• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Abdualiuly

In document Вестник Bulletin (бет 156-163)

ТҮРКІТАНУ TURKOLOGY

B. Abdualiuly

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan The history of sound ә (ӓ) in the Kazakh language

Abstract. This article is devoted to the history of sound ә (ӓ) in the Kazakh language. From the point of view of researchers, there are two hypotheses: some explain what was shaped by the influence of the Persian and Arabic languages, while others suggest that in Turkic languages this has existed since ancient times. Both opinions adhere to specific arguments, but when considering the peculiarities of the Altai languages, it is noted that the history of occurrence begins before the Eastern influence, that is, ә (ӓ) is not borrowed, but a specific sound characteristic of the Turkic language. Turkic language as well as Mongolian is a part of the Altai family, therefore, in the article, compar- isons are made at this level. Examples are given in ә (ӓ) existing in the Mongolian dialects, the Buryat dialects and in the Kalmyk language, as well as in the Turkic languages, the Kazakh dialects, and this fact is offered as arguments of the history of the origin.

Key words: sound ә, phoneme ә, mutual sound, dialect, allafon, аrabic language, Persian language, motif, oguz group, kipchak group, karluk group, uygur-oguz group, yakut language, tuvan language, tofalar language.

References

1.

Musaev K. O dеviatoi glasnyi foneme «а» v drevneturkskih jazykov runicheskih pami- atnikov i v praturkskom [Musaev K. On the ninth vowel phoneme “a” in the ancient Turkic languages of runic monuments and in the Pra-Turkic], Turkologia [Turkology], 9, 41-54 (2004).

2.

Tomanov M. Qazaq tilining tarihi grammatikasy [Historical grammar of the Kazakh language] (Gylym, Almaty, 1988).

3.

Raeva G. Turki tilindegi ә fonemasynyng qalyptasu zhane damu zholdary [History of sound formation and development ә in Turkic languages], Izdenis. Gumanitarlyq gylymdar se- riasy [Izdenis.Series of Philology], 4 (1), 129-132 (2010).

4.

Sagyndyquly B. Qazaq tilining tarihy [History of the Kazakh language] (Qazaq univer- siteti, Almaty, 2011).

5.

Murat S.B. Orta turki tili leksikasy men qazaq tili leksikasynyng sabaqtastygy [Inter- relation of the Middle Turkic vocabulary and the vocabulary of the Kazakh language] (Qazaq universiteti, Almaty, 2004).

6.

Qazaq tilining ajmaqtyq sozdigi [Dialectological dictionary of the Kazakh language]

(Arys, Almaty, 2005).

7.

Bolshoy akademicheskiy mongolsko-russkiy slovar [Big academic mongolian-russian dictionary. T1. A-G.] (Academia, Moscow, 2001).

8.

Rassadin V.I. Ocherki po istoricheskoi fonetike buriatskogo iazyka [Очерки исторической фонетики бурятского языка] (Nauka, Moscow, 1982).

9.

Qaidar A., Orazov M. Turkitanuga kirispe [Introduction to Turkology] (Arys, Almaty, 2004).

10.

Qazaq tilinign anyqtagyshy [Kazakh spelling] (Elorda, Astana, 2000).

Автор туралы мәлімет:

Әбдуәлиұлы Б. – филология ғылымдарының докторы, профессор. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, қазақ тіл білімі кафедрасы. Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Abdualiuly B. – Doctor of Philology, Professor, L.N. Gumilyov Eurasian National University, Satpayev Str. 2, Nur-Sultan, Kazakhstan

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, № 2 (127)/2019, с. 157-164 http://bulpolit.enu.kz/; E-mail: [email protected]

ҒТАМР 03.20

Р.Ж. Алимбеков

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (E-mail: [email protected])

Тарихи деректердегі Қорқыт және оның дәуірі

Аңдатпа. Бұл мақалада түркі халықтары дүниетанымының, мәдениетінің дамуына үлес қосқан аса танымал тұлғалардың бірі – Қорқыт ата жайындағы аңыздың тарихи шындығы мен дәуірі баяндалады.

Қазақ халқының арасында кең тараған және тамыры тереңде жатқан дәстүр – ол, ауыз әдебиеті дәстүрі мен ауызша тарихы. Қазақ даласында Қорқыттың болмысы, іс-әрекеті, қоғамдағы рөлі аңыз арқылы өзінің болмысын жоғалтпай мықты сақталып, атадан балаға жетіп отырған. Сондықтанда, біздің зерттеу жұмысымызда, ең алдымен, Қорқыттың мазары жатқан кешегі Тұран, соның ішінде Сыр елінің тарихы мен мәдениетіне, сол дәуірдегі рулық-тайпалық қауымдастықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне ерекше мән беріледі.

Қорқыт туралы жазылып, жарияланып жатқан зерттеулердің басым көпшілігінің ғылыми жаңалығынан гөрі компиляциялық сипаты үстем: бұрыннан мәлім жайттарды қайталаумен шектеліп, Қорқыт туралы әмбеге аян аңыздардың мазмұнын баяндаудан әріге бармай, фольклорлық жиынтық ретінде қарастырылып келді.

Осыған орай, зерттеу жұмысын жүргізу барысында Қорқыт туралы тарихи деректерді талдай отырып, тарихи- философиялық, әдеби-фольклорлық, археологиялық әдістерді қолданып, көне және орта түркі кезеңіндегі тайпалардың этногеографиялық қозғалыстарын анықтап, этносаяси, тарихи оқиғалардың астарына үңіліп, Қорқыттың дәуірін анықтауға тырстық.

Түйін сөздер: Қорқыт, аңыз, тарих, фольклор, түріктер, мәдениет, оғыз.

https://doi.org/10.32523/2616-6887/2019-127-2-157-164 Қазақ жері бастыны идірген, тізеліні бүктірген, озық өркениетті жасаған алпауыт мемлекеттердің, адамзат ақыл-ойының дамуына айтарлықтай үлес қосқан ұлы данышпандардың ізі қалған қасиетті мекен. Профессор М.Жолдасбеков: «таусылмайтын дәулет, тозбайтын дәстүр қалдырып кеткен, адамзаттың өсіп-өркендеуіне орасан үлес қосқан бабалар тарихы мүлтіксіз, шынайы, жүйелі жазылуы тиіс. Сол тарихты халықтың санасына ұялататын да, сол тарихпен мақтанатын да мезгіл жетті. Осындай байтақ тарих әліде болса толық зерттеліп, өзінің бағасын алған жоқ десек те болады», деген еді [1].

Олай деудің де себебі бар, Қазақтың өткен тарихын отаршыл саясатты ұстанған саяхатшы- ғалымдар қалыптастырған ғылыми мектептердің ғылыми-методологиялық еңбектер шеңберінде қарастыру кең етек алған. Жергілікті халықтың санасында жатталып, ауызша ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған қазақтың ауызша тарихы ешкімге керек болмады. Ұзақ уақыт бойы ауызша тарихты зерттеу көбіне утилитарлы көзқарастың бұғауында қалып отырды.

Бұған дейінгі уақытта мамандардың ортасында көбінесе «тек жазба деректер ғана дәлелді деректің түрі бола алады» деген көзқарас орын алды. Алайда, «Кез келген халықтың бастау қайнарынан хабар берер жалғыз дерек – сол халықтың өзінің төл тілі, сол тіл арқылы жеткен аңыз-әңгімелері болмақ. «Ауызша тарих» деп жүргеніміздің өзі түптеп келгенде осылар. Әр халықтың өз тілі – сол халықпен бірге жасасып келе жатқан, бүкіл тарихының куәгері, дүниетанымының айғағы. «Тіл тарихы – халық тарихы» дейтінімізде содан. Жазба дерекке түспеген дерек тілде сақталған», дейді тарихшы Қойшығара Салғараұлы [2]. Сол себепті де, Ауызша тарих бағыты бойынша ізденіс ету – қазіргі заманның гуманитарлық

Алтайдан Анадолыға дейін аты мәшһүр, адамзат ақыл-ойының дамуына айтарлықтай үлес қосқан Қорқыт Ата туралы дерек сан ғасырлар бойы жойылмай қазақтың тілі арқылы аңыз боп бізге жетіп отыр. Алайда, бұл тарихи дерек ретінде зерттеушілердің тарапынан мойындала қойған жоқ. Қорқыт Атаның тарихи тұлғасы, қоғамдық қызметі, оның өмір сүрген дәуірі жайындағы зерттеулер болғанымен олар өз шешімін таппаған. Осыған орай, Қорқыт жайында айтылған тарихи деректерді, қазақ халқының жадында сақталған аңыздар мен оның артында қалған асыл мұрасын салыстыра отырып, оның өмір сүрген дәуірін, тарихи тұлғасын зерттеу біздің ғылыми жұмысымыздың мақсаты болмақ.

Түркі тарихында фольклорлық жанрлардың көбіне арқау болған бұндай тұлғаны кездестіру қиын. Қорқыт тарихта болған ба? Әлде қиялдан туған діни немесе көркем бейне ме? Оның қоғамдық және саяси қызметі қандай еді деген сұрақтар әлемдік деңгейдегі Ф.

Дитц, Э. Росси, В.В. Радлов, В.В. Бартольд, А.Ю. Якубовский, Г. Араслы, М. Тахмасиб, Х. Короглы, О. Гокияй, М. Ергин, Э.А. Султанлы, В.М. Жирмунский, Ш. Уәлиханов, Ә.

Марғұлан, А. Жубанов, Ә. Қоңыратбаев, М. Жолдасбеков, Ш. Ыбыраев т.б. сынды бірнеше ғалымдардың қызығушылығын туғызып, ол жайында біраз ғылыми еңбектер жазылып, зерттеулер де жүргізілді. В.М. Жирмунский «Огузский героический эпос» (1974) [3] атты көпжылдық ғылыми зерттеу еңбегінде, оғыздардың батырлық жырына, оның құрылымы мен шығу тегіне жан-жақты талдау жасай отырып, «Қорқыттың тарихи прототипін анықтауда үлкен ғылыми қызығушылық тудыруы екі талай. Қорқыт – аңыз-әңгімелердің негізінде жинақталған, жиынтық обрыз» [4] – деген пікірін білдіреді. Ғалымдардың біразы осы пікірді қолдайды

Алайда, Әлкей Марғұлан: «Қорқыт үш ханның уәзірі болған. Олар: Иналсыр Ябгу хан, оның баласы Дойлы, Көл-Еркі. Инал хан елді көркейтті, бейбітшілк орнатты, жеті жыл патша болды. Қайы Инал хан Мұхамед пайғамбармен тұстас еді. Ол Баят тайпасынан Керенжұқ атаны пайғамбарға жіберіп, мұсылман дінін қабылдады. Бұл – Баят тайпасынан шыққан өте ақылды, білгіш кісі Қорқыт Қарақожаұлы» - деп келтіреді Рашид-ад-динның жазбасына сүйене отырып [5]. Ал, бұл аты аталған хандар Рашид-ад-диннің еңбектерінде Оғыз мемлекетінің тұлғалары ретінде айтылса, оны Әбілғазы [6] толықтыра түседі. Осы деректерге назар салсақ, Қорқыт іс жүзінде бес билеушінің кеңесшісі болғанын аңғару қиын емес. Олар: Иналсыр Явгу, Дойлы, оның інісі Көл Еркі, Дойлының баласы Тұман және оның мұрагері Қайы Инал хан [7]. Қорқыт Ата кеңесші болған Иналсыр Явгу, Әбілғазының айтуынша, 766 жылдан бастап Солтүстік-Азиядағы көктүріктердің билігін құлатып, жоғарғы билікті тартып алған Қарлұқтардың жабғуы десе, [7, 16 б.] Гардизи еңбегіненде

«қарлұқтардан алғаш болып Илмасын таққа отырды» деген деректі кездестіреміз [8].

«Оғыз-намада» айтылатын Иналсыр Явгу осы Илмасын Джабгу болуыда мүмкін деген ойға жетелейді. Ол, деректерге сүйенсек, Аббасид халифатының замандасы болған [7, 14 б.]. Осы деректер Қорқыт Атаның дәуірін VIІ-VIII ғасырлар деп шамалайды.

Сонымен қатар, Қорқыттың тарихи бейнесін ІХ-ХІІ ғасырлар аясынан кездестіретін деректерде бар. ХІІ ғасырдағы араб жазушысы Ибн-ал-Асир мен Хафиз-Абруй сияқты ғалымдар: «Қорқыт Селжүк сұлтаны Санжардың билігі кезінде оғыз тайпасының билеушісі болған» - деп атап өтеді [9]. Онда оғыздар мен селжүктердің арасындағы саяси қақтығыстардың бел ортасында жүрген оғыздардың билеушісі, бегі болған Қорқытты кездестіреміз. Осы деректерді басшылыққа ала отырып, Қорқыт ХІІ ғасырда өмір сүрген тұлға деп қарастыратын ғалымдар да жоқ емес. Солардың бірі – К.А. Иностарнцев.

Оның «Коркуд в истории и легенде» деген еңбегінде [10]: «Ибн-ал-Асри, Имад-ад-дин сияқты мұсылман ғалымдарының, Әбілғазы Баһадүрдің еңбектеріндегі Қорқыт туралы

мәлімет келтірілгендігін айтады. Сондай-ақ, Ибн-ал-Асирдің еңбегінде оғыздардың екі тайпаға: Үш оқ, Боз оқ болып бөлінуі. Оның біріншісін Дадиканың баласы Дуду басқарса, екіншісін Қорқыт-ибн-Абд-ал-Хамид басқарғандығы көрсетіледі. Осы мәліметтерді талдай отырып, К.А. Иностранцев, Оғыздар мен Селжүктердің арасындағы саяси оқиғалардың ортасында жүрген, беделді, әрі атақты Қорқытты қазақ жерінде айтылатын аңыз Қорқыттың тарихи бейнесі деп санайды. Ал, Әлкей Марғұланның зерттеуі бойынша, жыршы Қорқыт VII-VIIІ ғғ. Сырдарияның бойында жасап, Х-ХІ ғғ. жыр болып ел аузына тарайды [10, 41 б.]. Тағы да бірнеше деректерді талдап, зерттеу жүргізе отырып А. Сейдімбек: «Қорқыт оғыз-қыпшақ тайпаларының VIII-ІХ ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшылы, батагөй ақыны, дәулескер күйші, келер күнді болжайтын көріп кел бақсы, дей отырып, Қорқыт VIII-ІХ ғасырларда Сыр бойында өмір сүргендігіне күмән келтірместен, «Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қамы (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, ана жағынан қалың қыпшақ нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қарақожа деген кісі болса керек» - деп өз тұжырымын жасайды [10, 100 б.].

Қорқыттанушы ғалым С. Мұхтаров Қорқыт жайындағы бірнеше ғалымдардың еңбектерін қарастыра келе, шығу тегі, өмір сүрген дәуірі жайында өз анықтамасын береді. Оның пікірі Ә. Марғұланның тұжырымымен көп жерде келісіп, Қорқыт исламның Орта Азияға енбей тұрып өмір сүрген тарихи тұлға екендігіне саяды [10, 689 б.]. Түрік ғалымы Ахмет Фуат Кепрюлю (1890-1966) Қорқыт кітабын зерттей келе: «Қорқыт дастандарының жиынтығы исламнан бұрынғы заманнан тамыр тартқандығы байқалады. Бұл дастанда ғасырлар бойы ауызша айтылып, ауыздан ауызға жетіп, ең соңында хатқа түсіп, жазба дерекке айналған»

десе [11], түрік тарихына көп еңбек сіңірген тағы бір ғалым Ахмет Кабаклы (1924-2001) Қорқыт дастанының шығу тарихына орай: «Соншама көп қоғамдық міндеттер атқарып жүрген Қорқыт Ата исламнан бұрын түркілер арасында өмір сүрген. Қорқыт ел ішінде шешен, тақуа, дінбасы, сәуегей, сазгер және ақын болып танылған. Сондықтан халық одан қорқатын әрі сыйлайтын болған. Өйткені, халық Қорқытты Тәңірімен жақын байланыста болған деп білетін» деген пікір айтқан [12].

Қазыбек бек Тауасарұлының дерегінде Қорқыттың дәуірі мен шыққан тегіне, тұлғасына қатысты былай баяндалады: «Қорқыт – Матай шежіресіне қарағанда, ол – біздің Бәйдібек бабамыздың замандасы... Хижраның екі жүзінші жылының аржақ-бержағынада ғұмыр кешкен Қорқыт ата Оғыздардың Бұзық тайпасынан шыққан Баяттың Парқын тұқымынан.

Әкесі Қарақоға көзі ашық адам болған да, Қорқыт бабаны Еуропа елдерінде оқытқан. Оған Бұзық тайпасынан шыққан Белгілі саудагер ақшалы Науман деген кісі себепші болады деседі. Ол Қорқыт бабаны Еуропаға апарып тастап, өзінің керуен саудасымен қайта әкеліп тұрған. Қорқыт бабаны ислам өкілдері дерлік һәммасы жек көрген» [13]. «Қорқыт баба Жойқын дарияның басында Кәмірлен деген жерге қойылған. Оны ажалынан бұрын өлтірушілер - діндарлар. Қорқыт баба өлген соң оның әкесінің атын өзгертіп Қарақожа қойғандар да солар. Ислам дінінің тазалығыда бар, зияныда мол. Ал ағайынды Қарақоға мен Қарабұғының әкесі Домбай бақсы деген сөз бар. Сондықтан бақсы-балгер жынын шақырғанда: «Ей, ер Домбай, ер Домбай, шақырғанда кел, Домбай!» - деуі сондықтан деген ел арасында әңгіме бар» -деп Тәңірлік дүниетанымның өкілі, ата-баба жолын ұстаған бақсы екендігін білдіріп өтеді (бұл пікір қазақ қоғамында кең тараған) [13, 318 б.]. Ал Қойшығара Салғараұлы тарихи фактілерді салыстыра отырып, Қорқыттың туған жылы мен өлген жылын дәл анықтамағанымен VII-VIII ғасырларда өмір сүрген тұлға екендігіне тоқталып, Тоныкөк пен Қорқыт бір кісі болғандығына күмән келтірмейді [14]. Бұлда бір Қорқыт Ата жайындағы ерекше пікір ретінде қабылдауға болады. Алайда, біздің ойымызша Қорқыт пен Тоныкөкті бір тұлға деуге келмейді, екеуі көршілес жатқан екі халықтың білікті данышпаны. Екеуінің өмір сүрген заманы бір болуы мүмкін. Олай дейтініміз, Қорқыт жырындағы сөздердің ой өрнегі, ойтолғауларының философиясы Күлтегін тасындағы

Мысалы: Күлтегін тасындағы жазбадан «Көрер көзім көрместей болды, білер білігім білместей болды» деген жазуды оқысақ [15], Қорқыт Ата кітабының Делі Домұрылұлы жырынан «Көрер көзім көрместей болды, ұстар қолым ұстамастай боды» - деген сөзді кездестіреміз [10, 165 б.].

Сонымен қатар, сонау Күлтегін заманынан қазіргі күнге дейін өзінің жұрнағын жоймаған дәстүрдің бірі – жоқтау айту, қайтқан адамды жылап-сықтап, қайғырып мәңгілік мекеніне шығарып салу. Осы орайда, Күлтегін тасына тағыда назар аударсақ, Түріктердің даңқты қолбасшысы Күлтегін қаза болғанда «Ұрпақтарымының, бектерімнің, халқымның көзі, қасы әз боладау деп қайғырдым... жылап-сықтадым» делінсе [15, 189 б.]. Ал, Қорқыт Ата кітабындағы Бамсы бәйрек жырында Бәйректің әкесі ұлының қазасын естігенде «Ұлым, ұлым» деп бүйірін таяп, зарлап жылады. Ана көзінен моншақ-моншақ жас парлатып, ащы тырнағы мен ақ жүзін тырнап, шекесін жыртты, қара шашын жұлды. ... Бәйректің дос- жарандары да ақ киімін тастап, қара жамылды. Қалың оғыз Бектері Бәйректі аза тұтты»

-дейді [10, 148 б.].

Бұл VII-VIII ғасырлардағы Алтайдан Темір қақпаға дейінгі жерлерді мекендеп жүрген түрік халықтарының тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүр, дүниетаным жүйесінің бір екендігін анық көрсетеді. Осы ойды ары қарай жалғастырар болсақ, Күлтегін тасының оң жақ бетіндегі оныншы жолында былай дейді: «Уақытты Тәңірі жасар, адам баласының бәрі өлмекке туған» [15,189 б.]. Ал, Қорқыт айтты деген нақыл сөздерінің бірінде: «Ажал уақыты келмейінше ешкім өлмес, Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес»

- деген өмір, тағдыр, өлім жайындағы ой-тұжырымдарының да мәндес, мағыналас, сабақтас екендігіне тағыда көз жеткізе отырып, бір жағынан, Тоныкөкте, Қорқытта бір дәуірдің тұлғалары болуы мүмкін деген ойға кенелтсе, екінші жағынан, «Қорқыт өлімнен қашып, дүниенің төрт бұрышын шарлапты» деген ойды теріске шығарып тұрғандай.

Қорқыттың дәуірі туыстас түркі халықтары бір-бірімен қырғи-қабақ болып, сан-түрлі соғысты басынан кешіріп, одан қалса исламның қазақ жеріне дендеп еніп өзінің үстемдігіне ие бола бастаған кезеңі деп тұспалдауға болатындай.

Біріншіден, Бүкіл Сібірді, қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны түгел жайлаған «ұзын найзалы, жарау атты» түрктер үш ғасыр (VI-VII-VIII ғ.ғ.) бойы кең далада адам айтқысыз алапат, жойқын соғыстарды басынан кешкен [15, 258 б.].

Білге қаған мәтініндегі он тоғызыншы жолда: «Түрік халқы, баз кештің, өкін! Бірлігің жасап еді, білікті қағаның болғандай-ақ болып еді. Жақсы еліңе өзің кінәлісің, жаңылдың.

Жаман шатастың», - дей келе, «... Қаның өзен боп ақты. Сүйегің тау болып жатты...» - дейді [15, 258 б.]. Бұл – Орхон ескерткіштеріндегі тасқа жазылған тарихта, VIII ғасырдың іргелі мемлекеті – Түрк қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, сабылған жорықтары мен соғыстары суреттеледі. Ескерткіштердегі басты кейіпкерлер - хандар, бектер, тектілер болғанмен, біз олардан неше түрлі қанау-тонауды көрген, азап-мехнат шеккен бұқара халықтың аянышты өмірін суреттеу талабын да анық көреміз.

Біздің ойымзша, Қорқытта Орхон жазба ескерткіштерінде бейнеленген тарихи оқиғалардың куәсі. Дәл сол заманның қасіретін көзі мен көріп, жанымен сезіне отырып, Қорқыт, өлім-жітімді, қырғи-қабақ соғысты қалай тоқтатуға болады? Елді қайтсек бейбіт етеміз деп..? Соғыссыз, талас-тартыссыз, арбаусыз өмірді аңсап, дүниенің төрт бұрышын кезсе керек. Қорқыт туралы бірнеше ғылыми еңбектердің авторы, ғалым Ш. Ыбыраевтың:

«Қорқыттың мақсаты бір өзі өліменен қашып құтылу емес, жатса-тұрса ойлайтыны жалпы адамзаттың өлмеу қамы. Оның барлық әрекеті осыған бағытталады», деген тұжырымы

Сөйтіп екі идеология арасында үлкен қақтығыс басталады. Арабтардың Хорасан мен Мауренақырды жаулап алуының алғашқы кезеңдері ұзақ жылға созылады [16].

Бұндай оқиғалар түркі халықтарының мәдениеті мен саяси-әлеуметтік жағдайларына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Түріктердің исламды қабылдағаны олардың мемлекетінің идеологиясына жақсы әсер еткендей болған еді. Алайда, кейінірек жаңа дінді қабылдаудың басқа да қырлары көрініс тапты. Ата-баба сенімі сөне бастауы мен түркі халықтарының салт-дәстүрі де жойыла бастады. Ұлттық сана-сезім тұншықтырылып, ұлттық идеология діни негіздерге ауысты. Исламның қабылдануы бір діннен екінші дінге ауысумен шектеліп қана қоймай, ол, әлде қайда маңызды дүниелерге әсерін тигізді. Яғни, түрік дүниетанымы, заңдары, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері арабтана бастады. Түркі жазуы, араб жазуына ауысты. Соның салдарынан өскелең ұрпақ, түркі жазба ескерткіштеріндегі рухты жазуларды, Тәңірлік дүниетанымды ұмыта бастады. Ендігі жерде ертедегі түрк тілінде жазылған еңбектердегі, тасқа қашап жазылған ертедегі тарих, дәстүр қол жетпейтін дүниеге айналды [16, 180 б.]. Сонымен қоса, осы дәуірде Тәңірлік дүниетанымның өкілдері ислам идеологиясының басты қарсыласына айналып, олармен ұзақ жылдар бойы күресте жүргізіліп, санадан жоюғада әрекет те жасалғаны анық. Сондай Тәңірлік дүниетаным өкілдерінің бірі- Қорқыт Ата еді. Ұзақ жылдар бойы Қорқыт туралы аңыздарды жинақтап, зерттеу жүргізген А. Сейдімбек: «Қорқыттың заманы ислам діні Орта Азияға дендеп ене бастаған кезі еді. Ал, ислам діні Қорқыттың бар болмысына жат. Себебі, ол көшпелілер қоғамының өмір салтына айналған тәңірлік діннің аса көрнекті өкілі болатын. Яғни, тәңірлік діннің ең басты идеологы», - дейді [10, 99 б.]. Осы тәңірлік діннің басты идеологтарымен күрес кейінгі Алтын Орда дәуірінде де өз жалғасын тауып отырған. Бұл жайында, Қорқыт туралы сирек жолығатын қария сөздерді жақсы ұстаған Алтын орда тарихын зерттеуші, ғалым Өтеміш қажының айтуынша, Қорқыт ата ислам дініне бас имеген, тәңірге пейіл қойып бақсы болып өткен. Қорқыт ата тәңірге табынушылардың сәуегейі, бақсылардың пірі, олардың пайғамбары еді. Өзбек хан исилам дінін қабылдаған соң, бақсыларға ала көзбен қарап, өйткені олар ханның исламды қабыл еткеніне бағына қоймады. Сөйтіп Өзбек хан үкім шығарып, оларды өлтіруге бұйырды [5, 165-166 б.]. Осылайша ислам діні күшейген сайын Қорқыт жолын қуған бақсылардың жағдайы нашарлап, олар өлім жазасына дейін кесіліп отырады. Дегенмен, жергілікті халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарай отырып ислам дінінің Қазақ жеріне бейбіт жолмен келіп сіңіп кеткенін де жоққа шығара алмаймыз.

Қорыта айтқанда, Қорқыттың дәуірі - туыстас түрік халықтарының өзара соғыстары мен екі идеологияның қақтығысын басынан өткерген, сонымен қоса, Қорқыттың дүниеге келіп, атақ-даңқы бүкіл түркі жұртына тарап, сол замандардағы елдер мәдениетінің, ой- өрісінің өркендеуіне, дамуына қозғау салған Ұлы дала тарихының бір көрнекті кезеңі десек болатындай. Оның жырлары, нақы сөздері, музыкалық мұрасы соның дәлелі.

VII-VIII ғасырлардан бері жойқын соғысты, қуғын-сүргінді басынан кешкен Қорқыттың асыл мұрасы халықтың санасынан түбегейлі жойылып та кетпеді. Халық оны қадір тұтты, пірі санады. Ізбасарлары оның мұрасын дәстүр етіп сақтап, атадан балаға жеткізіп отырды.

Жоғарыдағы деректерді талдай келе Қорқыт даңқты қолбасшылар - Білге, Күлтеген, терең ойдың иелері Тоныкөк, Иоллық-тегін сынды данышпандардың заманында өмір сүріп, түрік тектес халықтардың ақыл-ой парасатын биік деңгейге көтерген, қасиетті күй өнері мен жырды тудырған Ұлы дала асылдарының бірі деген ойға жетелейді.

Әдебиеттер тізімі

1. Жолдасбеков М. Кісілік. ІІІ том. Мақалалар. Ойтолғамдар. Сұхбаттар. – Астана:

«Күлтегін», 2012. – 77 б.

3. Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. – М-Л.: «Наука, 1974. – 558 с.

4. Короглы Х.Г. Огузский героический эпос. – Москва: «Наука», 1976. – 76 с.

Қасқабасов С. Шығармалары. (Т.1. Жаназық. Әр жылғы зерттеулер). – Астана: Фолиант, 2011. – 162 б. Тұрсынов Е. Д. Истоки тюркского фольклора. Қорқыт. – Алматы: Дайк- пресс, 2001. – 168 с.

5. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар (ғылыми-зерттеу мақалалар). – Алматы: Жазушы, 1985. – 157 б.

6. Кононов А. Н. Родословная туркмен, сочинение Абу-л-Гази, хана Хивинского. – М.- Л.: ИВ АН СССР, 1958. – 60 с.

7. Рашид-ад-Дин. Огуз-наме. – Баку: Элм, 1987. – 16 с.

8. Бартольд В. Отчет о поездке в Среднюю Азию с научною целью. 1893-1894 гг. – СПб.: Типография Императорской Академии наук, 1897. – 105 с.

9. Материал по истории туркмен и Туркмении. Т-1. VIІ-ХV вв. Арабские и персидские источники (под ред. С.Л. Волин, А.А. Ромаскевич, А. Ю. Якубовский). – М.-Л.: ИВ АН СССР, 1939. – 323 с.

10. «Қорқыт Ата» Энциклопедиялық жинақ / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясы, 1999. – 94-98 б.

11. Fuat Köprülü. Türk edebiyatında ilk mutasavvuılar. – Ankara: diyanet işleri başkanlığı yayınları,1984. – 427 s

12. Ahmet Kabaklı.Türk Edebiyatı Cilt 1. – Istanbul: Türk Edebiyatı Vakfı, 1975.- 198 s 13. Тауасар ұлы Қазы бек. Түп-тұқиямнан өзіме шейін. /Басп. дайындаған Б.

Қыдырбекұлы – Алматы: Жалын, 1993. – 317 б.

14. Салғараұлы Қ. Ортағасырлық түріктер. – Астана: Фолиант, 2012. – 281 б.

15. Орхон ескерткіштерінің толық Атласы. / Құраст.: Жолдасбеков М. Қ.Сартқожаұлы – Астана: «Күлтегін», 2005. – 189 б.

16. Рахманалиев Р. «Империя тюрков. Великая цивилизация». – Москва: РИПОЛ классик, 2009 – 163 с.

Р. Ж. Алимбеков

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Нур-Султан, Казахстан Коркыт и его эпоха в исторических источниках

Аннотация. В данной статье рассмотрена историческая реальность преданий о Коркыте, одного из известных лиц, внесшего свою лепту в мировоззрение и культуру тюркоязычных народов.

Самое распространенное и глубоко уходящее в глубь веков традиционное искуство казахского народа – это устная традиция народного творчества и каноническая литература, устная история. Казахские бескрайние степи молчаливо хранят в себе множество тайн и загадок о прошлом наших предков, мы можем судить о них лишь по дошедшим до нас легендам и преданиям, которые мы бережно передаем из уст в уста, из поколения в поколение. Одно из них — предания о великом, легендарном отце музыки Коркыте, его роли и деятельности в обществе. Поэтому наше исследование обращает особое внимание прежде всего на историю и культуру былого Турана, где находится могила Коркыт ата, в том числе на историю и культуру Сыр-дарьи, мировоззрение и традиции родового-племенного сообщества той эпохи.

Большинство исследований о Коркыте компиляционного характера: ограничиваются повторением уже известных фактов, изложением легенд и преданий, рассмотрением их в качестве фольклорного сборника.

В связи с этим была сделана попытка осветить эпоху Коркыта, анализируя исторические сведения о Коркыте, применяя историко-философские, литературно-фольклорные, археологические методы, определяя этногеографические движения тюркских племен в древний и средневековой периоды, а также углубленно

In document Вестник Bulletin (бет 156-163)