жəне рейтингтерді талдауды көздейді. Солардың негізінде өңірлердің дамуындағы оң жəне теріс үрдістерді анықтап, оның даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Əдебиеттер тізімі

1 Панкрухин А.П. Маркетинг территорий / А.П. Панкрухин. — 2-е изд., доп. — СПб.: Питер, 2006. — 416 с.

2 Гончарук В.А. Маркетинговое консультирование в решении социально-управленческих проблем российских коммерческих предпрятий: дис. ... канд. соц. наук: 22.00.08 / В.А. Гончарук. — 1998. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.goncharuk.ru.

3 Айтаханов Е. Региональная политика: основные ориентиры реализации в Республике Казахстан: науч. изд.

/ Е. Айтаханов // Саясат = Policy. — 2004. — № 4. — С. 56–58.

4 Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі комитетінің ресми сайты. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://www.stat.gov.kz.

5 Қарағанды облысының Статистика жөніндегі комитетінің ресми сайты. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://karaganda.stat.gov.kz.

6 «Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 167 Жарлығы 2013 ж. тамызы. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі:

http://www.resurs.kz.

С.К. Базарова, Е.Н. Набиев

Территориально-маркетинговое исследование

Outline

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР