• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Рисунок 1 Каналы привлечения трафика на сайт

M. A. Zholayeva,

T. Ryskulov New Economic University, Almaty, The Republic of Kazakhstan

CONCEPTUAL METHODS FORMATION OF CONCEPTION OF MANAGEMENT ACCOUNTING IN INSURANCE COMPANY

Abstract

Purpose The activity of insurance association require information supportability by managing personal.

System management accounting is the main information source that plays an important part in insurance association planning, control and experience, as well as in taking optimal and timely administrative action. Оn the conceptual framework and the current trends of management accounting in the accounting world practice, will allocate its structural elements, clarification of the classification signs of managerial accounting concepts.

Methodology The methodological base for the research is the dialectical method of knowledge and systematic approach. During the research process the following methods and techniques were used: scientific abstraction, analysis and synthesis, comparison, generalization, and descriptive analysis.

Originality/value – In the research were identified the important meaning of external information for administration insurance business. Authors revealed weak pocket of current list, supply polemic, and necessary

қАРЖЫ ЖӘНЕ ТАЛДАУ finance and analysis of perfection management accounting. The development of the concept for management accounting should be based on fundamental principles, be geared to meet the specific information needs of users and addressing the management challenges.

Findings – According to research results, the perfection modern stage on administration proper should be high-grade and effective, grant need to be outward and in house user intelligence. That signify that accounting information proper contain minimum exponent, but grant maximum figure it clientele split-level administrative hierarchy. The concept of management accounting must be determined by the planning, organisation, accounting, internal control and analysis for management of the insurance company.

Key words – management accounting, management, building block, framework accounting.

ӘОК 311.216; 336.717.6

М.А. Жолаева,

Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯЛАРЫНДА БАСҚАРУ ЕСЕБІ КОНЦЕПЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

Аннотация

Зерттеудің мақсаты – сақтандыру компания қызметі басқарма қызметкерлерін ақпаратпен жабдықталуын қажет етеді. Сақтандыру компаниясында басқару есебі ең басты ақпарат көзі ретінде маңызды рөл атқарады. Қазіргі басқару есебі əлемдік есептік тəжірибеде, тұжырымдамалар зерттеу негізінен, оның құрылымдық элементтерін бөліп көрсету, басқару есебінің концепция жіктелімдерінің белгілерін анықтау.

Әдіснама – мақаланы жазу барысында басқару есебінің əдісін зерттеді, соған байланысты басқару есебі əдіснамасын қалыптастыру қажеттілігін туындатады.

Басқару талабына жауап беретін мақсаты мен міндеттері, функциялары жəне құрылымдық эле- менттер бойынша объектілер, басқару есебін ұйымдастыруда əдістемелік тəсілдерін анықтау жəне сақтандыру компанияларында жүргізетін нұсқаларды ашып көрсету мүмкіндігі.

Сонылығы/Құндылығы – Сақтандыру компаниясында басқару есебі үшін сыртқы ақпарат маңыздылығы, жетіспеушіліктері, басқару есебі тұжырымдамасының тəсілдерін жетілдіру туралы қажеттілігіне зерттеулер келтірілді.

Басқару есебі концепциясын ұсынуда негізгі ережелерге сүйене отырып жасалуы, пайдаланушы- ларды нақты ақпаратпен қанағаттандыруға бағытталған болуы жəне басқарудың алдында тұрған мін- деттерді орындау болып табылады.

Қорытынды – қазіргі таңда сақтандыру компаниясында басқару есебі жоғары сапада жəне тиімді болуы қажет. Ол əр түрлі деңгейдегі басқару ақпаратын қолданушыларды қанағаттандыруы. Басқару есебінің концепциясы міндетті түрде, сақтандыру компаниясында басқаруға арналған ұйымдастыру, жоспарлау, талдау жəне бақылауда мақсатқа бағытталуға тиіс байланыс болуы керек.

Түйін сөздер – басқару есебі, менеджмент, құрылымдық элемент, есеп концепциясы.

Алыс-жақын шетелдік ғалымдар қаржы жүйесінің сақтандыру қызметінің басқару үдерісінде басқару есебі əдістемесімен қамтамасыздандырылуын терең зерттеген. Көптеген, aлыс-жақын шетел- дік ғалымдардың [3,4,5,6,7,8,9] ғылыми еңбектері, менеджмент мақсаттары мен міндеттерін орындау- да бірде-бір өлшеусіз таптырмайтын құнды құрал. Бірақ та, нарық қатынастарына көшкеннен бастап, қазіргі қаржы-экономикалық жағдайда, басқару рөлі арта түсті, міндеттері де өзгерді. Бүгінгі таңда, сақтандыру компаниясында басқару есебінің доктринасын нəтижелі қалыптастыру [1.б.,157], ғылыми- əдістемелік зерттеулер мен өңдеулерде, əрі қарай зерттеу қажеттілігін туындатады.

Жарияланған мақалаларымның бірінде мынадай пікірді пысықтағанмын [2.б.,101]:

– сақтандыру компаниясында басқару есебі концепциясының кемшілігіне қарамастан шамадан тыс сандық мəліметтерге көңіл бөлу;

– ресми сандық көрсеткіштердің шаруашылық мақсатқа сай құрылып көрсетілуі;

– жетекші мамандар мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыру мен негіздеуде басқару есебі көмегімен бақылау қажет;

– мəлімет алуда еңбектің жəне уақыттың ең төменгі шығынын қолдану қажет [2. б.,101].

Басқару есебі концепциясының элементі ретінде басқару доктринасына сай, не ақпараттық технологиялық жүйесінде, не ұйымдық-құқықтық, не экономикалық жəне кадрлық ақпараттарда, өзге де экономикалық субъект массиві ретінде де, өзін əмбебап жағдайда да, кең көлемді ақпараттық мүмкіндіктерде де, өз орнын өзгерте алмайды, ол тек алдына қойған мақсаттарды, берілген компания- дағы инфрақұрылымды ғана орындайды.

Шетелдік профессор В.Т. Чая, басқару есебіндегі концепциялық ақпаратты былай пайымдаған, бір жағынан, элементтердің базалық жиынтығы түрінде:

– объектілер (трансферттік бағалар, шығындар, талдау орталықтары, нəтижелер);

– есеп формалары (дербестік жəне біріктірілген), əдістері (калькуляция, есеп шығындары, талдау мен болжамдау).

Екінші жағынан, есептік-ақпараттың бөлек түріне қосалқы жүйе мен модульдік жүйеде вариативті жəне əр түрлі пайдаланушылардың мақсатқа сай сұранысын шарттасу [3.б.,11].

Авторлық көзқарас, басқару есебі концепциясы – басқару функциясын жүргізуге қажет, пай- далы ақпаратты қолдану, жинақтау, өңдеу, түсіндіру элементтер жиынтығы. Оның ішінде қызметті ұйымдастыру, жоспарлау, сенімділікті орнықтыру, талдау, бақылау жəне басқаруда оңтайлы шешім қабылдау болып табылады. Басқару есебі концепциясы сақтандыру компанияларында жеке қарастырылады. Сондықтан əрбір сақтандыру компаниясында ақпаратты жинақтау, өңдеу, түсіндіру əдістері, мақсатқа жету жолдарын объект жеке анықтайды. Жəне, бір-бірімен қарым-қатынас орнатуда, жеке менеджментке сай [2.б.,12], оның ұйымдастырушылық жəне өндірістік элементтерін есепке ала отырып, арасына коммуникативті байланыс та орнатады. Ақпараттық база ретінде, басқару есебінің концепциясының тиімділігі, басқару шешімдерін оңтайландыру мақсатымен анықталуы, көптеген эн- догендік жəне экзогендік сипаттағы факторларға да байланысты.

Қазақстандағы сақтандыру компания жетекшілері басқару есебі концепциясын қалыптастыру кезіңде, есеп жүйесінің жіктелімдерін зерттеп, салмақты, саналы, оң шешім шығаруда, ақпаратты- талдау моделін таңдау туралы, шешім көмектеседі. Осыған байланысты басқару есебі концепциясының мəнін, сипаттамасын, əлемдік жəне отандық ғылым мен тəжірибеде жан-жақты ашып көрсету мен қолдануда үлкен мағынаға ие. Ғылыми пікірлерде [4,5,6], басқару есебі концепциясының жіктелімінде (классификация) келесідей (1-сур.) негізгі белгілер қарастырылған.

1-сурет – Басқару есебі концепциясының ғылыми көзқарасы бойынша жіктелімі (классификация) [4,5,6]

ақпаратты алдын ала кең

көлемде алу Басқару есебі концепция

жіктелімі шығыстарды өнімнің

өзіндік құнына енгізу

мəліметтердің сипат- тамасы жəне мақсатқа

бағытталуы

фирмада шығыстар тура- лы ақпаратты жеделдетілген деңгейде

алу басқарушылық жəне

қаржылық есептің өзара байланыс деңгейі

қАРЖЫ ЖӘНЕ ТАЛДАУ finance and analysis Тұжырымдамаларды қолданудағы ұқсастығы, атап айтқанда, олар əр түрлі шығыс ресурстары – негізінен байқау объектісінен барлығы тарайды. Бір концепцияның басқасынан айырмашылығы, көрсетілетін басқару есебі концепциясында ерекше сипатталады. Осыған байланысты басқару есебінің концепциясы көпфункционалды болғандықтан, олар бір уақытта əр түрлі белгілер бойынша жіктеледі.

Теоретикалық ережелерді зерттеу мен жалпы шолуда, басқару есебі ақпаратты-талдау жүйесін қалыптастыру тəжірибесінде, менеджмент талабына сай, жіктелім белгілерін нақтылап жəне жүйелендіру мүмкіндігі 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте – Басқару есебі концепциясының жіктелімі

Сақтандыру компаниялары өз қызметтерінде тарихи, заңды, техника-технологиялық, əлеуметтік- экономикалық факторлары, ұйымдық-құқықтық нысандары, корпоративтік мақсаттары мен міндет- тері, менеджменттің оперативтік жəне стратегиялық міндеттерін орындау кезіңде қажетті ақпаратпен білімді тəжірибелі жетекшілер, əр түрлі əдістемелік тəсілдерді пайдаланады. Қор жинақтауда, басқарушылық ақпараттың қажеттілігін өңдеп тұжырымдайды. Есепке алу үдерісінде, басқару есебі тұжырымын ұйымдастыруда, əр түрлі тəсілдерден бірнеше варианттар пайда болады.

Басқару есебінде дербестік басқару есебін енгізу мен біріккен басқару есебін есеп жүйесіне ен- гізіп жүргізуде басқарушылық пен қаржылық есеп өзара байланысты [4,5,6]. Дербестік басқару есе- бінде басқарушылық пен қаржылық есептің функциялары оқшаулануы мүмкін. Жəне де, бұл тиімді, ірі сақтандыру компанияларына тəн. Берілген концепцияда есептің барлық үдерісі бастапқыда, ақпаратты басқаруда құпиялылығын жоғары деңгейде қамтамасыздандырады, себебі, басқарушылық

Басқару есебінің тұжырымдамасы

Жіктелім белгілері Монистикалық (біріктірілген) тұжырымы

Дуалистикалық (дербестік) тұжырымы Есепті ұйымдастыруда әдістемелік

тәсілдер

Есептің толық тұжырымы

Жеткілікті тұжырым (мақсатқа сай шектеулі жинақ)

Менеджменттің мақсаты мен

міндеттері Өндірістік есеп

Дәстүрлі (жедел) есеп

Стратегиялық есеп

Аналитикалық есеп

Есептің ақпаратты-бақылау тұжырымы

Болжамдау тұжырымы

Жүйені бір мақсатта қолдану

Бірнеше мақсатқа бағытталған жүйе Менеджментке арналған өңделетін

ақпарат көлемі Жүйелендірілген (тұжырымдалған) есеп

Дифференцияланған (сараланған) есеп

ішкі (ағымдағы) есеп

сыртқа бағытталған есеп Есептің оперативтілігі мен мәліметті

бақылау нақтылы мәліметтер есебі

нормативті (жоспарлы) есеп

«стандарт-кост» жүйесі Есепке алу тәртібі және өнімнің

өзіңдік құнын шығыстарға жатқызу Шығындарды толық есепке алу

Ауыспалы шығындарды есепке алу («директ-костинг» жүйесі,

маржиналдық есеп)

Дәстүрлі есеп

Функционалды есеп (АВС әдісі)

Мақсатқа бағытталған өзіңдік құн есебі («таргет-костинг»)

Ескерту* ізденген материалдар негізінде автор құрастырды [4,5,6].

Сақтандыру компаниялары өз қызметтерінде тарихи, заңды, техника- технологиялық, әлеуметтік-экономикалық факторлары, ұйымдық-құқықтық нысандары, корпоративтік мақсаттары мен міндеттері, менеджменттің оперативтік және стратегиялық міндеттерін орындау кезіңде қажетті ақпаратпен білімді тәжірибелі жетекшілер, әртүрлі әдістемелік тәсілдерді пайдаланады. Қор жинақтауда, басқарушылық ақпараттың қажеттілігін өңдеп тұжырымдайды.

Есепке алу үдерісінде, басқару есебі тұжырымын ұйымдастыруда, әртүрлі тәсілдерден бірнеше варианттар пайда болады.

Басқару есебінде дербестік басқару есебін еңгізу мен біріккен басқару есебін есеп жүйесіне еңгізіп жүргізуде басқарушылық пен қаржылық есеп өзара байланысты [4,5,6]. Дербестік басқару есебінде басқарушылық пен қаржылық

есептің шоттар жоспары, қаржылық есептің шоттарымен бір-бірімен байланысты емес болғандықтан, көбіне олар басқару қажеттілігіне бағытталады. Басқарушылық жəне қаржылық есептің мəліметтеріне сай «экран-шоттар» енгізеді. Біріктірілген есептің концепциясында, басқару есеп деңгейі қаржылық есеппен ұйымдастырылады. Сонымен қатар, шоттар жүйесінің бірлігі сақталып, есеп деректерінің тұжырымы мен логика өзара байланысып, бухгалтерлік есеп шоттарында тікелей жəне кері байланыс орнатылады. Есептің біріктірілген концепциясын енгізу, оның көптік инварианттығын туындатады.

Компания құрылымын ұйымдастыруда, қызмет түрлері кең көлемді болуы мүмкін. Басқару есебінің концепциясын мақсатқа сай қалыптастыруда, толық жəне нақты (жеткілікті) мақсатқа бағытталады.

Толық басқару есебінің концепциясы сақтандыру компания қызметінде жүргізіледі. Басқару есебінің нақты объектілерінде, жеткілікті немесе шектеулі тұжырым таралады. Олар менеджменттің нақты мақсаттарын орындауға бағытталады. Осы берілген жіктелімге сай профессор, М.С. Ержанов басқару есебінің тұжырымын, яғни проблемалық жəне жүйелендірілген есепке бөледі [7].

Біздің пайым, басқаруға арналған ақпараттың сипаттамасы мен мақсатқа сай көлемі бойынша өңделіп, тұжырымдалуы, дифференцияланған жəне де басқару есебі ішкі жəне сыртқа бағытталған, - деп бөлеміз. Басқару есебі тұжырымы шегінде ақпарат, реттелген негізде нақты аналитикалық белгілер бойынша қалыптасады (мысалы, шығындар есебі, калькуляция баптары бойынша, кəдімгі қызмет түрлерінің кірістер мен шығыстар есебі). Жүйелендірілген есепте, басқарушылық есептемені жасауда, компанияда шығыстардың пайда болу орнына байланысты, шығыс баптарымен элементтері бойынша топтау, жабдықтау, өткізу үдерісінде, өлшеу, бақылау жəне бағалау көрсеткішін қосады.

Дифференцияланған жүйеде, нақты мақсаттарды орындау үдерісінде талдау деректерін түсіндіру жəне жалпы шолуда бір уақыт мезетінде зерттеу жүргізіледі (мысалы, компаниямен өткізілетін, инвестициялық нақты жобаның көрсеткіштері). Ағымдағы (ішкі) басқару есебі компа- ния шеңберінде болып жатқан үдерістер туралы деректерді тіркеу болжанады. Жəне сақтандыруда тəукелділік пен эндогендік факторларды қарастыратын ақпаратты ғана өңдеу. Мақсатқа сай сыртқа бағытталған есеп- эндогендік факторлар мен экзогендік факторлар туралы деректерді ашып көрсетеді.

Сыртқы ортаның серпінді өзгерісі жағдайында барлық сақтандырудағы тəукелділіктер, қызметті ұйымдастыру үдерісінде пайда болады. Сыртқа бағытталған есеп- бəсекелікке қатысты ұқсастыру мен жайғастыру,стратегиялық жоспарлау мен болжамдауда жəне бизнес-ортаның ішкі жəне сыртқы үздіксіз мониторингін жариялауда пайдаланады.

Басқару есебі, қазіргі көтерілу кезеңінде, басқару негізінде өзінің міндетін орындайтын спектр- ді кеңейтті. Болжанатын жəне талданып-бақыланатын (мониторингтік) функцияларды белсенді си- паттайды. Қазақстанда басқару есебі эволюциясын зерттеушілер [7,8,9], келесідей дамудың бағыт- бағдарын көрсетті. C.Т. Сатубалдин [8] дамудың келесідей екі эволюциясын бағыттады:

1. Эмпирикалық, мұнда отандық тəжірибеге англо-американдық үлгісінің əдісі мен тəсілдерін үйреніп, жүйелендіру, дискриптивті жіктеу қолдануда орын алады.

2. Теоретикалық-басқару есебінің нұсқасын дамытып нығайтқан уақытта, жаңа тəсілдердің ере- желерін түсінікті ақпаратпен арттыру.

Біздің пайымыз бойынша, сақтандыру компаниясында басқару есебін енгізу маңызды момент болып есептеледі. Менеджмент міндеттері мен мақсатқа сай ұйымдастыру басқару есебінің объек- тілерін бөліп көрсету болып табылады. Уақытша жетекшілікпен В.Б. Ивашкевич, В.Т. Чая, К.Т. Тай- гашинова басқару есебін стратегиялық жəне ағымдағыға (оперативті) бөледі [3,5,9].

Шығындарды стратегиялық басқаруда Дж. Шанк, В. Говиндараджан басқару есебі концеп- циясының құрылымдық элементтеріне бөледі: стратегиялық жəне дəстүрлі, өндірістік басқарушылық есеп [10]. Басқару есебі концепциясының құрылымдық элементтері басқару объектісінің көпсалалы жəне серпінді сипатын (2-кесте) көрсетеді.

қАРЖЫ ЖӘНЕ ТАЛДАУ finance and analysis

2-кесте – Бухгалтерлік басқару есебінің тұжырымдамасының элементтер мазмұны

Элемент Функция Объект

Оперативтік

есеп • Ресурстарды сандық жəне сапалы тұтыну, оперативті бақылау

• Тұтынылатын нормалы жəне нақтылы ресурстардың шығындарын оперативті салыстыру

• Екі объект бойынша шығыстарды жинақтау: жауапты орталықтар мен сақтандыру өнімдері

• Сақтандыру өнімінің өзіндік құнының нақтысын есептеу

Жауапты орталықтар, шығыс тар- дың пайда болу орны, шығыстар орталықтары, өнім түрлері, ресурс- тар түрлері, шығыстар баптары мен экономикалық элементтер

Дəстүрлі

басқару есебі • Шығыстарды нормалау

• Смета, бюджет жасау, жоспарлау, жалпы шығыстарды есептеу

• Өнім бірлігінің өзіңдік құнын есептеу: тікелей, ауыспалы, толық шығыстар бойынша

• Кірістер мен қорларды бағалау. Кірістер мен шығыстарды тал-

• Құрылымдық бөлімшелердің қызмет тиімділігін бағалау.дау

• Смета мен бюджеттің орындалуын бақылау

• Басқару шешімдерін қабылдау негіздемесі: уақытша шығыстар есептемесі

• Баға стратегиясы мен баға қалыптастыру əдісін анықтау

• Басқару шешімдері бойынша нəтижені бағалау

• Стратегия шегінде компанияның көтерілуін тактикалық жоспарлау.

Компания қызметінің түрлері:

шығыстардың пайда болу орны мен шығыстар орталықтары:

• Құрылымдық бөлімшелер, бөлек сақтандыру операциялары, ке- шенді сақтандыру операциялары, жұмыстар түрлері;

• Ресурстарды пайдалану түрлері, өнім түрлері

Стратегиялық

басқару есебі • Қызметтің келешек стратегиясын жоспарлау

• Компанияның мықты жəне əлсіз жақтарын стратегиялық тал-

• Сақтандыру компаниясының ұйымдастырушылық үлгі страте-дау гиясын өңдеу

• Нарықтың жай-күйін зерттеу, өнімге сұранысты өзгерту

• Өнімді саралаудың жаңа мүмкіндіктерін зерттеу немесе оның жаңа мүмкіндіктерін пайдалану

• Компания қызметін ұзақ мерзімге жоспарлау

• Құрылымдық бөлімшелердің қызметін бағалау индикатор көрсеткіштерін өңдеу

• Баламалы шешім қабылдау нұсқасымен келешек қызметтің нəтижесін болжамдау

Келешекте жəне қазіргі уақытта тізбектік құндылық бойынша қызметті ұйымдастырудың барлық түрлері.

Компанияның құрылымдық бөлім- шелері, жаңа əлеуетті жəне сақтан- дыру өнімін пайдаланудағы жаңа бағыттар, материалдық жеткізушілер, өнімнің жаңа түрлері

Ескерту* ізденген материалдар негізінде автор құрастырды [3,5,9].

Басқару есебі концепциясының жіктелім белгілері негізінде басқару есебін ұйымдастыруда негізгі əдістемелік тəсілдерді əр түрлі инварианттарда қолдануды бөліп ұсындым (3-кесте).

3-кесте – Басқару есебін ұйымдастырудағы негізгі əдіснамалық тəсілдер

Концепция типі Тəсілі Сипаттама Ұйымдастыру нұсқасы

Бухгалтерлік шоттар жүйесінің операциялары Монистикалық

Басқару жəне қаржылық бухгалтерияда бухгалтерлік жазбалар

мен шоттарда бірыңғай жүйені пайдалану болжанады Басқарушылық жəне қаржы- лық есептің толық бірігуі

Дуалистикалық Есептің екі айналым жүйесіне сүйенеді, онда есептің əрбір

бағытында өзіңдік бухгалтерлік жазбасы мен шоттар жүйесі бар

Басқару есебінің дербестік концепциясын оқшауланған шоттар жоспарына

Басқаруға арналған ақпаратты жинақтау мен оны өңдеу əдісінің синтезі негізінде Концепциялық

Сақтандыру субъектісіне барлық қаржылық-экономикалық қызметі пəндік саласына қосылған.

Базалық ережелер:

– Есептің тұтастығы жəне бөлінуі;

– Ақпарат жоспарлау, талдау мен бақылау, есеп бірігуі;

– Икемді жəне жеке ұйымдастыру;

– Басқару ақпаратын жинау мен өңдеу тəсілдері мен өзге де əдістерін бухгалтерлік есеп əдістері элементтерімен қоса пайдалану;

Басқарушылық есептеме қызметтің шығыстары мен нəтижесі туралы толық ақпаратты пысықтайды.

Есептің дербестік немесе бірі- гу концепциясы

Жүйеден тыс

Менеджменттің ақпараттық сұранысына басқарудың бөлек объектісі пəндік саласына қосылған.

Базалық ережелер: есептік модульдер, икемділік, нақты тап- сырмаларды орындау бағыты, тəуелсіз қолдану мүмкіндігі

Дербестік концепцияда жай- жазба мен бақылау шоттарын пайдалану немесе шоттар жүйесін қолдану

Есеп концепциясының аналитикалық нысан- дарын ұйымдастыру Орталықтандырылған Есептің ұйымдастырылуы оны енгізуде жауапты тұлға,

бірыңғай есептік-аналитикалық қызметпен бақыланып жүргізіледі

Есептің дербестік немесе бірі- гу концепциясы

Орталықсыздандыру

Басқарушылық есептеме мен жетекшіні хабардар ету жəне басқару есебінің функцияларын құрылымдық-бөлімшелердегі мамандарға жүктейді, яғни жоспарлы-экономикалық, қаржы- лық бөлімдер, бухгалтерлік қызмет, стратегиялық жоспарлау жəне өзге де функционалдық бөлімшелерге

Есептің дербестік концепция- сы

Ескерту* авторлық өңдеу

Көптеген Қазақстандық сақтандыру компаниялары басқару есебін ұйымдастыруда дəстүрлі жай варианттарды пайдаланады. Біздің пікір, бухгалтерлік жазбаларды есептік деректерін жалпы жүйесін əдістемеде көрсету, икемді ақпарат жеткіліксіз. Менеджмент мəселесін орындауда басқарушылық есептеменің нысанын өңдеу қажеттігі туындайды. Басқару есебінің концепциясын қалыптастыруда не- гізгі ережелерге сүйенеді. Сақтандыру компаниясында нақты «икемділік» болуы керек. Алдында тұрған басқару міндеттерін жəне ақпаратты нақты қажеттілікке пайдалануын, бағыттауда қанағаттандыруы мүмкін. Маңызды, есепті ұйымдастыруда модульдік ережені ұстанған дұрыс. Ақпаратты жинақтауда аналитикалық белгілердің, қандай да бір, тобын енгізуде, есептің жалпы концепциясы бұзылмайды.

Сонымен қатар, басқару есебінің концепциясы жоспарлау, бақылау, талдау, есепті ұйымдастыруға бай- ланысты мақсатқа сай болуы керек. Менеджмент міндеттеріне арналған, есептік ақпаратты жинақтау тəсілдері жəне өңдеуде стандартқа сай емес тəсілдерді пайдалануы болжанады.

Әдебиеттер тізімі

1 Баймуратов У. Финансы Казахстана. – Том 2. – Избранные научные труды. – Алматы: БИС, 2005. – 320 с.

2 Жолаева М. А. Управленческий учет в управлении страховыми компаниями // ҚазЭУ Хабаршы- сы / Вестник КазЭУ. – 2014. – № 5 (100). – с. 97-105.

3 Чая В. Т. Чупахина Н. И. Управленческий учет: учебное пособие. – М.: Эксмо, 2009. – 480 с.

Кестенің жалғасы

қАРЖЫ ЖӘНЕ ТАЛДАУ finance and analysis 4 Друри К. Введение в управленческий и производственный учет: пер.с англ. – М.: ЮНИТИ-ДА- НА, 2002. – 560 с.

5 Ивашкевич В. Б. Бухгалтерский управленческий учет. – М.: Магистр, 2008. – 574 с.

6 Хорнгрен Ч. Т., Фостер Дж., Датар Ш. Управленческий учет: пер. с англ. – СПб: Питер, 2007.

7 Ержанов М. С. Устойчивое развитие компании. Гостевая лекция. – 2013. – 23 октября.

8 Сатубалдин С. Концептуальные основы управленческого учета и проблемы внедрения на пред- приятиях Казахстана [Электрон. ресурс]. – URL: http://www.G-global.kz (дата обращения: 16.04.2015).

9 Тайгашинова К. Т. Управленческий учет: учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2014. – 333 с.

10 Шанк Дж. Говиндараджан В. Стратегическое управление затратами: пер.с англ./Дж.Шанк, СПб:

Бизнес Микро, 1999.

11 O, Dong-Il A Study on the Separate Account related with the Valuation of Investment Securities and Profits Sharing in Korea Life Insurance Company // Journal of Korea Academia-Industrial cooperation Society.

– 2006. – № 7 (3). – pp. 483-493.

12 Jang Jee In The effects of capital regulation of life insurance companies on accounting choice about classification of securities // Korean Accounting Journal. – 2012. – № 21 (4). – pp. 163-183.

13 Perlet, H. Fair-value accounting of insurance companies // Betriebswirtschaftliche Forschung und Praxis. – 2003. – № 55 (4). – pp. 441-456.

14 Ermakova N. A., Shakaramova A. A. The features of budgeting in management accounting of insurance companies [Electronic source] // Journal International accounting. – 2011. – № 9 (159). – URL: http://www.

fin-izdat.com/journal/interbuh/detail.php?ID=37174 (Accessed: 16.06.2014)

15 Joanne Horton, Richard Macve Accounting for Insurance // OECD Seminar on Accounting Reform In the Baltic Rim [Electronic Source]. – 1996. – Oslo, 13th – 15th November. – URL: http://www.lse.ac.uk/

accounting/pdf/macveandhortonlifeos.pdf (accessed: 18.02.2015) References

1 Baimuratov U. (2005), "Finansy Kazakhstana", Tom 2. Izbrannye nauchnye Trudy, BIS, Almaty. (In Russian)

2 Zholaeva M.A. (2014), "Upravlencheskii uchet v upravlenii strakhovymi kompaniyami", KazEU khabarshysy / Vestnik Kaz EU, Vol. 5 No. 100, pp. 97-105. (In Russian)

3 Chaya V.T., Chupakhina N.I. (2009), Upravlencheskii uchet, Seriya: Vysshee ekonomicheskoe obrazovanie, Eksmo, Moscow. (In Russian)

4 Druri K. (2002), Vvedenie v upravlencheskii i proizvodstvennyi uchet, Transl. from English, YuNITI- DANA, Moscow. (In Russian)

5 Ivashkevich V.B. (2008), Bukhgalterskii upravlencheskii uchet, Magistr, Moscow. (In Russian) 6 Khorngren Ch.T., Foster Dzh., Datar Sh. (2007), Upravlencheskii uchet,Transl. from English, Piter, Saint Petersburg. (In Russian)

7 Erzhanov M.S. (2013), "Ustoichivoe razvitie kompanii. Gostevaya lektsiya", October 23. (In Russian) 8 Satubaldin S., "Kontseptual'nye osnovy upravlencheskogo ucheta i problemy vnedreniya na predpriyatiyakh Kazakhstana", available at: http://www.G-global.kz (Accessed April, 16, 2015) (In Russian)

9 Taigashinova K.T. (2014), Upravlencheskii uchet, Ekonomika, Almaty. (In Russian)

10 Shank Dzh. Govindaradzhan V. (1999), Strategicheskoe upravlenie zatratami, Transl. from English, Biznes Mikro, Saint-Petersburg. (In Russian)

11 O, Dong-Il (2006), "A Study on the Separate Account related with the Valuation of Investment Securities and Profits Sharing in Korea Life Insurance Company", Journal of Korea Academia-Industrial cooperation Society, Vol. 7 No. 3, pp. 483-493.

12 Jang Jee In (2012), "The effects of capital regulation of life insurance companies on accounting choice about classification of securities", Korean Accounting Journal, Vol. 21 No. 4, pp. 163-183.

13 Perlet, H. (2003), "Fair-value accounting of insurance companies", Betriebswirtschaftliche Forschung und Praxis, Vol. 55 No. 4, pp. 441-456.

14 Ermakova N.A., Shakaramova A.A. (2011), "The features of budgeting in management accounting of insurance companies", Journal International Accounting, Vol. 9 No. 159, available at: http://www.fin-izdat.

com/journal/interbuh/detail.php?ID=37174 (Accessed June 16, 2014)

15 Joanne Horton, Richard Macve (1996), "Accounting for Insurance", OECD Seminar on Accounting Reform In the Baltic Rim, Oslo, 13th – 15th November, available at: http://www.lse.ac.uk/accounting/pdf/

macveandhortonlifeos.pdf (Accessed February 18, 2015) Резюме

В данной статье рассмотрены часто встречающиеся методы концептуальных основ управленческо- го учета в страховых компаниях. Проанализированы, с методологические просчеты, в связи осутствием концептуального подхода к назначению системы, недооценностью факторов, имеющих под собой лич- ностную природу.

Summary

The article view repeatedly meet approach conceptual framework management accounting in assurer.

In addition, unavailability conceptual bearing to appointment frame and methodological blunder and undervaluation factor have under itself personal nature.

Материал поступил в редакцию 26.04.2015

JEL classification: H5: National Government Expenditures and Related Policies; H50: General K. B. Isataeva,

Candidate of Economic Sciences, Chief Accounting,

Kazakh U.Uspanov Research Institute of Soil Science and Agricultural Chemistry, Almaty, The Republic of Kazakhstan

THE DEVELOPMENT OF BUDGET SYSTEM OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN AND INCREASING OF ITS OPENING

Abstract

Purpose – To analyse the development of budget system of the Kazakhstan Republic, to identify the priority directions for the Government to increase the budget opening and develop the different types of methods to increase the index of budget opening compared to the different countries.

Methodology – During the research were used such methods as dialectical and analytical, graphical approach, analysis, synthesis, induction, etc.

Originality/value – Author considered in details the issues on development of budget system of the Republic of Kazakhstan and increasing of its opening. During the research were analysed and identified that Kazakhstan had participated in the process of counting the Index of budget opening starting from the beginning and consistently improved his ranking.

Findings – The main results of the research are an analysis of budget system and its focus on result; at the same time were identified the indicators of the index of budget opening of the Kazakhstan and developed some recommendations how to improve it.

Key words – budget system, opening, accountability, control, the index of budget opening.